Төле би туралы соны деректер
С.Мадуан, М.Алипхан
Төле би туралы соны деректер
2001 жылы наурыз-сәуір айларында тарих ғылымдарының докторы Сейтқали
Мадуан Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданының және Қ.А.Яссауи атындағы
халықаралық қазақ-түрік университеті басшыларының тапсырмасымен Мәскеу
қаласында ғылыми іс-сапармен болып қайтты. Сапардың басты мақсаты Мәскеу
қаласының әлемге әйгілі ірі мұрағаттары мен кітапханаларының қолжазба
қорларынан Төле би туралы жазба деректерді тауып, көшірмесін алып қайту
еді. Осы сапардың нәтижесінде бабамыз туралы бірсыпыра жазба деректерді
табудың сәті түсті. Ол деректер бүгінде Төле би ауданында сақтаулы. Ғалым
ағамыз Мәскеу сапарынан оралған соң да Төле би туралы өз ізденістерін
жалғастыруда. Соның нәтижесінде Қытай Халық Республикасының кітапхана және
мұрағат қорларында сақтаулы кейбір деректер табыла бастады. Солардың бірі –
осы оқырмандар назарына ұсынылып отырған екі баллада.
ХVIII ғасырдың 20-30-шы жылдары Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр
жағдайға тап болды. Бұл жылдары жоңғар қалмақтары үздіксіз шабуыл жасады.
Олар Оңтүстік Қазақстан мен Сырдария бойындағы қолөнер және сауда
орталықтары болған Сайрам, Тараз, Түркістан, Сауран, т.б. қалаларды басып
алуға тырысты. Сонымен қатар ең маңызды керуен жолдары өтетін
территорияларды да өз қолдарына алмақ болды. Сөйтіп 18 ғасырдың алғашқы
ширегінде Құба қалмақтардың шапқыншылығы қазақ халқын Ақтабан шұбырынды
апатына душар етті. 1723 ж. көктемде қалмақтын қаптаған қалың қолы (кейбір
деректерге қарағанда 60 мыңдай таңдаулы атты әскер болған – С.М.) қаннен-
қаперсіз жатқан бейбіт елді ойрандап, оларды мал-мүлкін тастай қашуға
мәжбүр етті.
Құрсанған жаудың тұтқиылдан жасаған жойқын жорығынан есі шығып, бас
қосып тойтарыс беру мүмкіндігінен айырылған қазақтар тоз-тоз болып жосып,
Сырдариядан өтіп, Орта Азия хандықтарының территориясына ағылды. Бұл кезде
Орта Азияның өзі де аласапыран соғыс жағдайында болатын. 1721-1725 жж.
аралығында Бұхарада болған орыс елшісі Флорио Беновени былай деп
мәлімдеген:Орта Азияда үздіксіз соғыс болып жатыр. Бұл соғысқа ауғандар,
парсылар, хиуалықтар, бұхарлықтар, қазақтар, қырғыздар, қарақалпақтар және
қалмақтар қатысуда. Бұлардың бәрінің де өзара бір-бірімен даушарлары бар.
Міне, осындай қиын-қыстау заманда қырқыс пен алауыздықтың өршуіне
тікелей себепкер ақсүйек хан-сұлтандардың қатарынан емес, халық бұхарасының
ішінен шығып, ел-жұртына деген адалдығымен , асқан ақылымен,
көрегендігімен, ерең ерлігімен заманымызға дейін келіп жетті. Қабанбай
батыр,Бөгенбай батыр, Сабалақ батыр сияқты тарихи жырлар осы күресті
бейнеледі. Біз қарастырып отырған екі шығармада да халқымыздың аса көрнекті
қоғам және мемлекет қайраткері Төле би Әлімбекұлының (1663-1756) асқан
ақылды, тапқыр, көрегендгі жайлы сөз болады. Себебі, халық басына қиын-
қыстау күндер туғанда ел қорғаған ерлерді қазақ халқы дастан етіп жырлаған,
олардың аты ұранға айналған.
Қарлығаш би жыры Қытайдың Үрімші қаласында сақтаулы екен. Жыр ел,
жер тағдырын, заман шындығын тебірене сөз етумен бастлады. Жыр иесі Зағыпар
Туғанбайұлының өлең тудыруда әжептеуір төселіп қалғандығы байқалады. Жыр
деп берген шығармасы 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Кейбір тұста
тармақтардағы бұрын орындары ауысып кететіндігі болмаса, жалпы өлең
құрылымында айтарлықтай мін жоқ.
Ақын өзі туралы жоғары пікір айтпайды. Керісінше өзін тым
қарапайым, кішіпейіл көрсетеді:
Мен де бір асып-тасқан білгір емен,
Ән салып,өнер қуып,өлең терген.
Ақын Төле би өмірінен кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық бір сәтін
бөліп алып, тарихи шындық ауқымында айтылып жүрген аңыз желісімен өрілген.
Өмір шындығынан ел аңызы, одан ақын шығармасы туып отырған жағдайы бар.
Ақын Төле бидің ізгі әрекетін, өзіндік талғам, қабылдауымен қомақты,
көрікті ете түскен. Ақынның түпкі мұраты да жақсыны жарқыратып, жаманды
одан бетер жабырқатып, жексұрын етіп көрсету болса керек. Өйткені, ақын
еңбегінің арқасында оқырман жаман мен жақсыны жеңіл ажыратып, нені пір
тұтып, неден аулақ болу керектігін анық, айқын біліп отырғаны жөн ғой.
Ел аузындағы Төле бидің ізгі әрекеті мен биік болмысын ақын өз
тарапынан тағы да ұштай түседі:
Ұя бұзып, әлсізді өксітуге,
Ақ әділ, үлкен жүрек шыдамады.
Сол жолғы жоңғар шабуылының жөні бөлек, қарқыны қаһарлы екенін ақын
өзіндік көркем де тапқыр сөз қолданысымен таныта алған:
Жоңғардың жасақтары жеткен сонда,
Қазаққа азу басып осы жолда!
Мүмкін азу басып қытай қазақтарының жергілікті тіл ерекшелігі
болар. Қандай болғанда да ақын жыр жазу шеберлігінен кенде емес. Мәселен,
мына шумақта өмір шындығы мен көркемдік шеберлік тайталасып жатқандай
көрінеді:
Қарады Сардар қалмақ шаңыраққа.
Шалқалап тыныш жатқан атырапқа.
Шырылдап ұшып келді қос қарлығаш.
Жем әкеліп балапанға, ұя жаққа.
Бұл шумақта шындықты бейнелеудің кең өрістілігі анық байқалады. Осы
төрт тармақтағы қалмақ сардарының шаңырақ астындағы абдыраған күйі; адамдар
арпалысынан хабарсыз, бейкүнә, бейбіт дала; балапаны жолында бәйек болған
қос қарлығаш жайы жүйрік ойыңызды сан-саққа тартып кетеді. Ал мына бір
шумақта халқымызға тән даналық пен ізгілік жар салып, жария болып, тұрған
жоқ па?!
Үрікпесін, аман болсын балапандар,
Әр үйде балапандай балақан бар.
Бәріне де тіршілік, ғұмыр керек.
Баланы бақытына балаған бар.
Қарлығаш балапаны мен әр үйдегі балақанның тағдыры мен болмысы бір
ғой. Төле би әрекеті болып табылатын қарлығаш балапанын бәйек болып қорғау
да зор кісіліктен туса керек. Ақын Төле бидің осындай кісілікті болмысын
танытқан іс-әрекетін жырына арқау еткен.
Төле бидің даналығы мен ізгі әрекеті өз алдына бір төбе, ал оның
жау жүрегіне жол тауып, оның да діліне даналық дарыта алғаны жырда әсіресе
айқын көрініс тапқан.
Соны айтып әлгі Сардар кетті қайтып.
Қарлығаш би аңызын еліне айтып.
Жорықпен дала кезіп көп жорытқан жан,
Тамсантты тау мен дала, жеріне айтып.
Зағыпар Туғанбайұлының басынан талай аласапыран заман өткенге
ұқсайды. Туған елден жырақтағы жат жерде еркін кесіле алмай, кіріптар күй
кешудің өзі зор қайғы болар. Заманнан жаза көріп, елінен табан ауып бара
жатқанда жазған жыры секілді бұл шығармасы. Зағыпар ақын ұрпағының жадында
жүрсін деген оймен Төле би бабасының өміріндегі осы бір сәулесі сәтін жыр
етіп жазып кетіпті. Жырды Зағыпар өзі жазса да, кішілік, шәкірттік жолымен
туындының шын иесі Көтбай ақынды құрметпен ауызға алады.
Бұл сөзді естігенмін бала кезде,
Алабұртқан ойға шорқақ шала кезде.
Көшкінші ұлы Көтбай ақын айтқан еді,
Өлеңмен бірдей жүйрік қара сөзге.
Бұл жыр бүгінге дейін Үрімшідегі Шалғын журналының ауыз әдебиеті
қолжазба қорының Аңыз әңгімелері бумасында сақтаулы. Зағыпар Туғанбайұлы
бұл жырды қолжазба қорына 1982 ж. тапсырыпты. Өзі тірі кезінде Шыңжан Ұйғыр
автономиясы ауданында тұрған. Заманында әнші, қиссагер, ақын адам болыпты.
Бұл жырға ұстаз бен шәкірт ақынның қаншалықты иелік ететінін біз
нақты айта алмаймыз. Білетініміз, жырды соңғы жырлап айтушы әрі оны
қолжазба қорына тапсырушы Зағыпар Туғанбайұлы. Ал ол өз кезегінде:
Кейіннен жазып қойдым қалам хаттап.
Алды – артына сөз қостым және нақтап,-
дей келе, ұстазы Көшкіншіұлы Көтбай ақынды қара сөз бен өлеңге
бірдей жүйрік адам санайды.
Қарлығаш би жыры – бас-аяғы жинақы, шымыр, тілі таза, тақырыбы
тосын, идеясы айқын шығарма.
Ақ қалпақ аңызы да жоңғар шапқыншылығы дәуіріндегі аңыз дерегін
негіз етіпті. Мұны да кезінде жырлаған Көтбай ақын екен, оны қазіргі
күйінде кейінгі ұрпаққа жырлап жеткізген - Зағыпар Туғанбайұлы. Бұл жолы да
шәкірт ақын Зағыпар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz