Антиденелер немесе қарсыденелер


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Антиденелер немесе қарсыденелер - адам мен жануарлар организміне енген жат бөгде ірі молекулалы протеиндік заттарға (антигендерге) қарсы иммундық реакциялар нәтижесінде түзіліп, олардың зиянды әсерлерін жоятын протеиндік заттар (негізінен гамма-глобулиндер) ; адам және жылықанды жануарлар денесінде пайда болған антигендерге қарсы қан плазмасында түзілетін ақуыздық заттар. Антиденелер ағза иммунитетін күшейтуде маңызы үлкен. [1]

Антиденелерді лимфоциттер мен плазмоциттер бөледі. Қарсьщенелерге тән қасиет - тек өздерінің түзілуіне әсер еткен антигендермен ғана әрекеттесіп, оларды жояды. Антиденелер - организмде қан сарысуы мен ұлпаларда жинақталады. Қарсыденелер антигендермен әрекеттесу сипатына қарай агглютининдер, гемолизиндер, бактериолизиндер, преципитиндер болып бірнеше топтарға бөлінеді. [

Антиденелердің ашылуы микробиологияның алтын дәуірінен басталды, жұқпалы аурулардың көптеген қоздырғыштары ашылу кезеңде, ғалымдар мен дәрігерлер макроорганизм клеткаларына зиян келтірмей тек патогендерге әсер ететін дәрілерді іздестіру барысында. Дәрігер және бактериолог П. Эрлих өз өмірін патогенге «магиялық оқ» секілді бағытты әсер ететін дәрілерді, химиопрепараттарды іздестіруге және олар сау тіндерге зиян келтірмей ауру ошағына ғана әсер етіндерін талдады. Көптеген зерттеулер жүргізіп тек мерез қоздырғышына - бозарған трепонеманы жоятын химиопрепаратты тапты.

Антиденелер қасиеттері

1. Спецификалық қасиеті - иммуноглобулин тек арнайы антигенмен қарым-қатынасқа түседі. Онда антидене белсенді орталығы - антидетер­минант (паратоп) антигендер белсенді орталығы - детерминантпен (эпитоп) байланысады.

2. Валенттілігі-иммуноглобулин молекуласындағы антидетерми­нант­тың саны, көбінесе бұлар екі валентті, бірақ кейде 5-10 валентті антиденелер кездеседi.

3. Аффиндігі олардың байланысы өте мықты, (антидене + антиген) антидетерминант + детерминант байланысы.

4. Авидтігі - антиген мен антидене байланысы тұрақты, олардың байланысуы жылдам және толық, олар әр түрлі торшалармен бай­ланыс жасай алады:

- макрофагтармен байланысып фагоцитозды белсендіреді.

- нейтрофилдермен фагоцитозды белсендіреді.

- базофилдермен байланысып атопиялық реакция жүріп, медиаторлар бөлініп, жедел жүретін аллергиялық реакцияға әкеледі.

- тромбоциттермен байланысып қан ұюын өзгертеді.

- Лимфоциттермен-FC рецепторымен (иммуноглобулин G)

Антиденелердің эффекторлық механизмі: антидененің торшамен қосыл­ған комплексі белсенді комплементпен лизиске ұшырайды.

Антидене дегеніміз - антигенге қарсы пайда болатын зат. Оларды иммуноглобулиндер деп атайды. Иммуноглобулиндердің 5 түрі бар: Ig A, IgM, Ig G, Ig D, IgE. Иммуноглобулиндер құрылысы 2 ауыр тізбек және 2 жеңіл тізбектен тұрады. Тізбектер өзара бір-бірімен дисульфидті байланысады.

Антиденелердің түзілуін түсіндіретін теорияларды шартш түрде инструктивті жэне селекгавті топтарға жіктеуге болады. Бірішяі топқа Н. Ф. Гамалеяньщ "таңба" (1928), Ф. Гауровиц пен Л. Полингтің "тікелей матрица" (1937) жэне Ф. Бернет пен И. Феннсрдің "жанама матрица" теориялары (1949), ал екінші топка П. Эрлихтің "бүйір тізбектср" (1898), Н. Ерненің "табиғи сүрыптау" (1955) жэне Ф. Бернетгің "клональді-селекциялық" теориялары (1964) жагады.

6. Антиденелердің құрылысы мен қызметі. Гибридомдар, олардың қасиеттері жəне алу жолдары. Моноклональды антиденелер .

  1. Гибридомдар, олардың қасиеттері және алу жолдары.
  2. Моноклональды антиденелер.
  3. Моноклональды антиденелерді қолдану салалары - медициналық және ветеринарлық диагностика, терапия.

4 . Антиденелердің шығу механизмі

5. Антиденелердің басты биологиялық қызметі

6. Гибридомалардың техникалық алу жолы.

Антиденелердің шығу механизмін түсіндіретін көптеген теориялар бар. 1989 жылы Эрлих бүйірлік тізбектер теориясын ұсынды, Л. Поминг және Ф. Гауровиц тікелей матрица теориясы; Н. Ерне (1960) «репрессия - депрессия» гипотезасын жасады, бұл теория клеткаларда кез - келген антигенге қарсы потенциалды антиденелердің генетикалық ақпараты салынғандығы жөнінде айтады. Бірақ ол гендер репрессиялық (тежелген) күйде болады. Антиген арнаулы ферменттің қызметінен босап, белгілі гендерді тежеуден бастады. Осыдан кейін қажетті γ- глобулин типі синтезделеді. Осы кезде клеткалар бөліне бастайды. Бұдан антиген таңдамалы түрде белгілі репрессордың қызметін тежейді деген қорытынды шығаруға болады. (Р. В. Петров, 1976) . Көп қолдау тапқан Ф. Бернеттің (1959) клондық - селекцияның теориясы. Бұл теория көп жағынан иммунитет жөніндегі көзқарасқа сәйкес. Клондық - селекциялық теория бойынша бір клон бір антиденені синтездейді. әрбір антиген клетка рецепторлармен өзара әрекеттесіп, оларды жылдам бөлінуге мәжбүр етеді. Митоздың бөліну нәтижесінде клеткалар клоны пайда болып, бір антигенге сәйкес антидене синтездейді.

Антиденелердің басты биологиялық қызметі - олардың антигендермен ерекше жылдам жерлесуінде. Бұл өзара әсерлесу агглютинация, преципитация (лат. «преципитацио» - тұнба түсу), лизис, бейтараптандыру реакциялары арқылы жүреді.

Егер антигенге антидене байланысқан болса, ондай комплексті макрофаг өе тез жұтып жібереді. Оның себебі былай. Антигенмен байланысқан кезде антидене өзінің тұрақты бөлігін формасын өзгертеді (белокпен белок) . Антидененің өзгерген формасы макрофаг үшін дәмді тағамның белгісі секілді. Бұл жерде антигенмен бірге антидене де макрофагқа «желі» болып кетеді.

Осылайша антиденелердің макрофагтардың фагоциттік («жегіштік») белсенділігін күшейтуін опсонизация деп атайды. Ал егер антиген клетка түрінде болса, макрофагтың өзі клетка болғандықтан антиденемен байланысқан бөтен антигендік клетканы жұту қиынға түседі. Бұл жерде қан мен лимфа сұйығында болатын комплемент көмекке келеді. Комплемент онға жуық әртүрлі глобулалардан тұрады. Бөтен антигендік клетканы детерминантымен байланысқан антидене де өз формасын өзгертеді. Антидененің осындай формасымен комплементтің белгілі бір глобуласы сәйкес келіп, оңай байланысады. Байланысқан глобуланың формасы комплементтің келесі глобуласын қосып алуға ыңғайлы болып өзгереді. Осылайша бөлек жүрген комплементтің глобулалары бөтен клетканың сыртында бір - бірімен байланысып жиналады. Осы біріккен комплементтің белоктары өте қауіпті - олар бірлесе отырып кез - келген клетканың қабығының детерминанттың бөліктерінде антидене арқылы жалғасқан комплемент ол клетканы жылдам жайып жібереді. Осылай ыдыраған клетканың бөлшектерін ақырында бәрібір макрофаг жейді. Сонымен макрофагқа антигенді тауып оны «жемге» айналдырып беретін антиденелер екен. Тек өлтіргіш Т клетканы ғана алғаш антиденені өзінің қабығына жалғастырып алып, сол арқылы сәйкес келетін детерминанты бар клетканы іздеп тауып, жояды. Бұл кезде Т - клетканың өзі де өледі. Ол өлер алдында макрофагты өзіне шақыратын лимфокиннің ерекше түрін бөледі. Сөйтіп оларда макрофагтың «жемі» болып шыға келеді.

Қорыта айтқанда, макрофаг антигенді бірінші болып анықтап, иммундық жүйенің бүкіл күшін оған қарсы көтеріп, сонан соң өлген молекулалар мен клеткалардың қалдықтарын жеп, организмді тазартады. Яғни макрофаг - 1санитар.

Гибридомалардың техникалық алу жолы. Гибридомаларды белгілі бір антигенмен жиі егеді (иммунизациялайды) . Олардың қанында антигибридомалар пайда болады, олардың көк бауырлардың және лимфа түйіндерін алып, клеткаларының үгіндісін дайындайды. Оған ісін клеткалардың цитоплазмасын (ПЛ) қосады. Онда таңдамалы түрде иммуноглобтар және осы синтезге бағынатын синтездік ақпарат өндіріледі. Клеткаларды полиэтилен гликолин көмегімен гибридомаларға құяды. Клеткаларды біршама in vitro (бірнеше күн) арнаулы ГАТ ортада өсіргенде жекелеген АҚК, сонымен бірге АҚК /АҚК клеткалар өседі, себебі олардың ғұмыры таусылады.

Гибридомалардың технология - ісік клеткаларын В - лимфоциттерді қосу негізінде клеткалық будандарды немесе гибридомаларды алу әдісі. Гибридомаларды организмнен тыс жағдайда өсіргенде әрбір будан клеткадан ерекше үлкен моноклондық (бір өркендік) антидене алуға болады.

Сонымен, гибридомалар дегеніміз - өлшеусіз өсе беретін бір өркенді (моноклондық) антиденелерді өндіретін клеткалар өркендері.

Гибридомалар дегеніміз - антизат синтездейтін әдеттегі лимфацит және ісік клеткалардан алынған клеткалық гибрид.

Гибридомды техника тек қана антидене клеткаларының ғана емес, сонымен бірге ата - аналық миоломды линияның полипеп/ді тізбегінен тұратын гибридті мөлшерде алуға мүмкіндік береді.

Алғаш рет гибридомаларды алу мақсатын 1978 жылы Хемартнер in vitro - да иммунналауды қолданды. Гиридомаларды, яғни антиденелерді түзетін заттарды алудың екі әдісі жасалды:

  1. Организмнен тыс пульттеу жағдайдарда, бейімделген миеломды алу;
  2. Сомалық клеткаларды будандастыру әдісі.

Гибридомды клеткаларды клондау. Клондау тұрақты гибридомды б. а. үшін жүргізіледі. Жаңа түзілген гибридом клетка хромасомалардың жетіспеуіне байланысты деңгейдегі тұрақсыздық тән. Гибридом клеткасын алу үшін мынадай орталар пайдаланылады:

  1. Қатыруға арналған ортаны дайындайды
  2. Центрифигуралар арқылы шөктіреді
  3. Алынған сусынның әрқайсысын 1 мл көлемде 2 мл ампулаға салады

Антидене молекуласы (иммуноглобулин) екі «жеңіл» (I) және екі «ауыр» (Н) ақуыз тізбектерінен тұрады, олар қатаңдатылған белгілі орындарда щзналасқан, дисульфидтік көпірлері мен сутектік байланыстармен жалғастырылады. 4-бөлігінің N-соңы және Ы-тізбектері антиденелерді байланыстыратын сайттар түзеді, антиденелер молекулаларының жеке аймақтары (домендер) әртүрлі қызметтер атқарады. Антиденелерді байланыстыратын сайттар үш аймақтан тұрады, олар антидененің антигендердегі компмментарлығымен анықталады (CDR) және L- тізбектері мен Н-еізбектерінің N-соңында вариабельді (V H және V 1 ) аймақтар түзеді. Вариобельден басқа (V H және V 1 ) әр L- тізбек бір константа аймағынан құралады немесе домен (С 1 ), ал әрбір Н-тізбек - үш константа аймағынан немесе доменнен (CH 1 , CH 2 , CH 3 , ) тұрады. Антиденелерді папаин протеолитикалық ферменттермен өңдеген кезде - үш үзінді түзеді: екеуі ұқсас (Fab), әрқайсысы CH 1 -V H -H -тізбегінің домені бар дисульфид көпірімен байланысқан, интактілі L-тізбегінен тұрады және біреуі Ғс, ол Сн 2 - Сн 3 -Н- тізбегінің домендері бар екі дисульфид қосылыстарының байланысынан тұрады.

Fab- үзіндісі, дәл айтқанда оның N- соңғы бөлігі Fv- үзіндісі деп аталады, ол антидененің интактілі молекуласына тән, антиденені байланыстыратын белсенділікке ие болады.

Антидененің интактілі антиденемен байланысуынан кейін иммунитетке жауап беретін реакциялар жіберіледі.

1. Комплемент жүйесі активтеледі бұл жүйенің компоненттері жасуша мембранасын бұзады, фагоциттерді белсендіреді ( белсенділігін арттырады) және белгілерді генерирлейді, ол жүйенің иммунитетке жауап беретін басқа компоненттерін мобилиздейді.

2. Ғс- аймағындағы антидененің эфекторлы жасушаның Ғс- рецепторымен байланысуы нәтижесінде кезектегі антиденелермен жасушалық цитотоксикалық реакциясы жіберіледі не іске қосылады. Белсендірілген эффекторлы жасуша бөтен жасушаны лизирлеуші заттарды босатады, бөтен жасушамен антидененің Ғаb- аймағындағы молекулалар байланысқан болады.

3. Fab- аймағы ерігіш антиденемен байланысқан соң антидененің Ғс- аймағы фагоциттер рецепторларымен қосылуы мүмкін, олар антидене- антиген комплексін бұзып, басып алады.

Дәрілік заттарды орнына жеткізуді жеңілдету үшін оның әсер етуіне бірнеше тәсілдерді қолданады:

Липосомаларға бекітіледі, олардың липидтік қабықшалары қажетті органдардың жасушаларымен өте ұқсас болады.

Арнайы токсиндер гендерін лимфоциттердің инфильтрлеуші ісіктерінде тұрғызады, олар осы токсиндерді ісіктерде босатады.

Дәрілік заттар молекулаларын моноклональды антиденелерге немесе оларды Fv- үзіндісіне жалғайды, Fv-үзіндісі қатаңдатылған белгілі жасушалардың жоғарғы бетінде орналасқан, ақуыз қатынасы бойынша ұқсас болады, мысалы, ісікті .

Дәрілік заттарды белсенді емес түрде қолданады, ол үшін оларды ферменттер көмегімен белсенді күйге өткізеді. Егер мұндай өзгеріс тек жасушасоғылғыш қасында жүру үшін, ферментті моноклональды антиденеге жалғайды, ол сол жасушаның антиген жоғарғы бетінеұқсас болады.

Дәрілік заттарды (ДЗ) бүтіндей жеткізу жүйесінің сызба- нұсқалық кескіндемесі, ол моноклональды антиденелерді қолдануға негізделеді (Б. Глику, Дж. Пастернак бойынша) :

А - дәрілік заттардың молекуласы моноклональды антиденелерге жалғастырылған:

Б - моноклональды антиденелерге фермент жалғастырылған, ол тек жасуша- соққылайтынға жақын болғандықтан (ДЗ) дәрілік заттардың инертті түрін белсенді түрге айналдырады.

Екі жағдайларда да моноклональды антиденелер бір арнайы ақуызбен жасуша- соққылайтынның жоғарғы бетінде байланысады.

Моноклоналдык антиденелер технологиясы

Антиденелер немесе иммуноглобулиндер жоғары арнайылы ақуыздар болады, бөтен антигендсрдің организмге енуге жауап ретіндс В-лимфоциттсрмен (плазмоциттер) өндіріледі және тек сол антигендермен өзара байланысуға қабілетті. Антигендер ссебінде инфекцияны қоздырушылар (бактсриялар, қарапайымдылар, вирустар), инфскцпялық сипатта емес биоорганикалық заттар (бөтен сарысу, өсімдік тозаңшалары, әртурлі ксенобиотиктер, улар, фсрменттер, гормондар, трансплантат жасушалары) .

Иммунокомпетенттік жасушалар айыратын бөтен антиген организмге енгенде қанда, көкбауырда, лимфотүйіндерде орналасқан және антидене продуценттерінін, бұрынғы жасу­шалары болатын В-лимфоциттерден плазматикалық жасуша­лар тузіледі (жетілдіріледі) - антидене және иммуноглобулиндсрдің нағыз продуценттсрі (28-сурет) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфекциялық иммунология негіздері.
Антигендер мен антиденелер
Иммуноглобулиндерге жалпы түсінік
Антигендер
Стресс және гормондар (конспект)
Коринебактериялар, микобактериялар, алапес (лепра) қоздырғыштар
Медицина саласы бойынша 65 сұрақ-жауап
Қантсыз диабет
Тыныс жолдары арқылы тарайтын ауру қоздырғыштарының биологиясын (грипп, қызылша)
Павлодар қаласының экологиялық жағдайына байланысты балаларда кездесетін аллергиялық аурулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz