Иммунологияның негізгі қағидалары



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1.Иммунологияның негізгі қағидалары.
2.Иммунобиотехнология.
3.Вакциналарды жасау.
4.Тірі вакциналар. Тірі емес (инактивтелген) вакциналар. Комбинирленген вакциналар.
5.Сары сулар.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланған әдебиеттер.

I.Кіріспе.
Имуниттет туралы ғылым- иммунология осы заманғы биологияның ең жедел дамып келе жатқан саласы. Иммунологияның жетістіктері молекулалық биология, генетика, биохимия, биофизика, мал және егін шаруашылықтарының барлық салаларына, медицина мен ветеринарияға игілікті ықпал етіп отыр. Тарихи тұрғыдан иммунология инфекциялық патологияның негізінде қалыптасты. Сондықтан ескі немесе классикалық иммунологияны инфекциялық иммунология деп атайды. Ал енді молекулалық биология, генетика, трасплантологиямен байланысты иммунологияны инфекциялық емес, немесе жаңа иммунология деп атап жүр. Иммунитет ⁄ әлует ⁄ латынның immunitas ⁄ міндеттен босану⁄ деген сөзінен шыққан. Ол- организмнің генетикалық болмысы үшін бөгде заттардан, оның ішінде зардапты микроптардан, қорғану қабілеті. Иммунитет организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын ⁄ гомеостаз ⁄ және оның қызметінің біртұтастығын қамтамассыз ететін микробтан бастап адамға дейінгі бүкіл тіршілік иелеріне тән қасиет. Иммунитеттің қалыптасуына бүкіл организм біртұтас жүйе ретінде қалыптасады. Бұл - тірі табиғаттың ұзақ эволюциялық дамуының, табиғи сұрыптаудың, паразит пен оның иесінің өзгергіштігінің нәтижесі. Жоғары сатыдағы организмдердің арнайы иммунитет оргондары бар. Эволюциялық жолмен үш түрлі: конституциялық, фагоциттік және лимфоидтық иммуногендік жүйелер қалыптасты.

II. Негізгі бөлім.
Иммунитет дегеніміз зиянды әсерді немесе уды қабылдамау қасиеті. Иммунитет түзуге бүкіл организм қатысады. Мұнда орталық нерв жүйесі басқарушы және бағыттаушы қызмет атқарады.
Табиғи немесе туа пайда болған иммунитет - адам және жануардың белгілі бір түріне тән. Ол тұқым қуалайды. Бұған ірі қараның - жылқының маңқасымен , жылқының , иттің обасымен , адамның иттің , шошқаның обасымен ауырмауы мысал бола алады.
Жасанды иммунитет адамда және жануарларда жұқпалы аурулардың әсерінен пайда болады. Және оны табиғи жағдайда қабылдаған иммунитет деп те атайды. Егер иммунитет организмге түрлі биологиялық препараттарды енгізгенде ( егу , вакцина , сарысу енгізу ) пайда болса , оны жасанды жолмен түзілген иммунитет деп атайды. Мұнда организмде түзілген иммунитет зиянды микробтың бір ғана түріне арналған.
Табиғи пассив иммунитет организмге , оның әсіресе дүниеге келер кезінде анасының сүтімен немесе жатыр арқылы беріледі.
Имуниттет туралы ғылым- иммунология осы заманғы биологияның ең жедел дамып келе жатқан саласы. Иммунологияның жетістіктері молекулалық биология, генетика, биохимия, биофизика, мал және егін шаруашылықтарының барлық салаларына, медицина мен ветеринарияға игілікті ықпал етіп отыр. Тарихи тұрғыдан иммунология инфекциялық патологияның негізінде қалыптасты. Сондықтан ескі немесе классикалық иммунологияны инфекциялық иммунология деп атайды. Ал енді молекулалық биология, генетика, трасплантологиямен байланысты иммунологияны инфекциялық емес, немесе жаңа иммунология деп атап жүр. Иммунитет ⁄ әлует ⁄ латынның immunitas ⁄ міндеттен босану⁄ деген сөзінен шыққан. Ол- организмнің генетикалық болмысы үшін бөгде заттардан, оның ішінде зардапты микроптардан, қорғану қабілеті. Иммунитет организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын ⁄ гомеостаз ⁄ және оның қызметінің біртұтастығын қамтамассыз ететін микробтан бастап адамға дейінгі бүкіл тіршілік иелеріне тән қасиет. Иммунитеттің қалыптасуына бүкіл организм біртұтас жүйе ретінде қалыптасады. Бұл - тірі табиғаттың ұзақ эволюциялық дамуының, табиғи сұрыптаудың, паразит пен оның иесінің өзгергіштігінің нәтижесі. Жоғары сатыдағы организмдердің арнайы иммунитет оргондары бар. Эволюциялық жолмен үш түрлі: конституциялық, фагоциттік және лимфоидтық иммуногендік жүйелер қалыптасты.
Конституциялық жүйе немесе конституциялық иммунитет иммунитеттің ең ежелгі түрі. Ол күллі тіршілік иелеріне ортақ, ал микробтар мен өсімдіктерде
Иммунитеттің бірден-бір түрі. Фагоциттік жүйе немесе фагоциттік иммуниттет, омыртқасыз жануарларда пайда болды. Ал омыртқалы жануарларда иммунитетің үшінші ең жетілген түрі - лимфоидтық жүйе пайда болды.
Иммунитеттің конституциялық жүйесі. Конституциялық иммунитет жануарлардың әрбір түріне тән қасиет болған соң ертеректе түрлік ⁄ видовой⁄ иммунитет деп аталды. Жанжақты алып қарағанда бұндай иммунитет бір түрге ғана тән емес, әрбір жеке жануардан бастап барлық токсономиялық топтарға, тіптіең жоғарғы токсономиялық бірлік - типке дейін қатысты. Сондықтан конституциялық иммунитетті мынандай топтарға ажыратқан дұрыс.
1.Таксондар иммунитеті. Ол туа біткен табиғи төзімділікті жануарлардың әрбір түрінен бастап ең жоғарғы токсономиялық топтарына ⁄ отряд, класс, тип, т.б. ⁄ қатысты қарастырады.
2.Түр ішіндегі иммунитет. Бір түрге жататын әртүрлі нәсілдің ⁄адамға қатысты ⁄ немесе тұқымның ⁄малға қатысты, орысша - порода⁄ иммунитеті.
3.Индивидуумның ⁄ жеке жануардың, не адамның ⁄ иммунитеті.
Организмнің иммунологиялық икемділігі
Иммуналогиялық икемділік иммунологическая реактивность , иммундік жауап немесе иммунитет реакциялары дегеніміз организмнің өзінікі мен бөтенді ажыратып, генетикалық бөтен антигендік ақпарды өңдеп, оған иммунологиялық жауап реакцияларын беру қабілеті. Бұл иммунологиялық жауап реакциясына жататындар:
-антидене түзу,
-жедел типті сезімталдық,
-баяу типті сезімталдық,
-иммунологиялық жады,
- иммунологиялық толеранттылық,
-идиотип- антидиотип қатынасы.
Иммундік жауаптың себепкері антиген болып табылады. Яғни иммундік жауап антигендік әсерден барып туындайды. Ірі молекулалы белоктар, полисахаридтер, липидтер тегі бөтен заттар антиген болып табылады. Олардың антигендік детерминанттары болады. Химиялық құрамы жағынан антигендік детерминанттары 1-4 пептид, немесе 1-4 сахаридтерден тұратын олигопептид немесе олигосахаридке жатады. Тек қана антигендік детерминанттан тұратын қарапайым заттарды гаптен деп атайды. Гаптен антиденемен әсерлеседі, бірақ антидене түзілте алмайды. Егер гаптенге басқа бір күрделі затты белок, полисахарид қосса, ондай қосылысты организмге енгізгенде гаптенге қарсы антидене пайда болады.
Антидене түзу. Антидене иммуноглобулин қорғаныс қызметін атқарып, токсиндер мен вирустарды бейтараптайды, антигенмен қосылған соң комплемент жүйесін іске қосады, микроорганизмдерді тұмшалап, оларды фагоцитозға дайындайды. Антиденелер 5 түрлі иммуноглобулиндерге жатады ( IgG, IgM, IgA, IgD және IgE). Олардың ішіндеIgM молекулалық массасы жағынан ең ірісі және антигендік әсерден кейін бірінші пайда болады. Кейінірек қанда IgG пайда болады, ол ұзағырақ сақталады және оның қорғаныс қабілеті де жоғары. Әртүрлі секреттерде сүт, уыз, сілекей, ішек сөлі негізгі антидене IgA болып табылады. Иммуноглобулиндердің қалған екі түрі: IgD және IgE жануарлар организмінде өте мардымсыз мөлшерде кездеседі және де олар аз зерттелген.
Иммунологиялық жады. Иммунологиялық жады организмнің антигендік әсердің қайталануына гуморльдік және торшалық реакциялар арқылы әдеттегіден әлдеқайда күшті жауап беруі. Екінші, немесе қайталанған жауап анамнездік реакция деп аталады, оның ерекшелігі антиденелердің титрі жылдам артады және ол антиденелер иммуноглобулиндердің IgG класына жатады.
Иммунологиялық жады лимфоидтық жүйедегі өзгеше өзгерістердің нәтижесінде қалыптасатын жады топшаларының қызметінен туындайды. Осы заманғы көзқарастар бойынша бұл жады топшалары антиген арқылы күшейтілген Т және В - лимфоциттердің клоны болып табылады. Бұл топшалардың қалыптасуы үшін бастапқыда организмге антигендік елеулі мөлшері қажет. Ал қайталану реакциясын тудыру үшін жады топшаларды іске қосуға антигеннің өте аз дозасы да жеткілікті. Сондықтан жануарларға ревакцинация ⁄ қайталап егу ⁄ кезінде күшті иммундік жауап алу үшін вакцинаның өте аз, шамалы ғанадозасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммуниттет анықтамасы
Медицина жетістіктеріндегі медициналық микробиологияның қосқан үлесі. тарихи даму барысында микробиология, вирусология және иммунологияның мақсаттары және міндеттері
“Иммунология” пәні бойынша практикалық сабақтар жоспары
Медициналық микробиологияның тарихи дамуындағы микробиология, вирусология және иммунологияның алатын орны
Медицина жетістіктеріндегі, дәрігердің тәжірибесінде медициналық микробиологияның қосқан үлесі
Инфекциялық иммунология негіздері.
Иммунды жүйе
Иммунология пәні туралы
Иммунологиялық реакциялар: маңызы, түрлері, механизмдері, қою тәсілдері. Инфекциялық аурулардың иммунопрафилактика және иммунотерапия негіздері.
Жануарларды иммундеу әдістері
Пәндер