Сандар сырының құпиялары



Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация
Сандар сыры атты ғылыми жобада жас зерттеуші сандардың шығу
тарихынан бастап, олардың қай мемлекетте қалай пайда болғандығына ерекше
көңіл аударып, түркі халықтары арасында, оның ішінде қазақ халқының
сандарға қатысты киелі, қасиетті ұғымдарын ашылған. Зерттеу барысында
өзіндік көзқарасын білдіріп, ұтымды ұсыныстар жасалған. Халық арасындағы
күнделікті тұрмыста кездесетін сандар құпиясын ғылыми болжамдармен
салыстырмалы түрде қарастырып, кең көлемді жұмыс жасалған, және қазіргі
таңда ЭЦҚ – ның қажеттілігімен қолайлылығына тоқталған.

Мазмұны

Аннотация
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.1. Сандар тарихы
1.2. Сандар сыр шертеді
1.3. Сандар қасиеті
1.4. Зерттеу жұмысымда қол жеткізген деректерім:
Сандар сырының құпиялары
ІІІ. Қорытынды
Ұсыныстар
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Әр сан өзіндік ерекшелікке ие
Пифогор
Арифметика саласының майын ішкен мықты математик бұлай деп бекер
айтпаса керек. Адамзаттың өзі мен өмірі сандарға бағынышты. Біріншіден,
ақшаға тәуелді. Екіншіден, адамзат жаратылысынан секундтардан басталып,
ғасырлар мен мыңжылдықтарға созылатын уақытқа тәуелді. Сырғанаған уақытты
не тоқтата алмайды немесе оның шеңберінен тыс өмір сүре алмайды. Яғни
өмірінің ұзақтығы, ішіп-жегені барлығы да санмен өлшенеді. Тіпті ағзасының
әрбір клеткасы, қанының құрамы мен сүйегінің салмағына дейін есептеулі.
Міне, осы секундтармен, ай, жылдармен өлшенетін адамның өмірінде сандардың
атқарар өз рөлі бар. Осы сан алуан сандардың сіз білмеген, біз білмеген
сырлары көп екен.
Адам баласының ең бірінші қолдана білген  математикалық амалы санау
болды.  Тіпті аз ғана санды білетін жабайы  тайпалардың өзі  көп нәрседен 
тұратын жиындарды  санауға дейін әрекет еткен.
Алайда кейбір жерлердегі, атап айтқанда,Африкадағы тайпалар мен
халықтар санағанда бестік санау системасы қолданған. Бұл системада алғашқы
бес санның ғана атаулары бар.Мысалы, алты санын бес.бір деп атаған.Ең
көне санау системасы . екілік санау системасы, ғалымдардың болжауы бойынша,
бұл системамен бір кезде мысырлықтар пайдаланған.Ал басқа бір,жиырмалық
санау системасының жұрнақтары осы уақытқа дейін, мысалы,қазіргі грузин және
француз тілдерінде сақталып қалған: ол тілдерде сексен деудің орнына
төрт жиырма делінеді.Ежелгі вавилондықтар алпыстық санау системасын
пайдаланған.Қазіргі уақытта дүние жүзінің барлық халықтары ондық санау
системасын қолданады.
Жобаның негізгі мақсаты:
Жобаның міндеттері:
–       Сандар сырымен танысу.
–       Әрбір сандардың  орнын көрсету.
Мәселе: Білім беруде натурал сандардың алатын орнын зерттеу.
Зерттеу объектісі: Натурал сандардың пайда болуы мен олардың мән мағынасы

Негізгі бөлім
1.1. Сандар тарихы
Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика.
Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Адамзат
даналығының ойлап тапқан жаңалығы ол – жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды
жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жазып жүр. Неге? Өйткені олар бұл әдісті
соқаның қозғалысынан алған екен. Осы жазулардың негізінде пайда болған
таңбалардың бірі цифр. Цифр дегеніміз – сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін
қолданылатын әріптер қандай қажет болса, сандарды жазу үшін керекті
таңбалар.
Әлемдегі бүкіл түркі халықтарының отаны – Ұлы дала, ол даланың иесі –
көне түркі елінің шаңырағын шайқалтпай отырған қазақ елі. Түркілер
саудадағы айырбас кезінде өз дене мүшелерін жиі қолданған екен. Мысалы, бір
қарыс, сүйем, кере қарыс, табан, бір елі, екі елі, бір шымшым, бір шумақ.
Міне, осы өлшемдер бойынша, матаны – шынтақ, бой, ал ұзындықты – шақырым,
бие сауым, сүт пісірім, ет асым жер, көз көрім жер деп уақытты ұзақтығын
өздерінің күнделікті тұрмыстарынан алған. Күнделікті өмірімізде
қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. 
Әуелі сандар сызықшаман белгіленген. Кейін оларды атап үйренді. Өмір оларды
санауға, өлшеуге үйретті.  Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды
үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген . Әуелі олар табиғи сандарды
(1,2,3,4,5,6,7,8,9) меңгерсе нөлдің пайда болуынан сандарға революция
жасалған, сөйтіп сандарды игеруге жаңа жүйелерді өмірге әкелді.
1.2. Сандар сыр шертеді
0   саны: бұл сан абсалюттік символы. Шексіздік белгісі және        
жаратылмаған әлемнің саны болып табылады. Бұл барлық заттардың   
бастамасы. Графикалық жоба бойынша сақина немесе дөңгелек   ретінде
белгіленеді.
1саны: Пифогор және оның ойшылдары барлық басқа сандардан жоғары
қойды. Олар оны барлық санның бастамасы, бар әлемнің басы деп есептеді.
Бірліксіз қарапайым санаудың өзі де болмас еді. Графикалық бейнелеуі
вертикаль сызық.
2саны: Пифогорлықтарда 2 саны бірліктің жоғалуын білдіреді. Бұл сан
махаббат, тұрақсыздық және теңсіздік символы болып табылады. Екі саны бұл
жұмсақтық және дәлдік. Ол жылылық пен суықтық, мейірімділік пен қатыгездік,
жарық пен қараңғылықтың, байлық пен жұтшылдықтың арасында жүреді.
3саны: Пифогорлықтарда 3 санының негізінде жан-жақтылық пен  бірліктің
үйлесімділігі қалыптасқан. Көптеген халықтарда 3 саны есептеудің соңы деп
саналды. Оны толықтың, толудың, аяқталудың символы деп есептейді. Ежелгі
Грекияда бұл сан бақытты деп саналса, Ежелгі Вавилонда үш құдайға: Күн, Ай,
Шолпанға табынатын болған. Діни сенім нанымдарда, ертегілерде 3 саны
қасиетті сан болып  есептелген. Оның сиқырлығы сол ол алдыңғы екі санның
қосындысынан тұрады (1+2=3) үш өткеннің, осы шақтың, келешектің  символы.
4саны: Ертеде бұл сан тұрақтылық пен беріктілік, әділдіктің  символы болып
саналды. Ол шаршы түрінде болғандықтан, әлемнің 4 бұрышын, жылдың 4
мезгілін, табиғаттағы төрт құбылыс – от, жер, су, ауаны білдірді.
Геометриялық бейнелеуі шаршы немесе ромб. Славьян символикасында  – Жер.
Жапондар мен Қытайлар 4 санын қауіп, сәтсіз сан деп түсінеді.
5саны: Пифогордың аса көп көңіл бөлген, бақыт саны деп есептеген,    ертеде
оны тәуекелге бару символы деп болжаусыздықты, қуаттылықты және
тәуелсіздікті жатқызды. Санның дұрыстығы 5-жай сан, 5- саусақ – санау
жүйесінің бестігі, 5 – тармақты жұлдыз, 5 – сезім (көру, есту, тітіркену,
сезіну, тепе – теңдік). Проваслав шіркеуінде 5 басты діни мереке бар.
Буддизм ілімінде 5 басты өсиет, ал Ислам дінінде әр мұсылман баласы  күніне
5 мезгіл намазға жығылуға тиіс.
6 саны: Бұл сан туралы  бір нәрсе айтуға бола ма? 6 саны дүниенің жаралуын
білдіреді.  Әрине Пифогор оны ерекше сан деп есептеген, басқа сандардан
ерекшелігі оның өзіне тән ерекше қасиеті бар. Ол өзі бөлінетін сандардың
қосындысы мен көбейтіндісінен тұрады. 6 саны 1,2,3 – ке бөлінеді. Оларды
қосып немесе қоссақ қайтадан 6 саны шығады. (1+2+3=1*2*3=6) Мұндай қасиет
басқа еш бір санда қайталанбайды. 6- шығармашылық сан. Геометриялық дәлдігі
дұрыс алтыбұрыш – жетістік, еркіндік, махаббат, адам бейнесі(екі қол, екі
аяқ, бас, дене) тегіс, шығыңқы фигуралар  алтыбұрыш. 6 саны шай және ас ішу
сервиздарының саны. 6 саны бұл әсемдік пен үйлесімдік саны.
7 саны: Бұл санды Пифогоршылар Афинамен байланыстырған. Ежелгі  Египет
философиясы мен астрономиясында ол өмірлік екі санның 3 пен 4-тің қосындысы
деп қарастырылды. 3 адам – әке, шеше, бала өмір-дің   негізін қалайды. Ал 4
– бұл жарық, жел, жаңбыр, ылғалдылық жерді жеміс беруге дайындайды.
Пифогордың  ой қорытуы бойынша, 3 пен 4-тің қосындысы (үшбұрыш пен
төртбұрыш символдары), аяқталғаның, тәмамдалғанның, қорытындының белгісі
деп саналған. Сондықтан 7 саны қасиетті сан, өйткені адам баласы қоршаған
ортаны (жарықты, дыбысты, иісті, дәмді) басындағы 7 тесік арқылы
түйсінген. (2 көз, 2 құлақ, 2мұрынның екі танауы, аузы ).Мұсылмандарда
Аллаһтың қасиетті орны жеті қат аспан деп саналады. Жапондарда 7 қайырымды
құдай , адам өмірінде 7 рет сәттілік болады. Жеті саны  – халық ұғымы
бойынша қасиетті сан. Жеті ата, жеті қазына, жеті  ғашық, жеті күлше
тарату,  әлемнің жеті кереметі, апта күнінің саны жетеу,ғарыш әлеміндегі
жеті қарақшы.
8 саны: Көне заман адамдары 8 санын сенімділіктің, шыңдалудың шыңы  деп
есептеген. 8 саны 8 төбесі бар кубты білдіреді. 8 санының құпиясы әлемдегі
мәңгілік үздіксіз қозғалысты білдіреді. 8 саны – мәңгілік символы.
Символдық белгісі  қос квадрат, егер оны бөлсе онда ол тең екі бөлікке
бөлінеді. Тағы да бөлгенде, ол тең төрт бөлікке бөлінеді (2, 2, 2, 2)
9 саны: қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі.  9 санының қасиетіне
тоқталсақ, ана құрсағындағы нәресте тоғыз ай, тоғыз күн өсіп жетіледі. Бұл
сан адамның ғұмырында пайда болып, жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт
өлшемі. 9 өмірге адамды әкеледі. Ол үш үштіктен құралған. Көшпенділер 9
санын болмыстың шыңы деп санаған, олардың салт-дәстүрлері мен наным
-сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген.(тоғыз шелпек, тоғыз
құмалақ, қалың малға үш тоғыз, т.б.).
10 саны: Он саны үйлесімділік пен рухани толығудың бейнесі болып саналады.
Ол орта ғасырлық Европада 1+2+3+4 сандарының   қосындысы ретінде
философиялық тастың  символы болып есептелінген. 10 саны ондық санау
жүйесінің негізі болып қалыптасып, барлық әлем халықтарында қолданылады.
12 саны: Он екі санының қасиеті өз алдында. Бір жыл он екі айдан тұрады.
Кейде бұл сан теңеу тіркес ретінде қолданады. Он екіде бір гүлі  
ашылмаған деген тұрақты тіркес пәк, бейкүнә деген ұғымды білдіреді. Әр
жылға он екі жануар, хайуанаттар аты берілген.
13 саны: сәтсіздік саны. 13 санына сенбеушілік пен қорқақтаушылық көп 
елдерде кеңінен жайылған.
40 саны: Қырық  санына байланысты оның қасиетін ашатын мағыналы  тіркестер
көп көлемде таралған. Қызға қырық үйден тыйым дегенде  ұғатынымыз қыз
әдебіне деген көзқарас.Той жасап, қуаныш қызық болар болса, қазақ елінің
бұрыннан қалыптасқан ұғымында Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасады деген
сөз қолданысы бар.  Ер азаматтарға байланысты Отызында орда бұзбаған,
қырқында қыр аспайды дейді. Қырықтың бірі – Қыдыр деп қонағын күтіп
қалғанды айтады.
60 саны: Вавилон аңыздарында бұл сан үлкен мағанаға ие. Оны олар  құдай
саны деп атаған.
Сандар сыры сан алуан. Сандарда кие бола ма?
Болады деген екен ата - бабаларымыз. 7.., 13.., 25.., 37.., 49.., 61...
мүшел жастың, киелі сандардың тылсым сырының алдында іштей мойынсұнады.
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық.
Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа
қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан
бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін
саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие
болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.
40санын халқымыз
Бақ дәулетке балаған
Талай дәстүр салтымыз
Осы атаудан тараған.
3 саны туралы
Үш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сандар сырымен танысу
Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика
Ахмет Иассауи іліміндегі рухани құндылықтар және қазақ таңымындағы маңызы
Көбейту құпиялары
Жаратылыстану-математика сыныптарында оқытылатын математиканың элективтік курстарының мазмұны
Аптаның жеті күні
ФИБОНАЧЧИ САНДАРЫН ЕСЕП ШЫҒАРУДА ПАЙДАЛАНУ
Математикалық фокустар
Математикалық фокустың түрлері
Шандоз шығармасының жаңа танымдарын зерттеу
Пәндер