Имандылыққа баулу қазақ ілімі



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қобдабай Қабдыразақұлы

Имандылыққа баулу қазақ ілімі
Адамзатты басқа бүкіл тіршілік иелерінен ажыратып тұрған нәрсе - руханият. Өнерге, білімге құштарлық, ғылымға талпыну, ата-ана алдында парызды түсіну, ерікті еңбексүйгіштік, туған топырақ - Жер Ананы, ана тілді қастерлеу, Отанды сүю сияқты тек азаматқа лайықты ізгі сипаттар әрбір кісінің руханиат белгілері болып табылады. Руханиат адамның бүкіл жан дүниесін, оның дүние танымын, білім деңгейін, ұлттық қадір - қасиет, құндылық-тарды меңгеру биіктігін, жалпы адамдық мінез-құлық, іс-әрекеттері мен қоғамға үйлесімділігін қамтитын игі қасиеттер жиынтығы. Осы тұрғыдан алып қарасаңыз қазақта мынандай рухани құндылықтар қалыптасқан;-имани дәстүр;-ұлттық имани сана;имани ұлттық ұғым: имани ұлттық тәрбиелеу ілім.
Дүниежүзілік діндердің қайсысы болсын жаратуышыны насихаттайды, адамды имандылыққа баулыйды. Қазақстан көп ұлтты ғана емес, сондай-ақ көп дінді ел. Діннің орасан зор адамгершілік қуаты республиканың өмірінде біріктіруші рөл атқаруға тиіс және атқара алады.
Қазақ халқының дін туралы танымы, сенімі ерекше. Дінді жаратылыстан тыс құдіретті құбылыс, тылсым ретінде танымайды, ойсыз бас қойып, көзсіз құлдай жығылып, табынған да емес. Діннің адам мен қоғам арасын жалғастырушы, жарастырушы және үйлестіруші қасиетін жете түсініп, оны жан мен тән тазалығын сақтайтын, парасат тағылымдарын демеуші, адамға өнеге тәлім берер, пейілге мейірім ұялатар рухани күшке бағалаған. Атақты ағартушы Ыбырай Алтынсарин өз заманында исламға ден қоя отырып, мұсылманшылықтың тұтқасы - сенім, иман, имандылық деп дәйектесе, ұлы ақын Мағжан Жұмабаев дін рәсімдерінің тұрмыс дағдылар астарластығын Ораза деген қазаққа құлшылық емес, әдеп қой, - деп бір ауыз өлеңмен сипаттаған. Ойшыл жазушы Ғ.Мүсірепов дін жөнінде: Адам баласы бірдемеге сенбей, арқа сүйемей тұра алмайды,сол сенімнің аты - дін.Ең арғысы саяси сенім дегеннің өзі халықтың басым көпшілігі үшін дін,- деп оның адам өміріндегі рухани күшін жоғары бағалағаны белгілі [4]. Дінде айтылған нәрсені қазақ ақылмен ұғынды, дінде тыйым салынған нәрседен ділін қорғады, тарихи өмір талап еткен нәрсеге біліммен қарады,ақылға салды. Тәуекелге әрдайым бел буған тәубешіл бабаларымыз тарихтың кеңістігінде зеректіктің туын тікті. Қазақтың зеректігі дін мен ділдің, тіл мен сөздің, өмір мен тарихтың, ұлт пен ұрпақтың қасиетін біріктіретін қабілеттің рухына қол жеткізе алуында. Бұл деңгейде бабаларымыздың өмір сүруіне ықпал еткен бір ғана қасиет тектілік, қанағатшылдық ұғымы. Өткінші нәрседен көрі, жақсылықтың мәнін терең түсінген. Өмірге мағынамен қараған, халықтың, ұрпақтың өміріне мағына келетін рухани байлықты көздеген. Бұл еңбектеген баладан, еңкейген қарт бабаларымыздың ізгілігінің асыл бейнесі Аллаһтың алдында керемет жоғары дәрежеге ие адамның қасиетсіз, қадірсіз атануы мүмкін емес. Атымды адам қойған соң,қайдан надан болайын!(Абай) Сол дәрежеге лайық болуы үшін адам өз бойына адами асыл қасиеттерді дарыту керек.Барлық ізгі қасиеттерді тізбелегенде, кісілік деген бір-ақ ауыз сөзге саяды. Өйткені, бұл сөздің өзі адам-ның бүкіл болмысын ашып беретін ұғым. Яғни, адамшылық адамға ғана тән сипат. Әрбір ақыл иесі бойындағы адамшы-лықты басты ізгі қасиет деп санаса, сол адамгершіліктің тұғыры имандылық болып саналады.
Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманат-тап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп-ақ. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адами құнды-лықтарды жоғары дәріптеген.Иман-қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым. Ата-бабаларымыздың ақи-қатқа жетелер сенімінің де басты тірегі-осы.Барлық бет-болмысының, мінез-құлқының айнасы. Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса, бетінен иманы төгіліп тұрған адам екен немесе иманжүзді кісі екен деп сөз етісетіні де сондықтан. Тіпті адам ғұмырының мәні болып саналатын махаббат сезімінің де негізі имандылықтан басталады.Оны Абай атамыз үш сүю-мен байланыстырып, имани-гүл деп ат береді Жиғаныңа сенбе-иманыңа сен.Иманды адам-арлы адам.Имансыз адам- сорлы адам.Үстіңнің кірін-сабын кетір-еді,Жаныңның кірін-иман кетіреді,.Имандылық қастерлі қасиет Имандылық-инабаттылық айнасы Имандылық -ізгілік негізі Өкінішке орай, кеңестік дәуірде тамырын тереңге жайған тоталитарлық саясаттың үстемдік жүргізуінің салдарынан біз осындай ұлы қасиетімізден айырылып қала жаздадық.Имандылық сөзі иманнан шыққан. Ал иман -жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық-Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғам-барының міндеті-иман мен имандылыққа уағыздау болған.Имандылық мінезі әрбір мұсылманның бойынан табыла бермейді.Атам қазақтың адамшылықты имандылық сөзімен беруінде ерекше мән бар. Өйткені,адамгершілік пен имандылық арасында үлкен айыр- машылық бар. Адамгершілік-барлық адамның бойында бола алатын адамның адамдық болмысынан (кісілігінен) туған қасиет. Имандылық әлемнің Жаратушысы, Ұлы Досына деген иман атты сүйіспеншілігінен туған аса ізгі кісілік қасиет. Яғни, әрбір имандылықта адамгершілік бар болса да әрбір адамгершілікте имандылық болмауы бек мүмкін. Сондықтан қазақта имандылық - ауқымы аса кең үлкен пәлсапалық ой-толғамға ие, ерекше мәнді ұғым. Атам қазақ иманын - өз болмысының тірегі мен ар-ожданның асыл тас ақиқаты деп ұққан. Сол себепті атам қазақ жүректен иман шыққаннан кеудеден жан шығуды артық санаған. Оған атам қазақтың мына сөзі куә: Малым жанымның садақасы, жаным арымның сада-қасы. Бұл жерде атам қазақтың арым, деп, отырғаны-иман. Ұят кімде болса, иман сонда, деуі де, содан қалған.Ар-ұятын сатқан жанға иманын сатты, арсыз жанға иман-сыз, деген сөзбен түйреген. Қазақта мұндай сөз тіркестері толып жатыр. Иман сөзінің қазақ тіліндегі тура мағынасы сенім болғанмен, сенім иман сөзінің толық баламасы емес. Өйткені, ауыз әдебиетінде де иманды, иман жүзді екен сөзінің орнына сенімді, сенім жүзді сөзін қолданбайды. Қазақтың иман ұғымы ислами иман ұғымынан да бөлектеу. Иман діни ұғым ретінде өз мазмұнында көптеген құрамдас бірліктерден тұрады; тотемге сену, шаманға сену, көк тәңірге сену, табиғат күштеріне сену, бұлардың ешбірі де иман емес, жай ғана сенім. Ал,қазақ аруаққа сенім,табиғатқа сенім қатарлы жоғарыда аталған сенімдерді иман ретінде қабыл-дайды. Бұл-атам қазақтың аса иманды момын-мұсылман жан екендігінің белгісі. Яғни, қазақ бар жақсылық ұғымды иман сөзімен, бар жамандық ұғымды имансыз сөзімен айқындаған. Қазақ әрқашан Ұлы Досына беріктігін көрсеткен. Иә, қазақ шыр етіп дүние келген баланың құлағына азан айтып, ажалы жетіп бұл жалғаннан озған жанның да жүзін құбылаға қаратып, жаназасын оқып Ұлы Жаратушының жарлығын бұлжытпай орындауға тырысқан.Қазақ дінінің менталды-ғының тірегі, ұлттын рухани болмысының маңыздысы - имандылық. Имандылық концепті-тілімізде көптеген ұғымдар-ды біріктіретін, жинақтайтын жалпы түсінік. Ар, ождан, ұят, шын, шындық , намыс, жүрек, жан, тазалық, әділет, мейрім-имандылық концептісінің тірек ұғымдары.
Ислам діні қазақ даласына келіп жеткенше де,пайғамбарымыздай үлгілі адамгершілігі мен имандылығы басына қонған,тура да әділ,иман жүзді, сенімді, ру тайпаның, ұлт қауымның ұлағатты үлгі өнегесі болған абыз-ақын,хан-қаған, батыр-ер, шешен-би, сал-сері,дана ана мен ата қаншама адамдар өмірден өтті. Солардың қазақ халқына қалдырған асыл рухани мұрасын исламның имандылық қағидалары мен ұстындарына етене араласып, тонның ішкі бауындай қабысып тамаша табысқа жеткендігіне тарих куә.Қазақ халқының жалпы ұлттық қасиетті ұғымына айналған имандылық сөзінің түп төркіні мен ілкі бастауының да мұсылман дінімен тоқай-ласып жататындығы белгілі. Иман ұғымы әуел баста Құран арқылы адамдардың санасына сіңсе де, уақыт өте келе халық-тың ежелден қалыптасқан салт-дәстүрімен, таным түсінігі-мен, наным-сенімімен біте қайнасып, жаңа бір сапалық деңгей ге көтерілген ұғым. Халық түсінігіндегі иман сөзі діни шең-берден шығып,жалпы ұлттық, бүкіл адамзаттық құнды-лықтарды қамтитын ауқымды дүниетанымдық категорияны білдіреді.
Адамның іс-әрекетінің, сөзінің тура болуы тек тәрбие арқылы ғана санаға әсер етіп жүзеге асырылады. Сенім мен турашылдық егіз ұғым. Адамдардың бойында бұл сипат-тарды қалыптастыру сенім, намыс пен иман арқылы жүзеге асады. Көңілінде иманы, сенімі бар адам жалған сөйлемейді, алдамайды, аманатқа қиянат жасамайды. Иман адамға өтірік айтқызбайды,өзгені алдап, мал табудан сақтандырады. Тәрбиелі, сенімі бар адам, Алла тағала мені әруақытта көруде деп ойлайды. Сондықтан жамандық ойламайды, өзге-нің. мүлкіне қол сұқпайды, қиянат етпейді. Жұрттың өзін сыйлауы үшін алдымен өзі өзгеге құрмет етеді. Мұндай имандылықтың жолдары мұсылмандылықтың бес парызын толық орындау барысында жүзеге асатындығын бүгінде иманжүзді, мол адамгершілік сипатқа ие болғандар дәлелдеп отыр. Адамның нәпсісі-бойдағы пендеге тән құмарлық сезім. Жалпы адамның адамгершілік шыңына жетуінің негізгі көрсеткіші мен иманды-лығының қалыптасуы -өзінің нәпсісіне ие болуы
Ибалы қыз тәрбиелеп, асыл аналарды өмірге дайын-дауда,қазаққа, ислам дінінің тигізген оңды ықпалы зор болған. Сондықтан, неке қию, қыз ұзату, келін түсіру қазақ салты, ежелгі әдет-ғұрыппен ұштастыра отырып ислам діні негізінде атқарылған.Ал бозбала, бойжеткен, иманды ұл ибалы қыз тәрбиелеу ісі өте нәтижелі болды
Имандылық(атауы әр түрлі болғанымен)- барлық наным-сенімдерге ортақ ұғым. Түрлі кездерде пайда болған ежелгі Рим, Грек, Иран, Конфуций ілімі, Христиан діні, даосизм, синтоизм, ілімдерінің барлығында адамдарды бауырмал-дыққа, мейрімділікке, қайырымдылыққа, адалдыққа шақыр-атын ортақ құндылықтар бар. Адамдардың діни сеніміне (жалпы сеніміне) байланысты, имандылықты алалауға болмайды.Қай діндегі болсын адамдардың баршасын иман дылыққа баулу қажет. К.Д. Ушинский өнегелі тәрбиеге үлкен мән берген, оның негізін дін деп санаған. Дінді ол, ең алдымен, өнегелі тазалықтың кепілі деп түсінген. К.Д. УшинскийдіңТәрбие халықтық ілтипатқа ие болған жағдай-да ғана өз мақсатына жетеді(25;\31) - дейді. Иман ұғымы бізде ұлттық сипатқа ие болған. Имандылық-ұлттық шеңберде шырмалып қалған тар ұғым да емес,Қазақстан Республи-касында тіршілік етіп отырған күллі этнос өкілдері, оның ұрпақтары имандылық нұрынан тысқары қалуға тиіс емес. Ешбір ұлт бұған қарсы болған да емес.Имандылық- қазақ үшін,жалаң ислами ұғым да емес.Ол наным-сенім ретінде, қашаннан бар,ұласып келе жатқан түсінік. Алла тағала өзінің бір аятында Мен сендерді бір біріңді тану үшін бір еркек бір әйел қылып жараттым және ұлтқа бөлдім деген екен. Егер осы сөзді ақылға салатын болсақ бір еркек бір әйел заңдылық, ал ұлтқа бөлдім деген сөзден әр ұлттың салт санасына қарай таным түсінік қалыптасатынын көруге болады. Біздің ата бабаларымыз дінді тереңінен зерттеп мол тағылымын өзінің салт санасына, дәстүріне сіңіре біліп өзінің ұрпақтарына ана сүтімен, тәлімі мол істерімен дарыта білген. Қазақ халқының салт санасы, дәстүрі, құран ілімін терең меңгерген ғұлама, данышпан-дарымыздың нақыл сөздерінің, халық дана-лығының барлығы адамды бауырмалдыққа, мейрімділікке, инабаттылыққа, кішіпейілділікке т.б. жақсы қасиеттерге үйретеді. Мысалы: Ата ананың қадірін білмеген халық қадірін білмес, Ары жоқтың ақылы жоқ, Ақыл, қайрат жүректі бірдей ұста , сонда толық боласың елден ерек - дейді Абай атамыз. Ұлы Қытай ғұламасы Конфуций Өзің ұнатпағанды өзгеге істеме десе Пайғамбарымыз хадисінде:
Өзіңе не тілесең, әуелі оны басқалар үшін қыл, ал қазақ атамыз Өзі түгіл дұшпанына жамандық тілемеуді ұрпағына аманат еткен. Абай атамыз Алланың адам баласына дінді түсірудегі мақсаты - құлдарының жолдан адаспауы үшін, бір бірімен ізгілікте, татулықта өмір сүрулері үшін болды дейді. Осыған дәлел Ұлы ақын Шәкәрім қажы былай дейді.
Әлемдегі діндердің түп мақсұты,
Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар:
Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын,
Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар.
Дін адамды бір бауыр қылмақ еді,
Оны бөліп, дұшпандық қару жасар.
Інжіл, Құран бәрі айтып тұрса дағы,
Мағынасына адасып қара басар.
Сөйтіп бұзып, бүлдіріп есіл дінді,
Дін десе білімділер тұра қашар.
Ешбір дін өйтіп дұспан бол демейді
Қанеки бұл сөзіме кім таласар?- деп тұжырым жасайды. Ал,имандылық-тәрбиелеу қазақ ілімінің асыл өзегі. Осы асыл өзек бүгіндері қоғамдағы тәрбиелік іс-
әрекеттер мен шара- шаруалардың тірегі бола алмай отыр. Оның көптеген себебі бар.Ал,ең бастысы-Қазақ педагогика-сын-материалистік және жауынгер атеистік дүние танымы негізінде жазылған, социалилистік немесе ғылыми педаго-гикамен тең көріп бағаламауда болып отыр.Біздің санамызда материалистік-диалектикалық әдіснама негізінде пайда болып,танылған білім ғана теориялық ғылым ретінде ұғын-ылады да,басқа дүниетанымға негізделген теориялар мен ғылыми пайымдаулар мойындалмайды.Сондығы болар, ұлттану, адамтану сол сияқты тоелогиялық ғылымдар өте баяу жылжып, философия, саясаттану,әлеуметтану ілімдері ұлттық кеңістікке көлем иелене алмай,басқа бір ілімнің қолтығына кіріп, туралы ғана тұжырым-түйін жасауда, ал,қазақ психологиясы,қазақ педагогикасы өткеннен қалған аңыз-әңгіме,хиқая санатында талданып жүр.Жоғарыда аз -мұздап айтылған .имандылық, имандылық тәрбие атты педагогикалық категория ешбір ғылыми пелагогикада жоқ,тек шығыс педагогикасында, анығында қазақ педагогика-сында бар. Имандылық тәрбиесін жас ұрпаққа игертудің ғылыми негізін Фараби,Баласағүни,Яссауи бабаларымыз салып,Абай, Шәкерім және Мағжан,Жүсіпбек даналарымыз тиянақтап қойған.Айталық: Қорқыт Ата былай деген: Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірісі құрамаса, ешкімнің бәрі екеу болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады. Оның жазуынсыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді. Өлген тірілмейді, кеудеңнен жаның кетсе, ол қайтып келмейді. Жігіт тірісінде қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды, байиды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді.(56;59) Әбу Наср Әл-Фараби: философия мен дінді шендестіре қарастырып,екеуін бір санаттағы саналы білім деп танып, философияның басты ұстанымы-дәлел,діннің өзегі сенім деп тұжырымдаған. Фарабидің пікірінше, ...тәрбиеге көнбейтін, жөндеуге, түзетуге келмейтін жас болмайды Тек ретін тауып үйретуден, баулудан жалықпау керек. 'Жаман қылық-ол жан ауруы. Бұл ауруды кетіру үшін тән ауруын емдеуші дәрігерге ұқсауымыз керек"- дейді ғұлама. Әл-Фараби өзiнiң осы тұжырымдарын ары қарай ғылыми жетiлдiре келiп, түркi халықтарының тәлiм -тәрбиесiнің негiзi болған үш түрлi iлiмнiң:бірінші - хауас, хауас салим хауаси хамса заһириди (түйсiк, iшкi бес сезiм және сыртқы, бес сезiм), екiншi - Имани гүл (үш сүю), үшiншi - Жәуан-мәртлiк (ақыл, әдiлет, рақым) мәнiн түсiндiредi.(12,13)
Түрік жұртынынң рухани ұстазы А.Яссауи жүздеген мектеп ашып,жүз мыңдаған шәкіртке имандылық тәрбиесін игертіп.софылық-моральдық ілімін жасап, софылық мектеп педагогикасын қалыптастырса да, оның ғылыми-теориялық негізін танып біле алмай,оған зерде, парасат-пайымымыздың өресі жетпей бұлтарумен келеміз. Осы себептен бүгінгі ғылыми педагогика оны ауызға алғысы да жоқ. Рухани тазалық пен кемелдікті мақсат еткен Ясcауи жан тазалығы, ар тазалығы, жүрек тазалығы қағидаларын бірінші орынға қойды.Ол-өз ілімін қоғамды тәрбиелеуші, түзетуші ар ілімі ретінде түсіндірді Яссауи бабамыз адамға керегі руханият негіздерін білу және оны жүзеге асыру деп көрсетеді: Руханият дегеніміз-Хақ тағаланың құлдарына берген бұйрығы бойынша - екі түрлі болады: Құран-дағы бұйырылған игі істер - міндетті парыз (амри би'л ма`руф) және тыйым салынған жаман істер-харам (нахий ани'л мункар). Амри'л-би'л ма`руф бойынша адамның шариғатқа сай болған істерді өзі қабылдап‚ орындап қана қоймай‚ оны басқаларға да айтып түсіндіруі‚ қабылдатуы міндетті. Нахий ани`л мункар бойынша, тиым салынған‚ шариғатқа сай келмейтін істерді мысалы, күпірлік‚ екіжүзділік, шек келтіру‚ ширк келтіру, өзімшілдік‚ риякерлік‚ зұлымдық‚ арамтамақтық, арам жолдармен күн көру (парақорлық)‚ өтірік, жалған сөйлеу‚ өсек-ғайбат‚ зинақорлық‚ арақ ішу‚ бенк жеу, яғни‚ наркотик қолдану және мүміндерге хақсыз қиянат ету‚ азарлау және т.б. бұларға түгел тыйым салынған.(19;23)
Ж.Баласағұни: Ақмаңдайлы ұл-қыз туса алдыңда Үйіңде өсір бөтен жерде қалдырма.Ұл-қызыңа әдеп үйрет, білім бер. Қос жалғанды бірдей көріп, күлімдер. Бала өсіргің келсе дана жүректі, Қатты ұста,үйрет білім ізетті..Жастары иманды
елдің - болашағы зор -деген. Ислам дінінің тәрбиелік мәні зор қағидаларын пайдалана отырып, Ж.Баласағұни имандылық тәрбиесіне де ден қояды. Құтты білікті Құранның бірінші Фатиха (Беташар) сүресінің сөздерімен бастауының өзі ғұламаның иманды адам болғанын, сондықтан жастарды имандылыққа баулуды мақсат етіп отырғанын аңғартады. Ғұлама ,жаратушы ұлы тәңір-Алланың құдіреттілігін дәріптей отырып, әр адамға күш-қуат беретін сенімді қалыптастыруды көздейді. Құдіретті Мұхаммед пайғамбардың бойындағы адами ізгі қасиеттерді саралай отырып, әр адамды пайғамбарды үлгі тұтуға, оның ізгі істері мен өнегелі сөздерін күнделікті өмірде ұстануға шақырады. Имандылықты адамның жан-дүниесін, болмыс-бітімін бейнелейтін адамгершілік ізгі қасиет ретінде қарастыра отырып,оны тұлға жетілуінің сапалық көрсеткіші ретінде анықтайды:
Ұлы Хажыб шыншыл болсын баладай,
Дінді білсін, дана болсын бабадай.
Дінді білсін. Дық түсірмей көңілге,
Көңілі ақтың - ісі де ақ өмірде. (31;23;56;57)
Ыбырай Ал - тынсарин, Ислам дінінің негіздерін терең түсінген, қалың қазаққа оны түсіндірген, ислам дінінің адам тәрбиесіне берерін әбден зерттеп білген діндар да, сол дінді насихаттаушы да.Ол,алғашқылардың бірі болып, Мұ - сылманшылықтың тұтқасы (Шариат-ул-ислам) еңбегін жазды. Ыбырай қазақ қауымына бұл еңбектің аса қажеттілігін терең түсінді. Ұлы ұстаз әр қазақтың баласы өзінің мұсылман екенін білгенін, жүрегімен терең сезінгенін міндет деп санады. Ең бастысы, ол діннің қажеттілігін, оның тәрбиелік жағын терең түсінді.Ыбырай Алтынсарин Енді, ей, дін - қарындастарымыз, бізге ең әуелі ке - ре - гірек іс-сол, әуелі білмек керек немен мұсылман болатынымыз. Мүмин (дінге сенуші) мұсылманның мұсылман аталуы құр мұсылман киімін киіп,
мұсылман ара - сында жүргені емес. Әуелі иманды болып, ол иман деген не екеніне түсініп, түсін - ген соң, сол иман ішіндегі сөздерді шексіз шын көңілімен дұрыс деп білген кісіні мұсылман деп атайды. Соның үшін Құдай тағаланың пенделеріне парыз еткен парыздарының ең әуелі иман болса керек(39. 10 бет).Ыбырай Алтынсариннің Шариат-ул ислам еңбегінде: - ислам дінінің бес парызынан да бұрын, ең басты
көңіл бөлетіні, жүрекке байлайтыны - иман екен. Ал, сы иман деген не? Оның мәні мен мағынасы не? Ол нені білдіреді. Ыбырай бабамыз былай жазады:... әрбір жақсы амалдардың да асыл түбі иманнан, яғни, инанудан келеді. Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігін көңілі дұрыстамаса, әлбетте, ол намаз болып табылмай ды... Иманның екі мағынасы бар: бірі - тіл мағынасы. Тіл мағынасы дегеніміз-әркім тілмен айтып растамақ. Мәселен, мұсылманшылдығымызға бас куәлік - сөзі - міз немесе араб тілінше шәһәда (куәлік беру). Яғни, куәлік беремін: жоқты бір Құдайдан бөтен Құдай (жоқтығына) және куәлік беремін, Мұхаммед, оның құлы һәм елшісі екендігіне деп, шариғат мағынасын растағанда, ол иманды көңілмен раста мақ. Бұл растамақ дегеніміз, жалғыз Құдай тағала бар... (39. 12 б.).Мұның арғы жағында нені болса да көңіл - мен, жүрегі
мен сеніп істеу керек. Себебі, әр адамға діннің ең басты берері де сенім. Адамның ең алдымен Құдайға, содан кейін өзіне деген сенімі жатыр.Ыбырай бабамыз айтқан-дай,Ислам дінінің де жастарға беріп отырған тәрбиесі осы - имандылық. Имандылықты діни уағыз деп түсінсек, оның мән-мағынасын тереңдете түскен орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинский: Діннің қажеттілігін, яғни, адамның ішкі дүниесіне үңіле алмайтын, имансыз адамға бала тәрбиесін сеніп тапсыруға болмайды деген сөзі бар (25 614.б).
Олай болса, имандылық дегеніміз адамның бойындағы ең бір
қажетті, ең бір құнды қасиеттердің жиынтығы болса керек. Бұл ғалымдардың жазулары бойынша имандылық дегеніміз адам (жас бала) тәрбиесінің алтын арқауы, негізгі діңгегі. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет сол имандылықтан тарайды, яғни, адам баласының бойындағы ең жақсы деген қасиеттер сол имандылықты құрайды. Сенiмнiң жанұя тыныштығын сақтауда да ролi орасан зор. Домениян
"Ажырасу" атты кiтабында: "Дiни дәстүрлер бойынша жасалған некелердiң басқаларға қарағанда аз ажырасумен нәтижеленетiндiгiн айтады".Сол шығармада сенiмi жоқ адамдарда ажырасу дәрежесiнiң өте жоғары екендiгi статис-тикалармен дәлелденiп көрсетiледi.Қазақтың келін түсіру, неке қию,бала асырап алу рәсімдері мешітте немесе молда алдында жасалуының да жөні осы, Сенiм әлсiздiгiнiң өлiмге итермелеуде үлкен әсері бар.Материалдық жағдайдың барлық нәрсенi шешетiндiгiн мақұлдағандар статистикаларды мұқият зерттеген кездерiнде жаңылысқандықтарын түсiнедi. Мысалы АҚШ-та жыл сайын 100 дәрiгер өзiн-өзi өлiмге байлайды. Әлем денсаулық ұйымы және бiрiккен ұлттар баспасөзiне қарағанда Жапонияда 1955 жылы 22477 адамның өз-өзiн өлiмге қию оқиғасы тiркелген. 1978 статистикаларына сүйенсек, өзiн-өзi өлтiру 20000 болыпты. Барлық нәрсенi материялдық байлыққа тіреп, экономиканы негiзгi тiрек
ретiнде түсiнетiндердiң бұл жерде ойланулары керек ақ. Өйткенi бұл елдерде әлеуметтiк-экономикалық жағдай өте жақсы, бiлiм мен мәдениет дәрежелерi де жоғары.Японияда осы келеңсіздікті ұлттық және діни имандылыққа баулу ісін жолға қойып,осы бағыттағы іс- әрекетін тым биікке көтеру арқылы бәсеңдете алған.Қазақта өткен шақта өз-өзіне қол салу болмаған.Зерттеулерге сүйенсек, өзіне-өзі қол жұмсау оқиға-сының 41 пайызы - жұмбақ жағдайда, 18 пайызы - жан - күйзелісінің салдарынан, сондай - ақ, 19 пайызы-кесімді жазадан қорыққаннан,18 пайызы-отбасындағы жағдайлардан, 6 пайызы-махаббат ауруның салдарынан болған.Жыл сайын елімізде өзіне - өзі қол жұмсау нәтижесінде 3000 бала қайғылы қазаға ұшырайды. Олардың жасы бар болғаны 14 - 17 аралығында екен.Өткен шақта,болмаудың басты себебін анықтағандар:-қазақ баласы еңбекке ерте араласқан;-отбасын жастай құрған;имандылыққа баулу ана құрсағында пайда болған шағында ақ жүргізіле бастаған;-сәбидің өмірге жастардың құштарлығын үнемі арттырып, өсіріп,қолдап, желпіндіріп,отырған.Дәлірек айтқанда қазақтың тәрбиелеу ерекше қағидаты болған.Сүйіспеншілік бесігіне бөлеп, Махаббат жөргегіне орап, Мейірім уызымен ауыздандырып өсіреді.Сондықтан қазақ баласына сүйіспеншілік, махаббат, мейірім, сыпайылық, имандылық қатарлы асыл қасиеттер ана сүтімен беріліп, дамып жетіледі.Қазақ ұрпағын жетімсірет-пейтін себебі осында. Жетім өскен ұрпақ аталмыш бесікке бөленбей мейірімділік уызына жарымайды.Сондықтан, тәр-бие мейірімділік алақанында әлпештеніп, жүрек жылуы бесігіне бөленіп, жүрек қылына тербеліп, рухтан үндестік табатын рухани нәзік құбылыс, жан сезімінің жайдарлану, рахат табу,адам талғамына сәйкестіктігін көрсететін асыл мұраттың орындалуы. Мұндай ұлық қағидатты ешбір,гумани педагогикадан таппайсыз. Ыбырай Алтынсарин айтады: Құдай таға - ланың пенделеріне парыз еткен парыз - дарының ең әуелгісі иман болса керек (39. 10 бет). Бұл сөздерімен Ыбырай бабамыз, ең алдымен, Құдайға сен, содан кейін өзіңе сен, мұсылман болсаң сенімді бол, нені болса да сеніммен істе дегені. Яғни, ұлы ұстаз өзінің бұл сөздерімен қазаққа сенімнің күшін түсіндіріп отыр.Ыбырай айтып отырған иман-
дылықтың арғы жағында Құдай тағала рұқсат еткен, солай жүр деп жол сілтеген небір керемет ұғымдар жатыр. Олар: сенімділік, көргендік, білімділік, ибалық, тәрбиелік, адалдық, кішпейілділік пен мәдениеттілік, т.т. Бұлардың барлығы адам тәрбиесінің басты ұғымдары. Бұларсыз адам өмір сүре алмайды. Адамдар бірімен бірі қарым-қатынас жасай алмайды.Тіпті, қауымдаса да алмайды. .Ал,қазақ сенімінің басы тым тереңде жатқаны белгілі.Тәңірге сенім,аруаққа сенім,табиғатқа сенім,оларды қадір тұту,кие санау,аялап құрметтеу.міне,осы негіздде қазақтың имандылық ұғымы қалыптасты. Олай болса, имандылық дегеніміз адамның бойындағы ең бір қажетті, ең бір құнды қасиеттердің жиынтығы болса керек. Бұл ғалымдардың жазулары бойынша имандылық дегеніміз адам (жас бала) тәрбиесінің алтын арқауы, негізгі діңгегі. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет сол имандылықтан тарайды, яғни, адам баласының бойындағы ең жақсы деген қасиеттер сол имандылықты құрайды. Имандылыққа баулудың ілімдік және үрдістік жолы айқындалып бүгінге жетсе де,оны жұрт болып,ел болып жаппай қабылдап, тәрбиелеу жүйемізге сіңіре алмай отырмыз. Әсіресе бүгінгі жастардың бойынан байқала бастаған мағынасыз, тұрлаусыз,түсініксіз мінез-құлық пен іс-әрекеттер имандылыққа баулуды қоғам болып қолға алуды қажет етіп отыр.Бұларға ең әуелі ата-бабалары иманды, жомарт, текті адам болғандығын түсіндіріп, ұлттық намыс, ата-тектік мақтаныш сезімін ояту ең дұрыс жол болмақ.Қазақ ұлтында имандылық мәселесі сүйекке сіңген ұғым. Мысалы, репрессия мен ашаршылық, соғыс пен атом бомбасының зардаптары секілді зұлматтар сол кезеңдегі ұрпақтың басын жұтып қана
қойған жоқ, одан кейінгі өмірге келген ұрпақтарға да зардабын тигізіп отыр. Мысалы, бүгінгі ұрпақ өз басында туындаған көптеген аурулардың, агрессия мен депрессияның, тұйықтық пен оқшауланудың, тіл мен дінді ұмыту себептерін, рухсыздық пен тарихи зердесіздіктің себептерін түсіне алмайды. Тіпті, бұлардың қайдан келгенін де ойланбайды. Ал барлық мәселе осы текте жатыр. Ата-баба бойындағы барлық қиыншылықтар мен қарғыстар, күнәлар мен дерттер ұрпаққа айналып келіп соғуда.Егер сіздің атаңыз 18 жасында соғысқа қатысқан болса, сізде дәл сол 18 бен 20 жас аралығында ерекше бір агрессия болады. Сіздің қолыңызға қару ұстағы-ңыз келеді. Адамдарға деген кектенушілік және өзгелерді жау көрушілік сезіле бастайды. Оның себебі тағы да сол, сіздің атаңыздың сол жаста сол сезімдерді кешкендігі. Тек мәдение-тін білу, дұрыс түсіну сізге тамырды сезінуді, кез келген мәселені түп-төркінінен қарастыруды үйретеді. Ал тегін жоғалтқан әулеттің ұрпағы өзінің отбасын да жоғалтады. Бұл- нақты статистикалық дерек. Яғни репрессия кезінде атаның айдауға кетуі, яғни отбасынан ажырауы, ұрпағында белгі береді. Дәл сол атасының айдауға кеткен жасында оның ұрпағы да отбасынан кетуге бейім келеді. Өйткені ол оның түпкі себебін түсінбейді.Түсінсе, ол соған қарсы, яғни қанда-ғы қасіретке қарсы күресер еді. Бұл бір ұрпаққа дейін емес, бірнеше ұрпаққа дейін, мұны саналы түрде тоқтатқанға дейін жалғаса береді. Әулеттегі бір ер адамның кетуі, басқа да сол әулеттің ер адамдарының кетуіне алып келіп соғады.
Яғни Кетуге бейімділік моделі қалыптасады. Сол кезеңде ер адамдар айдауға я болмаса соғысқа кеткен болса, бүгінгі жағдайда ұрпақтың отбасынан кетуіне, белгілі бір істі тастап кетуіне, туысқандардан кетуіне итермелейді. Тіпті, нашақорлық пен ішімдікке, қылмысқа итермелейді. Әйтеуір бір қалыпты нормадан кетуі керек болады. Атасы 45 жасында өмірден өтсе,45 жас немересі үшін сынамалы кезең. Бұл немересі де сол жасында өледі деген сөз емес, сол жаста немере басында белгілі бір қиындықтар туады. Қазақтарда мүшел жас деген ұғым бар емес пе, осы мүшелмен атасының басына жағдай туған жас сәйкесіп жаста, бұл тіпті қиындықтар тудырады. Ал өз тегінің арғы-бергі тарихы мен әулет басынан кешірген жағдаяттарды жетік білген адам бұлардың алдын алуға қабілетті келеді. Оны жастар бойына сіңіретін,әрі негізгі бағыт-бағдар беретін-жастарды иман-дылыққа баулу амалы ғана.Оның психологиялық педагоги-калық негізін айқындаушы ғылымның аты-Иманипедагогика. Анығын айтқанда,бұл ғылым- жастарды осы дәуірде иманды-лывққа баулу амал-айласын көрсетуші тәрбиелік ілім.
Исламды қазақтан, қазақты исламнан ажыратып ала алмаймыз. Өйткені, бабаларымыз асыл дінді дәстүрімен үйлестірген, қабыстырған. Қазақ халқы ислам дініне әу бастан сын көзбен қараса да,оны өөз болмысы мен танымына үйлестіре алған.. Қазақта Жаман адам - құдайшыл, тамағы жоқ адам - оразашыл, жұмысы жоқ адам - намазшыл деген сөз бар.Адам қиыншылыққа тап келсе, құдайшыл болып кетеді. Тіпті кейбіреулер бәріне Құдайды кінәлайды. Кейбір шарқаялар. Керең Құдай!Соқыр,Құдай!...-деп тағдыр тәлкегін Алладан көріп, ашуға басып,қарғап-сілеп Алла Тағаладан алыстап, Құдайынан айырылып қалады..Мұның болу мүмкіндігі,оны жою жолы да имандндылыққа баулу қазақ ілімінде ашық көрсетілген. Бұл туралы да Аллаһ сөзінде.айқын бағыт бар. Шәкәрім атамыздың :Шын ақылмен таппаған дін - дін емес, жындылық деуінде үлкен мән жатыр. Имам Раббани: Егер адамның ақидасы дұрыс болмаса, ол шайттанның әскеріне айналады дейді Неге мінезі берік,иманы кәміл адамдардан кеңес өкіметі қатты қорықты? Өйткені, өкімет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы туралы
Қобдабай Қабдыразақұлы туралы
Кемел кісі қалыптастыру жолы
КЕМЕЛ КІСІ ІЛІМІ
Қазақ ағартушы - философтардың дүниетанымы
Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасты қалыптастыру
Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті
Қожа Ахмет Ясауи мұраларын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану жолдары
Имандылық қастерлі қасиет
Қожа Ахмет Йассауй мұраларын оқу-тәрбие процесіне ендіру жолдары
Пәндер