Мемлекет ұғымына түсінік және оның белгілері



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыстың жоспары

КІРІСПЕ

I Мемлекет ұғымына түсінік және оның белгілері.

II Мемлекет функциясы.

III Мемлекеттің механизмі.

IV Мемлекет түрлері.

ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Мемлекет - бұл арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның
өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін,
бұқаралык биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.

Мемлекетті рулык құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажыртатын төмендегідей
белгілері болады:

Бұкаралык биліктің болуы. Міндетті мемлекеттің басқару және мәжбүрлеу
аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік - бұл шенеуніктер, әскер,
полиция, түрме мен баска да мекемелер.

Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші бар-лык адамдарды өз
билігімен жэне қорғау арқылы біріктіреді.

Салықтар жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін қамтамасыз ету
үшін қажет.

Егемендік. Бұл мемлекетке тән өз аумағындагы үстемдік пенхалықаралык
катынастардағы тәуелсіздік.

Құқықтың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық
мемлекеттік билікті заңдастырады.

Мемлекеттің мәнін түсіну мемлекет және құқық теориясының негізгі
міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мәні - бүл оның мазмұнын,
мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мәнін
түсініктің кең және тар мағынасында анықтауға болады.

Кең мағынада мемлекеттің әлеуметтік мәнін биліктік-саяси ұйымдасқан
коғам, құқыктық заңдарға бағынған көптеген адамдардың бірлестігі ретінде
анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тастығы сәйкес мемлекеттік-
құқықтық институттар мен катынй тарда көрініс тапкан бұкаралык-биліктік
құрылымдар негізі-қалыптасады.

Тар мағынада мемлекеттің әлеуметтік табиғатын коғамның бөлектенген,
жекелеген таптар мен әлеуметтік топтардың қоғамның да мүддесін білдіруші
әрі қорғаушы басқару аппарат бұқаралык биліктің әртүрлі мекемелерінің
жүйесі ретінде анықтайды.

I Мемлекет ұғымына түсінік және оның белгілері.

Мемлекет – ру-тайпалық құрылыс ыдырап, қоғам ішінен көсемдер мен оның
айналасындағылар бөлініп шығып, қоғамның әлеуметтік жіктелісі тереңдеп,
шаруашылық байланыстар кеңейген кезде қоғамдағы қатынастарды реттеу үшін
пайда болған құбылыс. Қазіргі уақытта мемлекетті анықтауда плюрализмге жол
берілген. Мемлекет ұғымы кең мағынада жоғарғы мемлекеттік билік және
басқару органдары бар,белгілі бір аумақта орналасқан ел, қоғам, халық
ретінде түсіндіріледі. Сөйтіп, мемлекет дегеніміз саяси аумақтық басқару
және күштеу аппараты бар, көпшілік биліктің тәуелсіз саяси ұйымы. Мемлекет
бүкіл қоғамды қамтый отарып қоғамның ішінде де, басқа сыртқы мемлекеттермен
де қызмет атқарады. Мемлекет-ерекше қоғамдық құбылыс. Сондықтан, оны рулық
құрылыстағы әлеуметтік биліктен мына белгілері бойынша ажыратамыз:

1.Көпшілік билік барлық мемлекет аумағындағы тұрғындарға мемлекет
атынан жүргізіледі. Бұл көпшілік саяси билікке басқару және билік
органдары жатады. Қоғамды басқарудың арнаулы аппараты болады. Бұл күштеу
аппаратына-сот, прокуратура, ішкі істер органдары т.б. және жазалау
шараларын іске асыратын органдардың (әскер,түрме) болуы. Мемлекеттегі
басқару аппаратына байланысты ерекше адамдар тобы пайда болады.

Жоғарыдағы аппараттар жалпы қоғамның мүддесін емес, нақты бөлініп
шыққын таптың, әлеуметтік топтың т.б. мүдделерін қорғайды.

2.Тұрғындардың аумаққа бөлінуі және сол аумақ ішінде көпшілік
биліктің іске асырылуы. Кез-келген мемлекеттің өз аумағы болады. Соған
байланысты сол аумақта тұрған тұрғындар сол мемлекетке қарайды. Мемлекет
олармен қарым-қатынастарын реттеп отырады.

Бұл мемлекет аумағындағы басқаруды мемлекеттік билік іске
асырады. Мемлекет өз аумағындағы тұрғындарды өз билігі арқылы қорғап,қолдап
отырады.

3.Мемлекеттің егеменділігі. Мемлекеттің халықаралық
қатынастарда басқа мемлекеттерге тәуелсіздігі. Мемлекеттегі жоғарғы билік
сол аумақтағы тұрғындар үшін жалғыз билік көзі. Мемлекеттік билік заңнан
тыс кез-келген билікті танып не өзгерте алады.Сол үшін оның күштеу
құралдары мен әдістері болады.

Мемлекеттік биліктің біртұтастығын көрсететін біртұтас
мемлекеттік органдар жүйесі болады. Мемлекеттік билікте өз істерін өз
бетінше ешкімнің қол сұғуынсыз өзі шешеді.

4.Құқық және заңдардың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре
алмайды. Мемлекет пен құқықты бір-бірінен ажырата алмаймыз. Кез келген
мемлекет өзінің нормативті-құқықтық актісімен мемлекеттік билікті бекіте
отырып, мемлекеттік саясатты іске асырады. Құқық саясатты заңдандара
отырып, демократиялық құқықтық мемлекетті қалыптастырады.

Тек мемлекет қана жалпыға міндетті нормативті актілерді:
заңдарды, бұйрықтарды, қаулыларды т.б. қабылдай алады.

5.Салық және салық жүйесінің болуы. Мемлекет тұрғындарының
кірісінен қайтарымсыз алынатын салықтар мен әртүрлі алымдардың алынуы.
Мемлекет салықтар мен алымдар арқылы мемлекеттік аппаратты ұстайды,
көпшілік саяси билікті қамтамасыз етеді және қоғам үшін пайдалы еңбекке
жұмсайды.

Осы белгілеріне қарап мемлекетті қоғамдық ұйымдардан ажыратамыз.
Мемлектті тәуелсіз көпшілік билігі бар, белгілі бір аумақта қоғамды
басқаратын, қоғамдық пайдалы қызметті атқарушы және мемлекеттік саясаттың
орындалуын қамтамасыз ететін аппараты бар, жалпыға міндетті заңдар мен
актілер шығарушы саяси ұйым ретінде танимыз.

Мемлекеттік билікті іске асырудың өзіне тән әдістері бар. Бұл әдіс-
тәсілдердің әртүрлілігіне қарамастан, мемлекеттік билікті іске асырудың
дәстүрлі әдістеріне мыналар жатады:

1.Сенім әдісі. Бұл әдісті пайдалана отырып, жеке адамның сана-сезіміне
идеялық-адамгаршілік құралдармен әсер етіп, қажет түсінікті қалыптастырады.
Бұл жерде идеологияның маңызы зор.

2.Мәжбүрлеу әдісі. Мемлекеттік мәжбүрлеу дегеніміз мемлекеттік жүйенің
жеке адамға психологиялық, материалдық немесе физикалық күш көрсету арқылы
мәжбүрлеуі. Оны екіге бөлеміз: 1-сі, құқықтық мәжбүрлеу; 2-сі, құқықтық
емес мәжбүрлеу. Біріншісі, құқықтық нормаларда анықталған және арнаулы іс
жүргізу шеңберіндегі мемлекеттік мәжбүрлеудің түрлері мен шаралары.
Екіншісі, мемлекеттік органдардың зорлық-зомбылығы.

Мемлекеттік билікті іске асырудың әдістерінің түрлері өте көп. Бірақ,
олардың барлығы тек құқықтық және қоғамдық – пайдалы мақсатқа негізделуі
тиіс. Мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі
мемлекеттің мәнін түсіндіру. Мемлекеттің мәні мемлекттің мазмұнын,
мақсатын, қызмет істеу бағыттарын анықтайтын құбылыс. Мемлекеттің
әлеуметтік мәні кең мағынада қоғамдағы саяси-билікті ұйымдастыру, заңға
сүйенген адамдардың бірлестігі ретінде анықталыды. Осының нәтижесінде жария-
билік құрылымы құрылады, мемлекеттік-құқықтық институттар мен құқықтық
қатынастар қалыптасады. Тар мағынада мемлекеттің басқару аппараты, жария
биліктің әртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықталуы. Бұл қоғамдағы
таптар мен әлеуметтік топтардың, жалпы қоғамның мүддесін қорғайды. Осыған
байланысты мемлекеттің мәнінің екі жағын көрсетеміз.

1) оның формалдылығы, кез-келген мемлекетте саяси билікті
ұйымдастырудың жолдарының бар екендігі;

2) оның маңыздылығы, осы ұйымдардың кімнің мүддесіне қызмет
ететіндігінде;

Мемлекет мәнінің мынадай тәсілдерін анықтауға болады:

1) таптық тәсіл, мұнда мемлекет билік етуші таптың саяси билігін
ұйымдастырушы ретінде көрінеді;

2) жалпы әлеуметтік тәсілде, мемлекет әртүрлі таптардың және
әлеуметтік топтардың мүддесін қорғауға жағдай жасайтын саяси
билікті ұйымдастырушы ретінде анықталды.

Сөйтіп, мемлекеттің мәні дегеніміз таптық қоғамда қалыптасқан,
мемлекеттік саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның біртұтастығын
қамтамасыз ететін, дамыған саяси ұйым ретінде мемлекеттің тиісті
жұмыстарының атқарылуы.

II Мемлекет функциясы.

Мемлекет функциясы дегеніміз қоғамдағы мемлекеттің әлеуметтік басқаруын
іске асыратын қызметінің басты бағыты. Мемлекеттің функциясы өзгергіш
категория болып табылады. Ол мемлекеттің бір түрінен екінші түріне
ауысқанда өзгеріп отырады. Мемлекеттің қызмет істеу бағыттары мемлекеттің
әлеуметтік міндетін және мәнін білдіретін, қоғамды басқарудағы мемлекеттің
мақсаттары мен міндеттерін, оның іске асыру тәсілдерін анықтайтын негізгі
қызметінің бағыттары. Мемлекеттің қызмет істеу бағыттарын әртүрлі
себептерге байланысты топтастырамыз:

1) қызмет істеуінің ұзақтылығына байланысты - тұрақты, бұл мемлекеттің
барлық даму кезеңіне байланысты іске асырылады, және уақытша,
мемлекеттің белгілі міндетті орындағанға дейінгі төтенше қызметі болып
бөлінеді.

2) қызметтің міндетіне қарай:

- негізгі;

- негізгі емес болып бөлінеді.

3) мемлекет қызметінің қоғамдық өмірдің қай саласына байланысты іске
асырылуына қатысты топтастырылуы:

а) ішкі, саяси билікті іске асыруға байланысты мемлекет ішінде
жүргізіледі;

ә) сыртқы, мемлекеттер арасындағы қатынастарға байланысты іске
асырылады.

Ішкі қызметті екіге бөлеміз:

1) негізгі;

2) 2) қосымша (жалпы әлеуметтік);

Негізгі ішкі қызметке мыналар жатады:

- адам және азамат құқығы мен бостандығын қорғау;

- меншік түрлерін қорғау;

- құқықтық тәртіп және заңдылықты қамтамасыз ету;

- экономикалық;

- әлеуметтік;

- ғылыми-техникалық прогресті дамыту;

- мәдени;

- экологиялық;

- салық салу.

Қосымша ішкі қызметке мыналар жатады:

- жол құрылыстарын жүргізу;

- ирригациялық және басқа қоғамдық құрылыстар салу;

- стихиялық апаттармен күрес;

- әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру т.б.

Сыртқы қызметке мыналар жатады:

- әлемдік келелі мәселелерді шешуге қатысу;

- ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, отанды қорғау;

- шет елдермен өзара тиімді ынтымақтастықты күшейту;

- сауда қатынасын дамыту;

- жаулаушылық соғыстарын жүргізу.

Бұлардан басқа мемлекет функцияларын пайда болу себептеріне қарай да
топтастырамыз:

а) таптық қарама-қайшылықтар нәтижесінде пайда болған қызметтер түрі;

ә) қоғамдық қажеттіліктерге байланысты пайда болған қызметтер түрі. Кез
келген мемлекетке тән мынадай функцияларды атап көрсетуге болады:

1) экономикалық;

2) саяси;

3) әлеуметтік;

4) идеологиялық.

Мемлекет өзінің функцияларын іске асыруда әртүрлі тәсілдерді қолданады.
Оларды құқықтық және ұйымдастырушылық (құқықтық емес) деп бөлеміз.

Құқықтық тәсілдерге мыналар жатады:

- құқық шығармашылық (заңдарды және басқа нормативті актілерді жасау
және қабылдау);

- құқық қолданушылық (құқық нормаларын іске асырудағы өкілеттілікке ие
болған органдардың мемлекеттік билік қызметі);

- құқық қорғаушылық (құқықтық бақылауды және заңды жауапкершілікті іске
асыруға бағытталған қызмет).

Ұйымдастырушылық тәсілдерге мыналар жатады:

- ұйымдастырушылық-регламентті - бұл құжаттар жобасын жасауға, сайлаулар
өткізуді ұйымдастыруға т.б. байланысты мемлекеттік органдар қызметін
қамтамасыз етуге бағытталған белгілі құрылымдардың ағымдағы жұмысы;

- ұйымдастырушылық-шаруашылық - бұл бухгалтерлік есепке, статистикаға,
жабдықтауға т.б. байланысты жедел-техникалық және шаруашылық жұмысы;

- ұйымдастырушылық-идеологиялық - бұл жаңадан қабылданған нормативті
актілерді түсіндіруге байланысты, қоғамдық пікірді қалыптастыруға т.б.
қатысты түрлі мемлекеттік қызметтердің орындалуын идеологиялық
қамтамасыз ететін күнделікті тәрбие жұмысы. Бұл ұйымдастырушылық
тәсілдері құқықтық реттеу арқылы іске асырылады.

Мемлекеттің функциясын құқықсыз реттеу қызметтері: мемлекеттік
органдар функцияларды іске асыруда көптеген іс - әрекеттер жасайды. Сол
әрекеттерді біріктіріп – құқықсыз реттеу қызметі деп атайды.

Мемлекеттің функцияларын орындау тәсілдері: ерікті, еріксіз,
сендіру, нандыру. Экономикалық тәсілдер: болжау, жоспарлау, кредит беру,
салықта жеңілдік беру, алушыларды монополистерден қорғау.

III Мемлекеттің механизмі.

Мемлекеттің түрлі саладағы қызметін атқаратын механизмі
болады. Мемлекеттің механизмі мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске
асыру үшін құрылатын, белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және
өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі. Заң
ғылымында мемлекеттің механизмі және мемлекеттік аппарат синоним
ретінде қолданылады. Мемлекет аппараты және оның барлық бөлімдері қоғамдық
өмірдің жан-жақты салаларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін басқару
және ұйымдастырушылық жұмыстарын атқарады. Бұл органдарға тән заңдылық,
мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады және ешуақытта бір-
бірінің қызметін қайталауға тиісті емес. Бұл органдардың қызметінің түрлері
заңдарға және құқықтық механизмге байланысты. Міне, сондықтан мемлекет
аппаратының мынадай қызмет түрлерін көрсетеміз:

1) тікелей басқару түрдегі қызметі, ол ғылыми нұсқаулардан, тәжірибе
алмасудан т.б. тұрады.

2) құқықтық түрдегі қызметі, бұл құқықтық мәнге ие болады, барлық
субъектілер үшін міндетті және мұнда мемлекеттік-міндеттіліктің
салдары болады.

Мемлекеттік аппараты қызметінің негізгі құқықтық түрлеріне мыналар
жатады:

1) құқық шығармашылық қызметі;

2) құқық орындаушылық қызметі;

3) құқық қорғаушылық қызметі.

Бұл мемлекеттік аппараты қызметінің өздеріне тән сипаттамасы бар және
өте күрделі, қиын жұмыс.

Құқық шығармашылық қызметке нормативті актілер жобасын жасау, оларды
қабылдау және шығару қызметі жатады. Құқық қорғаушылық қызметке заңдардың
орындалуын қадағалау және бақылау, айыпты тұлғаларды заңды жауапкершілікке
тарту т.б. қызметтер жатады.

Мемлекеттің механизмі құрылымын бірнеше топқа бөлеміз:

1) мемлекеттік органдар, өздеріне тән тікелей билік қызметін атқару үшін
бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне бағынышты болады.

2) мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар, олар билік өкілеттігіне ие
болмағанымен, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым
және т.б. салаларға тән жалпы әлеуметтік қызметтер атқарады. Бұлардың
ішінде тек әкімшілік қана билік өкілеттігіне ие.

3) арнаулы басқару жұмыстарымен айналысатын мемлекеттік қызметшілер.

4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ететін қажетті
ұйымдастырушылық және қаржылық мәжбүрлеу құралдыры.

Мемлекеттік органдар дегеніміз мемлекеттік аппараттың өкімет билігіне
өкілеттігі бар, мемлекеттік міндетті орындаушы ұйымдар немесе мекемелер.
Әрбір мемлекеттік органдарға тән нәрсе: 1-ден, тікелей өзі басқаратын
мемлекеттік, қазыналық мүлкінің болуы; 2-ден, бюджеттен қаржыланатын қаржы
көзінің, банкте есебі, қаржы құралдарының болуы; 3-ден, қызмет түріне және
қызмет тәртібіне қатысты бағынышты ұйымдастырушылық құрылымының болуы; 4-
ден, міндетті заң қимылдарын жүргізу үшін лауазымды тұлғаларға және
коллегиялық органдарға берілетін билік өкілеттілігінің болуы.

Мемлекеттік органдарды қызмет істеу саласына қарай топтастырамыз:

1. Мемлекеттік қызметті іске асыру түрлеріне қарай мемлекеттік органдарды:
өкілдік, атқарушы-басқаратын, сот, прокуратуралық және басқа қадағалау-
бақылау органдары етіп топтастырылады.

2. Билікті бөлу принципіне қарай – заң шығарушы, атқарушы және сот;

3. Қызметтердің құқықтық түрі бойынша :

- құқық шығармашылық, құқық қолданушылық және құқық қорғаушылық;

4. Иерархиясы бойынша республикалық және жергілікті;

5. Өкілеттік мерзіміне қарай – тұрақты және уақытша;

6. Өкілеттік сипатына қарай – жалпылама құзыретті органдар (үкімет) және
арнаулы құзыретті органдар (министрліктер) болып топтастырылады.

Мемлекеттік органдарды пайда болу әдісіне қарай: а) алғашқы (өкілдік
органдар), мысалы: мұрагерлік монархия, парламент, президент. Бұл органдар
басқа органдар арқылы еш уақытта құрылмайды; ә) туынды (үкімет, прокуратура
және т.б.). Бұл органдар алғашқы органдардың өкілеттік беруіне қатысты
пайда болады. Мемлекеттік органдар нормативті-құқықтық актілер шығару
мүмкіндігіне және бұл актілерді орындауды қамтамасыз ететін әртүрлі
тәсілдерді пайдалануға қатысты билік өкілеттігіне ие.

Мемлекеттік органдардың қызмет істеуіне және ұйымдастырылуына қатысты
мемлекеттік және құқық теориясы бірнеше принциптерді анықтап береді:

- адам және азамат құқығы мен бостандығы принципі. Бұл мемлекет
қызметшілерінің тануға, сақтауға және қорғауға қатысты міндеттерін
туғызады.

- демократиялық принцип. Мұнда азаматтардың кең түрде мемлекеттік
органдардың қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру жүмыстарына қатысуы
анықталады.

- билікті болу принципі. Билік органдары және лауазымды тұлғалар
тарапынан басынушылыққа шек коятын механизмінің болуы.

- заңдылық принципі, барлық мемлекеттік қызметшілердің Конституцияны,
заңдарды және заң негізіндегі актілердің сақталуының міндеттілігін
білдіреді.

- жариялық принципі, нақты мемлекеттік органдардың қызметі туралы құқық
субъектілерінің хабарландырылуын қамтамасыз етеді.

- мамандық принципі, мемлекеттік аппарат қызметінің мамандандырылған
жұмысшыларды пайдалануға қажетті жағдай туғызды.

- коллегиялық және дара басшылық принципі, мемлекеттік аппараттың
демократиялық және бюрократиялық бастамаларының саналы түрдегі қарым -
қатынасын қамтамасыз етеді.

- сайлау және тағайындау үйлесімділігі принципі, мұнда мемлекеттік
басқарудың орталықтану және жергілікті мекемелерге орталық
мекемелердің кейбір басқару міндетін тапсыру жүйесінің сай келуі
көрсетіледі.

- иерархиялық принцип, мемлекеттік органдардың мемлекеттік аппаратта
әртүрлі дәрежеде екендігін білдіреді.

Бұл принциптердің барлығы ғасырлар сынағынан өтіп, негізделіп жасалған.

IV Мемлекет түрлері.

1.

Мемлекет және құқық теориясы мемлекет түрін анықтауда үш негізгі,
бір-бірімен байланысты қатынасты көрсетеді: басқару тәртібі, ұлттық –
мемлекеттік және әкімшілік – аумақтық құрылым тәртібі, саяси тәртіп.
Сөйтіп, мемлекет түрі дегеніміз мемлекет құрылымының басқару тәртібіне және
саяси тәртібіне байланысты қалыптасқан қоғамның ұйымдастырылу құрылымы.
Мұнда жоғары билік ұйымдары, жоғары мемлекеттік органдардың және лауазымды
адамдар мен азаматтар арасындағы өзара қатынастары бейнеленеді. Басқару
түрлері билікті ұйымдастыру әдісіне қарай екіге бөлінеді: монархия және
республика.

Монархия басқару тәртібінде жоғары мемлекеттік билік мұра арқылы ие
болған және тұрғындардың алдында жауапқа ие, жалғыз мемлекет басшысы
монархқа жатады. Монархия - бұл жоғары мемлекеттік биліктің бір тұлғада
ғана монархта, болуымен сипатталатын басқару нысаны. Монарх билікті
мұрагерлік бойынша өмір бойы иеленеді.
Егер монарх мемлекеттік биліктің жалғыз органы болып табылса,
бұл монархия шектелмеген деп аталады, ал жоғарғы билік монарх пен баска
бір органның арасында бөлінсе, монархия шектелген деп аталады. Шектелген
монархиялар, кезегінде, өкілдік (дуалистік) және парламентарлық болып екіге
бөлінеді. Өкілдік монархияда монарх атқарушылык билікті жүзеге асыра алады,
ол үкіметті құру, министрлерді тағайындау және парламентті тарату
құкықтарын иеленеді. Ал парламентарлық монархияда монархтың құқықтык
жағдайы әлдеқайда шектелген болады, монарх тағайындаған министрлер
парламент сенімсіздік вотумына тәуелді болады және монарх заңда көзделген
жекелеген жағдайларда ғана парламентті тарата алады.

Басқарудың монархиялық түрінің өзі 2-ге бөлінеді: 1) шексіз
(абсолюттік) монархия, 2) Конституцилық монархия.

Абсолюттік монархияда жалғыз мемлекеттің жоғары органы – монархқа
шексіз билік беріледі. Монарх – заң шығарушы, атқарушы және сот билігін өз
қолына топтастырған. Қазіргі кезде мұндай басқару түрі Сауд Арабиясына,
Біріккен Араб Эмиратына, Катар, Оманға жатады.

Конституциялық монархияда монархтың билігі конституциямен шектеледі.
Конституциялық монархияның өзі екіге бөлінеді: дуалистік және парламенттік
монархия.

Дуалистік монархияда монархтың қолында негізінен атқарушы билік және
аздаған заң шығарушы билік, үкімет құру құқығы, министрлерді бекіту және
оның алдында олардың жауап беруі, құқық ветосы және парламент тарқату
құқығы беріледі.

Мұндай басқарудағы елдер – Иордания, Кувейт және Марокко. Парламенттік
монархияда монархтың құқықтық жағдайы шектелінеді, мұнда монарх мемлекет
басшысы болып есептелгенімен шын мәнінде өкілдік қызметке ғана ие болады
және аздаған атқарушы билік қызметі беріледі. Кейде заңда көрсетілген
жағдайларға байланысты парламент шешіміне вето (тоқауыл) қояды және
парламентті тарқата алады. Мұнда министрлер парламенттің сенім вотумына
байланысты бекітіледі. Сөйтіп, үкімет парламенттік жолмен құрылады. Қазіргі
кезде мұндай басқару түрі Ұлыбритания (мемлекет басшысы – королева),
Бельгия (мемлекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы субъектісінің мәні, ұғымы, белгілері
Көп қылмыстардың заңдылық сипаттамасы және мазмұны
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Қылмысты алдын ала тергеу сатысы
Этнография термині
Мемлекеттің ішкі функциялары
Банктік несиені заңсыз алу
Қылмыс объектісі жөнінде
Құқықтық қатынастарының ұғымы, олардың белгілері
Арнаулы субъектілердің қылмысқа қатысуы
Пәндер