Авторлық құқықпен қорғалатын туындылар жалпы сипаты мен негіздері



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыстың мазмұны
I Кіріспе бөлімі ----------------------------------- -----------------
1. Интеллектуалдық меншік
1.1.Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерi ---------
1.2.Жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар ------------------
1.3.Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiн жасау және
пайдалану туралы шарт ------------------
1.4.Айрықша құқық және меншiк құқығы ----------------------------

2.Авторлық құқық----------------------------------- -----------------
2.1.Авторлық құқықпен қорғалатын туындылар: жалпы сипаты мен
негіздері----------------------------------- ----------------------
2.2.Автордың жеке мүлiктiк емес құқықтары --------------------
2.3.Автордың мүлiктiк құқықтары(туындылары мен қолданылуы) -----------
----------------------------------- ----------------------

3.Сабақтас құқықтар--------------------------- ---------------------
3.1.Сабақтас құқықтардың объектiлерi, субъектiлерi ----------
3.2.Сабақтас құқықтардың қолданылуы ---------------------------
3.3.Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге құқық -------------
----------------------------------- ------------------------------

II Қорытынды бөлімі----------------------------- -----------------

III Қолданылған әдебиет---------------------------- ----
Кіріспе бөлімі
Мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға
беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады. Азаматтық құқық
мүліктік қатынастардың бәрін бірдей реттей береді деген ұғым тумауы тиіс.
Өйткені олардың өзі әр түрлі сипатта кездеседі.
Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты
мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ
мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді.
Азаматтық құқық заңдарымен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты
мүліктік емес жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық
сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен, әдеби
шығармамен, ғылыми еңбекпен айналысушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлық
анықтайтын мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша
қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса
мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнертабысын пайдаланғаны үщін онда
авторлық сыйақы алу құқығы пайда болады.1
Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ
мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбеті құқығы. Жеке
өмірден құпиялылығы, тұрған

1. Құқық негіздері оқу құралы Т.Ағдарбеков, А.Әлайдар, А.Алайдаров.
Алматы 2008
үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаныңі абыройына, қадір-
қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарға
жатқызуға болады.

Интеллектуалдық меншік

1.1.Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерi
Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерiне:
1) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi;
2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе
қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары жатады.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне:
1) ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
2) эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы,
қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;
3) өнертабыс, пайдалы үлгiлер, өндiрiстiк үлгiлер;
4) селекциялық жетiстiктер;
5) интегралдық микросызба топологиялары;
6) ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау);
7) Заң актiлерiнде көзделген реттерде интеллектуалдық шығармашылық
қызметтiң басқа да нәтижелерi жатады.
Азаматтық айналымға қатысушыларды,тауарларды, жұмыстарды немесе
қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына:
1) фирмалық атаулар;
2) тауарлық белгiлер (қызмет көрсету белгiлерi);
3) тауарлар шығарылатын жерлердiң атаулары (шығатын жерiн көрсету);
4) Азаматтық Кодексте және заң актiлерiнде көзделген реттерде
азаматтық айналымға қатысушылардың, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң басқа
да дараландыру құралдары жатады. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқық
оларды құру фактiсiнiң күшiмен не Азаматтық Кодексте немесе өзге де заң
актiлерiнде көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк
органның құқықтық қорғауды беруi нәтижесiнен туындайды.

1.2.Жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар
Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерiнiң авторлары осы
нәтижелерге қатысты жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтарға ие болады.
Жеке мүлiктiк емес құқықтар, оның мүлiктiк құқығына қарамастан, авторға
тиесiлi болады және оның мүлiктiк құқығы басқа тұлғаның интеллектуалдық
шығармашылық қызметiнiң нәтижелерiне ауысқан жағдайда өзiнде сақталып
қалады. Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды немесе қызмет
көрсетулердi дараландыру құралдарына (бұдан әрi - дараландыру құралдары)
арналған құқық иелерi осы құралдарға қатысты мүлiктiк құқықтарға ие болады.
Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижесiнiң авторы болып танылу құқығы
(авторлық құқық) жеке мүлiктiк емес құқық болып табылады және оған
шығармашылық еңбегiмен интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiн
жасаған адам ғана ие бола алады. Авторлық құқықты иелiктен айыруға және
басқа адамға беруге болмайды. Егер нәтиже екi немесе одан да көп адамның
бiрлескен авторлығымен жасалса, олар тең авторлар болып танылады. Тұтастай
алғанда туындының тең авторлары болып танылатын адамдар тобы
интеллектуалдық меншiктiң жекелеген объектiлерiне қатысты заң актiлерiмен
шектелуi мүмкiн. 1
Интеллектуалдық шығармашылық меншiк объектiсiн оның иесiнiң өз қалауы
бойынша кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк құқығы интеллектуалдық
шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына айрықша құқық
болып танылады. Айрықша құқық объектiсiн басқа тұлғалардың пайдалануына тек
құқық иесiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi. Интеллектуалдық меншiк
объектiсiне айрықша құқықты иеленушi, егер ол Азаматтық Кодекстiң және өзге
де заң актiлерiнiң ережелерiне қайшы келмесе, осы құқықты басқа адамға
толық немесе iшiнара беруге, интеллектуалдық меншiк объектiсiн пайдалануға
рұқсат етуге және оны өзгедей түрде пайдалануға құқылы. Айрықша құқықтарды
шектеуге, осы құқықтарды жарамсыз деп тануға және оларды тоқтатуға (жоюға)
Азаматтық Кодексте және өзге де заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда,
шектер мен тәртiп бойынша жол берiледi.

1. Төлеуғалиев Ғ. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. Алматы: Жеті жарғы, 2001

Айрықша құқықтардың басқа адамға ауысуы
Егер осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе,
интеллектуалдық меншiк объектiсiне айрықша құқықтарды олардың құқық иелерi
шарт бойынша толық немесе iшiнара басқа адамға беруi мүмкiн, сондай-ақ
мұрагерлiк бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен және заңды
тұлғаның - құқық иесiнiң қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде ауысады. Айрықша
құқықтардың берiлуi авторлық құқық пен өзге мүлiктiк емес құқықтардың
жүзеге асуын шектемеуге тиiс. Мұндай құқықтарды беру немесе шектеу туралы
шарттың талаптары жарамсыз болады. Басқа адамға оның қолданылуы кезеңiнде
шектеулi уақытқа айрықша құқық берудi көздейтiн шартқа лицензиялық шарт
туралы ережелер қолданылады.
Лицензиялық шарт
Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң
нәтижесiне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленушi тарап
(лицензиар) екiншi тарапқа (лицензиатқа) интеллектуалдық меншiктiң тиiстi
объектiсiн белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалану құқығын бередi.
Лицензиялық шарт ақылы болып саналады.
Лицензиялық шартта лицензиатқа:
1) интеллектуалдық меншiк объектiсiн лицензиардың оны пайдалану
мүмкiндiгi мен лицензияны басқа адамға беру құқығын сақтай отырып пайдалану
құқығын (жай, ерекше емес лицензия);
2) интеллектуалдық меншiк объектiсiн лицензиардың оны пайдалану
мүмкiндiгiн сақтай отырып, бiрақ лицензияны басқа адамдарға беру құқығынсыз
пайдалану құқығын (айрықша лицензия);
3) интеллектуалдық меншiк объектiсiн пайдаланудың заң актiлерiне
қайшы келмейтiн басқа да жағдайларын беру көзделуi мүмкiн.
Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензия жай (ерекше
емес) деп ұйғарылады. Лицензиаттың интеллектуалдық меншiк объектiсiн
пайдалану құқығын басқа адамға беруi туралы шарт қосалқы лицензиялық шарт
болып танылады. Лицензиат қосалқы лицензиялық шартты тек лицензиялық шартта
көзделген жағдайларда ғана жасауға құқылы. Лицензиардың алдында қосалқы
лицензиаттың iс-әрекетi үшiн, егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат
жауапты болады.

1.3.Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiн жасау және
пайдалану туралы шарт
Автор шарт бойынша туындыны, өнертабысты немесе интеллектуалдық
шығармашылық қызметтiң өзге де нәтижесiн жасау және өзiнiң жұмыс берушiсi
болып табылмайтын тапсырысшыға оны пайдаланудың айрықша құқығын беруге
өзiне мiндеттеме алуы мүмкiн.. Шарт интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң
жасалуға тиiстi нәтижесiнiң сипатын, сондай ақ оның пайдаланудың
мақсаттарын не әдiстерiн белгiлеуге тиiс. Шарттың белгiлi бiр түрдегi не
белгiлi бiр саладағы интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiн
жасауға автордың құқығын шектейтiн талаптары жарамсыз болады.

1.4.Айрықша құқық және меншiк құқығы
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру
құралына, мұндай нәтиже немесе дараландыру құралы көрсетiлген материалдық
объектiге меншiк құқығына қарамастан, айрықша құқық қолданылады.
Интеллектуалдық меншiк объектiсiне айрықша құқық Азаматтық Кодексте
немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген мерзiм iшiнде қолданылады. Заң
актiлерiнде мұндай мерзiмдi ұзартудың мүмкiндiгi көзделуi мүмкiн.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне жеке мүлiктiк емес
құқық мерзiмсiз қолданылады. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда айрықша
құқықтың қолданылуы оны белгiлi бiр уақыт iшiнде қолданбаудың салдарынан
тоқтатылуы мүмкiн.
Айрықша құқықтарды қорғау:
1) пайдалану арқылы айрықша құқықты бұзған материалдық объектiлердi
және осындай бұзушылық нәтижесiнде жасалған материалдық объектiлердi алып
қою;
2) жiберiлген кемшiлiктер туралы, оған бұзылған құқықтың кiмге
қатысты екендiгi туралы мәлiметтердi қоса отырып, мiндеттi жариялау
жолымен;
3) заң актiлерiнде көзделген өзге әдiстермен де жүзеге асырылуы
мүмкiн.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi мен дараландыру
құралдарын пайдалану туралы шарттар бұзылған жағдайда мiндеттемелердi
бұзғаны үшiн жауапкершiлiк туралы жалпы ережелер қолданылады.

Авторлық құқық
2.1.Авторлық құқықпен қорғалатын туындылар: жалпы сипаты мен
негіздері
Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесi болып табылатын ғылым,
әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен маңызына,
сондай-ақ оларды бiлдiру әдiсi мен нысанына қарамастан қолданылады.
Авторлық құқық халыққа таратылған (жарияланған, жарыққа шыққан, басып
шығарылған, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiкке көрсетiлген), сондай-ақ
халыққа таратылмаған туындыларға қандай да бiр объективтi нысанда:
1) жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.);
2) ауызша (көпшiлiк алдында айту, көпшiлiк алдында орындау және
т.б.);
3) дыбыс немесе бейне жазу (механикалық, цифрлық, магниттi,
оптикалық және т.б.);
4) бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле, бейне
немесе фото кадр және т.б.);
5) көлемдiк-кеңiстiктi (мүсiндеме, модель, макет, құрылыс және
т.б.);
6) өзге де нысандарда қолданылады.
Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң,
әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң жеке
өздерiне қолданылмайды.
Авторлық құқық объектiлерi мыналар болып табылады:
1) әдеби туындылар;
2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
3) сценарийлiк туындылар;
4) хореография және пантомима туындылары;
5) мәтiндi немесе мәтiнсiз музыкалық туындылар;
6) аудио-бейне туындылар, радио туындылар;
7) кескiндеме, мүсiн, графика туындылары мен басқа да бейнелеу
өнерiнiң туындылары;
8) қолданбалы өнер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары;
10) фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдiстермен алынған
туындылар;
11) географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты
карталар, жоспарлар, эскиздер, безендiрмелер мен үш өлшемдi туындылар;
12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
13) өзге де туындылар.
ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау кез келген тiлде және кез
келген нысанда көрсетiле алатын, оларға негiзгi мәтiндi және объектiлiк
кодты қоса алғанда, ЭЕМ (оның iшiнде операциялық жүйелер) бағдарламаларының
барлық түрлерiне қолданылады.
Авторлық құқық объектiлерiне, сондай-ақ:
1) туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар,
рефераттар, түйiндеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар
және ғылым, әдебиет пен өнер туындыларының басқа да қайта өңделiмдерi);
2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және
басқа да iрiктелу және (немесе) материалдардың орналасуы бойынша
шығармашылық еңбек нәтижесi болып саналатын құрастырылған туындылар жатады.

Туынды және құрастырылған шығармалар оларға негiз болған немесе олар
қамтыған шығармалардың авторлық құқық объектiлерi болу-болмауына қарамастан
авторлық құқықпен қорғалады. Авторлық қатынастар осы Кодекспен және
авторлық құқық пен сабақтас құқықтар туралы өзге де заң актiлерiмен, ал
оларда көзделген жағдайларда өзге де заң актiлерiмен реттеледi.
Мыналар авторлық құқық объектiлерi болып табылмайды:
1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң шығару, әкiмшiлiк, сот
және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми
аудармалары;
2) мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар,
ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлер);
3) халық шығармашылығының туындылары;
4) ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактiлер туралы хабарлар.
Ресми құжаттардың, мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлердiң жобаларына
құқық
Ресми құжаттардың, мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлердiң жобаларына
авторлық құқыққа жобаларды жасаған адам (жасаушы) ие болады. Ресми
құжаттардың, рәмiздер мен белгiлердiң жобаларын жасаушылар, егер оны
жасауға тапсырма берушi оған тыйым салмаса, ондай жобаларды жариялауға
құқылы. Жобаны жариялаған жағдайда оны жасаушылар өз есiмiн көрсетуге
құқылы. Жобаны, жасаушының келiсiмiнсiз, егер бұл жобаны автор жарияласа
немесе тиiстi органға жiберсе, оны ресми құжат дайындау үшiн құзыреттi
органның пайдалануы мүмкiн. Ресми құжаттарды, мемлекеттiк рәмiздердi немесе
белгiлердi жобаның негiзiнде дайындаған кезде оған ресми құжатты,
мемлекеттiк рәмiздi немесе белгiнi дайындауды жүзеге асырушы орган өз
қалауы бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзуi мүмкiн. Құзыреттi орган
жобаны қабылдағаннан кейiн ол әзiрлеушiнiң есiмi көрсетiлмей-ақ және
авторлық сыйақы төленбестен пайдаланылуы мүмкiн.
Авторлық құқықты қорғау белгiсi
Айрықша авторлық құқық иесi өз құқықтары туралы мәлiмдеу үшiн
туындының әрбiр данасына салынған және үш элементтен:
1) қоршауға алынған латынша "С" әрпiнен;
2) айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмiнен (атауынан);
3) туындының бiрiншi жарияланған жылынан тұратын авторлық құқықты
қорғау белгiсiн пайдалануы мүмкiн.
Егер өзге дәлел болмаса, қорғау белгiсiнде көрсетiлген адам айрықша
авторлық құқықтың иесi болып саналады.

2.2.Автордың жеке мүлiктiк емес құқықтары
Туынды авторының мынадай жеке мүлiктiк емес құқықтары болады:
1) туынды авторы ретiнде танылу және оны пайдалану кезiнде осы
туындыға басқа адамдардың авторлығын тануды болғызбайтын нақ осындай тануды
талап ету құқығы (авторлық құқық);
2) туындыны өз атынан, бүркеншiк атпен немесе жасырын атпен
пайдалану құқығы (авторлық атқа құқық);
3) өз туындысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге және оның
атауын қоса алғанда, туынды жарық көргенде, көпшiлiк алдында орындалғанда
немесе өзге түрде пайдаланылғанда автордың келiсiмiнсiз кiмнiң болса да
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуiнен туындыны қорғау құқығы (туындыға қол
сұқпаушылық құқығы).
Автордың келiсiмiнсiз оның туындысын шығарғанда безендiрулер,
алғысөздер, соңғысөздер, түсiнiктемелер немесе қандай да болсын
түсiндiрмелер беруге тыйым салынады. Автор қайтыс болғаннан кейiн оның
туындысын қол сұғушылықтан қорғауды өсиетте көрсетiлген адам, ал мұндай
нұсқау болмаған жағдайда - автордың мұрагерлерi, сондай-ақ заң актiлерiне
сәйкес авторлық құқықтарды қорғау жүктелген тұлғалар жүзеге асырады.
4) белгiсiз тұлғалар тобының туындыны ашуға рұқсат құқығы (халыққа
жария ету құқығы).
Автор туындыны халыққа тарату туралы бұрын қабылдаған шешiмiнен бас
тартуға құқылы (керi қайтарып алу құқығы), бұл жағдайда жоғалтылған
пайдасын қоса алғанда, пайдаланушыға осындай шешiм арқылы келтiрiлген залал
өтелуi керек. Егер туынды халыққа жария болып кетсе, автор оны керi
қайтарып алатыны туралы көпшiлiкке хабарлауға мiндеттi. Бұл орайда ол
туындының бұрын әзiрленген даналарын өз есебiнен айналыстан алып тастауға
құқылы. Автордың бiреумен келiсiмi немесе автордың жеке мүлiктiк емес
құқықтарын жүзеге асырудан бас тартуы туралы арызы жарамсыз болады.

2.3.Автордың мүлiктiк құқықтары(туындылары мен қолданылуы)
Авторға туындыны кез келген нысанда және кез келген әдiспен
пайдалануға айрықша құқықтар берiледi. Автор туындыны пайдалану кезiнде
үшiншi тұлғалардың мынадай iс-әрекеттердi жүзеге асыруына:
1) туындыны қайта жаңғыртуына (қайта жаңғырту құқығы);
2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдiспен
таратуына: сатуына, айырбастауына, прокатқа (жалға) беруiне, өзге де
операциялар жасауына (тарату құқығы);
3) туындыны көпшiлiк алдында көрсетуiне (көпшiлiкке көрсету құқығы);

4) туындыны көпшiлiк алдында орындауына (көпшiлiк алдында атқару
құқығы);
5) жалпыға бiрдей мәлiмдеу үшiн эфирге немесе кабель арқылы
хабарлауды қоса алғанда туындыны көпшiлiкке хабарлауына (көпшiлiкке
хабарлау құқығы);
6) туындыны эфирге беруiне (радио және теледидар арқылы тарату),
оның iшiнде туындыны кабель немесе спутниктiк байланыс арқылы таратуына
(эфирге хабарлау құқығы);
7) туындыны аударуына (аудару құқығы);
8) туындыны қайтадан жасауына, аранжировкалауына немесе басқаша
түрде өңдеуiне (өңдеу құқығы);
9) қала құрылысы, сәулет, безендiру жобасын iс жүзiне асыруына;
10) заң актiлерiне қайшы келмейтiн өзге де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зияткерлік (интеллектуалды) меншік объектілерінің теориялық негіздері
Авторлық құқықтың объектілері
Авторлық шарттың жалпы ережелері. Авторлық қадағалауды жүргізу тәртібі және жетілдіру жолдары
Әдеби және көркем өнер туындыларына халықаралық құқықтық қорғау мәселелері
ҚР авторлық құқықтың ерекшеліктері
Автордың мүліктік құқықтары
Авторлық құқықтың түсінігі туралы
Авторлық құқық субъектілері
Авторлық құқықтың түсінігі
Авторлық құқық туралы ақпарат
Пәндер