Адам және азаматтардың құқықтарының негіздері, оларды қорғау


МАЗМҰНЫ

Адам және азаматтардың құқықтарының негіздері, оларды қорғау

КІРІСПЕ . . . … . . .

I. Өмір сүру және жеке басына қол сұғылмау құқығы … . . . ……… . . .

II. Ар-ождан және дін бостандығы құқығы . . .

III. Бірлесу құқығы . . .

Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысандарының мәселелері

Қазақстан Республикасындағы қоғамдық ұйымдар мүшелерінің, ұйымдастырушыларының және құрылтайшыларының мәселелері

Қазақстан Республикасындағы қоғамдық ұйымдарды тіркеу мәселелері

Кәсіптік одақтар құру және оларға кіру құқығы

IV. Бейбіт жиналыстар мен митингтер бостандығы құқығы ……… . . . ………. …

V. Сөз, наным және оларды еркін білдіру құқығы . . . ……….

VI. Оралмандар құқықтары . . . . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмысымда адамның және азаматтың азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтарының сақталуы мәселелері талданады.

Бірінші бөлімде адамның өмір сүру және жеке басына қол сұғылмау, еркін жүріп-тұру, ар-ождан мен діни сенім бостандығы, бірлесу, бейбіт жиналыстар мен митингтер бостандығы, мемлекет істерін басқаруға қатысу (еркін және әділ сайлау), сөз және наным, денсаулық сақтау мен медициналық көмек алу құқықтарының сақталуы мәселелері егжей-тегжейлі талданады. Азаматтық, әлеуметтік және экономикалық құқықтардың сақталуы тұрғысында жұмыс тобының көші-қон және еңбек қатынастары саласындағы адам құқықтарының сақталуы мен заңдылықтың қамтамасыз етілуінің өзекті мәселелеріне арналған арнайы зерттеулерінің нәтижелері ұсынылған. Сонымен қатар бұл бөлімде бала, оралмандар, аз ұлттар құқықтары сақталуының, халықты құқықтық ағарту және қазақстандықтардың жаңа құқықтық санасын қалыптастырудың өзекті мәселелері көрсетілген.

Екінші бөлімінде алдын ала тергеу мен анықтау барысындағы; қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін іске асыру саласындағы; атқарушылық сот ісін жүргізу кезеңіндегі; түзеу жүйесіндегі адамның және азаматтың құқықтарының сақталуы талданады.

Атап өтетін жәйт, Қазақстан Республикасы адам құқықтары саласындағы 40-тан астам көпжақты әмбебап халықаралық шарттардың, соның ішінде Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің, Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның, Нәсілдік кемсітудің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның, Бала құқықтары туралы конвенцияның, Әйелдерге қатысты кемсітулердің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның, Босқындар мәртебесі туралы конвенцияның және оның Хаттамасының қатысушысы болып табылады.

Жоғарыда аталған ратификацияланған халықаралық шарттар тұрғысында барлық тарауларында адам құқықтары саласын реттейтін ұлттық заңнаманы оның халықаралық стандарттарға сәйкестілігі тұрғысынан салыстырмалы-құқықтық талдау, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы ұлттық заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөніндегі қорытындылар мен ұсынымдар келтірілген.

«Қазақстандағы адамның құқықтары: қоғамдық пікір» жобасы шеңберіндегі мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ мен БАҚ-тардың адам құқықтарын қорғау саласындағы құқық қорғау қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі әлеуметтанушылық зерттеулерді ахуалдық талдау адам құқықтарының нақты түрлері тұрғысында келтірілген.

Қазақстан Республикасында адам және азаматтың конституциялық мәртебесі 1995 жылғы Конституцияның II "Адам және азамат" бөлімінде белгіленген. Адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі институты төмендегідей элементтерді қамтиды:

а) адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің мән-маңызын құрайтын конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттер;

ә) адам және мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ адамның қоғамдағы және конституциялық құқықтың басқа субъектілері арасындағы жағдайларды сипаттайтын адам және азаматтың мәртебесінің конституциялық принциптері.

Жаңа конституциялық заңдылықтардағы негізгі басты жаңалық адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп танылуы болып табылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы) . Бұл жағдайда адам және мемлекет арасындағы қарым-қатынастарда өзара жауапкершілікке басым бағыт беріледі.

Қоғам мен мемлекетттегі адам және азаматтың жағдайын белгілеуші негізгі принциптер Конституцияның тікелей өзінен де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдылықтарынан да келіп шығады.

Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің конституциялық принциптеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • құқықтар мен бостандықтардың әркімге тумысынан жазылғандығы принципі;
  • құқықтар мен бостандықтардың абсолюттілігі және олардан ешкім айыра алмайтындығы принципі;
  • құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырған кездегі құқық теңдігі принципі;
  • заң мен сот алдындағы теңдік принципі;
  • адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық принципі;
  • адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сот төрелігімен қамтамасыз етілу принципі;
  • адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бірлігі принципі;
  • адам және азаматтың құқықтар мен бостандықтарын жүзеге асыру кезінде басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол берілмейтіндігі принципі;
  • адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру кезінде конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіруге жол берілмейтіндігі принципі;
  • адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілу принципі;
  • саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бос-тандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейтіндігі принципі;
  • заңдардың және басқа да нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылу өрісін анықтаған кездегі адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы принципі.

Бірінші рет Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғаның табиғи шығу төркінін бекітті, сөйтіп 12-баптың 2-тармағында адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды деп жариялады. Конституциялық жаңалықтардың бірі адамның құқықтары мен бостандықтары заңдар мен басқа да нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайды деп белгіленуі болып табылады. Бұл тұжырым Қазақстан Республикасының заңдарын шығарған кезде мемлекет жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтары, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары тұрғысынан шығуға тиіс дегенді білдіреді. Конституцияның аталған бабы бірінші рет Қазақстан қоғамдастығы өміріне құқықтық мемлекет принциптерін, сондай-ақ тұлғаның мемлекет алдындағы басымдылығын нақтылы енгізеді. Бұл жерде Конституция адам және азаматтың қүқықтық мәртебесі жөнінде сөз ете отырып, белгілі бір шектеу жүргізетінін айта кету қажет.

Қорытындыда жұмыстың жалпы нәтижелері қорытылып, Қазақстандағы құқық қорғау тетіктерін жетілдіру жөніндегі алдағы перспективалар тұжырымдалады.

I. Өмір сүру және жеке басына қол сұғылмау құқығы

Өмір сүру құқығы осы саладағы қалыптасатын басқа барлық құқықтар мен бостандықтардың бастапқы негізін қалайды. Ол әлемдік өркениеттің ең жоғарғы құндылығы болып табылады, өйткені адам мерт болған жағдайда басқа құқықтардың барлығының маңызы жойылады. Бұл іргелі құқықты жеке адамның мемлекет, оның өкілдері немесе жеке адамдар тарапынан болатын кез келген заңсыз қол сұғудан азат болу құқығы ретінде қарауға әбден болады.

Өмір сүру құқығының әлеуметтік шарттары бірқатар конституциялық қағидалармен қамтамасыз етіледі: қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек шарты құқығымен (ҚР Конституциясының 24-бабының 2 тармағы) ; жасы бойынша және ауырған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік қамсыздандырылумен (28-бап) ; денсаулығын қорғау және мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау емдеу мекемелерінде медициналық көмек алу құқығымен (29-бап) және басқа да кепілдіктермен.

Істің мәнісінде қалған құқықтардың барлығы қалай болғанда да өмір сүру құқығының айналасына бірігеді. Мысалға, әлеуметтік қорғалу, қолайлы қоршаған орта, лайықты өмір сүру құқықтары қарым-қатынас пен жазаның қатыгез түрлерінен еркін болу құқығы сияқты оның тиімді іске асуын қамтамасыз ететін қосымша құрал болып табылады. Мемлекет бұл құқықтарды мойындауға және қолда бардың бәрін пайдаланып адам өмірі үшін қолайлы жағдай жасауға міндетті. Жеке адамның өмірі мен денсаулығына қарсы жасалған қылмыстың аса ауыр қылмыстық жазаланатын әрекет санатын құрайтыны кездейсоқ емес.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды деп белгіленген. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.

Аталған конституциялық ұйғарым Қазақстан Республикасы 1998 жылы ратификациялаған «Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға» толықтай сәйкес келетінін атап өткен маңызды.

Азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмауы, жеке басының және отбасының құпиясы конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында кедендік жеке тұлғалардың мүліктерін алып шығу және алып кіру ережелерін реттейтін заңға тәуелді актілердің Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдарының нормаларына және оның адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкестілігі тексерілсін, жеке тұлғалардың мүліктерін кедендік ресімдеу процедурасы жалпыға ортақ танылған халықаралық стандарттарға сәйкестендірілсін.

Еркін жүріп-тұру құқығы және көші-қон процестері барысындағы заңдылық пен адам құқықтарының сақталуы мәселелері

Біз көші-қон (миграция, migration - қоныс аудару, орын ауыстыру) туралы айтқанымызда адамдардың үлкен тобының ел ішіндегі (әртүрлі ішкі көші-қон) немесе елдің шекарасын қиып өткен (елге уақытша кіру немесе шығу, көшіп кету, көшіп келу, еңбек көші-қоны, қудалаудан паналау, босқындар) орын ауыстыруларын ұғынамыз.

Адам құқықтарына қолданғанда оның барлық орын ауыстыру процестері, соның ішінде көші-қондары оның еркін жүріп-тұру құқығына (freedom of movement) негізделген, оның үш құраушы бөлігі бар:

а) елдің ішінде еркін жүріп-тұру және тұрғылықты мекенді таңдап алу құқығы;

б) кез келген елден еркін шығып кету құқығы;

в) өз еліне еркін кіру құқығы.

Еркін жүріп-тұрудың халықаралық стандарттары мынадай негізгі принциптерге негізделген:

- елдің ішінде еркін жүріп-тұру оның аумағында заңды түрде жүрген әрбір адамның биліктен ерекше рұқсат сұрау қажетінсіз еркін жүріп-тұру және тұрғылық мекенді таңдап алу құқығын көздейді. Бұл құқық елдің азаматтарына, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, босқындар мен заңды көшіп келушілерге бірдей қатысты;

- өз елінен кету құқығы және өз еліне қайтып кіру құқығы адамның жеке құқықтары болып табылады және заңмен кепілдік берілуге тиіс;

- кіруге-кетуге, сондай-ақ елдің ішінде еркін жүріп-тұруға шектеу қоюды ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, денсаулықты, имандылық пен адамгершілікті қорғау, басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мүддесі үшін тек заңмен енгізуге болады. Бұл шектеулер өзге халықаралық деңгейде танылған құқықтар мен бостандықтарға сәйкес келуі, айқын мақсатқа қызмет етуі және парасатты болуы, қажет және жеткілікті болуы тиіс;

- босқындарға немесе пана іздеген адамдарға қатысты негізгі принцип елден шығарып жібермеу принципі, яғни мемлекеттердің елден шығармау және нәсілдік, діни, әлеуметтік тегі, азаматтығы немесе саяси көзқарастары себепті олардың өміріне немесе бостандығына қатер төнетін елдің шекарасына қайтармау міндеттемесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы көші-қон заңнамасы КСРО тарағаннан кейін қалыптаса бастады. Осы саладағы негізгі заңнамалық актілер нақ 90-шы жылдардың басында-ортасында қабылданды. 1991 жылғы желтоқсанда «ҚР азаматтығы туралы» ҚР Заңы, 1995 жылғы маусымда «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы қабылданды. Көші-қон заңнамасының негізін 1995 жылғы тамызда қабылданған ҚР Конституциясы құрап, 21-бабында еркін жүріп-тұру және тұрғылықты мекенді таңдау құқығын, ал 12-баптың 4 тармағында «Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе» шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарының және бостандықтарының Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежелілігін бекітті. 1997 жылғы желтоқсанда «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Алайда көші-қон мәселелерінің ауқымды бөлігі қабылданған заңнамаларда қамтылмай қалған. ҚР-на кіру, болу, ҚР-нан шығу, республикада уақытша және тұрақты болу және басқа көптеген мәселелер Үкімет қаулыларымен, Ішкі істер министрлігінің бұйрықтарымен, түрлі министрліктер мен ведомстволардың нұсқаулықтарымен реттеледі. Солардың ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы «Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жеке мәселелері» атты қаулысы; «Шетелдік азаматтардың ҚР аумағына кіруі және болуы, сондай-ақ олардың ҚР-нан кетуі ережелерін қолдану тәртібі туралы» нұсқаулық, «Ішкі істер органдарының ҚР-нан тыс жерге тұрғылықты мекенге көшіп кетуге рұқсат беруі туралы» нұсқаулық және басқа да көптеген құжаттар. Ең жуық есептеулер бойынша көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін заңға тәуелді құжаттардың саны 200-ден асады. Кейбір заңға тәуелді актілерде шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағындағы құқықтары мен бостандықтарына шектеулер бар, бұл ҚР Конституциясының 39-бабын бұзу болып табылады: «Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін».

Қазақстандағы қазіргі кеңестік төлқұжаттық жүйеден және тіркеу режимінен мұраға қалған тұрғылықты мекенінде міндетті түрде тіркелу институты Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұру құқығын шектеу болып қалуда. Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері, сайлау құқықтарын жүзеге асыру, Қазақстаннан кету құқықтары және басқа мәселелер тіркеу институтына тәуелді екенін атап өткен маңызды.

Босқындар құқықтары туралы

Қазақстан Республикасы соңғы жылдары босқындар мәселесімен бетпе-бет келуде. 2007 жылғы 1 қаңтарда республикада босқындардың 279 отбасы (582 адам) ресми тіркелген. Босқын мәртебесін алған адамдар (580 адам) негізінен Ауғанстаннан келгендер.

Босқындар проблемасымен шұғылданатын мемлекеттік органдар қызметі «Босқындар мәртебесі туралы» 1951 жылғы Женева конвенциясы мен оның 1967 жылғы Хаттамасының, 1995 жылғы 19 маусымдағы «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығының баптарына негізделеді.

1998 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы халықаралық қоғамдастық алдында босқындарға қатысты белгілі бір міндеттемелер ала отырып, Босқындар мәртебесі туралы 1951 жылғы Женева конвенциясы мен оның 1967 жылғы Хаттамасына ресми қосылды. Бірінші кезекте бұл елден шығармау принциптері, процедураға қол жетімдігі, хабардар болу, істі қарау мерзімінде шешімдерге шағымдалу мен оны тіркеу мүмкіндігін беру және апелляция. Қазақстанның Конвенцияға қосылуына ресми билік пен БҰҰ босқындар істері жөніндегі Жоғары Комиссары Басқармасының (БҰҰ БЖКБ) Қазақстандағы кеңсесі арасындағы сындарлы ынтымақтастық едәуір дәрежеде ықпал етті.

«Халықтың көші-қоны туралы» Заңға сәйкес босқын деп тану туралы өтініш жасаған адамдармен жұмыс істеу және олардың Қазақстан Республикасындағы мәртебесін айқындау жөніндегі процедуралар, оларды тіркеу 1998 жылы басталды.

Қазақстан Республикасында босқындар деп Қазақстан Республикасының алдында өздерін босқындар деп тану туралы өтініш жасаған, саяси көзқарастары, нәсілі, діні, азаматтығы, ұлты, белгілі бір әлеуметтік топқа жатуы белгілері бойынша құрбан болуы қаупінің негізі болуы себепті өздері азаматтары болып табылатын елден тыс болуға мәжбүр болғандар мен азаматтығы жоқ адамдар және өз елінің тарапынан қорғау құқығына ие емес немесе оған осындай себептер салдарынан қайта оралғысы келмейтін шетелдіктер танылады.

Босқындардың үлкен бөлігі 93, 3% Алматы қаласында, қалғандары Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында тұрады. Білімі бойынша 95 адам жоғары және аяқталмаған жоғары, 28 адам орта арнаулы, 209 адам жалпы орта (толық және орталау) білімге ие, 37 адам - сауатсыз.

Босқын мәртебесі бір жылға беріледі және бір жылдан кейін мәртебесі қайта қаралып, ұзартылады немесе мәртебені созудан бас тартылады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің талаптарына сәйкес босқындардың тұру ережелерінің сақталуына үнемі бақылау жасалады, ай сайын қоғамдық ұйымдармен босқындарды құқықтық қорғау мәселелері жөнінде консультативтік-кеңесші кездесулер өткізіліп тұрады

Босқындарға қатысты ұлттық заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру мақсатында «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаған жөн деп санаймыз.

II. Ар-ождан және дін бостандығы құқығы

Ар-ождан бостандығы мен дін бостандығы проблемасы көп конфессиялы Қазақстан үшін қашан да өзекті болатын. Алайда СОКП үстемдік құрған кезеңде дін, діни ғұрыптарды жасау, діни тәрбие мен білім алу мәселелері маңызды болмасы үшін қолдан келгеннің бәрі жасалды. Ол үшін мемлекеттік органдар идеологиялық және әкімшілік әдістерді қоса алғандағы әртүрлі әдістер белсенді пайдаланды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан соң жағдай түзелді. Дінге өркениетті көзқарас демократиялық өзгерістердің бір бөлігіне айналды. 1992 жылы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңының қабылдануы маңызды оқиға болды.

Қазақстанда түрлі конфессиялардың бейбіт қатар өмір сүруі үшін қажетті құқықтық және ұйымдық жағдайлар жасалған, конфессияаралық қатынастарды үндестіруге бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптасқан.

Қазақстан Республикасындағы дін аясы бірқатар заңнамалық актілермен: Конституциямен, Азаматтық кодекспен, «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңмен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Қазақстан Республикасы өзін құқықтық, демократиялық және зайырлы мемлекет ретінде орнықтыра отырып, адамның дін бостандығы құқығының сақталуына үнемі көңіл бөліп отырады.

Қазақ жері тарихи жағдайлармен ұлы өркениеттердің - ислам, христиан, буддизм, конфуциандық өркениеттерінің өзара іс-қимыл орнына айналды. Біздің шексіз кең байтақ даламыз өзіне алуан түрлі өркениет пен мәдениетті сіңірді. Сондықтан қазіргі полиэтностық және поликонфессиялы Қазақстан - ғасырлар бойғы рухани және мәдени дәстүрлердің мұрагері.

Қазақстанда 45 діни конфессия жұмыс істейді. Республикада олардың тұрақты диалог негізінде бейбіт қатар өмір сүруіне жағдай жасалған. Мемлекет бұл процесте бастамашылық жасайды және қолдайды. Қазақстанның тәуелсіз дамуы жылдарындағы алғашқы қадамдардың бірі қазақстандықтардың дін бостандығына кепілдік беретін діни бірлестіктер туралы Заңның қабылдануы болды. «Қазақстандағы адамның құқықтары: қоғамдық пікір» жобасы шеңберіндегі әлеуметтанушылық зерттеулердің мәліметтері азаматтардың діни наным мен дін бостандығы құқықтарының сақталуына респонденттердің 78, 2% оң баға бергенін көрсетеді, бұл азаматтардың діни сенім бостандығының конституциялық құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттің қолданып жүрген шараларының дұрыстығын дәлелдейді. Сұрақ берілгендердің тек 6, 6% азаматтардың діни сенім бостандығын қорғаудың мемлекеттік тетіктеріне теріс баға берген. Сұрақ берілгендердің 15, 1% жауап беруге қиналған.

Қазақстан Республикасы дін мен өркениеттер диалогын ұйымдастыру саласындағы бірқатар маңызды халықаралық бастамалардың авторы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 2 съезі өткізілді. Съезде әлемдік дәстүрлі діни сенімдер өркениеттер диалогында байланыстырушы буын бола алады және қазіргі әлемдік тәртіптің тірегін бұзуға тырысқан радикал бірлестіктердің теріс ықпалынан қоғамды қорғай алады деп мойындалды.

Қазақстанның атына елдегі қолданылып жүрген азаматтық татулық пен келісім моделінің тиімділігі туралы ЕҚЫҰ, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың бірқатар оң бағалары берілді.

Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарымен 2004 жылғы 6 мамырдағы кездесуінде сөз сөйлеген АҚШ-тың Діни және қоғамдық саясат институтының президенті Джозеф Грибоски мырза Қазақстанның полиэтностық мемлекеттегі ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығын сақтаудағы қызметіне жоғары баға берді және «Қазақстан конфессияаралық келісімнің моделі болып табылады» деп атап өтті.

Қазақстан Республикасының Конституциясы елдің әрбір азаматына ар-ождан бостандығы құқығына кепілдік береді. ҚР Конституциясының 22-бабының 2 тармағына сәйкес ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

АСҚХП 18 бабына сәйкес «Ешкім де дінге сену, немесе дін мен наным-сенімдерін өз қалауынша таңдап алу еркіндігін кемітетін мәжбүрлікке ұшыратылуы тиіс емес» және «Дінге сену, немесе наным-сенімдерін тұту еркіндігі тек қана қоғам қауіпсіздігін, тәртіпті, денсаулық пен имандылықты, сондай-ақ басқалардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін, заңмен белгіленген шектеулермен ғана шектелуі тиіс».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің қорғалу механизмдері
Адамның саяси құқықтары мен бостандықтары
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі негіздері
Сот билігі арқылы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Адам және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің жүйесі
Жеке адамның (азаматтың) құқықтары мен бостаңдықтары
Адам құқығы теориясы
Моральдық зиянды өтеу
Адам мен азаматтардың құқықтық міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz