Қазақстан Республикасының Адам құқықтары


Қазақстан Республикасының Адам құқықтары
МАЗМҰНЫ
I. Әдiснама
II. Ел туралы
III. Адам құқықтарын қорғау мен ынталандырудың нормативтiк және институционалдық негiздемелерi
IV. Халықаралық ынтымақтастық
V. Ынталандыру және қорғау
VI. Әрекеттер мен жетiстiктер
VII. Ұлттық басымдықтар мен бастамалар
Қорытынды
Қосымша
I. ӘДIСНАМА
Осы Ұлттық баяндаманы әр түрлi министрлiктер мен ведомстволардың, Бас прокуратура және Жоғарғы сот, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы адам құқықтары жөнiндегi қатысуымен консультациялардың ауқымды процес шеңберiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң басшылығымен арнайы құрылған Үкiметтiк жұмыс тобы дайындады.
Баяндаманы дайындау процесiнде мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдары өкiлдерiнiң, халықаралық сарапшылардың және БҰҰ-ның Адам құқықтары жөнiндегi Жоғарғы Комиссары Басқармасының қызметкерлерiнiң қатысуымен консультациялық семинарлар сериясы өткiзiлдi.
3. Үкiметтiк емес ұйымдардың және БҰҰДБ сарапшыларының және Ұлыбритания мен Германияның сарапшыларының сындарлы ұсыныстары мен ұсыныстарының арқасында баяндама айтарлықтай пысықталды.
4. Баяндаманы 2009 жылдың шiлдесiнде және тамызында талқылауда бiр қатар ҮЕҰ қатысты, олардың iшiнде: "Радуга" ҚБ, аналар мүгедек-балалар, "Сана Сезiм" әйелдер бастамашылығы құқықтық орталығы" ҚБ, "қылмыстың реформа және адам құқықтары мониторингi комитетi" ҚБ, "Намыс" мүгедектердiң ҚБ, "Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөнiндегi қазақстандық халықаралық бюро" ҚҚ, "Әдiл Сөз" бостандығын қорғаудың халықаралық қоры "Қазақстанның балалар қоры" ҚҚ, "Medianet журналистиканың халықаралық орталығы", "Алматы Хельсинки Комитетi" ҚҚ, "Феминистiк лига", "Қазақстанда парламентаризмдi дамыту қоры" ҚҚ, "Даму және бейiмдеу әйелдер қауымдастығы" ҚБ, Қазақстанның азаматтық альянсы, "Феникс" даму және бейiмдеу орталығы" ҚҚ, "Жан", "Балалық" журналдары, "Медиалайф" ҚҚ, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ өкiлеттiктерiнiң, Қазақстандағы Ұлыбритания елшiлiгiнiң, Сорос-Қазақстан қорының сарапшылары, аз халықтардың мәселесi жөнiндегi БҰҰ Тәуелсiз сарапшысы Гай МакДугал, БҰҰ-дағы Ұлыбританияның өкiлi Ласт Боб, БҰҰ адам құқықтары жөнiндегi Кеңестегi адам құқықтары жөнiндегi форумның өкiлi Ратгебер Теодор, Ресей Федерациясы Сыртқы iстер министрлiгiнiң өкiлi Павел Черников.
5. Баяндаманы дайындау кезiнде айтулы оқиғалар орын алды - Мемлекет Басшысы 2009 - 2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары әрекетiнiң ұлттық жоспарын мақұлдады және алдағы онжылдыққа мемлекеттiң Құқықтық саясат тұжырымдамасы бекiтiлдi. Осы орайда, баяндамада осы құжаттарда анықталған адам құқықтары саласында ұлттық басымдықтар мен мiндеттер қамтылды.
II. ЕЛ ТУРАЛЫ
6. Қазақстан жас, жылдам дамып келе жатқан демократиялық президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет. Өз тәуелсiздiгiн жариялаған сәттен, 1991 жылғы 16 желтоқсаннан бастап, қоғамдық келiсiмдi нығайту, саяси тұрақтылықка кол жеткiзу және экономикалық өсу үшiн Қазақстан халықтарының игiлiгiне аз тiрлiк жасалынбады.
7. Қазақстан Республикасының аумағы - 2724, 9 мың шаршы шақырым. Ел әр қайсысы аудандарға, олар өз кезегiнде ауылдық елдi мекендерге бөлiнетiн 14 облысқа бөлiнедi. Әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы 2009 жылғы 1 қаңтарына 9923 бiрлiктi құрайды. Елорда - Астана қаласы.
8. 2009 жылғы 1 шiлдеде ел халқының саны 15880, 6 мың адам, оның iшiнде 8473, 5 мыңы қалалық (53, 4%), 7 407, 1 мың адам ауыл халқын (46, 6%) құрады. Жалпы Қазақстан бойынша халықтың тығыздығы бiр шаршы шақырымға 5, 8 адамды құрайды.
9. Қазақстанның құрылымы халықтардың тең құқылы қағидатына негiзделген. Қазақстанның этникалық құрамы 2009 жылғы 1 шiлдедегi жай-күй бойынша 140 топтан асады, олардың iшiндегi ауқымдысы - қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер және басқа да топтар.
10. Соңғы 10 жыл iшiнде Орталық және Шығыс Еуропаның бiр қатар елдерiнiң көрсеткiшiмен теңесiп, 1 000-нан 8 400-ге дейiн 8 есе өскен жан басына шаққандағы ЖIӨ деңгейi ел дамуының басты көрсеткiшi болып табылады.
11. 2009 жылдың ақпан-наурыз айларында өткiзiлген халық санағының нәтижелерi елдегi әлеуметтiк-экономикалық, демографиялық өзгерiстердi көрсеттi. Барлығынан бұрын халық өмiрi деңгейiнде оң iлгерiлеулер туралы сөз болып отыр. Кедейлiк деңгейiнен төмен өмiр сүрiп жатқан халық үлесi 34%-дан 12 %-ға дейiн төмендеген. 10 жыл iшiндегi халықтың ақшалай табыстары орташа есеппен 5 есе өстi.
12. Экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстан дағдарысқа қарсы шараларды iске асыруға жылдам кiрiскен әлемнiң алғашқы мемлекеттерiнiң бiрi болды. Сонымен бiрге, бұрында қабылданған әлеуметтiк мiндеттемелердiң ешқайсысынан бас тартпады. Бұдан басқа, бюджеттiк сала қызметкерлерiнiң жалақыларының, зейнетақының және әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi жобамен 30% өстi.
13. Халықтың туылуы жоғарылай бастады. Жалпы 10 жыл iшiнде халық саны 14 миллион 900 мыңнан 15 миллион 900 мыңға дейiн өстi.
14. Ерлер мен әйелдердiң өмiр сүру ұзақтығында жоғары алшақтық байқалады, егер 2007 жылы ерлер мен әйелдер арасындағы көрсеткiш алшақтығы 11, 6 жасты құраса, 2008 жылы 10, 5 жасқа дейiн төмендедi.
III. АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МЕН ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ НОРМАТИВТIК
ЖӘНЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ НЕГIЗДЕМЕЛЕРI
15. Өз тәуелсiздiгiнiң бiрiншi күнiнен бастап Қазақстан БҰҰ Жарғысында және Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында адам құқықтарын көтермелеу және қорғаудың жалпыға танылған қағидаларын қолдайтынын мәлiмдедi. Қазақстан Республикасының Конституциясында адам, оның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттiң ең құнды байлықтары деп айтылған.
16. Кепiлдiктi нығайту үшiн тәуелсiздiк жылдарында Қазақстан адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауда саласында аз атқармады. Ұлттық Құқықтық саясат тұжырымдамасында 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейiн құқықтық мемлекет қағидаларын одан әрi бекiту процесiнде бiр жағынан, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың ықтимал кепiлдiктерiне барынша, ал екiншi жағынан, барлық мемлекеттiк органдар, лауазымды тұлғалар, азаматтар мен ұйымдардың конституциялық мiндеттердi сөзсiз және толық орындауына қол жеткiзу болып табылады.
17. Қазақстан Республикасы Конституциясының Республика аумағында ең жоғары заңды күшi бар. Барлық қабылданатын заңдар және басқа да нормативтiк құқықтық актiлер оның ережелерiне сәйкес келуi тиiс, олай болмағанда оларды Конституциялық Кеңес заңсыз деп таниды және жойылуға жатады.
18. Қоғамда мұқият талқылағаннан кейiн 2007 жылы Конституцияға Парламенттiң және саяси партиялардың ролiн күшейткен тарихи өзгерiстер енгiзiлдi. Президенттiң көптеген өкiлеттiктерi Парламентке ауысты, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының (мәслихаттардың) ролi күшейдi.
19. Соңғы жылдар iшiнде сот төрелiгi жүйесiнде азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесi айтарлықтай күшейдi; билiктiң сот саласының тәуелсiздiгi күшейдi. Судьяларды Парламенттiң депутаттарынан, тәжiрибелi судьялардан және саясаткерлерден тұратын Жоғарғы сот кеңесi iрiктейдi. Жоғарғы соттың құрамын Сенат тағайындайды. Алқабилер сотын мамандандырылған соттарды енгiзу батыл қадам болды.
20. Қазақстан халықаралық құқықтың толыққанды субъектiсi және адам құқықтары саласындағы 60-тан астам көп жақты әмбебап халықаралық шарттардың қатысушысы болып табылады, оның iшiнде 7-уi "адам құқықтарын қорғаудың халықаралық құралдары" деп аталатын БҰҰ құқық қорғау конвенциялары.
21. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады.
22. Ратификацияланған халықаралық нормаларды сот практикасында белсендi қолдануды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты 2008 жылдың 10 шiлдесiнде "Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы" нормативтiк қаулы қабылдады. Онда ол судьяларды Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы құқықтың құрамдас бөлiгi болып табылатын Республика қатысатын халықаралық шарттардың нормаларын басшылыққа алуды мiндеттедi.
23. Конституцияға сәйкес, Республика Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
24. Парламент заң шығару қызметiн жүзеге асыратын, оның iшiнде адам құқықтары саласында, Республиканың ең жоғары өкiлдi органы болып табылады. Парламент тұрақты негiзде әрекет ететiн екi Палатадан: Сенат пен Мәжiлiстен тұрады.
25. Үкiмет Қазақстан Респубикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Үкiмет алқалы орган болып табылады және өзiнiң бүкiл қызметiнде Республика Президентiнiң алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламенттiң алдында жауапты.
26. Адам құқықтары мен бостандықтары заң шығару, атқарушы және сот билiгi шеңберiнде жүзеге асырылады. Сот билiгiнiң тәуелсiздiгi Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабында айтылған.
27. Сот қорғауынан басқа, әркiмнiң өзiнiң құқықтарын қорғау үшiн Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссияға, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi ұлттық комиссияға, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Балалардың құқықтары жөнiндегi комитетке өтiнiш жасауға құқығы бар. Азаматтар шағымдарды қарастыру үшiн Премьер-Министрдiң министрлiктердiң және ведомстволардың дербес ресми интернет сайттарына тiкелей жолдай алады.
28. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады, адам және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiру үшiн шаралар қабылдайды. Оның құқықтық мәртебесiн одан әрi нығайту мақсатында Үкiмет 2011 жылы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заң әзiрлейдi.
IV. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
29. Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық институционалдық тетiктерiнен мемлекет Адам құқықтары жөнiндегi комитеттiң, Азаптауларға қарсы комитеттiң, Нәсiлдiк кемсiтушiлiктi жою комитетiнiң, Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктi жою комитетiнiң жеке шағымдарды қабылдау құзыретiн таниды.
30. Қазақстан өзiнiң баяндамаларын шарттық органдарға мерзiмдi түрде ұсына отырып, олардың ұсыныстарын орындау бойынша шаралар қабылдай отырып, өзiнiң заңнамасын көрсетiлген шарттарға сәйкестендiре отырып, адам құқықтары саласында бақылаудың халықаралық құқықтық тетiктерiмен тұрақты ынтымақтастықты қолдап келедi. Қазiргi уақытта мемлекет өзiнiң мiндеттемелерiн ұстануының дәлелi болып табылатын Қазақстанның бастапқы, ал кейбiр комитеттерде екiншi және үшiншi мерзiмдi баяндамаларын қорғауды жүзеге асырды.
31. Соңғы жылдары Қазақстанда БҰҰ Адам құқықтары жөнiндегi Жоғарғы Комиссарының Басқармасының (АҚЖКБ) сарапшыларының делегациясы (2001 ж. ), БҰҰ Адам құқықтары жөнiндегi Жоғарғы Комиссарының орынбасары Б. Рамчаран (2003 ж. ), БҰҰ судьялар мен адвокаттардың тәуелсiздiгi жөнiндегi арнайы баяндамашысы Л. Деспуи (2004 ж. ), БҰҰ Адам құқықтары және терроризм мәселелерi жөнiндегi арнайы баямдамашысы М. Шейнин (2006 ж. ), БҰҰ Адам құқықтары жөнiндегi Жоғарғы Комиссары Л. Арбур (2007 ж. ), БҰҰ азаптаулар мен басқа да қатыгез түрлерi мәселелерi бойынша БҰҰ арнайы баяндамашысы М. Новак (2009 ж. мамыр), сондай-ақ аз халықтардың мәселелерi бойынша БҰҰ тәуелсiз сарапшысы Г. Макдугалл (2009 ж шiлде) болды. 2010 жылы жеткiлiктi тұрғын үй мәселелерi жөнiндегi арнайы баяндамашы Р. Рольниктiң сапары күтiлуде.
32. 2009 жылы шiлдеде Адам құқықтары жөнiндегi кеңестiң (АҚК) барлық арнайы рәсiмдердiң мекен-жайына тұрақты шақыру жолдады.
33. Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөнiндегi Жоғарғы Комиссарының Басқармасымен және Бiшкектегi АҚЖКБ аймақтық бөлiмiмен тығыз ынтымақтастықты жалғастырып келедi. Осы кеңсемен бiрлесе оның iшiнде Әмбебап кезеңдiк шолу бойынша бiрнеше жобалар iске асырылып келедi. 2008 және 2009 жылдары Қазақстан АҚЖКБ бюджетiне ерiктi жарна ретiнде 50 000 АҚШ долларын бөлдi.
V. ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ
Өмiр сүру құқығы
34. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар.
35. 2007 жылдың мамырында өткiзiлген конституциялық реформаның нәтижесiнде өлiм жазасын қолдану аясы қысқартылды және өлiм жазасын нақты жоюға алып келген, адамдардың өлiмiне алып келетiн террористiк қылмыстармен және соғыс уақытында жасалынған аса ауыр қылмыстармен шектелдi.
36. Қоғамда мемлекеттiң өлiм жазасын қолдануға қатысты әртүрлi пiкiр бар. Айталық, 2008 жылдың 1-жартыжылдығындағы қоғамдық сауалнама нәтижелерi бойынша қазақстандықтардың 66, 6 % өлiм жазасын шектен шыққан жағдайларда қолдану қажет, респонденттердiң 44, 3% өлiм жазасын қылмыстылық жағдайларының таралуындағы тежеушi фактор деп санайды, 38, 3% бұл шараны тиiмсiз және қылмыстылықтың таралуына ықпал етпейдi деп атаған.
37. Келтiрiлген мәлiметтерге қарамастан, өлiм жазасын кезең-кезеңмен жою саясаты iске асырылуда. 1997 жылы өлiм жазасы көзделген қылмыстар саны екi есе азайған. 2003 жылғы 19 желтоқсаннан бастап Мемлекет басшысы өлiм жазасының орындалуына, оны толық жою мәселесi шешiлгенге дейiн, мерзiмсiз мораторий жариялады. Қазiргi уақытта өлiм жазасын орындауға мораторий сақталуда.
38. Өлiм жазасы туралы соңғы үкiм өлiм жазасын қолдануға мораторий жарияланғанға дейiн 2003 жылы 12 адамға қатысты орындалды. Өлiм жазасы туралы соңғы үкiм 2005 жылы 2 адамға қатысты шығарылды, алайда мораторий жариялануымен және өмiр бойына бас бостандығынан айырумен алмастырылуына байланысты орындалмаған.
39. БҰҰ Бас Ассамблеясының 2006 жылғы 19 желтоқсандағы 61-сессиясында Республика Еуропалық Одақтың өлiм жазасын жою жөнiндегi өтiнiшiне қосылды.
40. Жалпы, Қазақстан қылмыстық заңнаманы iзгiлендiру жолында қарыштап келедi. Қылмыстық жауапкершiлiктi әкiмшiлiкпен алмастыру арқылы қылмыстық кодекстiң жекелеген баптарын қылмыс деп танымау процесi жүрiп жатыр. Анықтау және тергеу рәсiмдерiн ықшамдау, тараптардың бiтiмге келу институтын енгiзу, негiзсiз қылмыстық қудалаудан кепiлдiктi нығайту күтiлуде.
Жеке өмiр құқығы
41. Үкiмет жеке өмiрге қол сұғылмай қорғалуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды. Жеке өмiрге қол сұғылмау, өзiнiң және отбасының құпиясы болуын, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуын, жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуын бұзатын қылмыстардың өсуiне байланысты Парламент "Кейбiр заңнамалық актiлерге азаматтардың жеке өмiрiне қол сұғылмау құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заң жобасын қарайды.
42. 2009 жылғы 5 қаңтардан бастап ақпараттардың электронды жеткiзушiлерiн (чип) қамтитын жаңа үлгiдегi паспорттар шығару басталды, 2009 жылғы 8 қыркүйектен бастап электронды жеке куәлiк енгiзiлдi. Жеке басты куәландыратын электронды құжаттарға ауысу халықаралық стандарттарды қолдан жасаудан қорғауды ескере отырып, жүргiзiледi. Жеке деректердiң жариялануына немесе оларды пайдаланумен заңсыз мәмiле жасауға кедергi келтiретiн факторларды нығайту мақсатында Үкiмет Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарға, және дербес мәлiметтердi қорғауға қатысты заңдардың жобаларын, сондай-ақ жеке деректер туралы заң жобасын әзiрлейдi және Парламентке 2010 - 2011 жылдарда енгiзедi.
Теңдiк және кемсiтпеушiлiк
43. Мемлекет адам мен азаматтың жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, тегiне, мүлiктiк және лауазымдық жағдайына, тұрғылықты жерiне, дiнге көзқарасына, нанымына, қай қоғамдық бiрлестiкке жататындығына, сондай-ақ басқа да мән-жайларға қарамастан құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк бередi.
44. Ұзақ жылдар бойы Қазақстанда әр түрлi халықтардың бейбiт өмiр сүруiнiң ерекше тәжiрибесi жинақталды. Көп этникалық қоғамның қалыптасуы мен бекiтiлуiне қызметi халықаралық және конфессияаралық келiсiмдi нығайтуға бағытталған ерекше институт - Қазақстан халықтарының ассамблеясы көп ықпал еттi. 2007 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Парламентi барлық сайланбалы билiк салаларының маңызын елеулi өзгертетiн бiрқатар конституциялық түзетулер қабылдады. Маңызды конституциялық реформалардың жаңа бөлiмдерiнiң бiрi - Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарының санын 107-ге өсуi, оның 9-ы Қазақстан халықтарының ассамблеясынан алынатынды болды. Бұл қадам, сөз жоқ, Ассамблеяның ролiн аса жоғары дәрежеге көтердi. Бүгiн халықтар ассамблеясы ұлттық тиесiлiгiне қарамастан барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ететiн, барлық этностардың мүдделерiн бекiткен Қазақстанның саяси жүйесiнiң маңызды элементi болып тұр.
45. Мемлекет этностардың мәдениетi мен тiлдерiн дамытуға барлық жағдайлар жасауда. Газеттер мен журналдар 11 тiлде шығарылады, радио бағдарламалар 8 тiлде, ал телебағдармалар 7 тiлде шығады. Ұлттық тiлдерде шығатын бұқаралық ақпарат құралдардың жалпы тиражы қазақ және орыс тiлдегi бұқаралық ақпарат құралдарын санамағанда 80 мың данадан асады.
46. Этномәдени бiрлестiктердiң саны бiртiндеп өсуде. Олардың саны 621 дейiн өстi. 46 этнос өкiлдерiнiң өз орталықтары бар. Қазақ және орыс театрларынан басқа, Қазақстанда тағы төрт - өзбек, ұйғыр, корей және немiс театры жұмыс iстейдi. Олардың үшеуi - ТМД аумағында бiреу ғана. Оқу толығымен өзбек, тәжiк, ұйғыр және украин тiлдерiнде жүргiзiлетiн 88 мектеп бар. 108 мектепте Қазақстанның 22 этносының тiлдерi өзiндiк пән ретiнде оқытылады. Осыдан басқа, балалар ғана емес, үлкендер де 30 этностың тiлiн үйрене алатын 195 арнайы мамандандырылған лингвистикалық орталық ашылды. Қазiр оларда 7 мыңнан астам адам оқып жатыр.
47. Кемсiтушiлiк қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылады (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң баптары: 141 "Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу", 160 "Геноцид", 164 "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру") . Бұл қылмыстардың үрдiсi төмендегенi байқалады: егер 2006 жылы ел бойынша осы санаттағы 42 қылмысы тiркелсе, ал 2007 жылы - 36, 2008 жылы - 34, 2009 жылдың бiрiншi жарты жылдығында - бар-жоғы 5 қылмыс.
Азаптаудан, зорлық-зомбылықтан, басқа да қатал немесе адамның
беделiн түсiретiн қарым-қатынастардан қорғау
48. Қазақстан Республикасының Конституциясымен ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездiк немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайтындығына кепiлдiк берiледi.
49. Ұсталғанның, соның iшiнде азаптаудан қорғану құқығын бекiтетiн "Қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртiбi мен шарттары туралы" Заңда бекiтiлдi. Азаптағаны үшiн екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, қылмыстың ауырлығына байланысты бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру қылмыстық жауапкершiлiгi көзделедi. Азаптауларды қолданумен алынған мәлiметтердi дәлелдемелер ретiнде сотта танылмайды. Азаптаулар құрбандарының өтемақы алуға құқықтары бар.
50. Құқық қорғау органдарының және пенитенциарлық жүйенiң қызметкерлерiн, оның iшiнде, адам құқықтары саласында халықаралық құқықтық нормаларды және стандарттарды зерттеу мен қолдану бөлiгiнде оқыту және кәсiби деңгейiн көтеру бойынша тұрақты негiзде шаралар қабылданып жатыр.
51. Билiктiң құқық қорғау органдары тарапынан азаптауды қолдану фактiлерi орын алады. Айталық, Жоғарғы Соттың деректерi бойынша 2006 жылы азаптағаны үшiн 7 адам, 2007 жылы - 7 адам, 2008 жылы - 2 адам сотталған. Билiк және басқару, қоғамдық бiрлестiктер, ұйымдар, лауазымды адамдар және мемлекеттiк қызметшiлердiң заңсыз әрекеттерi (әрекетсiздiгi) фактiлерi бойынша iстердiң өскендiгi байқалады. Мысалыға, соттар 2008 жылы - 6 493 iстi қараған.
52. Нақты талдағаннан кейiн 2008 жылы Қазақстан Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенцияға факультативтiк хаттаманы ратификациялады және мемлекеттен тәуелсiз, ұлттық алдын алу тетiгiн әзiрлеу жөнiнде мiндеттеме қабылдады. Бүгiнде осындай тетiктiң негiзi ұлттық заңнамада бар. Төрт жыл бұрын Үкiмет үкiметтiк емес құқық қорғау ұйымдары өкiлдерiнiң қатысуымен өңiрлiк қоғамдық, байқау комиссияларын құру арқылы қоғамдық бақылауды енгiздi. Мұндай комиссиялар iшкi iстер органдарында және қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде әрекет етедi.
53. Азаптауларға қарсы Комитеттiң ұсыныстарын орындау және азаптауларға қарсы тұру жөнiндегi шараларды үйлестiру шеңберiнде Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 - 2012 жылдарға арналған Азаптауға қарсы БҰҰ Комитетiнiң ұсынымдарын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының жобасын әзiрледi. Осы ұсынымдардың жүзеге асыруда "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаматтарды ұстау негiздерi мен тәртiбiн бекiту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заң жобасы әзiрлендi. Бiрiншi рет заңнамалық деңгейде Заңнама арнайы мекемелердегi адамдарды қабылдаудың және тiркеудiң тәртiбi мен жағдайлары, олардың құқықтары мен мiндеттерi, оларға қатысты қабылданған шаралар мен оларды босату тәртiбi көзделген. Ерекшелегенде, арнайы мекемелердегi адамдардың посылканы, берiлiмдердi (сәлем-сауқат), кiтаптарды, журналдарды алуға, ата-аналарымен және басқа да адамдармен хат алмасуға және кездесуге, серуендеу мен мәдени-көпшiлiк iс-шараларға қатысуға құқықтары белгiленген. Заң жобасының бiр новелласының бiрi болып қоғамдық бақылау ұғымын қосу табылады, ол арқылы қоғамдық бiрлестiктер арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға көмек көрсетуге, жекелегенде медико-санитарлық қамтамасыз етуде, еңбектi ұйымдастыруда, бос уақытты және бiлiм алуда көмек беруге мүмкiндiк алады. Қазiргi уақытта Заң жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнде қаралуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz