Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен туындау негіздері


Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен туындау негіздері
Азаматтардың меншік құқығы жеке меншік құқығы түрлерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Азаматтардың меншік құқығы азаматтар меншігінің экономикалық санатын көрсетеді. Біз меншікті иемденуді алып қоғамдық қатынастар ретінде қарастырып отырғандықтан, азаматтардың меншіктері жеке дара иемдену тұрғысынан алғанда қоғамдық қатынастар болып табылады. Сонымен, азаматтардың меншіктері экономикалық санат ретінде жеке дара иемденудің барлық формаларын қамтиды. Азаматтық заңнама мүлікті азаматтар меншігіне айналдыру, олардың бұл мүлікті иемдену, пайдалану, оған билік ету және сол мүлікті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді. Қатынастардың бұл түрін реттейтін нормалар жиынтығы азаматтардың меншік құқығын құрайды, басқаша айтқанда бұл- объективтік мағынадағы меншік құқығы. Субъективтік мағынадағы меншік құқығы дегеніміз, ол- азаматтың өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және билеу жөніндегі, заңнамамен танылған және қорғалған құқығы. Тиісінше, қатаңырақ формада алғанда, азаматтардың меншік құқығы дегеніміз- материалдық игіліктерді жеке дара иемдену тұрғысынан алғандағы құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.
Кеңестік кезеңде азаматтар меншігіндегі тек ғана тұтынушылық сипат болды, ол мемлекеттің қоғамдық өнімінің бір бөлігін таратып бөлу нәтижесінде құрылды. Ал, иелік сипаты, көбіне, өндіру құралдарының мемлекетке тиесілігімен анықталған 90-шы жылдардың басында Қазақстанда өндіру құралдарының басым көпшілігі жекешелендірілді. Соның нәтижесінде иелік сипаты елеулі өзгерістерге ұшырады, ол өз кезегінде азаматтар меншігінің түрлеріне, оның мазмұнына өзгерістер енгізді. Өзгерістердің негізі Конституциясының 26-бабының 4-тармағында келтірілген, оған сәйкес «әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Яғни акцент меншіктің тұтынушылық сипатынан оның ұлғаюға ұмтылатын капитал ретінде жұмыс істеуін жандандыруға ауысты.
Азаматтардың меншік құқығының негізінде әр сипаттағы қатынастар болуы мүмкін. Олар иемдену тәсіліне, азаматтар меншігі пайда болғанда туындайтын экономикалық қатынастардың ерекшелігіне байланысты. Азамат материалдық игілікті өндіру процесінде де, бар материалдық игілікті бөлу және қайта бөлу процесінде де иемденеді. Өндіру процесінде иемдену өндіру құралдарын иелену нәтижесінде де, және онсыз да жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен қатар меншік жеке даралай немесе қоғамдық иемдену нәтижесінде де туындауы мүмкін. Азаматтардың жалданбалы жұмысшы ретіндегі еңбегі және олардың өздерінің жеке экономикалық қызметі меншіктің құрылуының негізгі көздері болып табылады. Экономикалық қызметтен барып кәсіпкерлік қызмет туындайды, ол дегеніміз- меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын қызмет (АК-ның 10-бабының 1-тармағы) . Кәсіпкерлік қызмет жалданбалы еңбекті қолданып та, қолданбай да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ерекшеліктер азаматтардың меншік иемденуінің әрқилы сипатын және түрлерін анықтайды.
Егер азамат өндіруді өзінің немесе қандай да бір негіздерде басқадан алған өндіру құралдарымен жүзеге асырса, онда иемдену нәтижесінде, жалпы ереже бойынша, дара еңбек меншігі (кіріс алуға бағытталмаған) немесе шағын жеке меншік (кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде) туындайды. Егер өндіру құралдарының меншік иесі өндіруге өзі тікелей қатыспай басқаның еңбегін пайдаланатын болса, ірі жеке меншік пайда болуы мүмкін. Азамат өзінің жалданбалы еңбегін өзі пайдаланса меншіктің дербес түрі құрылады. Өндіру құралдарының меншік иесі тек жекелеген адамдар ғана емес, жалпы қоғам да (мысалы, мемлекет) болуы мүмкін. Бұл жағдайда құрылатын мемлекеттік меншік жалақы, сыйақы, жәрдемақы, стипендия, медициналық қызмет көрсету, зейнетақы және т. б. арқылы біртіндеп азаматтың меншігіне ауысады. Азаматтардың мұндай меншігі өзіндік деп аталады, онда тұтынушылық сипат басым. Егер меншік өндіру нәтижесінде емес, материалдық игіліктерді бөлу немесе қайта бөлу (мысалы, мәміле жасағанда) нәтижесінде туындаса, ол кезде де дара меншік қатынасы туындайды. Бірақ бұл дара меншіктің негізіне меншік иесінің өндіргіш еңбегі алынбайды. 1) Заңды тұлғалар
2) Азаматтық құқық объектілері
3) Мәмілелер
Заңды тұлғалар
Ескерту. III, IV, V бөлiктер V, VI, VII бөлiктер болып есептелсiн - Қазақстан Республикасының 1998. 05. 10. N 282 Заңымен.
Жалпы ережелер
33-бап. Заңды тұлға ұғымы
1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.
2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.
34-бап. Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары
1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.
2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.
3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады.
3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.
4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (осы Кодекстiң 110-бабы) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz