Азаматтық құқықтар объектілері туралы



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Азаматтық құқықтар объектілері
 
1. Жалпы ережелер 
2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен 115-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
115-бап. Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi
1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық
объектiлерi бола алады.
2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде
шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық
интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар,
тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк
құқықтар мен басқа да мүлiк жатады.
2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Ақшаға және ақшалай міндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға)
(ақша төлеу жөніндегі талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан
Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе немесе
міндеттеме мәнінен туындамаса, тиісінше заттардың немесе мүліктік
құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимі қолданылады.
3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi,
денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге
қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу
құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес
игiлiктер мен құқықтар жатады.
 
116-бап. Азаматтық құқық объектiлерiнiң айналым қабiлеттiлiгi
1. Азаматтық құқық объектiлерi, егер ол айналымнан алынып тасталмаса немесе
айналымға шек қойылмаса, бiр адамнан екiншi адамға әмбебап құқықты
мирасқорлық (мұрагерлiк ету, заңды тұлғаны қайта құру) тәртiбiмен не өзге
де әдiспен еркiн берiледi немесе ауысады.
2. Берiлуге рұқсат етiлмейтiн заттардың түрлерi (айналымнан алынып
тасталған заттар) заң құжаттарында тiкелей көрсетiлуге тиiс.
3. Айналымның белгiлi бiр қатысушысына ғана тиесiлi болуы мүмкiн не
алынуына немесе берiлуiне арнайы рұқсат бойынша (айналым қабiлеттiгi
шектеулi заттар) жол берiлетiн заттардың түрлерi заңдарда белгiленедi.
4. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар заң құжаттарында белгiленген
реттердi қоспағанда, басқа әдiспен берiлмейдi және ауыспайды.
 
117-бап. Қозғалмайтын және қозғалатын мүлiк
1. Жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) жер учаскелерi,
үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге
мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн
болмайтын мүлiк жатады.
2. Мемлекеттiк тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi сауда жүзу
кемесi, "өзен-теңiз" жүзу кемесi, ғарыштық объектiлер де қозғалмайтын
заттарға теңестiрiледi. Заң құжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге
мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн.
3. Қозғалмайтын заттарға жатпайтын мүлiк, оның iшiнде ақша мен бағалы
қағаздар қозғалатын мүлiк деп танылады. Заң құжаттарында көрсетiлгеннен
басқа реттерде қозғалатын мүлiкке құқықтарды тiркеу талап етiлмейдi.
 
118-бап. Қозғалмайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу
1. Қозғалмайтын заттарға меншiк құқығы мен басқа да құқықтар, бұл
құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттiк
тiркелуге тиiс.
2. Меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы, оралымды басқару құқығы, бiр
жылдан астам мерзiмге жер пайдалану құқығы, бiр жылдан астам мерзiмге
пайдалану құқығы, жылжымайтын мүлiктi кепiлге беру, жылжымайтын мүлiкке
рента, сенiм бiлдiру арқылы басқару құқығы мемлекеттiк тiркеуден өткен
кезден бастап пайда болады.
3. Қозғалмайтын мүлiкпен жасалатын мәмiле осы Кодекстiң 4-тарауындағы
ережелер сақтала отырып, мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
4. Қозғалмайтын мүлiкке құқықты және онымен жасалатын мәмiленi мемлекеттiк
тiркеудi жүзеге асырушы орган құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша тiркелген
құқық немесе мәмiле туралы құжат беру арқылы не тiркеу үшiн табыс етiлген
құжатқа жазба жасау арқылы тiркеуден өткендiгiн растауға мiндеттi.
5. Қозғалмайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалған мәмiленi
мемлекеттiк тiркеу жария түрде өтедi. Тiркеудi жүзеге асырушы орган
жасалған тiркеу мен тiркелген құқықтар туралы ақпаратты кез келген адамға
беруге мiндеттi.
6. Қозғалмайтын мүлiкке құқықты немесе онымен жасалатын мәмiленi
мемлекеттiк тiркеуден бас тартқан не тiркеуден негiзсiз жалтарған жағдайда
сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
7. Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi және тiркеуден бас тарту негiздерi осы
Кодекске сәйкес қозғалмайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын
мәмiленi тiркеу туралы Қазақстан Республикасы Заңымен белгiленедi.
 
119-бап. Кәсiпорын
1. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын мүлiктiк кешен
құқық объектiсi түрiндегi кәсiпорын деп танылады.
Кәсiпорын тұтасымен мүлiктiк кешен ретiнде қозғалмайтын мүлiк деп танылады.

2. Мүлiктiк кешен ретiнде кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне арналған
мүлiктiң барлық түрлерi, соның iшiнде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-
саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесiне құқық, талап ету құқықтары,
борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтар
(фирмалық атау, тауар белгiлерi) және, егер заң құжаттарында немесе шартта
өзгеше көзделмесе, басқа да айрықша құқықтар енедi.
3. Кәсiпорын тұтасымен немесе оның бiр бөлiгi сатып алу-сату, кепiлге,
арендаға беру және заттық құқықтарды белгiлеуге, өзгертуге және тоқтатуға
байланысты басқа да мәмiлелер объектiсi болуы мүмкiн.
4. Мүлiк кешенi ретiндегi кәсiпорын құрамындағы борыштарды берген кезде
несие берушiлердiң құқықтарына осы Кодекстiң 48-бабында көзделген тәртiппен
кепiлдiк берiледi.
 
120-бап. Бөлiнетiн және бөлiнбейтiн мүлiк
1. Мүлiк бөлiнетiн және бөлiнбейтiн болуы мүмкiн.
Бөлiнетiн мүлiк дегенiмiз - бөлу нәтижесiнде бөлiктерi өз мақсатын
(мiндетiн) жоғалтпайтын мүлiк.
Бөлiнбейтiн мүлiк дегенiмiз - өзiнiң шаруашылық мақсатын (мiндетiн)
өзгертпей бөлуге болмайтын немесе заң құжатында ұйғарылуына қарай бөлуге
жатпайтын мүлiк.
2. Құқық объектiлерi ретiнде бөлiнбейтiн заттардың ерекшелiктерi заңдарда
белгiленедi.
 
121-бап. Күрделi заттар
1. Егер әртектi заттар оны бiрiгу мәнi белгiлейтiн мақсаты бойынша
пайдалануға мүмкiндiк беретiн бүтiн бiр затты құрайтын болса, олар бiр зат
(күрделi зат) деп қаралады.
2. Күрделi зат жөнiнде жасалған мәмiленiң күшi, егер шартта өзгеше
белгiленбесе оның барлық құрамдас бөлiктерiне қолданылады.
 
122-бап. Басты зат және керек-жарақ
Керек-жарақ, яғни басты затқа қызмет етуге арналған және ортақ шаруашылық
мақсатқа қолданылуы сонымен байланысты болатын зат, егер заңдарда немесе
шартта өзгеше белгiленбесе, басты затқа iлесiп жүредi.
 
123-бап. Жемiстер, азық-түлiк және табыстар
Мүлiктердi пайдалану нәтижесiнде алынған түсiм (жемiстер, өнiмдер,
табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлiктi пайдалану туралы шартта өзгеше
көзделмесе, осы мүлiктi заңды негiзде пайдаланушы адамға тиесiлi болады.
 
124-бап. Жануарлар
Заңдарда өзгеше белгiленбегендiктен, жануарларға заттар туралы жалпы
ережелер қолданылады.
 
125-бап. Интеллектуалдық меншiк
1. Осы Кодексте және өзге де заң актiлерiнде белгiленген реттер мен тәртiп
бойынша азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық
қызметтiң нәтижелерiне және оларға теңестiрiлген заңды тұлғаны дараландыру
құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзi орындайтын жұмысының немесе
қызметiнiң өнiмдерiне (фирмалық атау, тауар белгiсi, қызмет көрсету белгiсi
және т.б.) ерекше құқығы танылады.
2. Шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нәтижелерi мен ерекше құқықтардың
(интеллектуалдық меншiктiң) объектiсi болуы мүмкiн даралану құралдарын
пайдалануды үшiншi жақтар құқық иеленушiнiң келiсiмiмен ғана жүзеге
асырылады.
 
126-бап. Қызметтiк және коммерциялық құпия
1. Үшiншi жаққа белгiсiз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе
потенциалды коммерциялық құны болып, онымен заңды негiзде еркiн танысуға
болмайтын және ақпаратты иеленушi оның құпиялылығын сақтауға шара
қолданатын ретте, қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын
ақпарат азаматтық заңдармен қорғалады.
2. Мұндай ақпаратты заңсыз әдiстермен алған адамдар сондай-ақ еңбек шартына
қарамастан қызметшiлер немесе азаматтық-құқықтық шартқа қарамастан
контрагенттер қызметтiк немесе коммерциялық құпияны жария етсе, келтiрiлген
залалдың орнын толтыруға мiндеттi.
 
127-бап. Ақша (валюта)
1. Қазақстан Республикасының ақша бөлiнiсi теңге болып табылады.
2. Теңге Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында өз құны бойынша
қабылдануға мiндеттi заңды төлем құралы болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы аумағында төлемдер қолма қол төлеп және қолма қол
төлемей есеп айырысу түрiнде жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың
реттерi, тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленедi.
 
128-бап. Валюталық қазыналар
1. Валюталық қазыналар деп танылатын мүлiк түрлерi және олар арқылы
мәмiлелер жасау тәртiбi заң құжаттарында белгiленедi.
2. Валюталық қазыналарға меншiк құқығы Қазақстан Республикасында жалпы
негiздерде қорғалады.
 
§ 1-1. Қаржы құралдары 
128-1-бап. Қаржы құралдары
1. Қаржы құралы – операциялар нәтижесінде бір ұйымның қаржылық активімен
бір мезгілде басқа ұйымда қаржылық міндеттеме немесе үлестік құрал
туындайтын ақша, туынды құнды қағаздарды қоса алғанда, құнды қағаздар,
туынды қаржы құралдары мен басқа да қаржы құралдары.
2. Қаржылық актив – ақшасын, басқа ұйымның үлестік құралын білдіретін кез
келген актив, басқа ұйымнан ақшасын немесе өзге де қаржылық активті алуға
немесе өзі үшін ықтимал тиімді жағдайларда басқа ұйыммен қаржылық
активтермен немесе қаржылық міндеттемелермен алмасуға шарттық құқық немесе
есеп айырысу ұйымның меншікті үлестік құралдарымен жүзеге асырылатын немесе
жүзеге асырылуы мүмкін және бұл ретте, ұйымның меншікті үлестік
құралдарының ауыспалы санын алатын немесе алуы міндетті болатын туынды
құрал немесе ақшасының немесе өзге де қаржылық активтің белгіленген сомасын
алмастыру жолынан гөрі есеп айырысу ұйымның меншікті үлестік құралдарының
белгіленген санына кез келген өзге тәсілмен жүргізілетін немесе жүргізілуі
мүмкін туынды құрал болып табылатын шарт.
3. Қаржылық міндеттеме – ақшасын немесе өзге де қаржылық активті басқа
ұйымға беру немесе өзі үшін ықтимал тиімсіз жағдайларда басқа ұйыммен
қаржылық активтермен немесе қаржылық міндеттемелермен алмасудың шартты
міндеттемелерін білдіретін кез келген міндеттеме немесе есеп айырысу
ұйымның меншікті үлестік құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге
асырылуы мүмкін және бұл ретте, ұйымның меншікті үлестік құралдарының
ауыспалы санын беретін және беруге міндетті болатын туынды емес құрал
немесе ақшасының немесе өзге де қаржылық активтің тіркелген сомасын
алмастыру жолынан гөрі есеп айырысу ұйымның меншікті үлестік құралдарының
тіркелген санына кез келген өзге тәсілмен жүргізілетін немесе жүргізілуі
мүмкін туынды құрал болып табылатын шарт.
4. Үлестік құрал – ұйымның барлық міндеттемелері шегерілгеннен кейін
қалатын оның активтеріндегі қалдық үлесіне құқығын растайтын кез-келген
шарт.
 
128-2-бап. Туынды қаржы құралдары
1. Туынды қаржы құралдары – болашақта осы шарт бойынша есеп айырысуды
жүргізуді көздейтін, құны шарттың базалық активінің мөлшеріне (мөлшердің
ауытқуын қоса алғанда) тәуелді шарт.
2. Туынды қаржы құралдарына опциондар, фьючерстер, форвардтар, своптар және
осы белгілерге сай келетін басқа да туынды, оның ішінде жоғарыда аталған
туынды қаржы құралдарының комбинациясы болып табылатын қаржы құралдары
жатады.
3. Тауарлар, тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар,
валюта, индекстер, проценттік ставкалар және нарықтық құны бар басқа да
активтер, болашақтағы оқиғалар немесе жағдайлар, туынды қаржы құралдары
туынды қаржы құралдарының базалық активтері болып табылады.
 
128-3-бап. Опцион
1. Опцион – оған сәйкес бір тарап (опцион сатушысы) екінші тарапқа
(опционды сатып алушы) болашақта келісілген жағдайларда пәтуаласқан баға
бойынша базалық актив сатып алу немесе сату құқығын сататын туынды қаржы
құралы. Опционды сатушы өзіне міндеттемелер алады, ал сатып алушы құқыққа
ие болады.
2. Опционды сатушы опционды сатып алушыға сыйлықақы деп аталатын сыйақыға
опционды сатады. Опционның келісілген жағдайлары деп мынадай міндетті
шарттарды келісу түсініледі: базалық активтің түрі, базалық активтің жалпы
құны (опцион жасалатын сома), базалық активтің бағасы (страйк – опционды
орындау бағасы), опционның сыйлығы, опционның мерзімі (опционның қолданылу
кезеңі), опционның түрі.
3. Егер опционды сатып алушы өзі сатып алған құқықты іске асырса, онда
опцион орындалды деп есептеледі.
 
128-4-бап. Своп
Своп – оған сәйкес тараптар келісілген шарттармен базалық активтер немесе
болашақтағы базалық активтер бойынша төлемдерді айырбастау жөнінде
пәтуаласатын туынды қаржы құралы.
 
128-5-бап. Форвард
1. Форвард – сатып алушы (немесе сатушы) болашақта келісілген шарттарда
базалық активті сатып алудың (немесе сатудың) белгіленген мерзімі өткеннен
кейін міндеттемені өзіне алатын туынды қаржы құралы.
2. Форвард ұйымдастырылмаған нарықта жасалады.
 
128-6-бап. Фьючерс
Фьючерс – сатып алушы (немесе сатушы) ұйымдастырылған нарықта белгіленген
стандартты шарттарға сәйкес базалық активті сатып алудың (немесе сатудың)
белгіленген мерзімі өткеннен кейін міндеттемені өзіне алатын тек
ұйымдастырылған нарықта айналымға түсетін туынды қаржы құралы.
 
 
2. Бағалы қағаздар 
129-бап. Бағалы қағаздар
1. Бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен
басқа да белгiлердiң жиынтығы.
2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен 129-бап 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Бағалы қағаздар борыштық және үлестік болуы мүмкін.
Борыштық бағалы қағаз – эмитенттің (борышкердің) осы бағалы қағаздарды
шығару шарттарында борыштың негізгі сомасын төлеу жөніндегі міндеттемесін
куәландыратын бағалы қағаздар.
Үлестік бағалы қағаз – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
жағдайларда мүлік иесінің мүлікке белгіленген үлесіне иелік ету құқығын
куәландыратын бағалы қағаз.
2. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың осы
Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен
айқындалған өзге де түрлерi жатады.
3. Бағалы қағаздар шығарылым нысаны бойынша:
1) құжатты және құжатсыз;
2) эмиссиялық және эмиссиялық емес;
3) атаулы, ұсынбалы және ордерлiк бағалы қағаздар болып бөлiнедi.
Құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда (бағалы қағаздың мазмұнын арнаулы
техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ тiкелей оқу мүмкiндiгi болатын қағаз
немесе өзге материалдық жеткiзушi) шығарылған бағалы қағаздар.
Құжатсыз бағалы қағаздар - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы
түрiнде) шығарылған бағалы қағаздар.
Эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде осы шығарылым үшiн
бiрдей жағдай негiзiнде орналастырылатын және айналымда болатын, бiртектi
белгiлерi мен реквизиттерi бар бағалы қағаздар.
Эмиссиялық емес бағалы қағаздар - осы тармақтың төртiншi бөлiгiнде
көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн бағалы қағаздар.
Атаулы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға
тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.
Ұсынбалы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың бағалы қағазды
ұсынушыға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.
Ордерлiк бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға,
ал оларға осы құқықтар осы Кодекстiң 132-бабының 3-тармағында көзделген
тәртiппен берiлген жағдайда, басқа тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы
қағаз.
4. Осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен
бағалы қағаздардың белгiлi бiр түрiн қайсыбiр нысанда шығару мүмкiндiгiне
жол берiлмеуi мүмкiн.

130-бап. Бағалы қағазға құқықтарды растау
1. Бағалы қағаздың өзi құжатты бағалы қағазға құқықты растау болып
табылады. Құжатты бағалы қағаздар бағалы қағаздар рыногының кәсiби
қатысушысына сақтауға берiлген жағдайда, оның есебiн жүргiзу мақсатында осы
кәсiби қатысушы ашқан шоттан алынған үзiндi көшiрме оған берiлген
лицензияға сәйкес уәкiлеттiнiң осы бағалы қағазды осылай сақтауға құқығын
растау болып табылады. Құжатты бағалы қағаз бен аталған шоттан берiлген
үзiндi көшiрменiң арасында алшақтық болған кезде үзiндi көшiрмеге басымдық
берiледi.
2. Бағалы қағаздар рыногының өзiне берiлген лицензияға сәйкес бағалы
қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеуге уәкiлеттi кәсiби қатысушысындағы
бағалы қағаздың есебiн жүргiзу мақсатында ашылған шоттан үзiндi көшiрме
құжатсыз бағалы қағазға құқықты растау болып табылады.
3. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының бағалы қағаздардың
есебiн жүргiзуге арналған шоттарды ашу және жүргiзу тәртiбi, сондай-ақ
осындай шоттардан берiлетiн үзiндi көшiрменiң мазмұны мен ресiмделуiне
қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
 
131-бап. Бағалы қағазға қойылатын талаптар
1. Бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлерi, бағалы
қағаздардың мiндеттi реквизиттерi, бағалы қағаз нысанына талаптар және
басқа да қажеттi талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгiленген
тәртiп бойынша белгiленедi.
2. Бағалы қағаздың мiндеттi реквизиттерi болмауы немесе бағалы қағаздың ол
үшiн белгiленген нысанға сәйкес келмеуi оның жарамсыз болуына әкелiп
соқтырады.
 
132-бап. Бағалы қағаз бойынша құқықтар беру
1. Ұсынушыға бағалы қағазбен куәландырылған құқықты басқа адамға беру үшiн
бағалы қағазды сол адамға тапсыру жеткiлiктi.
2. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар талапты (цессияны)
жеңiлдету үшiн белгiленген тәртiп бойынша берiледi. Бағалы қағаз бойынша
құқық берушi адам осы Кодекстiң 347-бабына сәйкес бұл талапты орындау үшiн
емес, тиiстi талаптың жарамсыздығы үшiн жауапты болады. Атаулы бағалы қағаз
бойынша құқықтарды басқа адамға берген кезде берiлетiн қағаз жойылады, ал
оның жаңа иесiне басқа бағалы қағаз берiледi.
2-1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар беру және солар бойынша
құқықтарды растау ерекшелiгi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен
айқындалады.
3. Ордерлiк бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағазға берiлген жазу -
индоссамент арқылы берiледi. Ордерлiк бағалы қағаз бойынша құқық берушi
адам (индоссант), жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы Қазақстан
Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда,
құқықтың болуы үшiн ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшiн де жауапты болады.

Бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық
құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берiлетiн адамға - (индоссантқа)
немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкiлiк болуы мүмкiн
(орындауға тиiс адам көрсетiлмейдi).
Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды
индоссантқа бермей-ақ (сену индоссаментi) индоссаментке тапсырумен ғана
шектелуi мүмкiн. Бұл жағдайда индоссант өкiл ретiнде әрекет жасайды.
 
133-бап. Бағалы қағаз бойынша орындау
1. Бағалы қағазды берген адам және оны индоссиялаған барлық адамдар,
жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы Қазақстан Республикасының заң
актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, оның заңды иесiнiң алдында
бiрге жауап бередi. Бағалы қағаздың заңды иесiнiң сондай қағазбен
куәландырылған мiндеттемесiн бағалы қағаз бойынша мiндеттенгендердiң
арасынан бiр немесе бiрнеше адамның орындауы туралы талабын
қанағаттандырған ретте олар бағалы қағаз бойынша өздерiнен бұрын
мiндеттенген өзге адамдарға керi талап қою (регресс) құқығына ие болады.
2. Мiндеттеменiң негiзi болмауын не оның жарамсыздығын сылтауратып бағалы
қағазбен куәландырылған мiндеттеменi орындаудан бас тартуға жол берiлмейдi.

3. Бағалы қағаздың жалғандығын немесе жасандылығын байқаған бағалы қағаз
иесi өзiне қағазды берген адамға, бағалы қағазбен куәландырылған
мiндеттеменi лайықты орындау туралы және залалдардың орнын толтыру туралы
талап қоюға құқылы.
4. Заңсыз иеленушiнiң қолындағы бағалы қағаз бойынша құқықтар жүзеге
асырылмауға тиiс.
 
134-бап. Бағалы қағазды қалпына келтiру
Жоғалған бағалы қағаз бойынша және ордерлiк бағалы қағаз бойынша ұсынушы
құқығын қалпына келтiрудi iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiппен сот
жүргiзедi.
 
136-бап. Облигация
1. Облигация - шығару кезiнде айналыс мерзiмi алдын ала белгiленген, оны
шығару шарттарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы
алу және оның айналыс мерзiмiнiң аяқталуы бойынша облигацияның ақшалай
немесе өзге де мүлiктiк балама түрдегi нақты құнын алу құқығын
куәландыратын бағалы қағаз.
2. Облигациялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретiнде шығарылады.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi, коммерциялық ұйымдар облигациялар шығаруға құқылы.
4. Облигациялардың түрлерi және оларды шығару тәртiбi Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгiленедi.
 
 139-бап. Акция
1. Акция - акционерлiк қоғам шығаратын және акционерлiк қоғамды басқаруға
қатысуға, ол бойынша дивиденд және акционерлiк қоғам таратылған жағдайда
оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алуға құқықтарды, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын
бағалы қағаз.
2. Акциялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретiнде шығарылады.
3. Акциялардың түрлерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен
белгiленедi.
Акцияларды шығару тәртiбi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы
туралы заңдарымен белгiленедi.
4. Акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық
емес ұйымдар өз акциялары бойынша дивидендтер төлеудi жүзеге асырмайды.
5. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзiнiң әрекетiмен немесе
әрекетсiздiгiмен акционерлiк қоғамның мүддесiн бұзған акционерден
акцияларды сот шешiмi бойынша сатып алу мүмкiндiгi көзделуі мүмкiн.
Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдарда, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында Қазақстан
Республикасының заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен есептелетiн меншiктi
капиталдың тepic мөлшерi болған жағдайда, олардың акцияларын мәжбүрлеп
сатып алудың мүмкiндiгi мен негiздемесi көзделуi мүмкiн.
 
139-1-бап. Банктік депозит сертификаты
Банктік депозит сертификаты - өз ұстаушысының шығару шарттарында
белгіленген айналыс мерзімі аяқталғаннан кейін не ол аяқталғанға дейін
номиналды құнын, сондай-ақ шығару шарттарында белгіленген мөлшерде сыйақы
алу құқығын растайтын атаулы эмиссиялық емес бағалы қағаз.
 
 
3. Мүліктік емес өзіндік құқықтар
141-бап. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарды қорғау
1. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтары бұзылған адамның, осы Кодекстiң 9-
бабында көзделген шаралардан басқа, осы Кодекстiң ережелерi бойынша
моральдық зардаптарын өтетуге құқығы бар.
2. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтардың қорғалуын азаматтық iс жүргiзу
заңдарында көзделген тәртiп бойынша сот жүзеге асырады.
3. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе құқық бұзған адамның кiнәсiне
қарамастан, мүлiктiк емес өзiндiк құқықтар қорғалуға тиiс. Қорғау туралы
талап қойған адам өзiнiң мүлiктiк емес өзiндiк құқығының бұзылуын нақты
дәлелдеуге тиiс.
4. Мүлiктiк емес өзiндiк құқығы бұзылған адам өз таңдауы бойынша оны
бұзушыдан бұзылу зардаптарын жоюды немесе бұзушының есебiнен өз бетiнше
қажеттi әрекеттер жасауды не олардың орындалуын үшiншi жаққа тапсыруды
талап етуi мүмкiн.
 
142-бап. Мүлiктiк құқықтармен байланысты мүлiктiк емес өзiндiк құқықтар
Мүлiктiк емес өзiндiк және мүлiктiк құқықтар бiр мезгiлде бұзылған жағдайда
мүлiктiк емес өзiндiк құқықтардың бұзылғандығы үшiн жәбірленушiге тиесiлi
өтем ескерiле отырып, мүлiктiк зиянның орнын толтыру мөлшерi ұлғаяды.
 
143-бап. Ар-намысты, қадiр-қасиеттi және iскерлiк беделдi қорғау
1. Азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе
іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске
шығаруды талап етуге құқылы.
2. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе
iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтар бұқаралық ақпарат құралдары
арқылы таратылған болса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн
терiске шығарылуға тиiс.
Егер аталған мағлұматтар ұйымнан шыққан құжатта болса, бұл құжаттағы
мағлұматтардың шындыққа сай келмейтiндiгi туралы тиiстi адамға мiндеттi
түрде хабарлана отырып, мұндай құжат алмастырылуға немесе керi сұратып
алынуға тиiс.
Өзге реттерде терiске шығару тәртiбiн сот белгiлейдi.
3. Бұқаралық ақпарат құралдары азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты
олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн мағлұматтар
жарияласа, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауаптарын тегiн
жариялауға құқылы.
4. Бұқаралық ақпарат құралдарында терiске шығаруды не жауапты жариялау
туралы азаматтың немесе заңды тұлғаның талабы, егер бұқаралық ақпарат
органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым
жасамаса, сондай-ақ ол таратылған ретте, сотта қаралады.
5. Егер соттың шешiмi орындалмаса, сот тәртiп бұзушыға бюджеттiң кiрiсiне
өндiрiлiп алынатын айыппұл салуға құқылы. Айыппұл азаматтық iс жүргiзу
заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде салынады. Айыппұл төлеу тәртiп
бұзушыны сот шешiмiнде көзделген әрекеттi орындау мiндетiнен босатпайды.
6. Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, қадiр-
қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтар таратылған
болса, олар мұндай мағлұматтарды терiске шығарумен бiрге олардың
таратылуымен өздерiне келтiрiлген залалдың немесе моральдық зиянның орнын
толтыруды талап етуге құқылы.
7. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және
iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтарды таратушыны анықтау мүмкiн
болмаса, өзi жөнiнде осындай мағлұматтар тараған адам таратылған
мағлұматтарды шындыққа сай келмейдi деп тану туралы сотқа жолдануға құқылы.
 
144-бап. Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы
1. Азаматтың жеке бас құпиясын, оның iшiнде хат алысу, телефон арқылы
сөйлесу, күнделiктер, естелiктер, жазбалар, iшкi жан сыры, бала асырап алу,
туу құпиясын, дәрiгерлiк, адвокаттық құпияны, банктiк салымдар құпиясын
сақтауға құқығы бар.
Жеке бас құпиясы заң құжаттарында белгiленген реттерде ғана ашылуы мүмкiн.
2. Күнделiктердi, жазбаларды, естелiктердi және басқа құжаттарды жариялауға
- олардың авторының келiсiмiмен, ал хаттарды олардың авторы мен
алысушысының келiсiмiмен ғана жариялауға жол берiледi. Олардың қайсыбiрi
қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамның артында
қалған жұбайының және балаларының келiсiмiмен жариялануы мүмкiн.
 
145-бап. Өз бейнесiне құқық
1. Қандай да бiр адамның суреттiк бейнесiн оның келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс
болған жағдайда - мұрагерлерiнiң келiсiмiнсiз пайдалануға ешкiмнiң де
құқығы жоқ.
2. Басқа адам бейнелеген бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм
және басқалар) - бейнеленген адамның келiсiмiмен, ал ол қайтыс болғаннан
кейiн оның балалары мен артында қалған жұбайының келiсiмiмен ғана
жариялауға, қайта шығаруға және таратуға жол берiледi. Егер заң
құжаттарында белгiленсе, не бейнеленген адам ақы алып кескiнделген болса,
ондай келiсiм талап етiлмейдi.
 
146-бап. Тұрғын үйге қол сұғылмау құқығы
Заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде азаматтың тұрғын үйге қол
сұққызбау құқығы болады, яғни тұрғын үйiне өзiнiң еркiнен тыс баса-көктеп
кiрудiң кез келген әрекетiн тыюға құқығы бар.
 
4-тарау. Мәмілелер 
147-бап. Мәмiле ұғымы
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн
белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп
танылады.
 
148-бап. Бiржақты мәмiлелер мен шарттар
1. Мәмiлелер бiржақты және екi немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкiн.
2. Заңдарға немесе тараптардың келiсiмiне сәйкес жасалуы үшiн бiр тараптың
ерiк бiлдiруi қажет және жеткiлiктi болатын мәмiле бiржақты мәмiле деп
есептеледi.
3. Шарт жасасу үшiн екi тараптың (екiжақты мәмiле) не үш немесе одан да көп
тараптың (көпжақты мәмiле) келiсiлген ерiк бiлдiруi қажет.
 
149-бап. Бiржақты мәмiлелердi құқықтық реттеу
1. Бiржақты мәмiле мәмiле жасаған адамға мiндеттер жүктейдi. Ол басқа
адамдарға заң құжаттарында белгiленген не сол адамдармен келiсiм болған
реттерде ғана мiндеттер жүктей алады.
2. Бiржақты мәмiлелерге тиiсiнше мiндеттемелер туралы және шарттар туралы
жалпы ережелер қолданылады, өйткенi бұл заңдарға, мәмiленiң табиғаты мен
мәнiне қайшы келмейдi.
 
150-бап. Шартпен жасалған мәмiлелер
1. Егер тараптар құқықтар мен мiндеттердiң туындауын басталу-басталмауы
белгiсiз мән-жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiнге қалдырылатын
шартпен жасалды деп есептеледi.
2. Егер тараптар құқықтар мен мiндеттемелердiң тоқтатылуын басталу-
басталмауы белгiсiз мән-жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiн күшi
жойылатын шартпен жасалды деп есептеледi.
3. Егер шарттың басталуы тиiмсiз болатын тарап шарттың басталуына терiс
пиғылмен кедергi жасаса, шарт басталды деп танылады.
Егер шарттың басталуы тиiмдi болатын тарап шарттың басталуына терiс
пиғылмен ықпал етсе, шарт басталмаған деп танылады.
 
151-бап. Мәмiленiң нысаны
1. Мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық).

2. Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не нотариалдық)
немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар
жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай
мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған
ретте де жасалған деп саналады.
3. Жетон, билет немесе әдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi
арқылы расталған мәмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде
жасалған болып табылады.
4. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде
мәмiле жасауға ерiк бiлдiру деп танылады.
5. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшiн жасалған мәмiлелер, егер
заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келiсiмi бойынша ауызша жасалуы мүмкiн.
 
152-бап. Мәмiленiң жазбаша түрi
1. Мынадай мәмiлелер:
1) егер мәмiлелердiң жекелеген түрлерi үшiн заңдарда өзгеше арнайы
көзделмесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан
туындамаса, мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа,
кәсiпкерлiк қызмет үрдiсiнде жүзеге асырылатын;
2) мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, жүз есептiк
көрсеткiш жоғары сомаға;
3) заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген өзге де реттерде
жазбаша түрде жасалуға тиiс.
2. Егер iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан өзгеше туындамаса,
жазбаша түрде жасалған мәмiлеге тараптар немесе олардың өкiлдерi қол қоюға
тиiс.
Егер заңдарға немесе мәмiлеге қатысушылардың бiрiнiң талаптарына қайшы
келмесе, мәмiле жасау кезiнде қол қоюдың факсимилелiк көшiрме, электрондық
цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға жол берiледi.
3. Екiжақты мәмiлелер әрқайсысына өзiн жасаған тараптар қол қойған
құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкiн.
Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар
немесе субъектiлердi және олардың ерiк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтар объектілері
Азаматтық құқық объектілерінің түрлері
Интеллектуалдық меншік объектілеріне айрықша құқықтар
Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар
Мүліктер азаматтық құқықтың объектісі ретінде
Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері мен ерекшеліктері
Интеллектуалды меншік объектілері
Азаматтық құқық обьектісінің түсінігі
Азаматтық құқық субъектілерінің түсінігі
Азаматтық құқық қатынастарының элементтері
Пәндер