Айырбас шарты туралы жалпы түсінік
Курстық жұмыстың жоспары
I Кіріспе бөлімі ----------------------------------- ----------------------
-----------------------------------
1. Айырбас шарты туралы жалпы түсінік
1.1. Айырбас, сыйға тарту шарттарының жалпы ұғымы мен нысаны----------
1.2. Сыйланған заттың кемшiлiктерi салдарынан зиян келтiру зардабы.
Айырбас шарты бойынша баға мен шығындар ---------------------------------
-------------
1.3. Айырбас шартының элементтері ----------------------------------- -----
----------------------
1.4. Айырбас шартының түрлері----------------------------------- ----------
-------------------------
2. Шартқа қатысушы субьектілер
2.1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері------------------------- --------
-----------------
2.2. Айырбас шарты бойынша өзара тауар беру мiндеттемелерiн орындау--
2.3. Шарттан туындайтын жауапкершілік---------------------- ---------------
------------------
3. Шарттың өзге де жағдайлары
3.1.Шарттың ерекше ережелері----------------------------------- -----------
--------------------------
3.2.Шарт жағдайларын анықтау ----------------------------------- ----------
-------------------------
3.3. Шарттың қолданылуы----------------------------------- ----------------
----------------------------
4. Қайырмалдық
II Қорытынды бөлімі----------------------------------- --------------------
-------------------------
III Қолданылған оқулықтар нормативтік құқықтық актілер -----
Айырбас шарты туралы жалпы түсінік
1.1. Айырбас, сыйға тарту шарттарының жалпы ұғымы мен нысаны
Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргiзудi,
оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне
айырбасқа беруге мiндеттенедi. Айырбас шартына тиiсiнше сатып алу-сату
шартының ережелерi қолданылады, өйткенi бұл осы тараудың ережелерiне және
айырбас мәнiне қайшы келмейдi. Бұл орайда тараптардың әрқайсысы тауарды
беруге мiндеттенетiн сатушы деп және айырбастап алуға мiндеттенетiн сатып
алушы деп танылады. Осы тарауда көзделген ережелер, егер заң актiлерiнде
өзгеше көзделмесе және ол тиiстi мiндеттемелер мәнiнен туындамаса,
құқықтарды айырбастауға (жұмыстар, қызмет көрсетулер) қолданылады.
Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың
(сыйды алушының) меншiгiне затты немесе өзiне немесе үшiншi адамға мүлiктiк
құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны өзiнiң
немесе үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе
босатуға мiндеттенедi. Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы мiндеттеме
болған кезде шарт сыйға тарту шарты деп танылмайды. Мұндай шартқа Азаматтық
Кодекстiң 160-бабының 2-тармағында көзделген ережелер қолданылады.
Әлдекiмге затты немесе мүлiктiк құқықты тегiн беруге уәде ету не әлдекiмдi
мүлiктiк мiндеттен (сыйға тартуға уәде беруден) босату сыйға тарту шарты
болып танылады және егер уәде тиiстi нысанда (508-баптың 2-тармағы) жасалса
және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегiн беру не оны
мүлiктiк мiндеттен босатуға айқын ниет бiлдiрiлген болса, уәде берушiнi
босатпай тастайды. Нақты сыйға тарту затын зат, құқық түрiнде көрсетпей-
ақ, өзiнiң барлық мүлкiн немесе өзiнiң барлық мүлкiнiң бiр бөлiгiн сыйға
тартуға уәде беру немесе мiндеттемеден босату жарамсыз болады. Сыйға
тартушы қайтыс болғаннан кейiн сый алушыға сый берудi көздейтiн шарт
жарамсыз болады.
Сый алушы өзiне сый берiлгенге дейiн кез келген уақытта одан бас тартуға
құқылы. Бұл жағдайда сыйға тарту шарты бұзылған деп есептеледi. Егер сыйға
тарту шарты жазбаша түрде жасалса, сыйдан бас тарту да жазбаша түрде
жасалуға тиiс. Сыйға тарту шарты тiркелген жағдайда сыйды алудан бас тарту
да мемлекеттiк тiркелуге тиiс. Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде
жасалған болса, сый берушi сый алушыдан сыйды алудан бас тартқаны үшiн
өзiне келтiрiлген нақты зиянды өтеуiн талап етуге құқылы. Сый алушыға
сыймен қоса сыйға тарту осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген
жағдайларды қоспағанда, ауызша жасалуы мүмкiн. Сыйды беру оны тапсыру,
символдық беру (кiлттердi табыс ету және т.б.) не құқық белгiлейтiн
құжаттарды тапсыру арқылы жүзеге асырылады.
Қозғалмайтын мүлiктi сыйға тарту шарты:
1) заңды тұлға сый берушi болған және сыйдың құны заң актiлерiнде
белгiленген он айлық есептiк көрсеткiштен асатын;
2) шартта алдағы уақытта сыйға тартуға уәде етiлген жағдайларда
жазбаша түрде жасалуға тиiс.
Ауызша жасалған сыйға тарту шарты осы тармақта көзделген жағдайларда
жарамсыз болады.
Қозғалмайтын мүлiктi сыйға тарту шарты мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
Сыйға тартуға тыйым салу
Құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарды қоспағанда:
1) жас балалар мен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған азаматтардың
атынан олардың заңды өкiлдерiнiң
2) емдеу, тәрбиелеу мекемелерiнiң, әлеуметтiк қорғау мекемелерiнiң
және сол секiлдi мекемелердiң қызметкерлерiне олардың емдеуiндегi,
асырауындағы не тәрбиесiндегi азаматтардың және осы азаматтардың зайыптары
мен туыстарының
3) мемлекеттiк қызметшiлерге олардың лауазымдық жағдайына байланысты
немесе олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты сыйға тартуға жол
берiлмейдi.
Сыйға тартуды шектеу және бас тарту, шарттын күші жойылуы
Заты шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығына жататын заңды
тұлға, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң келiсiмiмен
өзiнiң затын сыйлауға құқылы. Бұл шектеу құны заң актiлерiнде белгiленген
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарға
қолданылмайды. Бiрлескен ортақ меншiктегi мүлiктi сыйға тартуға бiрлескен
меншiктiң барлық қатысушыларының келiсiмi бойынша көзделген ережелердi
сақтай отырып жол берiледi. Сый берушiге тиесiлi талап құқықтарын үшiншi
тұлғаға сыйға тарту көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.
Үшiншi тұлға алдында сый алушының мiндеттерiн орындау арқылы сыйға тарту
көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.
Үшiншi тұлға алдында сый берушiнiң сый алушы борышын өзiне аудару
арқылы сыйға тартуы көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.
Өкiлдiң сыйға тартуға жасаған сенiмхатында сый алушы аталмаса және сыйға
тартатын заты көрсетiлмесе, ол жарамсыз болады. Егер шарт жасалғаннан
кейiн сый берушiнiң мүлiктiк немесе отбасылық жағдайы, не денсаулығы шартты
жаңа жағдайларда орындау оның тұрмыс деңгейiнiң едәуiр нашарлауына әкеп
соқтыратындай болып өзгерсе, сыйға тартушы келешекте сый алушыға зат немесе
құқық беру уәдесiн немесе сый алушыны мүлiктiк мiндеттен босату уәдесiн
қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы. Сыйға тартушы келешекте сый
алушыға зат не құқық беру уәдесiн, не сый алушыны оған сыйға тартуды
өзгерту құқығын берушi негiздемелер бойынша мүлiктiк мiндеттемеден босату
уәдесiн қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы. Егер сый алушы сыйға
тартушының өмiрiне, оның отбасы мүшелерiнiң немесе жақын туыстарының
бiреуiне қастандық жасаса не сый берушiге қасақана дене жарақатын салса,
сыйға тартушы сыйға тартудың күшiн жоюға құқылы. Сый алушы сыйға тартушыны
қасақана өлтiрген жағдайда сотта сыйға тартудың күшiн жоюды талап етуге
сыйға тартушы мұрагерлерiнiң құқығы болады. Егер сый алушының сыйға тартушы
үшiн үлкен мүлiктiк емес құндылық болып саналатын сыйланған затты ұстауы
оның бiржола жойылу қаупiн тудырса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшiн сот
тәртiбiмен жоюды талап етуге құқылы. Сот мүдделi тұлғаның талап етуi
бойынша, жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның оның кәсiпкерлiк қызметiне
байланысты банкроттық туралы заң актiлерiнiң ережелерiн бұза отырып жасаған
сыйға тартуының күшiн мұндай тұлғаны банкрот деп жариялаудың алдындағы бiр
жыл iшiнде жоя алады. Сыйға тарту шартында, сый берушi сый алушыдан ұзақ
өмiр сүрген жағдайда, сыйға тартудың күшiн жою құқығы ескертiлуi мүмкiн.
Сыйға тартудың күшi жойылған жағдайда, егер сыйланған зат сыйға тартудың
күшi жойылған кезге дейiн сол күйiнде сақталса, сый алушы оны қайтаруға
мiндеттi. Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту туралы және сыйға
тартудың күшiн жою туралы ережелер құны заң актiлерiнде белгiленген он
айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сыйлықтарға қолданылмайды.

Айырбас шарты бойынша баға мен шығындар.
Сыйланған заттың кемшiлiктерi салдарынан сый алушы азаматтың
өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды, егер бұл
кемшiлiктер сый алушыға затты беруден бұрын пайда болғаны дәлелденсе және
анық кемшiлiктер қатарына жатпаса, ал сыйға тартушы ол жөнiнде бiле тұра
сый алушыға ескертпесе, осы Кодекстiң 47-тарауында көзделген ережелерге
сәйкес сыйға тартушы өтеуге тиiс. Сыйға тарту шарты бойынша сыйға тартуға
уәде берiлген сый алушының құқықтары, егер сыйға тарту шартында өзгеше
көзделмесе, оның мұрагерлерiне (құқық мирасқорларына) ауыспайды. Сыйға
тартуға уәде берген сыйға тартушының мiндеттерi, егер сыйға тарту шартында
өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiне (құқық мирасқорларына) ауысады.
Егер шарттан өзгеше туындамаса, айырбастауға жататын тауарлар бiр-бiрiне
тең деп ұйғарылады, ал оларды беру мен қабылдап алу жөнiндегi шығындарды
әрбiр жағдайда тиiстi мiндет жүктелетiн тарап жүзеге асырады. Шартқа
сәйкес айырбасталатын тауарлар бiр-бiрiне тең емес деп танылған жағдайда
бағасы айырбастауға берiлетiн тауардың бағасынан кем тауарды беруге
мiндеттенген тарап, егер шартта өзгеше тәртiп көзделмесе, тауар беру
мiндетiн орындағанға дейiн немесе одан кейiн бағадағы айырманы тiкелей өзi
төлеуге тиiс. Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарларды беру мерзiмдерi
тұспа-тұс келмейтiн жағдайларда тауар беруге тиiстi тараптың тауарды беру
мiндеттемелерiн басқа тарап тауар берген соң орындауына өзара
мiндеттемелердi орындау туралы ережелер қолданылады. Егер заң актiлерiнде
немесе шартта өзгеше көзделмесе, айырбасталатын тауарларға меншiк құқығы
айырбас шарты бойынша сатып алушы болатын тараптарға тараптардың әрқайсысы
тиiстi тауарларды беру мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн бiр мезгiлде
ауысады. Шарттың орындалуы тараптардың келiсiмiмен белгiленген баға бойынша
төленедi.
Заң құжаттарында көзделген жағдайларда оған уәкiлдiк берiлген
мемлекеттiк органдар белгiлейтiн немесе реттейтiн баға (тарифтер, бағалар,
ставкалар және т.б.) қолданылады.
Шарт жасалғаннан кейiн бағаны өзгертуге шартта, заң құжаттарында
көзделген реттер мен жағдайларда немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiп
бойынша жол берiледi.
Ақылы шартта баға көзделмеген және шарт ережелерiн негiзге ала отырып
оны анықтау мүмкiн болмаған реттерде шартты орындау шарт жасасу кезiнде
осыған ұқсас жағдайларда әдетте осы сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет
үшiн алынатын баға бойынша жүргiзiлуге тиiс деп есептеледi.
1.3. Айырбас шартының элементтері
Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргізуді,
оралымды басқаруды басқа тараптың меншігіне бір тауарды екіншісіне
айырбасқа беруге міндеттенеді (бұл ҚР АҚ 501-бабының тұжырымдамасы).
Түсініктілеу айтатын болсақ, айырбас шарты бойынша бір тарап өз тауарын
өзге (екінші) тараптың тауарына айырбастайды.
Айырбас шарты Рим құқығында шарт нысаны ретінде сатып сату шартынан
бұрын қалыптасқан. Жеке құқықтық қатыстарды құқықтық реттеу Римде сияқты
жоғары дәрежеде болмаған қоғамдарда айырбас қатынастары материалдық
объективті ең басты нысаны болды.
Одақ кезіндегі (кеңес одағы) кезіндегі азаматтық құқықта яғни ұйымдардың
қатысуымен айырбас шарттары өте шектеулі қолданылды. ҚР-да қаржы-несие
жүйесінің құлдыраған кезінде заңды тұлғалардың қатысуымен жасалған айырбас
шарты, шарттық қатынастардың негізгі нысандарының бірі болды. Әсіресе, бұл
1993 ҚР ұлттық валютасы енгізілгенге дейін айқын сезілді. Өз кезегінде
бартерлік (айырбас) қатынастар қаржы қатынасына кері әсерін тигізді.
Сондықтан, бартерлік шарттарға тиым салынатын болды. Қазіргі кезде ҚР АҚ
қабылдауына байланысты мұндай шектеулер қойылуы мүмкін емес, өйткені занды
тұлғаларға, негізінен жеке меншіктегілерге тиісті әрекет қабілеттігіне
сәйкес қандай да болсын құқыққа сәйкес қатынастарға кіруіне болады. Бірақ
та сол субъектілер құқықтарын теріс мақсаттарда пайдалана алмайды. Мысалы,
егер кәсіпкерлер өздерінің іскерлік белсенділігін жасыру мақсатымен жаппай
заттай айырбасқа көшсе, онда бұл заң шығарушы тарапынан теріс бағалануы
тиіс.
Айырбас шарты өзінің заңды табиғатына сәйкес-консенсуалды, өзара және
өтеулі (ақылы) шарт болып табылады. Айырбас қатынастары тек тауарларды
басқа бір тауар айырбастағанда емес, сонымен бірге тауарларды белгілі бір
қызмет, жұмысқа (оның нәтижесінде) айырбастағанда орын алады, әсіресе егер
бір тарап екінші тарап одан белгілі затты жасау үшін материалын артығымен
беретін болса.
Зат қызметке, жұмысқа айырбасталса, онда мердігерлік қатынастарын, ақылы
қызмет көрсету бойынша қатынастардың құқықтық реттелуінің ерекшелігін,
туындайтын мінеттемелердің мәнісін ескеру керек болады.
Айырбас қатынастарына -бір тауар мен екіншісін айырбастағанда, олардың
құны бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты тараптардың бірі қосымша
ақшалай өтемақы беретін жағдайларда жатады.
Егер шартта немесе заңнамада өзгеше қөзделмесе айырбас сатып алу-сату
шартының ережесіне сәйкес жүргізіледі. Сондықтан, бұл мәміленің нысанына,
оны мемлекеттік тіркеу бойынша талаптар сатып алу-сату шарты бойынша
қойылатын тең болып келеді.
Шарттың тараптары азаматтар, занды тұлғалар танылады. Айырбас шартының
ерекшелегі, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністердің сату шарттарды
жасасу мүмкіншілігі өте төмен болып келеді. Бірақ аталған көзқарас даулы
болып көрінгенмен айырбас қатынастарында мемлекеттің қатысу мүмкіндігіне
көңіл аудару қажет.
Бұл жерде мәселе азаматтардың меншігіндегі тұрғын үйлердің жер
учаскелері мемлекет қажеттілігіне алу жағдайына қатысты көтеріледі. Тұрғын
үй аталған жағдайға байланысты алынатын болса, меншік иесінің таңдауына
сәйкес, оған жабдықталған тұрғын үй беріледі немесе тұрғын үйдің нарықтық
бағасына сәйкес өтемақы төленеді (ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы Заңының
15-бабы).
Мемлекет алдымен азаматтың тұрғын үйіңе меншік құқығына иеленеді, сонан
соң оған өз қарауы бойынша билік етеді. Біз көріп отырғанымыз тұрғын үй
иелерінен таңдау мүмкіншілігі беріледі, олар айырбас жасаймыз десе жасайды,
жасамаймыз (өтемақы аламыз) десе жасамайды. Содан соң, олар айырбас
жағдайларын анықтаса алады, тұрғын үй қандай болатыны, қай жерде болатыны
туралы.
Айырбас қатынастарына мемлекеттік ұйымдар, қазыналық кәсіпорындардың,
мемлекеттік мекемелердің қатысуына олардың балансында тұрған мүлікке
шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы көлемінде шектеу қойылған.
Айырбас шартының бағасы тараптардың әрқайсысы беретін мүліктің құнымен
анықталады. Жалпы ерекше сәйкес, айырбасталатын мүліктің құны тең деп
танылады.
Айырбасталатын мүліктің (заттардың) құнының айқын теңсіздігі орын алса
ғана теңсіз айырбас туралы айтуға болады. Мәміле нотариатты рәсімделетін
болса, онда бұл жағдай нотариатта мәміленің жарамдылығы жөнінде белгілі бір
күдік тудыруы қажет.
Заттар бағасының бір-бірінен елеулі айырмашылығы болса, парасат ойға
негізделсек, осыған қатысты келіспеушілікті құқығы бұзылатын тарап айту
керек екенін танимыз.
Ал, айырбасталатын мүлік бағасының айырмашылығы аз болса, заттардың
құнының теңдігі туралы презумпцияны қолдану керек (ҚР АҚ 502-бап 1-тармақ).
Айырбас шарты бойынша бағасы ақшалай көрсетілмеуі мүмкін.
1.4. Айырбас шартының түрлері
Жария шарт
Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметiнiң сипатына қарай оған
өтiнiшпен келетiн әркiмге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату,
жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнiндегi оның мiндеттемелерiн
белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады (бөлшек сауда, көпшiлiк
пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметiн көрсету, энергиямен
қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметiн көрсету және т.б.).
Коммерциялық ұйымның заңдарда көзделген жағдайлардан басқасында, жария шарт
жасасу жөнiнде бiреуге басқалардан артықшылық жасауға құқығы жоқ.
Тұтынушылардың кейбiр категорияларына жеңiлдiк беру заңдармен жол
берiлетiн жағдайларды қоспағанда, тауарлардың, жұмыс пен қызметтiң бағасы,
сондай-ақ жария шарттың өзге ережелерi тұтынушылардың бәрiне бiрдей болып
белгiленедi. Тұтынушыға тиiстi тауарлар (жұмыс, қызмет) ұсыну мүмкiншiлiгi
бола тұра коммерциялық ұйымның жария шарт жасасудан бас тартуына жол
берiлмейдi.
Коммерциялық ұйым жария шарт жасасудан негiзсiз жалтарған жағдайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz