Бала құқықтары жайлы



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Бала құқықтары
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау - Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.
1989 жылғы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымы Бала құқықтары туралы конвенция қабылдады. Бала құқықтары саласындағы бұрындары қабылданған халықаралық құжаттармен салыстырғанда - бұл Бала құқықтары халықаралық құқық күшін алатын барынша толыққанды құжат. Қазақстан Кеңес Одағы тарағаннан кейін алғашқылардың бірі болып 1994 жылы осы Конвенцияға қосылып, ратификациялады, сол сияқты оның екі Факультативтік хаттамаларын да ратификациялады.
2003-2006 жылдардың ішінде БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының принциптері мен қағидаларына толық сәйкес болу және баланың әлеуметтік әл-ауқаты сәтсіздігінің алдын алу үшін құқықтық жағдайлар жасау мақсатында 2003 жылғы 4 маусымдағы Денсаулық сақтау жүйесі туралы, 2004 жылғы 16 маусымдағы Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы, 2004 жылғы 9 шілдедегі Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы, 2003 жылғы 14 қыркүйектегі Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы туралы, 2005 жылғы 8 шілдедегі Әскери міндет және әскери қызмет туралы ҚР Заңдары қабылданды.
Белгілі бір мөлшерде балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтауға қатысты ұлттық саясатты жүзеге асыруға білім беру, денсаулық сақтау, кедейлікті төмендету, көші-қон саясаты, демографиялық даму, мүгедектерді оңалту және басқа салалардағы балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік салалық бағдарламалар бағытталған.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы тиімді үйлестіру қызметін, сондай-ақ үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және басқа да азаматтық қоғам секторларымен ынтымақтастықты қоса алғанда мемлекеттік және жергілікті деңгейлерде БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын жүзеге асыруды үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы №36 қаулысымен арнайы уәкілетті орган - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Бала құқықтарын қорғау жөніндегі комитет құрылды. Сонымен бірге барлық санаттағы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған іс-шаралардың атаулылығын, БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ҚР Заңының және басқа да нормативтік құқықтық құжаттардың ережелерінің орындалуының кепілділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 2006-2011 жылдарға арналған Қазақстан балалары мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.
Байқалған экономикалық өсудің беретін жаңа мүмкіндіктері бүгінде оқыту, тәрбиелеу, денсаулығын қорғау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, әлеуметтік қызмет көрсету және отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты балалардың мүддесі үшін басымдық түрде қаржыландыру үшін пайдаланылуда. 2003 жылдан бастап бұл мақсаттарға мемлекеттік бюджеттің шығыстарының үлесі тұрақты өсіп келеді. Егер де 2003 жылы әлеуметтік салаға бөлінген шығыстар ІЖӨ-нің 11,18% құраса, 2006 жылы - ІЖӨ-нің 11,84% құраған (2006 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша).
Мемлекеттік бюджеттің жалпы көлеміндегі шығыстардың үлесі 2006 жылы - 41,34% құраған.
БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының маңызды нормаларының бірі білім алу құқығы болып табылады. Қазақстан Республикасында балалардың білім алу құқығын жүзеге асыру мақсатында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Тұтас алғанда оны жүзеге асыруға 2005 жылы 43,2 млрд. теңге, ал 2006 жылы - 64,9 млрд.теңге көзделген.
Қазақстандағы адамның құқықтары: қоғамдық пікір жобасының шеңберінде алынған әлеуметтанушылық зерттеулердің мәліметтері сұрақ берілген респонденттердің 70,6% баланың білім алу құқықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттің қолданып жатқан шараларына оң баға бергенін көрсетіп отыр, бұл мемлекеттің мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беретінінің дәлелі.
Арнаулы білім саласына мүмкіндіктері шектеулі балалардың дені сау құрбы-құрдастарының білім алу ортасына кірігуі жөніндегі инновациялық процестер кеңінен енгізіле бастады. Бала дамуындағы бұзылулардың алдын алу және сәтті түзету, тәрбиелеу және оқыту, мүмкіндіктері шектеулі балалардың қоғамға бейімделуі мен кірігуі үшін оңтайлы жағдай жасаудағы инновациялық бағыттарды зерделеу жөніндегі жұмыс жетілдірілуде.
Түзеу педагогикасы ғылыми-зерттеу институтының эксперименталдық педагогикалық зерттеулерінің мәліметтері алғашқы бұзылуы бойынша керең немесе 4-ші дәрежедегі нашар еститіндер ретінде есту қабілеті терең бұзылған балалардың 25 пайызы ерте кешенді түзеуден өтіп, бұқаралық мектептерге оқуға түсіп, онда сәтті білім алатынын, еститін балалар ортасында өмір сүріп, тәрбиеленетінін дәлелдейді. Бұл балалардың жалпы және сөйлеу дамуының деңгейі жас нормасына сәйкес немесе жақын болып келеді.
Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі №1438 Жарлығымен бекітілді. Бұл бағдарламада басымдық назар алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қол жетімдігі мен ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің тізбесі кеңейту жағына қарай әр 2 жыл сайын қайта қаралуға тиіс. Осыған орай, жоғарыда аталған Тізбе өткен жылдармен салыстырғанда ұрпақты болу жасындағы әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балаларды жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексеруді және кейіннен қарқынды бақылай және сауықтыра отырып жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды қосу есебінен кеңейтілді. 2008 жылдан бастап республика халқының қалған санаттарын профилактикалық медициналық тексерулермен қамту жоспарланып отыр.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасында 2004 жылдан бастап амбулаториялық деңгейдегі бір жасқа дейінгі балалар дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз етіледі, 2005 жылдан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды олардың амбулаториялық деңгейде осы жас санатында барынша көп тараған аурудан емделу кезінде дәрілермен тегін қамтамасыз ету көзделген. 2006 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің тізбесіне диспансерлік есепте (кең тараған ауру түрлері бойынша) тұратын, емделудің амбулаториялық деңгейіндегі балаларды дәрілермен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар енгізілді.
Аурулар мен дәрі-дәрмектер тізбесі Дүниежүзілік денсаулық ұйымы ұсынған балалық жастағы ауруларды интеграцияланған емдеу стратегиясы шеңберінде жасалған.
БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясы балаларды қоғамның ерекше бөлігі деп таниды. Олар қосымша қорғау шараларына мұқтаж және қатысушы мемлекеттер балаларды қозғайтын мәселелер бойынша балалардың өз ойын еркін білдіру құқығын қамтамасыз етуге міндетті.
Бүгінгі таңда балалардың бұл құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы, Білім беру туралы, Отбасы және неке туралы ҚР Заңдарында және бірқатар басқа заңдарда көрсетілген. Адамның негізгі тумысынан берілген құқықтары мен бостандықтары шеңберінде әр адамның ой мен сөз бостандығына кепілдік беріледі.
Отбасы және неке туралы ҚР Заңына сәйкес бала отбасында оның мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өз пікірін білдіруге, сондай-ақ сотта іс қарау кезінде тыңдалуға құқылы. 10 жасқа толған баланың пікірін оның мүддесіне қайшы болатын жағдайдан басқа кездерде есепке алу міндетті.
Халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың (Жас көшбасшылар қауымдастығы, ЮНИСЕФ Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры) қолдауымен республикада мектеп оқушыларын оқу және оқудан тыс процестерге жұмылдыру мақсатында Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытудың 2002-2006 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілді.
Республикада балалардың мәдени, шығармашылық, қоғамдық өмірге қатысу және жасөспірім азаматтар үшін өмірлік маңызды шешімдер қабылдау құқықтары мойындалады.
Мысалға, баланың пікірі, оның сұраныстары мен мүдделері қосымша оқу пәнін анықтауда, мектептен тыс жұмысты, балалардың қоғамдық қозғалысы ұйымын ұйымдастырғанда ескеріледі.
Балалар мен жастар телехабарларында, балалар мен жастар қоғамдық бірлестіктері арқылы балалардың өз пікірлерін білдіру мүмкіндіктері бар.
Балаларға олардың проблемаларын шешуге дер кезінде көмек көрсету, балаларды құқықтық қорғау мәселесіндегі істің жағдайы туралы ақпаратты жинау және талдау, бала құқықтары туралы материалды тарату мақсатында 2004 жылғы сәуірден бастап республикада балалар қоғамдық қабылдаулары ашылған. Тек 2005 жылы ғана Астана қаласындағы республикалық қоғамдық қабылдауға балалар мен ересектерден балалар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мыңнан астам телефон соғылған.
Балалармен жұмыс істейтін мамандардың, жұртшылықтың, балалар мен олардың ата-аналарының Конвенцияның негізгі қағидалары туралы хабардарлығын кеңейту мәселесіне, оларды насихаттау мен түсіндіруге маңызды көңіл бөлінеді. 2004 жылы Қазақстан Республикасының Конвенцияны ратификациялағанына 10-жылдығы шеңберінде республиканың білім беру органдары балалардың Конвенцияның ережелері, бала құқықтары жөніндегі ағартушылық және білім беру қызметі туралы хабардарлығы деңгейіне мониторинг жүргізіген. Алынған материалдарды талдау республиканың білім беру ұйымдарында оқушылар арасында да, ата-аналар жұртшылығы мен педагогтар арасында Конвенцияның ережелерін түсіндіру жөніндегі жұмыстың жанданғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. 2004-2005 жылдарда балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша жалпы 170 семинар, 40 шақты дөңгелек үстел, 6 мыңдай дебаттар, пікірсайыстар, 30 мың қайырымдылық акциялары, 80 мыңдай шығармашылық көрмелер, суреттер, плакаттар конкурстары, мерекелік концерттер өтті.
Жастарды тәрбиелеу, әлеуметтендіру және дамытудың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық жағдайларын қамтамасыз ету үшін 2005-2007 жылдарға арналған жастар саясаты бағдарламасында жастардың әлеуметтік бейімделуі мен кәсіптік талап етілуі тетіктерін одан әрі дамыту көзделген. Тұтас алғанда әлеуметтік қызмет құруға, жастардың әлеуметтік-маңызды жобаларын жүзеге асыруға 2005 жылы республикалық бюджеттен 123,6 млн. теңге бөлінген. Нәтижесінде республиканың әртүрлі өңірлерінде қосымша 9 әлеуметтік жастар қызметі құрылған.
Әлеуметтік-маңызды жобаларға конкурстар жүргізу арқылы республика жастарына әлеуметтік қолдау көрсететін және дамытатын тетік одан әрі дами түсті. Бұл мақсатқа 2005 жылы 53,6 млн. теңге бөлінді.
Өмір сүру сапасын қамтамасыз ету саласында халықаралық стандарттарға қол жеткізу, балаға мейіріммен қарайтын орта жасау үшін БҰҰ Бала Қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп көптеген бағдарламалар жүзеге асырылды, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен отырыстар, конференциялар, кеңестер өткізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ Бала Қоры 3 компоненттен тұратын 2005 жылғы қаңтардан 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі жаңа бағдарламаға қол қойды:

1. Отбасы мен қоғамның әлеуетін нығайту;
2. Әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру;
3. Әлеуметтік саясат әзірлеу және басқару.
Бұл бағдарлама туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі балалардың дамуын, білім алуын, қорғауды және қатысуын қамтиды.
Халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде республикада бастауыш кәсіптік білім беру бағдарламасын қайта қарау жөніндегі жұмыс басталса да, дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды жұмыспен қамтуда белгілі бір қиындықтар бар. Еңбек бейінін таңдаудың шектеулілігі, нашар кәсіптік дайындық түзеу ұйымдарының түлектеріне еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік бермейді. Мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындар еңбекке қабілеті шектеулі адамдарды жұмысқа қабылдауға барлық уақытты бірдей қызығушылық таныта бермейді.
Шетел азаматтарының сапалы білім алуы мәселесінде проблемалар бар: қазақ және орыс тілдерін білмеу, жеке ата-аналардың қыздарының жоғары сыныптарда оқуына рұқсат бермеуі, қыздар мен балалардың бірге оқуы. Бұл мәселелерді шешу үшін Қазақстанның алдында шетелден келген балаларға бейімделген арнайы оқу әдебиеттерін әзірлеуді жеделдету, арнайы тіл курстарын ашуды көздеу міндеті тұр.
Бала еңбегінің шаруа және фермер қожалықтарында пайдаланылуы мәселесін қосымша зерделеу қажеттігіне, халықтың, ата-аналардың және жұмыс істейтін балалардың өздерінің еңбек қатынастарын реттеу мәселелері жөнінде аз хабардар екендігіне назар аудару қажет. Көп отбасылар (ата-аналар) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген балалардың еңбек құқықтарын білмейді. Төмен жастағы балаларды ата-аналарының, туыстарының немесе таныстарының орнына сатушы ретінде жұмысқа жіберу, сондай-ақ балаларды рынок аумағында жүктерді тасымалдауға, артуға және түсіруге жіберу (пайдалану) орын алады. Қазақстандағы адамның құқықтары: қоғамдық пікір жобасының шеңберінде 1500 респонденттің ішінде жүргізілген сауалдама көрсеткеніндей, сұрақ берілгендердің 23,0% баланың экономикалық қанаудан қорғауда болу құқықтарын қорғаудың мемлекеттік тетіктеріне теріс баға берген, 51,7% - оң баға берген, ал сұрақ берілгендердің 25,3% жауап беруге қиналған. Алынған мәліметтер балалар еңбегін пайдалану саласында проблемалардың бар екендігін және еңбек қатынастары саласындағы бала құқықтарын қорғаудың тетіктерін жетілдірудің қажеттігі туралы куәландырады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, экономиканың негізгі секторлары мен елдің географиялық өңірлеріндегі балалар еңбегі ахуалына егжей-тегжейлі зерттеу жүргізу жөніндегі ұлттық және өңірлік деңгейлерде балалар еңбегінің ең нашар нысандарын жою мәселелері туралы ақпаратты тарату жөніндегі іс-шараларды анықтауды басымдық шара деп есептейміз.
Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың өзекті мәселелері
Балалардың қорғаныс дәрежесі - кез келген өркениетті қоғамның, мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағыттылығының басты индикаторы. Балалар - әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздықтан ең көп дәрежеде зардап шегетін азаматтардың санаты.
Отбасы дағдарысы, көп отбасылардың ауыр материалдық жағдайы, дәстүрлі отбасылық қатынастардың күйреуі, ажырасулар санының артуы балалардың жағдайының нашарлауына елеулі әсер етеді.
Соңғы жылдары болған өзгерістер бала проблемасын күрт өршітіп, осы салада қабылданатын шешімдердің ерекшелігін белгіледі.
Соңғы жылдары Қазақстанда ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалар санының өсуі байқалады. Жыл сайын олардың саны өсуде, және де бұл балалардың аз бөлігі ата-аналарының қайтыс болуына байланысты олардың қамқорлығынсыз қалғандар. Қалғандары әлеуметтік жетімдік дейтін құбылысқа жатады, яғни ата-аналары тірі жетімдер. Қазіргі кезде жетім балалар мен қамқорлықсыз қалған балаларға арналған 204 мекемеде ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша 18198 бала, олардың ішіндегі 2105 бала - денсаулық сақтау жүйесінің сәбилер үйлерінде, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің 19 балалар үйінде - 1294 бала, білім беру жүйесінің 159 ұйымында - 14799 бала тұрып, тәрбиленіп жатыр.
Ата-аналары тірі жетім балалардың санының артуының негізгі себептері отбасының әлеуметтік беделінің түсуі, оның материалдық және тұрғын үйге байланысты қиындықтары, некесіз туудың өсуі, өмір салтын қоғамда қалыптасқан имандылық принципінен басқаша ұстайтын ата-аналар пайызының жоғарылығы болып табылады. Осыған орай ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау Қазақстанда өте жоғары маңызға ие болуда, ал мұндай қорғаныс әдістерінің бірі тиісті нормативтік құқықтық база құру болып табылады.
Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі қазіргі заманғы ұлттық заңнамалық базаны мына нормативтік актілер құрайды: Қазақстан Республикасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жетім балалар құқығы және журналистика
Бала құқығы туралы конвенция
Баланың құқықтарын қоргау
Бала құқығы конвенциясы
Балалардың табиғи құқықтарын қорғау мәселелері
Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары халықаралық құқық қорғау стандарттарының аясында
АДАМ САУДАСЫ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫ
Арнайы педагогиканың ғылыми және этникалық негіздері
Жетімшілік өзекті мәселе және оны шешу жолдары
Пәндер