Орталық банк және оның қызметтері талдау



Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыстың мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

БАНКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
1 Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы

1.2 Банк жүйесінің құрылымы

2 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру
жолдары
2.1 Орталық банк және оның қызметтері талдау

2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау

3. Банктiк қызмет көрсету
3.1.Банктiк қызмет көрсету шарты

3.2.Банк құпиясы. Банктiк қызмет көрсетуге ақы төлеу
3.3.Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың
банктiк қызмет көрсетуi

4. Банк клиентіне қатысты ережелер
4. 1. Клиенттiң келiсiмiнсiз ақшаны алып қою
4.2.Клиенттiң ақшасын алу кезектiлiгi

5. Банктiк шот
5.1.Банктiк шот шарты

5.2.Клиенттiң ақшасына билiк ету
5.3.Банктiк шот шарты бойынша банк орындайтын операциялар

6. Ақша аудару
6.1.Ақша аудару туралы шарт

7. Банк салымы
7.1.Банк салымы шарты туралы жалпы ұғымы мен элементтері
7.2.Банк салымы шартының нысаны

7.3.Салымдар: түсінігі, түрлері және қайтару жағдайлары

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

К І Р І С П Е

Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар, шағын және орта
кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты
жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат
құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-
қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан
кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.
Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадаы маңызын көрсетеді.
Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген
міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:
- өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге
керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;
- ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау болып
табылады.
Банк -өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін өзі
қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қараатын тарту,
орналастыру және басқа банктік операцияла жүргізетін мекеме.
Уақытша бос ақша ресурстарды шоғырландыру атқарымынан, бір жағынан банк
уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа уақытша
қосымша қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілерге беруші.
Банктердің ақша қаражатын шоғырландыру, кейіннен оларды қайта бөлу,
өндіріс пен айналымның үздіксіздігін қатамасыз етіп қана қоймай, бүкіл
ұдайы өндірістің процессін жеделдетеді.
Банк ісінің ерте сатысының өзінде банктер ақша қаржысын сақтауды,
оларды, ішкі және сыртқы экономикалық, айналымдардан сауда операцияларына
сәйкес аударуды қамтамасыз еткен және олар елдің ақша белгісін, екінші
елдің валютасына айырбастаушы болып көрінген. Одан бері банктің ісінің
техологиясы айтарлықтай өзгерген.
Қазігі кезеңде нарықтық типпен дамыған едердің барығында дерлік екі
денгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде.
Қазақстан Республикасында Қазақстан Респубикасы банктер жәе банк
қызметі туралы республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші
бар жарлығында Қазақстанның екі денгейлі банк жүйесі бар бірінші
денгейдегі мемлекеттің Ұлттық банкі, ал басқа бактердің барлығы екінші
денгейлі яғни коммерциялық банктер делінген. 1
Банк және тауарлы, ақшалай қарым қатынастардың даму тарихы тұрғыдан
қатарлас жүреді және өзара тығыз байланыста болады. Банктік шаруашылық
өмірдің орталығы барлық эконмиканың негізгі түйіні болып табылады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республкасының экономикалық ахуалының дамуына
қарамастан, ҚР дамушы мемлекеттердің белгілерімен сипатталады. Бұл белгілер
ұлттық валютаның әрекет етумен шектелмейді және ол мемлекет тарапынан тыс
еркін конвертацияланбайды, бағалы қағаздар нарығының төмен денгейіндегі
өтімділігімен сипатталуда.
Қазақстан Республикасы Үкіметі жалпы экономикалық тұрақтылық және
инвесторлар сенімін өсіруді қамтаасыз ету үшін бірқатар шараларды
қолдануда. Бірақ, Қазақстандағы болашақ экономикаық тұрақтылықтың
перспективалары мәнді түрде Үкіметпен, Қаржы Министрлігімен, Ұлттық Банкпен
және басқа да мекемеердің қабылдаған бірқатар экономикалық шараларға тіклей
тәуелді.
Курстық жұмыстың мақсаты - банк ісінің және банк жүйесінің дамуына, шыу
тегіне сипатама бере отырып, Қазақстаннның банк жйесінің дамуына және
ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқталу болып табылады.
Жұмыстың міндеттері болып:
- Қазақстанның банк жүйесі мен банк жүйесінің даму тарихына тоқталу;
- Орталық банктің дамуы мен қызметтерін қарастыру;
- коммерциялық банктердің дамуы мен қызметтерін қарастыру.
Курстық жұмыс екі бөлімнен: бірінші бөлімде банк жүйесінің теориялық
негізі онда:банк жүйесінің даму тарихы мен банк жүйесінің құрылымы мен
қызметтері, ал екінші бөлімде Қазақстан Республикасының банк жүйесінің
дамуын талдау және жетілдіру жолдары онда: Орталық банк және оның
қызметтері талдау, коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау жасай
отырып, Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі проблемалар және
жетілдіру жолдары қарастырылған және қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттерден тұрады.

2 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру
жолдары
2.1 Орталық банк және оның қызметтері талдау
Ұлттық банкінің республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші)
деңгейіндегі банк,өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995
жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы заң күші
бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп
береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының
Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді
басшылыққа алады. 1
Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын
төменгі бөлімшелері мен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған
құрылым,іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әр түрлі
салық жинаудан,баж салығғын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол
республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын
және басқада бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп,
үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша
жауапты емес,дәл сол сияқты,егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса,
Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.Үкіметтің
өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық
бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруқа араласуқа құқығы жоқ.
Орталық банктiң қызметтерi:
- ежелден қалыптасқан мемлекеттiк өкiлi ретiнде заңды тұрде банкнота
шығару;
- орталық банктiң ақша несие реттеу қызметi ол экономиканы ақша несие
айналымына әсер ету жолымен реттеу, яғни әкiметтiң экономикалық саясаттың
құрамдас элементi;
- орталық банктiң сыртқы экономикалық қызметi. Мемлекеттiк валюталық
саясатын жүргiзетiн және валюталық бақылау органы болып табылады.
- орталық банктiң банк iсi қызметi- негiзгi клиентi коммерциялық банкер
(бұл дегенiмiз коммерциялық банктерден айырмашылығы);
- орталық банк үкiмет банк iсi қызметi. Ол әрi кассирi, несие берушiсi,
қаржылық кеңесшiсi;
Мемлекеттiк борышты басқару деп- орталық банктiң зайымдарын орналастыру
және конверсия операциясын жәргiзу.
Орталық банктiң операциялары:
Олар екi тұрге бөлiнедi: актив-ол осы қаражатты орналастыру операциялары.
Пассив- ол операциялар банктiң ақша қаражатын тартып банктер ресурстарын
құру операциялары.
Сонымен:
- мемлекет орталық банкпен тығыз байланысты. Оның саясатына шексiз ықпал
етедi;
- орталық банк- ол дербес заңды тұлға;
- ақша несиелiк валюталық тұрақтылықты сақтаудағы iс-әрекетiнiң
тиiмдiлiгiне қажеттi жағдай жасау;
- әкiметтiң экономикалық саясатының негiзгi элементi ақша несиелiк қаржы
саясатын орындау орталық банкiнiң қызметiнiң тәйiнi болады.
Орталық банктiң мiндетi- ол Ұлттық ақша өлшемiнiң төлем
қабiлеттiлiгiмен валюталық курсын банк жүйесiнiң тиiмдiлiгiмен
сенiмдiлiгiмен қамтамасыз ету.2
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы Республика
Президентiнiң 1995 жылғы 31-шi тамыздағы заң кәшi бар жарлығында
Қазақстандағы 2-шi деңгейлi банк жүйесi бар дедi. Олар:
Ұлттық банк- мемлекеттiк орталық банк.
Басқа барлық банктердi заңда төменгi деңгейлi банк деп жазылған.
Ұлттық статистика көрсеткiшi бойынша 2000 жылдың басында 55 екiншi
деңгейлi банк анықталған. Оның iшiнде бiреуi мемлекеттiк, бiреуi мемлекет
аралық 22 шетелдiк қатысуымен, 17 шетел өкiлдiгi ашылған. республикада
тiркеуден өткен 44 ломбард, 7 несиелiк серiптестiгi және кейбiр банктiк
операция жәргiзетiн 46 басқа мекеме бар.2
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде
өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік
операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің , бактік емес қаржы
мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол
нормативтік актілер Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысың, Вестник
Национального Банка Казахстанаң атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын
ресми басылымдарда жарияланады.
Ұлттық банктің негізгі міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы
тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:
• ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды
ұйымдастырады;
• ақша,несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
• несие берушілер мен салымшалардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып
алу-сату және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау
сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.
Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады :
Біріншіден,Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын
жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен
және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-
несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған
жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары
бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай–ақ алты айға
дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы
вексельдерді,чектерді сатып алып және қайта сатады.
Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар
мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды,
дисконттық және өтер мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды
сатып алу және сатумен шұғылданады.Ұлттық банкте сақталатын міндетті
резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының
түрлерін анықтайды.
Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және
монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың
құрылымын,теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажетмөлшерін
анықтап,дайындығын қамтамасыз етеді.
Ұлттық банктің қолмаөқол ақша қаражатын шығаратын,теңге мен тиынның
қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсуді
ұйымдастыратын айырықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін
айналымнан шығарып,оларды жаңасымен айырбастап,тозығы жеткендерін жоюмен
шұғылданады.
Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк
республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты (
жоғары өтімді,қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен
қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді.Ұлттық банк- екінші
деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық
валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, ия
болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгіленген
тұртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу
формалары мен тұртібін анықтап,қазақстандық теңгемен жүргізілетін
банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін
төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.3
Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті
қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы
қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік
қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы
министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды
орналастырып,олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.
Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін
Қазақстан территориясында,сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың
филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия
береді.Барлық банктер,банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері
міндетті түрде орындауы үшін банк ісі,есептеу, есептесу, валюта
операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер
шығарып,олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік және
басқа есептін мерзімін, формасын,тұртібін және әдісін бекітіп, сондай-ак
олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының қызметін
жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шакырып бакылайды. Ұлттық банк
өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін және басқа
құжаттарын тексереді.3
Алтыншыдан, ваюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны атқару
үшін Ұлттық банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы
қағаздардың айналым аясын және тұртібін белгілеп, шетел валютасымен
жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер
деңгейіне шектеу қояды.
Резиденттер үшін шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы
қағаздарды Қазақстанға аудару, әкелу, әкету және салып жіберу тұртібін
белгілеп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің республикадан
тыс шетел валютасында шот ашуының мақсатын тұртібін және жағдайын анықтап,
шот ашуға рұқсат береді.
Ұлттық валютаның шетел валютасымен салыстырып, курсын реттейді.
Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта-қаржылық және
несие-есеп қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік несиенің
есебін жургізеді.
Жетіншіден, елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару үшін
Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен
операция жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Бағалы металдарға
және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы заң
күші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып
алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден сатып
алушылардан Ұлттық банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы
металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан әрі сақталуын
қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.4
Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің
қоймасында сақтау үшін үкіметтік бюджеттік резервке алынған қундылықтарды
қабылдайды.Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын,
монеталарды,өңдеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы
нарықта сатып алу және сату операцияларын жүргізеді.
Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты:
жарғылық, резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және арнайы
провизияларынан резервтерінен құрылады.
Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млрд теңгеден қалыптасады және оның
міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен
бөлінген қаржыдан, мемлекет берген негізгі қордың құнынан және Ұлттық
банктің алған пайдасынан құрылады.
Резерв капиталы жаргылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы
есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге
жұмсалады.
Алтын валюта активтерін қайта бағалау шоты оларды қайта бағалау шоты
оларды қайта бағалаудан тускен іске асырылмаған табысты есепке алуға
арналады. Бұл шоттың Ережесін Ұлттық банктің Басқармасы бекітеді. Алтын
валюталық резерв теңгенің ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету
үшін құрылып және мақсаттарға жұмсалады. Алтын валюталық резерв төмендегі
элементтерден құрылады:
. алтыннан:
. банкнота, монета түріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі және
республикадағы Ұлттық банктің шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынан:
. Ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан:
. шетел үкіметтері немесе халықаралық қаржы мекемелері шығарып,кепілдік
берген бағалы қағаздардан:
.шетел валютасындағы жай және аударым вексельден:
. өтімділігі және қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайдағы шетел
валютасындағы басқа сыртқы активтерден құрылады.
Арнайы провизиялар резервтер Ұлттық банктің шығыстары есебінен күмәнді
және үмітсіз талаптарынан, оған қоса несиелерден, депозиттерден, бағалы
қағаздардан, есеп айырысу кезіндегі шығындардан, шоттардағы қалдықтардан
және басқа да активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан құрылып, оған
аяқталмаған құрылыс көлемі және Ұлттық банктің монетарлық емес талаптары
және әлеуметтік сипаттағы төлемдер кіреді.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы оның іс жүзінде алған
кірістері мен осы жылғы шығын арасындағы айырмаға тең Шығынға шығарылып
тасталған күмәнді борыштар, активтердің, оның ішінде айналымға шығарылған
банкноталар мен монеталардың амортизациясы тозуы қосылады. Табыс жоғарыда
айтқанымыздай, жарғылық, резерв капиталын қалыптастыруға жұмсалып, қалған
бөлігі келесі қаржы жылының үлесіне жіберіледі.
Ұлттық банктің басқарушы органы болып Басқарма және директорлар Кеңесі
Директорат саналады. Оның жоғарғы органы-Басқарма, ол 9 адамнан тұрады.
Оған Ұлттық банктің төрағасы, бес лауазымды адамы және Президенттен бір,
Республика Үкіметінен екі өкіл кіреді. Президенттен, Республика Үкіметінен
және Ұлттық банктен кірген басқарма мушелерінен тиісінше Президент, Үкімет
және Ұлттық банктің төрағасы бекітеді және қызметтен босатады .
Ұлттық банктің төрағасын республика Президенті Парламентпен келісе
отырып 6 жыл мерзімге тағайындайды. Егер төраға қызметтен кеткісі келсе 2
ай бұрын алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы.Оны қызметтен Президент
босатады.Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты.Оның орынбасарларын
төрағаның ұсынысымен Республика Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне
тәуелсіз 6 жылмерзімге бекітеді.Төрағаның орынбасарларын қызметінен
төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады.Сондай-ақ төрағаның
орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе,онда 2 ай бұрын төраға
арқылы Президентке арыз береді.
Ұлттық банктің Басқармасының мәжілістері қажетті кезде,бірақ айында
кемінде 1 рет өткізіп,онда Ұлттық банктің, жоғарыда айтылған қызметтерін
орындайды,ал Ұлттық банктің күнбе-күнгі қызметін басқаратын орган –
Директорлар Кеңесі. Директорлар Кеңесі Президенттің Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі туралың заң күші бар Жарлығына сай Ұлттық
банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк белгілеген
уәкілдік шегінде атқарып, оған есеп беруге міндетті.

2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау

Елдің несие жүйесіндегі коммерциялық банктердің рөлі мен орнын бөліп
көрсету, олардың қоғам ішінде, жалпы мемлекет экономикасында маңыздылығын
ашу – бұл бөлімнің басты мақсаты.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы
30 наурызында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және 1995 жылы 31
тамыз айында қабылданған Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік
қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады. Бұл
заңдарда Қазақстан Республикасының банктерді құрудың, қайта ұйымдастырудың
және таратудың барлық ерекшеліктері көрініс тапқан.5
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар
банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең
көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл олардың
экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні
бүгінге дейін коммерциялық банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл
құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.
Қазіргі тұрақтандырылған экономиканың жетілдіруі үшін коммерциялық
банктер халыққа көптеген операцияларды жүзеге асырады. Еліміздің екінші
деңгейлі банктері ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастыруымен ғана
шұғылданып қоймай, сонымен қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру,
сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, қаржылық
операциялардың барлық түрлері, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер
және мүлікті басқару операцияларын жүргізеді.
Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әртүрлі секторларында
қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік
тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды.
Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі,
базалық буын рөлін атқарады.
Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын
шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді.
Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы
өздерінің әртүрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік
береді.
Коммерциялық банктер қаржы нарығында ең маңызды делдалдық қызметті
атқарады. Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер
деген жалпы атпен біріктіріледі.2
Коммерциялық банк термині банк ісінің ертеретегі даму кезеңінде,
банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет
көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне
осында коммерциялық банк деген атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және
басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларында қызмет
көрсете бастағандықтан да банктің коммерциялық деген атауы бастапқы
мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын білдіреді,
оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың
қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық
экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік
мекемелердің тобын білдіреді.
Коммерциялық банктер - банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар
кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің
негізгі қызметі - кәсіпкерлерге, халыққа жан-жақты несие-қаржылық қызмет
көрсету.
Коммерциялық банктер жеке және заңды тұлғалар үшін бүкіл операциялық
қызметтерді орындайтын ақша нарығының жұмыс жасаушы әмбебап буыны ретінде
қатысады.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан
өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар
коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда
өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір опеациялардан түсетін пайда
есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық
банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық
емес. Олар өзгермелі ақша – несие нарығының жағдайына көндігетін
қабілетінің барлығын көрсете алады.
Соңғы кездері екінші деңгейлі банктер мен басқа несие мекемелерінің
арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсекелестік банктердің жаңа операциялар
түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынылатын қызмет түрлерін өсіруге және
қызмет көрсету нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес
операцияларды меңгеріп, елдің жалпы экономикадағы ролін арттыруда.
Қазіргі коммерциялық банктер активті және пассивті операцияларын
орындайды. Бұл екі түрлі операция бір бірліктің екі қарама-қарсы жақтары
секілді көрінеді, себебі, пассивтік операциясыз активті операцияның болуы
мүмкін емес, ал активті операциясыз пассивтік операцияның мәні де жоқ.
Алайда, жүзеге асырылатын банктік операцияларының барлығы, күмәнсіз, бір
мақсатты көздейді – табыстың өсуі және шығынның кемуі.
Қазақстан Республикасының 31.08.1995ж. № 2444 Қазақстан
Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Заңының 30 бабы
бойынша қызмет көрсету – бұл банктік операцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ
бап бойынша көрсетілген басқа да банктік операциялар. Бұл заңда, сонымен
қатар, банктік операцияларды жекелеген түрлерін ұйымдастырудың
ерекшеліктері көрініс тапқан.3,4
Аталған заңға сәйкес коммерциялық банктер келесі операцияларды
орындауға құқылы:
• заңды және жеке тұлғалардың ақылы негізде депозиттерін қабылдау,
банктік шоттарын ашу және жүргізу;
• банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
• заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
• кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта
санау, айырбастау, ұстау, сорттау, қаптау және сақтау;
• банкнота мен монеталарды және бағалы қағаздарды инкассациялау және
жөнелту;
• аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударымен
байланысты тапсырмаларын орындау;
• есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін
және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
• қарыздық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару
шартымен ақшалай формада несиелер беру;
• заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің
тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу
операциялары операцияларын жүргізу;
• клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-
ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке
қатысушылардың таза позициясын анықтау;
• ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын
мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
• коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз
(форфейтинг);
• заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді,
вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және
өзге де міндеттемелерді);
• төлем карточкаларын шығару;
• төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да
операцияларды жүргізу;
• ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме
және өзге де міндетемелерді беру;
• инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе оларды иемденушілердің
тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін
жүзеге асыра алады. Олар: брокерлік, дилерлік, кастодиандық. Бұл банктік
операциялар бойынша қызметтерді көрсету,клиенттердің тәуекелі бойынша
олардың агенттері ретінде әрекет ету.
Осыған орай, банктік заңдарына сәйкес, банк – уақытша бос ақша
қаражаттарын жинақтауға, клиенттердің тапсырысы бойынша есеп айырысу
операцияларын жүргізуге құқылы несие ұйымы.
Екінші деңгейлі банктер заңнаманың барлық құқықтық жағынан қамтылған
кең көлемде операциялар түрлерін ұсынады. Коммерциялық банктің
операцияларын 3 топқа бөліп қарастырамыз:
- қызмет көрсету арқылы клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын
тарту;
- қызмет көрсетулерсіз клиенттердің ақша қаражаттарын тарту;
- басқа көздерден ақша қаражаттарын тарту.
Пассивті операциялар (тартылған қаражаттар)
Активті операциялар (қаражаттарды орналастыру)
- банктердің өз шотына және пайдасына жүргізілетін операциялар;
- клиенттердің шоттарына және олардың қажеттіліктері бойынша
жүргізілетін операциялар.
Активті-пассивті операциялар (комиссиялық делдал)
- клиенттердің қажеттіліктері бойынша және комиссиялық бастама
негізінде (таза банктік қызмет көрсетулер) жүргізілетін операциялар.
Коммерциялық банктің кіріс алу және өтімділікті қамтамасыз ету
мақсатымен банктің шоғырландырылған ресурстарын орналастыру оның активті
операцияларының мазмұнын анықтайды. Яғни, банктік активті операциялар –
табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында иелігінде бар
ресурстардың орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі
мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған
қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.
Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға
төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін
белгілеп табыс табады.
Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің
өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді
(мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда). Болашақ қарыз
алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша
жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай
қаражаттарын бере алады.6
Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер үкіметтің қажеттілігіне
(Үкіметтің үкімі бойынша) беріліп, кейіннен олар банктерге және олардың
акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында қайтарылмай қалды. Ондай
қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің сақтауға қолайлы әр түрлі
депозиттерді ұсыныды, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе,
екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады.
Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда,
мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады. Қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның банктік жүйесі
Банктер жүйесі жайында
Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
Банктік жүйе
Қазақстаннның банк жйесінің дамуына және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдары
Қазақстанның банк жүйесі жайлы
Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау және жетілдіру жолдары
Ұлттық банктің қызметтері және ақша-несие жүйесі
Пәндер