Басқару нысанының негізгі ережелері мен түрлері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Басқару нысанының негізгі ережелері мен түрлері
Қазақстан Республикасының билік органдары
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы және оның негіздері
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн - деуінің мәні ерекше. Қазақстан жерінде бұған дейін өмір сүрген мемлекеттік құрылымдардың бүгінгі тәуелсіз республикамызға тікелей қатысы бар. Оларда қазіргі қазақтардың түпкі ата-бабалары өмір сүрді және осы территорияны болашақ ұрпақтары үшін жан-тәнімен қорғап, үлкен өркениетті іздерін қалдырды.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Басқару нысанының негіздері, нақты біздің Қазақстан Республикамыздың заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алдыға тартады. Мемлекекттің пайда болуы қоғамдық ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен - Теологиялық теория, ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдыретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеологтары Августин (354-430) және Фома Аквинский (1225-1274) болып табылады.1
Сонымен, мемлекет - қоғамның ұйымдық құрылымды объективті қажет ет етін ұйым ретінде жұмыс жүргізеді.
Мемлекет - мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен
1. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы: Заң әдебиеті 2004ж.- 106б.
сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы. Мемлекеттік органдар мемлекеттік міндеттерді орындауға тағайындалған және ортақ сипаттарға ие. Мемлекеттік органның айрықша маңызды белгісі биліктік өкілетіктермен қамтамасыз етілуі болып табылады, демек іс-әрекет міндетті сипатқа, ал бұйрықтар биліктік сипатқа ие. Мемлекеттік органның биліктік өкілетіктері оның құзыреті шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның құзыреті деп оны жүргізу құралының, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ұғынылады.
Мемлекеттік аппарат мемлекеттің атынан функцияларын атқарады, әрқайсысының алдында тұрған мақсаттары заңда анық белгіленген. Басқа мемлекеттік органдарымен қалай қатынасатыны, ішкі құрылысы, құзыреті белгіленген. Мемлекеттік аппараттың негізгі нышаны оның мемлекеттік билігі. Бұл мемлекеттік билікті былай түсінуге болады: олар мемлекеттің атынан барлық субъектілерге міндетті нормативтік актілерді шығарады, немесе құқықтық нормалардың орындалуын тексереді, ал кейбір кезде жазаға тартуға құкығы бар.2
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратына, оның қызметіне тоқталу, мемлекеттік функцияларын жіктеу.
Президент Қазақстан Республикасы органдары жүйесінде айрықша орынға ие. Ұйымдық ретте ол дербес, биліктің үш тармағына бірдей енбейді. Президент ең алдымен мемлекеттің
2. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы Оқулық. - Алматы: Наз баспа компаниясы, 2003
басшысы болып табылады. Мемлекеттік басшысы ретінде ол ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.
Қарастырып отырған курстық жұмыстың тақырыбы Басқару нысанының түсінігі, түрлері деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты - басқару нысанының ұғымы, түсінігі, түрлері, құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру.
Курстық жұмыстың тақырыбының мазмұнын толығымен ашып көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына мыналар жатады:
oo Басқару нысанының негізгі ережелері мен түрлерін қарастыру;
oo Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары түрлеріне нақтырақ толық мәлімет беру;
oo Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы және оның негізгі принциптерін талдап беру.
Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін, әр сұрақты жеке - жеке қарастырып өтелік.

Теория бойынша мемлекеттің нысаны үшке бөлінеді. Олар:
1. басқару нысаны;
2. мемлекеттің құрылым нысаны;
3. саяси режим
Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым қатынастары қандай қағидаттармен қалыптасып, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасындағы басқару түрі маңызды элемент болып саналады.
Мемлекет және құқық теориясы мемлекет түрін анықтауда үш негізгі, бір-бірімен байланысты қатынасты көрсетеді: басқару тәртібі, ұлттық - мемлекеттік және әкімшілік - аумақтық құрылым тәртібі, саяси тәртіп. Сөйтіп, мемлекет түрі дегеніміз мемлекет құрылымының басқару тәртібіне және саяси тәртібіне байланысты қалыптасқан қоғамның ұйымдастырылу құрылымы. Мұнда жоғары билік ұйымдары, жоғары мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдар мен азаматтар арасындағы өзара қатынастары бейнеленеді. Басқару түрлері билікті ұйымдастыру әдісіне қарай екіге бөлінеді: монархия және республика.
Басқару нысаны монархия және республика болып екіге бөлінеді.
Монархия - жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархия шексіз және шектелген болып бөлінеді. Шексіз монархия - монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, биліктің бәрі өз қолында. Мысалы - Шығыс деспотиясы, Египет, Вавилон, Қытай, Жапония және Рим империясы жатады. Қазіргі жаңа ғасырларда шексіз млнархиялар өте сирек кездеседі. Атап кетсем - Бруней, Оман.3
Ал шектелген монархияда монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі. Монархияның бұл түрі Шығыс мемлекеттерінде кездеседі. Мысалы - Үндістан. Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталады. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік. Дуалистік монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық революциялар өткенннен кенйін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылады, оған біріншіден, заң шығарушы билігі жатады. Мысалы Франция мемлекетінде 1791жылғы Конституция бойынша король заң шығару билігін жоғалтты, ол Ұлттық Жиналыстың қолына көшті. Бірақ оның қолында қалған билігі әлі күшті еді: ол әскерді өзі басқарды, осыны пайдаланып өзінің халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерін, министрлерді және атқару билікті өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салған және парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік екіге бөлінді: парламент буржуазияның мүддесін қорғады, ал король феодалдардың. Бірақ тарихи процесс обьективтік түрінде парламентті жеңіске жеткізеді де, дуалистік монархия парламенттік монархияға
3. Жоламан Қ. Д., Мұхтарова А. Қ., Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. - Алматы: ҚазМУ баспа орталығы, 1999
айналды. Парламенттік монархия бірінші Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейін Құқық туралы Билль деген (1689ж.) Конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда болды. Қазір Еуропа мемлекетінің көбісі осыған жатады: Бельгия, Норвегия, Швеция, Дания. Бұл мемлекеттерде монарх мемлекеттің басшысы. Ол парламенттің келісімінсіз көп мәселелерді шеше алмайды. Парламенттің төменгі палатасынан көп орын алған саяси партия өзінің өкіметін құрады. Сол партияның басшысы Премьер-Министр болып тағайындалады. Премьер-Министр кабинетін өзі құрастырады, король оған тек келісім береді. Кабинет корольдің алдында емес, Парламенттің алдында жауапты.
Монархия басқару тәртібінде жоғары мемлекеттік билік мұра арқылы ие болған және тұрғындардың алдында жауапқа ие, жалғыз мемлекет басшысы монархқа жатады. Басқарудың монархиялық түрінің өзі 2-ге бөлінеді:
1) шексіз (абсолюттік) монархия
2) Конституцилық монархия.
Абсолюттік монархияда жалғыз мемлекеттің жоғары органы - монархқа шексіз билік беріледі. Монарх - заң шығарушы, атқарушы және сот билігін өз қолына топтастырған. Қазіргі кезде мұндай басқару түрі Сауд Арабиясына, Біріккен Араб Эмиратына, Катар, Оманға жатады. Конституциялық монархияда монархтың билігі конституциямен шектеледі. Конституциялық монархияның өзі екіге бөлінеді: дуалистік және парламенттік монархия.4
4. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы Оқулық. - Алматы: Наз баспа компаниясы, 2003
Дуалистік монархияда монархтың қолында негізінен атқарушы билік және аздаған заң шығарушы билік, үкімет құру құқығы, министрлерді бекіту және оның алдында олардың жауап беруі, құқық ветосы және парламент тарқату құқығы беріледі.
Мұндай басқарудағы елдер - Иордания, Кувейт және Марокко. Парламенттік монархияда монархтың құқықтық жағдайы шектелінеді, мұнда монарх мемлекет басшысы болып есептелгенімен шын мәнінде өкілдік қызметке ғана ие болады және аздаған атқарушы билік қызметі беріледі. Кейде заңда көрсетілген жағдайларға байланысты парламент шешіміне вето (тоқауыл) қояды және парламентті тарқата алады. Мұнда министрлер парламенттің сенім вотумына байланысты бекітіледі. Сөйтіп, үкімет парламенттік жолмен құрылады. Қазіргі кезде мұндай басқару түрі Ұлыбритания (мемлекет басшысы - королева), Бельгия (мемлекет басшысы - король), Дания (мемлекет басшысы - монарх), Швеция, Испания т.б. елдерде қолданылады.
Басқарудың екінші түрі - республика. Егер мемлекетте жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару нысаны Республика деп аталады. Республикалық басқаруда мемлекет басшысы сайланады. Бұл басқарудың екі түрі кездеседі: Президенттік және Парламенттік Республикалар. Президенттік Республикада президентті тікелей халық сайлайды және президент мемлекет басшысы бола отырып үкіметті тағайындайды. Парламенттік Республикада мемлекет билігінің жоғарғы органдар жүйесі Парламенттің басымдылық қағидатына негізделген. Мысалы - Италия, Швейцария. Кейбір мемлекеттерде Президенттік және Парламенттік белгілер аралас болады. Оларды жартылай Президенттік Республика деп атайды. Оған, мысалы, Ресей Федерациясын жатқызса болады.
Республикалық басқаруда биліктің қайнар көзі көпшілік халық және мемлекеттің жоғары органын азаматтар сайлайды, яғни мемлекеттегі жоғары билік белгілі мерзімге сайланатын, сайлаушылар алдында жауапты сайланған органға жатады. Барлық республикалар аристократиялық және демократиялық болып бөлінеді. Казіргі кезде демократиялық республикаларды басқару түріне қарап үшке бөлеміз:
1)
2) парламенттік;
3) президенттік;
4) аралас немесе жартылай президенттік.
Парламенттік республикада үкімет парламенттік негізде құрылады. Мемлекеттің саяси өмірінде шешуші орынды премьер-министрдің басшылығымен құрылған парламеттік үкімет алады. Сөйтіп, парламент тек заң шығарушы ғана емес, бақылаушы үкіметтік орган. Президент мемлекеттік басшы болғанымен, үкімет басшысы бола алмайды. Үкімет партиялар негізінде құрылады. Қазіргі кезде парламеттік республикаға Австралия, Үндістан, Израйль, Туркия, Швейцария жатады. 5
Президенттік республика - республикалық басқарудың ең көп тараған түрі. Президенттік республикаға тән нәрсе президентке
5. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. А.Әлайдар- Алматы,2008
мемлекет басшысы өкілеттігі және атқарушы билік басшылығының жатуы. Ол ішкі және сыртқы саясатты басқарады, қарулы күштердің жоғары басшысы болып есептеледі. Президенттік республикада үкімет тұрақты болып келеді. Мұнда биліктің заң шығарушы және атқарушы, сот тармақтары қатаң бөлінеді. Парламент үкіметке сенімсіздік жариялай алмайды. Себебі, президентте парламентті тарату құқығы болмайды. Президент тарапынан антиконституциялық әрекеттер немесе қылмыс жасалған жағдайда, оған импичмент (мерзімінен бұрын қызметтен босатылуы) жарияланады. Президенттік республикаға АҚШ, Аргентина, Өзбекстан, Қазақстан жатады.
Жартылай президенттік немесе аралас республика - республиканың үшінші негізгі түрі. Басқарудың бұл түрі мықты президенттік билікті үкіметтің қызметін парламенттің тиімді бақылауымен ұштастырады. Оның басты сипаты үкіметтің әрі президент, әрі парламент алдындағы екі жақты жауаптылығы.
Жартылай президенттік республиканың классикалық түрі - Франция. Мұнда парламент президентті босата алмайды, ал президент парламентті тарата алады, бірақ міндетті түрде жаңа парламенттік сайлау мерзімін жариялау керек. Парламенттік - президенттік аралас республиканың бірі - Португалия. Мұнда үкіметті президент және парламент біріге отырып құрады. Осындай басқарудағы республиканың түрлеріне Австрияны, Ирландияны, Польшаны, Финляндияны, Болгарияны т.б. жатқызамыз. Сөйтіп, республикалық басқару-ұжымдық басқару болып есептелінеді.
Мемлекеттің құрылым тәртібі дегеніміз мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылуы. Барлық мемлекеттерді мемлекеттік құрылымына қарап жай және күрделі деп бөлеміз:
1) жай немесе унитарлы (біртұтас) мемлекет деп біркелкі, саяси біртұтас орталықтанған мемлекетті айтамыз. Әкімшілік-аумақтық бірлестігінде ешқандай мемлекеттік құрылымның болмауымен сипатталынады. Унитарлы мемлекетте біртұтас жоғары органдар жүйесі, біртұтас сот жүйесі, біртұтас азаматтық және бірканалдық салық жүйесі қызмет етеді. Мысалы, Қазақстан.
2) Күрделі мемлекеттер деп белгілі бір бөлігінің өз бетінше басқарылуы. Мұндай күрделі мемлекеттерге империя, конфедерация, федерация, өзара достықпен құрылған одақтар және бірлестіктерді жатқызамыз.
Империя - күштеу арқылы құрылған күрделі мемлекет. Оның құрамды бөлігі жоғарғы билікке тәуелді болады. Империяда ешуақытта біртұтас мемлекеттік - құқықтық статус болмайды. Мысалы, Рим империясы, Британ империясы т.б. Конфедерация - тәуелсіз мемлекеттердің белгілі бір саяси ортақ мақсатқа жету үшін жасасқан одағы. Конфедерация мүшелері өздерінің толық мемлекеттік тәуелсіздігін сақтайды. Олар әскери, экономикалық, саяси, т.б. мақсат үшін уақытша құрылады. Конфедерациялық одақтар АҚШ-та (1776-1784 ж.ж), Швецарияда (1848 ж.дейін), Германияда (1815-1867ж.ж) т.б. құрылған. Мұндай бірлестіктер не тарқап, не федерацияға айналады. Федерация - күрделі одақтық мемлекет, ол құрылымдардан құралады. Федерацияда - орталық пен жеке мемлекеттер арасындағы бөлінген мөлшердегі дербестік сақталады, өз конституциялары, заң шығарушы, атқарушы және сот органдары болады, қос азаматтығы бар мемлекеттердің тұрақты одағы. Федерация аумақтық,не болмаса ұлттық -мемлекеттік принцип негізінде құрылады. Мысалы, АҚШ - 51 штаттан, Ресей - 89 федерациялық субъектілерден, Германия бірнеше жерлерден тұрады.
Өзара достықпен құрылған мемлекеттер. Олар өздеріне тән экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге байланысты белгілері бойынша бірігеді. Өзара достық мүшелері толық тәуелсіз халықаралық қатынастар субъектілері болып табылатын суверентетті мемлекеттер. Мысалы, тәуелсіз мемлекеттер достығы (ТМД)
Мемлекеттер бірлестігі - қоғамның мемлекеттік ұйымға өту түрі. Бұның негізіне мемлекет - аралық келісім жатады. Көптеген жағдайларда конфедеративті бірлестік жағына өтеді. Мысалы, Европалық бірлестік. Саяси тәртіп дегеніміз мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістерінің жүйесі, қоғамның саяси жағдайының қорытындысы, яғни саяси күштердің қызметінің нәтижесі.
Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдеріне қарап екі түрге бөлеміз:
1) демократиялық;
2)антидемократиялық.
Демократиялық тәртіптің негізгі белгілері:
1) тұрғындардың мемлекеттік билікті іске асыруға тікелей (қоғамдық өмірдегі маңызды мәселеге азаматтардың референдум арқылы қатысуы) және өкілдік демократия арқылы (халық өз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz