Қылмыстық жаза тағайындау және жазадан босатудың негіздері


Курстық жұмыстың мазмұндамасы
Қылмыстық жаза тағайындау және жазадан босатудың негіздері
КІРІСПЕ 3-4
1-тарау Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi 4-21
§1. Жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн жағдайлар . . . 5-8
§2. Жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдайлар . . . 8-11
§3. Заңда белгiленген жазадан гөрi жеңiлiрек жаза тағайындау . . . 11-12
§4. Аяқталмаған жəне қатысушылықпен жасалған қылмыс үшiн жаза тағайындау12-13
§5. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау . . . 13-15
§6. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау . . . 15
§7. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау . . . 15-17
§8. Кəмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлерi мен шектерi . . . 17-18
§9. Кəмелетке толмағандарға жаза тағайындау . . . 18-19
§10. Тəрбиелiк сипаттағы мəжбүрлеу шаралары . . . 19-21
2-тарау. Жазадан босату 21-29
§1. Жазадан босатудың түсiнiгi мен негiздерi . . . 21-22
§2. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату . . . 22-24
§3. Жүктi əйелдердiң жəне жас балалары бар əйелдердiң жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру . . . 24
§4. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату . . . 24-26
§5. Төтенше мəн-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеудi кейiнге қалдыру . . . 26
§6. Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмi өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату . . . 26-27
§7. Рақымшылық жəне кешiрiм жасау актiсi негiзiнде жазадан босату . . . 27-28
§8. Кəмелетке толмағандарды жазадан босату . . . 28-29
ҚОРЫТЫНДЫ 29-31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ОҚУЛЫҚТАР МЕН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР 31-33
КІРІСПЕ
Қай мемлекет болмасын ол қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде əртүрлi əлеуметтiк ұйымдастырушылық, экономикалық, тəрбиелiк, рухани шаралардың барлық түрiн кеңiнен қолдануға тырысады.
Қылмыс пен жаза - қылмыстық құқық өзiнiң пайда болған кезiнен сүйенетiн бiр-бiрiмен тығыз байланысқан ажырамас категориялар. Қылмыстық жаза мəселесi қылмыстық құқық теориясында ерекше орын алады, өйткенi, ол қылмыстылықпен күресу шараларының жүйесiндегi ең ауыр да қажеттi шаралардың бiрi болып табылады.
Қылмыстық жаза мемлекеттiк мəжбүрлеу шараларының жеке бiр түрi жəне оның өзiне тəн мынадай белгiлерi бар:
- Жазаның бiрiншi белгiсi - ол мемлекеттiк мəжбүрлеу шарасы. Бұл жаза тек мемлекет атынан сотпен ғана тағайындалады дегендi бiлдiредi.
- Жаза тек қылмыс жасағаны үшiн кiнəлi деп танылған адамға ғана тағайындалады.
- Жаза тек қылмыс үшiн тағайындалады.
- Жаза əрқашанда қылмыс жасаған адамның құқығы мен бостандығын шектеумен байланысты, яғни тобъективтiк мазмұны бойынша жаза-жапа шектiру.
- Жаза сотталған адамға соттылық атағын тағады.
- Жаза жария түрде ашықтан ашық тағайындалады.
Осы жоғарыда аталған жазаның негiзгi белгiлерiнен оның анықтамасын шығаруға болады. ҚР ҚК-нiң 38-бабында «Жаза дегенiмiз - соттың үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мəжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кiнəлi деп танылған адамға қолданылады жəне ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табыладың - делiнген.
Алайда, жазаның түсiнiгi жөнiнде қылмыстық құқық теориясында бiрқатар пiкiрлер айтылған. Мысалы, В. И. Курляндский, «Жаза-соттың үкiмiмен қылмыс жасаған адамдарға қолданылатын мемлекеттiк шараның түрiң десе, М. Д. Шаргород ский бұл анықтамамен iшiнара қосыла отырып, «мемлекеттiк шаралардың бəрi де жаза емес, оған медициналық жəне тəрбиелiк сипаттағы шаралар жатпайдың - деп толықтырды. Ленинградтық криминолог ғалымдар өздерi шығарған қылмыстық құқық курсында «Советтiк қылмыстық құқықтағы жаза - мемлекеттiк шараның мөлшерi, ол сот органдарының үкiмiмен қылмыс жасаған адамдарға қолданылып, қылмыскердiң өзiне тəн материалдық игiлiктерден жұрдай етумен қоса, сол əрекетке мемлекет тарапынан қаралап баға беруң - дейдi.
Қылмыстық жаза туралы мəселенi көтергенде оның қылмыстық жауаптылықпен арақатынасына да тоқталған жөн. Жауаптылық пен жаза ұғымдарын жекелеп алып қарасақ, жауаптылық жаза ұғымынан əлдеқайда кең ауқымды, өйткенi, жаза - қылмыстық жауаптылықтың маңызды сатыларының бiрi ғана.
Қылмыстық жауаптылықтың басталу уақыты болып қылмыстың жасалуы, ал аяқталу уақыты-соттылықтың жойылуы немесе өтелуi. Қылмыстық жауаптылыққа алдын-ала тергеу, анықтама, прокуратура жəне сот органдары тартып жəне босатады. Ал жазаны сот тағайындап сот босатады. Қылмыстық заңда қылмыстық жауаптылық пен жазаны бiр-бiрiнен ерекшелейтiн нормалар кездеседi. Мысалы, қылмыстық жауаптылықтан жəне қылмыстық жазадан босату негiздерi əртүрлi. Сонымен, жаза соттың айыптау үкiмiнде жүзеге асырылған қылмыстық жауаптылықтың мəнi. Соттылықтың өтелуi жəне жойылуы жазамен байланысты барлық құқықтық шектеулердi жояды.
Қылмыстық кодексте жазадан басқа қылмыстық құқықтық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары көзделген. Олар:
1) Тəрбиелiк сипаттағы мəжбүрлеу шаралары;
2) Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары.
Бұл шаралардың жазадан басты ерекшелiгi олардың соттылықты болдырмауында. Екiншiсi, олардың тағайындалу адресатында, яғни тəрбиелiк сипаттағы шаралар 14-18 жас аралығындағы қылмыс жасағандарға, ал медициналық сипаттағы шаралар қылмысты есi дұрыс емес жағдайда жасаған адамдарға жəне ҚК-тiң 88-бабында көрсетiлген басқа да негiздерде тағайындалады. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары белгiсiз мерзiмге тағайындалады.
1-ТАРАУ Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi
Жаза тағайындау қылмыстық заңды қолдану барысындағы ең жауапты, маңызды саты болып табылады. Өйткенi, жаза тағайындау, оны жүзеге асыру сотталған адамды түзеуге, əлеумет тiк əдiлеттiлiктi қалпына келтiруге, қылмыстардың алдын алуға ықпал етедi. Жазаның осы мақсаттарына қол жеткiзу көбiне қылмыстық жазаларды əдiл əрi негiздi тағайындаумен анықталады. Қылмыс жасаған адамға белгiлi бiр жазаны жеке дара тағайындау « Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi деп аталатын арнайы ережелерге сəйкес жүргiзiледi. Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi дегенiмiз - əрбiр нақты iс бойынша жаза тағайындау кезiнде сот басшылыққа алуы тиiс заңмен бекiтiлген белгiлер.
Қылмыстық заңда жаза тағайындаудың жалпы негiздерi ретiнде: жазаның əдiлеттiлiгi, мақсатқа лайықтылығы, тиiмдiлiгi айтылады. ҚК-тiң 52-бабының 1-бөлiгiнде « Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында белгiленген шекте жəне ҚК-тiң Жалпы бөлiмiнiң ережелерi ескерiле отырып, əдiл жаза тағайындалады ң - делiнген. Жаза əдiлеттi деп танылады, егер ол жасалған қылмыстың ауырлығына, қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесiне, кiнəлiнiң жеке тұлғасына жəне қылмысты жасау жағдайларына сəйкес тағайындалатын болса. Мұнда «сəйкес терминi бiр ғана ұқсастықты емес, тепе-теңдiк деген мағынада қолданылады, яғни жаза қылмысқа сыртқы формальды жағынан емес əлеуметтiк жағынан жəне арифметикалық жағынан емес заңдық жағынан тең болуы керек дегендi бiлдiредi. Сонымен бiрге, жаза мəнi жағынан заңды жəне негiздi болуы керек. Егер оны барлығы, сотталғаннан бастап қоғамның барлық мүшелерi заңды, негiздi жəне көз жетерлiк жаза ретiнде қабылдаса ғана əдiлеттi деп танылады. Тағайындалатын жазаның заңға сəйкестiк талаптары маңызды. Жасалған қылмыстың қауiптiлiгiн бағалай отырып сот ең алдымен, аталған қылмыстың түрiне ҚК-тiң Ерекше бөлiмiн дегi заңшығарушының берген бағасын ескеруi керек. Сондықтан əдiлеттi жаза тағайындаудың мiндеттi алғышарты болып қылмыстың нақты заңдық саралануы табылады.
Қылмысты саралаудағы қате əдiлетсiз жаза тағайындауға əкеп соғады.
Жазаның мақсатқа лайықтылығы деген соттың тағайындаған мəжбүрлеу шарасының сотталған адамға оң ықпал етуге сəйкес келу талабын бiлдiредi. Соттың таңдаған жазасы оның жалпы мақсаттарына қол жеткiзудiң жеткiлiктi құралы болуы керек. Осыған байланысты ҚК-тiң 52-бабының 2-бөлiгiнде «Қылмыс жасаған адамға оның түзелуi жəне жаңа қылмыстардың алдын алу үшiн қажеттi жəне жеткiлiктi жаза тағайындалуы тиiс - деп көрсетiлген. Заң сотты жаза тағайындау кезiнде жаза мақсаттарының бiреуiне қол жету болып саналатын - жазаның сотталған адамның түзелуiне əсер ететiндiгiн көре бiлудi, жəне барлық мəн-жайларды ескере отырып, жазаның мүмкiндiгiнше ең қатаң емес түрiн дұрыс тағайындай бiлудi, оның мөлшерiн анықтауды мiндеттейдi. Сот жазаны ҚК-тiң Жалпы бөлiмiнiң ережелерiн ескере отырып тағайындайды.
Жаза тағайындау кезiнде сот мына жағдайларды мiндеттi түрде ескеруi тиiс:
1) . Жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесi,
2) . Кiнəлiнiң жеке басы;
3) . Кiнəлiнiң қылмыс жасағанға дейiнгi жəне одан кейiнгi мiнез-құлқы;
4) . Жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мəн-жайлар;
5) . Жауаптылық пен жазаны ауырлататын мəн-жайлар;
6) . Тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуiне жəне оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалы.
1) Қылмыстың қоғамға қауiптiлiгi - бұл Қылмыстық кодекспен қарастырылған iс-əрекеттiң қылмыстық
заңмен қорғалатын объектiлерге нақты зиян келтiру немесе нақты зиян келтiру қаупiн тудыруының объективтi қасиетi. Əрбiр нақты қылмыстың қоғамға қауiптiлiгi қылмыстық құқық теориясында екi категория: қоғамға қауiптiлiк сипаты (сапалық белгi) жəне қоғамға қауiптiлiк дəрежесi (сандық белгi) арқылы ашылады.
Қылмыстың қоғамға қауiптiлiк сипаты - қылмыстың сапалық категориясы, ол ең алдымен, қол сұғушылық объектiсiнiң ерекшелiгiмен, яғни объектiнiң қоғам мен мемлекет үшiн құнды лығымен, қылмыс нəтижесiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiмен жəне т. б. жағдайлармен анықталады. Барлық қылмыстар бiр- бiрiнен осы қоғамға қауiптiлiк сипаты бойынша ерекшеленедi. Қылмыстың қоғамға қауiптiлiк дəрежесi - қылмыстың сандық категориясы, жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты шешiледi. Ол ең алдымен қылмыс құрамының белгiлерiмен, объектiге келтiрiлген зардаптың мөлшерi мен сипаты; кiнəнiң нысаны, мақсат пен ниет; қылмыстың жасалу тəсiлi; субъектiнiң ерекшелiгi жəне т. б. жағдайлармен анықталады. Көбiнесе, қылмыстың қоғамға қауiптiлiк дəрежесi қылмыстың объективтiк жағымен, ал қоғамға қауiптiлiк сипаты - қылмыстың объектiсiмен жəне субъективтiк жағымен сипатталады. ҚР Жоғары Соты Пленумының 30. 04. 1999 жылғы «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы қаулысының 2-пунктiне сəйкес «Жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiк дəрежесiн анықтағанда, соттар қылмыстың ауырлығын анықтау тəртiбiн реттейтiн ҚК-тiң 10-бабының талаптарын, сондай-ақ нақты қылмыстық əрекет (кiнəнiң түрi, себебi, тəсiлi, жасаған қылмыстық жағдай мен кезеңi, одан болған ауыртпалық, сотталушылардың əрқайсысының қылмысқа қатыстылығының дəрежесi мен сипаты т. б. ) жағдайының барлығын ескеруi тиiсң. Жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесiн анықтау кезiнде нақты iс бойынша жинақталған барлық объективтiк жəне субъективтiк белгiлерiн есепке алу қажет.
2) Соттар жазаның түрi мен мөлшерiн белгiлеу үшiн елеулi мəнi бар сотталушының жеке басының мəлiметтерiн жан-жақты, толық жəне объективтi түрде тексеруi қажет. Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын, еңбекке қабiлеттiлiгi мен қатыстылығын, бiлiмiн, сотталғандығы туралы мəлiметтердi, сонымен бiрге сотталушының отбасы анықталғаннан кейiн тағайындалған жаза оның отбасы немесе оның асырауындағы адамдардың жағдайына қандай əсер ететiнiн ескеруi тиiс.
§1. Жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн жағдайлар
Жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мəн-жайлар деп - кiнəлiнiң жеке басына жəне ол жасаған қылмысқа қатысты, қылмыс құрамынан тысқары тұратын қылмыс пен қылмыскердiң қоғамға қауiптiлiгiн азайтатын жəне оның жауаптылығы мен жазасының дəрежесiн төмендететiн түрлi факторларды түсiну қажет. Жасалған қылмыста жеңiлдетiлген жағдайлардың бар болуы бап санкциясы шегiндегi жазалардың жеңiлдеу түрiн тағай ындауға, сонымен бiрге қылмыстық жауаптылықтан толықтай босатуды не шартты соттауды қолдануға мүмкiндiк бередi.
ҚР Қылмыстық кодексiнiң 53-бабының 1-бөлiгiне сəйкес, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мəн-жайларға мыналар жатқызылады:
1) Мəн-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет ауырлығы онша емес қылмыс жасау. Бұл жеңiлдететiн жағдай дың түрi бiр-бiрiмен байланысты үш элемент жиынтықтарының бар болуын қарастырады:
а) қылмысты бiрiншi рет жасау - яғни, егер кiнəлi бұрын мүлдем қылмыс жасамаған болса, немесе ол бұрын қылмыс жасағанымен жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмi(ҚК-тiң 69-бабы), айыптау үкiмiн орындаудың ескiру мерзiмi (ҚК-тiң 75-бабы) өтiп кетсе, бұрын жасаған қылмысы үшiн заңмен белгiленген тəртiппен соттылығы алынған не өтелген болса (ҚК-тiң 77-бабы) ғана танылады.
б) Онша ауыр емес қылмыс жасау - яғни, жасалғаны үшiн Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза 2 жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған əрекет, ең ауыр жаза 5 жылға бас бостандығынан аспайтын абайсызда жасалған əрекеттердi жасау.
в) Мəн-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан жасау - бұл бағалаушы категория болғандықтан iстiң нақты барлық жағдайларын зерттеу кезiнде анықталады. Сонымен қатар, мəн-жайлардың кездейсоқ тоғысуы ретiнде кiнəлiнi қылмыс жасауға итермелейтiн объективтiк жəне субъективтiк факторларды да түсiну қажет. Мысалы, кiнəлi үшiн кенеттен пайда болған, алдын ала дайындықсыз, жеке бастың қайғы- қасiретi əсерiнен, қылмыс жасап жатқан адамдар тобына кездейсоқ тап болуы жəне осы iс-əрекеттердi жасауға ерiксiз қатысуы, қолайсыз дау-жанжал жағдайында пайда болған қызбалық əсерiмен қылмыс жасау.
2) Айыпкердiң кəмелет жасқа толмауы - қылмыс жасау сəтiнде он төртке толған бiрақ он сегiз жасқа толмаған тұлғаның қылмыс жасауы. Заңшығарушы аталған жағдайды жеңiлдетушi мəн-жағдайлардың қатарына жатқызу себебiн адамның санасы мұндай жаста қалыптасу сатысында болатындығымен жəне кəмелетке толмағанның көзқарасы толық бекiмегендiктен өз əрекетiне дұрыс баға бере алмайтындығымен түсiндiредi.
3) Жүктiлiк жағдайында қылмыс жасау - жүктiлiк мерзiмiне қарамастан кез келген ауырлықтағы қылмысты жасау жеңiлдетушi мəн-жай болып табылады. Бұл жағдай əйелдiң жүктiлiк жағдайындағы ерекше психофизикалық, жоғары сезiмталдық, тез ашулан шақ, ұстамсыздық жəне жүйке қозуы жағдайларында жиi болатын дығын ескерiп жеңiлдетушi жағдайлар қатарына енгiзiлген.
4) Айыпкердiң жас балалары болуы - сотталған адамның (ер адамдарға да қатысты) 14 жасқа толмаған балаларының болуы. Аталған жағдай егер кiнəлi ата-аналық құқығынан айырылған немесе отбасымен ұзақ уақыт бiрге тұрмайтын болса, балаларды тəрбиелеумен, оларға материалдық қолдау берумен айналыспаса, оларға қатал қарайтын болса немесе балаларға қатысты қылмыс жасаса ескерiлмейдi.
5) Қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық жəне өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залал мен моральдық зиянның орнын өз еркiмен толтыру, қылмыспен келтiрiлген зиянды жоюға бағытталған өзге де iс-əрекеттер - қылмыстан келтiрiлген зиянның орнын толтырумен байланысты жағдайлар.
6) Жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мəн-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебiмен қылмыс жасау - сыртқы факторлардың əсер етуiнен (жеке, отбасылық, қызметтiк қатынастардан туындайтын қиыншылық тар) кiнəлiнiң қарсы тұру мүмкiндiгiнiң болмауынан қылмыс жасауы. Ауыр мəн-жайлардың тоғысуы ретiнде жұмысынан айырылуынан материалдық жағдайының қиындауын, кiнəлiнiң мүгедектiгiне немесе ауруға шалдығуына байланысты отбасын асырай алмауы жəне т. б. жағдайлар. Жаны ашығандық себебiмен қылмыс жасаса, мысалы, ауыр халде жатқан туысына қымбат бағалы дəрi-дəрмектi алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, ұрлап алу əрекетi немесе үмiтсiз ауыр өлiм халiндегi адамды оның сұрауы бойынша өлтiруi (эвтаназия) жəне т. б. жағдайлар. Мұндай аталған жағдайларда жаны ашу себебiн тудырған фактi мен жасалған қылмыс арасындағы себептi байланысты анықтау мiндеттi болып табылады.
7) Күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу салдарынан немесе материалдық қызметтiк немесе өзге де тəуелдiлiгi себептi қылмыс жасау - бұл қылмыс жасайтын адамның өз iс-қимылын таңдауға оған зорлық-зомбылық көрсету нəтижесiнен еркiнiң болмауы жəне оның қылмыс жасау туралы шешiм қабылдауына материал дық, қызметтiк жəне өзге де тəуелдiлiгiн (туыстық, жеке, мұғалiм мен оқушы арасындағы жəне т. б. ) пайдаланып тiкелей қысым жасау арқылы жасалатын жағдайлар. Аталған жағдайлар аса қажеттiлiк ретiнде бағаланбаған жағдайда жауаптылықты жеңiлдетедi.
8) Қажеттi қорғану, аса қажеттiлiк, қылмыс жасаған адамды ұстау, орынды тəуекел, бұйрықты немесе өкiмдi орындаудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу жағдайларында қылмыс жасау - яғни ҚК-тiң 32- 37 баптарында қарастырылған əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайлардың заңға сəйкестiк шарттарын сақтамау нəтижесiнде қылмыс жасауды түсiну қажет. Бұл мысалы, ҚК-тiң 98, 99, 100- баптарындағы адам өлтiру қылмысының жеңiлдететiн түрлерi.
9) Қылмыс жасау үшiн түрткi болып табылатын жəбiрлену шiнiң заңға қайшы немесе адамгершiлiкке жатпайтын қылығы - кiнəлiнiң қылмысты жəбiрленушi тарапынан орын алған ұрып-соғу, азаптау, жала жабу, қорлау жəне т. б. құқықбұзушылық сипатындағы əрекеттер немесе моральға, адамгершiлiкке жат əрекеттер себебiмен қылмыс жасау. Аталған əрекеттер бiр мəрте немесе жүйелi түрде де жасалуы мүмкiн. Алайда, заңға қайшылық немесе адамгершiлiкке жатпайтын қылықтарды сот iстiң мəн-жайларына сəйкес барлық уақытта анықтап отыруы қажет.
10) Шын жүректен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды əшкерелеуге жəне қылмыс жасау нəтижесiнде алынған мүлiктi iздеуге белсендi жəрдемдесу - аталған əрекеттердiң əрбiрi не олардың жиынтығы қылмыс жасаған адамның қауiптiлiгiн төмендетедi, оның өз кiнəсiн түсiнгендiгiн жəне өкiнетiндiгiн дəлелдейдi. Бұл жағдайлар мазмұны мен мағынасы жағынан бiр-бiрiне жақын болып табылады жəне қылмыскердiң тез түзелу мүмкiндiгiн куəландырады.
Жоғарыда қарастырылған жауаптылық пен жазаны жеңiл дететiн жағдайлардың тiзiмi соттар үшiн мiндеттi, бiрақ түпкiлiктi болып табылмайды, сот бұл бапта қарастырылмаған басқа да жағдайларды үкiмде көрсете отырып жеңiлдетушi мəн-жай ретiнде тануға құқылы. Тəжiрибеде мұндай жеңiлдететiн жағдайлардың қатарына кiнəлiнiң денсаулық жағдайы, қоғамға пайдалы қызметi, асырауында қарт жəне науқас ата-анасының болуы, Отан алдындағы қызметi, жетiстiктерi үшiн алған наградаларының болуы, тұрғылықты немесе жұмыс орнынан жағымды мiнездемесiнiң болуы жəне т. б. жағдайлар жатқызылады.
ҚК-тiң 53-бабының 1-бөлiгiнде көрсетiлген жағдайлар жазаны жеңiлдетушi жағдайлар ретiнде сотқа ҚК-тiң Жалпы бөлiмiнiң барлық ережелерiн ескере отырып нақты қылмыс үшiн қарастырылған баптың санкциясы шегiнде өз қарауы бойынша жаза тағайындау құқығын бередi.
Сонымен бiрге, заңшығарушы 53-баптың 4-бөлiгiнде осы 53-баптың 1-бөлiгiнiң «д жəне «к тармақтарында көзделген жағдай ларды есепке алу дəрежесiн ерекше бөлiп көрсеткен. Бұл бапқа сəйкес, егер жасалған нақты бiр қылмыста шын жүректен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды əшкерелеуге жəне қылмыс жасау нəтижесiнде алынған мүлiктi iздеуге белсендi жəрдемдесу; қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық жəне өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залал мен моральдық зиянның орнын өз еркiмен толтыру, қылмыспен келтiрiлген зиянды жоюға бағытталған өзге де iс-əрекеттердiң бiрi орын алған болса, бiрақ бұл қылмыста жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдайлар болмаған жағдайда жазаның мерзiмi мен мөлшерi сол нақты қылмыс үшiн көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң ауыр емес жəне орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған кезде жартысынан, ал ауыр қылмыс жасаған кезде үштен екiсiнен (3/2), аса ауыр қылмыс жасаған кезде төрттен үшiнен (4/3) аспауы тиiс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz