Жауапкершілік құрамының түсінігі және маңызы


Жоспар
I. Кіріспе 2
II. Негізгі бөлім 3-29
2. 1. Жауапкершілік түсінігі 3-5
2. 2. Жауапкершіліктің негіздері 6
2. 3. Жауапкершілік құрамының түсінігі және маңызы 6-7
2. 4. Жаза түсінігі, мақсаттары, жүйесі және түрлері 8-22
2. 5. Жауапкершіліктен және жазалаудан босату 23-30
III. Қорытынды 30-32
Пайдаланылған оқулықтар мен нормативтік
құқықтық актілер 33-34
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбым «Заңды жауапкершілік белгілері, түрлері». Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:
•
• жауапкершіліктің негіздері
• жауапкершілік құрамының түсінігі және маңызы
Курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: жауаптылық және оның негіздерінің түсінігін, қылмыс құрамының түсігі мен мазмұнын және қылмыс құрамының түрлерін толықтай зерттеу болып табылады.
Сонымен қатар курстық жұмысымда толығырақ бөлімдер бойынша мағлұматтар айтылады. Бұл курстық жұмыс көптеген қызықты мағлұматтарды қамтиды. Енді қысқаша мәлімдеме беріп кететін болсақ:
Негізгі бөлімнің бірінші тақырыбы бойынша жауаптылықтың жалпы түсінігі, жауаптылықтың мазмұны, сондай-ақ жауаптылық сипатына қарай жаза тағайындалмайтын және жаза тағайындалатын жауаптылыққа жалпы түсінік берілген. Жауаптылықтың негіздері, құрамының түсінігі, мазмұны және құрамының элементтерін екінші және үшінші тақырыптарда қарастырдым.
Негізгі бөлімнің төртінші, бесінші тақырыптарында жаза және жауапкершіліктің негіздері мен түрлері, оларды белгілеу, тағайындауда басшылыққа алынатын мәселелер және олардың өзара бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірімен ұқсамайтын қылмыстық-құқылық түсініктер екендігі жайлы, сондай-ақ қылмыс құрамының түрлерін жан-жақты қамтуға тырыстым.
Зерттеу жұмысымның мақсаттары мен міндеттері: Курстық жұмысымның мақсаты жауапкершілік негіздерінің, мәнін, жүйесін, мақсатын, қағидаларын толығырақ ашып, толық мәліметтер беру.
Зерттеу жұмысымның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, қосымша, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Зерттеу пәні: Мемлекет және құқық теориясының негіздері, Азаматтық құқық, Қылмыстық құқық.
Жұмысты орындау барысында қолданылған әдебиет сілтемелерін тік жақшаларға орналастырдым.
2. 1. Жауапкершілік түсінігі
Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады.
Қылмыстық жауаптылық мемлекеттік заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді.
Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т. б. Мұның өзінде қылмыстық жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады. /17/
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасалу тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелегімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады.
Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субьектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары) . Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп- қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін ( айыптаушылығын) айтамыз.
Қылмыстық жауаптылық-қылмыстық құқылық қатынас мәселесімен тығыз байланысты. Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді. Біріншіден, қылмыстық құқылық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты істелген қылмыстың құқылық зардабы.
Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық жауаптылық та, қылмыстық құқылық қатынас та жоқ. Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап қылмыстық жауаптылық, ал мұнымен бірге бір мезетте істелген қылмыстың салдарынан қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқылық қатынас пайда болады. Бұл жерде істелген қылмыс заңдылық факт болып табылады. Тараптардың арасында қылмыстың субьектісімен (қылмыс жасаған адаммен) мемлекеттің атынан өкілдік алған органдардың арасында тиісінше құқылық қатынастар пайда болады. Қылмыстық құқылық қатынас бір жағынан мемелекет атынан әділ соттылықты жүзеге асыратын анықтама, тергеу, прокуратура, сот органдарымен, екінші жағынан қылымыс істеген субьектінің арасындағы қатынас болып табылады. Бұл қатынастар материалдық мазмұнға ие болады.
Олар істеген қылмыстың фактісіне қатысты:істелген қылмыстың құрамы қандай, кінәнің нысаны, дәржесі, қылмыскердің тұлғасы, біткен немесе бітпеген қылмыс па? Мұнда қылмысқа қатысу немесе қылмысқа жанасушылық болады ма және т. б. Сондай-ақ жазаны тағайындау немесе жазаны өзгерту шарттары, жазадан босату сияқты мәселелерге байланысты болады.
Қылмыстық құқылық қатынас іс жүргізу құқықылық қатынастармен тығыз байланысты. Өйткені, қылымыстық құқылық қатынас қылымыс істеу фактісіне байланысты болады. Істелген қылмыс бойынша оны қозғау, тергеу, сотта қарау мәселелері қылмыстық іс жүргізу құқылық қатынастар арқылы дамып, жүзеге асырылады. Бұл қатынастар субьектімен мемлекеттің оның уәкілдігін жүзеге асыратын органдар арасында іске асырылады. 2
Қылмыстық құқылық қатынастар субьектілері заң бойынша айрықша құқықтар мен міндеттерге ие болады. Қылмыскер құқықтық қатынастың обьектісі болып танылады.
Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылымыс істеуден сақтандырады және сотталған адамды түзеу мақсатын жүзеге асырады. Мемлекеттің осы функциясын атқару кезінде қылмыскерде мемлекетке өз көзқарасын білдіретін қатынастың субьектісі ретінде көрінеді. Мұндай жағдайда мемлекет осындай қатынастың обьектісі болып қалады. /32/
Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуын қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп түсінуге болмайды. Тек соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады. Сот айыптыны кінәлі деп тани отырып, қылмыскер мен мемлекет арасында кінәлінің қылмыс жасаған уақытынан бастап қылмыстық құқықтық қатынастың орын алғандығын бекітеді.
Қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің жаза жөніндегі құқығы мен қылмыскердің тиісінше қылмысытың жауаптылығын көтеру міндеттілігімен ғана шектеліп қоймайды. қылмыскер тиісті үкімет органының күштеу арқылы ықпал ететін обьектісі ғана емес, белгілібір құқықтардың субьектісі де. Өйткені жазалау шаралары оған оның жасаған қылмысының табиғатына осы қылмысқа заңда белгіленген жазаға, яғни сакцияға, Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі жаза тағайындау туралы ережелерге сай жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің қылмыскер жөніндегі құқығын белгілеп қана қоймайды, сонымен бірге әділ соттылықты жүзеге асыруда дарындылықтың кепілі ретінде де көрінеді.
Адамның қылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаны өтеумен жүзеге асырылады. Яғни, оның жүзеге асырылуы жаза өтеліп болған соң жойылады. Бірақта қылмыстық жауаптылық барлық уақытта да жазаны өтеу ретінде жүзеге асырылмайды. Мысалы, қылмыс жасаған адам анықталмады делік. Мұндай ретте қылымыстық құқықтық қатынас (қылмыс істеген адам мен мемлекет арасындағы) жүзеге аспайды. Қылмыс жасаған кінәлі адамегерде ол ауыр қылмыс жасаумен байланысты болса, қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартылады. Бірақта қолданып жүрген қылмыстық жазаға сәйкес барлық уақытта да қылмыс жасаған адамға жаза тағайындалуы міндетті емес. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 68- бабының 1, 2-бөліктерінде «қылымыс белгілері бар әрекет жасаған адамды егер сот істі қараған кезде жағдайдығ өзгеру салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін».
Бірінші реткішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылымыс жасаған адамды, егер ол адамның одан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін делінген. осы бапта қылмыстық жауаптылықтан босату негізі көрсетілген. Ал Қылмыстық кодекстің 74- бабының 1-бөлігінде: «кішігірім және ортша ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе бпасқада төтенше мән-жайларының салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін оның жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа әкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот жазадан босатуы мүмкін» деп көрсетілген. Мұнда қылмыстық жазадан босатудың негізі ғана көрсетілген. Сонымен қылмыстық жауаптылық өзінің сипатына қарай жаза тағайындалатын және жаза тағайындалмайтын болып екіге бөлінеді. Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық айыптаушылық фактісімен аяқталады. Ал жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта айыптаушылықпен бірге жазалау фактісі де бар. Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық құқылық түсінік екендігін оның жазасыз ақ қолдананылатындығын және орындалатынын көреміз. Қылмыстық жауаптылықсыз жаза тағайындау мүмкін емес. Сонымен, қылмыстық жауаптылық және жаза өзара бір-біріне ұқсас емес ұғымдар екендігін аңғарамыз. /1/
2. 2. Жауапкершіліктің негіздері
Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары қызметінің заңдылықты қатаң сақтауының кепілі болып табылады.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып табылады (3-бап) . Яғни, бұл деген қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенде, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қасақана немесе абайсыздықтан істегенге айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-әрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген терминнің мазмұнын ашып көрсетпейді. Бұл мәселе қылмыстық құқық теориясында ғана ашып көрсетіледі.
Адамның (қылмыс субьектісінің) қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді (қылмыстың обьективтік жағы) кінәлі түрде қасақана немесе абайсыздықтан істеуі (қылмыс субьективті жағы) қылмыс құрамының белгілері болып табылады.
Қылмыстың обьектісі болып табылатын қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы Қылмыстық кодекстің 2-бабында көрсетілген. Сонымен, Қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыс құрамы болатынын білдік. Іс-әрекетінде қылмыс құрамының ең кем дегенде бір белгісі жоқ болса ол қылмыстық жауаптылыққа тартылатын негіз жоқ.
2. 3. Жауапкершілік құрамының түсінігі және маңызы
Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген.
Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді.
Қылмыстың құрамы деп - қылмыс заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызу мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.
Қылмыстың құрамының әрқайсысы оның субьективтік және обьективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компаненттерді айтамыз.
Қылмыс құрамы белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: обьект, обьективтік жағы, субьект, субьективтік жағы. Мысалы, бөтен мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мұның өзінде диспозициялардың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді.
Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстың не субьектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.
Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175- бабында ұрлықтың оған тән белгісі - басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана көрсетілген. Осы белгі арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен сипаталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс құрамына жатпайды. Қылмыс құрамында мұқияттылқпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады.
Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тәне белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін мвңызы болмайды. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т. с. с) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді.
Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі - оны жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы - тонау болады.
Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқылық нормада - бір бапта көрсетілуі мүмкін.
2. 4. ЖАЗА ТҮСІНІГІ, МАҚСАТТАРЫ, ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ .
Жаза дегенiмiз соттың үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кiнәлi деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектiрудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды мақсат етпейдi. /5/
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізуде әртүрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, рухани, экономикалық шаралардың барлық түрлерін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстылықтан қорғану мәселесіне ерекше көңіл аударады. Сондықтан біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмыстылыққа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселе жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, қоғам мүшелерінің белсенділігін, құқықтық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнайы заңда көрсетілген жағдайларда ғана іске асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын фнукцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе, ауыр не аса ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттің күштеу шаралары саналуан. Оларға тек қылмыстық құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шалара да жатады. Қылмыстық құқықтық шара мемлекеттің күштеу шараларының бірі бола отырып, өз ерекшеліктерімен сипатталады. 3
Біріншіден , қылмыстық шара - мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек қана заңмен белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны қолдану тәртіптері анықталған. Сот қылмыста кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шеңберде оның шегінен шықпай жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңіл шара тағайындауға құқылы.
Екіншіден , мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық кодекстің 38-бабында «жаза дегеніміз сот үкімімен тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы» делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция қызметкері әкімшілік жазаға, салық инспекциясының лауазымды адамы салық төлеуден бұлтарған адамды заңда көрсетілген тәртіппен жазаға тартады немесе әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімшілік құқықбұзушыларды жауапқа тарта алады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде-біреуі қылмыстық жаза қолдануға құқылы емес, қылмыстық жазаны қолдану тек сот құзыретінде ғана болады.
Үшіншіден , заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондай-ақ тағайындалған жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату және жазасын жеңілдету Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек сот құзыреті болып табылады. Бұл да қылмыстық жазаның басқа күштеу шараларынан мәнді өзгешелігін көрсетеді.
Төртіншіден , қылмыстық жаза жария түрде, ашықтан-ашық тағайындалады. Яғни қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жазаны тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе заңды тұлғалар арқылы емес, мемлекет арқылы жария түрде тағайындалады. Қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан тағайындалады, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, заңды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, мекеме, ұйым, лауазымды және адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып табылады.
Бесіншіден , мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға қолдануы мүмкін. Яғни бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің қылмыстық құқықтық салдары болып табылады. Сондықтан қылмыстық заңда «адам өз кінәлігі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамға қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуыға тиіс», - делінген. Сондай-ақ әрбір істелген қылмыс үшін жаза тағайындау міндетті емес. Мұның мәні мынада: егер тергеу жүргізген немесе істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруіне байланысты кінәлінің істеген әрекеттерінің қоғамға қауіпті мәні жойылса немесе оның өзі қоғамға қауіпті емес деп танылса, қылмыс нысандары бар іс-әреекттер жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босату керек (68-бап) .
Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық, әкімшілік немесе тәртіптік құқықтық жауапкершілікке тартумен де ұштастырылуы мүмкін.
Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқықтық баға болып табылады. Бетіне басу мен кінәләудің дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәлінің жеке тұлғасына және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлқына тікелей байланысты болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz