Жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері


Жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері
ҚР Конституциясының 3- бабында көрсетілгендей, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Азаматтардың көгеріп, көркеюі- мемлекетіміздің басты мақсаты болып табылады.
Адам құқығы бұл жеткілікті дәрежеде кең, әмбебап және қырлы түсінік.
Адам құқығы мен бостандығына қатысты мәселелерді талдап қарайтын болсақ, мемлекетіміздің оған ерекше мән беріп келе жатқандығын байқап келеміз. Оған аз уақыт ішінде еліміздің демократияға бет бұрып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық құрылыстың негізі етіп, қалағаны ішкі және сыртқы саясатты қалыптастырғаны дәлел. Біздің негізгі заңызмызда адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылып, баға берілген.
Адамзат баласы ғасырлар бойы адам құқығы мәселесіне ерекше назар аударумен келеді. Талай-талай қақтығыстар, соғыстар, көтерілістер болғанда да әрбір жаңа ұрпақ адам құқықтарын қорғай отырып, адам құқытары мен бостандықтаның субъектілерінің кең шеңберінде таралуына ұмтылыстар жасады. Мемлекеттердің тарауы тарихи даму кезеңдерінде олардың қоғамдағы ерекше құбылыстарымен ерекшеленеді. Қоғамның ең басты негізі- жеке тұлғаның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін маңызды құқықтар мен бостандықтар. Қазақстан Республикасының құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде алдына қойған және 1995 жылы 30 тамыздағы Конституциямызда бекітілген негізгі мақсаты - адам мүддесін мемлекет мүддесінен жоғары ұстап оны қамтамасыз ету. Бұл бағытта мемлекетіміздің ең бір атқаратын қызметі- мемлекетте адам құқығын қорғау, оны толық жүзеге асырылуын толық кепілдік беру.
Қазіргі қоғам дамуының негізі адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының мәнінің өсуімен сипатталады.
Қоғамның және болмыстың әртүрі аспектлерін қамтитын адамзат дамуының ең жоғары құндылығы - адам құқығы.
Адам құқығын қорғау үшін бірінші кезекте адамның құқықары мен бостандықтарын мазмұндарында көрсете отырып, оның қамтамасыз етілуі мемлекет тұрғысынан емес, жалпы адамзат, халықаралық қауымдастық тұрғысынан ескертілуі сол бағытта іс- әрекеттер жасалуы тиіс.
Адам құқығы- біздің кезеңіміздіңөзекті мәселесі. Сондықтан да әрбір органы декларацияда көрсетілген құқықтар мен бостандықтардың құрметтелуіне, қаралуына, ұлттық және халықаралық дамушы шаралар арқылы қамтамасыз етілуіне, танылуына және жүзеге асылуына ұмтылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясы - демократиялық, адамзаттық даму жолына орныққан қоғамның және мемлекеттің негізгі, басты құжаты. Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған Конституциясының 1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», деп айқындалған. Адам құндылықтары мен бостандықтарын асқақтату, оларды ең жоғарғы құндылық деп мойындау демократияны дамытудың үлгісі болып табылады. Сондықтан жеке адамның құқықтық мәртебесі демократияның институттарымен тікелей байланысты.
Адам құқығы табиғи құқықтан туындайды және ол барлық адам баласына туа біткен қасиет ретінде танылады. Олар өмір сүру, бостандық, езгіге қарсы тұру, бақытты болуға ұмтылу. Бұл қасиеттер бүкіл адамзаттың ажырамайтын құқықтары деп танылады. Сонымен қатар, «азамат құқығы» дегенде ұғым бар. «Азамат» сөзі адамның арнайы бір мемлекетпен құқық пен міндет арқылы тікелей байланыста екенін аңғартады.
Қазақстан Республикасын адам және азамат құқығын құрметтеп сыйлайтын мемлекет ретінде айқындайтын бірден бір белгі - Қазақстан ау мағын мекендейтін халық мүддесінің мемлекет мүддесінен үстем тұруы, оған басымдылықтың берілуі. Конституцияның 12 бабына сәйкес Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
Адамның жеке азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Адам құқықтары қоғамдық қатынастармен тығыз байланыста болады және соған байланысты арнайы топтарға жіктеледі
Олар:
1. Жеке құқықтар мен бостандықтар.
2. Саяси құқықтар мен бостандықтар.
3. Әлеуметтік экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz