Комиссия шарты туралы жалпы түсінік



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыстың мазмұны

I Кіріспе бөлімі ----------------------------------- ----------------------
-------------------------------- 2

1. Комиссия шарты туралы жалпы түсінік
1.1. Комиссия шартының жалпы ұғымы мен нысаны-----------------------------
--- 2
1.2. Комиссиялық сыйақы----------------------------- ----------------------
-------------------------- 3
1.3. Комиссиялық тапсырманы орындау---------------------------- -----------
---------------

2.1. Қосалқы комиссия ----------------------------------- -----------------
-------------------------------
2.2. Комитенттiң нұсқауларынан ауытқу ----------------------------------- -
-----------------
2.3. Комиссияның нысанасы болып табылатын мүлiкке құқық-----------------
2.4.Өзiне мәмiле жасау----------------------------------- -----------------
-------------------------------

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері ----------------------------------
---------------
3.1. Комитенттің құқықтары ----------------------------------- -----------
--------------------------
3.2. Комиссионердің құқықтары ----------------------------------- ---------
----------------------
3.3. Комиссионердiң жауапкершiлiгi----------------------------------- -----
-------------------

4. Шарттың ерекше жағдайлары----------------------------------- -----------
--------------------
4.1.Комиссия шартын тоқтату----------------------------------- ------------
-----------------------
4.2.Комиссия шартынан бас тарту----------------------------------- ----
------------------------
4.3.Комиссия шартындағы құқықтық мирасқорлық------------------------ ------
----

II Қорытынды бөлімі----------------------------------- --------------------
---------------------

III Қолданылған оқулықтар мен нормативтік құқықтық актілер тізімі---------
----------------------------------- ----------------------------------- ------
-------------

Азаматтық заңдарда азаматтық құқықтық шарт деп, екі немесе одан да көп
жақтардың арасындағы жазбаша нысандағы құқықтар мен міндеттерді орындауға
бағытталған келісімді айтады.

Комиссия шарты туралы жалпы түсінік
1.1. Комиссия шарты
Комиссия шарты бойынша бiр тарап (комиссионер) екiншi тараптың
(комитент) тапсыруы бойынша сыйақы үшiн комитент есебiнен өз атынан бiр
немесе бiрнеше мәмiле жасауға мiндеттенедi. Комиссия шарты жазбаша нысанда
жасалуы тиiс.

1.2. Комиссиялық сыйақы
Комитент комиссионерге сыйақы төлеуге шартта белгiленген мөлшерде
қосымша сыйақы төлеуге де мiндеттi. Егер шартта бұл мөлшер көзделмесе және
оның талаптарының негiзiнде оны белгiлеу мүмкiн болмаса, сыйақының мөлшерi
заңға сәйкес белгiленедi. Егер комиссия шарты комитентке байланысты
себептермен орындалмаса, комиссионер комиссиялық сыйақы алу, сондай-ақ
шыққан шығындарының орнын толтыру құқығын сақтап қалады.

1.3. Комиссиялық тапсырманы орындау
Комиссионер үшiншi адаммен жасаған мәмiледен туындайтын барлық
мiндеттерiн орындауға және барлық құқықтарды жүзеге асыруға тиiс.
Комиссионер өзiне алған тапсырманы комитенттiң нұсқауларына сәйкес
орындауға, ал шартта мұндай нұсқаулар болмаған кезде - iскерлiк айналымының
дағдыларына немесе әдетте комитент үшiн неғұрлым тиiмдi жағдайларда
қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындауға мiндеттi. Егер комиссионер
мәмiленi комитент көрсеткеннен гөрi тиiмдi жағдайлар бойынша жасаған болса,
түскен олжа, шартта өзгеше көзделмесе, тараптарға тең бөлiнедi. Комиссионер
комитент есебiнен жасаған мәмiленi үшiншi тұлғаның орындамағаны үшiн, осы
тұлғаны таңдауда комиссионер тиiстi сақтық көрсетпеген не мәмiленiң
орындалу кепiлдiгiн өз мойнына алған (делькредере) жағдайларды қоспағанда,
комитент алдында жауап бермейдi. Комиссионермен жасалған мәмiленi үшiншi
тұлға бұзған жағдайда комиссионер бұл туралы дереу комитентке хабарлауға
және қажеттi дәлелдердi жинау мен қамтамасыз етуге мiндеттi. Комиссионермен
жасалған мәмiленi үшiншi тұлғаның бұзғандығы туралы хабарландырылған
комитенттiң осындай мәмiле бойынша комиссионердiң ол адамға қойған
талаптарын өзiне берудi талап етуге құқығы бар.

2.1.Қосалқы комиссия
Комиссионер қосалқы комиссионердiң iс-әрекетi үшiн комитент алдында
жауапты бола отырып, егер шартта өзгеше көзделмесе, басқа тұлғамен қосалқы
комиссия шартын жасасуға құқылы. Қосалқы комиссия шарты бойынша комиссионер
заңмен көзделген құқықтарды қоспағанда, қосалқы комиссионерге қатысты
комитенттiң құқықтары мен мiндеттерiн иеленедi. Заң қандай да бiр
мәмiлелердi тек уәкiлдiк берiлген адамдармен ғана жасауға жол беретiн
жағдайларда қосалқы комиссия шарты тек осындай тұлғамен жасалуы мүмкiн..
Комиссия шарты тоқтағанға дейiн, егер комитент комиссионермен жасаған
шартта өзгеше көзделмесе, комитенттiң қосалқы комиссионермен тiкелей
қатынас жасауға құқығы жоқ.

2.2.Комитенттiң нұсқауларынан ауытқу
Мүлiктi комитентпен келiскен бағадан төмен сатқан комиссионер, егер
ол мүлiктi келiсiлген бағамен сатуға мүмкiндiк болмағанын және неғұрлым
төмен бағамен сату бұдан да көп залалдан сақтағанын, сондай-ақ оның
нұсқауларынан ауытқуға комитенттiң алдын ала келiсiмiн алуға мүмкiндiгi
болмағанын дәлелдей алмаса, комитентке айырманы өтеуге мiндеттi. Егер
комиссионер мүлiктi комитентпен келiсiлгеннен жоғары бағамен сатып алса,
мұндай затты қабылдағысы келмейтiн комитент үшiншi тұлғамен мәмiле
жасалғандығы туралы хабар алған бойда бұл жөнiнде комиссионерге кешiктiрмей
мәлiмдеуге мiндеттi. Олай болмаған жағдайда комитент сатып алынған затты
қабылдады деп танылады. Егер комиссионер баға айырмасын өз есебiне алатынын
хабарласа, комитенттiң өзi үшiн жасалған мәмiледен бас тартуға құқығы жоқ.

2.3.Комиссияның нысанасы болып табылатын мүлiкке құқық
Комиссионерге комитенттен келiп түскен не комиссионер комитенттiң
есебiнен сатып алған мүлiк комитенттiң меншiгi болып табылады. Комиссионер
жасасқан мәмiле бойынша комитентке не үшiншi тұлғаға берiлуге тиiс мүлiктi
комиссионер комиссия шарты бойынша өзiне тиесiлi сома төленгенге дейiн
ұстап қалуға құқылы.

2.4.Өзiне мәмiле жасау
Егер комитент өзгеше талап қоймаса, комиссия шартын комиссионер оның
өзi сатып алуға тиiс тауарды сатушы ретiнде өзi ұсыну немесе өзi сатуға
тиiс тауарды сатып алушы ретiнде өзi қабылдау арқылы жүзеге асыруы мүмкiн.
Сатушы ретiнде өз бетiнше тауар ұсынған немесе оны сатып алушы ретiнде
қабылдаған комиссионердiң жай комиссиялық ақы алуға құқығы бар және
комиссиялық мәмiлелерден туындайтын шығындардың орнын толтыру жөнiнде шот
ұсына алады.

3.Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3.1.Комитент:
1) комиссионерден шарт бойынша барлық орындалғанды қабылдауға;
2) өзi үшiн комиссионер сатып алған мүлiктi қарауға және осы мүлiкте
байқалған кемшiлiктер туралы оған дереу хабарлауға;
3) комиссионердi комиссиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек дауларының ұғымы
Қазақстанда білім беру жүйесі
Қ.Р.«Еңбек кодексі» еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі. Өндірістегі еңбек қорғауды бақылау жолдары. Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Ұжымдық келісім шартының маңызы
Бірікен ұлттар ұйымының жүйесі
Бизнес жол картасы 2020 бағдарламасының жүзеге асырылу жолдары
Еңбек дауларына түсінік, оның түрлері
Еуропалық Қауымдастық құқығының заңдық болмысы мен құрылтай және институционалдық сипаттағы негізгі құжаттары
Авторлық меншік және оның құқықтық белгілері
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру
Пәндер