Көлік экспедициясы шарты: құқықтық негіздері, тараптардың міндеттері және жауапкершілігі


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Көлiк экспедициясы шарты

Көлiк экспедициясы шарты бойынша бiр тарап (экспедитор) сыйақы үшiн және басқа тараптың (клиенттiң - жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының немесе экспедитор қызметтерiне мүдделi өзге тұлғаның) есебiнен жүктi тасымалдауға байланысты экспедиция шартында белгiленген қызмет көрсетулердi орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, оның iшiнде клиенттiң атынан немесе өз атынан жүктi тасымалдау шартын (шарттарын) жасасуға мiндеттенедi. Көлiк экспедициясы шартында қосымша қызметтер көрсету ретiнде экспорт немесе импорт үшiн талап етiлетiн құжаттарды алу, кедендiк және өзге шарттылықтарды орындау, жүктiң саны мен жай-күйiн тексеру, оны тиеу мен түсiру, клиентке жүктелетiн баждарды, алымдар мен басқа да шығындарды төлеу, жүктi сақтау, оны баратын жерiнде алу, сондай-ақ өзге де операцияларды орындау мен қызмет көрсетулер сияқты жүктi жеткiзу үшiн қажеттi операцияларды жүзеге асыру көзделуi мүмкiн.

Клиенттiң келiсiмiмен экспедитор клиенттiң мүддесiн, тарифтер деңгейiн және жеткiзу мерзiмдерiн ескере отырып, клиенттiң жүгiн көлiктiң қай түрiмен тасымалдауды өзi белгiлей алады.

Шарттың нысаны

Көлiк экспедициясы шарты жазбаша түрде жасалады.

Клиент экспедиторға, егер ол оның мiндеттерiн атқаруға қажет болса, сенiмхат беруге тиiс.

Экспедиторға берiлетiн құжаттар мен басқа да ақпарат

Клиент экспедиторға жүктiң қасиеттерi, оны тасымалдау ережелерi туралы құжаттарды, сондай-ақ экспедитордың шартта көзделген мiндеттердi орындауына қажеттi өзге де ақпаратты беруге мiндеттi. Экспедитор клиентке алған ақпараттың анықталған кемшiлiктерi туралы хабарлауға, ал ақпарат толық болмаған жағдайда, клиенттен қажеттi қосымша деректердi сұрауға мiндеттi. Клиент қажеттi ақпаратты бермеген жағдайда, экспедитор осындай ақпарат берiлгенге дейiн өзiнiң тиiстi мiндеттерiн атқаруға кiрiспеуге құқылы.

Экспедитордың мiндеттерiн үшiншi тұлғаның атқаруы

Егер экспедиция шартынан экспедитордың өз мiндеттерiн жеке өзiнiң атқаруы мiндетi туындамаса, экспедитор өз мiндеттерiн орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы.

Мiндеттеменiң орындалуын үшiншi тұлғаға жүктеу экспедиторды шарттың орындалуы үшiн клиенттiң алдындағы жауаптылықтан босатпайды.

Ұстап қалу құқығы

Экспедитор жүктi тек оның экспедициялық қызмет көрсетулерi үшiн алуы тиiс сыйақының төленбеуiне байланысты ғана ұстап қалуға құқылы.

Экспедитордың жауапкершiлiгi

Экспедиция шарты жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн экспедитор Азаматтық Кодекстiң 20-тарауындағы ережелерге сәйкес белгiленген негiздер мен мөлшер бойынша жауапты болады. Егер экспедитор мiндеттi бұзу тасымалдау шарттарының тиiстi дәрежеде орындалмауынан пайда болғанын дәлелдесе, экспедитордың клиент алдындағы жауаптылығы да экспедитордың алдында тиiстi тасымалдаушы жауап беретiн ережелермен белгiленедi.

Көлiк экспедициясы шартын орындаудан бiржақты бас тарту

Клиент немесе экспедитор, бұл туралы басқа тарапқа қисынды мерзiмде ескерте отырып, көлiк экспедициясы шартын орындаудан бас тартуға құқылы. Шартты орындаудан бiржақты бас тарту кезiнде бас тартуды мәлiмдеген тарап екiншi тарапқа шарттың бұзылуынан келтiрiлген залалды өтейдi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тасымалдау шарттары: құқықтық негіздер, тараптардың құқықтары мен міндеттері, жауапкершілік және көлік экспедициясы
Мердігерлік шарты: құқықтық негіздері, элементтері және тараптардың құқықтары мен міндеттері
Мүлік жалдау шарты: құқықтық негіздері, түрлері және тараптардың құқықтары мен міндеттері
Мердігерлік шарты: азаматтық-құқықтық негіздері, түрлері және тараптардың құқықтары мен міндеттері
Сатып алу-сату шарты: ұғымы, элементтері, тараптардың құқықтары мен міндеттері, ерекшеліктері және жауапкершілігі
Айырбас шарты: теориялық негіздері, элементтері және тараптардың құқықтары мен міндеттері
Мердігерлік шарт: құқықтық негіздері, тараптардың құқықтары мен міндеттері, бағасы мен жауапкершілігі
Айырбас шартының құқықтық тұжырымдамасы, мазмұны және тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
Мүлік жалдау шарты: құқықтық негізі, ерекшеліктері және тараптардың құқықтары мен міндеттері
Көлік экспедициясы шартының құқықтық табиғаты, мазмұны және жауапкершілік мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz