Қазіргі заманның негізгі құқықтық жүйесі
МАЗМҰНДАМА
Қазіргі заманның негізгі құқықтық жүйесі
КІРІСПЕ
1. Англо - саксондық құқық жүйесі.
2. Романо - германдық құқықтық жүйе.
3. Діни – дәстүрлі құқықтық жүйе.
4. Социалистік құқықтық жүйе.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Жер бетінде өмір сүріп отырған 230-ға жуық мемлекеттердің мемлекеттік –
құқықтық құбылыстарын зерттеу үшін заң ғылымында құқықтық жүйе ұғымы
пайданылады. Қоғамның тарихи дамуына байланысты әр елдің өзіндік құқықтық
жүйесі қалыптасуда.
Құқықтық жүйе дегеніміз – бұл шынайы құқықтың, құқықтық идеология
және сот тәжірибесінің бірлігі.
Жалпыға міндетті нормалар жүйесі ретінде құқық заңдарда және
құқықтың қайнар көзіндерінде жазылады.
Құқықтық идеология – қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтық
санасы мен сот тәжірибесінің белсенді жағы. Олар құқықтық жүйені
қалыптастырады. Құқықтық жүйе ұғымы мемлекеттің ұлттық құқықтық жүйесін
білдіреді. Құқықтық жүйе бірнеше құқықтық құбылыстарды – нормативті,
ұйымдастырушылық, әлеуметтік-мәдени аспектілерін, құқықтың шынайы жақтарын
қамтиды.
Құқықтық жүйе құрылымын үш түрге бөлеміз:
1) нормативтік жағы, бұған заңды нормалар, принциптер жатады;
2) ұйымдастырушылық жағы, құқықтық мекемелер жиынтығы;
3) идеологиялық жағы, бұл сол қоғамға тән құқықтық құбылыстардың,
түсініктердің, идеялардың жиынтығы.
Әрбір мемлекеттің құқықтық жүйесі қоғамның даму заңдылығын,
оның тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктерін білдіреді.
Бұл тарихи қалыптасқан құқықтық жүйелердің бір-біріне өз
ұқсастықтары болады. Құқықтық жүйелердің дамып, қалыптасуына дін,
философия, мораль, мәденит, ғылым әсерін тигізбей қоймайды. Мемлекеттің
дамуындағы құқықтық мәдениетке мемлекеттік саясат және саяси мәдениет те
әсерін тигізеді. Ежелгі дәуір елдері – Ежелгі Қытай, Үндістан, Египетте,
Римдік мемлекеттердің құқықтық жүйесінің қалыптасуына діннің де қатысы
болған. Бұл құқықтық жүйелер бір-бірімен сабақтастық түрде дамыған. Оларды
ұқсастығына қарай топтастырып құқықтық жүйеге келтіреміз.
Құқықтық жүйеге топтастыруда мынадай өлшемдер пайдалынылады:
1) идеологиялық, оған дін, философия, экономика және әлеуметтік құрылымдар
кіреді.
2) заңды техника, оның негізіне құқықтың қайнар көздері жатады.
Осы өлшемдер арқылы құқық жүйесінің түрлерін анықтаймыз: романо-
германдық, англо-саксондық, социалистік, діни және дәстүрлік.
Буржуазиялық революциялардын жеңіске жетуі жаңа құқықтық (буржуазиялық)
жүйелердің қалыптасуына алып келді, бұл жүйе жаңа экономикалық қатынастарды
реттеуге бағытталған болатын. Буржуазиялық қоғамда ерекше орынды шарт
иеленеді. Кәсіпкерлер арасындағы, кәсіпкерлер мен жүмысшылар және т.б.
арасындагы қатынастар шарттың мегізде қалыптасады. Кез-келген шартты
бекітудің алғышарттары болып жеке бас бостандығы бар тұлғалардың заңды
түрдегі теңдігі мен жалпы құқық-қабілеттілік табылады. Заңды тендік
қағидасымен заңдылық қағидасы тығыз-байланысты, бұл қағида бірдей құқықтар
мен міндеттерді, және заң алдындагы бірдей жауапкершілікті білдіреді. Осы
ережелердің барлығы буржуазиялық құқыққа жалпы мағына берген.
Сонымен қатар, буржуазиялық құқықтың шегінде екі негізгі құқық
жүйелері байқалады: континенталдық және ағылшын-саксондық. Құқықтың
континенталдык жүйесі француздық және германдық құқықгың әсерімен
қалыптасты, ал бұл құқықтарға, өз кезегінде, рим құқығы ерекше әсер етті.
Құқықтың континенталдық жүйесі құқықты жеке және жариялық деп бөледі.
Жеке құқық, жеке тұлғалардың мүдделерін мемлекеттің де, жекелеген
азаматтардың да қол сұғуынан қорғайды. Жеке құқыққа азаматтық, басылық және
сауда құқықтары жатады. Жариялық құқық билік пен басқару органдарының
ұйымдастырылу және қызмет ету тәртібін анықтайды және жалпы қоғаммен
мемлекеттің мүдделерін кез келген қол сұқушынықтардан. Жариялық құқыққа
мыналар жатады: конституциялық, халықаралық, әкімшілік, кылмыстық, іс
жүргізушілік құқықтар. Құқықгың континенталдык жүйесі құқықты материалдық
және процессуалдық деп бөледі. Құқықтың негізгі қайнар көзі болып заң
табылады, ол жүріс-тұрыстың жалпы ережелері мен құқтық қағидаларды
орнықтырады. Сот норма шығару қызметімен айналыспайды.
Құқықтық жүйе - бұл құқықтың құқықтық идеологиямен және сот
тәжірибесімен бір тұғастықта қарастырылуы. Осы үш элемент, заңдар мен басқа
да мемлекетпен танылған қайнар көздерден көрініс тапқан жалпыға міндетті
нормалар жүйесі ретіндегі құқық, құқықтық сананың белсенді жағы -құқықтық
идеология және сот тәжірибесі құқықтық жүйені құрайды.
Құқықтық жүйе түсінігінің белгілі бір мемлекеттегі құқыққа сипаттама
берудегі маңызы зор. Бұл жағдайда ұлттық Құқықтық жүйе жөнінде сөз болып
отыр. Құқықтық жүйенін құқықпен қатар қай элементінің - не сот
тәжірибесіңің, не құқықтық идеологияның - ерекше рөлге ие болуына, сол
мемлекеттегі барлық құқықтық құбылыстар тәуелді болып келеді.
Осы белгі бойынша құқықтық жүйенің келесі жанұяларын (құқықтың қайнар
көздерінін ортақтығы негізінде бөлінген құқықтық жүйелердің жиынтығы)
бөліп қарастырады:
Континенталдық Еуропаның нормативтік - заңнамалық жүйелер отбасы -
бұл романдық - германдық құқық. Бұл құқықтық жүйелерде бірінші
орынға заң қойылғаи (Италия, Франция, Германия. Португали) және т.б.);
Нормативтік - соттық, ағылшын - саксондық құқықтық жүйелер отбасы -
бұл Ұлыбританияның, АҚІІІ-тың, Канаданың, Австралияның және т.б.
елдердін прецеденттік құқығы. Бұл құқықтағы жүйелерде басты орынды
сот тәжірибесі, заңды прецедент иеленгеи;
Діни - дәстүрлі, идеологиялық құқықтық жұйелер отбасы -бұл мұсылман
құқығы (Иран, Ирак, Пәкістан, Судан және т.б.);
Социалистік құқық. Бұл құқықтық жүйелерде ерекше рөлді партиялық
идеология иеленеді.
1. Англо-саксондық құқықтық жүйе
Нормативті – соттық, англо-саксондық жүйеге Ұлыбритания, АҚШ,
Канада, Австралия, Жаңа Зелендия, яғни Британ қоғамдастығына кіретін 36
елдің прецедентті құқығы жатады. Бұл құқықтық жүйеде ерекше орынды сот
тәжірибесі, заңды прецедент алады. Бұл жүйені кей жағдайларда жалпы құқық
(Coman lav) жүйесі деп те атаймыз. Ол X-XIII ғасырларда Англияда сот
дәстүрлері нәтижесінде қалыптасты.
Англо-саксондық құқық жүйесінің негізгі ерекшелігі:
1. Соттың құқық жасаушы ретінде көрінуі.
2. Кодекстелген заңдар жинағының болмауы. Англияда бүгінгі күнге дейін
жазылған Конституциясының жоқтығы.
3. Құқықтың қайнар көзіне – заңдар, сот прецедентінің (шешімінің) жатуы.
Бұл шешімдер басқа соттарға үлгі ретінде қарастырылуы.
4. Сот билігінің басқа мемлекеттің биліктерге тәуелсіз болуы, прокуратура
және әкімшілік юстициясының болмауы.
Англиядағы азаматтық-құқықтық негіздер басқа құқық жүйесіндей
шектелмеген, құқықтың терминдер, институттары, құрылысы жағынан өз
ерекшеліктері бар. Ағылшын құқығының қайнар көздері: жалпы құқық, әділеттік
құқық, статут құқығы.
Жалпы құқық-әдет құқығы – бұл түсінікті формулаларға жазған құқық
нормасы.
Статут – парламент қабылдаған заң. Їс жүргізу нормаларының маңызы оның
материалдық нормалардан жоғарылығы. Кейбір жерлерде англо-саксондық құқық
жүйесін ағылшын-американдық деп атайды.
2. Романо-германдық құқық жүйесі
Қазіргі таңда өмір сүріп келе жатқан құқықтық топтармен отбасылар
ішінде
романо-германдық құқықтық отбасы ерекше орын алады және заңдық
теориямен практиканың дамуында ерекше маңызга ие. Рене Давидтің айтуы
бойынша қазіргі дүниеде кездесетін бірінші отбасы болып табылады.
Романо-германдық құқықтық отбасы Африка елдерінің көп бөлігін, Латын
Америкасының барлық мемлекеттерін, Жапонияны косқанда барлық Шығыс
елдерін, және континеталдық Европа мемлекеттірінің біраз бөлігін қамтиды.
Бірінші топқа Франция, Испания, Италия, Бельгия, Люксембург және
Голландияның құқықтық жүйелерін жатқызады. Екінші топқа ГФР мен
Австрияның құқықтық жүйесін жатқызады. Оған Швейцария және бақа да
мемлекеттерді жатқызуға болады. Романо-гермендық құқықтық жүйенің
дамуының орталығы ретінде континенталдық Европа болып табылады. Алайда оның
қызу дамуы соңғы жүз жылдықта басқа да аумақтармен дүниіе
бөліктерінде байқалған. Осыған байланысты бұл құқықтық отбасын кейде
латиноамерикандық, скандинавиялық, латиндік және басқа да құқықтық
топтарға бөледі.
Өзінің тарихи және генетикалық бастамасын романо-германдық құқықтық
жүйе Ежелгі Римнен алады. Оның қайнар көздері рим құқығында жатыр. Яғни,
бұл романо-германдьгқ құқықтық жүйесін Англо-саксондық және басқа құқықтық
отбасыларынан ерекшелейді. Басқа құқықтық отбасыларынан негізгі басты
айырмашылығы осында жатыр.
Романо-германдық құқықтық жүйесінің континенталдык Европа
территориясынан шығып, басқа да мемлекеттерде таралуы, европа
мемлекеттерінің басқа мемлекеттерді отарлауымен байланысты және
зорлаушылық экспансия мен еріктілік рецепциясын қосуға болады. Романо-
германдық құқықтық жүйесінен англосаксондық құқықтық отбасы жүйесіне ауысу
жағдайына мысал ретінде АҚШ - тағы бөлек штаттардың құқықтық жүйесінің
дамуынан көруге болады. Франция, Испания бөлігінің астында болған Луизиона,
Невада, Техас және басқа штаттардың құқықтар жүйесі, олар АҚШ-тың бөлек
штаттары деген статус алғаннан кейін өздерінің англосаксондық құқық пен
романо-германдық құқықтық элементтерін үйлестіреді. Ұқсас қазіргі таңда да
сақталған.
Өзінің дамуында романо-германдық құқықтық жүйе ұзын жолдан өтуде.
Зерттеушілер олардын эволюциясының негізгі үш периодын көрсетеді. Бірінші
кезеңіне, яғни оның қалыптасуы мен дамуына эволюцияның алдында болған XIII
ғасырға дейінгі кезең. Ғылым заңгерлердің пікірі бойынша нақты XIII ғасыр
ғылыми көзқарастан қарағанда романо-германдық құқықтық жүйенің бірыңғай
жүйесін қалыптастыру үшін алғышарттар жасау процесі жүрді.
Сол кезендегі бірте-бірте романо-германдық құқықтық отбасы қалыптаскан
элементтер әдеттегі құқық сипатыңда болды. Юстинианнын кодексі, дегесталар
және институциялары және басқа да жаңа талаптарға бейімделген рим құқығының
қайнар көздері кең тараған. Қазіргі Европалық мемлекеттрдің территориясында
германдықтар, славяндардыктар және басқа тайпалардың әр түрлі дәстүрлері
және заңдары - варварлар заңы қолданылады. Олардың бірыңғай жинағы немесе
кітабы болған. Жүйелендіру жұмыстарын жүргізу, кешенді оқыту және
қорытындынау сияқты әректтер жасалмайды. Арнайы қайнар көздерге
көзделгендей сот процесінде дәлелдемелердің инквизициялық жүйесі
қолданылды. Сот шешімдерінің орындалуы қамтамасыз етілмейді. Құқықтық
нормаларды білудің керегі не ? - деп сұрайды тергеуші. Егер де істің сәтті
болуы, екі жақтың ант беруі, тазару процедурасы, Құдайдың пікіріне, соттық
байқау немесе жергілікті биліктің бассыздығына байлаңысты болса,- дейді.
Бұл кезеңде құқық тек формальді түрде ғана болды. Жеке мен әлеуметтік
топтар арасындағы даулар бұл кезеңде мықтының немесе көсемнің билігінің
заңымен шешіледі. Романо-германдық құқықтық жүйенін екінші кезеңіне XIII
ғасырдан XIII ғасыр аралығына жатқызамыз. Ол алдымен Италияда ХШ-ХІУ ғ.ғ.,
кейін батыс Европаға таралған Ренессанс пен қайта өрлеумен байланысты.
Өткенге үндеу жасау ойы құқықтық дәстүрмен, кезінде Батыс Европа мен Африка
және Таяу Шығыстың кейбір мемлекеттерінде таралған Ежелгі Римнің құқықтық
жүйесіне, жаңа талаптарға сәйкес қоғамның құқықтық мәдениетінің дамуына
және құқықтың қажет екендігін түсінуге септігін тигізді. Романо-германдық
құқықтың отбасының дамуындағы бұл кезенді сипаттай отырып, Р.Давид Жаңа
қоғам құқықтың қажет екендігін сезінді деп жазады. Яғни процесс үшін қажет
тәртіп пен қауіпсіздікті тек құқық қана камтамасыз ете алатындығын түсінді.
Қайрымдылыққа негізделген христиандық қоғамның идеалы тоқталды.
Шіркеудің өзі діни қоғамдарды нақты айыра бастады. XII ғасырда дін мен
моральді азаматтық құқықпен тәртіптен айыра білді. Құқық ретінде қайтадан
қоғамдағы маңыздылығын, оның өзінің ролі және нақты бір автономиясы
қаралды.
Заңгерлер мен философтар барлық қоғамдық қатынастар құқыққа негізделіп
құрылуын, онархия режимін доғаруды талап етті.
Романо-германдық құқықтық отбасы англосаксондық құқықтық жүйесінен тағы
бір айырмашылығы моральдік немесе кез келген өзге биліктің кеңейуі мен
нығайуының олардың орталықтарылғандығының нәтижесі болып табылмайды. Романо-
германдық құқықтық жүйе европалық континетте нығая бастауы ондағы
мемлекеттер өзара біртұтас бірлікке келген жоқ еді және ондай бірігуді құру
туралы ойдың өзі орындалмайтындай көрінді. Оның фундаменті ретінде батыс
европалық мемлекеттердің мәдениеті мен дәстүріңің ортақтығы саналады,
Романо-германдық континентальдік құқық негізіндеғі идеяларды тарату
және терендетудің негізігі құралы ретінде европалық университеттер болды.
Дәл сол кезде алғаш рет рим құқығының рецепциясының идеясы атақты болды,
оның мәнің түсініп тазартылды, түбегейлі өзгерген талаптарға бейімделді.
Құқықтық университеттік коонцепциясы дайындалып шығарылды. Құқықты үйренуге
әр түрлі жағдайлар жасалды, сәйкесінше құқықты практикалық қана емес
академиялық тұрғыда қарастыру жен деген ұсыныстар болды. Дәлірек айтқанда
оны тек техникалық - заңгерлік тұрғыдан ғана емес, сонымең қатар кең
әлеуметтік аспекті түрінде, яғни әлеуметтік ұйымның үлгісі, адамгершілік
қағидасы, әділдік пен мейірімділік ретінде зерттеу қажет. Университеттік
құқықтық ғылымда құқықтың тек өзін ғана емес, оның басқа да моральдік
ғылымдармен және пәндермен - философия, дін және теологиямен тығыз
байланыстыра отырып зерттеудің тенденциясы басым болды. Құқықты зертеудің
мақсаты тар көлемдегі практикалық прагматикалық емес, глобальдық,
әлеуметтік, ізгілік мақсаты делінді.
Ол кезеңде құқықтық зерттеудегі алға қойған мақсат, мысалға соттың
шешімін шығаратындығында болған жоқ. Құқық соттарды белгілі бір сұрақтарды
калай шешу керек екндігін үйретті. Құқық соттардың кәсіби және қоғамдық
қызметіндегі басшылыққа алатын нормаларды бекітеді. Құқықты үйрету
күнделікті өмірдегі тәртіппен ғана шектелмейтін моральді үйретуге ұқсас,
бірак онда жалпы сабақ беріліп, әрі қарай қалай өмір сүру керек екендігі
көрсетіледі.
Рим және университеттік құқықтық практикаға енгізу мен зерттеу
әрекеттерімен қатар кононикалық құқыққа да басым назар аударылады. Ол
шіркеу соборларының шешімдері мен рим папасы шығаратын басқа да актілермен
қаулылардың жиынтығынан тұрды. Каноникалық құқықтың нормаларының көмегімен
шіркеу ұйымдарының ішкі өмірі реттелсе, кейіннен жанұялық және мүліктік
қатынастар да реттелді. Каноникалық құқық даму кезеңінде кодификацияға
ұшырайды. Мұндай кодификациясының әйгілі актісіне 1582 ж каноникалық
құқықтын жиынтығына жатқызамыз. Діни бірлестіктердің ішіндегі, шіркеу
ішіндегі қатынастар мен байланыстарды реттеу құралдарын айта отырып ХШ-ХІХ
ғғ аралағындағы атақты қайғылы инквизиция туралы да айтып кеткен жөн. Сол
кезеңде инквизиция католикалық шіркеудің шексіз билігін айту үшін негізгі
құрал болатын. Инквизиция өз алдына шіркеу канондарымен сәйкес,
ереуілдермен күресу үшін соттық - полициялық мекемеге айналды. Бірақ іс
жүзінде барлық қоғамды өз бақылауында ұстап, халықтың барлық деңгейіне
әсерін тигізеді.
Тиісінше, инквизицияны жүзеге асыру барысында пайда болған анықтау, сот
өндірісін реттейтін процессуалдық және өзге де актілер қоғамға
психологиялық және өзге әсерін тигізді. Әсіресе Испанияда католикалық
шіркеудің қаруы болған инквизиция көптеген ғасырлар бойы етек жайды.
Инквизицияның тарихын зерттеуші, каноникалық құқықтың докторы, бұрынғы
Испания инквизицияның бұрынғы хатшысы Х ғ Льоренте былай деп жазған
болатын: Испания сияқты басқа ешқандай мемлекетте инквизиция гүлдеу шегіне
жетпеген еді. Басқа ешбір жерде бұлай жан - жағынан шіркеулік тормен
қамалып, жанарын тереңге жібермеп еді.
Өзінін жауыз қанішерлігімен, құпиялылығымен сот өндірісін қоршай отырып
адамдарға қорқыныш тудырып, бүкіл қоғамды қамауда ұстаған. Испандық
инквизиция мен онын әсер ету әдістерін мысалға ала отырып басқа
мемлекеттердегі де көріністерін білуге болады. Әрине Испанияда және басқа
да мемлекеттерде аталған институттың құпиялық қағидасы болып ұрпақтан
ұрпаққа жазылмаған ереже берілді король және инквизиция жайында тіс
жарма
Алайда берілген материал, нормативтік актілер Батыс Европада орнаған
саяси
және психологиялық атмосфераны толық және обьективті суреттеумен қатар,
сол кезендегі романо-германдық құқықтық жүйесін даму ерекшеліктерін
керсетеді. .
Европалық қоғамының дамуы кезеніндегі тиісінше құқықта эволюцияға
ұщырайды. Ол туралы ұғым ғана емес, оған деген қатынас та өзгерді.
Университете бағдарламаларында біртіндеп құықтық қағидаларын қалыптастыруға
ұмтылды. Яғни, академиялық ғана емес рационалистік бастамалардың көрінісі
еді. Бұл табиғи құқықтың мектебі (теориялық доктрина) деп аталатын жаңа
ағым немесе мектеп Европа университеттерінде толығымен ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ.
орнығады.
Романо-германдық құқықтық жүйесінің дамуының үшінші кезеңі Европалық
мемлекеттерде заң шығарушылықтың қарқынды түрде дамуымен және
кодификациямне байланысты. Бұл кезең хронологияға сәйкес қазіргі уақытта да
жалғасуда.
Екінші кезеңнің аяғы мен үшінші кезеңнің басына тән нәрсе
континентальді европадағы жеңіске жеткен буржуазиялық революциялар
феодалдық құқықтық институтты түбімен жойып жіберді. Олар құқық туралы
ұғымды өзгертіп заңды қосымша қайнар көзден романо-германдық құқықтың
негізгі қайнар көзіне айналдырды. Мемлекет басшысы құқықты бұзуға не
өзгертуге болмайды деген бұған дейін өмір сүрген теория және практика
жойылды. Оның құқық шығармашылық қызметі болған жоқ. Құқық мемлекеттің
билігінсіз өмір сүрді. Заң қабылдауға құқығы болмағандықтан ордананс, эдикт
және өзге де әкімшілік актілер шығарады.
Рене Давид осы кезеңді сипаттай отырып, дәл осы уақытта Европада алғаш
рет позитивтік құқыққа қызық туа бастайды деп атап өткен. Алғаш рет
суверен өзі құқық шығаруға жане оны толығымен қарастыруга рұқсат берілді.
Теориялық тұрғыда , бұл өкілеттіктер суверенге табиғи кұқықтың
қағидаларын бекіту үшін берілген деп есептелді. Практикада бірақ
өкілеттіктерге ие болғанна кейін басты мақсатын ұмытып, билікті мемлекеттің
негізін және қоғамдық құрылысты өзгерту үшін қолданады, ал табиғи құқық
жайлы мүддем ұмытылады.
Позитивтік құқық ролінің жоғарылауы заңшығарушылық актілердің
жиналуына, яғни оларды жүйелендіруді, кодификациялауды қажет етеді.
Кодификация заң шығарушылықты ретке келтіріп, норативтік құқықтық
орханизмдерден құтылады.Ол дәстүрлердің көптігін құқықтың бөлшектенуін,
теория мен практиканың арасындағы аралықты жеңеді. Кодификация романо-
германдық құқықтық жүйенің тұтас құбылыс ретінде қалыптастыру процесінің
аяқталуын бейнелейді. Европалық континеттердің көптеген мемлекеттерінде
әрекет етуші заңшығарушылық актілерді жүйелендірудің нәтижесінде, кодекстер
қабылданды. Францияда (1804 ж), Германияда (1896ж), Швейцарияда (1881-1907
ж.ж.) және басқа мемелекеттерде алғаш рет азаматтық кодестері қабылданды.
Одан кейін қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және басқа да ұқсас актілер
қабылданды. Қазіргі уақытта кодекстер басқа да нормативтік құқықтық
актілермен қоса жай заңдар қоғамдық өмірдің барлық манызды өрістерін реттей
отырып, романо-германдық құқықтық отбасының жетекші қайнар көздері ретінде
белгілі. Әрине мұнда нормативтік құқықтық актілердің пирамидасының шыңында
тұрған шексіз басшылық ететін конститутция және конститутциялық заңдар
жөнінде айтылмайды.Басқа да кайнар көздердің ішінен маңызды бірақ
анықталмаған ролге көптеген заңға бағынышты актілер, дәстүрлер және
құқықтық доктриналарды айтуға болады.
Романо-германдық құқық жүйесінің қалыптасуына Рим құқығының ықпалы зор
болды. Бұл Европа континентіндегі нормативті-заң жүйесін құрайды.
Бұл құқықтық жүйеге Италия, Франция, Германия, Португалия, Испания,
Швеция, Дания, Латын Америкасының көптеген мемлекеттері, Таяу Шығыс
елдерінің заңдары жатады. Романо-германдық құқықтық жүйенің кейбір
ерекшеліктері Жапония, Индонезия т.б. елдердің заңдарында көрініс табады.
Бұл құқықтық жүйенің мынадай ерекшеліктерін атап өтуімізге болады:
1. Барлық романо-германдық жүйеге жататын елдердің, өздеріне тән жазба
конституциялары бар.
2. Бұл мемлекеттерде кәдімгі заңдарының үш түрі өмір сүруде: кодекстер,
арнаулы заңдар (ағымдағы заңдар) және норма жазбаларының жинағы.
3. Құқықтық деректемелердің арасында маңызды ролді заң негізіндегі актілер
алады: регламенттер, әкімшілік, бұйрықтар, министрлік декреттер т.б.
4. Сот прецеденті құқықтың қайнар көзі ретінде қарастырылмайды. Бұл жүйе
бойынша сот құқықтық шығармашылық орган болып саналмайды, ал судьялар
заң шығарушы болып есептелмейді. Судьялар іс жүргізу процесінің сапасын
жақсартушы ретінде жұмыс істейді. Құрылықтық құқықтық жүйеде материалдық
нормалардың маңызы іс жүргізу нормаларынан жоғары болды. Бұл жүйеде заң
-сот прецеденттері мен мемлекет қорғайтын әдеттерден де жоғары тұрды.
4. Діни – дәстүрлі құқықтық жүйе
Діни-дәстүрлі құқықтық жүйеге Азия және Африканың көптеген елдері
жатады. Олардың құқықтық жүйесі басқа құқықтық жүйелер сияқты біртұтас
емес. Оның себебі, бұл елдерде құқықты басқаша түсінеді. Мұнда құқық пен
дін бірге жүреді. Бұл құқық жүйесіне мұсылман, индус және иуда құқықтары
жатады. Бұл елде қоғамдық қатынастар құқық арқылы емес, діни-дәстүр
әдістерін пайдалану арқылы реттеледі.
Бүгінгі күнде ең көп тараған мұсылман құқығы. Ол осы күнге дейін
әлемдегі ықпалды жүйелердің бірі болып отыр, және ол миллиардқа жақын
мұсылмандардың өзара қатынасын реттейді. Бұл елдер мұсылман құқығының
әділетті екендігін жариялайды.
Бұл жариялық Марокко, Египет, Индонезия мемлекеттерінің
конституцияларында бекітілген.
Мұсылмандық құқықтың негізгі төрт қайнар көзін атап өтуге болады:
1. Құран - ислам діни қағидалары жазылған қасиетті кітап.
2. Сунна – Алланың елшісі Мұхаммедтің хадистері (өсиеттері).
3. Иджма, немесе мұсылман қоғамының қабылдаған, бекіткен шешімдері,
келісімдері.
4. Қийас - өмірде кездесетін мәселелерді Құран аяттарымен шешу.
Мұсылман құқығының негізгі белгілері мыналар:
а) құқықтың көптеген институттарының көнелілігі;
б) жалған, теріс пікірді дәлелдеушілік нормалардың болуы;
в) нормаларды жүйелеудің жоқтығы;
г) дәстүрлердің құқық нормаларына енбеуі.
Дербес құқықтық жүйе ретінде мұсылман құқығын зерттеу тек тарихи, жалпы
теоретикалық қана емес, сонымен қатар тәжірибелік кызығушылықты да туғызып
отыр. Қазіргі кезеңдегі мұсылман құқығының шығыс елдерінің құқықтық
дамуында, саясаты мен идеологиясында елеулі рөл атқаруы оның жаңа тарихи
жағдайларда белсенді түрде тіршілік ете алатынын дәлелдеуде.
Бұл құқықтық жүйені қарастырудың көкейкестілігі талас тудырмайды.
Әсіресе Шығыс елдерінің құқықтық дамуындағы мұсылман құқығының ынталы орын
алатын аралықта талдап, талқылау жүргізу өзекті мәселе. Бул өз кезеңінде,
мұсылман құқығының құрлысының және оның қазіргі зандылықка әсер ету
ерекшеліктерін анықтауды білдіреді. Осы мәселенің өзектілігінің тағы бір
қыры мемлекетаралық және ұлтаралық сұрақтармен байланысты.
Қазіргі кезде ислам дініне қатысты дүние жүзінде орын алып жатқан
окиғалар құбылыстарды дұрыс салмақтап, талдауға мәжбүр етіп отыр, Өйткені
діни және ұлттық алауыздық негізінде халықтардың жауласуы орын алуда.
Сондықтан да мүсылман құқығының саяси ролі, құрлысы аса қызығушылықты
тудырып отыр.
Мұсылман құқығы діни құқықтың жүйе, құқықтық дәстүрі болып табылады
жане ол ислам дініне негізделген. Осы жағдайды толық түсінбей тұрып,
мусылман құқығының көптеген феномендері мен құбылыстарын тану мүмкіндігі
жоқ.
Өзінің таза күйінде аталмыш құқық теократиялық ислам мемлекеттерінде-
халифаттарда, әмираттарда және т.с.с. өмір сүреді. Оның ең көркейіп,
дамыған кезі орта ғасырлық ислам әлеміне тұспа-тұс келеді. Қазіргі уақытта
таза, классикалық мұсылман құқығы әлемнің бірде-бір елінде, тіптен ислам
ережелерін қатаң ұстайтындардың өзін де, толық көрініс алмаған. Бұл жағдай
мұсылман елдерінде еуропалық мемлекеттердің елеулі ықпал етуінің тарауына
байланысты орын алған еді. Еуропалықтардың ықпальг құқықтық аумаққа да әсер
етпей қойған жоқ. Мұсылман империяларының өркендеуі тоқтады, көптеген елдер
еуропалық империялардың отарына айналды. Мұсылман құқығының орнына бұл
елдерде еуропалық жүйе қолданыла бастады. Ал мұсылмандық құқық елеусіз
деңгейде сақталды. Мысалы: жеке қатынастарды реттеу аумағында (неке қию,
ораза ұстау және т.с.с.).
XX ғасырдаға отаршылдықтың жайылуы және тәуелсіз мұсылман
мемлекеттерінің пайда болуымен мұсылман халықтарының мәдениетіне тән құқық
шариғатты қайта қалпына келтіру және қайта оралту тенденциясы байқала
бастады. Бірақ нысаны мен мазмұны бойынша қоғамның дамуының феодалдық
деңгейіне сәйкес болған мұсылман құқығы өзінің таза классикалық түрінде
қайта орала алмады.
Аталмыш мәселе ең әуелі құқықтың нысанына, яғни қайнар көздеріне
қатысты. Классикалық мұсылман құқығында қайнар көздер ішінде нормативтік
актілер қандай да бір орын алса да, негізгі ретінде қалыптаспаған. Ол
әртүрлі масхабтардың (доктриналық мектептердің) бір-біріне сәйкесе
бермейтін қортындылары, тұжырымдары мен дәстүрлері сипатында өмір сүрді.
Осылайша, аталған сипатта мұсылман құқығы таза күйінде қалыптасқан жоқ, ол
еуропалық-құқықтық нысанға, яғни нормативтік-құқықтық актілер, заңдар мен
кодекстер жүйесіне (барлық жерде, толық түрде болмаса да) сәйкестендірілді.
Бұл мәселеге қатысты Р. Давид өзінің Қазіргі кезеңдегі негізгі құқықтық
жүйелер атты кітабында мұсылман құқығы мен мұсылман елдері құқығы
арасындагы нақты айырмашылықтарды көрсетіп, бұлардың бір нәрсе емес екеніне
баса назар аударған (Р.Давид Основные правовые системы современности
М.,1968 г. 57-бет.). Қазіргі уақытта мұсылман елдерінде Таза исламға сәйкес
келетін таза мұсылман құқығының орын алуына деген ұмтылыс байқалады. Бұл
ислам дініне тән жағдай-мұнда рухани мен дүниелік арасында нақты айырмалау
жоқ, барлығы діни сипатта болуы керек.
Исламды діни жүйе ретінде қарастырған кезде шариғат негіздерін
-мұсылмандық заңдар жүйесін білу қажет. "Шариғат" термині арабтың "шараа" -
"заң шығару", "қарату" сөзінен шықкан. "Ташриун" - "заңнама", "шариун"
-"заң шығарушы", "муташариун" - "заңгер" және тағы басқа ондаған терминдер
осы түбірден шыққан. Уильям Монтгомерп Уотт пен Пьер Какиа атга ағылшын
шығыстанушылары шариғатты "басқалардан көп айырмашылығы бар мұсылмандық
құқық концепциясы" ретінде анықтайды.
Социалистікке дейінгі қоғамдық формацияларға құқықтық нормаларды
белгілі бір діни жақтан негіздеу тән. Бұл ретте мұсылмандық юриспруденция
ерекшелік емес. Бірақ сонда да шариғаттың басқа діни заңшығарушы жүйелерде
баламасы жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің дамуы мен
тұрақтануы жағдайында, құқықтық, демократиялық мемлекет
құру ұмтылысында әртұрлі өркениеттердің рухани тәжірибелерін зерттеу
көкейтесті мәселе болып табылады.
Мұсылман әлемі көптүрлі. Мұсылмандар әр түрлі географиялық және мәдени
жағдайлары бар елдерде өмір сүреді. Ислам елдерінде дәстүрлі монархиядан
бастап, парламенттік республикаларга дейінгі әртүрлі басқару жуйелері бар.
Сонымен қатар, бұл елдердің экономикалық жүйелері де әртүрлі. Олардың
кейбіреуі нарықтық жүйеде болса, басқалары орталықғандырылған жоспарға ие,
яғни есімсіз қаржы қызметі туралы исламдық қағиданы ұстанатындары да бар.
Әдебиеттер, монографиялар мен өзге де еңбектердің аталмыш мәселеге
қатысты көзқарастарын талдай отырып, төмендегідей қорытынды жасауға болады:
Ислам әлемдік ең ірі үш діннің бірі бола отырып, басқаларынан
(христиан, будда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz