ҚР адам мен азаматтың азаматтық құқықтық жағдайы


ҚР адам мен азаматтың азаматтық құқықтық жағдайы
КІРІСПЕ
- Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары
- Өмір сүру және жеке басына қол сұғылмау құқығы
- Ар-ождан және дін бостандығы құқығы
- Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысандарының мәселелері
- Сөз, наным және оларды еркін білдіру құқығы
- Оралмандар құқықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында адам және азаматтың конституциялық мәртебесі 1995 жылғы Конституцияның II "Адам және азамат" бөлімінде белгіленген. Адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі институты төмендегідей элементтерді қамтиды:
а) адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің мән-маңызын құрайтын конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттер;
ә) адам және мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ адамның қоғамдағы және конституциялық құқықтың басқа субъектілері арасындағы жағдайларды сипаттайтын адам және азаматтың мәртебесінің конституциялық принциптері.
Жаңа конституциялық заңдылықтардағы негізгі басты жаңалық адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп танылуы болып табылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы) . Бұл жағдайда адам және мемлекет арасындағы қарым-қатынастарда өзара жауапкершілікке басым бағыт беріледі.
Қоғам мен мемлекетттегі адам және азаматтың жағдайын белгілеуші негізгі принциптер Конституцияның тікелей өзінен де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдылықтарынан да келіп шығады.
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің конституциялық принциптеріне мыналарды жатқызуға болады:
- құқықтар мен бостандықтардың әркімге тумысынан жазылғандығы принципі;
- құқықтар мен бостандықтардың абсолюттілігі және олардан ешкім айыра алмайтындығы принципі;
- құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырған кездегі құқық теңдігі принципі;
- заң мен сот алдындағы теңдік принципі;
- адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық принципі;
- адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сот төрелігімен қамтамасыз етілу принципі;
- адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бірлігі принципі;
- адам және азаматтың құқықтар мен бостандықтарын жүзеге асыру кезінде басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол берілмейтіндігі принципі;
- адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру кезінде конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіруге жол берілмейтіндігі принципі;
- адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілу принципі;
- саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бос-тандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейтіндігі принципі;
- заңдардың және басқа да нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылу өрісін анықтаған кездегі адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы принципі. /1/
Бірінші рет Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғаның табиғи шығу төркінін бекітті, сөйтіп 12-баптың 2-тармағында адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды деп жариялады. Конституциялық жаңалықтардың бірі адамның құқықтары мен бостандықтары заңдар мен басқа да нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайды деп белгіленуі болып табылады. Бұл тұжырым Қазақстан Республикасының заңдарын шығарған кезде мемлекет жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтары, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары тұрғысынан шығуға тиіс дегенді білдіреді. Конституцияның аталған бабы бірінші рет Қазақстан қоғамдастығы өміріне құқықтық мемлекет принциптерін, сондай-ақ тұлғаның мемлекет алдындағы басымдылығын нақтылы енгізеді. Бұл жерде Конституция адам және азаматтың қүқықтық мәртебесі жөнінде сөз ете отырып, белгілі бір шектеу жүргізетінін айта кету қажет. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру шектеу шеңберлеріне ие, олар төмендегідей болып келеді:
1) ол басқа тұлғалардың қуқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс;
2) ол конституциялық құрылысқа нұқсан келтірмеуге тиіс;
3) ол қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.
Конституция жеке түлғаның аса маңызды, әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын бекітеді. Олар оның ерікті тұлғаға тән ар-ожданы мен қадір-қасиетін қамтамасыз етеді. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар қоғамды құру және басқару ісі мәселелерін шешуге қатысуға табиғи құқықтарды бекітеді. Сонымен қоса конституциялық құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру мемлекеттің конституциялық екендігін дәлелдейтін демократиялық бастауларды іске асыруды қамтамасыз етеді. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар бастапқы сипатқа ие, олар аласталмайды және әркімге тумысынан тиесілі. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар әрбір адам мен азаматқа бекітіледі және тұлғаның құқықтық мәртебесінің өзегін құрайды. Құқық ұғымы оны іске асыру үшін мемлекет тарапынан ықпалды іс-әрекет болуына, сондай-ақ жеке тұлғаның қоғамдық, саяси не шаруашылық құрылымдары қызметіне қатысу өкілдігі болуына жағдай жасайды. Бостандық ұғымы адамға өзінің ішкі әлеміне кедергі келтіруден қорғануға және белгілі бір белсенділік танытуға мүмкіндік бертін өзіндік мінез-құлықты таңдау мүмкіндігін білдіреді. /2/
Жеке тұлға мен мемлекеттің, сондай-ақ адамдардың өздерінің арасында пайда болатын қарым-қатынастардың сипатына орай конституциялық құқықтар мен бостандықтар түрлі салаларға бөлінеді. Әрбір адам белгілі бір азаматтық қоғамға тиесілі болады, содан келіп оған әлеуметтік-экономикалық құқықтар жүктеледі. Келесі кезекте саяси қоғамдастықтың мүшесі ретінде тұлға саяси құқықтар мен бостандықтарға ие болады. Мынаны мойындау керек, құқықтар мен бостандықтардың басым бөлігі табиғи құқықтардан келіп шығады, басқаша айтқанда оған тумысынан тиесілі болады. Бұлар жеке қүқықтар деп аталады. Сөйтіп, конституциялық құқықтар мен бостандықтар былайша бөлінеді:
- жеке;
- әлеуметтік-экономикалық;
- саяси.
- Адам және азаматтардың азаматтық құқықтары мен бостандықтары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz