Қылмыс жасау сатыларының түсiнiгi мен маңызы
11-тарау. Қылмыс жасау сатылары
§1.Қылмыс жасау сатыларының түсiнiгi мен маңызы
Қылмыстылықпен күресу тəжiрибесiнде қасақана қылмыс жасаған адамның
өзiнiң қылмыстық ниетiн жəне
ойлаған əрекетiн соңына дейiн толық жүзеге асыра алмау жағдайлары жиi
кездеседi. Мұндай жағдайларда
қылмыстық əрекет қай сатыда үзiлгендiгiн анықтау қажеттiлiгi туады. Осы
мақсатта қылмыстық құқық
теориясы мен сот тəжiрибесi қылмыстық заңға сүйене отырып қылмыс жасау
сатыларын қарастырады.
Қылмыс жасау сатылары дегенiмiз—қылмыскердiң өз ниетiн жүзеге асыру
дəрежесi мен нақты бiр
қылмыстың обьективтiк жағын жүзеге асыруды бiр-бiрiнен ажырататын
қасақана қылмыстың дамуының
белгiлi бiр кезеңдерi. Аталған сатыларды анықтау қылмыскердiң қылмыстық
жауаптылығын жəне жазасы
жөнiндегi мəселенi шешу үшiн қажет болып табылады.
ҚР қылмыстық заңы қылмыс жасаудағы қылмыскердiң ниетiн жүзеге асыруды үш
сатыға бөледi:
1).Қылмысқа дайындалу,
2).Қылмысқа оқталу;
3).Аяқталған қылмыс.
Қылмыс жасау сатылары терминiн заңшығарушы қылмыстық заңда аяқталған
жəне аяқталмаған
қылмыстар терминiмен сипаттайды. ҚК-ң 25-бабына сəйкес аяқталған қылмыс
деп – адамның жасаған
əрекетiнде қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының барлық белгiлерi
болса танылады. Ал
аяқталмаған қылмысқа қылмыстық əрекеттiң 2 түрiн жатқызады;
а). адамның еркiнен тыс себептермен үзiлген қылмыстар
қылмысқа дайындалу жəне қылмысқа оқталу;
б). əрекет етушiнiң еркiмен тоқтатылған қылмыс, яғни қылмысты аяғына
дейiн жасаудан адамның өз
еркiмен бас тартуы.
Дегенмен, аяқталмаған қылмысты құрайтын қылмысқа дайындалу жəне қылмысқа
оқталу əрекеттерiне
адам ойындағы қылмыстық ниеттi табуды, бiлiп қоюды жатқызуға болмайды.
Себебi, адамның ҚК-ң
Ерекше бөлiмiнде қарастырылған қылмысты жасауға бағытталған, бiрақ зиянды
əрекеттермен нақты
көрiнбеген қылмыс жасау ниетiн қылмыстық iс-əрекет деп тануға болмайды.
Iс-əрекетпен көрiнбегеннiң
барлығы қылмыстық құқықтық реттеуден тыс жатады.
Сондықтан, қоғамға қауiптi iс-əрекетте көрiнбеген қылмыстық ниеттi табу
(мысалы,күнделiктi
жазбалардан белгiлi болған ойлар) қылмыстық жауаптылықты көздемейдi.
Алайда, қылмыс жасауға деген
кiнəлiнiң ниетiн алдын-ала табу құқық қорғау органдарының қылмыстылықпен
күресу қызметтерi үшiн
маңызды болып табылады.
Қылмыс жасау сатыларының қылмыстық құқықтық маңызы ең алдымен, қылмысты
саралау кезiнде
байқалады. Белгiлi бiр қылмыс аяқталды ма, жоқ əлде аяқталмаған қылмыс
па, егер аяқталмаса қандай
сатыда тоқтатылды деген мəселенi шешу үшiн маңызды. Бұл жағдайда қылмыс
жасаудың əрбiр алдыңғы
сатысын екiншiсi сiңiрiп отыратынын ескеру қажет. Басқаша айтқанда, адам
алдымен дайындық
əрекеттерiн жасайды, содан соң адам өмiрiне қол сұғады жəне соңында оны
өлтiредi. Мұнда дайындық
сатысы оқталу сатысына сiңiрiлiп, адам аяқталған адам өлтiру қылмысы үшiн
жауапқа тартылады.
Сонымен бiрге қылмыс жасау сатыларын анықтаудың елеулi тəжiрибелiк мəнi
бар. Қылмыстық құқықта
жауаптылық пен жазаны жекелеу iстiң барлық мəн-жайларын, соның iшiнде
қылмысқа дайындалу дəрежесi
мен қылмыстық ниеттi жүзеге асыру туралы мəселенi ескеруге негiзделедi.
§2. Қылмысқа дайындалу
ҚК 24-бабына сəйкес тiкелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын
iздестiру, əзiрлеу немесе
бейiмдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды iздестiру, қылмыс жасауға сөз
байласу не қылмыс жасау үшiн
өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркiне
байланысты емес мəн-жайлар
бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмесе, қылмысқа дайындалу деп таныладың.
Қылмысқа дайындалу - бұл қылмыс жасауға жағдайлар туғызатын қасақана
əрекеттер. Ол қасақана
қылмыс жасаудың бiрiншi сатысын құрайды.
Дайындалу əрекеттерiне мына ерекшелiктер тəн:
- Олар тек қылмыстың жасалуына жағдайлар туғызады,
- Қылмыстық-құқықтың қорғау обьектiсiне өздiгiнен тiкелей қауiп
тудырмайды;
- Кiнəлiнiң еркiнен тыс себептермен мəжбүрлi түрде тоқтатылады.
Қылмысқа дайындалу ҚК-ң 24-бабының 1-бөлiгiне сəйкес, мына əрекеттермен
сипатталады:
а). қылмыс құралдарын немесе қаруларын iздестiру, яғни кез келген
тəсiлмен (заңды немесе заңсыз)
аталған құралдарды иемдену əрекеттерi. Мысалы, қаруды заңға сəйкес сатып
алу, сыйға алу, тауып алу,
ұрлап алу ,ауыстыру жəне т.б.,
б). қылмыс құралдарын немесе қаруларын əзiрлеу немесе бейiмдеп
жасау—оларды ойлаған қылмысты
табысты жүзеге асыру үшiн жарамды қалыпқа келтiру əрекеттерi. Мысалы,
кiлттi өзгертiп жасау,қарудың
қасиетiн өзгерту жəне т.б.;
в). қылмысқа қатысушыларды iздестiру—басқа бiр немесе
бiрнеше адамды, орындаушы, айдап салушы не көмектесушi
ретiнде қылмыс жасауға тарту əрекеттерi. Ол кез келген тəсiлмен (сатып
алу, қорқыту, бопсалау, алдау,
ұсыныс айту) жүзеге асырылуы мүмкiн.
г). қылмыс жасауға сөз байласу—нақты қылмысты бiрiгiп
жасауға алдын-ала уəделескен кемiнде екi адамнан тұратын
топты ұйымдастыру;
д). қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана жағдайлар жасау,яғни қылмыстық
ниеттi жүзеге асыруға
бағытталған жоғарыда аталған əрекеттерден өзге кез келген əрекеттердi
жасау. Мысалы, қылмыс жасау
жағдайын алдын-ала зерттеу, ойластырылған қылмысты жасыруға бағытталған
əрекеттердi жасау, қылмыс
жасау орнының жоспарын дайындау жəне т.б.
Аяқталған қылмысты жасау үшiн жағдайлар туғызатын дайындық əрекеттерiнiң
түпкiлiктi тiзiмiн көрсету
мүмкiн еместiгiн заңның өзiнде заңшығарушы тiкелей баяндаған.
Қылмысқа дайындалу бiр əрекетпен немесе жоғарыдағы аталған əрекеттердiң
жүйесiмен де жасалуы
мүмкiн. Көбiнесе дайындалу белсендi əрекетпен, ал кейбiр жағдайларда
əрекетсiздiкпен де жасалады.
Мысалы, қойма қарауылы қылмыстың басқа қатысушыларына ұрлық жасау үшiн
қасақана жағдайлар
туғызу мақсатында кезекшiлiктен уақытша кетiп қалады.
Мерзiмi бойынша дайындық əрекеттерi қылмыстың жүзеге асырылуынан бұрын
жасалады. Мұндағы
уақыт аралығы бiрнеше минуттан бiрнеше айларға дейiн созылуы мүмкiн.
Дайындық əрекеттерiнiң жасалу
орны қылмыстың жасалу орнымен сəйкес келмеуi, кейде олар бiр-бiрiне жақын
маңда жасалуы да мүмкiн.
Субьективтiк жағынан қылмысқа дайындалу кiнəнiң тiкелей қасақаналығымен
сипатталады, яғни
дайындалушы адам өз iс-əрекеттерiнiң қоғамға қауiптiлiк сипатының бар
екендiгiн ұғынады, осы iс-
əрекеттер қылмыстың жасалуына жағдай туғызатынын алдын-ала бiледi жəне
соны тiлейдi.
Сот тəжiрибесiнде қылмысқа дайындалғандық үшiн сотталған дар сирек
кездеседi, бұл дайындық
əрекеттерiнiң қылмыстық қол сұғушылықтың аяқталуынан алшақ жатқандығымен
жəне оның қоғамға
қауiптiлiк дəрежесiнiң шамалылығымен де түсiндiрiледi. Бiр жағынан,
қылмысқа дайындалуды дəлелдеу
қиындық туғызады, себебi дайындалу əрекеттерi өздiгiнен қылмыскердiң
қылмыстық ниетiн барлық
уақытта дəлелдей бермейдi. Осыған байланысты заңшығарушының қылмысқа
дайындықты жалпы
жазалаудан бас тартуы негiздi. ҚР ҚК-ң 24-бабының 2-бөлiгi бойынша тек
ауыр немесе аса ауыр қылмысқа
дайындалғаны үшiн қылмыстық жауаптылық басталады.
Қылмысқа дайындалу үшiн жауаптылық сол дайындалып
жатқан қылмыс бойынша жауаптылықты көздейтiн ҚК Ерекше бөлiмiнiң бабымен
жəне ҚК 24-бабына
мiндеттi түрде сiлтеме жасалып сараланады. Ал егер дайындық əрекеттерi
жеке қылмыс құрамын құрайтын
болса, онда ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабымен аяқталған қылмыс
ретiнде саралауды қажет етедi.
Қылмысқа дайындалу бойынша жаза тағайындау кезiнде сот жаза тағайындаудың
жалпы негiздерiне
сəйкес ережелермен қатар аяқталмаған қылмыстар үшiн жаза тағайындаудың
ерекшелiктерiн де ескередi.
Бұл жағдайда қылмыстың ақырына дейiн жеткiзiлмеу жағдайлары есепке
алынады. Қылмысқа дайындалу
үшiн тағайындалатын жазаның мөлшерi ҚК Ерекше бөлiмiндегi тиiстi
аяқталған қылмыс үшiн белгiленген
жазаның неғұрлым қатаң түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң
жартысынан аспауы тиiс.
§3.Қылмысқа оқталу
Тiкелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған iс-əрекет, егер
бұл орайда қылмыс адамға
байланысты емес мəн-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмесе, қылмыс
жасауға оқталу болып
танылады. Адамға байланысты емес мəн-жайлар ретiнде кiнəлiнiң күш салуына
қарамастан қылмысты
аяғына дейiн жеткiзуге кедергi жасайтын əр-түрлi жағдайларды түсiну
қажет. Қылмысқа дайындалу кезiнде
кiнəлi қылмыс жасауға жағдай туғызатын əрекеттердi жасаса, ал қылмысқа
оқталуда ол қылмыстың
обьективтiк жағына кiретiн iс-əрекеттердi жасай бастайды немесе тiкелей
орындайды. Сонымен қатар,
қылмысқа дайындалуға қарағанда оқталу үшiн жауаптылық ауырлығы орташа,
ауыр жəне аса ауыр
қылмыстар санаттары бойынша туындайды.
Обьективтiк жағынан қылмысқа оқталу нақты қылмыс құрамын жасауға тiкелей
бағытталған əрекеттерден
тұрады. Мұнда тiкелейң сөзi адамның қылмыстың обьективтiк жағын орындай
бастауы немесе орындауды
жалғастыруы дегендi бiлдiредi. Мысалы, адам өлтiруге оқталуда кiнəлi
жəбiрленушiге оқ атуға ұмтылады
немесе оқ атады, бiрақ оған тимей қалады немесе қоймаға кiрумен жасалатын
ұрлыққа оқталуда кiнəлi
есiктегi бекiтiлген құрылғыны бұзу үстiнде ұсталса жəне т.б. Бұл аталған
мысалдарда қылмыстық-
құқықпен қорғалатын обьектiлерге зиян келтiру қаупi туып отыр, яғни
қылмыстың обьектiсiне тiкелей əсер
етедi. Қылмысқа дайындалудан оқталу осы белгiсiмен де ажыратылады.
Көпшiлiк жағдайларда қылмысқа
оқталу əрекетпен жасалады. Алайда, материалдық құрамдағы кейбiр
қылмыстар, егер онда адамның
қылмыстық нəтижеге жету еркi көрiнсе əрекетсiздiкпен де жасалуы мүмкiн.
Мысалы, егер анасы өзiнiң
жаңа туған сəбиiн өлтiрудi тiлеп оны тамақтандырмаса, бiрақ өзге
адамдардың араласуынан баланың
өлiмi тумаса. Оның əрекетi адам өлтiруге оқталу ретiнде сараланады.
Субьективтiк жағынан оқталу заңның өзiнде көрсетiлгендей, кiнəнiң тiкелей
қасақаналығымен
сипатталады. Кiнəлi нақты қылмысты жасауға бағытталған өз iс-
əрекеттерiнiң қоғамға қауiптiлiгiн ұғынады
жəне оларды орындауды тiлейдi.
Қолданылып жүрген қылмыстық заң оқталуды түрлерге бөлмегенiмен, қылмыстық
құқық ғылымы
əрекеттiң аяқталу дəрежесi мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz