Қылмыс құрамының түсінігі және белгілері


ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3

І ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

1. 1. Қылмыс құрамының түсінігі және белгілері 4

1. 2. Қылмыс құрамының түрлерінің мазмұны

ІІ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1. Қылмыс объектінің ұғымы және түрлері 11

2. 2. Қылмыс объективтік жағының түсінігі мен белгілері 13

2. 3. Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау 15

2. 4. Қылмыстың субъективтiк жағының түсiнiгi мен маңызы 20

ҚОРЫТЫНДЫ 31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33

КІРІСПЕ

Қылмыс дегеніміз жаза мен қауіп төндіру арқылы тиым салынған қоғамға қатерлі жасалған әрекет не әрекетсіздік. Бұл қылмыс анықтамасы көптеген Европа елдерінде формальды түрде қолданылады. Ал отанымызда қылмыстық құқық материалды - формальды анықтамаға ие, яғни формальды анықтамада әрекеттің құқыққа қарсы екендігіне баса назар аударылса, ал материалды - формальды анықтамада әрекеттің құқыққа қарсылығымен бірге оның қоғамға қауіптілігіне көңіл бөлінеді. Жоғарыда айтылған сөздерден байқайтынымыз - қылмыстың өзіне тән міндетті бірнеше белгілерінің бар екендігі. Оларға тоқталып кететін болсақ, қылмыс анықтамасының мәні ашылады. Сонымен қылмыстың өзіне тән төрт белгісі бар:

1. қоғамға қатерлі әрекет;

2. құқыққа қайшылық, яғни қылмыстық заңмен тиым салынған әрекеттер;

3. кінәлілік;

4. қылмыстық жазалылық.

Қоғамдық қатер дегеніміз - қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға шынайы түрде зиян келтіретін не сол зияндарды жоюға кедергі келтіретін әрекет не әрекетсіздік. Жасалған әрекет не әрекетсіздікке жаза тағайындау үшін, оның қоғамға қатері ақиқат екеніне тура көз жеткізуіміз керек.

Қоғамдық қатері бар әрекетті тек қана қылмыс деп тану қате көзқарас. Сонымен бірге ол әкімшілік құқық бұзушылық болу да әбден мүмкін. Бұнда да тұлғаға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келеді. Бірақ олардың қоғамға қауіптілігінің мөлшері анағұрлым төмен болады. Егер әрекет салдарынан тұлғаға, қоғамға ауыр не орташа ауыртпалықтағы залалдар келтірілмесе, ол әрекетке әкімшілік тәртіпте жауапкершілік жүктеледі. Мысалы, жол қозғалыс ережелерін бұзу салдарынан адам денсаулығына жеңіл түрдегі зиян келтірілсе.

Қылмыстың екінші бір міндетті белгісі болып қылмыстық құқыққы қайшылық табылады. Қайшылық - жоғарыда айтылғандай қылмыстың формальды белгісі. Қылмыс туралы тек тиым қылмыстық заңмен бекітілген жағдайларда ғана сөз болуы керек. Басқа құқық салаларына қайшы келген жағдайлар оларды қылмыс деп тануға негіз бола алмайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы территориясында шетел валютасымен шартқа отыруға «валюталық реттеу заңымен» тиым салынған, бірақ қылмыстық құқықта бұндай жағдайлар қарастырылмағандықтан, бұл әрекеттер қылмыс деп санамайды. Сонымен қылмыс туралы қылмыстық заңда көрсетілмесе, өылмыс жоқ деп саналады.

Жоғарыда айтылған қылмыстық құқыққа қарсылық белгісімен өте тығыз байланысты екі белгі - кінәлілік және жазалылық.

Қылмыстық кодекстің 19-бап 2-тармақшасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік кінәсіз келтірілген зияндар үшін жүктелмейді.

Кінәлілік құқыққа қайшылықтың міндетті шарттарының бірі болғандықтан, субъектінің әрекетінде кінәнің жоқтығы оның әрекетін және қылмыстық құқыққа қайшылық белгісін де жоққа шығарады.

Жазалылық - бұл атынан-ақ айтылып тұрғандай әрбір заңға қайшы, қоғамға, қауіпті әрекет не әрекетсіздіктер заңмен міндетті түрде жазалануы тиіс. Кейбір жағдайларда қоғамға қауіпті, заңмен тиым салынған әрекетті жасаушы кінәлі тұлға жазаға тартылмауы да мүмкін, яғни қылмыстық жауапкершілікке тартуға ескіру мерзімі өтіп кетсе, амнистия, рақымшылық және т. б. жағдайлармен, бәрақ бұдан жасалған әрекет не әрекетсіздік қылмыс болып қоса береді.

Міне біз қылмыс белгілерімен танысып өттік. Енді осы қылмыстың құрамына, квалификациялануына негізгі бөлімде қарастырып шығамыз.

Қылмыс құрамының қылмыс саралаудағы маңызы

1. 1. Қылмыс құрамының түсінігі және белгілері

Қылмыс түсінігінің жалпы анықтамасы - заңдық абстракция, шын әрекетте орын таппаған. Бұл түсінікте барлық қылмысқа тән белгілер мазмұндалады.

Дегенмен қылмыс жасауға мүлдем болмайды, жасаған күннің өзінде қылмыстық тәртіппен нақты қылмыстар жазаланады (кісі өлтіру, ұрлық, тонау және с. с. ) . Бұл көрсетілген қылмыстар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлім баптарында орын алған.

Қылмыстық Кодекстің 3-бабында жазылғандай «қылмыстық жауапкершіліктің негізгі болып қылмыстың жасалуы, яғни қылмыстық заңмен көзделген қылмыс құрамының барлық белгісі болуы керек» - делінген.

Қылмыс өздігінен танылмайды, ол қылмыс құрамы белгілерінің сәйкес келуімен ғана қылмыс болады. Заң шығарушы қылмыстық-құқықтық нормада қылмыс құрамының анықтамасын былай бекіткен.

Қылмыс ретінде нақты қауіпті әрекетті сипаттаушы қылмыстық заңмен бекітілген объективті және субъективті белгілердің жиынтығын қылмыстық құқықта қылмыс құрамы деп аталады. Қылмыс пен қылмыс құрамы деп ұқсас, бірақ бірдей түсініктер емес. [1]

Қылмыс бұл объективті шындықта нақты тұлғамен жасалған әрекет не әрекетсіздік.

Ал қылмыс құрамы бұл белгілі бір қылмыстық әрекеттің белгілерін бекітуші нормативтік категория. Егер қылмыс, яғни оның жасалуы қылмыстық жауапкершіліктің фактілік негізгі болса, ол қылмыс құрамы оның заңдық негізі. Бұл екі негіз бір-бірімен тығыз байланысты және бүтін бір бірлікті құрайды: заңдық бекітілген қылмыс құрамынсыз қоғамдық қауіпті әрекет қылмыс болып табылмайды, қылмыс құрамынсыз қылмыстық жауапкершілік жүзеге аспайды. Сонымен қатар тек қылмыс құрамының негізінде ғана қылмыстың сапалық дәрежесін анықтау процесі іске асады. Қылмыс құрамынан басқа жағдайлар қылмыстық жауаптылық негізгі бола алмайды. Ал негізсіз қылмыстық жауаптылық туралы сөз болуы мүмкін емес. Ал егер қылмыстық қудалау басталған күннің өзінде, қылмыс құрамының жоқ екені анықталған сәтте, ол іс қысқартылып тасталады.

Заңдық әдебиеттерде дұрыс көрсетілген, яғни жасалған әрекет қылмыс құрамының барлық белгісінен тұратын болса, бұл қылмыстық жауаптыққа жеткілікті негіз болып табылады. Басқа барлық жағдайлар жүргізілген іске қатысы бар болса, сот жаза тағайындағанда есепке алынады. Бұдан түсінетініміз қылмыс құрамынсыз қылмыстық жауапкершілік іске аспайды. Сонымен қатар қылмыс құрамы басқа да маңызды, аса қажетті міндеттерді атқарады. Тек қылмыс құрамы негізінде қылмысты саралау процесі жүзеге асады, яғни қылмыс құрамы құқық қолданушыға жасалған қылмыстың мазмұнын толық және нақты белгілеп көрсететін ең қажетті қылмыстық - құқықтық үлгі. [2]

Қылмысты квалификациялау - қылмыстық құқықта өте күрделі және маңызы зор мәселенің бірі. Бұл қылмысты квалификациялау процесі теория жүзінде ғана емес, практика жүзінде де маңызы зор. Қылмыстық заңның тиімді пайдалануы және осы заңға тәуелді адамның тағдыры - қылмыстық дұрыс квалификациялануына байланысты шешіледі. «Квалификация» термині латынның екі сөзінен құралған «gualis» - сапа және «facere» - істеу, яғни сапалы істеу дегеннен шыққан. Қылмыстық құқық тілінен айтқанда - қоғамға қауіпті әрекетке сапалы баға қою дегенді білдіреді. Басқа сөзбен қылмысты квалификациялау - қылмыстық - құқықтық нормада қарастырылған нақты фактілік белгілерге сәйкес қылмыс құрамын әрекеттердің заңды түрде бағасын бекіту.

Қылмысты дұрыс квалификациялау - бұл қоғамға қауіпті әрекет қылмыс құрамының барлық белгілеріне ие болған жағдайда ғана болуы мүмкін. Қылмысты квалификациялау кезінде Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің берілген әрекетке сәйкес қылмыс құрамы бар баптар не баптың бөлімдері нақты көрсетілуі керек, ол аяқталмаған қылмыста, сыбайластықта.

[1] Н. Ф. Кузнецова. Преступление преступника. Москва 1969. 66-67беттер

[2] Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Москва ИНФРА - М - Норма, 1997. 116-бет.

Қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінің сәйкес баптарына сілтеме жасалады. Қылмысты квалификациялау нәтижесі іс жүргізу құжаттарында сипатталады (қылмыстық істі қорғау туралы қаулылар, айыпкер ретінде жазаға тарту туралы қаулылар, үкімді және т. с. с. ) .

Қылмысты квалификациялаудың мәні - оның қылмыс құрамының барлық белгілері бар қоғамға қауіпті жасалған әрекетті заңды түрде есепке алып, кінәлі тұлғаға әділ жазасын беру болып табылады. Осы айтылған сөздерден қылмысты дұрыс квалификациялау қоғамға қауіпті әрекетке нақты әлеуметтік-құқықтық талдау жүргізуді қамтамасыз ететінін аңғарамыз. [3]

Әрекетті дұрыс квалификациялау үшін және қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін істің фактілік жағдайларын, қылмыс құрамының барлық белгілерін жақсы білуіміз керек.

Сонымен, құқық қолданушы органдар қылмысты қаншалықты дұрыс квалификацияласа, қоғамдағы заңдылықтың жағдайы соншалықты әділетті болады.

Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсамайтын қылмыстық құқықтық түсініктер. Олардың өзара мазмұны да, бағыты да әртүрлі. Жоғарыда атап өткеніміздей, қылмыс туралы ұғым Қылмыстық кодекстің 9-бабында берілген. Осы баптағы анықтамада көрінгеніндей, қылмыс дегеніміз адамның әлеуметтік құқықтық, қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы секілді міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс-әрекеті болып табылады.

Қылмыстың жалпы түсінігі сол қылмыстың заңдық сипаттамасын беріп қана қоймай, оның әлеуметтік саяси сипатын да ашып көрсетеді. өмірде қылмыстық құбылыстар әртүрлі нысандарда көрініс тауып немесе түрлі түрде болатындықтан, қылмыстық заң қылмыстың жалпы түсінігмен бірге нақты қылмыстардың да түсінігін қарастырған. Қылмыстың жалпы түсінігі - барлық қылмыстарға тән, оның белгілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көрсетілген жеке қылмыстар түрінде нақтыланып, өзінің дамуын табады.

Қылмыстық заңда сипатталған әрбір қылмыс, яғни, қылмыс құрамы өзінің ерекше белгілерімен сипатталады. Қылмыстың құрамы - бұл қылмысты іс-әрекет емес, тек соның нысанын сипаттайтын түрі ғана. Ол нақты қылмыстың заңдық сипаттамасы, жеке нақты қылмыстың заңдық нысаны. Егер қылмыстың түсінігінде барлық қылмыстарға тән белгілер - қоғамға қауіптілік, құқыққа қайшылық, кінәлілік және жазаланушылық аталған болса, ал қылмыс құрамында іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін білдіретін нақты қылмыстардың міндетті белгілерінің жиынтығы есепке алынады. Қоғамға қауіптілік қылмыс құрамының емес, қылмыстың белгісі болып табылады. Осы екі қылмыстық құқықтық түсініктерінің бағыты да әртүрлі. Нақты қылмыстың құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі болса, ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыс құрамының заңдылық базасын жасаудың, қылмыстық құқықта оның құқықтық, әлеуметтік саяси табиғатын түсіндіру қажеттілігінен туындайды.

Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыс құрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып табылады. Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап көрсетеді. Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді деп жоғарыда атап өттік. Бірақ әрбір қылмыс құрамында барлық қылмыстардың құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни кез келген қылмыстар құрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілер бар. Қылмыстық құқық теориясы әрбір қылмыста болатын төрт түрлі міндетті элементтерді: қылмыстың объектісін, объективтік және субъективтік жақтарын, субъектісін атап көрсетеді. Осы белгілерге орай кез келген қылмыс құрамы осындай төрт түрлі топтағы элементтерге бөлінеді. әрбір қылмыс құрамында оның объектісін, объективтік және субъективтік жақтарын, субъектісін бейнелейтін белгілері міндетті түрде болады. Осы элементтердің әрқайсысы қылмыстың

[3] Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы. «Жеті-Жарғы», 1998 №11. 12 тарау.

құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан осы элементтердің біреуінің жоқ болуы қылмыс

құрамының мүлде және қылмыстық жауаптылыққа негіздің де жоқ екендігін көрсетеді. Қылмыс құрамының жалпы түсінігі барлық қылмыс құрамына тән осы төрт түрлі элементтермен сипатталады. Қылмыстың осы немесе басқа элементтерін сипаттау тиісінше қылмыс құрамының элементтерін сипаттау деп аталады. Мысалы қылмыстың субъективтік жағының белгілерін сипаттау қылмыс құрамының субъективтік жағы деп аталады.

Қылмыстың объектісі деп, сол қылмыстық қиянаттың неге бағытталғанын, оның қандай зиян келтіргенін немесе келтіруге нысана алғанын айтамыз. Қылмыстың объектісі заң қорғайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық құқықта олар шартты түрде жалпы, топтық және тікелей объект болып бөлінеді. Қылмыстың объектісін оны сипаттайтын қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтаудың қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше.

Қылмыстың сыртқы пішінін, көрінісін сипаттайтын белгілердің жиынтығы қылмыстың объективтік жағын сипаттайды. Объективтік жағының белгісіне, ең алдымен, қоғамға қауіпті мінез-құлық актісінің сыртқы көрінісі - адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі. Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктің нысандары мен түрлері қылмыстық заң тұжырымдарында әртүрлі және жан-жақты (мүлікті жою немесе бүлдіру, қаза келтіру, қауіпті жағдайда қалдыру және т. б. ) . Біршама қылмыс құрамының объективтік жағы әрекет немесе әрекетсіздтен басқа қылмыстың зардабы және іс-әрекеттің зардап пен себепті байланысын көрсетеді. Көрсетілген белгілерден басқа заңда кейбір қатынастардың объективтік жағын сипаттауда оның міндетті белгілеріне уақыт, орын, жағдай, қылмыстың жасалу тәсілі де жатады. Қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда объективтік жағының осы белгілерінің маңызы зор. Қылмыстың субъективтік жағының белгілеріне қылмыстың ішкі жағын құрайтын белгілері, яғни адам істеген қоғамға қауіпті іс-әрекет не психикалық қатынас сипатталады. Субъективтік жақтың белгілеріне кінә, ниет, мақсат жатады. Кінә екі түрлі нысанда: қасақаналылық және абайсыздық түрінде көрініс табады. Субъективтік жағынан бір қылмыстар қасақаналылықпен (ұрлық), екінші біреулер абайсыздықпен (абайсызда кісіге қаза келтіру), үшіншілері қасақаналықпен де, абайсызда да жасалуы мүмкін. Кінәнің нысанының көпшілігі қылмыстық заңның өзінде ашып көрсетіледі. Ал көрсетілмеген жағдайда олар қылмыстың құрамының белгілеріне талдау жасау арқылы анықталады. Кейбір қылмыс құрамдарының субъективтік жағының белгілеріне қылмыстың ниеті мен мақсаты да жатады. Мысалы, пайдақорлық ниетпен кісі өлтіру, басқа қылмыстың ізін жасыру мақсатында кісі өлтіру. Қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілерін анықтау, қылмысты саралауда қылмыстың және қылмыскердің қауіптілік дәрежесін анықтау үшін аса маңызды болып табылады. Қылмыстық заң бойынша қылмыстың субъектісі болып қылмыстық жауаптылыққа тартылуда кез келген адам жатады. Қылмыстық жауаптылыққа есі дұрыс. Қылмыс жасаған уақытта 16-ға, кейбір қылмыстар үшін 14, 18-ге толған жеке адамдар жатады.

Сонымен кез келген қылмыс құрамының субъектісінің жалпы белгілері болып жеке адам, есі дұрыс адам, белгілі жасқа толғандар саналады. Қайсыбір қылмыс құрамдары үшін жауаптылыққа осы жалпы белгілерден бөтен қосымша белгілер болғанда ғана жол берілуі мүмкін. Әдетте мұндай қосымша белгілер осы қылмыс үшін жауап беруі мүмкін адамдардың шеңберін шектейді. Мысалы, пара алудың субъектісі болып тек мемлекеттік органдардың адамдары ғана, ал әскери қылмыстардың субъектісі болып тек әскери қызметкерлердің болуы қылмыстың субъектісін белгілейтін белгілердің қылмысты саралау үшін, қылмыстық жауаптылық мәселелерін шешуде және жаза мөлшерін анықтауда маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда қылмыстық құқық теориясында қылмыстың құрамының қажетті міндетті белгілері және факультативтік белгілері болып өзгешеленеді. Мұндай өзгешелену қылмыс құрамының мазмұнын ашуға, қылмыстық іс-әрекетті дұрыс саралауға көмектеседі. Қылмыс құрамының қажетті, міндетті белгілері дегеніміз бұл кез келген қылмыс құрамында болатын белгілер. Ондай белгілердің кем дегенде біреуінің болмауы қылмыс құрамының мүлдем болмауының көрінісі болып табылады. Мұндай белгілерге жататындар: әрекет немесе әрекетсіздік, кінәнің нысаны, адамның есі дұрыстығы, оның белгілі бір жасқа толуы.

Қылмыс құрамының факультативтік нышандары дегеніміз бұл заң шығарушының кейбір қылмыс құрамын сипаттау үшін қолданатын белгілері болып табылады. Факультативтік белгілерге жататындар: уақыт, қылмыс істеу тәсілі, ниет, мақсат, қылмыс заты, арнайы субъект, қылмыс зардабы, себептік байланыс.

Егер факультативтік белгі сол немесе басқа бір құрамда атап көрсетілсе, онда ол өзінің мәні жағынан осы құрамның қажетті міндетті белгісіне айналады. Мысалы, басқа біреудің мүлкін тонауды алсақ, мұнда тонаудың тәсілі - мүлікті ашықтан-ашық алу, осы қылмыстың белгісі. Егер факультативтік белгі қылмыс құрамына енгізілмесе, онда ол қылмысты саралауға әсер етпейді. Тек қылмыстық құқықтық жаза тағайындалғанда ғана ескеріледі. Мысалы, қызметкердің құжаттарды қолдан жасауы қылмысын саралауда оның қандай тәсілмен, қандай құралмен жасағаны есепке алынбайды. Бірақ қолданылған тәсіл, мақсат жаза тағайындалғанда ескеріледі. Қылмыс құрамының жалпы түсінігінің ол туралы ілімінің заңдылықты сақтауда және оны нығайтудағы маңызы ерекше.

Қылмысты дұрыс саралау үшін нақты қылмыс құрамдарының белгілерін тиісінше дұрыс түсіну керек. Осындай әдіс қылмыс құрамының жалпы белгілерін білуге жәрдемдеседі. Ал қылмыс құрамының жалпы түсінігі нақты қылмыс құрамын қатесіз табудың аса қажетті сатысы болып табылады.

Жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын ашу, олардың белгілерін анықтауды жеңілдету, нақты істелген іс-әрекеттерді дұрыс саралау мақсатымен қылмыс құрамының түрлері нақты белгілері бойынша өзара бөлінуі мүмкін.

Қылмыстық құқық ғылымында мұндай бөлінудің негізі (критериясы) болып: біріншіден, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі, екіншіден, қылмыс құрамының сипатталу тәсілі, үшіншіден, қылмыс құрамының құрылысы есепке алынады. Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен мәніне қарай құрамдар негізгі, жауаптылықты ауырлататын қылмыс құрамдары және жауаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамдарына бөлінеді. Негізгі қылмыс құрамы деп іс-әрекеттің белгілі бір түрі бойынша онда негізгі тұрақты белгілердің болуын айтамыз. Негізгі қылмыс құрамында қылмыстың ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлары көрсетілмейді. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 96-бабының 1-бөліміндегі құрам негізгі құрамға жатады. Онда кісі өлтірудің жай түрі ғана аталған, ауыр не жеңіл түрлері көрсетілмеген.

Егер қылмыс құрамында осы іс-әрекеттің негізгі белгілерінен басқа жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар да көрсетілсе, онда ондай қылмыс құрамын жеңілдетілген қылмыс құрамы деп атайды. Мұндай қылмыс құрамына Қылмыстық кодекстің 98-бабында көрсетілген қылмыс құрамы жатады (жан күйзелісі жағдайында кісі өлтіру) . Негізгі белгілермен бірге жауаптылықты ауырлататын жағдайлар көрсетілген қылмыс құрамы сараланған қылмыс құрамы деп аталды. Сондай-ақ құрам қатарында 129-баптың 3-бөлімінде көрсетілген адамды ауыр қылмыс істеді деп айыптап жала жабу жатады. Немесе 175-баптың 2-, 3-бөлімдерінде қарастырылған құрамдар жатады. Қылмыс құрамының сипатталу тәсіліне қарай құрам жай қылмыс құрамы, күрделі қылмыс құрамы және баламалы қылмыс құрамы түрлеріне бөлінеді. Жай қылмыс құрамы дегеніміз қылмыс құрамының белгілерінің біркелкі болуы, яғни оның бір ғана объектісі, бір ғана объективтік жағының болуы. Бұған мысалы, 125-баптың 1-бөлімінде қарастырылған адамды ұрлау жатады. Күрделі қылмыс құрамы деп қылмыс құрамы элементтерінің бірінің күрделенуін айтамыз. Мысалы, екі объектіге бірдей қол сұғуын (қарақшылық) . Кінәнің екі түрлі нысаны болатын қылмыстар. Балама құрам деп Қылмыстық кодекстің бабындағы диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істегендікті айтамыз. Мысалы, 259-бап есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату. Қылмыс құрамының құрылысына қарай құрамды түрге бөлудің де практикалық маңызы ерекше. Осы белгісі бойынша қылмыс құрамы материалдық, формальдық және келте қылмыс құрамдарына бөлінеді. Іс-әрекеттің нәтижесінен болатын зардап қылмыс құрамында көрсетілсе, ондай қылмысты материалдық қылмыс құрамы деп атайды. Мұндай қылмыс құрамы әрекет немесе әрекетсіздік жасалған уақыттан бастап қана емес, заңда көрсетілген қылмыс зардабы болған уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Мысалы, қызмет өкілеттігін пайдаланып қиянат жасауды келтіруге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай
Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
Қылмыс түсінігі және міндеттері
Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы
Қылмыс және қылмыс құрамы
Қылмыстық жауаптылықтың негізі
Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері туралы ақпарат
Қылмыс құрамы және қылмыс субъектісі
Аса ауыр қылмыстар
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша қылмыс ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz