Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау

Нақты жағдайда қоғамға қауіпті және құқыққа қарсы жасалған іс-
әрекеттің субъектісі берілген іс-әрекеттің өзге де жақтары сияқты көптеген
объективтік және субъективтік белгілерге ие болса, қылмыс құрамының
субъектісі және өзге элементтері жасалған әрекетпен барынша ұқсасымен
олардың қатаң шектелуі санына ие болады.

Қылмысты саралаудың жасалған іс-әрекеті онымен ұқсас, яғни әрекет
етілуі ҚК-те қарастырылған қылмыс құрамымен салыстыру болып табылатындығын
еске түсірейік. Сонымен қатар оны жүргізу процессінде заңның жекелеген
ережелері нақтыланады, жаңа фактілер анықталады, болжамдар өзгеріске
ұшырайды және одан әрі зерттеудің жолдары белгіленеді. 25

В.Н. Кудрявцев и Б.А. Куринов қылмысты сарлау бойынша жазылған
монографияларында қылмыстылықтың әлеуметтік мәселелерін, оның себептерін
және қылмыс жасаған тұлғалар туралы мәліметтерді талдауды және тереңдетуді
атап көрсеткен.

Егер қылмыс субъектісін құқықтық ұғымға жатқызсақ, қылмыскердің жеке
басы криминологиялық ұғым болып табылады. Жеке тұлға болу, ақыл-есі
дұрыстың қылмыстық заңмен бекітілген жасқа толу оның біріншісінің яғни
қылмыс субъектісінің негізгі белгілері болып табылады. Екінші түсінік жеке
тұлғаны сипаттайтын: әлеуметтік – демографиялық, біліми-мәдени,
функционалдық, құндылықты- мотивациялық, қылмысты-құқылық ерекшеліктерді
қамтиды.

Тұлғаны қылмыс субъектісі ретінде тану үшін ең алдымен, қоғамға
қауіпті және қылмыстық құқыққа қайшы іс-әрекетті нақ осы адамның
жасағандығын нақты анықтап алу қажет. Ол осы іс-әрекетті жеке өзі жасауы
мүмкін немесе табиғи күштерді, жануарларды, техниканы, электр приборларын,
химиялық заттарды, әртүрлі уларды пайдалануы сонымен қатар іс-әрекетті ақыл-
есі дұрыс емес адмдардың немесе жас балалардыңкөмегімен жасауы мүмкін.
Қылмысқа бірігіп қатысушылар (ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші яғни
алдын-ала қасақана қылмыс жасауға келісім жасаушыларды қылмыс субъектісі
болып табылады. Қылмыс субъектісінің жалпы белгілерінің тағы басқа екеуі
жас мөлшері және ақыл есі дұрыстық адамның психофизикалық қасиеттері
олардың біріншісі бойынша белгілі бір жасқа толғандығы немесе толмағандығы
фактісі сенімді түрде анықталуы тиіс. Екіншісі бойынша тұлға өзінің іс-
әрекетіне жауап бере алатындығы және басқара алмайтындығы дәлелденуі тиіс.

А.Н. Трайнин бұл белгілерді қылмыс құрамынан тасқары тұрған
қылмыстық жауаптылықтың шарттары ретінде қарастырғанын атап өту керек.
Қоғамда қауіпті және құқыққа қарсы іс-әрекеттің субъектісін сипаттайтын
белгілерге ол тиісті құрамдарда орын алған лауазымды тұлғаны, әскери
қызметкерлерді, өкімет өкілін жатқызады. 26

Қылмыс субъектілерінің белгілеріне (жас мөлшері, есі дұрыстық) В.Н.
Кудрявцев және тұлғаның сотталғандығын, қайталап қылмыс жасауды және қылмыс
рецидивін жатқызды.

Қылмысты жасаған кезде қылмыстық жауапқа тартылатын жас ретінде 16
жасқа толу деп саналады. Алайда біз бұны жалпы ереже деп есептеп одан кейде
өзгешеліктер болатындығын естен шығармауымыз керек. Қылмыстық Кодекстің 15-
бабының екінші тармағында төменде көрсетілген қылмыс түрлері үшін қылмыстық
жауап кершілік 14 жастан басталатындығы көрсетілген. Ол адам өлтіру (96),
денсаулыққа қасақана зиян келтіру (103), ауырлататын мән жайлар кезінде
денсаулыққа қасақана орташа ауыр зардап келтіргені үшін (104 2-бөлімі),
зорлау (120) жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері (121), адам ұрлануы
(125), ұрлық (175), тонау (178), қарақшылық (179), қорқытып алу (181), авто
көлікті заңсыз иелену ұрлау мақсатын көздемей(185 ІІ-ІІІ-ІV), мүлікті
қасақана жою, бүлдіру (187 ІІ-ІІІ), терроризм (233), адамды кепілге алу
(234), террористік акті туралы өтірік хабарлау (242), қару-жарақ, оқ
–дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлау не қорқытып алу
(255), ауыр жағдайдағы бұзақылық (257 ІІ-ІІІ), тағылық (258), есірткі
немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (206), қайтыс
болған адамдардың мүрдесін және олардың жерленген жерлерін қорлау (275),
көлік жолдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз ету (299).
Жоғарыда атап көрсетілген қылмыстар түрі заңда бекітілгендіктен тек осы
қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталуы тиіс. Сонымен қатар
адам осы көздеген жасқа толса бірақ психикалық дамуы жағынан артта қалуы
саладрынан онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау
кезіндегі өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық
қауіптілігін толық ұғына алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа
тартылуы тиіс емес. 14 жасқа толмаған жас-өспірімдердің қоғамға қауіпті іс-
әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік туындамайды. Олар ішкі-істер
органдарының ұсынысы бойынша, мемлекеттік арнайы органның қортындысымен
сот анықтамасымен арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемелеріне жіберілуі мүмкін.
Егер 14 жаспен 16 жастың арасындағы жас өспірім 16 жастан бастап қылмыстық
жауапкершілік туындайтын қылмыстарға қатысса соның барысында ол 14 жастан
қылмыстық жауапкершілік басталатын қылмыс жасаса мысалы бандитизм (237)бап,
оған қатысқан 14 жас пен 15 жастың арасындағы жас өспірімдер бандитизм емес
ұрлық, тонау, қарақшылық, зорлау, кісі өлтіру бойынша ғана қылмыстық
жауапкершілікке тартылады. Адамды белгілі жасқа толды деп есептеу үшін оның
жас шамасы дәл анықталуы тиіс. Адам белгілі жасқа толды деп есептеу оның
туған күннен емес одан кейінгі тәуліктің 00 сағатынан Егер жасөспірімнің
жас шамасын анықтайтын құжаттар жоқ болса оны анықтау үшін соттық-
медициналық сараптама тағайындалады. Егер оның жасы белгісіз болса оны
туған күні деп сараптама атаған жылдың ең соңғы күні саналады. Егер жасты
сараптама атаған жас мөлшерінің төменгі және жоғарғы жас мөлшерімен анықтау
қажет болса онда төменгі жас мөлшері алынады.

Егер жасөспірімнің психикалық дамуы жөнінен артта қалуы
байқалатындай болса оның психикалық дамуының деңгейін анықтау қажет, яғни
ол өз әрекеттерін толық сезініп басқара білді ме жоқпа? Ол үшін қажетті
жағдайларда балалар психологиясы саласындағы (педагог, психолог)
мамандарының қатысуымен сараптама тағайындайды немесе көрсетілген мәселелер
сарапшы-психиатордың шешуіне білдіреді. Кәмілетке толмағандарға жаза
тағайындау барысында, оның өмір жағдайы мен тәрбиеленуі, психикалық даму
деңгейі, жеке басының өзгеде ерекшеліктері, сонымен қатар жасы үлкендердің
оған ықпалы есепке алынуы тиіс. Жасы кәмілетке жетпегендік жеңілдететін мән-
жай ретінде , өзге де жеңілдететін және ауырлататын мәністермен жинағында
есептеледі. Егер кәмілетке толмаған адам бірінші рет онша ауыр емес немесе
ауырлығы орташа қылмыстар үшін сотталса сот оны жазадан босатуы мүмкін,
егер кәмелетке толмаған адамды түзету мәжбірлеуші тәрбиелеу шараларын
қолдану арқылы мүмкін деп есептеген жағдайда. Егер қылмыстық
жауапкершілікке тартылу жасына толмаған адам қоғамға қауіпті іс-әрекетті
ересек адамның айдап салуымен жасаса, онда ол жанама орындаушылық болып
есептелінеді. Ал ересек адам тікелей орындашы және кәмілетке толмағандарды
қылмысқа тартқаны үшін жауапқа тартылады.

Қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде
болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы,
кемақылдығы немесе психикасының өзгеде дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс-
әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған
немесе оған ие болмаған дам қылмыстың жауапқа тартылуға тиіс емес. Есі
дұрыс еместік дегеніміз қоғамға қауіпті әрекетті жасау барысында,
психикалық ауру жағдайына байланысты әрекеттің мәнісі мен қоғамдық
қауіптілігін сезіне алмауы болып табылады. Есі дұрыс еместік түсінігін
анықтау барысында заң екі негізді басшылыққа алады. 1) медициналық
(биологиялық) және 2) заңи (психологиялық). Тұлғаны есі дұрыс емес деп тану
үшін медициналық және заңдылық критерилердің біреуінің болмауы тұлғаны есі
дұрыс емес тануға мүмкіндік бермйді. Медициналық критериге қылмыстық заңға
сәйкес төрт түрлі ауру жатқызылған. 1) созылмалы психикалық ауру 2)
психикасының уақытша бұзылуы 3) есі кемдік 4) психиканың өзге де ауру
жағдайы.

Есі дұрыс еместіктің заңды критериіне екі белгіні жатқызамыз 1)
интеллектуалдық және еріктілік. Заңды критеридің интеллектуалдық белгісі
тұлғаның өзінің әрекеттерінің нақты мәнісін және қоғамдық қауіптілігін
сезіне алмауы арқылы көрінеді. Ал еріктіліктің белгісі тұлғаның өз
әрекеттеріне басшылық жасай алмауы арқылы көрініс береді.

Егер тұлға өзінің әрекетінің нақты мәнісін түсінуге қабілетсіз болса
және әрекеттің содан пайда болған қауіпті салдардың арасындағы себепті
байланысты түсінбесе ол өзінің әрекетін басқаруға қабілетсіз болады.
Интеллектуалдық белгінің басты негізгі мазмұны тұлғаның, жасаған
әрекеттерінің әлеуметтік маңызын, олардың қоғамдық қауіптілік мәнісін
түсінуге қаблетсіз болуы.

Заңдылық критеридің екінші белгісі жоғарыда атап өткеніміздей
еріктілік белгісі болып табылады. Яғни тұлғаның өз әрекеттеріне басшылық
жасай алмауы. Адамның еркі оның санасы мен тығыз байланысты Адам санасы
бұзылып, өзінің әрекеттерінің маңызын түсіне алмаған кезде, оның еріктілік
қызметі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысты саралау және оның ұғымы
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Қылмысты саралаудың қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы маңызын ашып жан-жақты зерттеу
Бас бостандығынан заңсыз айыру әрекетінің қылмыстық- құқықтық сипаттамасы
Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы
Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы
Қылмыс және қылмыстық құқық жайлы
Қылмыс жасау сатылары, Баланы қасақана өлтіру
Қылмыс құрамының түсінігі және оның маңызы
Арнайы субъектінің белгілері
Пәндер