Қылмыстық жауаптылық жəне оның негiзi


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

1-тарау. Қылмыстың жалпы сипаты мен белгілері

1. 1. Қылмыс ұғымы жəне оның белгiлерi . . .

1. 2. Қылмыстардың түрлерi . . .

2 -тарау. Қылмыстық жауаптылық жəне оның негiзi

2. 1. Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы, мақсаты мен түрлері . . .

2. 2. Қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы мен негіздері . . .

3-тарау. Қылмыс жəне басқа да құқық бұзушылықтар

3. 1. Қылмысқа дайындалу. Қылмыс жасауға оқталу . . .

3. 2. Қылмыстық-құқықтық аспектісіндегі қасақаналық және оны қылмыс жасауда табу . . .

3. 3. Қылмыстық жауаптылықтан босататын мән-жайлар . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Қылмыс - қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесі басымырақ екенін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқықтық шаралар қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу - қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздік) көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстың әр уақытта да адамның нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.

Қылмыстың заңнамалық анықтамасы - Қылмыстық Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) деп көрсетілген (Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 9-бап) . Қылмыстың осы грамматикалық түсіндірмесінен бұл жерде аяқталған, іске асырылған қылмыс туралы сөз болатыны жөнінде қорытынды жасауға болады. Қылмысты істеу процесі уақыт бойынша созылады және өте ұзаққа созылуы мүмкін.

Адам қандай да бір әрекетті бастар алдында нақты мақсаттар қойып, өзінің ілгеріде жүзеге асыратын әрекеттерін оған бағындыру қабілетіне ие. Сонымен бірге қылмыстық әрекетті бастар алдында қылмыс субъектісі оның нәтижесін көз алдына елестетеді. Қылмыстық нәтиже мақсатқа айналған немесе соңғы қылмыстық мақсатқа жетудің қажетті сатысына айналған кезде қылмыс субъектісінің санасында қылмыс істеуге деген қасақаналық ниет қалыптасады. Белгілі бір жағдайда осындай қасақаналық ниеттің болуы ауызша, жазбаша немесе субъектінің өз ойын өзге әдістермен көрсетуі нәтижесінде белгілі болуы мүмкін. Қылмыстық ниет қалыптасқаннан кейін қылмыс субъектісі өз ойын іске асыруға бағытталған әр түрлі әрекеттерді жүзеге асырады (қылмысқа дайындала бастайды және одан кейін өз әрекеттерін қылмысты орындауға тікелей бағыттайды) . Бірақ қандай да бір себептерге және жағдайларға байланысты ойлаған қылмыстық нәтиженің туындамауы жиі кездеседі. Мысалы:

Қылмыскер банкіден ақша ұрлау үшін құрал-жабдықтар сатып алады, банкіні күзету қызметін атқару тәртібін және дыбыс беру қондырғыларының жүйесін анықтайды, жоспар құрады, қылмысқа қатысушыларды іздестіріп табады, олардың әрқайсысының қылмыс істеудегі рөлдерін бөледі, бірақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің оларды ұстауына байланысты қылмысты ақырына дейін жеткізбейді.

Жоғарыда аталған әрекеттерді орындағаннан кейін қылмыскер банк ішіне кіреді және ақшасы бар сейфті ашпақшы болады, бірақ осыны істей алмай, қылмыс орнынан қашып кетеді.

Қылмыскер барлық әрекеттерді орындап, сейфті ашады және ақшаны алады.

Көрсетілген мысалдардан тұлғаның ең алдымен қылмыс істеу үшін қолайлы жағдайлар жасайтынын, содан кейін қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге тікелей қол сұғатын әр түрлі әрекеттерді орындайтынын және ең соңында қылмыстық ниетін толығымен жүзеге асыратынын көруге болады.

Сонымен, қасақана қылмыстық әрекет өзінің қалыптасуында және дамуында бірқатар кезеңдерден өтеді: қасақаналықтың қалыптасуы (табылуы) - қылмысқа дайындалу - қылмыс жасауға оқталу - аяқталған қылмыс.

Бірақ нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған, жүзеге асырылмаған ойлар, пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан қылмыс болып табылмайды. Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет, мақсаттары қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқықтың реттеу саласына жатпайды. Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе бірауыздан осылай тұжырым жасалған. Ал қылмыс ақырына дейін жеткізілгенге дейін өтетін әрекеттер (қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу) болса аяқталған қылмыспен қатар нақты қоғамдық қауіпті туындатады. Бұл кезде заңмен қорғалатын тұлғаның құқықтары мен мүдделеріне, меншікке, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке, Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне және өзге де заң қорғауындағы объектілерге зиян келтірілу, оларды бұзу қаупі төнеді немесе осындай зиян ішінара келтіріледі/1/

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде тек жүзеге асырылған қылмыс ғана емес, сонымен қатар кінәлінің еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмеген қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) те айыпты және жазалануға жатады деп көрсетілген.

«Қылмыстың» мазмұны мен ерекшеліктерін зерттеу және талдау тек теориялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік жағынан да маңызды және өзекті мәселе болып келеді. Оның ғылыми маңыздылығы қылмыскер тұлғасының қасиеттері мен ерекшеліктерін ашудан, қылмыс істеуге көмектесетін жағдайлар мен себептерді қалыптастыратын сыртқы әлеуметтік ортаны ашудан және қылмыс істеу сатыларының мәнін анықтаудан көрінеді. Ал тәжірибелік маңыздылығы - қылмыстың алдын алуға қажетті шараларды анықтауда, құқық бұзушы тұлғаның көзқарасын өзгертуде, қылмыс істеген кінәлінің ойластырған қылмыстық ниетінің орындалу дәрежесіне байланысты қылмысты дұрыс саралауда анық көрінеді.

Сонымен қатар 1997 жылы 16-шілдеде қабылданып, 1998 жылы 1-қаңтарда күшіне енген жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі бұрынғы Қылмыстық Кодекстерге қарағанда, аяқталған қылмыс түсінігін және қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту, оның ішінде қылмысқа қатысушылардың өз еркімен бас тартуын жаңадан ашып көрсеткен.

Курстық жұмыстың мақсаты - «Қылмыстың» түсінігін ашу және қылмыстың әрбір түрін жеке-жеке қарастыру және талдау.

Курстық жұмыстың міндеті - «Қылмыстың» жалпы сипаттамасын беру. Сонымен қатар аяқталған қылмыс пен аяқталмаған қылмыс арасындағы, жазалануға жатпайтын қасақаналықты табу және кейбір жағдайларда жазалануға жататын қылмысқа дайындалу арасындағы, қылмысқа дайындалу сатысы мен қылмыс жасауға оқталу сатысы арасындағы, қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту мен шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу арасындағы айырмашылықтарына және аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындалғанда ескерілетін жағдайларға көңіл бөлу.

«Қылмыстың» туралы мәселені қарастырған кезде Қазақстан Республикасының заң актілері және оған түсініктемелер, қылмыстық істер бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары Соты Пленумының қаулылары, оқу әдебиеттері, ғылыми еңбектер және мерзімді басылымдар қолданылды.

Курстық жұмыс кіріспе, үш тарау, жеті бөлімшелерден, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-тарау. Қылмыстың жалпы сипаты мен белгілері

1. 1. Қылмыс ұғымы жəне оның белгiлерi

Қылмыс, онымен тығыз байланысты жаза қоғам тарихының барлық дəiрлерiнде өзгермелi сипатта болып келген ұғымдар. Қылмыс - бұл адам iс-əрекетiнiң бiр түрi. Осы тұрғыдан алғанда, қылмыстық құқықта қылмыс ұғымына екi анықтама беру қалыптасқан. Қылмыстың формальды анықтамасы бойынша, қылмыс дегенiмiз - қылмыстық заң арқылы жазалау қатерiмен тыйым салынған адамның белгiлi бiр əрекетi. Алайда, мұндай анықтама қылмыстық əрекеттiң мəнiн ашпайды, не үшiн заң шығарушы қандай да бiр əрекеттi жасауға тыйым салады, неге бұл əрекеттер қылмыс деп табылады деген сұрақтарға толығымен жауап бермейдi. Сондықтан қылмыстың материалдық анықтамасын енгiзу арқылы осы сұрақтарға жауап беру мүмкiндiгi қарастырылды. Қылмыстың материалдық анықтамасында қылмыстың негiзгi сапасы - оның қоғамға қауiптiлiгiмен анықталады деген тұжырым жасалған. Бұл анықтамаға сəйкес, қылмыс дегенiмiз - адамның қоғамға қауiптi iс-əрекетi болып табылады. Жасалған əрекетте қоғамға қауiптiлiк белгiсiнiң бар болуы оның белгiлi бiр қоғамдық қатынастарға зиян келтiредi немесе зиян келтiру қаупiн туғызады дегендi бiлдiредi.

Сонымен, формальды жəне материалды анықтамалар бiрiн-бiрi толықтырып қылмыстың ұғымын бередi. ҚР ҚК 9-бабының 1- бөлiгiне сəйкес ″Қылмыстық кодексте жазалау қатерiмен тыйым салынған айыпты қоғамға қауiптi iс-əрекет (əрекет немесе əрекетсiздiк) қылмыс деп танылады″. Көрсетiлген анықтамадан қылмыс ұғымы өзiне келесi белгiлердi қамтитынын көремiз: қоғамға қауiптiлiк, қылмыстық құқыққа қайшылық, кiнəлiлiк жəне жазаланушылық. Осы аталған белгiлердiң жиынтығы болғанда ғана iс-əрекет қылмыс деп танылады.

Қылмыстың бiрiншi белгiсi оның қоғамға қауiптiлiгi. Қоғамға қауiптiлiк қылмыстың негiзгi материалдық белгiсi жəне қандай да бiр əрекеттi қылмыс деп танудың негiзi болып табылады. Əрекеттiң қоғамға қауiптiлiгi ең алдымен заңшығарушының қол сұғылатын негiзгi объектiлердi көрсетуi арқылы анықталады.

Алайда, қоғамға қауiптiлiк - өзгермелi категория. Ол бiрнеше жағдайларға: iс-əрекеттiң өзiне (əрекет немесе əрекетсiздiк) ; қылмыстың жасалу жағдайы, орны, уақыты, тəсiлiне; қылмыскердiң жеке басының ерекшелiктерiне; қылмыстан келген зардаптың мөлшерiне; қылмыстың мақсаты мен мотивiне жəне т. б. жағдайларға байланысты анықталуы мүмкiн.

Қоғамға қауiптiлiктiң екi сипаты бар:

- сапалық немесе қоғамға қауiптiлiк сипаты,

- сандық немесе қоғамға қауiптiлiк дəрежесi.

Қоғамға қауiптiлiктiң сипаты қылмыстың қандай қылмыстарға қол сұғатындығымен (адамның өмiрi, меншiгi, денсаулығы, мемлекет қауiпсiздiгi), ал қоғамға қауiптiлiк дəрежесi қол сұғушылықтың ерекшелiгi мен деңгейiне, қылмыстан келген зардаптың ауырлығына байланысты анықталады. Қылмыстың қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесi қылмыстық заңда көрсетiлген санкция бойынша да анықталады.

Жасалған əрекетте қоғамға қауiптiлiк белгiсiнiң болмауы оның қылмыстылығы мен жазаланушылығын жояды. Сондықтан, жасалған əрекеттiң белгiлерi формальды болса да бар, бiрақ елеулi маңызы болмағандықтан қоғамға қауiптi емес iс-əрекет қылмыс болып табылмайды (ҚР ҚК 9-бабының 2-бөлiгi) .

Қылмыстың екiншi белгiсi - қылмыстық құқыққа қайшылық, яғни белгiлi бiр əрекетпен қылмыстық норманы бұзу. Құқыққа қайшылық қылмыстың формальды белгiсi. Қоғамға қауiптi iс-əрекет егер ол қылмыстық заңда тiкелей қарастырылған болса ғана қылмыс болып табылады. Сондықтан əрекеттiң қылмыс немесе қылмыс емес екендiгiн шешу кезiнде заңның аналогиясы қолданылмайды деп көрсетiлген (ҚР ҚК 9- бабы) . ҚР ҚК Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында жекелеген қылмыс құралдары үшiн жауаптылық қарастырылған. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы iс-əрекет жасауды қылмыстық құқыққа қайшылық деп атайды. Тиiсiнше, адамның қылмыстық заң тыйым салмаған iс-əрекеттердi жасауын қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Тек заңшығарушы ғана белгiлi бiр əрекеттi қылмыс қатарына жатқызуға мүмкiндiк беретiн оның мəндi белгiлерiн анықтайды, сондықтан iс-əрекеттiң қылмыстық құқыққа қайшылығын белгiлеген тиiстi заңның жарияланған уақыттан бастап ондай iс-əрекеттер қылмыс деп танылады.

Қылмыстың келесi белгiсi - кiнəлiлiк. Адамның өзi жасаған əрекетiне немесе əрекетсiздiгiне қатысты психикалық қатынасы болса, оның əрекетi кiнəлi түрде жасалған деп танылады. Бұл психикалық қатынас қасақаналық немесе абайсыздық түрiнде көрiнiс табады. Яғни, белгiлi бiр əрекеттi қылмыс деп тану үшiн онда кiнə орын алуы қажет. Белгiлi бiр психологиялық негiзден айрылған нақты əрекет немесе əрекетсiздiк қылмыс болып табылмайды (мысалы, рефлекторлық қозғалыс, ессiз жағдайдағы iс қимыл немесе гипноз, ұйқыдағы əрекеттер) . Сонымен бiрге, сыртқы формальды белгiлерi қылмысты құрайтын тойтарылмайтын күш нəтижесiнде немесе күштеп мəжбүрлеу кезiнде адамның жасаған əрекетi де қылмыс ретiнде саналмайды. Яғни, кiнəсiз қылмыс та, жаза да жоқ деген сөз.

Жазаланушылық - қылмыстың соңғы белгiсiн құрайды, өйткенi қылмыстық заң жазалау қатерiмен қорқытып тиым салған əрекеттi немесе əрекетсiздiктi жасау қылмыс болып саналады. Мұның өзi қылмыс құрамы туралы сипаттама тек қылмыстық заңда ғана көрсетiлгенiн жəне осы iс-əрекет үшiн қылмыстық заңның санкциясында жазалау қатерi қарастырылатынын бiлдiредi. Мұндағы жазалау қатерiмен тыйым салу қылмыстың жазаланушылық белгiсi болып табылады. /2/

1. 2. Қылмыстардың түрлерi

Қылмыстық құқықта қылмыстарды белгiлi бiр критерий лерiне қарай топтарға, түрлерге жəне санаттарға бөлу қарастырылған. Қылмыстарды белгiлi бiр түрлерге бөлудiң негiзiнде əрекеттiң қоғамға қауiптiлiк дəрежесi мен сипаты немесе қылмыс құрамының бiр элементi жатуы мүмкiн. Қазақстан қылмыстық заңындағы қылмыстарды шартты түрде мына түрлерге бөлуге болады:

Қол сұғушылықтың топтық объектiсiне қарай қылмыстарды он алты топқа бөледi:

1) Жеке адамға қарсы қылмыстар,

2) Отбасына жəне кəмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар;

3) Адамның жəне азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар;

4) Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар;

5) Мемлекеттiң конституциялық құрылысына жəне қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар;

6) Меншiкке қарсы қылмыстар;

7) Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар;

8) Коммерциялық жəне өзге ұйымдардағы қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар;

9) Қоғамдық қауiпсiздiкке жəне қоғамдық тəртiпке қарсы қылмыстар;

10) Халықтың денсаулығына жəне адамгершiлiкке қарсы қылмыстар;

11) Экологиялық қылмыстар;

12) Көлiктегi қылмыстар;

13) Мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар;

14) Басқару тəртiбiне қарсы қылмыстар;

15) Сот төрелiгiне жəне жазалардың орындалу тəртiбiне қарсы қылмыстар;

16) Əскери қылмыстар.

Қоғамға қауiптiлiк сипаты бiртектi қылмыстарды қоғамға қауiптiлiк дəрежесiне қарай үш түрге бөледi:

1) Жай қылмыстар ( ҚК 96-бабының 1-бөлiгi),

2) Сараланған немесе ауырлатылған қылмыстар (ҚК 96-бабының 2-бөлiгi) ;

3) Жеңiлдетiлген қылмыстар (ҚК 97-100- баптары) .

Кiнəнiң нысаны бойынша қылмыстарды екi түрге бөледi :

1) Абайсыз қылмыстар,

2) Қасақана қылмыстар.

Қылмыстың қоғамға қауiптi сипаты мен дəрежесiне қарай оларды төрт санатқа бөледi:

1) Ауырлығы онша емес қылмыстар,

2) Ауырлығы орташа қылмыстар;

3) Ауыр қылмыстар;

4) Аса ауыр қылмыстар.

Қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесi бойынша қылмыстарды мұндай санаттарға бөлу кiнəнiң нысаны мен бас бостандығынан айырудың жоғарғы мерзiмi түрiндегi санкция арқылы нақтыланады. ҚР ҚК 10-бабына сəйкес ауырлығы онша емес қылмыстарға мына қылмыстар жатады:

а) жасалғаны үшiн Қылмыстық Кодексте көзделген ең ауыр жаза екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған əрекет (мысалы, ҚК 112-бабы ″Қорқыту″ қылмысы) ;

б) жасалғаны үшiн Қылмыстық Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған əрекет (ҚК 101-бабы ″Абайсызда адамға қаза келтiру″) .

Ауырлығы орташа қылмыстарға мына қылмыстар жатады:

а) жасалғаны үшiн қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған əрекет (ҚК 126-бабы ″Бас бостандығынан заңсыз айыру″) ;

б) жасалғаны үшiн Қылмыстық Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған əрекет (ҚК 296-бабының 3-бөлiгi

″Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы жəне көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы″) .

Ауыр қылмыстарға жасалғаны үшiн Қылмыстық Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза қарастырылған қасақана əрекеттер жатады. (ҚК 125- бабы ″Адамды ұрлау″) ;

Аса ауыр қылмыстарға жасалғаны үшiн Қылмыстық Кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза немесе өлiм жазасы көзделген қасақана əрекеттер жатады (ҚК 161- бабы ″Экоцид″) .

Қылмыстарды мұндай санаттарға бөлудiң теориялық жəне тəжiрибелiк маңыздылығы жоғары. Өйткенi, ол қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылығын анықтау, оның қылмысын саралау жəне қылмысы үшiн жаза тағайындау немесе жазадан не жауаптылықтан босату туралы мəселелердi шешудi қамтамасыз етуге көмектеседi.

Жалпы қылмыстарды санаттарға бөлудiң қылмыстық-құқықтық маңызын мына жағдайлармен түсiндiруге болады:

1) Қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту кезiнде қылмыс санаты ескерiледi. Мысалы, Қылмыстық заң бойынша ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыстарға дайындалу үшiн қылмыстық жауаптылық қарастырылмайды. Сонымен бiрге, ауырлығы онша емес қылмысқа оқталу да жауаптылыққа əкеп соқпайды.

2) Қылмыс санаты қылмыскерге жаза тағайындау кезiнде ескерiледi. Мысалы, ҚК 53-бабының 1-бөлiгi ″а″-тармағына сəйкес мəн-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет ауырлығы онша емес қылмыс жасау жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мəн-жай ретiнде танылады. ҚК 58-баптың 2-бөлiгiне сəйкес егер қылмыстар жиынтығында ауырлығы онша емес қылмыс қамтылса, онда түпкiлiктi жаза жеңiлiрек жазаны ауырырақ жазаға сiңiру жолымен не жазаларды iшiнара немесе толық қосу жолымен тағайындалады. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны тағайындау да осы қылмыстардың санаттарына негiзделедi (ҚК 48-бабы) .

3) Ол қылмыскердi жазадан немесе жауаптылықтан босату кезiнде де ескерiледi. ҚК 65-бабы ″Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату″; 67-бабы ″Жəбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату″; 68- бабы ″Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату″; 69-бабы ″Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату″ немесе ҚК 74- бабы ″Төтенше мəн-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеудi кейiнге қалдыру″ жəне басқа да нормаларды қолдану негiзiне қылмыстардың санаттары енгiзiлген.

2 -тарау. Қылмыстық жауаптылық жəне оның негiзi

2. 1. Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы, мақсаты мен түрлері

Қоғам өз мүшелерiне белгiлi бiр əлеуметтiк талаптар қояды, мұндай талаптарды орындамау жауаптылыққа тартады. Орындалмаған талаптың сипатына қарай бұл жауаптылық моральдық немесе құқықтық болуы мүмкiн. Жалпы, философия ғылымында «жауаптылықң - деп жеке адамның қоғамға немесе жалпы адамзатқа деген адамгершiлiк мiндетi мен құқықтық нормаларды орындауын сипаттайтын жəне оның ерекше əлеуметтiк моральдық қатынасын бiлдiретiн категорияны айтады. Жауаптылық - бiр жағынан сезiм, қоғамдық байланыс, екiншi жағынан шара немесе санкция. Ол адамды белгiлi бiр əрекетке ынталандырады немесе белгiлi бiр əр қылмыстардан бас тартқызады. Əрине, жауаптылық субьектiге қойылатын əлеуметтiк талаптар болған кезде бұл талаптарды өзi ұғынған жағдайда пайда болады. Осыған байланысты жауаптылықты жүзеге асырунда көрiнедi: бiрi - əлеуметтiк талаптарды субьект өз еркiмен орындайды, екiншiсi - əлеуметтiк талаптарды мәжбүрлеп орындайды. Осы екiншi көрiнiс қылмыстық жауаптылыққа тəн келедi. Қылмыстық жауаптылық азаматтық- құқықтық, əкiмшiлiк, тəртiптiк, материалдық жауаптылықтар соның ішінде қылмыстық жауаптылықтың бiр түрi жəне ең қатал түрi.

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық жауаптылық мəселесiнiң зерттелуiне көп көңiл бөлiнгенiмен, анықтамасы төңiрегiнде əлi де болса пiкiрталастар жетерлiк.

Қылмыстық жауаптылыққа түсiнiк беруге ұмтылыс жасаушы авторлар, көбiне қылмыстық жауаптылықты белгілеу категориямен теңдестiру арқылы, мысалы «қылмыстық жауаптылықң жəне «жазаның, «қылмыстық жауаптылықтың, «қылмыстық жауаптылықтың жəне «қылмыстық құқықтық қатынасының терминдерiмен байланыстырып зерттеген жөн.

«Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы қылмыстық заңда берiлмегенiмен, оқу жəне ғылыми əдебиеттерде оған əр түрлі анықтамалар берiлген. Солардың iшiнде негiзгi дегендерiн қарастырып көрелiк:

1) Қылмыстық жауаптылық адамның жасаған қылмысы үшiн қылмыстық заңның тиiстi бабы санкция белгілеген белгiлi бiр жеке немесе мүлiктiк зардапты шегу мiндетi.

2) Қылмыстық жауаптылық - бiр жағы, мемлекет өзiнiң өкiлеттi органдары арқылы қылмыс жасағандарды қылмыстық жазалар түрiндегi ауыртпалықтар мен мүмкiндiктерiн айыруларды өтеу мiндетiн жүктеу құқығын жүргізе отырып, ал екiншi жағы, құқық бұзушы осы ауыртпалықтар мен мүмкiндiктердi айыруларды өтеу мiндетті орындай дай отырып, қылмыстық, қылмыстық iс жүргiзу жəне еңбекпен түзеу құқықтық қатынастарға түсуi.

3) Қылмыстық жауаптылық қылмыстық заңның талаптарына негiзделген, қоғамға қауiптi əрекетке жəне жасаған адамға мемлекет атынан сотпен берiлетiн баға.

Қылмыстық жауаптылық қылмыс жасаған үшiн кiнəлi адамды соттаумен байланысты туындайтын жағдайда құқықтық салдар.

Кез келген құқықтық жауаптылық сияқты қылмыстық жауаптылықтың өзiне тəн ерекшелiктерi бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқықтық қатынастар және қылмыстық жауаптылық
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ескіру мерзіміне байланысты жауаптылықтан босату
Қылмыстық теріс қылық үшін жауаптылық
Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу
Қылмыстық теріс қылық ұғымдары
Қылмыстық жауаптылықтың басқа құқықтық жауаптылықтардан айырмашылығы
Қылмыстық жауаптылық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz