Қылмысқа қатысудың түсiнiгi жəне оның белгiлерi
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ
І ҚЫЛМЫСҚА ОРТАҚ ҚАТЫСУ
1. Қылмысқа қатысудың түсiнiгi жəне оның белгiлерi
2.Қылмысқа қатысушылардың түрлерi
3. Қылмысқа қатысудың нысандары
ІІ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАРЫ
4. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы
5. Қылмысқа жанасушылық
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ОҚУЛЫҚТАР МЕН НОРМАКТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қылмысқа қатысу институты қылмыстық құқық теориясында ең күрделi жəне
маңызды мəселелердiң бiрi болып табылады. Бұл күрделiлiк көптеген
факторларға байланысты түсiндiрiледi. Олардың iшiнде ерекше мəні
болатындары - қатысушылықты құрайтын адамдар шеңберiн анықтау,
қатысушылардың жауаптылығы ерекшелiктерiн жəне қылмыстық құқықтағы
қатысушылыққа қатысты көптеген теориялық жəне заңна концепцияларды зерттеу.
Қылмыстық əрекет адамның кез келген əрекетi сияқты жалғыз жасалуы немесе
бiр топ адам болып жасырылуы мүмкiн. Əрине, бiр адамның жасаған қылмысына
қарағанда бiр топ адамның жасаған қылмыс қоғамға қауiптiлiк сипаты мен
дəрежесi өзгешiлiгiмен сипатталады. Қылмысқа қатысушылықтың түсiнiгi туралы
норма ҚР ҚК-ң 27- бабында қарастырылған: екi немесе одан адамның қасақана
қылмыс жасауға қасақана бiрлесiп қатысуы қылмысқа қатысу деп таныладың
анықтамадан көрiп отырғанымыздай, қылмысқа қатысу тек бiр қылмысқа кемiнде
екi адам қатысқан реті танылады. Жалпы алғанда бiрнеше адамның жасаған
қылмысының қоғамға қауiптiлiгi бiр адамның қылмысының қауiптiлiк дəрежесiне
қарағанда едəуiр жоғары болатыны белгiлi. Себебi, бiрнеше адамның қылмыс
жасау күштерiн бiрiктiруi ойластырылған қылмыстық ниеттi ұтымды жүзеге
асыруды жеңiлдетеді

Қолсұғушылық обьектiсiне ауыр зиян келтiруге жəне қылмыс жасаудың жетiк
амал-тəсiлдерiн қолдануға мүмдік бередi. Ондай қылмысты ашуда қиындық
тудырады. Қылмыстық əрекеттiң ерекше нысанын құрай отырып, қылмысқа
қатысушылық бiрқатар обьективтiк және субьективтiк белгiлермен сипатталады
немесе кейде оларды сандық жəне сапалық белгiлер деп те атайды.
Қылмысқа қатысушылықтың обьективтiк белгiлерiне мыналар жатады:
а). Қылмысқа кемiнде екi немесе одан да көп адамның қатысуы,
б). Қылмысқа қатысушылардың əрекеттерiнiң бiрлескен түрде болуы немесе
бұл əрекеттердiң бiр-бiрiмен байланыста болуы. Бiрiншi обьективтiк белгi
бойынша қылмысты қатысушылықпен жасалған деп тану үшiн қылмысқа кемiнде есi
дұрыс жəне қылмыстық жауаптылық жасына толған адамның қатысуы қажет.
Қылмыстық жауаптылыққа қабiлетсiз, яғни есi дұрыс емес немесе қылмыстық
жауаптылық жасына жеке адаммен бiрлесiп қылмыс жасау қылмысқа қатысушылықты
құрамайды. Мысалы, егер ересек адам 10 жасөспiрiмдi пəтер тонауға
пайдаланса, мұнда жауаптылыққа қылмыстық орындаушысы ретiнде тек адам ғана
тартылады, ал жасөспiрiм қылмыстың құралына айналады. Қылмысқа қатысудың
екiншi обьективтiк белгiсi қатысушылардың арасындағы бiрлестiктiң болуын
бiлдіреді. Бұл бiрлестiк белгiсi қылмыс жасаудың басталу кезеңiнен соңғы
кезеңiне дейiн түгел орын алады. Бiр белгiсi мына элементтерден құралады:
а). Əрбiр қылмысқа қатысушының əрекетi басқа қатысушылардың əрекет
жасауының қажеттi шарты болып табылады. Яғни, бiрiнiң белгiлi бiр əрекеттi
жасауы екiншiлерiнiң нақты бiр əрекеттердi жүзеге асыруына болады,
б). Қылмыстан келген қоғамға қауiптi зардап не қылмыстың жасалу оқиғасы
əр қатысушының əрекеттігі себептi байланыста болады;
в). Қылмыстың нəтижесi, зардабы барлық қатысушыға ортақ болады.
Жоғарыда аталған бiрлестiк белгiсiн құрайтын элементтердiң iшiнде себептi
байланыс ұғымының ерекше мәні бар. Себебi, егер қылмыстың зардабы немесе
қылмыстың жасалу оқиғасы қылмысқа қатысушылық əрекеттерiмен себептi
байланыста болмаса, онда себептi байланыста əрекет жасамаған адамға
қылмыстық жауаптылық туындамайды. Қылмысқа қатысушылықтағы себептi
байланысты, қылмысты жасау оқиға мынадай тұстарында, бiрiншi - қылмысқа
қатысушылардың арасындағы байланыста, екiншi - қылмысқа қатысты əрбiр адам
əрекетiнiң қылмыстың зардабымен себептi байланыста болуын анықтау қажет.
Қылмысқа қатысушылықтың обьективтiк белгiлерi қылмысқа қатысушылардың iшкi
ойын немесе психикалық бағытын бiлдiретiн субьективтiк белгiлермен тығыз
байланысты. Қылмысқа қатысушылықтың субьективтiк белгiлерiне мыналар
кiредi:
а). Қатысушылардың қылмыс жасауға қасақана бiрiгуi,
б). Тек қасақана қылмыстарды жасауға бiрiгуi.
Белгiлi бiр қылмысты жасауға қасақана бiрiгу деген əрбiр қылмысқа
қатысушы өз iс - əрекетiнiң жəне қатысушылардың iс-əрекетiнiң қоғамға
қауiптi екендiгiн ұғынатындығын, сонымен бiрге бiрлескен əрекетінен
туындайтын қылмыстық зардаптың болатынын алдын ала бiлуi жəне зардаптың
болуын тiлеуi немесе оған жол беруiн бiлдiредi. Сонда қылмысқа
қатысушылықтың субьективтiк жағы тiкелей немесе жанама түрдегi
қасақаналықпен сипатталады деген сөз.1
Бiрлесiп əрекет еткен адамдардың қылмыстарындағы психикалық қатынасты
табу олардың қылмысқа қатысу үлесiн, қатысушының жауаптылығын жекешелеуге
көмегiн тигiзедi. Қылмысқа қатысушылардың қасақана əрекет етуi, олардың
қылмыстың жасалуына деген ой – ниет бiрлестiгiн бiлдiретiн бiрден – бiр
себеп табылады.
Субьективтi белгiлердiң екiншiсi - қылмысқа қатысу тек қасақана
қылмыстарда ғана орын алады дегенді бiлдiредi. Қылмыстық жауаптылық туралы
заң абайсыз жасалған қылмыстарда қатысушылықтың орын алмайтындығын айтады,
себебi бұл жағдайларда бiрнеше субьектiлер бiр қылмыстық нəтижеге қол
жеткiзу өздерiнiң ерiктi күштерiн бiрiктiрмейдi. Сонымен бiрге, егер адам
басқа адаммен бiрiгiп қылмыс жасап жатқандығын ұғынбаса, бiрақ оны ұғынуға
тиiс жəне ұғынуға мүмкiндiгi болса, бұл жағдайда да қатысушылар орын
алмайды.
2.Қылмысқа қатысушылардың түрлерi
Қылмыс бір адам арқылы немесе бірнеше адамдар арқылы бірлесіп жасалуы
мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде қылмыстың мәні мен
оның зардабының мөлшері жеке дара адам істеген қылмысқа қарағанда едәуір
өзгереді және мұндайда қылмыс істегені үшін жауапты болатын адамдардың
санын тура анықтау қажеттігі туындайды.
Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізі мен шегін, олардың
әрқайсысының бірлесіп қылмыс істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай
салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін анықтаудың
маңызы зор. Қылмысқа қатысу институты ғана осы мәселені анықтауға толық
мүмкіндік туғызады.
Қылмысқа қатысуда іс-әрекет пен қылмыстың зардабының өзара байланысының
жеке адамның істеген қылмысына қарағанда өзгешелігі бар. Қылмысқа қатысуда
қылмыстың зардабы мен орындаушылардың немесе бірге орындаушылардың іс-
әреекттері ғана байланысты болады. Айдап салушы, көмектесуші, кейде
ұйымдастырушы тікелей зиян келтіруге қатыспайды. Олар тек қана қылмыстың
зардаьының тууына себепкер болады. Мұндай себепші болу қылмысты тікелей
орындаушыға оның қылмыс істеуге деген шешімін қоздыру арқылы жүзеге
асырылады. Субъективтік жағынан алғанда қылмысқа қатысу барлық
қатысушылардың қылмысты қасақана істегенін білдіреді.
Бұл жерде екі немесе одан да көп адамдардың қасақана қылмыс жасауға
қасақана қатысуы ұйымдастырушының, көмектесушінің, азғырушының,
орындаушының істейтін қылмысының мәнісінен хабардар болатындығы және
олардың өз іс-әрекеттерімен орындаушыға қылмыс істеуге мүмкіндік туғызатыны
немесе соған түрткі болатыны туралы сөз болып отыр.
ҚР қылмыстық заңы қатысып жасалатын қылмыстарды жасау кезiнде атқаратын
əрекеттердiң сипатын орындайтын рөлдерiн ескерiп қылмысқа қатысушылардың
мынандай түрлерiн қарастырады:
1). Қылмыстың орындаушысы,
2). Қылмыстың ұйымдастырушысы;
3). Қылмысқа айдап салушы;
4).Қылмыстың көмектесушiсi.
Қылмыстың орындаушысына ҚК 28-бабының 2-бөлiгiнде мынадай анықтама
берiлген: қылмысты жасау тiкелей немесе оны жасауға басқа адамдармен бiрге
қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есiнiң дұрыс емес немесе қылмыстық заңда
көзделген өзге де мəн-жайларға байланысты қылмыстық жауаптылыққа тартуға
болмайтын басқа да адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам
орындаушы деп танылады. Сонымен мынадай үш жағдайда қылмыс жасаған адамды
қылмыстың орындаушысы деп тануға болады:
1). Қылмысты жасауға тiкелей қатысқан адам, яғни белгiлi бiр қылмыстың
обьективтiк жағын тiкелей өзi немесе iшiнара орындаған есi дұрыс жəне
қылмыстық жауаптылық жасына толған адам орындаушы болып танылады. Мысалы,
алдын ала сөз байласқан адамдар тобында С. деген азамат адам өлтiру
қылмыытың обьективтiк жағын құрайтын əрекеттердi жалғыз өзi орындаса.
2). Қылмысты жасауға басқа адамдармен бiрге қатысқан адам орындаушы деп
танылады. Бiр қылмысты немесе одан да көп орындаушы болса оны қоса атқарушы
деп атайды. Қоса орындаушылықта орындаушы деп танылған адамдардың
əрекеттерi техникалық жағынан əртүрлi, бiрақ қылмыстың обьективтiк жағын
толық құрайтын заңдық əрекеттерi бiркелкi болуы керек. Егер заң бойынша
қылмыс құрамы тек арнаулы субьект орындауы мүмкiн болса, онда қоса
орындаушы ретiнде тек арнаулы субьектiлер танылуы қажет. Мысалы қылмыстарға
қызметтiк, əскери жəне т.б қылмыстарды жатқызуға болады. Бұндай қылмысқа
қатысушы тұлғалар айдап салушы немесе көмектесушiлер ретiнде қарастырылуы
тиiс. Қоса орындаушылықпен жасаған қылмыстарда орындаушы деп танылған
субьектiлердiң жауаптылығы ҚК Ерекше бөлiмiнiң нақты бiр қылмыспен
қарастырған бiр бабымен сараланады.
3). Жасына, есiнiң дұрыс еместiгiне немесе қылмыстық заңда көзделген
өзге де мəн–жайларға байланысты қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайтын
басқа да адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған арнайы орындаушы деп
танылады. Қылмыстық құқық теориясында мұндай орындаушылықты бiреу арнайы
орындаушылық деп атайды. Қылмыстың орындалу тəсiлiне қарай бiреу арқылы
орындаушылық əр жолдармен жасалады. Өзiнiң қылмыстық мақсатына қол жеткiзу
үшiн жоғары да аталған жауаптылыққа қабілетті не қарсы тұруға дəрменсiз
адамдарды пайдаланып қылмыс жасаған адамдардың қоғамға қауiптiлiгi ж
болуымен сипатталады, себебi олардың əрекетi қылмыстық заңмен
қорғалатын екi бiрдей қатынасты бағытталған.
Субьективтiк жағы бойынша қылмыстың орындаушысы деп тануға негiз
беретiн кез келген əрекет тiкелей немесе жанама қасақаналығымен
сипатталады. Орындаушы өзi iс-əрекетiнiң басқа қатысушылары бiрге жасаған
iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптiлiк сипатын ұғынады, өз əрекетiне қатысты не
ортақ қылмыстық зардаптың болатынын жəне болмай қоймайтынын алдын ала
бiледi жəне сол зардап тың тууын тiлейдi немесе тiлемесе де саналы түрде
оған жол бередi.2
Сонымен, қылмыстың орындаушысы қатысушылықпен жасалатын кез келген
қылмыстың мiндеттi қатысушы тұлғасы. Басқа қатысушысыз қылмыс жасалуы
мүмкiн, ал орындаушысыз қылмыс жасалмайды. Сонымен қатар қатысушылықпен
жасалған қылмыстың аяқталу деңгейi де осы орындаушының əрекеттерiмен
анықталады.
Орындаушы қылмысты ақырына дейiн жеткiзбесе, басқа қатысушылардың
əрекетi аяқталмаған қылмыс ретінде сараланады.
Қылмыстың ұйымдастырушысы – бұл:
1). Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен
адам,
2). Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты құрған
адам;
3). Ұйымдасқан қылмыстық топқа немесе қылмыстық қауымдастыққа басшылық
еткен адам.
Қылмыстың ұйымдастырушысы қылмысқа қатысушылардың iшiнде ең қауiптiсi,
өйткенi ол қылмыс жасауды тудырушы, жасалатын қылмыстың түрiн, жасалу
орнын, уақытын, тəсiлiн жəне зардаптың мөлшерiн белгілі тұлға болып
есептеледi.
Қылмыстың ұйымдастырушысы қылмыстың жасалуына басқа адамдарды тартып,
ұйымдасқан топты, қылмыстық қауымдастықты құру немесе оларға қатысушыларға
жетекшiлiк жасай отырып, қылмыстың басты сатыларынан аяғына дейiн басқару
əрекеттерiн жасайды. Жоғарыда аталғандай, ұйымдастырушының негiзiнен үш
əрекет: басқарудан, топты құрудан жəне топқа жетекшiлiк етуден құралады. Өз
қыымысын ұйымдастырушы жеке немесе басқалармен бiрге қоса орындаушы ретiнде
жүзеге асыруы мүмкiн. Егер тұлға ұйымдастырушының қызметiн атқарса, онда ол
қылмыс құрамын орындауға тiкелей қатыспайды. Мысалы, адамды жалдау арқылы
қылмыс жасау кезiнде оның əрекетi ҚК Жалпы бөлiмi нормаларының негізінде
жауаптылықты көздейдi. Егер тұлға бiр уақытта ұйымдастырушылықпен бiрге
қылмыстың орындаушысы болып табылса, онда оның жауаптылығы ҚК Ерекше
бөлiмiнiң нормаларымен анықталады.
Қылмыстың орындаушысына қарағанда ұйымдастырушы тек тiкелей
қасақаналықпен ғана əрекет
Ұйымдастырушы деп танылған тұлға өз iс-əрекеттерiнiң қоғамға қауiптi
екендiгiн ұғынады, сол iс-əрекет нəтижесiнде қандай да бiр қоғамға қауiптi
зардаптардың болатынын жəне болмай қоймайтындығын алдын-ала бiледi жəне сол
зардаптардың тууын тiлейдi.
Сонымен, ұйымдастырушының қызметi қылмысқа қатысушылардың барлық
жиынтық əрекеттерiн бiрiктіреді. Ол өзi ұйымдастырған барлық қылмыстар үшiн
жауаптылыққа тартылады. Қылмысқа айдап салушы деп басқа адамды азғыру,
сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де қылмыс жасауға көндiрген адам
танылады. Айдап салушы қылмыс жасауға өзi тiкелей қатыспайтын қылмысқа
интеллектуалды қатысушысы болып танылады. Оның мiндетi басқа адамды қылмыс
жасауға азғыру мақсатында сол адамның санасы мен еркiне əсер ету. Егер
айдап салушы қылмыс жасауға өзi тiкелей қатысса, ондай қылмыстың қоса
орындаушысы деп танылып, оның алдыңғы айдап салуға бағытталған əрекеттерi
жауаптылықты ауырлататын жағдайлар ретiнде ескерiледi.3
Адамға əсер етудiң түрлi тəсiлдерi мен əдiстерiн қолдана отырып, айдап
салушы екiншi адамды адастыруға керiсiнше, оның санасында қылмыс жасау
туралы шешiмдi қалыптастыруға ұмтылады. Егер адам екiншiадамға жалған
мəлiметтер беру арқылы оны алдап не адастырып қылмысқа тартса, онда бұл
айдап салу əрекетi басқа бiреу арқылы қылмыс жасау ретiнде қарастырылады.
Айдап салу қылмыс жасауға басқа адамды қылмыстың қатысушысы ретiнде
тартуды бiлдiредi жəне қылмыс сипатын ұғынуға қабiлеттi адамға қатысты
жасалады. Көрiну нысанына қарай айдап салу сөздермен, қимылдармен, жазбаша
белгiлермен жасалады жəне мiндеттi түрде нақты адамға қатысты болуы тиiстi.
Айдап салушының əрекетi барлық уақытта қасақаналық ниетпен жасалады.
Айдап салушы нақты бiр арнайы қылмыс жасауға азғырып жатқандығын ұғынады
жəне орындаушының əрекеттерiнiң нəтижесiнде қоғамға қауіпті зардаптардың
болатынын алдын ала бiледi. Айдап салушы əрекетiнiң ерiктiлiк кезеңi
көбiнесе орындаушының əрекеттерi нəтижесiнде туындайтын қоғамға қауiптi
зардаптарды тiлеуiмен, ал жеке жағдайларда зардаптардың тууына саналы түрде
жол берiп немқұрайлы қарауымен сипатталады.
Қылмысқа қатысушылардың дербес бiр түрi – көмектесушi. ҚР ҚК-ң 28-
бабының 5-бөлiгiнде қылмысқа көмектесушiсiне мынадай анықтама берiлген:
кеңестерiмен, нұсқауларымен, ақпарат берумен қылмыс жасайтын қару немесе
құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергiлердi жоюымен қылмыстың
жасалуына жəрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскердi, қаруды немесе қылмыс
жасаудың өзге құралдарын, қылмысты қылмыстық жолмен табылған заттарды
жасыруға күнi бұрын уəде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып
алуға немесе өткiзуге күнi бұрын уəде берген адам көмектесушi деп танылады.
Қылмысқа көмектесушiнiң заңдық анықтамасында қылмыс жасауға көмек
беретiн əдiстер мен құралдар жасау айтылған. Бұл əдiстер мен құралдар
физикалық (материалдық) жəне интеллектуалдық (психикалық) түрде қатысуы
мүмкiн.
Осы ерекшелiктi ескерiп көмектесушiлiктi 2 түрге бөледi:
1)Физикалық көмектесушiлiк;
2)Интеллектуалды көмектесушiлiк.
Физикалық көмектесушiлiкке орындаушыға қылмыстың обьективтiк жағын
орындауға ықпал ететiн əрекет жатады. Мұндай əрекеттер ретiнде орындаушыға
қылмыс жасауға қажеттi құралдарды жеткiзу жəне қылмыс жасауға кедергiлердi
жоюмен байланысты əрекеттердi тануға болады. Егер орындаушы физикалық
көмектесушiнiң көмектерiн қолданбаса, онда көмектесушi адам оның əрекетi
мен жасалған қылмыс арасында себептi байланыстың болмауы себептi қылмыстың
қатысушысы деп танылмайды. Интеллектуалдық көмектесушiлiк орындаушыда
қылмысты жасау шешiмiн бекiту мақсатында оның санасының еркiне психикалық
əсер етумен сипатталады.
Көмектесушiлiктiң интеллектуалдық тəсiлдерiне мыналар жатады:
а)Кеңестер беру, яғни қылмысты жасау механизмiн тиiмдi əрi қауiпсiз
жүзеге асыру бойынша ұсыныстар б
б)Нұсқаулар беру – нақты жағдайда қалай əрекет ету керектiгi туралы
орындаушыға бағыт беру;
в)Ақпараттар беру – орындаушы үшiн маңызды болып табылатын жаңа
мəлiметтердi жеткiзiп отыру;
г)Қылмыскердi, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың
iзiн не қылмыстық жолы болып табылған заттарды жасыруға күнi бұрын уəде
беру;
д)Осындай заттарды сатып алуға немесе өткiзуге күнi бұрын уəде беру.
Интеллектуалдық көмектесушiлiктiң соңғы екi нысанынан ҚР ҚК 363-бабы
Қылмысты жасыруң жəне ҚК бабы Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi
сатып алу немесе сатуң қылмыстарын ажырата бiлу керек. Бұл қылмыстарда
кiнəлi белгiлi бiр əрекеттердi жасауға күнi бұрын уəде бермейдi.
Интеллектуалды көмектесушiден қылмысқа айдап салушыны да ажырата бiлу
қажет. Айдап салушының əрекетi екiншi адамның қылмыс жасау ниетiн тудыруға
бағытталса, ал көмектесудiң аталған түрiнде орындаушыда пайда болған одан
əрi нығайтуға бағытталады.
Субьективтiк жағынан қылмысқа қатысушылардың басқа түрлерi сияқты
көмектесушiнiң əрекеттерi де тек қасақаналық түрiмен жасалады.
Қылмысқа қатысу тек қасақана істелетін қылмыстарда ғана болады.
Абайсыздықпен істелетін қылмыстарда қатысу мүмкін емес.
Қылмысқа қатысуда барлық қатысушылар іс-әрекеттерін қасақана, оның
ішінде тек қана тікелей қасақаналылықпен жасайды. Бұл жерде қылмысты
істеуді тілеу бірнеше адамдарды қылмыстық әрекеттерге біріктіреді. Кейбір
жағдайларда қылмысқа қатысу нақтыланбаған тікелей қасақаналылықпен де болуы
мүмкін.
Л және Н деген азаматтар төбелеске бірге қатысып, қарсыластарының
біреуіне екеуі де пышақ салған. Нәтижесінде бір адам ауыр жарақаттанған.
Бұлардың әрекеттерін халық соты нақтыланбаған тікелей қасақаналылықпен
істелген іс-әрекет деп танып, оларды Қылмыстық кодекстің 103-бабының 3-
бөлімі бойынша саралаған. Себебі олар пышақ жұмсаудан кез келген ауыр
зардаптың немесе кісі өлімінің болуы мүмкіндігіне саналы түрде жол берген.
Қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының ниетінің мазмұнына орындаушының
істейтін қылмысының зияндылығының мәнісін сезу, сондай-ақ сол адамның
қылмысты жалғыз өзі емес, басқалардың әреекттерімен бірге жасайтын мән-
жайларды сезінуі шарт.
Қылмысты ұйымдастырушы, қылмысқа көмектесуші немесе айдап салушы
қылмысты орындаушының қылмысты істеуіне жағдай жасайтынын сезінуі керек.
Ал қылмысты орындаушы болса, ол қылмысқа басқа қатысушылардың өзіне
қылмысқа дайындалғанына немесе жасауына жәрдем жасағанынан әр уақытта да
хабардар болады. Оның үстіне, қылмысты орындаушылардың арасында бірлесіп
қылмыс жасауға деген келісім болады, мұның өзі барлық қылмысқа
қатысушылардың өз әреекттерінің келісушілікпен жүзеге асырылатындығын және
мұның қылмыстық іс-әрекеттің тиімді түрде іске асатындығын көрсетеді.
Қылмысқа қатысу – барлық қатысушылардың бірыңғай қылмыстық нәтижеге
жетуі үшін бағытталған ортақ қылмыстық ниетінің болуын білдіреді.
Қатысушылардың мінез-құлқының, ниеті мен мақсатының бір-біріне сай келуі
де, келмеуі де мүмкін. Мысалы, кісі өлтіруге қатысушылардың біреуі
қызғаныштан, екіншісі кек алу үшін, басқасы пайда табу мақсатында жасауы
мүмкін.4
Қылмысқа қатысудағы басты шарт – барлық қатысушылар қылмысты
орындаушының істейтін қылмысының мәнін сезе отырып, әртүрлі ниетпен соның
болуын тілеп, қылмысты іске асыру үшін өздерінің қылмыстық әрекеттерін
біріктіреді.
Қылмысқа қатысудың нысандары мен түрлері туралы мәселені анықтау
қылмысқа қатысушылардың субъективтік байланыстарының сипаты мен дәрежесіне,
олардың әрекеттерінің өзара келісушілігінің дәрежесіне, қатысушылардың
өзара объективтік байланыстарының мәніне, қылмысқа қатысушылардың өзара
әрекеттестігінің тәсіліне және қылмыс құрамдарының құрылу ерекшеліктеріне
байланысты шешіледі. Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерінің келісушілік
дәрежесіне байланысты қылмысқа қатысу екі түрлі нысанға алдын ала келіспей
қылмысқа қатысу және алдын ала келісіп қылмысқа қатысуға бөлінеді. Бұл
нысандар Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде әртүрлі көрініс тапқан. Бұлар
алдын ала келісіп қылмысқа жай қатысу, ұйымдасқан топ болып және қылмысты
бірлестік арқылы қылмысқа қатысу болып көрсетілген.
Тар мағынадағы қатысушылықта орындаушы қылмыс істеуге ұйымдастырушының;
айдап салушының немесе көмектесушінің қатысуын білмеуі де мүмкін. Ал қоса
орындаушылықта қлымысқа қатысушылардың барлығының бір-бірінің өзара
әрекеттері туралы хабардар болуы және қатысушылардың қылмысты бірге тікелей
істейтінін білуі керек.
Егер ондай болмаса, адам қылмысты жеке істеген болып саналып, оны
орындаушы өзінің істеген іс-әрекетінің шеңберінде ғана жауапты болады. Тар
мағынадағы қылмысқа қатысушылыққа тән белгілердің бірі қылмысқа
қатысушылардың өзара рольдерді бөлісуі болып табылады. Қылмысқа қатысудың
бұл түрі бойынша қылмыстың объективтік жағының белгілерін тікелей орындаушы
ғана жүзеге асырады, ал ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесуші
болса орындаушының атқаратын осы іс-әрекеті туралы хабардар болады.
Қылмысқа қатысудың нысаны мен түрін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды,
олар кейде қабаттасып кетуі де мүмкін. Мысалы, көп жағдайларда
ұйымдастырушы және көмектесуші басқа қатысушылармен бірге тікелей қылмыстың
объективтік жағының тұтастай белгілерін немесе оның бір бөлігін орындауға
қатысуы мүмкін. Мұндай реттерде қылмысқа алдын ала келісіп қатысу (қатысу
нысаны) қоса орындаушының және тар мағынасы қылмысқа қатысушылық
(қатысушылардың түрлері) көріністерінің қабаттасуы орын алады. Қылмысқа
қатысу нысаны мен түрлерін дұрыс анықтау қылмысты саралуға және жазаны
даралау мәселесін шешуге әсер етеді. Қылмысқа қатысудың нысаны мен түрін
белгілеу бірлесіп істеген қылмыстық іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің
сипаты мен дәрежесін анықтауға және қылмысқа қатысушылардың әрекеті мен
келісушілігінің дәрежесін есепке алуға мүмкіндік береді. Қатысушылардың
өзара байланысы тығыз болса, олардың әрекеттері ұйымдасқан сипатта болады.
Мұның өзі олардың істеген қылмысының қауіптірек болатынын көрсетеді.5
Қылмыстық кодексің 31-бабында қылмысқа қатысудың бірнеше нысаны: топ
болып қылмыс жасау, бір топ адамның алдын ала келісу, ұйымдасқан топ және
қылмысты бірлестік арқылы жасауы деп көрсетілген. Осы аталған бапта
қылмысты іс-әрекетті істеудің келісушілігінің дәрежесіне сәйкес қылмысқа
қатысудың нысандары бөлек көрсетілгенмен, іс жүзінде қатысушылардың өзара
қылмыс істеуге деген алдын ала келіспеушілігінің болғанына немесе
болмағанына байланысты қылмысқа қатысу нысаны төмендегідей бірнеше түрге
бөлінеді.
Алдын ала келіспей қылмысқа қатысу (31-баптың 1-бөлімі). Мұндай ретте
қылмыс топ арқылы келіспей, қоса орындаушылық түрінде қылмысқа қатысушылар
арасында келіспеушілік қылмыс істегенге дейінгі уақытта орын алмаған
жағдайда істеледі. Бұл жағдайда қылмыстық топқа қатысушылардың келісуі
қылмыс істеу барысында қылмыстың объективтік жағының белгілерін орындауға
кіріскен уақыттан бастап жүзеге асады. Алдын ала келіспей топ болып қылмыс
істеу көп жағдайда төбелеске қатысып кісі өлтіруге, денеге жарақат салуда,
әйел зорлауда жиі кездеседі.
3. Қылмысқа қатысудың нысандары
Қылмысқа қатысудың нысанын белгiлеу бiрлескен қылмыстық əрекеттiң
қоғамға қауiптiлiк дəрежесiн көрсетуге мүмкiндiк бередi.
Қылмысқа қатысушылардың өзара əрекет жасау тəсiлдерiне жəне олардың
əрекеттерiнiң келiсушiлiк дəрежесiне қарай, қылмысқа қатысудың мынадай
нысандары бар:
• жай қатысу (алдын-ала сөз байласпаған адамдар тобы),
• күрделi қатысу (алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы);
• ұйымдасқан топ;
• қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым).
Жай қатысу (алдын-ала сөз байласпаған адамдар тобы) объективтiк жақтың
шегiнен тыс қылмыстық рөлдердiң бөлiнуiнiң болмауымен, ол тек рөлдердiң
техникалық- ұйымдастырушылық бөлiнуiнiң орын алуымен сипатталады. Бұл жерде
заңдық мəнi бар рөлдердiң орындаушыға, ұйымдастырушыға, айдапсалушыға,
көмектесушiге бөлiнуi болмайды. Əрбiр қатысушы қылмыстың объективтi жағын
əр түрлi мөлшерде атқарса да, қылмыстың тiкелей орындаушысы болып табылады.
Жай қатысудың тағы бiр ерекшелiгi əрбiр қатысушының жасаған əрекеттерiнiң
орны мен уақытының бiр мезгiлде болуы. 6
Күрделi қатысу (алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы) болып, алдын-ала
сөз байласып, келiскен
қылмысты бiрлесiп жасау туралы күнi бұрын уағдаласқан екi адамнан кем
емес қатысушылары бар адамдар тобымен жасалған қылмыс танылады. Күрделi
қатысу заңи мəнi бар, рольдердiң қатысушылар арасында жеке орындаушыға,
ұйымдастырушыға, айдап салушыға, көмектесушiге бөлiнуiмен сипатталады.
Қылмысқа қатысушылар нысаны бойынша əр түрлi əрекеттердi жасайды. Бұл
əрекеттердiң нысаны ғана емес, сонымен бiрге қылмыстың жасалу орны мен
уақыты да сəйкес келмейдi. Қылмыс құрамын құрайтын əрекеттердi орындаушы
тiкелей жасайды, ал қалған қатысушылар ұйымдастырушы, айдап салушы жəне
көмектесушi рольдерiн атқарады. Қылмысты бiрлесiп iстеуде рольдердiң əр
түрлi байланысы болуы мүмкiн: бiр жағдайларда орындаушыдан басқа айдап
салушы жəне көмектесушi, ал тағы бiр жағдайларда орындаушы мен көмектесушi
жəне т.б. болады. Орындаушының əрекеттерi жасаған қылмысты қарастыратын бап
бойынша сараланады. Басқа қатысушылардың əрекеттерi де осы бап бойынша
сараланады, бiрақ ҚР Қылмыстық кодексiнiң 28-бабына сiлтеме жасалынады.
Ұйымдасқан топ - қылмысқа қатысудың бiр нысаны болып табылады. Егер
қылмысты бiр немесе бiрнеше қылмыс жасау үшiн күнi бұрын бiрiккен
адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп
танылады. Алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы мен ұйымдасқан топ арасында
ұқсастықтармен қатар айтарлықтай айырмашылықтар да бар. Ұқсастығы болып екi
нысанның да алдын-ала сөз байласу арқылы пайда болуы табылады. Алдын-ала
сөз байласқан адамдар тобының ұйымдасушылық дəрежесi аз болады, олар негiзi
алдын-ала келiсу арқылы көрiнiс табады. Ұйымдасқан топтың мiндеттi белгiсi
болып тұрақтылығы, яғни қылмыстық əрекеттi жалғастыру, бiрнеше қылмысты
жасау, ал кейбiр кезде ауырлығымен ерекшеленетiн қылмысты жасау мақсатында
бiрнеше адамдардың бiрлесуi табылады.
Ұйымдасқан топтың қатысушылары тұрақты қылмыстық қатынасқа,
ұйымдастырушылық мезеттерге ие болады: басшылықтың бар болуы, қылмыс
iстеудiң жоспарын құруы, конъюнктурамен танысуы, қатысушыларды жинауы,
рольдердi бөлуi жəне т.б.
Қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) – даму деңгейi жағынан жоғары
ұйымдасқан қылмыстық құрылым болып табылады. Олар ұйымдасқан қылмыстың ең
қауiптi нысаны болып табылады. Қылмыстық сыбайластықтың қоғамға қауiптiлiк
дəрежесiнiң жоғарылығы бiрнеше адамның қылмыс жасауымен, олардың
рольдерiнiң бөлiнуiмен ғана емес, сонымен бiрге қылмысқа қатысушылардың
арасында тұрақтылықтың, ұйымдасушылықтың жəне тығыз топтасқандықпен ұзақ
қатынастың болуымен сипатталады. Қылмыстық сыбайластық ауыр жəне аса ауыр
қылмыстар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz