Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- -
----------------

ІІ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ: ЖҮЙЕСІ, ҚҰРЫЛЫМЫ--------------------------- -

2.1 Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні-----------------------------

2.2 Қылмыстық заңның құрылымы--------------------------- ------------------
-
2.3 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші------------------------------- -----

ІІІ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ БОЙЫНША ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАР----

3.1 Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру------------------------------- -
3.2 Қылмыстық заңның мезгілдегі күші------------------------------- -----
3.3 қылмыстық заңды түсіндіру-------------------------- -------------------
-

ІV. ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- -----------------------------------
-----

V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- ------------------

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған
елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі
жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы
іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да
дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері
дамушылық көрінісі айқын.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз
демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады.
Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық
саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдық
қатынастардың реттеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға
бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Заң талаптарың құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге асыру
әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде
құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды
міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да
жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды
жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан
айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды
жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық -
нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру
міндеттері түр.
Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасына ғылыми негізде зерттеу, орын
алған қылмысты құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын мән -
жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің бір
болып саналады.
Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы
түсініктері кеңінен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыстың құрамының
түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым
болып табылады. Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың
нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында
жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап,
көрсетеді. Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді
деп жоғарыда атап өттік. Бірақ әрбір қылмыс құрамында барлық кылмыстардың
құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни
кез келген қылмыстар құрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілер бар.
Қылмыстық құқық теориясы әрбір қылмыста болатын төрт түрлі міндетті
элементтерді: қылмыстың объектісін, қылмыстың объективтік және субъективтік
жақтарын, субъектісін атап көрсетеді.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
⎫ қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі — қылмыстық заң туралы
ілім болып табылатынын анықтау;
⎫ қылмыстық заң дегеніміз — Қазақстан Республикасының Парламенті
қабылдаған нормативтік құқықтық акт екендігіне сипаттама беру;
⎫ қылмыстық заңның міндеттері — бейбітшілікті және адамзаттың
қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен
қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол
сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылатындығын зерттеу
болып табылады.
Қылмыстық заң жазалау қатерімен тынып салу арқылы адамның жеке басына,
қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін
тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады.
Қылмыстық заң — қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі. Сот үкімі,
ұйғарымы немесе қаулымы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың тек нақты
қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.
Қылмыстық заңның ережелері міндетті болып табылады. Оларды орындау немесе
сақтау лауазымды адамдардың сондай-ақ барлық азаматтардың міндеті.
Қылмыстық Заңның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс
жасаған адамдарға қатысты қолданылуы ҚК-тің 7-бабымен анықталуы: "Қазақстан
Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан
Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған
мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте
сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған
адамдарды соттау кезінде жазаны аумағында қылмыс жасаған мемлекеттін
заңында көзделген санкцияның жоғары шегінен асыруға болмайды. Азаматтығы
жоқ адамдар да осындай негіздерде жауапты болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Берілген Қылмыстық заң:құрылымы, жүйесі
курстық жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттерден тұрады.

IІ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ: ЖҮЙЕСІ, ҚҰРЫЛЫМЫ
Жалпы заң дегенiмiз құқықтық нормалардан құралған жəне заң шығарушы орган
қабылдаған нормативтi акт. Ал қылмыстық құқық нормаларынан құралған
нормативтi актiлердiң жүйесi қылмыстық заң деп аталады. Яғни, қылмыстық
құқықтың маңызды көрiнiсi жəне қылмыстық құқықтың бiрден бiр қайнар көзi
болып қылмыстық заң табылады.
Қылмыстық заң - қылмыстық жауаптылықтың негiзi мен принциптерiн
бекiтетiн, қоғамға қауiптi əрекеттердiң қайсысы қылмыс болып табылатындығын
жəне оларды жасағаны үшiн қандай жазалар қарастырылатынын анықтайтын,
сонымен бiрге қандай жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан
босату мүмкiн екендiгiн белгiлейтiн заңдық нормалардан құралған мемлекеттiк
билiктiң өкiлеттi органы қабылдаған нормативтi акт. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 61- бабының 1-тармағына сəйкес заң шығару, оның iшiнде
қылмыстық заң шығару бастамасы құқығы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
депутаттарына, Республика Үкiметiне берiледi жəне тек ғана Мəжiлiсте жүзеге
асырылады. Осы ереженi басшылыққа алып ҚР Парламентi 1997 жылдың 16-
шiлдесiнде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiн қабылдап, ол 1998
жылдың 1 қаңтарында заңды күшiне ендi. Осы қабылданған Қазақстан
Республикасының Қылмыстық Кодексiнiң 1-бабының 1- бөлiгiнде, Қазақстан
Республикасының Қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының
Қылмыстық Кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар
оларды осы Кодекске енгiзгеннен кейiн ғана қолданылуы тиiс деп айтылған.
Яғни, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексi барлық қылмыстық
заңдардың жиынтығы болып табылады.
Қылмыстық заңға мына белгiлер тəн:
- Қылмыстық заң (ҚР Конституциясымен реттелген тəртiп бойынша)
мемлекеттiк билiктiң жоғары органдарымен қабылданады (заңды қабылдау
процедурасы).
- Қылмыстық заңның жоғары заңдық күшi бар. Яғни,
а) бiрде бiр органның бұл заңды өзгертуге немесе жоюға құқығы жоқ;
б) барлық өзге нормативтiк актiлер заңға қайшы келмеуi тиiс;
в) өзге нормативтiк актiлерге қайшы келген жағдайда қылмыстық заң
артықшылықты иемденедi.
- Қылмыстық заңның келесi белгiсi – оның нормативтiлiгi. Қылмыстық заң
өзiнiң қолданылу мерзiмi iшiнде адамдардың жалпыға мiндеттi мiнез құлқын,
тəртiбiн реттейдi.
- Өзге заңдардан ерекшелiгi қылмыстық заң тек қана қылмыстық құқық
саласына жатады жəне қылмыстық құқықтың бiрден бiр жалғыз қайнар көзi болып
табылады.
Қылмыстық құқық теориясында осы құқық саласының қайнар көзiн екiге
бөледi: формальды жəне материалды. Қылмыстық құқықтың формальды жəне жалғыз
қайнар көзi болып қылмыстық заң табылса, материалдық қайнар көздерiне
мемлекеттiк билiктi, ҚР Конституциясын, жалпыға белгiлi халықаралық
құқықтың нормалары мен принциптерiн жатқызады.
Қылмыстық заңның мiндеттерi қылмыстық құқықтың мiндеттерi сияқты өз
дамуының түрлi сатыларында қоғам мен мемлекет алдында тұрған əлеуметтiк-
экономикалық мəселелерден шығып қалыптасады. Бұл мiндеттер көбiнесе
қылмыстылықтың жағдайы мен деңгейiне, елдегi заңдылық пен құқықтық
тəртiптiң қамтамасыз етiлу қажеттiлiктерiне байланысты туындайды. ҚР ҚК-нiң
2-бабының 1-бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң
мiндеттерi көрсетiлген. Қылмыстық құқықтық қорғаудың басымдықтары
халықаралық тəжiрибеге жəне адам, оның өмiрi мен денсаулығын, ар намысы -
қадыр қасиетiн, қол сұғылмаушылығы мен қауiпсiздiгiн – жоғары əлеуметтiк
құндылық деп танитын Конституцияға негiзделген. Қылмыстық-құқықтық
қорғаудың бұрынғы басымдықтары ең алдымен мемлекеттiң, қоғамдық мүдденiң,
содан кейiн жеке адам, оның мүдделерiн қорғаудан шыққан едi.
Қылмыстық заңның мiндеттерi оны қалыптастыру кезеңiнде немесе мемлекеттiң
қылмыстық саясаты өзгерген кезде нақтыланып, толықтырылуы мүмкiн,
мемлекеттiң қылмыстық саясатының негiзгi мазмұны қылмыстық заңды қолдану
мiндеттерiн анықтау жəне заңды қылмыстылықтың деңгейi мен жағдайына
сəйкестендiрумен түсiндiрiледi. Көрiп отырғанымыздай, қылмыстық заң алдына
екi үлкен мiндет қояды.
Бiрiншi мiндет – адамды, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн, сонымен бiрге
адамзат пен бейбiтшiлiктi қорғау мақсатында қылмыстылықпен қылмыстық -
құқықтық күрес жүргiзу.
Екiншi мiндет - қылмыстардың алдын алу. Ол жалпы жəне жеке (арнайы) алдын
алуды қамтиды.
Жоғарыда аталған мiндеттердi шешу үшiн қылмыстық заң қылмыстық
жауаптылықтың негiзi мен принциптерiн анықтап, жеке адам, қоғам немесе
мемлекет үшiн қауiптi қандай əрекеттер қылмыс болып табылатындығын
айқындайды, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық
ықпал ету шараларын белгiлейдi.
Қылмыстық заң жазамен қорқыту арқылы белгiлi бiр қылмыстық əрекеттi
(əрекетсiздiктi) жасауға тиым салады. Сонымен бiрге, ол тиiстi органдар мен
лауазымды адамдарға жасалған əрекетте қылмыс құрамының белгiлерi бар болған
жағдайда кiнəлiлердi қылмыстық жауаптылыққа тарту қажеттiгiн немесе,
керiсiнше, оларды қылмыстық жауаптылықтан босатуға, заңды негiздер болған
жағдайда, оларды қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату туралы
ереженi бекiтедi. Яғни, нақты əрекет үшiн жауаптылықты қарастыратын
қылмыстық-құқықтық нормалар тиымсалушы нормалар болып табылады жəне олар
тəрбиелiк жəне ескертушiлiк мағынаға ие болады.
Қылмыстық жауаптылық туралы заң белгiлi бiр мiндеттердi орындай отырып
өзiнiң функцияларын жүзеге асырады.
Негiзгi функциясы болып қорғаушылық функциясы табылады. Қорғаушылық
функция қол сұғушылық жасау қылмыстық жауаптылыққа əкеп соғатын оъектiлердi
қорғауға бағытталған. Қорғаушылық функциямен қатар қылмыстық заң
реттеушiлiк функцияны атқарады. Яғни, белгiлi бiр мiнез-құлық ережелерiн
бекiте отырып, қылмыс пен жазаға байланысты туындайтын қатынастарды реттеп
отырады. Қылмыстық заң сонымен бiрге ескертушiлiк функцияны жүзеге асырады.
Қылмыстық заңдарды шығару жəне оларды бұқаралық ақпарат құралдары,
насихаттаудың өзге құқықтың нысандары арқылы көпшiлiк халыққа жеткiзу
азаматтардың құқықтық санасына елеулi ықпал етедi. Халық осылайша қандай
əрекеттердi заң шығарушы жеке адам, қоғам мен мемлекет үшiн қауiптi жəне
зиянды деп санайтындығын түсiне алады.
Ескертушiлiк функция моральдық жағынан тұрақсыз адамдарды қылмыс жасаудан
жазамен қорқыту арқылы ұстап тұру рөлiнен де көрiнедi, қылмыстық заңның
тəрбиелiк функциясы осы ескертушiлiк функциясымен тығыз байланысты.
Қылмыстық заңды шығару жəне оны практикада қолдану азаматтардың өз
мемлекетiнiң заңын құрметтеуге, өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң
қорғалуына сенiмдiлiкке, қылмыс жасағандардың қылмыстық жауаптылықтан
құтылмайтындығына сенуге тəрбиелейдi.

2.1 Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты
көздейтiн өзге заңдар оларды осы Кодекске енгiзгеннен кейiн ғана
қолданылуға тиiс.
     Қылмыстық Кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясына және
халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына
негiзделедi.
Қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі — қылмыстық заң туралы ілім
болып табылады.
Қылмыстық заң дегеніміз — Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған
нормативтік құқықтық акт. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың қағидаттары мен
жалпы ережелерін, қандай әрекеттін қылмыс екендігін айқындайды және олар
үшін жаза тағайындауды белгілейді. Қылмыстық заңның міндеттері —
бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты,
қоғамдык тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да
құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып
табылады.
Қылмыстық заң жазалау қатерімен тынып салу арқылы адамның жеке басына,
қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін
тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады.
Қылмыстық заң — қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі. Сот үкімі,
ұйғарымы немесе қаулымы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың тек нақты
қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.1
Қылмыстық заңның ережелері міндетті болып табылады. Оларды орындау немесе
сақтау лауазымды адамдардың сондай-ақ барлық азаматтардың міндеті.
Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықпен күрес қылмыстық құқық
нормаларына сәйкес жүзеге асырылады. Заңды күшіне енген үкім бойынша
тағайындалған қылмыстық жазаның орындалуы қылмыстық-атқару кодексімен
реттеледі. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын,
жауаптылықты немесе жазаны 1. ҚР Қылмыстық кодексіне түсінік – Алматы,2001
жеңiлдететiн немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен
жеңiлдететiн заңның керi күшi болады, яғни осындай заң күшiне енгенге дейiн
тиiстi әрекет жасаған адамдарға, оның iшiнде жазасын өтеп жүрген немесе
жазасын өтеген, бiрақ соттылығы бар адамдарға қолданылады. Егер жаңа
қылмыстық заң адам сол үшiн жазасын өтеп жүрген әрекеттiң жазаланатындығын
жеңiлдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң
санкциясының шегiнде қысқартылуға тиiс. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе
жазаланушылығын белгiлейтiн, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетiн немесе
осы әрекеттi жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның
керi күшi болмайды.
Қылмыстық Кодекс 1997жылы шілде айының 16 жұлдызында қабылданып, ол
1998жылы 1қаңтардан бастап заңды күшіне енді. Аталған Қылмыстық кодекстің 3-
бабында қылмыстық жауаптылықтың негізін былай анықтады: қылмыс жасау, яғни
қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет не
әрекетсіздік қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады.2

2.2 Қылмыстық заңның құрылымы

Қылмыстық заң белгілі бір техникалық ережелерге негізделген заң
шығарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие. Қылмыстық
кодекстің Жалпы уәне Ерекше бөлімдері баптарға бөлінген. Әр бап тиісті
санмен нөмірленген бір немесе бірнеше бөліктерден тұрады және бөліктер
мазмұны мен сипатына және жазалау түріне қарай әр түрлі болып келеді.
Сондықтан, іс жүргізу құжаттарында тек баптың өзін ғана емес, сонымен қатар
оның бөліктерін де ескеру қажет.
Құқықтық норманың құрылымы мынадай үш түрлі элементтен тұрады: гипотеза,
диспозиция және санкция.
Гипотеза қылмыстық заңда негізінен жалпы бөлі мге қатысты. Яғни, құқық
нормалары қолданатын гипотезаны, қылмыстық заңда жалпы бөлім баптары іске
асырады. Мысалы, белгілі бір адам занда көрсетілген жасқа толып, қылмысты
қасақана немесе абайсыздықпен жасаса және қылмыс жасаған сәтінде
жауаптылыққа қабілетті болып танылса, қылмыстық жауаптылыққа тартылуы
мүмкін.
Ерекше бөлім нормаларында баптар, диспозициядан және санкциядан тұрады.
Осы құрылым ішінде басты орынды диспозиция алады. Диспозиция — нақты
қылмыстық қол сұғушылықтың белгілеріне сипаттама береді. Диспозиция өзінін
құрылым ерекшеліктеріне байланысты жай, сипаттамалы, бланкеттік және
сілтемелі болып негізгі төрт түрге бөлінеді:
Жай диспозиция қылмыстық іс-әрекеттін атын ғана атап, оның нақты
белгілерін ашып көрсетпейді. Мысалы, ҚК-тің 125-бабындағы "Адамды ұрлау",
261-бабындағы "Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды
тұтынуға кендіру ", 389-бабындағы "Әскери мүлікті жоғалту".
Сипаттамалы диспозиция деп қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде-ақ,
нақты көрсететін диспозицияны айтамыз: ҚК-тің 175-бабындағы "Ұрлық", 120-
бабындағы "Зорлау ", 237-бабындағы "Бандитизм".
Бланкеттік диспозиция бойынша бапта көрсетілген нақты қылмыс құрамын
анықтау үшін басқа заңдарға немесе нормативтік актілерге, жарлықтар мен
үкімет қаулыларына, бұйрықтар мен ережелерге, нұсқауларға жүгінеді. Бұлар
қылмыстық құқықтың басқа салалармен тығыз байланысты екендігінің айқын
дәлелі. Қылмыстық заңның талаптарын орындау басқа заңдармен не басқа
актілермен де анықталады. Бланкеттік диспозицияның мысалы ретінде мынадай
баптардың диспозициясын
2. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. –
Алматы: Жеті Жарғы,2003
көрсетеміз: ҚК-тің 152-бабы "Еңбекті корғау ережелерін бұзу", ҚК-тің 284-
бабы "Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қазакстан
Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы".
Сілтемелі диспозиция қылмыстың белгілерін қамтымайды, керісіңше қылмыстық
заңның басқа, тиісті бабына немесе оның белгілеу сілтеме жасайды. Мысалы,
ҚК-тің 106-бабындағы "Ұрып соғу", 107-бабындағы "Азаптау", 297-бабындағы
"Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу".
Санкция — ерекше бөлім баптарында белгіленген жазаның түрі мен мөлшерін
анықтайды. Қылмыстық заңның баптарында санкцияның екі түрі қолданылады:
салыстырмалы-айқындалған (относительно-определенные) және балама
(альтернативные).
Салыстырмалы айқындалған санкция жазаның түрін және мөлшерін көрсетеді.
Оны екі негізгі түрге бөлуге болады: жазаның жоғарғы және төменгі шегін
анықтайтын санкция. Алдыңғысының мысалы: ҚК-тің 101-бабының бірінші бөлігі
"Абайсызда кісі өлтіру", 134-бабының бірінші бөлігі"Баланы ауыстыру", және
т. б. баптар бола алады.
Тағайындалған жазаның ең төменгі мөлшері болып жазалаудың ен төменгі шегі
айтылады. Жазаның төменгі шегінің мөлшері егер жаза түрі бас бостандығынан
айыру болса — 6 ай, бас бостандығын шектеу болса — 1 жыл, қамауға — 1 ай,
айыппұлға — Қазақстан Республикасы Зандарымен белгіленген жиырма бес айлық
есептік көрсеткіш болып белгіленеді. Салыстырмалы-айқындалған санкцияның
екінші түрінің мысалына ҚК-тің 162-бабы "Жалдамалылық", 181-бабының екінші
бөлігі "Қорқытып алушылық", 241-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктер" сияқты
баптарының санкцияларын жатқызуға болады.
Балама санкция Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарындағы
жазаның екі немесе одан да көп түрлерінің тек біреуін ғана қолдануға
мүмкіндік береді. Мысалы, жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру үшін
балама жаза болып, бас бостандығын шектеу, қамау немесе бас бостандығынан
айыру тағайындалуы мүмкін (ҚК-тің 98-бабы). Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК-
тің 253-бабы) түзеу жұмыстарына немесе қамауға не бас бостандығынан айыруға
жазаланады. Қылмыстық заңның ерекше бөлімінің баптарындағы диспозицияның
бар болуы немесе санкция түрлерінің бекітілуі мұкият ойластырылған. Оларды
қылмыспен күресуде дұрыс пайдалану, қылмыстық нормаларды қолданудың
нәтижелі болуына мүмкіндік туғызады.3

2.3 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші

Қылмыстық заңның күші белгілі бір аумақ бойынша шектелген. Осыған
байланысты оның күші тарайтын белгілі бір кеңістіктің анықталуы қатаң
мақсатты сипатқа ие. Бұның мәні біріншіден, Қылмыстық кодекстің қылмыстан
қорғау және сактандыру сияқты негізгі міндеттерінің орындалуымен
байланысты; екіншіден, қылмыстық заңның кеңістіктегі күші мәселесінің
заңдылық, азаматтардын, заң мен
сот алдындағы теңдігі немесе қылмыстық жауаптылықпен жазадан
құтылмайтындық сияқты қылмыстық құқық қағидаттарынын іске асырылу
міндеттерімен анықталатындығында; үшіншіден, бұл мәселелерді шешуге әсер
ететін халықаралық құқық нормаларының және тиісті конвенциялардың
болғандығында. Мұнда мемлекеттік шекара, сол сияқты азаматтықтың түсінігін
беретін
3. Ағыбаев Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Жалпы бөлім. – Алматы: Жеті
Жарғы,2001
конституциялық құқықтың нормалары да елеулі роль атқарады. Қылмыстық
заңның кеңістіктегі күші жөніндегі нормаларда жүйелі түрде мынадай екі
қағидат: аумақтық және азаматтық қағидаттар жүзеге асырылады.
ҚК-тің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған
адам ҚР ҚК бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс.
Казақстан Республикасының 1993 жылғы 13 каңтардағы "Қазақстан
Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" заңының 1-бабына сәйкес,
Республика аумағының шегін құрғақ құрлық, су, жер қойнауы және әуе
кеңістігі шегін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша өтетін беткі қабат
құрайды. Мемлекеттік шекара Қазақстан Республикасының Парламентімен
бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен анықталады.
Мемлекеттік шекара былай белгіленеді:
құғақ аумаққа — жер бедерінін сипатты нүктелері және сызықтары жатады;
су аумағына — Қазақстан Республикасының ішкі суларынан басқа, аумақтық
теңіз жағалауындағы теңіз суларының кеністігі жатады;
әуе кеңістігі аумағына — Қазақстан Республикасының құрлық жәненемесе су
аумағы үстіндегі аспан кеңістіктері жатады.
Каспий теңізіндегі ішкі су аумақтарына жататын акватория Қазақстан
Республикасының халықаралық келісімдерімен анықталады.
Қылмыстық заң Республикамыздың құрлықтық шельфінде және ерекше
экономикалық аймағында жасалған қылмыстарға да қолданылады (ҚК-тің 6-
бабының екінші бөлігі).
Шельф — аумаққа тиесілі судың астыңғы (200 м және одан да терең) және
үстіңгі кеңістігі болып табылады.
Қойнау (жер қойнауы) — шаруашылық және басқа да қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін пайдаланылатын құрлық және су аумағындағы кеңістік —
табиғи ортаның бір бөлігі (жер қойнауының астыңғы және үстінгі қабатындағы
пайдалы қазбалар, өнімдер).
ҚК-тің 6-бабының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының портына
тіркелген, Қазақстан Республикасының шегінен тыс ашық су немесе әуе
кеңістігінде жүрген кемеде қылмыс жасаған адам, егер Қазақстан
Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе КР ҚК бойынша
қылмыстық жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының әскери кораблінде
немесе әскери әуе кемесінде қылмыс жасаған адам да оның қай жерде болуына
қарамастан ҚР ҚК бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
Дипломатиялық өкілдермен және иммунитетті пайдаланатын өзге де
азаматтармен қатынасқа түскен сәттен бастап қылмыстық заң, аумақтық
қағидаттарға сүйеніп және соған сәйкес іске асырыла бастайды.
ҚК-тің 6-бабының төртінші бөлігінде шет мемлекеттердің дипломатиялық
өкілдерінің және иммуниттеті пайдаланатын өзге де азаматтардың қылмыстық
жауаптылығы туралы мәселе осы адамдар Қазақстан Республикасының аумағында
қылмыс жасаған жағдайда халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі
делінген.
Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері мен қызметкерлеріне берілген
құқықтар мен артықшылықтардың жиынтығы — дипломатиялық иммунитет деп
аталады.
Дипломатиялық иммунитет мәселелерін реттейтін халықаралық құқықтың
нормалары 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясында
кодификацияланып, бекітілген.
Шет мемлекет өкілдерінің иммунитеті — дипломатиялық өкілдердің тұрғын-
жайларына қол сұғылмаушылықты белгілейді. Дипломатиялық өкілдердің
келісімінсіз олардың тұрғын-жайларына мемлекет тарапынан кіруге болмайды.
Шет мемлекеттін Қазақстан Республикасы аумағында дипломатиялық иммунитетке
ие болған дипломатиялық өкілдері жене басына қол сұғылмаушылықты қолдана
алады, яғни өкілдіктің басшысын қамауға немесе ұстауға, оны сот тәртібімен
қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
Дипломатиялық және консулдар өкілдіктері туралы ережеге сәйкес жеке
басына қол сұғылмайтындығы иммунитегін елші, өкіл, сенімді өкіл және
дипломатиялық өкілдіктіңбасқа да мүшелері: кеңесшілер, сауда өкілі және
оның орынбасары, әскери, әскери-теңіз, әскери-әуе атташелері және олардың
көмекшілері; бірінші, екінші және үшінші хатшылар, архивариус-хатшылар
пайдаланады. Жеке басына қол сұғылмаушылық және қылмыстық жауаптылық
иммунитеті құқығын олардың өздерімен бірге тұратын Қазақстан
Республикасының азаматы болып танылмайтын отбасы мүшелері де пайдаланады.4
Осы негіздерге сәйкес, сондай-ақ еліміздің азаматы болып танылмайтын
әкімшілік-техникалық қызметшілер және олармен бірге тұратын, отбасы
мүшелері болып табылатын адамдар да осындай иммунитетті пайдалана алады.
Бірақ мұндай құқықты тек қызмет барысындағы міндетті атқару кезінде қылмыс
жасаған реттерде ғана пайдалана алады. Әрине, мұндай құқық, дипломатиялық
өкілдіктердің қызметтерінде өз иммунитеттері пайдаланып, заңсыз әрекеттер
жасасын дегенді білдірмейді. Заң осы аталған адамдардың қылмыстық
жауаптылығы дипломатиялық жолмен шешілетіндігін белгілейді.
ҚР Президентінің 1995 ж. 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы шет
ел азаматтарының құқықтық жағдайлары туралы" з. к. б. Жарлығының 28-бабына
сәйкес мұндай адамдар белгілі бір уақыт ішінде Қазақстан Республикасы
аумағынан кетіріледі.
ҚК-тің 6-бабының екінші бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының
аумағында басталған немесе жалғастырылған не аяқталған әрекет Қазақстан
Республикасының аумағында жасалған қылмыс деп танылады. Мысалы, шпионаждық
әрекеттің жасалған орны ҚК-тің 166-бабында қарастырылған әрекеттердің
біреуі болса да жасалған орын болып есептеледі; мемлекеттік құпияны
құрайтын мәлімет Қазақстан аумағында ұрланып, басқа мемлекетке берілген
болса да, кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа Қазакстан Республикасынын
Қылмыстық кодексі бойынша тартылады.
Егер қылмыс істеуге даярланғандық немесе қылмыс істеуге оқталғандық
шекарадан тысқары жерде жүзеге асырылып, біздін елімізде аякталса, қылмыс
Қазақстан Республикасының аумағында жасалған деп танылады. Осы секілді
қылмысқа қатысу, қылмысты ұйымдастыру немесе қылмыс жасауға азғырушылық
әрекеттері үшін де жауаптылық дәл осындай тәртіппен белгіленеді.5 Қылмыстық
занның кеңістіктегі күші аумақтық қағидаттармен ғана шектеліп қоймайды. Ол
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған ҚР
азаматтарына колданылатын азаматтық қағидаттармен де толықтырылады.
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы "Қазақстан
Республикасының азаматтығы туралы" Заңы төмендегілерді орнықтырды: осы Заң
күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын:осы
Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан
Республикасының азаматтары болып табылады". Осы заңның 6-бабына сәйкес
4. Красиков Ю.А., Алакаев А.М. Понятие преступления. Множественность
преступлений. Уголовное право. Курс лекций. Лекции 2-3 М., 1996. 104 б.
5. Бұғыбайқызы Д. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. – Алматы,2003
"Қазақстан Республикасы территориясындағы және оның азаматтары емес
адамдар барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Конституциясында, заңдары мен мемлекетаралық шарттарында
белгіленген барлық міндеттерді атқарады, бұған олардың Қазақстан
Республикасының шарттары мен мемлекетаралық шарттарында белгіленіп алып
тасталғандары қосылмайды".
Қылмыстық Заңның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс
жасаған адамдарға қатысты қолданылуы ҚК-тің 7-бабымен анықталуы: "Қазақстан
Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан
Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған
мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте
сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған
адамдарды соттау кезінде жазаны аумағында қылмыс жасаған мемлекеттін
заңында көзделген санкцияның жоғары шегінен асыруға болмайды. Азаматтығы
жоқ адамдар да осындай негіздерде жауапты болады.
Басқа мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған адамның соттылығының және өзге
де қылмыстық-құқықтық зардаптарының, егер Қазақстан Республикасының
халықаралық шартында өзгеше көзделмесе немесе басқа мемлекеттің аумағында
жасалған қылмыс Қазақстан Республикасының мүдделеріне қатысты болмаса, бұл
адамның Қазақстан Республикасы аумағында жасаған қылмысы үшін қылмыстық
жауаптылығы туралы мәселені шешу үшін қылмыстық-құқықтық мәні болмайды.
Қазақстан Республикасының одан тыс жерлерде орналасқан әскери
бөлімдерінің әскери қызметшілері шет мемлекеттің аумағында жасаған қылмысы
үшін, егер Казақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше
көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған шетелдіктер
қылмысы Қазакстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталған жағдайларда
және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда,
егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының
аумағында қылмыстық жауапқа тартылса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа
тартылуға тиіс".

IІІ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ БОЙЫНША ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАР

3.1 Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру
Басқа мемлекеттiң аумағында қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының
азаматтары, егер халықаралық шартта өзгеше белгiленбесе, ол мемлекетке
ұстап берiлмеуге тиiс. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде
қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер
мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына
сәйкес қылмыстық жауапқа тарту немесе жазасын өтеу үшiн шет мемлекетке
ұстап берiлуi мүмкiн.
Қылмыстық кодекстің 8-бабымен қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру
мәселелері реттелген. Осы бапқа сәйкес басқа мемлекеттің аумағында қылмыс
жасаған Қазақстан Республикасының азаматтарын, егер халықаралық шартта
өзгеше белгіленбесе, сол мемлекетке ұстап беруге болмайды.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде-қылмыс жасаған және
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық
жауапқа тарту немесе жазасын өтеу үшін шет мемлекетке ұстап берілуі мүмкін.
ТМД бойынша қылмыс жасаған адамды ұстап беру немесе қылмыстық құдалауды
жүргізу 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер
бойынша құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы Минск
Конвенциясымен реттеледі. Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Жазаның түсінігі және мақсаттары
Қылмыстық заңның күші
Қылмыстық құқықтың қысқаша сипаттамасы
Қылмыстық заңның түсінігі мен мақсаты
Бұдан бөлек қылмыстық құқықтық нормаларды азаматтарда бұлжытпай заңды сақтау
Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші
Қылмыстық заң: жүйесі, құрылымы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДЫ ТҮСІНДІРУДІҢ ТҮРЛЕРІ
Пәндер