Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының түсiнiгi жəне оның жүйесi мен мiндеттерi



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыстың мазмұны

I Кіріспе бөлімі ----------------------------------- ------------------------
----------------------------------- ------------------

Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының түсiнiгi жəне оның жүйесi мен
мiндеттерi

1. Қылмыстық құқықтың түсiнiгi

2. Қылмыстық құқық пәнінің реттеу әдісі

3. Қылмыстық құқықтың қағидаттары(принциптері)

4. Қылмыстық құқықтың жүйесi жəне оның мiндеттерi

5. Қылмыстық құқық ғылымы

II Қорытынды бөлімі----------------------------------- ----------------------
----------------------------------- ------

III Қолданылған оқулықтар, нормативтік құқықтық актілер----------

КІРІСПЕ
Қазақ халқы өз еңсесiнөркениеттi мемлекеттер қатарына көтере
бастағанына небəрi бiр жиырма жыл дықтай мерзiм өтiптi.
Негiзгi пəндердiң бiрi - Қылмыстық құқық саласында бiр бүтiн (профессор
Ағыбаев Арықбай Нүсiпəлiұлының толық қылмыстық құқықтың Жалпы жəне Ерекше
бөлiмдерi.
Қылмыстық құқық Жалпы бөлiмiнiң барлық тақырыптары жалпы қылмыс
дегеніміз не, оның белнілері, сипаты, құрамы мен санаттары, түрлері;
жазаның ұғымы, оның түрлері мен жүйесі, мақсаты мен қағидаттары.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен
бостандықтарын, қоғам мен мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға
бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен
жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық
қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты
қылмыс істеген адам мен мемлекет арасында пайда болады. Мұндай құқықтық
қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары мен міндеттері
пайда болады. Субъект қылмыс істеуіне байланысты қылмыстық жауапқа және
жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект, әділ сот органдары (сот,
тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен
міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция
орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаны
қолдану немесе қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату сияқты мәселелерді
жүзеге асырады.
Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып тыйым
салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.
Қылмыстық құқық туралы сөз болғанда оның үш түрлі мағынасын ескеруіміз
керек. Қылмыстық құқық – бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және
пән болып табылады. Осы ұғымдардың бәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық құқық
курсы деген түсінікті білдіреді.
Қылмыстық құқық пәнін құқық саласы ретінде қарастырғанда жалпы құқық
теориясына тнә белгілердің, негізгі принциптердің осы құқық саласына да тән
екендігін ескеру керек. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің ерекшеліктерін
белгілейтін және өзін жеке құқық саласы ретінде қарастыруға негіз болатын
өзіндік мазмұн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар құқық саласы болып
табылады.

Құқық саласы ретінде қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған
қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жаза
тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылық пен
жазадан босатуды белгілейтін заң нормаларының жиынтығы болып табылады.

Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының түсiнiгi жəне оның жүйесi
мен мiндеттерi
1.Қылмыстық құқықтың түсiнiгi
Кейбiр еуропа халықтарының тiлдерiнде қылмыстық құқықтың негiзiнде
қандай ой жатырдеген мəселеге байланысты бұл ұғым екi түрлi атауға ие. Егер
ой қылмыс туралы болса, ондаоны criminal law - (ағылшын), droit criminel
–(француз), criminal- recht (немiс), - латынның “crimen” - қыл мыс, яғни
қылмыс туралы құқық деген мағынада, ал егер бiрiн шi орынғақылмысы үшiн
жаза деген ой ығыстырылса, онда оны–penal law, droit penal, strafrecht
–латынның “poena”- жаза, яғни жаза туралы құқық деген мағынада қолданылады.
Көптеген авторлардың айтуынша, қылмыстық заңдар деп “адам басымен”
жауап беретiн, яғни өмiрiмен жауап беретiн заңдар аталады. Мұнда сөз
адамның “басымен” байланысты, орыстың “уголовное” сөзi “голова” сөзiмен
түбiрлес жатуында деп жорамалдайды. Бұл деректер нақты емес. Дей тұрғанмен,
қылмыстық құқықтың ұғымы барлық уақытта заңмен, яғни қылмыстық əрекет үшiн
жазаны анықтаушы заңмен байланыстырылып отырылды.
Кез келген мемлекеттiң құқық жүйесi бiрнеше салалардан: конституциялық
құқық, əкiмшiлiк құқық, азаматтық құқық жəне т.б. құқық салаларынан
тұратыны белгiлi. Осы құқық салаларының iшiнде қылмыстық құқық та бар.
Құқық жүйесiнiң құрамдас бөлiгi бола тұра қылмыстық құқық жалпы құқыққа тəн
барлық белгiлердi (нормативтiлiк, орындау мiндеттiлiгi жəне т.б.) қамтитын
құқық саласы болып табылады. Басқа құқық салаларынан ол ең алдымен пəнiмен,
яғни қоғамдық қатынастарды реттеу шеңберiмен (аясымен) ерекшеленедi.
Логика ғылымына сəйкес “пəн” ұғымы – бұл танымның белгiлi обьектiсi
немесе қабылдауға, атауға, анықтауға болатын нəрселердiң барлығы.
Ал қылмыстық құқықтың пəнi болып не табылады?
2. Қылмыстық құқық пәнінің реттеу әдісі
Қылмыстық құқықтың реттеу пəнi өте кең, оған мемлекеттiк жəне қоғамдық
құрылыс, меншiк, жеке адам жəне оның ар-ожданы, құқықтары мен
бостандықтары, құқықтық тəртiп жəне сонымен бiрге басқа құқық салаларымен
реттелiп қойған қоғамдық қатынастардың шеңберi де кiредi. Қылмыстық
құқықтың реттеу пəнiнiң ерекше белгiсi болып қылмыстың жасалуымен
байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар табылады, яғни қылмыстық құқық
заңмен қорғалатын қатынастарға қауiптi қол сұғушылық жасалу салдарынан
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi. Құқықтық реттеудiң нəтижесiнде
бұл қатынастар қылмыстық-құқықтық қатынастар деген атауға ие болады.
Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық заңдардың міндеттері болып:
1.Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін,
меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен
қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конститиуциялық
құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын
мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау бейбітшілік пен адамзаттың
қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
2. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық
негіздері белгілінеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай
әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жесағаны үшін
жазалары мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді
делінген.
Қылмыстық құқықтық реттеу пəнiн мынадай үш негiзгi қатынастар құрайды.
Оның бiрiншi түрi қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынастар деп
аталады. Бұл қатынас қылмыстың жасалуына байланысты туындайды. Бұл-
қылмыстық заңмен тыйым салын ған қылмыстық əрекеттi жасаған адам мен
мемлекеттiң атынан сот, тергеушi, прокурор, анықтау органдары арасындағы
қатынас. Аталған құқықтық-қатынастың əрбiр субьектiлерi белгiлi бiр
құқықтарды иемденедi жəне оларға жүктелген мiндеттердi атқарады. Яғни
қылмыс жасаған адам қылмыстық заң қылмыс жасаумен байланыстырған қолайсыз
салдарға шыдауға жəне қылмыстық құқықтық нормамен қарастырылған жазаны
өтеуге мiндеттi. Ал екiншi субьект-сот, тергеу, прокуратура, анықтама
органдары бiрiншi субьектiнi сол мiндеттердi орындауға күштеп мəжбүрлеуге
құқылы. Сонымен, қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынастардың пəнi болып
қылмыс оқиғасының орын алуына байланысты пайда болатын қылмыстық
жауаптылық, жаза тағайындау немесе одан босатуды жүзеге асыру табылады.
Қылмыстық құқық пəнiнiң құрамына кiретiн қатынастың екiншi түрi
адамдарды жазамен қорқыту арқылы қылмыс жасаудан сақтандыруға байланысты
қатынастар. Яғни, мемлекет қылмыстық-құқықтық тыйым салу арқылы азаматтарды
қылмыс жасаудан бас тартуға мiндеттейдi жəне қоғамдағы адамдардың тəртiбiн
реттеп отырады. Бұл қатынас ескертушiлiк немесе алдын алушылық қылмыстық
құқықтық қатынас деп аталады. Осы жоғарыдағы қылмыстық құқықтық нормаларды
қамтитын тыйымдардың азаматтарға əсер ету сипаты бойынша, қоғамды шартты
түрде үш топқа бөлу қарастырылған. Оның бiр тобын қылмыстық құқықтық
тиымдарды орнату қажеттiлiгiн тудырмайтын азаматтар құрайды. Олар қылмыстың
басқа адамдардың, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне қарсы құбылыс екенiн
сезiнгендiктен, сонымен бiрге қылмыстың өздерiнiң жақсылық пен жамандық
туралы жеке адамгершiлiк көзқарастарына да қарсы екендiгiн ұғынғандықтан
қылмыс жасамайды. Екiншi топтың мүшелерiн жазаның қорқыту күшi жеткiлiксiз
деп ойлайтын жəне сонда да қылмыстық-құқықтық тыйымдардың болуына
қарамастан қылмыс жасайтын адамдар құрайды. Сондықтан да өте қатал деп
саналатын қылмыстық жазалардың өзi қылмыстық əрекеттердi жасаудан барлық
адамдарды бас тартқыза алмайды. Үшiншi топты, яғни аралықтағың топты
қылмысты дəл сол қылмыстық жазадан сақтанып жасамайтын адамдар құрайды
екен. Сонымен, қылмыстық-құқықтық тиым iс жүзiнде қоғам мүшелерiнiң
барлығын емес тек белгiлi бiр бөлiгiнiң ғана iс-əрекетiн реттейдi.
Қылмыстық құқық пəнiне кiретiн қоғамдық қатынастардың үшiншi түрi-
реттеушiлiк қылмыстық-құқықтық қатынастар деп аталады. Бұл қатынастар
қылмыстық əрекеттi болдырмайтын қажеттi қорғану, мəжбүрлi қажеттiлiк жəне
т.б. жағдайларда қауiптi қол сұғушылықтан қорғау кезiнде келтiрiлген
зияндарға азаматтардың құқықтарын бөлiп бередi. Мысалы, қажеттi қорғануда
өз құқығын жүзеге асырушы жеке адамның, қоғамның немесе мемлекеттiң
мүддесiне қол сұққан екiншi адаммен құқықтық қатынасқа түседi жəне сол
қолсұғушыға зиян келтiре отырып қорғану құқығына ие болады. Екiншi жағынан
қорғанушының iс-əрекетiн заңды деп тануға тек ғана құқыққорғау органдары
өкiлеттi. Əрбiр жағдайда тек сот, прокуратура жəне тергеу органдары ғана
қауiптi қол сұғушылықтан қорғану кезiнде келтiрiлген зиянмен байланысты
оқиғаларды жан-жақты қарауға жəне оны келтiрген зияны үшiн жауаптылықтан
ресми түрде босатуға мiндеттi. Осы жоғарыда аталған қоғамдық қатынастырды
реттеу үшiн арнайы əдiстердi қолдану қажет.
Əдiс дегенiмiз - қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатындағы құқық
саласының ықпал ету шараларының жиынтығы.
Əрбiр қылмыстық құқықтық қатынастардың өзiне тəн əдiстерi бар:
1). Қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынастарға:
- қылмыстық-құқықтық нормалардың санкцияларын қолдану əдiсi,
- қылмыстық жауаптылықтан жəне қылмыстық жазадан босату əдiсi;
- Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолдану əдiстерi жатады.
2). Реттеушiлiк қылмыстық-құқықтық қатынастарға:
- Барлық қоғам мүшелерiне жеке адамға, қоғам мен мемле кетке
келтiрiлген қауiптi əрекеттермен белсендi күресу құқықтарын бөлiп беру.
Мысалы, қажеттi қорғану құқығы.
3). Ескертушiлiк қылмыстық-құқықтық қатынастарға:
- қылмыстық-құқықтық тиым салуды орнату əдiсi жатады.
Сонымен, қылмыстық құқық - бұл қандай əрекеттердiң қылмыс болып
табылатынын жəне қандай жазалар мен басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету
шаралары осы қылмыс жасаған адамға тағайындалатынын, сонымен бiрге
қылмыстық жауаптылықтың негiзi мен қылмыстық жауаптылық пен жазадан
босатудың негiздерiн белгiлейтiн құқық нормаларын бiрiктiрген құқықтың бiр
ерекше саласы.

3. Қылмыстық құқықтың қағидаттары(принциптері)
Қылмыстық құқық өзінің алға қойған қорғаушылық, сақтандырушылық және
тәрбиелік міндеттерін тек қана белгілі бір қылмыстық-құқықтық принциптерді
сақтау арқылы ғана жүзеге асыра алады.
Қылмыстық-құқықтық принциптер – заң шығарушыға, ғылымға, құық қорғау
және қолдану органдары мен азаматтарға қылмыспен қарсы күрес жүргізу
саласындағы қажетті, негізгі және міндетті ережелердің көрінісі болып
табылады. Заңдылық қағидасы Парламент немесе Президент қабылдаған қылмыстық
заңның құқық қолдану тәжірибесінде де, заң нормаларын қабылдау саласында
да, сөз жоқ, үстемдік ету арқылы көрініс табады. Бұл көрініс бірнеше
құқықтық талаптардың жиынтығынан құралады. Оның біріншісі – Республика
Қылмыстық кодексінің халықаралық қылмыстық құқытың жұрт таныған принциптері
мен нормаларын басшылыққа алуы болып табылады.
Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді (ҚК-тің 9-
бабы 1-бөлігі). Адамның ойы, пиғылы, дүние танымы, көзқарасы Конституциялық
нормаға қаншалықты қайшы келсе де ол белгілі бір нақты іс-әрекетпен
ұштаспаса қылмыс ретінде қаралуға тиіс емес. Қоғамға қауіпті, қылмыстық
заңға қайшы, кінәлі іс-әрекеттер заң шығарушы орган арқылы қылмыс деп
табылады. Қылмыс пен жаза туралы мәселелер қылмыстық заңдарда тікелей
көрсетіледі және оларға тиісінше заңдық анықтамалар беріледі. Қылмыстық
заңда арнайы көрсетілмеген реттерде адамның іс-әрекеті қылмысқа жатпайды.
Қылмыс жоқ жерде жаза да болмайды.
Қылмыстық құқықтың екінші бір қағидасы – азаматтардың заң алдындағы
теңдігі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының
1-тармағында – заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең деп аталған. Қылмыс
жасаған адам оның тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына,
нәсіліне, ұлтына, саяси сеніміне, жынысына, біліміне, тіліне, дінге
қатысына, кәсібінің түрі мен сипатына, сондай-ақ тұрғылықты жеріне және
басқа да жағдайларына қарамастан жауаптылыққа тартылады. Азаматтардың
қылмыстық заң алдындағы теңдігі істеген қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа
және жазаға тартылуы болып табылады. Бұл жерде заң алдындағы теңдікті бір
түрлі қылмыс істеген кінәлі адамдардың барлығына бірдей етіп жаза
тағайындау деп түсінбеу керек. Жаза кінәлі қылмысының ауырлығы мен түріне,
оның жеке басының қасиеттеріне, жауаптылықты ауырлататын немесе
жеңілдететін мән-жайларға байланысты дараланып тағайындалады. Қылмыс
істеген адам тек қана қылмыстық заңда көрсетілген негідзерге сәйкес
қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылуы мүмкін. Жасы кәмелетке
толмағандар және жүкті немесе емшекте жас балалары бар әйелдерге, кәрі
адамдарға қылмыс істеген басқа субъекттерге қарағанда ізгілік қағидасы
басшылыққа алына отырып, жеңілдеу жаза тағайындалуы мүмкін.
Қылмыстық құқықтың үшінші бір қағидасы – жауаптылықтан құтылмайтындық
қағидасы. Бұл қағида бойынша әрбір кез келген адам лауазымдық және басқа да
жағдайларға қарамастан, өзі істеген қылмысы үшін сөзсіз міндетті түрде
жауапты болады. Яғни қолымен істеген қылмыстық мойнымен көтереді. Бұл үшін
қылмыстық құқықтық жауаптылықты белгілейтін заң нормалары тайға таңба
басқандай анық түсінікті болуы керек. Сөйтіп ол істелген қылмыс үшін нақты
жауаптылықты анықтауы керек. Жауаптылықтан құтылмайтындық қағидасының
жүзеге асырылуы үшін бұл өте қажет.
Қылмыстық заңның төртінші принципі – жеке жауаптылығы қағидасы болып
табылады. Адам өзінің кінәсі анықталған жағдайда ғана қоғамға қауіпті
әрекеттер (әрекетсіздік) және бағытталған қауіпті зардаптар үшін ғана
қылмыстық жауапқа тартылады. Бұл принципке сәйкес адам өзінің жеке істеген
немесе қылмысқа бірлесіп қатысуы арқылы істеген қылмысы үшін сол адамның
өзі дербес, жеке жауапты болады.
Қылмыстық құқықтың бесінші принципі кінәлі жауаптылық принципі болып
табылады. Бұл қағиданың мәні сол, кінәсіз қылмыс та болмайды дегенді
білдіреді. Қылмыстық жауаптылықта оны істеген адамның іс-әрекетінде кінә
болған жағдайда ғана, яғни қылмыс істеген адамның өзінің іс-әрекетіне
қасақаналық немесе абайсыздық түрде білдірген саналы, психикалық қатынасы
жатады.
Кінәнің түсінігі Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің арнаулы баптарында
берілген (19,20,21,22-баптар).
Қылмыстық құқықтың алтыншы принципі әділеттік принципі болып тыбылады.
Бұл принциптің мәні сол қылмыстық жауапқа және жазаға іс-әрекетінде қылмыс
құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек. Негізсіз, дәлелсіз
қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Бұл қағиданың жүзеге асырылуы үшін
ең алдымен қылмыстық заңның өзінің әділ болуы және істеген қылмысы үшін сот
тағайындаған жазаның және қылмыстық-құқық ықпал ететін өзге шаралары соған
сай әділ болуы керек.
Әділеттік принципі бойынша бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап
қылмыстық жауапқа және жазаға тартуға болмайды (3-бап).
Қылмыстық құқықтағы ізгілік принципі – қылмыстық заңды бұзған адамдарға
да қолданылады. Қылмыстық жазаның мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына
келтіру, сондай-ақ сотталғандарды түзеу болып табылады. Жаза тән азабын
шектіруді немесе адамның адамгершілік намысына тиіп, қадір-қасиетін қорлау
мақсатын көздемейді. Жаза жүйелерінің көпшілігі сотталған адамды бас
бостандығынан айырмайтын жаза түрлерінен құралған. Ату түріндегі өлім
жазасы заңда көрсетілген реттерде ерекше ауыр қылмыстар үшін ғана
қолданылады. Қылмыстық заң ізгілік қағидасын басшылыққа ала отырып,
қылмысты он сегіз жасқа толмай істеген адамдарға, сондай-ақ әйелдерге және
үкімі шығатын сәтте 65-ке толған еркектерге ату жазасы тағайындалмайды.
Ізгілік принципі жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл жаза
түрімен ауыстыру (71-бап), шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату (65-бап), жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны
өтуін кейінге қалдыруы (72-бап), ауруға шалдығуына байланысты жазадын
босату (73-бап), шартты түрде соттаудың күшін жою (64-бап) , рақымшылық
немесе кешірім жасау актісі (76-бап) арқылы да жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Қылмыстық іс жүргізу құқығы
Қазақстан Республикасының қылмыстық - атқару құқығы
Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар
«Қылмыстық атқару-құқығы» пәнінен лекциялар
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Мамандықтың пәндер каталогы
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Студенттерге арналған оқу құралы
Қылмыстық құқықтың түсінігі. .Қылмыстық құқықтың принциптері(қағидалары)
Пәндер