Мәмiленiң жазбаша түрi



Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыстың мазмұны

I Кіріспе бөлімі ----------------------------------- ----------------------
----------------------------------- --------------

Мәміленің жалпы сипаты мен түсінігі
1.2. Мәмiле ұғымы, түрлері мен белгілері -----------------------------------
-------------------------
1.3. Шартпен жасалған мәмiлелер ----------------------------------- ---------
----------------------------
1.4. Мәмiленiң нысаны ----------------------------------- -------------------
-----------------------------------

Жазбаша мәмілелер ----------------------------------- -----------------------
---------------------------------
2.1. Мәмiленiң жазбаша түрi ----------------------------------- -------------
---------------------------------
2.2. Мәмiленiң жазбаша түрiн сақтамау салдары ------------------------------
--------------------

Мәміленің растылығы, оны мемлекеттік тіркеу----------------------------- ----
-------------
3.1.Мәмiленi нотариаттың куәландыруы ----------------------------------- ----
-----------------------
3.2. Мәмілелерді тіркеу -------------------- -------------------------------
----------------------------------- ---

4. Биржалық мәмiлелер ----------------------------------- -------------------
--------------------------------

5. Жарамсыз мәмілелер ----------------------------------- -------------------
---------------------------------
5.1.Жарамсыз мәмiлелер мен жарамсыздықтың салдары --------------------------
-------------
5.2.Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтiн мәмiленiң жарамсыздығы --------
---
5.3.Мәмiлелер жарамсыздығының негiздерi ----------------------------------- -
------------------------

6. Жалған немесе қулықпен жасалған мәмiлелер -------------------------------
---------------

II Қорытынды бөлімі----------------------------------- ----------------------
---------------------------------

III Қолданылған оқулықтар, нормативтік құқықтық актілер------------------

I Кіріспе бөлімі
Мәмілелер біржақты және екі немесе көпжақты болыу мүмкін. Заңдарға
немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік
білдіруі қажет. Біржақты мәміле, мәміле жасаған адамдарға міндеттер
жүктейді. Ол басқа адамдарға заң құжаттарында белгіленген не сол
адамдармен келісім болған реттерде ғана мндеттер жүктей алады.
Егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы
белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінгі қалдыратын шартпен
жасалады деп есептелінеді.
Егер тараптар құқықтар мен міндеттемелердің толықтырылуын басталу-
басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күші
жойылатын шартпен жасалды деп саналады. Егер шарттың басталуы тиімсіз
болатын тарап шарттың басталуыне теріс пиғылмен ықпал етсе, шарт
басталмаған деп саналады. Мәмілелер нысаны. Мәмілелер ауызша не жазбаша
нысанда жасалады (жай және нотариалдық). Жетон, билет немесе әдеттегідей
қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда
өзгеше көзделмесе ауызша түрде жасалған болып табылады.
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімімен мәллім жасауға
ерік білдіру деп танылады.
Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәмілелер, егер
заңға қайшы келмесе, тараптардың келісімі бойынша жасалуы мүмкін.
Жарамсыз мәмілелер және жарамсыздықтың түрлері. Азаматтық құқық
теориясында мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінеді:
1. зат құрамының ақауы болатын мәміле;
2. ерікке қатысты ақауы бар мәміле;
3. нысананың ақауы бар мәміле;
4. мазмұнның ақауы бар мәміле.
Мазмұны заң талаптарына сай келмейтін, құқықтық тәртіп негізінде,
немесе адамгершілікке көрнеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле –
жарамсыз болады.
Қажетті лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшінің біткеннен
кейіін жасалған мәміле де – жарамсыз.
Әрекет қабілеттілігі болғанмен, мәміле жасаған кезде өз әрекеттерінің
мәнін түсіне алмайтын немесе өзінің не істегенін білмейтін жағдайда болған
азамат жасасқан мәмілені сот сол азаматтың талабы бойынша, ал егер тірі
кезінде талап етуге азаматтың мүмкіндігі болмаса, азамат қайтыс болғаннан
кейін басқа мүдделі адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

1.2.Мәмiле ұғымы, түрлері мен белгілері
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн
белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп
танылады. Мәмiлелер бiржақты және екi немесе көпжақты (шарттар) болуы
мүмкiн. Заңдарға немесе тараптардың келiсiмiне сәйкес жасалуы үшiн бiр
тараптың ерiк бiлдiруi қажет және жеткiлiктi болатын мәмiле бiржақты мәмiле
деп есептеледi. Шарт жасасу үшiн екi тараптың (екiжақты мәмiле) не үш
немесе одан да көп тараптың (көпжақты мәмiле) келiсiлген ерiк бiлдiруi
қажет. Бiржақты мәмiле мәмiле жасаған адамға мiндеттер жүктейдi. Ол басқа
адамдарға заң құжаттарында белгiленген не сол адамдармен келiсiм болған
реттерде ғана мiндеттер жүктей алады. Бiржақты мәмiлелерге тиiсiнше
мiндеттемелер туралы және шарттар туралы жалпы ережелер қолданылады,
өйткенi бұл заңдарға, мәмiленiң табиғаты мен мәнiне қайшы келмейдi.
Азаматтық заңнамаға орай мәмілелер:
1) біржақты және екі немесе көпжақты;
2) ақылы және ақысыз;
3) нақты және консенсуалдық;
4) казуалды және абстракциялы;
5) шартпен жасалған;
6) биржалық болып ерекшеленеді.
Мәміленің жазбаша түрі:
Мынадай мәмілелер:
- егер мәмілелердің жекеклеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы
көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан
туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа,
кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын;
- мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз
есептік көрсеткіш жоғары сомаға;
- заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде
жазбаша түрде жасауға тиіс.
Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзі жасаған тараптар қол қойған
құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, немесе субъектілерді немесе
олардың еркі білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмас, егер
заңдарда немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде
жасалған мәмілеге теңестіріледі.
Мәміленің нысана мазмұнына және қатысушыларына сондай-ақ, оларға ерік
білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі
адамдардың, тиісті мемелекет орындарының, не прокурордың талабы бойынша
мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Біржақты мәміле дегеніміз – заңдарға немесе тараптардың келісіміне
сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті
болатын мәміле. Бір жақты мәміленің жиі кездесетін түрі - өсиет. Әдетте,
біржақты мәмілелер тым көп бола бермейді. Азаматтық айналым көбінесе өзара
мәмілелерден құралады.
Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір-
біріне бір нәрсе керек болса, бұл ақылы мәміле болып табылады. Ал бір тарап
екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәре бермей бірнәрсені ұсынуды
міндетіне алған мәміле ақысыз болып есептеледі.
Консенсуалды мәмілелер – келісімге келген сәттен бастап азаматтардың
құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер. Нақты мәмілені анықтау үшін
келісімнің бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыруы қажет.
Мәмілелерді азамат құқықтану ілімінде казуалдық және абстракциялық деп
те бөледі. Әрбр мәміле жақтардың алға қойған мақсатына орай құқықтық негіз
бен мақсатты еншіленеді. Бірақта бір жағдайда мәміленің жарамдығы оның
негізінде байланысты болса, екінші жағдайда оған байланысты болмайды.
Шартпен жасалған мәмілелер қандай да бір нәрсеге тәуелді болып келеді
ондай жағдай болуы да, болмауы да мүмкін. Мәселен, егер тараптар құқықтар
мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты
етіп қойса, мәміле кейін күш қойылатын шартпен жасалды деп есептелінеді.
Азаматтық құқықта биржалық мәмілелер қаралған. Биржада айналысқа
жіберілген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа мүлікке қатысты құқықтар
мен міндеттерді өзара беру тур келісімдері биржаға қатысушылар тауар, қор
және басқа биржалар туралы заңдарда және биржа жарлығында белгіленген
тәртіп бойынша жасасады.
Мәмілеге мынадай белгілер тән: 1. тұлғаның(тұлғалардың) ерік білдіруі;
2.рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет; 3.қандай да бір
заңды құқық жасауға бағытталған; мәміле әрқашан құқықтық салдарды туғызады.

1.3.Шартпен жасалған мәмiлелер
1. Егер тараптар құқықтар мен мiндеттердiң туындауын басталу-басталмауы
белгiсiз мән-жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiнге қалдырылатын
шартпен жасалды деп есептеледi.
2. Егер тараптар құқықтар мен мiндеттемелердiң тоқтатылуын басталу-
басталмауы белгiсiз мән-жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiн күшi
жойылатын шартпен жасалды деп есептеледi.
3. Егер шарттың басталуы тиiмсiз болатын тарап шарттың басталуына терiс
пиғылмен кедергi жасаса, шарт басталды деп танылады.
Егер шарттың басталуы тиiмдi болатын тарап шарттың басталуына терiс
пиғылмен ықпал етсе, шарт басталмаған деп танылады.

1.4.Мәмiленiң нысаны
Мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе
нотариалдық). Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не
нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап
айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы
мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын
көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Жетон, билет немесе
әдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi арқылы расталған мәмiле,
егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады.
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде
мәмiле жасауға ерiк бiлдiру деп танылады. Жазбаша түрде жасалған шартты
орындау үшiн жасалған мәмiлелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың
келiсiмi бойынша ауызша жасалуы мүмкiн.

Жазбаша мәмілелер
2.1. Мәмiленiң жазбаша түрi
Мынадай мәмiлелер:
1) егер мәмiлелердiң жекелеген түрлерi үшiн заңдарда өзгеше арнайы
көзделмесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан
туындамаса, мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа,
кәсiпкерлiк қызмет үрдiсiнде жүзеге асырылатын;
2) мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, жүз
есептiк көрсеткiш жоғары сомаға;
3) заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген өзге де реттерде
жазбаша түрде жасалуға тиiс.
Егер iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан өзгеше туындамаса,
жазбаша түрде жасалған мәмiлеге тараптар немесе олардың өкiлдерi қол қоюға
тиiс. Егер заңдарға немесе мәмiлеге қатысушылардың бiрiнiң талаптарына
қайшы келмесе, мәмiле жасау кезiнде қол қоюдың факсимилелiк көшiрме,
электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға жол берiледi. Екiжақты
мәмiлелер әрқайсысына өзiн жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу
арқылы жасалуы мүмкiн. Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс,
электрондық құжаттар немесе субъектiлердi және олардың ерiк бiлдiруiнiң
мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе
тараптардың келiсiмiмен өзгеше белгiленбесе, жазбаша түрде жасалған
мәмiлеге теңестiрiледi. Заңдармен және тараптардың келiсiмiмен қосымша
талаптар белгiленуi мүмкiн, оларға мәмiле нысаны, атап айтқанда,
белгiленген нысанды бланкiге жазу, мөрмен бекiту сәйкес келуге және оларда
осы тараптарды орындамау салдары көзделуге тиiс.
Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан
өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша мәмiлеге басқа азамат қол қоя
алады. Соңғысының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат
немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам,
мәмiле жасаушының өзi қол қоя алмаған себептердi көрсете отырып,
куәландыруға тиiс. Жазбаша түрде жасалған мәмiленi орындаған тарап екiншi
тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы. Мәмiлелердi
жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсiпкерлiк мәмiленi
орындаған тараптың да осындай құқығы бар.

2.2.Мәмiленiң жазбаша түрiн сақтамау салдары
Мәмiленiң жай жазбаша түрiн сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкелiп
соқтырмайды, бiрақ дау туған жағдайда тараптарды мәмiленiң жасалғанын,
мазмұнын немесе орындалуын куәгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады.
Алайда тараптар мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша
немесе өзге, куәгерлiк айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы. Заң
құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiнде тiкелей көрсетiлген реттерде
мәмiленiң жай жазбаша түрiн сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкелiп
соқтырады. Сыртқы экономикалық мәмiленiң жай жазбаша түрiн сақтамау
мәмiленiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәміленің белгілерін қарастыру
Мәміле - азаматтық құқық субъектілерінің ерікті актісі
Мәмілелер
Мәміленің нысаны және түрлері
Жарамсыз мәміленің ұғымы
Мәміле туралы ұғым
Мәміле ұғымы, нысаны және түрлері
Жарамсыз мәмілелер түсінігі
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы мәмілеге байланысты мәселелер
Мәміле түсінігі
Пәндер