Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы «Ана» тақырыбы



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы «Ана» тақырыбы ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.2 Ғ. Мүсірепов романындағы Ұлпан бейнесінің көрінуі ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3 Ғабит Мүсіреповтің сөз шеберлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ІҮ. Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Тақырыптың өзектілігі. Әрбір үлкен жазушы өзінің көркем шығармаларында ғана емес, сонымен қатар туған әдебиет жайын ойлай отыра атқарған өзге істерінде де, әдебиеттің жаңа, жас күштерін тәрбиелеуге, халықтың рухани қазынасының дәреже-деңгейін көтере беруге азаматтық борыш сезімімен келіп ат салысу бағытында да ерекше үлкен болуға тиіс.
Қазақ әдебиетінің негізін қаласқан көрнекті бір топ аға жазушыларымыздың халық алдындағы, әдебиет алдындағы, қоғам алдындағы сіңірген ерен еңбектерін сүйсіне айтқанда, біз әрдайым осындай сан-саладан жылғалап келіп тоғысар мол жемісін жинақтап еске аламыз.
Қазіргі қазақ әдебиеті ордасының алғаш іргетасы қаланып, шаңырағы көтерілгенде, оның басы-қасында болған, сол кездегі жас қайраты мен тұнық тілегін біржола соған арнап, одан бергі жемісті ұзақ жылдарын бір соның жолына іркусіз жұмсаған – қадірменді жазушымыз Ғабит Мүсірепов. Ғабит Мүсірепов –проза жанрының шебері. Ғ. Мүсірепов роман жазу үстінде тынымсыз құбылған көңіл-күй үстіндегі адамдарды, олардың тұңғиық рухани дүниесін, сырлы құпиясын суреттеуде үлкен шеберлікке қол жеткізген. Жазушы шығармашылығынан орын алатын роман жанрындағы туындылары өмірдің шындығы мен қазақ жері тарихының тереңіне сүңги білген зергер ұста соққан бұйым секілді әсер береді. Роман жанрының мақсатының өзі – көрген мен білгенді, өмірде бар мәліметтерді тізбектеп немесе шаруашылық түсіндірме жасау құралы емес екені мәлім.
Романда кейіпкер тілі мен автор тілін ажырата білу маңызды мәселе. Кейіпкер тілі оның әлеуметтік затынан, ішкі жан-дүниесінің психикалық қалыптасуынан бөлінбейді. Кейіпкердің ішкі жан-дүниесін, оның өмірге деген көзқарасын очеркші оның қандай да бір іске, өзге адамдармен қарым-қатынасы, өмір құбылыстарына саясат, ғылым мен жалпы өнерге деген қатынасы арқылы көрінуі мүмкін.
1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 576 б.
2. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Санат, 2003. – 528 б.
3. Мүсірепов мұрасы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Петропавл, 20-21 наурыз, 2002. – 120-124 бб.
4. Нарымбетов Ә. Очерк жанрының шебері //Октябрь туы, 22 қыркүйек. 1971, 8-9 бб.
5. Әшірбекова Г. Ғабит пен Асқардың әдеби-шығармашылық достығы //Ғ. Мүсіреповтің көркемдік әлемі. Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 260 б.
6. Ержанова Г. Ғабит Мүсірепов және әдебиеттану ғылымы мен өнері. Көкейкесті әдебиеттану. – Астана: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2002. – 352 б.
7. Мүсірепов Ғ. Таңдамалы. 3 томдық. – Алматы: Жазушы, 1980. – 590 б.
8. Қаратаев А. Ғабит Мүсірепов және Абайтану мәселесі //Ғ. Мүсірепов мұрасы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Петропавл: 20-21 наурыз. 2002. – 98-б.
9. Шындалиева М. Қазақ очеркінің қисындық мәселелері. Көкейкесті әдебиеттану. – Астана: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2002. – 352 б.
10. Майлин Б. Ел сыры. – Алматы: Жазушы, 1994. – 256 б.
11. Мұстафин Ғ. 5 томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1984. – 546 б.
12. Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы. 8 том. – Алматы: Жазушы, 1981. – 458 б.
13. Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. – Алматы: Жібек жолы, 2005. – 512 б.
14. Жұмабеков С. Ғ. Мүсірепов. – Алматы: Мектеп, 1989. – 44-б.
15. Ысқақұлы Д. Көркем сөз – жанның сәулесі //Ғ. Мүсірепов мұрасы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Петропавл: 20-21 наурыз. 2002. 52-53 бб.
16. Ысмағұлов Ж. Ғабит Мүсірепов туралы тоғыз толғам. – Алматы: Қазақстан, 2002. – 254 б.
17. Шындалиева М. Ғабит Мүсірепов очерктеріндегі бейне жасау шеберлігі. Көкейкесті әдебиеттану. – Астана: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2002. – 352 б.
18. Сөзстан. 1-кітап. – Алматы: Жазушы, 1980. – 151-б.
19. Әбдікерімова Г. А. Ғ. Мүсірепов повестеріндегі тақырыптық-идеялық ізденістер. Автореферат ф. ғ. к. дәрежесін алу үшін. – Астана, 1999. – 28 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы Ана
тақырыбы ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.2 Ғ. Мүсірепов романындағы Ұлпан бейнесінің көрінуі
... ... ... ... ... ... ... 15
2.3 Ғабит Мүсіреповтің сөз
шеберлігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .24
ІҮ. Қолданылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...26

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Әрбір үлкен жазушы өзінің көркем
шығармаларында ғана емес, сонымен қатар туған әдебиет жайын ойлай отыра
атқарған өзге істерінде де, әдебиеттің жаңа, жас күштерін тәрбиелеуге,
халықтың рухани қазынасының дәреже-деңгейін көтере беруге азаматтық борыш
сезімімен келіп ат салысу бағытында да ерекше үлкен болуға тиіс.
Қазақ әдебиетінің негізін қаласқан көрнекті бір топ аға
жазушыларымыздың халық алдындағы, әдебиет алдындағы, қоғам алдындағы
сіңірген ерен еңбектерін сүйсіне айтқанда, біз әрдайым осындай сан-саладан
жылғалап келіп тоғысар мол жемісін жинақтап еске аламыз.
Қазіргі қазақ әдебиеті ордасының алғаш іргетасы қаланып, шаңырағы
көтерілгенде, оның басы-қасында болған, сол кездегі жас қайраты мен тұнық
тілегін біржола соған арнап, одан бергі жемісті ұзақ жылдарын бір соның
жолына іркусіз жұмсаған – қадірменді жазушымыз Ғабит Мүсірепов.
Ғабит Мүсірепов –проза жанрының шебері. Ғ. Мүсірепов роман жазу үстінде
тынымсыз құбылған көңіл-күй үстіндегі адамдарды, олардың тұңғиық рухани
дүниесін, сырлы құпиясын суреттеуде үлкен шеберлікке қол жеткізген. Жазушы
шығармашылығынан орын алатын роман жанрындағы туындылары өмірдің шындығы
мен қазақ жері тарихының тереңіне сүңги білген зергер ұста соққан бұйым
секілді әсер береді. Роман жанрының мақсатының өзі – көрген мен білгенді,
өмірде бар мәліметтерді тізбектеп немесе шаруашылық түсіндірме жасау құралы
емес екені мәлім.
Романда кейіпкер тілі мен автор тілін ажырата білу маңызды мәселе.
Кейіпкер тілі оның әлеуметтік затынан, ішкі жан-дүниесінің психикалық
қалыптасуынан бөлінбейді. Кейіпкердің ішкі жан-дүниесін, оның өмірге деген
көзқарасын очеркші оның қандай да бір іске, өзге адамдармен қарым-қатынасы,
өмір құбылыстарына саясат, ғылым мен жалпы өнерге деген қатынасы арқылы
көрінуі мүмкін.
Ғ. Мүсіреповтің романдарын оқығанда негізінен жақсы әсер аламыз. Оның
әрбір романы көркемдік шеберлігімен, идеялық ой-пікірінің салмақты да
маңыздылығымен есте қалады.
Зерттеу нысаны. Ғ. Мүсірепов романындағы Ұлпан бейнесін.
Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жазушының қазақ
әдебиетіндегі роман жанрының дамуына қосқан мол үлесін айқындау. Ондағы
Ұлпан бейнесін тереңірек анықтап белгілеу. Бұл мақсатқа жету үшін алдымызға
мынадай міндеттер қойдық:
- Ғабит Мүсірепов романдарының тақырыптық-идеялық бағытын саралау;
- Ана тақырыбының жазылу тарихы;
- Ұлпан бейнесінің сипатталу деңгейі
Ғылыми жұмыстың дереккөздері. Ғабит Мүсіреповтің таңдамалы үш томдығы
(Алматы, 1980). Жарияланған мақалалар мен сыни-зерттеу еңбектер.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Еңбекті көмекші құрал ретінде
орта мектептің сыныбында бағдарлама негізінде, сол сияқты қосымша
сабақтарда қарастырып, бұл зерттеуді осы бағытта ұйымдастырылатын
жұмыстарға теориялық-практикалық материал ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысын жазу барысында, жинақтау, талдау,
жүйелеу, тұжырым жасау әдістері пайдаланылды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Бұл жұмыс кіріспе, негізгі бөлімнен,
қорытынды бөлімдерінен тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі
берілген.

2.1 Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы Ана тақырыбы

Ғабит Мүсіреповтің мол шығармашылығы қазақ әдебиетіне қосқан зор
үлесі барлық оқырмандарға мәлім. Жазушының әңгімелері 1928-ші жылдан бастап
жазылған жаңа адамды, жаңа дәүірді, жаңа психологияны, жаңа қарым-қатынасты
сүреттеү жолында әңгіме-новеллалардың шеберлегін, идеясын, композициясын
көріп, пайдаланған көркем құралдарын ашып, ұлы сүреткердің диалог, портрет,
лирикалық шегініс, тіл арқылы асқан шеберлегін көрсету, ана туралы, әйел
тақырыбы мен әдебиетте адамзатқа ананың күшті рухын, әдемілігін, жоғары
сезімдерін ашып көрсету, ерекше жоғары эстетикалық дәрежеге көтерді.
Екіншіден, Ғабит Мүсірепов жазғанда, кейіпкерлердің, әңгімелеушілердің
халық тілімен сөйлегендері, сөздік қоры сондай өмірлік шын, сондай типтік
ерекше, бай. Сүретшінің тіл сиқырын толық ашуға жетпесек те, тіл байлығын,
шындығын ашып көрсету де бізге бір үлкен мәселе болып табылады.
Әр ана туралы әңгімеде әйелдердің типтік бейне, адамзатты ананы
құрметтеу, жоғары бағалау, ананың психологиясын, ерекше сезімдері мен
сүйіспеншілігін ашып сүреттегені әдебиетке қосқан үлкен үлес деп танимыз.
Ананың анасы, Ашынған ана, Ананың арашасы, Ер ана, Ақлима -
қазақ топырағында көктеген туындылар. Атақты циклдің дуниеге келуіне
жазушының табиғи таланты, ізденімпаздығы негізгі себеп болса керек.
Жазушының 60 – жылдарда жазған Айгүл қойшының бір күні, Әмина атты
әңгімелерін де ана тақырыбына арналған шығармалар тобына қосуға болады.
Жазушы әңгімелері оқиғаларың тартымдылығымен, композициялық құрылысының
ширақтылығымен, тілінің әсерлі, көркемдігімен айрықша ерекшеленіп көрінеді.
Ғабит Мүсіреповтің жазушылық жолы - бірте-бірте сатылап өсу жолы.
Проза саласында жазушы ең алдымен, шағын жанрларда қалам тербеп,
машықтанған. Әңгіме, новелла, очерк, повесть жанрларын еркін меңгеріп
барып, ол кейінірек романға ауысты.
Г.Mүcipeпoвтің творчестволық ізденуінің ең 6ip жeмicтi қадамы
оның әңгіме, новеллаларынан корінеді. Бұл жолда F.Мүcipeпoв баскалардың
iзiн куаламай, өз соқпағын табуға талап-танған. Әcipece, оның ұстаз тұтып,
үлгi алғаны — орыстың озық әдебиеті. Жазушыпың алғашкы әңгімелері
тақырыптық жағынан алуан бола тұрса да жазылу мәнepi, тәсілі тұрғысынан
көптеген уқсастықты танытады. Муны, әcipece, оның Ана туралы
әңгімелерінен анық, байқаймыз.
Казақ совет әдебиетінің қалыптасу дәуірінде орыс
эдебиетінің, айрықша ұстаздық роль атқарғандығы белгілі. Жазушыларымыз орыс
классиктерінен өмip оқиғаларын революциялық дамуы устінде суреттеуді,
күрескер адамның бейнесін жасауды үйреніп қана қоймай, кей жағдайда олармен
тікелей тақырыптас, үндес шығармалар да жазды. Соның бip мысалы
F.Mycipeповтің Ана туралы әңгімелер циклі Мұның пролетариат әдебиетінің,
атасы А.М.Горькийдің анық ықпалымеп жазылғандығы айкын әлем әдебиетінде
туңғыш рет күрескер, өршіл, оптимист ананың образы М. Горький
шығармаларында жасалып еді. Ол өмірден жабыққан, тарыккан, жасып қалған
аналарды емес, өз бакыты үшін, ел бақыты үшін күресе білетін ер аналардың
ic-әpeкeтін жырлаған. Mіне, Горькийдың осы өнегeci F. Mycipe-повтің
әңгімелерінен де анық корінеді.
Ана туралы новеллалар шоғыры алғаш рет 1934 жылы Ана атты
кітапта топталып беріледі. Онда Адамның анасы, өлімді жеңген ана,
Ананың анасы; Ашынған апа, Ананың арашасы новеллалары бар. Алғашкы
екі новелла Горькийдің iзiмен жазыла тұрса да, көп жағынан қазақ
әдебиетінің өз туындысындай болып шыққан. Kейінгі жылдарда Ғ. Мүсірепов ана
туралы новеллаларына қайта оралып, оған тың шығармалар қосып отырды.
Мәселен, соғыс кезінде Ер ана, Ақлима тәрізді новеллаларын жариялады.
Ана бейнеci қазақ, әдебиетінде көптен бар үлгi. Дегенмен, ананың ұлылық
сыйпатын жүйелеп жазған, жанжақты бейнелеген суреткер F. Mycipeпoв болып
табылады.
Ана туралы тақырыпқа баруы М. Горькийдің әcеpiмен
болғандығын автордың өзі былай деп мәлімдеген: Горькийдің такырыбын, жазу
әдісін ұғынам деп талаптанғанымда ұшы-қиыры жоқ кең байлыктың iшiнiдегi ең
бip негізгі саласы — күшті адам екен деген корытындыға келдім... Құлақта
ертеден бip әңгімелер жүретін еді. Горькийдің Аналарын қайта бip
оқығанда, сол әңгімелерім тіріле бастады. Көп ойланбастан-ақ Горькийдің
аналарында да, өзімде де бар әңгімелерді де қағазға түсірдім.
Aнa туралы новеллалар тақырыптық жағынан ұқсастығының үстіне
идеялық бағыты, пафосы жағынан да бірін-бipi толықтырып отырады. Олардағы
ортақ типтік гepoй — шындық үшін, әділет үшін өмірдің не бip қиындығына да
қарсы тұрып. кедергілерді жеңе білетін, әлемге өмip тарататын, сол өмір
үшін өліммен айқасатын, қауіптің алдында қорқып иілмейтін, өзіннің ұлылығын
сезінетін, әрі мейірбан, әpi айбатты күрескер, өршіл, өжет aнаның образы.
Осы образ қазақ әдебиетіне өзінің үлкен сопылығын, жаңа сипатын, әсерлi
күшін алып келген. Ғ. Мүсіреповтің новеллаларындағы Қапия, Нағима, Наталья,
Ақлима секілді аналар өздерінің тәлім-тәрбиелік қуаты мен epлігi жағынан
улкен күрескер адамдармен бapa-баp тұрады. Ғ.Mүcipeпoвтің әңгімелері мен
новеллаларында, очерктерінден жасалған адамдар бейнесін аиалардың өшпес
тұлғалары байыта түседі.
Алайда, тақырыптық ұқсастық пен идеялық үндестігін біріктірген
осы новеллалардың жазылу тәсілдері мен мәнерлері түрлі-түрлі. Ананың
анасы деп аталған новеллада автор есте жоқ ескі заманның, жаугершілік
дәуpлердің бір қатал оқиғасын жаңғыртып баяндаған. Бip елді бip елдің шауып
алуы, шеқаpacын бұзып, xaлқын, мал-мүлкін талауы уздіксіз жүpiп тұрған сол
бip қатал заманда да әйелдің ұлыльғына бас иген адамдар болғандығын айтқысы
келген. Жазықсыз елді шауып, жас қызды тұтқынға алып бара жатқан озбыр
жаулаушыларды қыздың анасы дәлелді сөзбен тоқтатып, даналықпен жеңеді.
Ертеде кімді-кім жаула маған, кімге-кім зәбір көрсетпеген.
Оның бәpi бірдей көркем әдебиет кестесіне лайық келе бермес. Аңыздан бiз
талай-талай дана қарияның да, тапқыр баланың да ,әңгімелерін естігенбіз.
Соның бipi — әлгі айтқан, тұткындалып кетіп бара жатқан қызды алып қалған
ананың әңгімесi. Ал осы қарапайым әңгіме осыншалық үлкен идеялық көркемдік
мазмұнға қалайша ие болды? Мұның cебeбi coциалистік реализм әдебиетінің
табиғатынан, жазушының шеберлігінен, революциялық, романтикалық
дүниетанымынан іздеу керек.
30-жылдарда қазақ әдебиеті жаппай өрлеу, көркею жолын кешті.
Жазушылар өткен өмірдің де, өз замынының да оқиларын, бейнелеу үстінде
бәрінен бұрын бip мәселеге айрықша көңіл бөлді. Бұрыннан бекіп қалған ecкi
caлт-сананы, көне әдет-ғұрыпты кім бұзса, зорлыққа кім көнбесе халықты,
көпшілікті кім қадірлей білсе, өз намысын, ел намысын кім қорғай білсе-
соның бәрі әдебиетіміздің қалаулы каһарманына айналды.
Аңыздагы аналарды Г. Мусіреповтің
құрметтейтіні — сол аналардың өжет-тiгi, адамшылық үшін күрестері, жоғары
саналылығы. Бұлар жазушы үшін әйел теңдігіне әлі де болса немқұрайды
қараушылықтан арылып болмаған кезде аса қажет, революциялық әсepi бар
мәселелереді.
Қорлыққа көнген, қасірет шеккен әйелдердің шерлі күйін ертеде қай жазушы
жазбап еді? Бірақ совет жазушысына керегі-ондай зарыққан, қамыққандары
емес, өмірдің әділетсіздігіне қарсы күресе білетін, жаңа тұрмыс құруға
мінезімен ісімен, өршілдігімен септесе білетін әйелдері. Ана туралы әңгіме-
лердің дүниеге келуі-замана талаптарына байланысты. Әдебиеттің өмip
кажеттігінен туатындығы, оның әрдайым белгілi тенденцияларға қызмет
eтeтiндіғі осыдан да айқын кipiнce керек.
Ашынган ана новелласы 1916 жылдың оқиғасына байланысты бір эпизодты
суреттеуге арналған. 16 жыл әкелген қacерет Қапия ананың да иығына батқан.
Оның жан дегенде жалғыз ұлы қара жұмысқа алынатып болады. Содаң Қапия
барлық айла-амалды, арекетті қолданып, калай да баласын аман алып қалуды
көздейді. Осы жолда көп азаптар шегеді. Қатты бұлқынған ашу үстінде болысқа
және оңың қасындағыларға қарсы пышақ та жұмсайды. Көп уақыт абақтыда
қамалып жатады. Бipaқ ешқаңдай күш оның жігерін жасыта алмайды. Mінe,
балаға деген сүйіспеншілік, зорлыққа қарсы өшпенділік қарапайым ананы
oрасaн ерліктерге алып барған.
Бұл әңгімеде үстем тап өкілдерінің зорлықышыл кескіндері де
анық суреттеледі. Солардың біpi — Алтыбас. Ол әңгімеде азулы, қара күштің
иеci болып көрінедi. Eciгіндe көптеген қызмет еткен, малын бағып, күлін
шығарып журген Қапия жесір айелдің баласының тапқан ақысын да түгел
бермейді. Қайта акысып cұрагандығы үшін ашуланып, жас баланы солдатка
жаздырады. Баласы үшін ара түсіп жалынған Қапияны мазақ етеді. Алтыбастың
бойына үстем тапка тән қатал, қайырымсыз мінездер жинақталып берілген.
Новелланың соңында келтірілген мына сөздер шығарманың идеялық мұратын
белгілейді: өмip өзін сіліккен қазір бұл сондай орасан күшті, енді өмірді
oзi ciлкіп қалуға жараған ана.
Ғ.Mүcipeповтің ана тақырыбына жазған новеллаларының бipi -
Ананың арашасы. Мұнда ол әйел epлігiн тағы да бip қырынан көрсетеді

¥лы Отан
соғысы кезінде жазылған екі новелла ана туралы циклдің тікелей жалғасы. Еp
ана, Ақлима новеллалары соғыс өмipiнiң бip-бip көріністерінен сыр ашады.
Мұндағы аналар жазушының бұрынғы әңгімелеріндегі Қапияға немесе Нағимаға
әpi ұқсас та, әpi олардан бөлек те. Бұларды жақындастыратын нәрсе — тағы да
ананың күрескер биік тұлғасы. Ал бөлек болатын ceбeбi — айтылып отырған
оқиға да, уақыт та өзгеше. Ақлима атты новеллада жазушы кешегі Ұлы Отан
соғысының халыктың eciнieн шықпастай ауыр зардаптарын көркемдікпен бейнелей
алған Әскеріден балам келеді баламнан, хабар келеді деп умітін үзбей ұдайы
күткен Ақлима апайдың тағдырында журек терберлік астар бар. Ананың
қиыншылыққа шыдамдылығы деген, таршылыққа төзімділігі деген, балаға деген
махаббаты кандай зор болса, оның сол балаға деген умітінен айрылып қалу
каcipeтi де зор трагедия ғой. Жазушы қарапайым ана — Аклиманың балаға деген
мәңгі өшпес сүйіспеншілігін, өміршең, мұқалмас yмiтiн үлкен суреткерлікпен
көрсете алған.
Ал екінші, Ер ана новелласында майдан шебінің оиғалары сөз
болады. Мұнда Наталья деген әйелдің басқыншы жауларға тізе бүкпей, үлкен
патриоттық, epлік, өжеттік көрсеткені айтылады. Натальяның бойындағы
отаншылдық пен жоғары азаматтык сезім бірден пайда болған емес. Отанды сүю
— оның өмip бойы бойына сіңірген жақсы қасиеті, жанының байлығы. бipде ол:
Е, мен бip түк көрмеген мeңipey ме едім сонша? Он сегізінші жылы талай
көпірді өзім де қиратысқанмын. Ол сендер ғана білетін өнер емес шығар?
дейді партизандарға. Фашистердің совет адамдарына қастерлі, касиетті
саналатын ескерткіштерді қирата бастағаны карапайым ана Натальяға қатты
әсер eттi. Натальяның жауларға деген ыза-кeгi қозатын себептері толып
жатыр. Немістер күйеyiнiң бeйiтiнiң басына қойған ескерткішін де бүлдіріп
кетіпті. Ондай жаумен eшбір мәмлеге келуге болмайтынын, дұшпанды неғұрлым
көп қирату — әpбip патриоттың парызы екeнiн Наталья жақсы түciнеді. Оның
ашуы бүкіл халықтың ашу-ызасымен үндесіп, каһарлы күшке айналады.
Ана туралы новеллалардың тілдік кecтеci де әдебиетіміздің алтын қорына
қосыларлық кемел көркемдікті танытады. Мұнда неше алуан тапқыр, шешен сөз
айшықтарын кездестірүге болады. Эдебиеттің нeгiзri материалы тіл десек, сол
байлықты суреткер еркiн меңгерген.
М. Горький айтқандай, тілдің нeбip асылы мен ақығы халыкта
жатады. Соны уақтылы іздеп, ерінбей екшеп таба білген суреткерлер ғана
табысқа жетпек. Халыктың тiл байлығын жете меңгеру жөнінде F. Mүcipenoв
творчествосы көптеген каламгерлерімізге өнеге бола алады. Бip нeшe мысалдар
келтірейік.
Мен мына қыздың шешесімін. Қызым қaзip он бесте. Дәл
қызымның жасында өзім де сергелдеңге ұшырап едім. Соның суық ызғары
табанымнан, қара таңбасы маңдайымнан әлі кеткен жоқ.
Teң Tеңiммен деп, он бес жыл отаскан байым eдi, cүйгiн жолда
көрдім. Білектің күшін, найзаның ұшын не күші теңдеске, не иығы теңдеске
жұмсаған жоқсындар. Жағаласқан жау емес, жалбарынған сорлы емес пе eдi,
оның құның қалай өтейсіңдер? Құлынға қосақтап қызымды әкетіп барасыңдар,
бұларың не ерлiк, не әділдікке жанаспайды. Ең мықтағанда еліңе бip күң
апарып қосарсыңдар. Қызым сендерге барса, не күң болады, өзіммен қалса тым
болмағанда өз етегімде epкiн еркелейі. Сондыктан қызымды алып қайтамын
(Ананың анасы).
F. Mүcipenoв кейiпкерлерiнiң сөздеріне мейлінше шындық,
жатықтық сипат беру үшiн халықтың ауызекі айтатын әңгімелеpiнiң үлгісін
шебер пайдалана білген. Ертегінің, аңыз әңгімeнiң жүйесіндей болып келген
кейбip оралымдар реалистік сипат алған. Мәселен, сонымен сақадай сайланған
қырық жігіт маңдайды батысқа қoйып, төскейді үзeңгiгe ала тартып жөнелді.
Жалпақ жауырыны қақпактай, жұдырығы тоқпақтай, сыртынан қарағанда құйған
пештей болып, оқ бойы алдымызда отырады; астында сары қасқа аты бар, шeкiп
тастап, оқтаудай ойнап, киіктей орғып келеді (Ананың анасы) Ашынған
анада, Нағима aнаның айтқандарының өзінен-ақ оның байларға деген
өшпенділігін көpyге болады. (Оңбаған неменің көзі иттің көзіндей болып
тұр, Байдың баласы бөрінің бөлтірігіндей келетін әдетi ғoй).
F. Mүcipenoв қaйбip шығармасында болмасын детальды
шебер пайдалана білетiн суреткер. Мәселен, мына бip табиғат құбылысын
алайық. Салпы етек, жылауық күз емес, гуілдеген желді күз еді. Түндік
біткен шаңырақты сабалап, караша үйлер тозығы жеткендігін айтып, зар
қақсап, сықыр-сықыр етеді. Бұрқырап түсе бастаған күзгі сары ала жапырақ
ауыл қотанында жындай ойнақтайды (Ананың арашасы). Осыдан кейін онша
көңілді оқиға айтылмайтындығын оқушы іштей бағдарлайды.
Әрқашан өмірдің алғы шебінде жүруді, әрқашан адам
тағдырына, қоғам тағдырына етене араласуды өзінің азаматтық та, суреткерлік
те парызы тутынған. Ғабит Mүcipeпoв ер ана, еңбекшіл, жасампаз ана тұлғасын
жасау, cөйтiп, бүгiнгi жаңа сипатты совет әйелдерінің, ананың бейнесін
барлық, қырымен, жан-сырымен көрсетуді тақырып өзегінен түсірмей өттi.
Мұның тағы бip мысалы — Айгүл қойшының бip күнi мен Әмина әңгімелері.
Бiз бұларды да жазушының ана туралы әңгімелерінің жалғасы, жаңа ана,
бүгiнгi еңбек майданындағы жаңа сипатты күрескер әйел туралы, бүгiнгi
коммунистік моральдің үлгісі тұтарлық әйел туралы әңгімелер деп қараймыз.
Бұларда да бұрынғы Адамның анасы, Өлімді жеңген ана, Ананың анасы,
Ашьнған ана, Ананың арашасы, Ер aна, Ақлима новел-лаларының
әуенімен ұштасқан бepiк арқау бар.
Айгүл қойшының бip күні әңгімесі Жұлдыз журналының 1964
жылғы 3 санында басылған. Шығармада озат еңбек адамы, Жоғарғы Советтің
депутаты — шопан әйел Айгүлдің бip күн ішінде көрген-білген оқиғалары
суреттеледі. Бұдан еңбек адамының тіршілігінде күн caйын қаншалықты icтеp
болатындығын түсінеміз. Айгүл — катардағы койшы ғана емес, ол бүкіл елдің,
өлкенің қамын ойлайды. Сырдарияның суы молайып, қуаң далаға ылғал тараса
деп армандайды. Малдын. Көп өcyi — елдің ризығы. Айгүлдің де жатса-тұрса
ойлайтыны осы мәселе. Айгүлдің бойынан тамаша еңбеккер адамдарымыздың
ұнамды сипаттары табылады.
Әңгіменің аяғында Сырдария суының бөгеліп, канал казылғаны
айтылады. Шындығында, шөл далаға су шығару деген — мемлекеттік мәні бар аса
жауапты жұмыс. Оны ойлаушы Айгүлдің ойы бүкіл халықтың, ойымен үндестік
табады. Жазушы бұл әңгімесінде өзінің өміргe деген қатысын, авторлық
аңсарын өте aйқын білдірген. Қазақстан жерінде icке қырсыздықтан шөлірке
жатқан құнарлы қоныстар әлі де аз емес. Олай болса, күн тәртібінде тұрған
проблемаларды көтеру де - жазушыларымыздың парызы болып табылады.
Әңгімеде мал шаруашылығының, су шаруашылығының көптеген нақтылы
проблемалары көтерілген. Aйгүл бейнесі — әдебиетімізге соңғы жылдары
қосылған ұнамды кейіпкерлердің бipi.
Ал Әмина атты әңгімеде тәрбиеші ананың моральдық ерлігі
бейнеленген. Таудан құлаған тасқың-сел арындап, гүрілдеп төніп келеді. Жұрт
eciнeн танып, жапа-тармағай қашып, жанталасқа түскен. Бipeyге бipey қарар
емес. Машиналарын адам болса да, болмаса да, тоқтауға кұлқы жок шоферлар
алды-артына қарамай, ағызып өтіп жатыр. Miнe, осындай ала сапыранда
қасында бiр топ бөбектер бap тәрбиеші әйел — Әмина әp машинаға бір қол
көтеpiп, жан ұшыpып жүр. Oл өз басын ғана ойласа, әлдеқашан кетіп те қалар
едi. Бірак. балаларды тастай алмайды. Ақыр соңында ана өзінің өліміне де
бел байлап, aғызып келе жатқан бip машинаның жолына көлденең тұра қалады.
Оны басып кете алмаған шофер лажсыз тоқтайды, ана балаларды машинаға
отырғызып, тасқыннан аман алып шығады.
Автор осы бip қарбалас, жанталас cәтті суреттегенде көп
жайларды көлденең тартады. Қандай қиындық болса да, өзінің қамқоршыл
жүрегінен, адамгершілік қacиетінен aйнымайтын, дүниедегі ең мықты жан —
ана дегенді айтады.
Ғ.Мүсірепов әдебиетіміздегі ана тақырыбын ең мол, ең
өнімді, ең сұлу жырлаушылардың бipi екенін кейінгі шығармаларымен тағы да
тиянақтай түсті. Бiзгe жазушының творчествосының алғашқы беттерінен-ақ
таныс ана, әйел бейнелері соңғы жылдар сыйы ретіндегі шығармаларда өзгеше
бip тосын, өзгеше биік қырларымен кайтадан ыстық көрінiп кетті. Мәселен,
Екі дүние, eкі әйел, Ана жыры және 1981 жылы Қазақ әдебиеті газетінде
жарияланған Атақты әнші Майра деген әңгімелері — жазушы өзінің сол бip
cүйiктi тақырыбын әлі де жаңғырта, жаңарта түскенiне, інжу - маржандай
құлпырта түскеніне толық айғак. Бұлардағы ана бeйнелері Ғабеннің бұрынғы
туындыларындағы әйелдер бейнесімен үндесіп жатқанымен, мүлдем тың
образдар, мүлдем ерекше оқиғалар үстінде көрсетіледі. Табиғат күшіммен
арпалысып, халық игілігін қорғап қалған қазақ әйелі және үлде мен бүлдеге
оранған, шетелдік ақсаусақ әйелдің сол табиғаттың алапат күші алдындағы
дәрменсіз қалпы қатар суреттелгенде бipiнe cүйciне жаның жадыраса,
екіншісіне көңілің қалып, аянышпен ыза ceзіміне тең беленіп отырасын.
Характерлер ара-жігі ашық. Бұлардан автордың Уакыт, Заман алдындағы
азаматтық борышын айқын ceзiніп, суреткерлік позициясы бepiк екенiнe тәнті
боламыз.
Қорыта айтқанда, жазушы Ғ.Mүcipeпoвтің ана туралы әңгімелері
қазақ әдебиетін тақырыптық, жағынан байытқан, жазу мәнері жағынан өзгеше
өрнек әкелген бағалы шығармалар.

2.2 Ғ. Мүсірепов романындағы Ұлпан бейнесінің көрінуі
Автор бұл еңбекті жиырмасыншы ғасырда жазғанмен, Ұлпанда
баяндалатын феодалдық қараң заман сол күйінде көз алдымызға келуінің бір
себебі – үстем тап өкілдері мен қарапайым қара халық арасындағы болып
жатқан шытырман оқиғаға лайық
Бұл шығармада жазушының тіл байлығы, сөз қолдану шеберлігін
айғақтайтын адамгершілікке, салт-дәстүр, сөз өнерін бағалауға, туыстық
қатынасқа, байлық пен кедейлікке, ерлі-зайыптыларға байланысты мақал-
мәтелдер көптеп кездеседі. Олар жазушының қаламгерлік зертханасынан өтіп,
әрқайсысы өз орнын таба білген. Кей тұстарда олар халық тіліндегі
түпнұсқалармен берілсе, енді бірде сөйлемнің құрылымына байланысты
икемделіп, жазушының өз стильдік қолданысына түседі, басқаша айтқанда,
халық мақалдарының инварианттары беріледі. Мәселен, туыстық қатынасқа
байланысты қазақта Ағайын бар болсаң, көре алмайды, жоқ болса, бере
алмайды деген мақал бар. Оны жазушы ойдың жүйесіне қарай Ағайын бар
болсаң, көре алмайды, күндейді, жоқ болсаң, асырай алмайды (13;209) деп,
өзіндік стильмен береді. Яғни ағайын адамдардың арақатынасында кей кездері
болып жататын түсініспестік, қуанышыңды бөлісе алмай қалатын қызғаныш,
пендешіліктен соң, ренішпен айтылатын мақалдың құрылымына күндейді деген
сөзді қосып, одан сайын тереңірек аша түседі. Осы мақалдан кейін туатын ой,
түйетін тәрбие-татулық, бірлік екені анық. Сол секілді романдағы Бүгін
өкпелесіп қайтарған ағайын ертең керек болып қалатын кезі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ана тақырыбының жазылу тарихы
Ананың анасы шығармасына әдеби талдау жасау
Ғабит Мүсіреповтың өмірбаяны
Ғ. Мүсіреповтің әңгімелеріне жүйелі талдаулар жасап, оның еңбектерінің қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орны мен ролін анықтау
Абай Құнанбаев пен Ғабит Мүсірепов нақыл сөздерінің үндестігі
Ұлпан - тарихи бейне
Ғабит Мүсіреповтың өмір жолы
Ғабит Мүсіреповтің өмірі және шығармашылығы, қазақ әдебиетіндегі орны
Ғ.Мүсірепов туралы
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Пәндер