Мүлiктi жалға алушыға беру, тараптардың құқықтары, бостандықтары мен жауапкершіліктері



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыстың мазмұны
I Кіріспе бөлімі ----------------------------------- ------------------------
----------------------------------- ----------------------

Мүлiк жалдау шарты
1.1 Мүлiк жалдау (аренда): жалпы ережелері --------------------------------
------------------------
1.2. Мүлiк жалдау объектiлерi ----------------------------------- -----------
---------------------------------
1.3. Мүлiк жалдау шартының талаптары ----------------------------------- ----
-----------------------
1.4. Мүлiк жалдау шартының мерзiмi мен жасалатын төлемі --------------------
------------

Шартқа қатысушы субьектілер ----------------------------------- -------------
--------------------------
2.1. Мүлiктi жалға алушыға беру, тараптардың құқықтары, бостандықтары мен
жауапкершіліктері ----------------------------------- -----------------------
----------------------------------- ----
2.2. Жалға алушының құқықтарын қорғау ----------------------------------- ---
---------------------

Кәсiпорынды жалдау шарты ----------------------------------- ----------------
----------------------------
3.1. Шарттың жалпы сипаты мен нысаны ----------------------------------- ----
-----------------------
3.2. Шарт тараптарының құқықтары мен міндеттері ----------------------------
-----------------

Үйді не ғимаратты жалдау
4. Үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты ----------------------------------- ---
-------------------------
4.1. Жалдау ақысының мөлшерi ----------------------------------- -----------
------------------------------
4.2. Yйдi немесе ғимаратты беру ----------------------------------- ---------
----------------------------------

Көлiк құралдарын жалдау----------------------------------- ------------------
--------------------------------
5. 1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері ---------------------------------
-------------------------
5. 2. Көлiк құралын сақтандыру----------------------------------- ----------
----------------------------------
5.3.Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн жалдаудың ерекшелiктерi ----------
--------

Прокат шарты----------------------------------- -----------------------------
----------------------------------- -------
6. Прокат шарты туралы жалпы ұғымы, нысаны мен мерзімі --------------------
-------------
6. 1. Мүлiктi жалға алушыға беру ----------------------------------- --------
-----------------------------------

Тұрғын үйдi жалдау----------------------------------- -----------------------
----------------------------------- ----
7. 1. Тұрғын үйдi жалдау шарты ----------------------------------- ----------
----------------------------------- -

Несие шарты бойынша мүлікті жалдау----------------------------------- -------
--------------------
8.1. Мүлiктi тегiн пайдалану ----------------------------------- -----------
----------------------------------- -----

Шарттың ерекше жағдайлары

II Қорытынды бөлімі----------------------------------- ----------------------
----------------------------------- -

III Қолданылған оқулықтар, нормативтік құқықтық актілер--------------------

I Кіріспе бөлімі
Шарт – көп уақыттан бері келе жатқан құқық нысаны. Оның тарихы мыңдаған
жылдармен есептеледі. Шарттың осындай ұзақ кезеңге созылуы, шарттың
қоғамдық қатынастың әр түрлі сипатты қамтитын ыңғайлы кұқық нысаны болып
табылатындығымен түсіндіріледі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұнының
өзгеруіне қарамастан шарт құрылымы өзгеріссіз қалып отыр.

Уақыттың өтуіне сәйкес шартқа қатысушылардың құрамы өсе түсті. Жеке
тұлғалармен қатар бұл рөлге ұжымдық сипаттағы үйымдар, яғни заңды тұлғалар
да шартқа қатысушылар болып табылды.

Кез-келген азаматтық құқық субъектісінің коммерциялық жоспарын жарыққа
шығару, ол жеке кәсіпкер немесе өнеркәсіп болмасын, мәмілелер мен шарттар
жасаудан тысқары қала алмайды.

Азаматтық айналымда сан алуан шарттар бар. Шарттар бір-бірінен келесі
негіздер бойынша ажыратылады:
- Шарттың пәні;
- Шарттың талаптары;
- Шарттың субьектілері;
- Шартқа қатысушы тараптардың құқықтары мен міндеттері;
- Шарттың мерзімдері мен нысаны;
- Шарттың мазмұны;
- Шарттан туындайтын жауаптылық.т.б.с.с
Бірақ, бұлардың барлығына ортақ бір негіз бар. Ол шартпен адам және
азаматтардың бостандықтары мен құқықтары реттеледі. Егер шарттың тараптары
талаптарды орындамаса, бұзса бұл жағдайда сот арқылы адамдар жоққа
шығарылған не бұзылған бостандықтары мен құқықтарын қалпына келтіруге
құқылы. Сотта жауапкерден моральдық немесе материалдық талап қою, оларды
өтеу жүзеге асырылады.
Осыған байланысты жас егемен республиканың мемлекеттік және қоғамдық
өмірінің құқықтық негіздерін нығайту, мейлінше, маңызды екендігі сөзсіз.
Бұл курстық жұмыс мүлік жалдау шартты, шарттардың жекелеген түрлері
қарастырады.2

Мүлiк жалдау шарты
1.1 Мүлiк жалдау (аренда):жалпы ережелері
Мүлiк жалдау (аренда) шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға мүлiктi
ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi. Жалға
алушы жалға алған мүлiкке осы Кодексте белгiленген жағдайлар мен тәртiп
бойынша иелiк етуге құқылы. Лизинг, прокат шарттары да, сондай-ақ мүлiктi
ақы төлеп уақытша иелену мен пайдалануға беруге байланысты шарттардың өзге
түрлерi де мүлiк жалдау шарттарына жатады. Бiр жылдан астам мерзiмге
жасалған, ал егер тараптардың бiреуi заңды тұлға болса, мерзiмiне қарамай-
ақ, мүлiк жалдау шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс. Қозғалмайтын мүлiктi
мүлiктiк жалдау шарты, егер заңда өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк тiркеуге
жатады. Азаматтар арасындағы бiр жылға дейiнгi мерзiмге мүлiк жалдау шарты
ауызша түрде жасалуы мүмкiн. Мүлiкке меншiк құқығының кейiннен жалға
алушыға ауысуын көздейтiн мүлiк жалдау шарты сондай мүлiктi сатып алу-сату
шарты үшiн көзделген нысанда жасалады.

1.2. Мүлiк жалдау объектiлерi
Мүлiк жалдауға кәсiпорындар мен басқа да мүлiктiк кешендер, жер учаскелерi,
үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлiк құралдары және оларды пайдалану
процесiнде өздерiнiң табиғи қасиеттерiн жоймайтын басқа да заттар
(тұтынылмайтын заттар) берiлуi мүмкiн. Егер заң актiлерiнде өзгеше
көзделмесе, жер пайдалану құқығы, жер қойнауын пайдалану құқығы және басқа
да заттық құқықтар мүлiк жалдау объектiсi болуы мүмкiн. Заң актiлерiнде
мүлiктi жалдауға тапсыруға жол берiлмейтiн немесе шектеу жасалатын мүлiк
түрлерi белгiленуi мүмкiн. Заң актiлерiнде тұрғын үй-жайларды, жер
учаскелерiн, жер қойнауы учаскелерiн және басқа да оқшауланған табиғи
объектiлердi, соның iшiнде концессиялық келiсiмдер негiзiнде, сондай-ақ
өзге де жағдайларда мүлiктiк жалдауға беру ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.

1.3.Мүлiк жалдау шартының талаптары
Мүлiк жалдау шартында жалға алушыға мүлiктi жалдау объектiсi ретiнде
берiлуге тиесiлi мүлiктi анықтауға мүмкiндiк беретiн деректер көрсетiлуге
тиiс. Шартта мұндай деректер болмаған кезде мүлiктi жалдауға берiлуге
тиесiлi объект туралы талап тараптармен келiсiлмеген деп, ал тиiстi шарт
жасалмаған деп есептеледi. Мүлiктi жалға беру құқығы оның меншiк иесiне
тиесiлi. Заң актiлерiнде уәкiлдiк берiлген немесе меншiк иесi мүлкiн жалға
берудi тапсырған тұлғалар да жалға берушiлер бола алады. 2,3

1.4. Мүлiк жалдау шартының мерзiмi мен жасалатын төлемі
Мүлiк жалдау шарты шартта белгiленген мерзiмге жасалады. Егер мүлiк жалдау
шарты мерзiмi көрсетiлмей жасалса, ол белгiсiз мерзiмге жасалған деп
есептеледi. Қозғалмайтын мүлiктi жалдаған жағдайда, егер заң актiлерiнде
немесе шартта өзгеше көзделмесе, әрбiр тарап екiншi тарапқа үш ай бұрын
ескертiп, мұндай шарттан кез келген уақытта және өзге мүлiктi жалдаған
жағдайда, бiр ай iшiнде бас тартуға құқылы. Заң актiлерiнде мүлiк жалдаудың
жекелеген түрлерi үшiн, сондай-ақ мүлiктiң жекелеген түрлерiн жалдау үшiн
шарттың барынша ұзақ (шектi) мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Мұндай жағдайларда,
егер шартта жалдау мерзiмi белгiленбесе және заң актiлерiнде белгiленген
шектi мерзiм бiткенге дейiн тараптардың ешқайсысы шарттан бас тартпаса,
шарт шектi мерзiмiнiң бiтуiне қарай тоқтатылады. Бұл жағдайда заң
актiлерiнде белгiленген шектi мерзiмнен асатын мүлiк жалдау шарты барынша
ұзақ (шектi) мерзiмге тең етiп жасалған деп есептеледi. Жалға алынған
мүлiктi пайдалану үшiн төлемдi, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе,
шартта белгiленген тәртiп, мерзiм мен нысан бойынша жалға алушы төлейдi.
Шартта олар айқындалмаған жағдайларда салыстырмалы мән-жайларда әдетте сол
секiлдi мүлiктi жалға алған кезде қолданылатын тәртiп, мерзiм мен нысан
белгiленген деп есептеледi. Төлем барлық жалданылған мүлiк үшiн тұтас
немесе оның құрамдас бөлiктерiнiң әрқайсысы бойынша жеке:
1) мерзiмдiк немесе бiржолғы енгiзiлетiн төлемдердiң тұрлаулы
сомасында белгiленген;
2) жалданылған мүлiктi, өнiмдi, жемiстердi немесе кiрiстердi
пайдалану нәтижесiнде алынған белгiлi бiр үлес;
3) жалға алушының белгiлi бiр қызмет көрсетулерi;
4) жалға алушының шартта келiсiлген затты жалға берушiнiң меншiгiне
немесе жалдауына беруi;
5) жалға алушыға жалданылған мүлiктi жақсарту жөнiнде шартта
келiсiлген шығындарды жүктеуi түрiнде белгiленедi.
Тараптар шартта мүлiктi немесе өзге де төлем нысандарын пайдалану
үшiн аталған төлем нысандарын ұштастыруды көздеуi мүмкiн. Мүлiктi
пайдаланғаны үшiн жасалатын төлем мөлшерi, егер тараптардың келiсiмiнде
өзгеше көзделмесе, кем дегенде жылына бiр рет өзгертiлуi мүмкiн. Заң
актiлерiнде мүлiк жалдаудың жекелеген түрлерi үшiн, сондай-ақ мүлiктiң
жекелеген түрлерiн жалдау үшiн жасалатын төлем мөлшерiн қайта қарауға өзге
де ең аз мерзiмдер көзделуi мүмкiн. Орталықтандырылып белгiленген баға мен
тарифтер өзгертiлген жағдайда тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша төлем
мөлшерi қайта қаралуы мүмкiн.. Егер жалға алушы жауап бермейтiн мән-
жайларға байланысты шартта көзделген пайдалану жағдайлары немесе мүлiктiң
жай-күйi едәуiр нашарлап кетсе, заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, ол
төлемдi тиiсiнше азайтуды талап етуге құқылы. Егер шартта өзгеше
көзделмесе, жалға алушы мүлiктi пайдаланғаны үшiн төлем төлеу мерзiмiн
елеулi түрде бұзған жағдайда жалға берушi одан төлемдi жалға берушi
белгiлеген мерзiмнен бұрын төлеудi талап етуге құқылы. Бұл ретте жалға
берушiнiң төлемдi қатарынан екi мерзiмнен астам уақытқа мерзiмiнен бұрын
төлеудi талап етуге құқығы жоқ. 3

Шартқа қатысушы субьектілер
2.1. Мүлiктi жалға алушыға беру, тараптардың құқықтары,
бостандықтары мен жауапкершіліктері
Жалға берушi мүлiктi жалға алушыға шарт талаптары мен мүлiктiң мақсатына
сәйкес келетiн күйде беруге мiндеттi. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiк
жалға оның барлық керек-жарақтарымен және оған қатысты құжаттармен
(мүлiктiң жиынтықтылығын, қауiпсiздiгiн, сапасын, пайдалану тәртiбiн
куәландыратын және т.б. құжаттармен) бiрге берiледi. Егер мұндай керек-
жарақтар мен құжаттар берiлмеген болса, алайда жалға алушы мүлiктi оларсыз
мақсатқа сәйкес пайдалана алмаса не шарт жасасу кезiнде үмiт етуге құқығы
болғанынан едәуiр дәрежеде айрылатын болса, ол өзiне жалға берушiден мұндай
керек-жарақтар мен құжаттарды берудi немесе шартты бұзуды талап ете алады.
Егер жалға берушi жалға берiлген мүлiктi жалға алушыға шартта көрсетiлген
мерзiмде бермесе, ал шартта мұндай мерзiм көрсетiлмесе, жалға алушы қисынды
мерзiмде одан Азаматтық Кодекстiң 355-бабына сәйкес сол мүлiктi талап етуге
немесе шартты бұзуды талап етуге құқылы. Жалға берушi жалға берiлген
мүлiктiң оны пайдалануға толық немесе iшiнара кедергi жасайтын кемшiлiктерi
үшiн, тiптi ол шарт жасалған кезде бұл кемшiлiктер туралы бiлмесе де, жауап
бередi.
Осындай кемшiлiктер табылған жағдайда жалға алушы жалға берушiден өз
қалауы бойынша:
1) мүлiктiң кемшiлiктерiн тегiн жоюды;
2) жалдау ақысын соған мөлшерлес азайтуды;
3) жалға берушiге бұл туралы алдын ала хабарлай отырып, сол
кемшiлiктердi жою жолында өзi жасаған шығындар сомасын мүлiктi пайдаланғаны
үшiн төленетiн төлемнен ұстап қалуды;
4) шартты мерзiмiнен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.
Жалға алушының талаптары туралы немесе оның мүлiктiң кемшiлiктерiн
жалға берушiнiң есебiнен жою ниетi туралы хабарланған жалға берушi жалға
алушының келiсiмiмен жалға берiлген мүлiктi тез арада тиiстi жағдайда
тұрған басқа осыған ұқсас мүлiкпен ауыстыра алады не мүлiктiң кемшiлiктерiн
тегiн жоя алады. Егер жалға алушының талаптарын қанағаттандыру немесе оның
мүлiктi пайдаланғаны үшiн жасалатын төлемнен кемшiлiктi жоюға кеткен
шығындарын ұстап қалу жалға алушыға келтiрiлген залалды өтеуге жетпесе, ол
шығынның өтелмеген бөлiгiн өтеудi талап етуге құқылы. Жалға берушi жалға
берiлген мүлiктiң шарт жасасқан кезде айтылған немесе жалға алушыға
бұрыннан белгiлi болған кемшiлiктерi үшiн жауап бермейдi. Мүлiктi жалға
беру бұл мүлiкке үшiншi тұлғалардың құқықтарын тоқтату немесе өзгерту үшiн
негiз болып табылмайды. Жалға берушi шарт жасасқан кезде жалға алушыға
жалға берiлетiн мүлiкке үшiншi тұлғалардың барлық құқықтары (сервитут,
кепiл құқығы және т.б.) туралы ескертуге мiндеттi. Бұл ереженi орындамау
жалға алушыға мүлiктi пайдаланғаны үшiн төлемдi азайтуды не шартты бұзуды
талап етуге құқық бередi.
Жалға алушы мүлiктi шарт талаптарына сәйкес, ал егер шартта мұндай
талаптар белгiленбесе, мүлiктiң мақсатына сәйкес пайдалануға мiндеттi. Егер
заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жалға алушы жалға берушiнiң
келiсiмiмен жалға алған мүлiктi қосымша жалдауға (қосалқы аренда), мүлiктi
жалға алу шарты бойынша өз құқықтары мен мiндеттерiн басқа тұлғаға беруге
(қайта жалға беру), жалға алған мүлiктi тегiн пайдалануға беруге, сондай-ақ
осы құқықтарды кепiлге беруге және оларды шаруашылық серiктестiктерiнiң,
акционерлiк қоғамдардың жарғылық капиталына салым немесе өндiрiстiк
кооперативке жарна ретiнде салуға құқылы. Аталған жағдайларда, қайта жалға
берудi қоспағанда, жалға алушы жалға берушiнiң алдында шарт бойынша жауапты
болып қала бередi. Мүлiктi басқа тұлғаларға беру туралы шартты жалдау
шартының мерзiмiнен асатын мерзiмге жасауға болмайды. Қайта жалға беру
шартына, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, мүлiк жалдау шарты туралы
ережелер қолданылады. Жалға берушi жалға берiлген мүлiкке тараптармен
келiсiлген мерзiмдерде, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше
көзделмесе, өз есебiнен күрделi жөндеу жүргiзуге мiндеттi. Жалға алушы
жауап бермейтiн мән-жайларға байланысты пайда болып, шұғыл қажеттiлiк
туғызған жөндеудi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе,
жалға берушi қисынды мерзiмдерде өз есебiнен жүргiзедi. Жалға берушiнiң
күрделi жөндеу жөнiндегi мiндеттерiн атқармауы жалға алушыға өз қалауы
бойынша:
1) жөндеудi өз бетiнше жүргiзуiне және жөндеу құнын жалға берушiден
өндiрiп алуына;
2) жөндеу құнын шарт бойынша төлемнiң есебiне есептеуiне;
3) шарт бойынша төлемдi тиiсiнше азайтуды талап етуiне;
4) шарттан бас тартуына құқық бередi.
Жалға алушы, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, мүлiктi
дұрыс күйде ұстап-тұтуға, ағымдағы жөндеудi өз есебiнен жүргiзуге және
мүлiктi ұстап-тұтуға кететiн шығындарды көтеруге мiндеттi. Жалданған
мүлiктi пайдалану нәтижесiнде жалға алушының алған өнiмi, жемiстерi және
өзге де кiрiстерi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе,
оның меншiгi болып табылады. Жалданған мүлiктiң жалға алушы жүргiзген
бөлiгiнiң ажыратылып жақсартылуы, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның
меншiгi болып табылады. Жалға алушы өз қаражаты есебiнен және жалға
берушiнiң келiсiмiмен, жалданған мүлiкке зиян келтiрмей ажыратуға болмайтын
жақсарту жүргiзсе, шартта өзгеше көзделмегендiктен, оның шарт тоқтағаннан
кейiн осы жақсартудың құнын өтеттiрiп алуға құқығы бар. Жалға алушының
жалға берушiнiң келiсiмiнсiз жүргiзген ажыратуға болмайтын жақсартуының
құны, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, өтеуге
жатпайды. Тараптардың бiреуiнiң талап етуi бойынша мүлiктi жалға алу шарты
Азаматтық Кодексте, өзге де заң актiлерiнде немесе шартта көзделген
жағдайларда сот тәртiбiмен өзгертiлуi немесе мерзiмiнен бұрын бұзылуы
мүмкiн.
Жалға берушiнiң талабы бойынша мынадай жағдайларда:
1) егер жалға алушы мүлiктi шарт талаптарын немесе мүлiктiң мақсатын
елеулi түрде бұзып, жалға берушiнiң мұндай iс-әрекеттi тоқтату туралы
жазбаша ескертуiне қарамастан пайдаланса;
2) егер жалға алушы қасақана немесе абайсызда мүлiктi елеулi түрде
нашарлатса;
3) егер жалға алушы мүлiктi пайдаланғаны үшiн шартта белгiленген
төлем мерзiмiнiң өтуi бойынша екi реттен астам төлем жасамаса;
4) егер жалға алушы жалға алу шартында белгiленген мерзiмде мүлiктi
күрделi жөндеуден өткiзбесе, ал ол шартта көрсетiлмеген жағдайда - заң
актiлерiне немесе шартқа сәйкес күрделi жөндеу мiндетi жалға алушыға
жүктелген жағдайларда, оны қисынды мерзiмде өткiзбесе, мүлiктi жалға алу
шарты бұзылып, мүлiк жалға берушiге қайтарылуы мүмкiн.
Жалға берушi жалға алушыға өз мiндетiн қисынды мерзiмде орындауға
мүмкiндiк берiлгеннен кейiн ғана шартты мерзiмiнен бұрын бұзуды талап етуге
құқылы.
Жалға алушының талап етуiмен шарт мынадай жағдайларда:
1) жалға берушi мүлiктi жалға алушыға пайдалануға бермеген не мүлiктi
шарт талаптарына немесе мүлiктiң мақсатына сәйкес пайдалануға кедергi
жасаған;
2) жалға берушi өзiне жүктелген мүлiктi күрделi жөндеу мiндетiн
шартта белгiленген мерзiмде, ал ол шартта болмаған жағдайда - қисынды
мерзiмде жүргiзбеген;
3) жалға алушыға берiлген мүлiкте оны пайдалануға кедергi келтiретiн
кемшiлiктер болып, оны шарт жасалған кезде жалға берушi ескертпеген, жалға
алушыға алдын ала белгiлi болмаған және мүлiктi көрген кезде немесе шарт
жасаған кезде оның ақаусыздығын тексерген кезде оның байқалуы мүмкiн
болмаған;
4) егер мүлiк жалға алушы жауап бермейтiн мән-жайларға байланысты
пайдалану үшiн жарамсыз күйде болған реттерде мерзiмiнен бұрын бұзылуы
мүмкiн.
Өз мiндетiн лайықты түрде атқарған жалға алушының, егер заң актiлерiнде
немесе шартта өзгеше көзделмесе, шарт мерзiмi бiткеннен кейiн басқа
тұлғалардың алдында мүлiк жалдау шартын жаңа мерзiмге жасау үшiн басқадай
тең жағдайларда артықшылықты құқығы болады. Жалға алушы мүлiктi жалға алу
шартында көрсетiлген мерзiмде, ал егер шартта осындай мерзiм көрсетiлмесе,
шарттың қолданылуы аяқталғанша қисынды мерзiмде осындай шартты жасағысы
келетiндiгi туралы жалға берушiге жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Мүлiктi жалға алу шарты жаңа мерзiмге жасалған кезде шарт талаптары
тараптардың келiсiмiмен өзгертiлуi мүмкiн. Егер жалға берушi шартты жаңа
мерзiмге жасасу жөнiнде жалға алушыдан бас тартса, бiрақ шарт мерзiмi
бiткен күннен бастап бiр жылдың iшiнде басқа тұлғамен мүлiктi жалдау шартын
жасаса, жалға алушы өз таңдауы бойынша сотта осы жасалған шарт бойынша
құқықтар мен мiндеттердi өзiне ауыстыруды және өзiмен шарт жасасуды
жаңартудан бас тарту арқылы келтiрiлген залалды өтеудi не тек залалды
өтеудi талап етуге құқылы. 4,5

2.2. Жалға алушының құқықтарын қорғау
Жалға алушыға оның жалға алған мүлiкке құқықтары меншiк құқығын
қорғаумен тең қамтамасыз етiледi. Жалға берушi жалға алынған мүлiктi
пайдалану қандай да болсын құқықтары жоқ үшiншi бiр тұлғаның күш көрсеткен
iс-қимылдарымен бұзылғаны үшiн жалға берушiнiң алдында жауапты болмайды.
Жалға алушының талап қоюға және өзге де түрде өз атынан өзiне тиесiлi
құқықтарды қорғауға құқығы бар.
Мүлiк жалдау шартының жекелеген түрлерiне және жекелеген мүлiк
түрлерiн жалдау шарттарына (лизинг, кәсiпорындарды жалдау, үйлер мен
ғимараттарды жалдау, көлiк құралдарын жалдау, прокат), егер заң актiлерiнде
және Азаматтық Кодекстiң ережелерiнде олар туралы өзгеше көзделмесе, заңда
көзделген ережелер қолданылады.

Кәсiпорынды жалдау шарты
3.1. Шарттың жалпы сипаты мен нысаны
Кәсiпорынды жалдау шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға
кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы үшiн кәсiпорынды ақы төлеп уақытша
иеленуге және кәсiпорынды толығымен бiртұтас мүлiк кешенi ретiнде
пайдалануға, оның iшiнде құқық иесiнiң фирмалық атауына және (немесе)
коммерциялық белгiсiне, қорғалатын коммерциялық ақпаратқа құқығын, сондай-
ақ жалға берушiнiң басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ құқықтар мен
мiндеттердi қоспағанда, шартта көзделген басқа да айрықша құқықтағы
объектiлердi - тауар белгiсiн, қызмет көрсету белгiсiн және т.б. (айрықша
құқықтар кешенiн) беруге мiндеттенедi. Жалға берушiнiң тиiстi қызметпен
айналысуға берiлген лицензия негiзiнде алған құқықтары, егер заң
актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жалға алушыға берiлмеуге тиiс. Шарт
бойынша берiлетiн кәсiпорынның құрамына осындай арнаулы рұқсаты
(лицензиясы) болмаған жағдайда жалға алушының орындауы мүмкiн болмайтын
мiндеттемелердi енгiзу жалға берушiнi кредит берушiлер алдындағы тиiстi
мiндеттемелерден босатпайды. Кәсiпорынның қызметкерлерiне қатысты құқықтар
мен мiндеттер жалға берушiден жалға алушыға еңбек туралы заң актiлерiнде
көзделген тәртiппен ауысады. Жалға алушыға борыштарын аударғаны туралы
жалға берушi өз кредит берушiлерiн жалдау шарты жасалғанға дейiн жазбаша
түрде хабардар етуге мiндеттi, олар осындай аударумен келiспеген жағдайда
хабарлама алған күннен бастап үш айдың iшiнде жалға берушiден тиiстi
мiндеттемелердi тоқтатуын немесе мерзiмiнен бұрын орындауын және залалды
өтеуiн талап етуге құқылы. Егер көрсетiлген мерзiмде осы талаптардың
ешқайсысы қойылмаса, кредит берушi тиiстi борышты жалға алушыға аударуға
келiсiм бердi деп танылады. Кәсiпорын жалға алушыға жалға берушiден
мiндеттемелердi тоқтатуды немесе мерзiмiнен бұрын орындауды талап еткен
кредит берушiлермен есеп айырысу аяқталғаннан кейiн ғана берiлуi мүмкiн.
Кәсiпорынды мүлiк кешенi ретiнде жалға бергеннен кейiн жалға берушi мен
жалға алушы берiлген кәсiпорынның құрамына енгiзiлген, жалға алушыға кредит
берушiнiң келiсiмiнсiз аударылған борыштар бойынша бiрдей жауапты болады.
Кәсiпорынды жалдау шарты тараптар қол қойған бiрыңғай құжат жасау жолымен
жазбаша түрде жасалады. Кәсiпорынды жалдау шартының нысанын сақтамау
шарттың жарамсыздығына әкеп соғады. Кәсiпорынды жалдау шарты мемлекеттiк
тiркелуге тиiс және ол осындай тiркеуден өткен кезден бастап жасалған болып
есептеледi. Кәсiпорынды жалға алушыға беру өткiзу актiсi бойынша жүзеге
асырылады. Өткiзу актiсiн жасау мен қол қоюға ұсынуды қоса алғанда,
кәсiпорынды беруге дайындау, егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушiнiң
мiндетi болып табылады және соның есебiнен жүзеге асырылады. 4

3.2. Шарт тараптарының құқықтары мен міндеттері
Кәсiпорынды жалға алушы шарттың бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде, егер шартта
өзгеше көзделмесе, ағымдағы және күрделi жөндеудi қоса алғанда, кәсiпорынды
тиiстi техникалық күйде ұстауға мiндеттi. Егер шартта өзгеше көзделмесе,
жалға алынған кәсiпорынды пайдалануға байланысты шығындар жалға алушыға
жүктеледi. Жалға алушы жалға берiлген кәсiпорын мүлкiнiң құрамына кiретiн
материалдық қазыналарды, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше
көзделмесе, жалға берушiнiң келiсiмiнсiз сатуға, айырбастауға, уақытша
пайдалануға не қарыз етiп беруге оларды қосалқы жалға өткiзуге және шарт
бойынша осындай құндылықтарға қатысты өз құқықтары мен мiндеттерiн басқа
тұлғаға беруге құқылы, мұндай жағдайда бұл кәсiпорынның құнын кемiтуге әкеп
соқпауы және жалдау шартының басқа ережелерiн бұзбауы керек. Егер
кәсiпорынды жалдау шартында өзгеше көзделмесе, жалға алушы жалға берушiнiң
келiсiмiнсiз жалға алынған мүлiк кешенiнiң құрамына оның құнын арттыратын
өзгерiстер енгiзуге, оны қайта құруға, кеңейтуге, техникамен қайта
жарақтандыруға құқылы. Егер кәсiпорынды жалдау шартында өзгеше көзделмесе,
кәсiпорынды жалдаушы жалға алынған мүлiктен ажыратуға болмайтын жақсарту
құнының, мұндай жақсартуға жалға берушiнiң рұқсат етуiне қарамастан, өтемiн
алуға құқылы. Жалға берушi жалға алынған мүлiктен ажыратуға болмайтын
жақсарту құнын өтеу мiндетiнен, егер ол жалға алушының осы жақсартуға
шыққан шығысының жалға алынған мүлiк құнынан оның пайдаланылу қасиетiн
жақсарту мөлшерiне сәйкес келмейтiндей екенiн немесе мұндай жақсартуларды
жүзеге асыру кезiнде адалдық пен ақылға сыйымдылық принциптерiнiң
бұзылғандығын дәлелдесе, сот арқылы босатылуы мүмкiн. Жалдау шарты
тоқтатылған жағдайда кәсiпорын тұтастай мүлiк кешенi ретiнде Азаматтық
кодекс баптарында көзделген ережелердi сақтай отырып жалға берушiге
қайтарылуға тиiс. Өткiзу актiсiн жасауды және оны қол қоюға табыс етудi
қоса алғанда, кәсiпорынды жалға берушiге беруге дайындау, егер шартта
өзгеше көзделмесе, бұл жағдайда жалға алушының мiндетi болып табылады және
соның есебiнен жүзеге асырылады. 6

Үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты
4.1. Жалдау ақысының мөлшерi
Үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты бойынша жалға берушi үйдi немесе
ғимаратты жалға алушының уақытша иеленуiне және пайдалануына беруге
мiндеттенедi.. Егер осы Кодекстiң кәсiпорынды жалдау туралы ережелерiнде
өзгеше көзделмесе, кәсiпорындарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттердің өзіндік жұмысының тапсырмалары
Аренда шартының мерзімі
Энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу - сату шарты
АЙЫРБАС ШАРТЫ БОЙЫНША СУБЪЕКТІЛЕРІ
Мүлік жалдау (аренда) шарты
Банктің қаржылық операциялары
Лизинг шартының ерекшеліктрі
Сот актілерін орындау өндірісі
Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі
Факторинг - қаржылық маркетингтің тиімділігі жоғары формасы
Пәндер