Міндеттемелер ұғымы және олардың пайда болу негіздері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:
Курстық жұмыстың жоспары
Кіріспе . . . 3
1. 1. Міндеттемелер ұғымы және олардың пайда болу негіздері . . . 3
1. 2. Міндеттемені орындау: жалпы тәртібі, мерзімдері, жері мен орындаушылар . . . 4
1. 3. Мiндеттеменiң орындалғанын куәландыру . . . 5
2. Міндеттеменің түрлері
2. 1. Ақшалай мiндеттеме . . . 7
2. 2. Балама мiндеттеме. Ортақтасқан мiндеттеме . . . 8
2. 3. Субсидиялық мiндеттеме. Регрестiк талаптар . . . 9
3. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету
3. 1. Жалпы ережелер: әдістері, санкциялары . . . 9
3. 2. Айып төлеу . . . 9
3. 3. Кепіл: жалпы ұғымы мен жағдайлары . . . 10
3. 4. Кепiлдi тоқтату . . . 17
4. Кепілдік және кепіл болушылық
4. 1. Кепiлдiк. Кепiл болушылық: негiзi мен нысаны . . . 19
4. 2. Кепiлдiк берушiнiң және кепiл болушының жауапкершiлiгi . . . 19
4. 3. Кепiлдiк берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi . . . 20
4. 4. Кепiлдiктiң және кепiл болушылықтың тоқтатылуы . . . 20
4. 5. Кепілпұл . . . 21
5. Ұстап қалу
5. 1. Ұстап қалу туралы жалпы ережелер . . . 21
6. Міндеттемедегі адамдардың ауыстырылуы
6. 1. Несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысу негiздерi мен тәртiбi . . . 22
6. 2. Талап етудi беру шарттары мен нысаны . . . 23
7. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық
7. 1. Мiндеттеменiң бұзылғандығы ұғымы . . . 23
7. 2. Жауапкершiлiк және мiндеттеменi заттай орындау . . . 24
7. 3. Мiндеттеменi борышқордың есебiнен орындау. Субсидиялық жауапкершiлiк . . . 25
7. 4. Мiндеттемелер жөнiндегi жауапкершiлiк . . . 25
8. Міндеттемені тоқтату
8. 1. Мiндеттеменi тоқтату негiздерi мен түрлері . . . 27
9. Шарт туралы жалпы ережелер
9. 1. Шарт ұғымы және оның ережелері . . . 29
9. 2. Шарт жағдайларын анықтау . . . 30
9. 3. Шарттың қолданылуы мен бағасы . . . 30
9. 4. Жария шарт . . . 31
9. 5. Қосылу шарты. Алдын ала жасалатын шарт . . . 31
9. 6. Үшiншi жақтың пайдасына жасалатын шарт . . . 32
9. 7. Шарттың елеулi ережелерi. Шарттың нысан Шарт жасасу тәртiбi . . . 32
10. Шартты өзгерту және бұзу
10. 1. Шартты өзгерту және бұзу негiздерi . . . 34.
Қорытынды . . . 36
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 37
Кіріспе
Азаматтық құқықтық институттарының бірі - міндеттемелік құқық. Яғни, міндеттеме - азаматтық құқықтық қатынастардан туындайды. Бұл күрделі тақырыптың бірі. Сондықтан, алдымен міндеттеменің субъектісін анықтағаным жөн. Міндеттемелік қатынасқа қатысушылар - борышқор мен несие беруші. Борышқор - белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға міндетті, немесе, одан түрлі себептерге байланысты бас тарта тұратын жақ; несие беруші - борышқордан мойнындағы міедеттемесін орындауды талап ететін жақ. Егер заң құжаттарында өзгеше көрсетілмесе, бұлар - азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекеттің міндеттеме тараптары деген сияқты өзіндік атаулармен нұсқауланады. Жазылғанға сәйкес былай тұжырымдаса болады: «Міндеттеме дегеніміз - екіжақты құқықты қатынас ақыр аяғына дейін жеткізілгенше жауапкершілікке шақыруға, яғни, талап етуге құқықты туындатады». Өзге де құқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменің пайда болу негіздері белгілі бір заңдық фактілерге байланысты және сол негіздерден көрінеді. Олар: шарттан, зиян келтіру салдарынан, конкурстық жағдайладдан, негізсіз баю салдарынан пайда болады. Міндеттеменің пайда болу негізіне құқыққа қайшы нақты әрекеттер де жататыны байқалады. Атап өтсем - біреудің мүлкін кездейсоқ не қасақана иелену, залал келтіру арқылы өзгенің заңмен қорғалатын мүддесін бұзу. Міндеттеменың тараптары мен талаптары мазмұнында айқындалады. Өзінің мазмұнына, объектілерінің салалық ерекшеліктеріне және субъектілерінің сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
- Жағымды және жағымсыз мазмұнды;
- Біржақты және өзара ортақ;
- Борышқор әрекетін нақты айқындайтын және балама;
- Қатаң түрдегі жеке сипаттағы;
- Басты және тәуелді;
- Шартқа негізделген немесе шарттан тыс және біржақты еркін құжат түрлеріндегі міндеттемелер.
1. 1. Міндеттемелер ұғымы және олардың пайда болу негіздері
Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие берушiнiң) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т. б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Несие берушi борышқордан атқарылғанды қабылдауға мiндеттi.
Мiндеттемеде оның әр тарабы - несие берушi немесе борышқор ретiнде бiр мезгiлде бiрнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде осы Кодексте белгiленген ережелерге сәйкес үлестi, ынтымақты немесе жәрдем берушiлiк мiндеттеме пайда болады.
Борышқор жағынан мiндеттемеге қатысушы адамдардың бiрiне несие берушi қойған талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi несие берушiнiң өзге да осындай адамдарға қоятын талаптарына өздiгiнен әсер етпейдi.
Егер мiндеттемеге сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына мiндет алса, бұл оның пайдасына жасауға мiндеттi басқа тараптың борышқоры және сонымен бiрге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушiсi болып есептеледi. Тараптар (борышқор мен несие берушi) және үшiншi жақ мiндеттемеге қатысушылар болып табылады. Үшiншi жақ ретiнде мiндеттеме тараптарының бiреуiне мiндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады. Мiндеттеме үшiншi жақ үшiн мiндеттер туғызбайды. Заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мiндеттеме үшiншi жақтар үшiн мiндеттеменiң бiр немесе екi тарапына да қатысты құқықтар туғызуы мүмкiн. /2/
1. 2. Міндеттемені орындау: жалпы тәртібі, мерзімдері, жері мен орындаушылар
Мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс. Мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiлмеуiЗаңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға және оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейдi.
Егер мiндеттеме шарттарында, заңдарда өзгеше белгiленбесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, несие берушi мiндеттеменi бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы.
Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе және iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, борышқор мiндеттеменi орындау кезiнде несие берушiнiң өзi немесе бұған ол уәкiлдiк берген адам орындауға қабылдайтын нәрсенi талап етуге құқылы және мұндай талап жасалмауының зардабын тартуға тәуекел етедi.
Егер заңдарда немесе шартта көзделсе, сол сияқты үшiншi жақ тиiстi шарт арқылы тараптардың бiрiмен байланысты болса, мiндеттеменi орындау түгелдей немесе бөлшектеп үшiншi жаққа жүктелуi мүмкiн. Егер заңдардан, мiндеттеме шарттарынан немесе оның мәнiнен борышқордың мiндеттеменi жеке өзi орындау мiндетi туындамаса, несие берушi борышқор үшiн үшiншi жақ ұсынған орындау iсiн қабылдауға мiндеттi. Несие берушiнiң борышқор мүлкiнен ақы өндiрiп алуы салдарынан өзiнiң бұл мүлiкке құқығынан (иелену, пайдалану, кепiлге салу құқығы және басқа құқықтары) айрылу қаупi төнген үшiншi жақ несие берушiнiң талабын борышқордың келiсiмiнсiз өз есебiнен қанағаттандыра алады. Бұл ретте мiндеттеме бойынша несие берушiнiң құқығы үшiншi жаққа көшедi және Азаматтық Кодекстiң талапқа көну туралы ережелерi қолданылады.
Егер мiндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиiстi уақыт кезеңi көзделсе немесе анықтауға мүмкiндiк берсе, мiндеттеме сол күнi немесе тиiсiнше сол кезең iшiнде кез келген уақытта орындалуға тиiс. Мiндеттемеде ол орындалатын мерзiм көзделмесе және бұл мерзiмдi анықтауға мүмкiндiк беретiн шарттар болмаса, ол мiндеттеме пайда болғаннан кейiн ақылға қонымды мерзiмде орындалуға тиiс. Ақылға қонымды мерзiмде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзiмi талап етiлетiн кезбен белгiленген мiндеттеменi, егер заңдардан, мiндеттеме шарттарынан, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен басқа мерзiмде орындау мiндетi туындамаса, борышқор несие берушi оның орындалуын талап еткен күннен бастап жетi күн мерзiмде орындауға мiндеттi.
Ұзақ мерзiмде орындалатын болып есептелген мiндеттемелер, егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, не мiндеттеме мәнiнен немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан туындамаса, бiрқалыпты, мiндеттеменiң осы түрi үшiн ақылға қонымды кезеңдерде (күн, онкүндiк, ай, тоқсан және т. б. ) орындалуға тиiс.
Егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, және оның мәнiнен туындамаса, борышқор мiндеттеменi мерзiмiне дейiн орындауға құқылы.
Кәсiпкерлiк қызметке байланысты мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындауға мiндеттеменi мерзiмiне дейiн орындау мүмкiндiгi заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында көзделген, не iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеменiң мәнiн туындаған реттерде ғана жол берiледi.
Заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында борышқордың несие берушiге мiндеттеменiң орындалу барысы туралы хабарлап отыру мiндетi көзделуi мүмкiн.
Егер мiндеттеме орындалатын жер заңдарда немесе оның шарттарында белгiленбесе немесе мiндеттеме мәнiнен немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан көрiнбесе, ол:
1) мiндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлiктi беру - мүлiк орналасқан жерде;
2) мiндеттеме бойынша тауарды немесе өзге де мүлiктi тасымалдауды пайдалана отырып беру - мүлiктi несие берушiге жеткiзу үшiн оны бiрiншi тасымалдаушыға тапсыратын жерде;
3) егер бұл жер мiндеттеме пайда болған кезде несие берушiге белгiлi болса, кәсiпкердiң басқа мiндеттемелерi бойынша тауар немесе өзге де мүлiктi беру - мүлiк дайындалған немесе сақталатын жерде;
4) ақшалай мiндеттеме бойынша - несие берушiнiң мiндеттеме пайда болған кездегi тұрғылықты жерiнде, ал егер несие берушi заңды тұлға болса - мiндеттеме пайда болған кезде оның болған жерiнде; егер несие берушi мiндеттеменiң орындалу кезiнде тұрғылықты жерiн немесе тұрған жерiн өзгертiп, бұл туралы борышқорға хабарласа орындалатын жердiң өзгертiлуiне байланысты барлық шығындарды соның есебiне жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерiнде немесе тұрған жерiнде;
5) басқа да барлық мiндеттемелер бойынша - борышқордың тұрғылықты жерiнде, ал егер борышқор заңды тұлға болса - оның орналасқан жерiнде орындалуға тиiс. /3/
1. 3. Мiндеттеменiң орындалғанын куәландыру
Мiндеттеменiң орындалғанын қабылдай отырып, несие берушi борышқордың талап етуi бойынша оның толық немесе бiр бөлiгi орындалғаны жөнiнде оған қолхат беруге мiндеттi. Егер борышқор мiндеттеменi куәландыру үшiн несие берушiге борыш құжатын берсе, несие берушi оның орындалғанын қабылдай отырып, құжатты борышқорға қайтаруға тиiс. Қайтарып беру мүмкiн болмаған жағдайда ол мұны өзi беретiн қолхатта көрсетуге мiндеттi.
Қолхат борышқорға қайтарылған борыш құжатындағы жазумен алмастырылуы мүмкiн. Борышқорда борыш құжатының болуы, өзгеше дәлелденгенге дейiн мiндеттеменiң тоқтатылғанын куәландырады. . Несие берушi мiндеттеменiң орындалғаны туралы қолхат беруден, борыш құжатын қайтарудан немесе оны қайтарудың мүмкiн еместiгiн қолхатта атап көрсетуден бас тартқан жағдайда борышқор оны орындауды кiдiрте тұруға құқылы. Бұл ретте несие берушi мерзiмiн өткiзiп алушы деп есептеледi.
Егер борышқор:
1) несие берушiнiң немесе орындалған iстi қабылдауға өзi уәкiлдiк берген адамның мiндеттеме орындалуға тиiстi жерде болмауы;
2) несие берушiнiң әрекет қабiлетсiздiгi және оның өкiлiнiң болмауы;
3) мiндеттеме бойынша атап айтқанда, бұл мәселе жөнiнде несие берушi мен басқа адамдар арасындағы дауға байланысты несие берушiнiң кiм екенi жайында анық айқындық болмауы;
4) несие берушiнiң орындалған iстi қабылдаудан жалтаруы немесе оның тарапынан өзге мерзiмiн өткiзiп алушылық салдарынан борышқор мiндеттеменi орындай алмаса, борышқор мiндеттемелерiн орындау үшiн өзiнен алынатын ақшаны депозит шарттарында, ал бағалы қағаздарды нотариустың атына сақтау шарттарында, ал заң құжаттарымен белгiленген жағдайларда соттың атына орналастыруға құқылы.
Ақша сомасын немесе бағалы қағаздарды депозит шарттарында салу немесе нотариустың немесе соттың атына сақтау мiндеттеменiң орындалғаны болып есептеледi. Ақша немесе бағалы қағаздар атына салынған нотариус немесе сот бұл туралы несие берушiлерге хабарлайды.
Міндеттеменің түрлері
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың тендігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады.
Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.
Азаматтық заңдардағы белгілерге сай келетін отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиісінше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.
Шарттық міндеттемелерді тоқтатудың негізгі себептеріне олардың тиісінше орындалуы, қарсы талапты қанағаттандыруы, несие беруші мен борышқордың бір адам ретінде үйлесуі, тараптардың келісуі, орындауды атқарудың мүмкін еместігі, борышқордың немесе берушінің өлімі жатады. Міндеттемені тоқтатудың басты және мейлінше, кең тараған тәсілі оның тиісті деңгейде орындалуы болып табылады. Борышқордың талап етуімен орындау несие берушінің қолхатымен куәландырылуы мүмкін
Қазақстан Республикасының қалыптасу, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән- маңызы айрықша күшейеді. Тауарлық- ақшалық (мүліктік) және басқару қарым- қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түспек.
Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конституциясын, оның жаңа қырлары мен ерекшеліктерін және басқа да заңдардың жоғары принциптерін, олардың мағынасы мен мазмұнын қайтадан бағалау онша оңай шаруа емес. Сатып алу-сату ауқымын реттеуде Азаматтық кодекстің жалпы бөлімінің кейбір нормаларының, мысалы, мәмілелер туралы, мүліктің кездейсоқ жойылу қаупі туралы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 5 маусымдағы «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңы мен т. б. маңызы ерекше. Осы заңдардың негізінде сатып алу-сату шартының мәселелерін реттейтін нұсқаулар, ережелер қабылданған.
Азаматтық айналымда сан алуан шарттар бар. Шарттар бір-бірінен келесі негіздер бойынша ажыратылады:
- Шарттың пәні;
- Шарттың талаптары;
- Шарттың субьектілері;
- Шартқа қатысушы тараптардың құқықтары мен міндеттері;
- Шарттың мерзімдері мен нысаны;
- Шарттың мазмұны;
- Шарттан туындайтын жауаптылық. т. б. с. с
Бірақ, бұлардың барлығына ортақ бір негіз бар. Ол шартпен адам және азаматтардың бостандықтары мен құқықтары реттеледі. Егер шарттың тараптары талаптарды орындамаса, бұзса бұл жағдайда сот арқылы адамдар жоққа шығарылған не бұзылған бостандықтары мен құқықтарын қалпына келтіруге құқылы. Сотта жауапкерден моральдық немесе материалдық талап қою, оларды өтеу жүзеге асырылады.
Осыған байланысты жас егемен республиканың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін нығайту, мейлінше, маңызды екендігі сөзсіз. /3, 4, 5/
2. 1. Ақшалай мiндеттеме
Ақшалай міндеттемеге байланысты бір адам (борышкер) екінші адамға (кредиторға) ақша төлеуге міндетті, ал кредитордың борышкерден ақша төлеу жөніндегі міндеттерін (ақша қарызы және басқа да міндеттемелер) орындауын талап етуге құқығы бар. Өтеу туралы шарт, залалды өтеу және тұрақсыздық айыппұлын төлеу туралы міндеттемелер, сондай-ақ зиян келтіру не негізсіз баю салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша ақша төлеу жөніндегі міндеттерге, егер Азаматтық Кодексте, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе немесе міндеттеме мәнінен туындамаса, ақшалай міндеттемелер туралы ереже қолданылады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай міндеттемелер теңгемен көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының аумағында міндеттемелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде шетел валютасын, сондай-ақ шетел валютасындағы төлем құжаттарын пайдалануға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жағдайларда және шарттарда немесе оларда белгіленген тәртіппен жол беріледі.
Төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру тәртібі мен тәсілдері Қазақстан Республикасының ақша төлемдері мен аударымдары туралы заңнамасында белгіленеді және оларды тараптар тиісті шартта айқындайды.
Ақшалай мiндеттеменi орындау үшiн жеткiлiксiз төленген төлемнiң сомасы тараптардың өзге келiсiмi болмаған жағдайда ең алдымен несие берушiнiң орындау жөнiндегi шығындарын, сонан соң айыпақы мен сыйақыны (мүдденi), ал қалған бөлiгiнде - борыштың негiзгi сомасын өтейдi. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, ұзақ мерзiмдi мiндеттемелерде тараптар келіскен шарттарда төлемдi индекстеу көзделуi мүмкiн. Ақшалай мiндеттеме бойынша азаматты асырауға тiкелей төленетiн сома (өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру үшiн, өмiр бойы асырау шарты бойынша және басқалары) ең төменгi жалақының ресми түрде өсуiне қарай арттырылып отырады.
Егер заңдардан, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан, мiндеттеме шарттарынан немесе оның мәнiнен өзгеше туындамайтын болса, тараптар өзара мiндеттердi бiр мезгiлде орындауға тиiс. Тараптардың бiрiнiң мiндеттеменi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы өзара мiндеттердi орындау және қарсы талаптарды қанағаттандыру кезiнде, егер заң құжаттарында немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше белгiленбесе, екiншi тарапты өз мiндеттерiн орындаудан босатады.
2. 2. Балама мiндеттеме. Ортақтасқан мiндеттеме
Екi немесе бiрнеше әрекеттiң бiрiн жасауға мiндеттi борышқорға, егер заңдардан немесе мiндеттеменiң шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау құқығы берiледi.
Егер мiндеттемеге бiрнеше несие берушi немесе бiрнеше борышқор қатысса (адамдар көп болған мiндеттеме), несие берушiлердiң әрқайсысы мiндеттеменi орындауды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы заңдардан немесе мiндеттеме шарттарынан өзгеше туындамайтындықтан, басқалармен тең үлестi орындауға мiндеттi (үлестi мiндеттеме) .
Несие берушiлердiң әрқайсысы мiндеттеменi толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы орындауға мiндеттi болуына сәйкес көп жақтар қатысатын мiндеттеме ортақтасқан мiндеттеме деп танылады. Егер бұл шартта көзделмесе немесе заң құжаттарында белгiленбесе, соның iшiнде мiндеттеменiң мәнi бөлiнбейтiн кезде ортақтасқан мiндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда болады. Кәсiпкерлiк қызметпен байланысты мiндеттеме бойынша бiрнеше борышқордың мiндеттерi, сол сияқты мұндай мiндеттемелердегi бiрнеше несие берушiнiң талаптары егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, ортақтасқан мiндет болып табылады. Борышқорлар ортақтасып мiндеттi болған жағдайда несие берушi барлық борышқорлардан да, жеке-жеке алғанда олардың кез келгенiн де оның үстiне борышты түгелдей де, бөлшектеп те орындауды талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың бiрiнен толық қанағаттанбаған несие берушi алынбағанды ортақтас борышқорлардың қалғандарынан талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлар мiндеттеме толық орындалғанға дейiн мiндеттi болып қала бередi. Борышқорлардың бiрiншi ортақтастық мiндеттi толық орындауы қалған борышқорларды несие берушi үшiн орындаудан босатады. Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушiлердiң кез келгенi борышқорға толық көлемiнде талап қоюға құқылы. Ортақтас несие берушiлердiң бiреуiне мiндеттеменi толық орындау борышқорды өзге несие берушiлерге оны орындаудан босатады. Ортақтасқан мiндет болған ретте борышқордың несие берушiнiң талаптарына қарсы басқа борышқорлардың осы борышқор қатыспайтын несие берушiге осындай қатынастарына негiзделген қарсылық бiлдiруге құқығы жоқ. Талаптар ортақ болған жағдайда борышқордың ортақтас несие берушiлердiң бiреуiнiң талабына қарсы осы несие берушi қатыспайтын борышқордың басқа ортақтас несие берушiмен осындай қатынастарына негiзделген қарсылық бiлдiруiне құқығы жоқ.
2. 3. Субсидиялық мiндеттеме. Регрестiк талаптар
Негiзгi борышқор несие берушiнiң мiндеттеменi орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орындалмаған бөлiгiнде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлiмдеуi мүмкiн екендiгi заң құжаттарында немесе несие берушi мен борышқордың арасындағы мiндеттеме ережелерiнде көзделуi мүмкiн.
Басқа адамның мiндеттемесiн орындаған борышқор орындалған мiндеттеме мөлшерiнде сол адамға керi талап (регресс) қоюға құқылы. Үшiншi адамның әрекеттерi салдарынан мiндеттеменi орындамаған борышқор осы адамнан залалдарын талап етуге құқылы. Ортақтасқан мiндеттеменi орындаған борышқор қалған борышқорлардың әрқайсысына оның өзiне тиесiлi үлесiн шегерiп, тең үлеспен керi талап қоюға құқылы. Борышқорлардың бiреуi ортақтасқан мiндеттi орындаған борышқорға төлемегенi осы борышқорға және қалған борышқорларға тең үлесте түседi. Осы тармақтың ережелерi борышқорлардың бiреуiнiң қарсы талабы есептеле отырып, тиiсiнше ортақтасқан мiндеттемелердi тоқтату кезiнде қолданылады. Борышқордың орындағанын қабылдаған ортақтас несие берушi басқа несие берушiлерге, егер олардың арасындағы қатынастардан өзгеше туындамаса, оларға тиесiлi үлестерiн өтеуге мiндеттi. /3/
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету
3. 1. Жалпы ережелер: әдістері, санкциялары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz