Оралмандар құқықтары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Оралмандар құқықтары

Қазақтарды тарихи отанына көшіру еліміздің көші-қон саясатының басты басымдықтарының бірі болып табылады. Мемлекеттік деңгейде этникалық қазақтарды елге көшіру механизмдерін құруға арналған, соның ішінде оларды ұйымдасқан түрде көшіру және орналасқан жерлерінде өмір сүру жағдайларын жасау шаралары қабылдануда.

Күн санап артып келе жатқан республикаға қоныс аударатын отандастарды қабылдау және орналастыру жөніндегі жұмыстарды талдау көші-қон көңіл-күйінің өсіп келе жатқан үрдісін көрсетеді. Жыл сайын келетін оралмандардың саны мемлекет белгілеген оралмандар көшіп келуінің квотасынан 2-3 есе артық.

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (әрі қарай - Көші-қон туралы Заң) сәйкес республикаға квота бойынша немесе квотадан тыс тұрақты тұруға келген адамдар оралман мәртебесін ала алады, оларға мемлекет жоғарыда аталған Заңда көзделген бірқатар кепілдіктерді қамтамасыз етеді. Көші-қон Заңына сәйкес - бұл Қазақстан Республикасы егемендігін алған сәтте одан тыс жерде тұрақты өмір сүрген және Қазақстанға тұрақты өмір сүруге келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар.

Республикада шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың елге келуіне және олардың Қазақстан азаматтығын алуына жеткілікті құқықтық база жасалған. 2002 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы азаматтық туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы оралмандарға оңайлатылған жолмен Қазақстан азаматтығын алуға мүмкіндік береді, оларға көшіп шыққан елінің азаматтығынан шығу талап етілмейді. Мемлекетаралық келісім жасалған Ресей Федерациясының, Белоруссияның, Украинаның және Қырғыз Республикасының азаматтарына қатысты алғанда азаматтық алу екі-үш айдың ішінде өтеді.

2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын 438, 6 мың адам алған, 40, 4 адамның материалдары ішкі істер органдарының қарауында жатыр, 68, 0 мың адам азаматтық алуға жатады, 15, 6 мың адам бір жерде тұруға белгі қағаз алып тұрып жатыр.

ҚР Жер кодексінің 46-бабына сәйкес оралмандарға өздерінің қосалқы шаруашылықтарын жүргізуге, бау-бақша өсіруге және саяжай салуға, сондай-ақ тауарлық ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге жер телімдері беріледі, олар Қазақстан Республикасының азаматтығын алған кезде мұның барлығы олардың жеке меншігіне өтеді. Сонымен қатар, олар тұратын елді мекендерде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері беріледі, олар Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін олардың жеке меншігіне өтеді (ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 9 шілдедегі қаулысы) .

«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекет оралмандар да кіретін халықтың мақсатты топтарын жұмыспен қамтуға жәрдем жасау жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.

Осыған орай ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде мақсатты топтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар көзделген:

- кәсіптік дайындыққа, біліктілігін көтеруге және қайта дайындыққа жіберген кездегі басымдық құқық;

- екі-үш аралас кәсіпке оқыту жолымен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Жоғарыда аталған бағдарламаға сәйкес жыл сайын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті бюджеттерінде жұмыспен қамту органдарының тапсырыстары бойынша оқыту мен кәсіптік дайындықты, қайта дайындықты және біліктілігін көтеруді ұйымдастыруға арналған шығыстар көзделеді.

1991 жыл мен 2007 жылғы 1 қаңтар аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасына саны 565757 адам болатын 143343 оралмандар отбасы көшіп келген. Олардың жартысынан көбі (61, 6%) Өзбекстаннан, 14, 3% - Монғолиядан, 8, 6% - Түркіменстаннан және 6, 7% - Қытайдан келгендер.

2006 жылы оралмандардың көшіп келу квотасына 14907 отбасы (82471 адам) енген.

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 27 қыркүйегіндегі қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған өңірлік Бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарын орындау үшін және көшіп келушілердің (оралмандардың) білім алу конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету, орта білім жүйесіндегі білім алуға сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында оралмандардың балаларын елдің жалпы білім беретін мектептерінде оқыту жөніндегі мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Отанына оралған оралмандар балаларының міндетті жалпы орта біліммен қамтылуын зерделеу мақсатында облыстық білім беру департаменттерінің (басқармаларының) жыл сайынғы есебіне оралмандардың мектеп жасындағы балалары туралы мәліметтер енгізілген.

2006-2007 оқу жылында республиканың жалпы білім беретін оқу орындарында 47841 көшіп келген оқушылар, соның ішінде жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сатысында - 16518, негізгі сатысында - 25101, жоғары сатыларында - 6205 бала және 17 мүгедек бала оқиды. Облыстық білім департаменттерінің мәліметтері бойынша қазіргі кезде көшіп келгендердің мектеп жасындағы барлық балалары (47841) оқып жатыр, оған бала күнінен мүгедек 17 бала кірмейді.

Республикаға 1276 мұғалім көшіп келген, олардың 1200-і жұмыспен қамтылған. Олардың біліктілігін көтеру курстары ұйымдастырылған.

Республиканың орта жалпы білім беру ұйымдарында жақын және алыс шетелдерден: Өзбекстаннан, Түркіменстаннан, Тәжікстаннан, Қырғызстаннан, Ресейден, Украинадан, Грузиядан, Иран Республикасынан, Қытайдан, Монғолиядан, Түркиядан, Пәкістаннан, Сауд Арабиясынан, Ауғанстаннан келген оралман оқушылар үшін олардың біліміндегі ақтаңдақтарды жою және білім беру бағдарламасына бейімделуі мақсатында қосымша сабақтар, консультациялар өткізіледі, арнайы өтпелі бағдарламалар көзделген. Пәкістан Ислам Республикасынан, Ауғанстаннан және Ираннан көшіп келген ересек халықтар үшін кириллицаны, қазақ және орыс тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылған.

Келген күнінен бастап оралман балалармен белгілі бір оқу-тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Мектептерде тілді жақсы меңгеру үшін қосымша «Тіл дамыту», «Тіл мәдениеті» арнайы курстары енгізіледі. Қызығушылықтары бойынша үйірмелер, қазақ және орыс тілдерінен факультативтік сабақтар ұйымдастырылады. Кештер, танымдық ойындар, туған өлкенің тарихын, қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын оқып-үйрену жөніндегі әңгімелер түрінде сыныптан тыс іс-шаралар өткізіледі. Көшіп келушілердің балалары мектептердің қоғамдық өміріне белсене атсалысады, көркем өнерпаздар үйірмесіне, байқау-конкурстар мен пәндер бойынша олимпиадаларға қатысады, спорт секцияларында шұғылданады.

Оралмандардың балаларын киіммен, аяқ киіммен және мектеп құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету шаралары қабылданды. Барлық балалар тегін оқулықтармен және тамақпен қамтамасыз етілген.

«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы шеңберінде республиканың жалпы білім беретін мектептерінің жанынан ұйымдастырылған қорлар, облыстық Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамдары, тұрмысы нашар адамдарға арналған өңірлік қорлар оралмандардың балаларына атаулы көмек көрсетеді.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 21 қарашадағы №1673 «Шетелдерде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қазақ диаспорасы өкілдерін жоғары оқу орындарының дайындық бөлімшелерінде оқытуға арналған жыл сайынғы квота көзделген.

Қазақ диаспорасының өкілдерін іріктеу және оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 23 сәуірдегі №334 бұйрығымен бекітілген Қазақ диаспорасы өкілдерін іріктеу тәртібі, шарттары және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқытуға жіберу туралы Ережелерге сәйкес жүргізіледі.

Оралмандардың, тарихи отанына оралған этникалық қазақтардың әлеуметтік-құқықтық қорғалуын бағалау кезінде «Қазақстандағы адамның құқықтары: қоғамдық пікір» жобасының респонденттері оралмандар құқықтары қорғалған деген пікірді айтқан, бұған сұрақ берілгендердің 37, 1% сенімді, 38, 2% респонденттер оралмандардың құқықтары ішінара қорғалған деп санайды, оралмандар Қазақстанда әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан қорғалмаған деп ойлайтындар тек 5, 9% құрайды. Респонденттердің жалпы санының 18, 7% жауап беруге қиналған. Бұл мәліметтер оралмандарға қатысты мемлекеттік саясаттың салмақтылығын, олардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау саласында мемлекеттің қолданып жатқан шараларының тиімділігін көрсетеді.

Өкінішке орай, практикада Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында кепілдік берілген оралмандардың құқықтарының бұзылу фактілері кездеседі.

ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияға оралмандардың шағымдарын, сондай-ақ прокуратура органдары жүргізген тексеру материалдарын талдау көші-қон жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарын, сондай-ақ оралман мәртебесін анықтаудың және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына қосудың Нұсқаулықтарын жиі бұзатынын көрсетіп отыр. Сонымен бірге кейбір оралмандар Адам құқықтары жөніндегі комиссияның назарын олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі зейнетақылық төлемдерді алу құқықтарының бұзылғанына аударды.

Тұрғын үй көмегін, зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындаумен байланысты мәселелер жөніндегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының 2-бабына сәйкес шетелдіктер мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты өмір сүретін азаматтығы жоқ адамдар егер де заң мен халықаралық келісім-шарттарда өзгеше көзделмесе зейнетақымен қамтамасыз етілу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей пайдаланатынын көрсетті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі №1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережелерінің (әрі қарай - Ережелер) 1 тармағымен тұратын жеріне қарамастан Қазақстан Республикасында өмір сүретін шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарының: 1) ҚР азаматының төлқұжаты, 2) жеке басының куәлігі; 3) шетелдіктің ҚР-да тұруына ықтяир хаты; 4) азаматтығы жоқ адамдардың куәлігі болуы көзделген.

Жеке басын куәландыратын басқа құжаттар Ережелерде көзделмеген.

Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын алмаған және Қазақстан Республикасында өзінің тұрақты өмір сүруін құжат арқылы (бір жерде тұруға ықтяир хат) ресімдемеген оралмандарға зейнетақылық төлемдер мен жәрдемақылар Орталықтан (оралман куәлігінің негізінде) тағайындалмайды.

Көші-қон туралы Заңның 14-бабына сәйкес оралман деп танылған адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі. Оралман куәлігі қатаң есепке алынған құжат және Заңда көзделген жеңілдіктер мен өтемақыларды алуға негіз болып табылады.

ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы №136 қаулысымен бекітілген «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында жүріп-тұруын құқықтық реттеудің жеке мәселелерінің» 18 тармағының талаптарына орай Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын адамдар боп оған рұқсат алған, сондай-ақ ішкі істер органдары берген бір жерге тұруға белгі қағаз алған шетел азаматтары танылады.

ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі №215, ҚР Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 14 сәуірдегі №08-1/93 және Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография агенттігі төрағасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі №35-п бірлескен бұйрығымен «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына кіруі мен жүріп-тұруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шығу тәртіптері және ішкі істер органдарының шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз көшіп-қонуының алдын алу және жолын кесу жөніндегі жедел-қызмет жұмыстарын ұйымдастыру туралы» Нұсқаулық бекітілген.

Аталған Нұсқаулықтың 68 тармағына сәйкес көшіп келу квотасы бойынша республикаға келген шетел азаматтары Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұруға рұқсат беру туралы өтініштерін тікелей ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелеріне береді. Оралмандардың бір мезгілде оларды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы «Қазақстан Республикасының азаматтығымен байланысты мәселелерді қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданылатын өтініштері берілген кезде оларға тұрғылықты тұру құқығына құжаттар берілмеуі де мүмкін.

Осылайша, Ережелер мен Бұйрықта оралмандарға тиісті жеңілдіктер мен өтемақы (тұрғын үйлік және басқа да өтемақыларды сондай-ақ зейнетақыларды) алуға негіз болатын куәлік беруді көздейтін норманың болмауы оралмандардың құқықтарын айтарлықтай шектейді.

Сонымен бірге, оралманның жеке басын куәландыратын құжат - оралманның куәлігі деп көрсетіп жоғарыда аталған Ереженің 2 тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

Қазақтарды тарихи Отанына көшіру жөніндегі ынталандыратын іс-шаралардың бірі оларға жеке тұрғын үй салуға қайтарымсыз негізде жер телімдерін беру болып табылады.

Сонымен қатар, практикада жер телімдерін беруде оралмандардың құқықтарының бұзылу фактілері анықталған. Мысалға, Ақмола облысы Макинск қаласының әкімі 2004 жылғы 6 шілдеде оралман Ж. -ға жер телімін уақытша пайдалану құқығымен үш жылға берген, белгіленген ережелерге сәйкес ол азаматтық алғанға дейін уақытша қайтарымсыз пайдалануға берілуге және азаматтығын алғаннан кейін - жеке меншігіне өтуге тиіс.

Жер кодексінің 12-бабының 15 тармағына сәйкес көші-қон жер қорлары - оралмандарға беру үшін резервтелген және арнайы жер қорының құрамына кіретін жер телімдері.

Алайда, аталған қордың жерлері заңды тұлғаларға, сондай-ақ оралман емес адамдарға берілген. Мысалға, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Т. 2005 жылғы қазанда оралмандарға арналған жер қорынан ауданның оралман емес 78 тұрғынына заңсыз жер телімін берген. Қолданылған шаралардың арқасында жер телімдері қорға қайтарылды.

Оның үстіне, көшіп келушілердің қоныс аударуын ұйымдастыру үшін көзделген қаражаттың оларға жетпей қалатын және оралман боп табылмайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына бөлінетін фактілері анықталған. Солтүстік Қазақстан облысының уәкілетті органы Оңтүстік Қазақстан облысында 1998 жылдан бері тұрып келе жатқан Қазақстан азаматы П. мен оның отбасы мүшелерін Солтүстік Қазақстан облысының уәкілетті органы 2004 жылы Аққайың және Айыртау аудандарының оралмандардың көшіп келу квотасына екі рет қосып, оларға заңмен көзделген төлемдер мен өтемақылар заңсыз төленген. Сонымен бірге осы облыстағы 274 оралманның көшіп келу квотасына қосу туралы өтініштері қанағаттандырылмаған.

Мемлекет басшысының жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның араласуынан кейін ғана барлық қажетті құжаттарын уәкілетті мемлекеттік органға 2003 жылы тапсырып қойған Өзбекстан азаматтары, этникалық қазақтар Б. және Ж. 2005 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 405, 502 және 506 баптарының талаптары бұзылғанын атап өткен жөн, бұл баптарға сәйкес жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу және онымен мәміле жасаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алған кезде оралмандар мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылады.

Алматы қаласында, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында оралмандардан заңсыз мемлекеттік баж салығын алған фактілер анықталған.

Көшіп келу квотасы бойынша тарихи Отанына көшіп келген оралмандарға бюджеттен ақша қаражатын бөлу мәселесін және олардың көшіп шыққан еліне қайта оралған жағдайда алған ақша қаражаттарын мемлекетке өз еркімен қайтаруын заңнамалық тұрғыда реттеу қажет

ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мемлекеттің ұстанымын бөліссе және қазақтардың тарихи Отанына оралу тарихи процесіне жәрдемдесуге тырыса отырып, оралмандардың көші-қон қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған бірқатар идеяларға бастамашы болып отыр. Комиссия проблеманың сан қырлылығын және осыған байланысты әртүрлі көзқарастар мен ұстанымдарды келісіп алу қажеттігін ескеретін саралап жіктеу көзқарасын жақтайды, оралмандарға қатысты басымдықтарды анықтау және бірінші кезекте алыс шет елдерге өзінің еркінен тыс барғандардың оралуына басымдық беру қажет деп санайды.

Ресейдің, Өзбекстанның аумағында жинақы тұратын қазақтарға келер болсақ, олардың көп бөлігі атам заманнан осы елдерде тұрып келеді, әйтсе де олардың арасына зұлмат жылдарында - қазақ халқы үшін нағыз геноцид болған төңкеріс пен ұжымдастыру кезеңдерінде келіп қосылғандар да бар.

ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Хатшылығының Санкт-Петербург қаласында, Саратов облысында және Омбы қаласында жүргізген мониторингтерінің көрсеткеніндей осы өңірлерде тұратын этникалық қазақтардың көпшілігі Ресейде еңбек етіп, өмір сүргенді қалайды.

Оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша және онсыз тарихи Отанына оралу құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысының жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия ҚР Үкіметіне оларды мемлекеттік шекараны кесіп өткенде заттары мен мүліктеріне қарамай кедендік баж салығынан босататын нормативтік құқықтық акті әзірлеп, қабылдауды ұсынады. Сонымен бірге Көші-қон туралы Заңға тиісті толықтырулар енгізуді ұсынады.

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына түзетулер енгізу, оралмандардың да, басқа қазақстандықтардың да мүдделерін ескере отырып, осы салада салиқалы теңдес саясатты жүзеге асыру қажет. Шешім тек қоғам мен биліктің әлеуметтік әріптестік шеңберінде ғана табылуы мүмкін. Оралмандарға қамқорлық жасау басқа азаматтардың мүдделерін шектеп, олардың құқықтарын бұзбауға тиіс. Бұл жағдай мемлекеттің ғана емес, азаматтық қоғам құрылымдарының, ҮЕҰ-дың, кәсіподақтардың да жауапкершілігін көздейді. Оралмандар проблемалары - бұл елдің ортақ проблемасы. Оларды шешу үшін қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылы қажет. Мысалға, адамдарға азаматтық алу мәселелерін шешуге, жұмысқа тұруға, мамандық алуға көмектесуге арналған қазіргі заманғы интеграция орталықтарын құру оралмандардың бейімделу проблемаларын шешуге жәрдемдесуі мүмкін.

Оралмандардың тұрғын үй құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысының жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия ҚР Үкіметіне Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде оралмандарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігін әзірлеп, практикаға енгізуді ұсынады.

ҰСЫНЫМДАР

1. Азаматтық алмаған және өзінің Қазақстанда тұрғылықты тұруын құжат түрінде ресімдеп үлгермеген оралмандардың зейнетақы мен басқа да әлеуметтік жәрдемақылар алу құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында зейнетақылар, жәрдемақылар және өзге де әлеуметтік төлемдер беру тәртібін регламенттейтін нормативтік актілерге, ішінара алғанда «зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау мен Орталықтан төлеуді ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа» құжаттар тізбесінде зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау үшін негіз болып табылатын оралман куәлігінің болуын көздей отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

2. Қазақстан Республикасы зейнетақы мәселелері бойынша екіжақты келісім жасамаған шетел мемлекеттерінен келген зейнет демалысы жасына жеткен оралмандарға ең төменгі зейнетақылық төлем заңнамалық түрде белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі №1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережелерінің 2 тармағына оралманның жеке басын куәландыратын құжат - оралман куәлігі деп көрсетіп толықтыру енгізілсін.

4. Оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша және онсыз тарихи Отанына оралу құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік шекараны кесіп өткенде заттары мен мүліктерінің санына қарамай кедендік баж салығынан босататын жеке нормативтік құқықтық акт әзірлеп, қабылдау қажет. Сонымен бірге «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына тиісті толықтырулар енгізу қажет.

5. Оралмандардың тұрғын үй құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында оралмандарды Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігі әзірленіп, практикаға енгізілсін.

6. Оралмандардың Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған тәртіппен алу құқығын толықтай қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ көші-қон полициясы мен басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жемқорлық құқық бұзушылығын жасауына мүмкіндік беретін жағдайларды жою үшін азаматтықты ресімдеуге қажетті құжаттар тізбесінен оралмандарды тарихи Отанына келген бойда олардың тұратын жерінде жеке меншік құқығындағы тұрақты тұрғын үйінің жоғына қарамастан тұратын жерінде үнемі тіркеліп отыруға міндеттейтін оралмандарға қатысты мекен-жайлық анықтама алынып тасталсын.

7. Оралмандардың қос азаматтығын жою мақсатында оралмандардың көшіп шыққан елдерімен Қазақстан Республикасы Ішкі министрлігінің нақты оралманның Қазақстан азаматтығын алғандығы туралы міндетті түрде шетел мемлекеттерінің тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарына хабарлап отыруын көздейтін екіжақты үкіметаралық келісімдер жасау қажет

Бала құқықтары

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау - Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.

1989 жылғы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымы Бала құқықтары туралы конвенция қабылдады. Бала құқықтары саласындағы бұрындары қабылданған халықаралық құжаттармен салыстырғанда - бұл Бала құқықтары халықаралық құқық күшін алатын барынша толыққанды құжат. Қазақстан Кеңес Одағы тарағаннан кейін алғашқылардың бірі болып 1994 жылы осы Конвенцияға қосылып, ратификациялады, сол сияқты оның екі Факультативтік хаттамаларын да ратификациялады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық азиядағы миграциялық үрдістер, соның ішінде Қазақстанның миграциялық статистикасына талдау
Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы
Эмигрант және эмиграция ұғымы
Халықтың көші-қоны туралы
Адам және азаматтардың құқықтарының негіздері, оларды қорғау
ҚР адам мен азаматтың азаматтық құқықтық жағдайы
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасында көші-қон үрдісінің әлеуметтік аспектілері
Қазақстан Республикасында көші-қон қатынастарын реттеудің мемлекеттік-құқықтық негізі
Қазақстан мен Ресей арасындағы Көші - қон мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz