Сақтандыру нысандары
Сақтандыру шарты
Сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру
сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы)
сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген
сома (сақтандыру сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге
тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенедi. Қазақстан
Республикасының заңнамалық актiлерiнде сақтандыру шартында көзделген
тәртiппен және жағдайларда өзге де төлемдердi жүзеге асыру жағдайлары
көзделуi мүмкiн. Сақтандыру сақтандыру шарты негiзiнде жүзеге асырылады.
Сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы қатынастар, сондай-
ақ олардың сақтандыру шартын жасау және оны орындау процесi кезiнде
туындайтын сақтандырылғандармен және пайда алушылармен қатынастары осы
Кодекспен реттеледi.
Сақтандыру нысандары
Сақтандыру нысандары:
1) мiндеттiлiк дәрежесi бойынша - ерiктi және мiндеттi;
2) сақтандыру объектiсi бойынша - жеке және мүлiктiк;
3) сақтандыру төлемiн жүзеге асыру негiздерi бойынша - жинақтаушы
және жинақтаушы емес болып табылады.
Сақтандыру қызметiн лицензиялау мақсатында заң актiлерiнде өзгеше
жiктеу көзделуi мүмкiн.
Сақтандырудың түрлері
Мiндеттi және ерiктi сақтандыру
Мiндеттi сақтандыру - егер сақтандырудың мiндеттi түрлерiн
реттейтiн заңнамалық актiлерде өзгеше белгiленбесе, талаптары тараптардың
келiсiмiмен айқындалатын, заңнамалық актiлердiң талаптарына орай жүзеге
асырылатын сақтандыру. Өз өмiрiн немесе денсаулығын сақтандыру мiндетiн
азаматқа заң актiлерiмен де, шартпен де жүктеуге болмайды. Мiндеттi
сақтандыру сақтанушының есебiнен жүзеге асырылады. Мiндеттi сақтандыру
кезiнде сақтанушы, егер сақтандырудың осы түрiн реттейтiн заңнамалық
актiлерде өзгеше белгiленбесе, тараптардың келiсiмiмен айқындалған талаптар
бойынша сақтандырушымен шарт жасауға мiндеттi. Мiндеттi сақтандыру шарты
сақтандырудың осы түрiн жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандырушымен ғана
жасалады. Сақтандырудың мiндеттi түрiн реттейтiн заңнамалық актiлерде
тәртiбi мен талаптары белгiленген мiндеттi сақтандыру шартын жасасу, егер
осы заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, жоғарыда аталған сақтандырушы
үшiн мiндеттi болып табылады.
Ерiктi сақтандыру - тараптардың еркiн бiлдiруiне орай жүзеге
асырылатын сақтандыру. Ерiктi сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртiбi
тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi..
Сақтандыру объектiсi
Азаматтардың және заңды тұлғалардың, соның iшiнде:
1) азаматтардың белгiлi бiр жасқа дейiн немесе сақтандыру
шартында белгiленген мерзiмге дейiн өмiр сүруiне, өлiмiне, азаматтардың
өмiрiнде белгiлi бiр оқиғалардың басталуына;
2) жазатайым жағдайлардың және өзге де оқиғалардың, аурулардың
салдарынан азаматтардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуiне;
3) мүлiктi иеленуiне, пайдалануына және оған билiк етуiне;
4) басқа тұлғаларға, соның iшiнде шартты (мiндеттемелердi) бұзу
салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты кез келген мүлiктiк
мүдделерi мүлiктiк және жеке сақтандыру объектiлерi бола алады.
Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша сақтандыру объектiсi заң
актiлерiмен айқындалады. Сақтанушының құқыққа қайшы мүлiктiк мүдделерi
сақтандыруға жатпайды.
Заң актiлерiне сәйкес пайдасына мiндеттi сақтандыру жүзеге
асырылуы тиiс болған адам, егер оның сақтандырылмағандығы белгiлi болса,
осы мiндет жүктелген тұлғадан оны сот тәртiбiмен талап етуге құқылы. Егер
сақтандыру мiндетi жүктелген тұлға оны жүзеге асырмаса немесе сақтандыру
шартын заң актiлерiнде көзделгенмен салыстырғанда сақтандырылғандардың
жағдайын нашарлататындай жағдайда жасаған болса, бұл тұлға сақтандыру
жағдайы басталған кезде дұрыс сақтандыру кезiнде сақтандыру төлемi қандай
талаптарда жүзеге асырылатын болса, сақтандырылғандардың алдында сондай
талаптарда жауапты болады. Заң актiлерiмен сақтанушы болу мiндетi жүктелген
тұлға сақтандыруды жүзеге асыруға мiндеттi, алайда одан жалтаратын
сақтандырушыны заң актiлерiнде көзделген талаптарда сақтандыру шартын
жасауға мәжбүр етудi сот тәртiбiмен талап етуге құқылы. Сақтанушы ретiнде
оны жүзеге асыруға мiндеттi тұлғалардың, сондай-ақ сақтандырушы ретiнде iс-
қимыл жасауға мiндеттi сақтандыру ұйымының сақтандырудан жалтаруы заң
актiлерiнде көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Жеке және мүлiктiк сақтандыру
Азаматтың өмiрiн, денсаулығын, еңбекке қабiлеттiлiгiн және жеке
басына байланысты өзге де мүлiктiк мүдделерiн сақтандыру жеке сақтандыруға
жатады. Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзi, сондай-ақ шартта
аталған басқа (сақтандырылған) адам сақтандырылған болуы мүмкiн. Мүлiктi
және оған байланысты мүлiктiк мүдделердi сақтандыру мүлiктiк сақтандыруға
жатады. Мүлiктi сақтандыру кезiнде мүлiктiң жоғалуы (жойылуы) тәуекелi,
жетiспеуi немесе бүлiнуi және өзге де мүлiктiк игiлiктер мен құқықтар
сақтандырылады. Сақтанушының немесе пайда алушының мүлiктердi сақтандыруға
мүддесi болмаған жағдайда жасалған мүлiктiк сақтандыру шарты жарамсыз
болады. Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезiнде, үшiншi бiр
адамдардың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне зиян келтiрудiң салдарынан
туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапты болу, сондай-ақ шарттардан
туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапты болу тәуекелiн сақтандырады.
Жинақтаушы сақтандыру
Сақтандыру жағдайы туған кезде, соның iшiнде сақтандыру шартында
белгiленген кезең не олардың қайсысының бұрын туындауына байланысты
сақтандыру шартында көзделген өзге оқиға аяқталғанда сақтандыру төлемiн
жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру жинақтаушы сақтандыру болып табылады.
Туындауының ықтималдық және кездейсоқ белгiлерi бар Сақтандыру жағдайы
туған кезде ғана сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру
жинақтаушы емес сақтандыру болып табылады.
Аннуитеттiк сақтандыру шарты - сақтандырушыны шартта белгiленген
мерзiм iшiнде пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде сақтандыру
төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты. Жинақтаушы
сақтандыру шарттары тек қана жеке сақтандыру бойынша жасалуы мүмкiн..
Аннуитеттiк сақтандыру шарты жинақтаушы сақтандыру шарттарына жатады.
Шарттың тараптары
Сақтанушы
Сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға.
Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады. Сақтанушы
сақтандырудың ерiктi де, мiндеттi де нысандары бойынша сақтандырушыны
таңдап алуға ерiктi. Сақтанушы:
1) сақтандыру шарты белгiлеген мөлшерде, тәртiппен және
мерзiмдерде сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге;
2) сақтандыру тәуекелiнiң жай-күйi туралы сақтандырушыны хабардар
етуге;
3) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы
хабарлауға;
4) сақтандыру жағдайынан туатын залалдарды азайту үшiн шаралар
қолдануға;
5) сақтандыру жағдайының басталғандығы үшiн жауапты адамнан талап
ету құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Сақтандыру шартында сақтанушының басқа да мiндеттерi көзделуi
мүмкiн.
Сақтандырушы
Сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру
жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге
тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының)
шегiнде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттi тұлға. Сақтандыру ұйымы
ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы
бар заңды тұлға не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы
заңнамалық актiсiне сәйкес өзара сақтандыру қоғамы ғана сақтандырушы бола
алады.
Сақтандырушы:
1) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру шартында немесе
заң актiлерiнде белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде сақтандыру
төлемiн жүргiзуге;
1-1) егер сақтандыру шарты сақтанушыға сақтандырудың ерiктi
түрлерi бойынша сақтандыру полисiн бере отырып қосылу шарты нысанында
жасалған болса, сақтанушыны сақтандыру ережелерiмен таныстыруға және
ережелердiң көшiрмесiн беруге;
2) сақтанушыға (сақтандырылған адам) сақтандыру жағдайы кезiнде
олардың залалдарды азайту үшiн жұмсаған шығындарын өтеуге;
3) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
4) сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбiрленушi (пайда алушы) не
олардың өкiлi сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi барлық
құжаттарды бермеген жағдайда, оларды сақтандыру шартында белгiленген
мерзiмде жетiспейтiн құжаттар туралы хабардар етуге мiндеттi.
Сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заң актiлерiнде, сондай-
ақ сақтандыру шартында сақтандырушының басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
Сақтанушыны ауыстыру
Мүлiктi сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы қайтыс болған
жағдайда сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi мұрагерлiк тәртiбiмен осы
мүлiктi қабылдаған адамға ауысады. Меншiк құқықтары (немесе өзге де заттық
құқықтары) ауысуының басқа жағдайларында сақтанушының құқықтары мен
мiндеттерi, егер шартта немесе заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе,
сақтандырушының келiсуiмен жаңа меншiк иесiне (немесе өзге де заттық
құқықтардың иесiне) ауысады. Жеке сақтандыру шартын сақтандырылған адамның
пайдасына жасаған сақтанушы қайтыс болған жағдайда, осы шартта айқындалған
құқықтар мен мiндеттер оның келiсiмiмен сақтандырылған адамға ауысады.
Сақтандыру шарты бойынша мiндеттердi сақтандырылған адамның орындауы мүмкiн
болмаған жағдайда, оның құқықтары мен мiндеттерi заң актiлерiне сәйкес оның
құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге
асырушы тұлғаларға ауысуы мүмкiн. Заңды тұлға болып табылатын сақтанушыны
қайта ұйымдастырған кезде, сақтандыру шарты қолданылу кезеңiндегi оның осы
шарт бойынша құқықтары мен мiндеттерi сақтандырушының келiсуiмен, осы
Кодексте айқындалған тәртiппен тиiстi құқықтық мирасқорға ауысады.
Сақтандырылған адам
Сақтандырылған адам - өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын
тұлға. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылған
адам болып табылады. Заңнамалық актiлермен сақтанушыға үшiншi тұлғаны
сақтандыруды жүзеге асыру мiндетi жүктелуi мүмкiн. Өз еркiмен сақтандыру
кезiнде сақтанушы үшiншi тұлғаны сақтандыру шартында сақтандырылған адам
ретiнде айқындай алады. Бұл жағдайларда сақтандырылған адамның жеке басы
және соған байланысты оның мүдделерi (сақтандырылған адамды жеке
сақтандыру) не сақтандырылған адамның мүлкi және мүлiктiк мүдделерi
(сақтандырылған адамның мүлiктiк сақтандырылуы) сақтандыру объектiсi
болады. Мүлiктi сақтандыру кезiнде сақтанушы болып табылмайтын
сақтандырылған адам бұл мүлiктiң сақталуына мүдделi болуға тиiс. Егер
шарттың талаптары бойынша сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адамға
белгiлi бiр мiндеттер жүктелген болса, сақтанушы осы шартты жасасуға
сақтандырылған адамның келiсiмiн алуы тиiс. Мiндеттi сақтандыру кезiнде,
сондай-ақ топтастырылып иесiздендiрiлген сақтандыру кезiнде, шарт жасасу
үшiн оның өзi сақтандырылған адам ретiнде көрiнетiн үшiншi адамның келiсiмi
талап етiлмейдi. Өз еркiмен сақтандыру кезiнде адамдардың оның жеке басын
немесе мүлкiн сақтандыру жөнiндегi қарсылығы шарт жасасудың мүмкiн
еместiгiне, ал егер ол жасалып қойған болса - шарттың бұзылуына әкеп
соғады. Сақтанушыға үшiншi тұлғаны сақтандыру мiндетi жүктелген жағдайда,
аталған тұлға сақтанушыдан бұл мiндеттiң орындалуы туралы есеп талап етуге,
ал заң актiлерiнде көзделген жағдайларда - оның сақтандырылған адам болып
табылатындығын дәлелдейтiн құжатты алуға құқылы. Сақтанушы үшiншi адамды
сақтандыру жөнiндегi өз мiндетiн орындамаған немесе дұрыс орындамаған
жағдайда, соңғысы Азаматтық Кодекстiң 808-бабының 1 және 2-тармақтарында
көзделген шараларды қолдануға құқылы.
Кәмелетке толмаған азамат сақтандырылған болып табылатын жағдайда
оның құқықтары тәртiппен iске асырылады. Сақтандырылған адамның пайдасына
шарт жасасу, сақтанушыны осы шарт бойынша мiндеттердi орындаудан
босатпайды. Үшiншi адамды сақтандыру сақтанушының есебiнен жүзеге
асырылады. Сақтандырылған адам шартқа сәйкес өзiне тиесiлi сақтандыру
төлемiн алудан бас тартқан жағдайда сақтандыру төлемiн алу құқығы
сақтанушыға көшедi. Сақтанушы болып табылмайтын, оған қатысты мұндай
жағдайды көздемейтiн жеке басты сақтандыру шарты жасалған сақтандырылған
адам қайтыс болған жағдайда, егер заң актiлерiнде немесе шартта
сақтандырылған адамды ауыстыру көзделмесе, бұл шарт тоқтатылуға жатады.
Егер сақтандырылған адамның қайтыс болуы сақтандыру шартында көзделген
сақтандыру жағдайы болса, бұл шарт онда көзделген талаптармен орындалады.
Сақтанушы болып табылмайтын, оған қатысты мүлiктiк сақтандыру шарты
жасалған сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, сақтандырылған адамның
құқықтары мен мiндеттерi сақтанушының келiсуiмен, егер заң актiлерiнде
немесе шартта өзгеше көзделмесе, сол мүлiктiң және сақтандырылған адамның
мүлiктiк құқықтарының мұрагерлерiне ауысады. Егер сақтанушы қайтыс болған
сақтандырылған адамды ауыстыруға келiспесе не мұрагерлер оның сақтандыру
шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн қабылдауға келiспесе, бұл
шарт тоқтатылуға жатады. Үшiншi адамның (сақтандырылған адамның) пайдасына
жасалған сақтандыру шартына қолданылады.
Сақтандырылған адамды ауыстыру
Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықты сақтандыру шарты бойынша
сақтанушының емес, өзге тұлғаның жауаптылығы сақтандырылған жағдайда,
сақтанушы шартта өзгеше көзделмегендiктен, бұл туралы сақтандырушыға
жазбаша хабарлап, сақтандыру жағдайы басталғанға дейiн кез келген уақытта
бұл тұлғаны басқасымен ауыстыруға құқылы. Жеке сақтандыру, сондай-ақ
мүлiктiк сақтандыру шартында аталған сақтанушы болып табылмайтын
сақтандырылған адам тек өзiнiң (топтастырылған жеке сақтандыруды
қоспағанда,)және сақтандырушының келiсiмi бойынша ғана басқа тұлғамен
ауыстырылуы мүмкiн. Егер үшiншi тұлғаны сақтандыру мiндеттi сақтандыру
туралы заң актiлерiнiң талаптарынан туындайтын болса, сақтандырылған адамды
ауыстыру заң актiлерiнде көрсетiлген тәртiппен және соларға негiзделген
шартпен жүзеге асырылады.
Пайда алушы
Пайда алушы - сақтандыру шартына немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң
актiлерiне сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға. Заңды
тұлға да, азамат та пайда алушы бола алады. Пайда алушы жеке де, мүлiктiк
те сақтандыру бойынша тағайындала алады. Сақтандырудың мiндеттi түрi
бойынша пайда алушы сақтандырудың осы түрiн реттейтiн заң актiлерiмен
айқындалады, ерiктi түрi бойынша оны сақтанушы тағайындайды. Егер мiндеттi
сақтандыру туралы заң актiлерiнде немесе өз еркiмен сақтандыру туралы
шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы пайда алушы болып табылады.
Егер сақтанушы сақтандырылған адам болып табылмаса, пайда алушы
сақтандырылған адам болуы тиiс не ол сақтандырылған адамның жазбаша
келiсiмi бойынша тағайындалады.
Егер пайда алушы сақтандыру шартында көрсетiлмесе, ол
сақтандырылған адам деп ұйғарылады. Сақтандырылған адам бiр мезгiлде пайда
алушы болып табылатын жағдайда қолданылады. Сақтандырылған адам болып
саналмайтын пайда алушы қайтыс болған жағдайда не ол пайда алушының
құқықтарынан бас тартса, соңғысының құқығы сақтанушыға ауысады.
Сақтандырылған болып табылатын пайда алушы қайтыс болған жағдайда зардап
туындайды. Егер сақтандырылған адамның қайтыс болуы, сақтандыру шартында
көзделген жағдай болып табылса, онда бұл сақтандырылған адам сақтанушы
болмаған күнде де, болған күнде де, бiрақ шартта пайда алушы көрсетiлмесе,
сақтандырылған адамның мұрагерлерi пайда алушылар деп танылады. Сақтандыру
жағдайы басталған кезде пайда алушы тiкелей сақтандырушыға сақтандыру
шартында көзделген сақтандыру төлемiн төлеу туралы талап қоюға құқылы.
Пайда алушының пайдасына шарт жасасу сақтанушыны осы шарт бойынша
мiндеттердi орындаудан босатпайды.
Пайда алушыны ауыстыру
Сақтанушы сақтандыру жағдайы басталғанға дейiн сақтандырылған адам
болып табылмайтын, сақтандыру шартында аталған пайда алушыны, бұл жөнiнде
сақтандырушыны жазбаша хабардар етiп, басқа адаммен ауыстыруға құқылы.
Пайда алушыны оның сақтанушымен жасаған келiсiмiнен туындайтын белгiлi бiр
мiндеттердi сақтандыру шарты бойынша орындағаннан немесе сақтандырушыға
сақтандыру төлемiн жүзеге асыру жөнiндегi талап қойғаннан кейiн басқа
адаммен ауыстыруға болмайды. Сақтандырылған адам болып табылатын пайда
алушыны ауыстыру тәртiппен жүргiзiледi.
Сақтандыру жағдайы
Сақтандыру жағдайы - басталған бойда сақтандыру шарты сақтандыру
төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға. Мiндеттi сақтандыру бойынша
сақтандыру жағдайының түрлерi мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiмен,
ал өз еркiмен сақтандыру бойынша - тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуi мүмкiн оқиғаларды қоспағанда,
сақтандыру жағдайы ретiнде қарастырылатын оқиға, оның басталуының ықтимал
және кездейсоқ белгiлерiне ие болуы тиiс. Сақтандыру жағдайының
басталғандығын, сондай-ақ ол келтiрген зияндарды дәлелдеу сақтанушының
(пайда алушының, сақтандырылушының) мiндетiне жатады.
Сақтандыру сыйлықақылары
Сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға)
сақтандыру шартында көзделген мөлшерде сақтандыру төлемiн жүргiзу
мiндеттемесiн қабылдағаны үшiн сақтанушы сақтандырушыға төлеуге мiндеттi
ақша сомасы. Сақтандырушы сақтанушыдан алған сақтандыру сыйлықақылары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz