САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ



Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыстың мазмұндамасы

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...

1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ
ЖАҒДАЙЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .

1.1 Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі ... ... .

1.2 Сақтау шартының елеулі жағдайлары мен элементтері ... .

2 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ

2.1 Ломбардта және құндылықтарды банкте сақтаудың ұғымы, құқықтық
реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.2 Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында және ұйымдардың
киiмiлгiштерiнде, қонақүйде сақтаудың ұғымы мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...

2.3 Даулы заттарды сақтау (секвестр) ұғымы ... ... ... ... ... ... ...

2.4 Тауар қоймасында сақтадың түсінігі мен жалпы
жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында
қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады. Қазіргі
кезде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің көбейген кезінде,
шарттық қатынастың ерекше дамуы орын алды. Сондықтан да шарттың жасалуы мен
рәсімделу ережелерін ұғынуға көп көңіл бөлу керек.

Шарт – көп уақыттан бері келе жатқан құқық нысаны. Оның тарихы мыңдаған
жылдармен есептеледі. Шарттың осындай ұзақ кезеңге созылуы, шарттың
қоғамдық қатынастың әр түрлі сипатты қамтитын ыңғайлы кұқық нысаны болып
табылатындығымен түсіндіріледі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұнының
өзгеруіне қарамастан шарт құрылымы өзгеріссіз қалып отыр.

Уақыттың өтуіне сәйкес шартқа қатысушылардың құрамы өсе түсті. Жеке
тұлғалармен қатар бұл рөлге ұжымдық сипаттағы үйымдар, яғни заңды тұлғалар
да шартқа қатысушылар болып табылды.

Кез-келген азаматтық құқық субъектісінің коммерциялық жоспарын жарыққа
шығару, ол жеке кәсіпкер немесе өнеркәсіп болмасын, мәмілелер мен шарттар
жасаудан тысқары қала алмайды .

Сонымен қатар, заңды, сауатты жасалған сақтау шарты – бұл субъектілердің
алдарындағы мақсаттары мен тапсырмаларының сәтті орындалуының және олардың
құқықтары мен мүдделерінің жақсы, сапалы қорғалуының кепілі.

Ал, алдын-ала болжаусыз жасалған шарттың нәтижесінде азаматтық айналымға
қатысушылар арасында даулар туады. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға
болады: шарты орындау кезінде туатын даулар, шарт талаптарын бұзғандығы
үшін айыппұл өндіру т.б.

Бұл жұмыста – сақтау шартының жалпы жағдайлары, соның ішінде: сақтау
шартының түсінігі, пайда болып, дамуы, шарттың мазмұны, елеулі жағдайлары,
шарт жасасу тәртібі, сақтау шартының жарамдылығын қамтамасыз ететін
жағдайлар, шартты өзгерту және бұзу тәртібі сипатталады. Жұмыстың екінші
тарауында- сақтау шартының жекелеген түрлерінің құқықтық реттелуі
сипатталады. Соның ішінде, кәсіпкерлік саласында жаңадан қолданысқа түскен
тауар қоймасында сақтау, даулы заттарды сақтау шарттарына жекелей тоқталып,
аталған шарт түрлеріне мысалдар келтіріледі.

Сақтау шартын құрастырудың негізгі заңнамалық қайнар көздері Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексі және басқа да жекелеген заң актілері
болып табылады.

Азаматтық Кодекстің Ерекше бөлімінде сақтау шартын құқықтық реттеуге
арналған нормалар бар. Сақтау шарты жөнінде толық және дұрыс мағлұмат
беретін материалдарды курстық жұмыс барысында ашып, анықтап, саралап,
тұжырымдап көрсете келе, оны жасаудағы маңыздылықты, ұқыптылықты, тәртіпті
сақтау жөнінде мәлімдемелер сипатталады.

Сонымен қатар сақтау шартының пайда болып, даму сатысындағы жетістіктер,
қоғамның өзгеруіне байланысты туындаған ерекшеліктер, нарықтық экономикаға
өту кезеңінде пайда болған қажеттіліктер туралы ақпараттар жүйесі дипломдық
жұмыстың тақырыбына арқау болып отыр.

Субьектілердің санасында шарт жөнінде дәйекті, сапалы, дұрыс ұғымды
қалыптастыру және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, шаруашылық саласында
даму жолдарына дұрыс бағыт сілтеу, нарықтық экономика кезеңінде тараптар
арасында кездесіп жататын әр түрлі келеңсіздіктерді болдырмауға, даулардың
пайда болуын тежеуге ат салысу – дипломдық жұмысты жазудағы негізгі
мақсаттардың бірі болып отыр.

Кез-келген білімді адамның, әсіресе мемлекеттік тілде өзінің азаматтық
құқығын оқып, зерттеп жүрген заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан
өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық кұқығы туралы, соның ішінде-
шарттық құқық жөнінде де дұрыс бағыт-бағдары болуы тиіс.

Келешек өсіп келе жатқан ұрпак тек нақты мәселелерді шешетін жаңа буын
ғана емес, бұлар сонымен қатар кұқықтық, егемендік қазақ мемлекетінің биік
мұратын жүзеге асырушылар. Сондықтан бұл жұмыс Қазақ азаматтарына сақтау
шарттарының негізгі мәселелерін түсінуге өзіндік көмегін тигізсе, жұмысты
жазудағы негізгі мақсат орындалды деп есептеуге болады.

САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ

1.1 Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі
Сақтау шарты бойынша бiр тарап (сақтаушы) оған екiншi тараптың
(жүк берушiнiң) берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйiнде
қайтаруға мiндеттенедi. Сақтау шарты зат сақталуға берiлген кезден бастап
жасалған деп танылады. Қозғалмайтын мүлiктi күзетуге осы тараудың күшi
қолданылмайды. Сақтауды кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыратын сақтаушы
шарт бойынша өзiне жүк берушiнiң затын сақтауға қабылдау және жүк берушiнiң
берген затын осы тараудың ережелерiне сәйкес сақтау мiндеттемесiн өз
мойнына алуы мүмкiн.
Шарт бойынша өзiне затты сақтауға қабылдау мiндеттемесiн алған
сақтаушының бұл заттың өзiне сақтауға берiлуiн талап етуге құқығы жоқ.
Алайда шартта көзделген мерзiмде затты сақтауға бермеген жүк берушi, егер
заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, сақталмай қалуға
байланысты келтiрiлген залалдар үшiн сақтаушының алдында жауапты болады.
Егер жүк берушi сақтаушының қызметiнен бас тартқандығы туралы қисынды
мерзiмде мәлiмдеген болса, ол затты сақтауға бермегенi үшiн
жауапкершiлiктен босатылады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, шартта
келiсiлген мерзiмде зат сақталуға өткiзiлмеген, ал бұл мерзiм шарт жасалған
күннен бастап отыз тәулiк өткенге дейiн белгiленбеген жағдайларда сақтаушы
затты сақтауға қабылдау мiндетiнен босатылады.
Өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiне қарай сақтауды жүзеге асыратын
сақтаушының, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, техникалық мүмкiндiк
бола тұра затты сақтауға қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Мұндай
жағдайларда сақтау шарттары жария деп танылады. Иесiздендiрiп сақтау
кезiнде сақтауға алынған заттар басқа жүк берушiлердiң сол тектес және
сапасы сондай заттарымен араласып кетуi мүмкiн. Жүк берушiге заттар сол
тектес және сапасы сондай тең немесе тараптардың келiсiлген мөлшерiнде
қайтарылады. Заттарды иесiздендiрiп сақтау кезiнде, егер заң актiлерiнде
немесе тараптардың келiсiмiнде белгiленсе, заттар осы тектес және сапасы
сондай заттардан оқшау ұсталуға тиiс.

Сақтау шартының нысаны
Сақтаушының нөмiрлер, жетондар және басқа да заңды деп танылған
белгiлер беруi арқылы заттарды қысқа мерзiмге сақтауға сақтау камераларына
және вокзалдардың, әуежайлардың, мекемелердiң, кәсiпорындардың,
театрлардың, мұражайлардың, стадиондардың, асханалардың және т.б. киiм
iлгiштерiне өткiзулердi қоспағанда, сақтау шарты жазбаша түрде жасалуға
тиiс. Егер сақтауға алынған заттар сақтаушы жүк берушiге сақтау қолхатын,
түбiртек, куәлiк, сақтаушы қол қойған өзге де құжаттар беру жолымен
куәландырылған болса, шарттың жазбаша нысаны сақталған болып есептеледi.
Тұрмыстық қызмет көрсету түрiндегi сақтау шарты ауызша нысанда жасалуы
мүмкiн. Сақтауға алынған зат пен сақтаушы қайтарған заттың бiрдейлiгi
туралы дау туған жағдайда куәгерлiк айғақтарға жол берiледi. Заттарды
төтенше жағдайлар (өрт, су тасқыны және басқалар) кезiнде сақтауға өткiзу,
шарттың жазбаша нысаны болмаған жағдайда сақтауға өткiзiлген заттардың
құнына қарамастан куәгерлiк айғақтар бойынша дәлелденуi мүмкiн.

Сақтау мерзiмi
Егер зат талап етiлмелi сақтауға немесе мерзiмi көрсетiлмей
өткiзiлген болса, сақтаушы осындай жағдайлардағы заттың әдеттегi сақталу
мерзiмi өткен соң жүк берушiнiң заттарды қайтып алуын талап етуге құқылы,
бiрақ жүк берушiге затты қабылдап алуға жететiндей қисынды мерзiм беруге
мiндеттi. Жүк берушi шарт бойынша сақтаудың өзге мерзiмi көзделгенде де кез
келген уақытта сақтаушыдан затты талап етуге құқылы. Алайда бұл жағдайда
жүк берушi, егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтаушыға мiндеттеменiң
мерзiмiнен бұрын тоқтатылуынан туған залалдарды өтеуге мiндеттi. Сақтау
шарты бойынша сақтаушыға берiлетiн сыйақы мөлшерi тараптардың келiсiмiмен
белгiленедi. Заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда сыйақының мөлшерi
таксалар, ставкалар, тарифтер бойынша айқындалуы мүмкiн.
Тараптардың келiсуiмен немесе заң актiлерiмен сақтаудың тегiн түрi
шарттастырылуы мүмкiн. Тегiн сақтау кезiнде жүк берушi сақтаушыға заттарды
сақтау үшiн қажеттi, нақты жұмсалған шығындарды өтеуге мiндеттi. Егер
заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмеген болса,
сақтаушыға сақтағаны үшiн сыйақы сақтау аяқталған соң, ал егер кезең
бойынша төлеу көзделген болса - әрбiр кезеңнiң аяқталуы бойынша төленуге
тиiс. Егер сақтау, шартта белгiленген сақтау мерзiмiнен бұрын тоқтаса,
сақтаушыға сыйақының соған мөлшерлес бөлiгi төленуi тиiс. Егер шартта
көзделген мерзiм өткеннен кейiн сақтауда тұрған затты жүк берушi қайтарып
алмаған болса, ол сақтаушыға затты бұдан әрi сақтағаны үшiн сол бұрынғы
мөлшерде сыйақы төлеуге мiндеттi. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтау
бойынша шығындар сыйақының сомасына енгiзiледi. Төтенше шығындар сыйақының
сомасына немесе шартта көзделген шығындардың құрамына кiрмейдi деп
ұйғарылады.
Сақтаушы өзiне берiлген заттардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн шартта
көзделген, сондай-ақ басқа да қажеттi барлық шараларды қолдануға мiндеттi.
Егер сақтау тегiн жүзеге асырылатын болса, сақтаушы сақтауға алынған затқа
өз заты сияқты қамқорлық жасауға мiндеттi. Зат оның табиғи бұзылуы немесе
табиғи кемуi ескерiле отырып сақтауға қабылданған күйiнде қайтарылуға тиiс.
Шартта көзделген, сондай-ақ, егер затты пайдалану оның сақталуын қамтамасыз
етуi үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, сақтаушының затты
пайдалануға құқығы жоқ. Сақтаушы затты қайтарумен қатар, егер шартта өзгеше
көзделмеген болса, оны сақтау уақытында алынған нәтижелер мен кiрiстердi де
беруге құқылы.
Затты сақтаудың сақтау шартында көзделген жағдайларын өзгерту қажет
болған кезде сақтаушы бұл туралы жүк берушiге дереу хабарлауға және оның
жауабын күтуге мiндеттi. Заттың жоғалу және бүлiну қаупi туған жағдайда
сақтаушы жүк берушiнiң жауабын күтпестен, сақтаудың шартта көзделген әдiсi
мен орнын өзгертуге мiндеттi. Егер зат сақталу кезiнде бүлiнуге ұшыраса
немесе оның сақталуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейтiн және жүк берушi
тарапынан шаралар қолдануды күтуге болмайтын басқа жағдайлар туындағанда,
сақтаушы сақтау және сату бойынша өз шығындарын өтей отырып, затты немесе
оның бiр бөлiгiн сатуға құқылы. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше
көзделмеген болса, сақтаушының жүк берушiнiң келiсiмiнсiз, егер бұл орайда
жүк берушiнiң мүдделерiндегi қажеттiлiк тумаса және сақтаушы оның келiсуiн
алу мүмкiндiгiнен айырылса, затты үшiншi тұлғаға беруге құқығы жоқ. Заттың
үшiншi тұлғаға берiлгендiгi туралы сақтаушы дереу жүк берушiге хабарлауға
мiндеттi. Сақтаушы затты сақтауға берген үшiншi тұлғаның iс-әрекетi үшiн
жауап бередi.

1.2 Сақтау шартының елеулі жағдайлары мен элементтері
Сақтаушының жауапкершiлiгi
Сақтаушы сақтауға алған заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе
бүлiнгенi үшiн жауап бередi. Егер ол заттың жоғалуы, кем шыққаны немесе
бүлiнуi өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдесе, жауаптылықтан босатылады.
Сақтауды өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiне орай жүзеге асыратын тұлға, тек
заттың жоғалуы, кем шығуы немесе бүлiнуi дүлей күштiң салдарынан не заттың
өзiне тән ерекшелiгiнен, не жүк берушiнiң қасақана пиғылынан немесе өрескел
абайсыздығынан болған жағдайларда ғана заттың сақталмағаны үшiн
жауаптылықтан босатылады. Егер шартта көзделген сақтау мерзiмi немесе
Азаматтық Кодекстiң 773-бабында белгiленген тәртiппен сақтаушы көрсеткен
мерзiм өткен соң жүк берушi затты қайтарып алмаған болса, оның тарапынан
қасақана пиғыл немесе өрескел абайсыздық болғанда ғана сақтаушы бұл заттың
жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi.
Заттардың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлiнуiнен жүк берушiге
келтiрiлген шығындарды, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше
көзделмесе, осы Кодекстiң 350-бабына сәйкес сақтаушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар қоймасында сақтаудың түсінігі мен жалпы жағдайлары
Сақтаудың жекелеген түрлері
Еңбек құқығындағы құқықтық реттеу әдістері
Сақтау шартының жекелеген түрлерінің құқықтық реттелуі
Еңбек шарты туралы
Тасымалдау шарттың түсінігі мен жүйесі
Комиссия шартын тоқтату
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері. Тауар жеткізілімі шарты
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері
Сақтау шарты
Пәндер