Ғабит Мүсірепов


Ғабит Мүсірепов
Жоспар:
- Өмірі мен өнернамалық жолы
- Шағын жанрдағы шалқар шындық
- Эпик жазушы
Пайдаланылған әдебиеттер :
- Мақпырұлы С., Сыдықов Т. Қазақ әдебиеті. ІІ бөлім. - Астана: Фолиант, 2007.
- Нұрғали Рымғали. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана, Күлтегін баспасы, 2002.
- Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы: Санат, 2003. -528б.
Өмірі мен өнернамалық жолы
Ғабит Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы «Жаңа жол» ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Қандай әулетте, қандай жағдайда өмір есігін ашқанын кейін ол «Автобиографиялық әңгімесінде» былайша сипаттаған: «Ол күні жер де сілкінбеген, күн түгіл ай да тұтылмаған, есте қаларлық боран да болмаған, ең аяғы қалжа сүйегіне иттер де таласа алмаған. Менсіз де үбірлі-шүбірлі бір қора үйде тағы бір бала туа салдған да, басқа балалардың атына ұйқастыра ат тберілген».
Ғабит 1908 жылы ескі мектепке барып, «үш жаз, екі қыс оқып» арапша хат танып, сауатын ашады. Көз ашқалы ауыз әдебиеті үлгілерін көнекөз қариялардан тыңдап, құлақ құрышын қандырып жүрген сергек саналы балдырған енді араб алфавитімен басылған кітаптарды құныға оқып, әдебиетке құмарлығы арта бастайды. Оның содан кейін талпыныс жасап, білім басқышына көтерілуіне 1916 жылы қара жұмысқа іліккен нағашысы Серғали жұмыскердің пайдасы тиеді. Ол Ғабитті көрші ауылдағы 2 кластық орысша мектепке орналастырады. Сол мектепте оған сәті түсіп, өз заманындағы белгілі ағартушы, ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің көрнекті өкілі, ақын Бекет Өтетілеуов сабақ береді. Бекет шәкіртінің алысқа баратын алғырлығын байқап, өнерге баулып, бағыттай бастайды. Ол оны сабақ біткеннен кейін алып қалып, оқуға, білімге шақыратын әңгімелер айтып, өзінің «Жиған-терген» деп аталатын кітабын беріп, қиссаларды оқытып, мазмұнын сұрап, пысықтап отырған, сөйлеу тілін қалыптастырған. Өзі аударған Крылов, Пушкин, Лермонтов өлеңдерін, Абай, Ыбырай шығармаларын жаттатқан. Алғыр, елгезек, талапты шәкіртінің оқуы үзіліп қалмауы үшін оның Пресногорковтағы жоғары бастауыш училищеге түсуіне шапағаты тиеді. Мұнда оқып жүргенде Ғабит А. Пушкин, М. Лермонтов, Д. Лондон, В. Короленко, М. Горький шығармаларын орыс тілінде еркін меңгеріп, көркем сөздің сырына үңіле бастайды. Оны 1921 жылы бітіреді. Ғабит 1923 жылы С. Мұқановтың «жетелеуімен» Орынбор қаласындағы рабфакқа оқуға түседі. Мұнда оқып жүргенде ол Л. Толстой, Чехов, Гоголь, Горький шығармаларына үңіле, зерттей қарастырады. 1926 жылы Мүсірепов рабфакты бітіріп, Омск қаласындағы ауылшаруашылық академиясына түседі, бірақ есеп, тәжірибе станциясындағы жұмыс оны қызықтырмай, әдебиет алаңдата берген соң, агрономдық мамандығымен ертерек қоштасады. Ғабит 1927-1928 жылдары Щучинск орман шаруашылығы техникумында ұстаздық қызмет атқарады, бастан кешкен, көзбен көрген, құлақпен естіген оқиғаларды екшеп, ақ қағаз бетіне өрнек түсіре бастайды. Оның жазушылық өнеріндегі тырнақалдысы - Орынбор рабфагінде жүргенде жазып, 1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған «Едіге» деген әңгімесі. Ал қалам ұстауға мүмкіндігін мойындатқан алғашқы көлемді де көркем туындысы - 1928 жылы «Тулаған толқында» деген атпен басылған әңгімесі.
1928 жылдан бастап Ғ. Мүсірепов партия, кеңес, баспасөз орындарында қызмет істеп, қоғамдық өмірге белсене араласады, үнемі буырқанған өмір айдынында, «желдің өтінде жүріп», заманы артқан зіл салмақты алып иығымен көтеріп өтті.
Шағын жанрдағы шалқар шындық
Ғабит Мүсірепов - Кеңес төңкерісінің алдындағы, сонан кейінгі жылдардағы өмір шындығын қаз-қалпында бейнелеп беруге көп күш жұмсаған жазушы. Өзі көзімен көрген, басынан кешкен жайлар еріксіз столға отырғызып, жазбай қоюға мұршасын келтірмеген. Тұңғыш туындысы «Тулаған толқындар» әңгімесінде /повесть деп те аталады/ 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысын, Азамат соғысы көрінісін, ауыл тіршілігі мен әйелдер тағдырын тебірене бейнелеген. Патша тақтан құлап, ірі шонжарлардың бағы басынан тайғанымен, өткенін аңсаған Итемген, Оспан «болыстар» елге әмірін жүргізуден әлі тыйыла қойған жоқ. Әлеуметтік теңдікті аңсаған елдің езуіндегісін жырып әкетіп, бұқараның саяси мешеулігін, сауатының төмендігін пайдаланып, бір оқпен екі қоян атып жүр. Сөйтіп, болашақ жазушы әңгімесін «бір болған оқиғаның төңірегінде» өрбітеді. Тілі бай, портрет бояуы қанық, әсерлді, композициясы шымыр. Жанды портретпен-ақ адамның характерін, әуселесін дөңгелетіп тастайды. Мәселен, сараң, жағымпаз, біреуден аларманға келгенде бет-пердесін дереу киіп алып, түлкідей жайнаңдап шыға келетін Күдербек: «Кетік танау жақ ерніне бір насыбайды жымқырып алып, былшылдатып түкіреді де отырады . . . қасына жақындап кетуің мұң, аузы насыбайға толып тұрса да, «Насыбайың жоқ па? » - деп бір айтпай қоймайды. Беруге жоқ, алуға - өлермен. Сол Күдербектің әкесі болыс Итемген портреті тіптен ғажап шыққан: « . . . тығыршықтай тығыз, шертіп қалсаң, шырт ете түскендей ашушаң адам».
Кеңес төңкерісінен кейін қанаушы тап ретінде елден аласталған байлардың зымиян әрекеттерін, қазақ әйелдерінің бас бостандығын алып, ерлермен қатар жаңа қоғамды орнатуға батыл араласуы, кедейлердің басы құралып, ұйымдасқан шаруалар ұжымын құра бастауы, ауылдағы алғашқы өзгерістер «Қос Шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Күсен», «Алғашқы адамдар», «Талпақ танау» әңгімелерінде баяндалады. Жаңалықты жатырқамай қарсы алу, кешегі барды шайқап ішіп, жайқап күн көрген заманның көзден бұлбұл ұшуы, жерден, малдан, тістей қатып жиған байлық, дүние-мүліктен тақыр таза айырылу байларға оңай түспеді. Сахарада кескілескен күрес қантөгіспен жүзеге асып жатты. Мүсірепов смоның бәрін қолмен қойғандай етіп көркемдік бізімен кестелеген.
Еңбек ерді көгертеді, ер елді көгертетінін, еңбекті сүйгенді ел сүйетінін Ғабит бергі кездегі жазған әңгімелерінде де дамытып, философиялық мәнін тереңдете түседі. «Айгүл қойшының бір күні» әңгімесінде отбасында ана, еңбекте озат, талапкер, мазасыз жан, парламентте парасатты қоғам қайраткері - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, совхоз шопаны Айгүлдің бір күнгі еңбегін, толғанысын, кісілігін көркем кестелеп береді. «Жиырма төрт сағатта» әңгімесінде ол Еділ бойында аштан қырылып жатқан жұртқа дер шағында қол ұшын беріп, Қамбаш стансасынан 14 вагон балық жөнелткен қарапайым қазақ еңбекшілірінің жомарт жанды, сөзге берік, іске мәтибі халық екендігін мүсіндей алған. Көк теңізде балық аулаумен таңын атырып, күнін батырып жүрген қара борбай балықшылардың азаматтық, патриоттық, достық сезімін оятып, қажырлы да қастерлі іске жұмылуға мұрындық болған Томарша, ақыры елдің сүйіктісі, әлпештеген ұлына айналуы да әңгімеде сәтте ашылған.
М. Горькийдің «Адамның анасы» /«Адамның дүниеге келуі»/, «Өлімді жеңген ана» әңгімелерін Ғабиттің шығармашылықпен аударуы өзіне де қалам қуатын танытатын тың тақырып тауып береді. Ұлы жазушы романтикалық отты стильмен дүниенің тұтқасы адам екенін Челкаш, Данко, Сойко, Емельян, Артамоновтардың типтік бейнесін жасап күллі әлемге паш етті. «Адамның анасы» «Өлімді жеңген ана» әңгімелерінде күштінің де күштісі, сұлуы, данасы, батыры әйел-ана екеніне ол шүбәсіз сендіреді. Лапылдаған отты сезімге бай, романтикалық көтеріңкі рухқа бай ананың мәңгі махаббатын, өршіл бейнесін мүсіндеуде М. Горькийдің ықпалы өлшеусіз тигенін Ғ. Мүсірепов өзі де мойындаған. әрине, М. Горькийдің стилін, әдісін, кейіпкерлердің характерін жасау шеберлігін зерттеп, бойына сіңіріп, үйренгенімен, табиғи таланты бекем ізденімпаз Мүсірепов ұстазын қайталамауға тырысқан «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима», «Ана жыры», «Атақты әнші Майра», «Ұлпан стансасы» әңгімелерінде оның қол жеткен табыттары - шағын жанрды игерудің классикалық үлгісі. Осының қай-қайсысында да баласы үшін отқа түскен, топан су кешкен, ажалдың өңешіне кептеліп, қорқау мен жыртқышқа тоқтау салып, қан жылаған ананың қасіретті жүрегінің сыздауы, ұрпағы үшін ақ шалған басын дұшпанына июге мәжбүр болған ана махаббатының жалыны өне бойыңды шарпиды. Горькийше айтқанда, осы әңгімелерді оқи отырып: «Құрметтейік те, қадірлейік те ғазиз Ананы, өйткені ол дүниеге асылдардың асылы - өмір сыйлайды», - дейсің. Өмір сыйлайды деу аз, сол өмірді сүру де Ананың баласына сіңіретін еңбегі өлшеусіз ғой. Мүсіреповтің әйелдері - келбет-кескіні, жүріс-тұрысы, іс-әрекеті, пиғыл-ділі ешбіреуімен шатастырылмайтын қазақ әйелдері. Оларды кескіндеуде жазушы романтикадан гөрі реализмге кең арна ашқан. Қиялдан шындық, нәзіктіктен батыл қимыл, тәуекел, қайсар, әрекет басым жатады. Бұлар ежелден қазақ әйелінің бойына табиғат сіңірген, ана сүтімен дарыған қасиеттері. Олар керекті жерінде нәзік те, шамырқана шамдана білетін ер жүректіктен де кенде емес. Қапия, Нағитма, Ақлима, Жібек, Баян, Ақтоты, Айгүл, Ұлпан - кесек тұлғалар. Сөйлер сөзге ұста, іске батыл, өткір, өктем. Сондықтан да таңдайына бұлбұл қонған шешен, мыңды жыққан ақкөңіл батыр, жыртқыш аң да, кесіп алса қан шықпас қаныпезер де ананың алып жүрегінің алдында басын иеді. Өйткені, олардың бәрі - Ананың «тар құсағын кеңітіп, тас емшігін иіткен» перзенттері. Анаға қол көтеріп, өктемдік көрсеткеннің ұшпаққа жеткені шамалы. Айталық, жаралы жауынгерді аман алып қалуға жалғыз баласын орманға жұмсап, олардың қайда кеткенін талап еткен құтырған бурадай шабынған кәрлі Антонов офицердің отыз өрім қамшысы жалаңаш арқасында «жыландай ысылдап», жасыл қылыштың жарқ еткеніне де «буынын дір еткізбеген», «тіл қақпасын тарс бекітіп алған» Нағима ананы қорқытамын, бағындырамын деп «ақтопалаң» өз басын өзі жұтады. Аяудан, адамшылықтан жұрдай, «темір жамылып, ажал таңбасын маңдайына басып алған», ауру немересі Лидасы екеуін қыстың көзі қыруда далаға қуып шығып, кемпірді именбей тінтіп, ұялмай балағаттаған неміс-фашистері кемпірден «сыбағасын» алып, Ананың әдейі жаққан отынан жарылған минадан мектеп үйімен бірге «аспанға ұшады».
«Сөз жоқ, соның іздері» новелласында «анау жылдары көп жұртты жазықсыздан жазықсыз халық жауы етіп шығарғандардың бірі, бұралаң жолды, шала оқыған кен инженері» Айдарбектің күншілдік, қызғаншақтық сезімі қозып, оқымысты, талантты инженер досы Жантасты «халық жауы» деп қаратылып, көзін құртып, ұйып отырған шаңырағын ортасына түсіріп, сосын оның әйеліне үйленіп, «арманына» жеткені баяндалады. «Нәзікен, есті Нәзікен» қыран деп жүргені - жапалақ, құзғын екенін кеш сезеді. Заман өзгеріп, әділет үстем бола бастаған шақта күні кеше «айдарынан жел ескен» Айдарбек те қылмысы ашылып, бұралқы иттей көрінгенге көз түрткіге айналады, азып-тозып күні батуға тақаған. Бірақ жазушы есті Нәзікенді Айдарбекке енді қорлатудан аулақ. «Торлап алған көп қасіретке» Нәзікен шыдап келгенімен, маскүнем Айдарбек бетіне басатындай, «біткен енді бұ да қырғын» емес, тірідей жетім атанған сәулешін жетектеп, «бұлтсыз биік аспанға күлімдей қарайтын» шағы әлі алда. Арам, жауыз, шала сауатты, зұлым Айдарбектер тірідей батпаққа батса, достарына сыйы өткен, асыл азамат Жантастарға деген құрмет оның күнәсіз, адал жары Нәзікен, одан туған Сәулешті де қорқау қасқырға енді талатпайды. Жақсының рухы өлмейді, желеп-жебейді. Өмір сонысымен қымбат.
Ғабит Мүсіреповтың ана циклді әңгімелерінде аналар жүріп өткен жол, бастан кешкен азабы өте ауыр, олардың әрі қасіретті, әрі қасиетті тағдыры жан-жүйкеңді босатып, толқытады. Өмір оларды аямай «сілкеді», бірақ сол «сілкудің нәтижесінде» олар орасан күшке айналып, өмірдің сөзін «сілкіп» тынады.
Жазушы уақыт шындығын, саяси-әлеуметтік ахуалды назарынан тыс қалдырмған. Халықтың қамын жеген, ізгілікті марапаттап, сорақылықты шенеген, жұрттың жұлын-жүйкесін жұқартып, жанын азаптаған жайларды дабыл қаға отырып, әкімшілдік-бұйрықшыл басқару жүйесінде отырған «көсемдерге», «халықтар әкесіне» жеткізуге тырысқан. Қазақ халқының тең жарымынан астамын 1932-1933 жылдардағы «асыра саілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұран жалмап кеткенін білеміз. Партия, кеңес, баспасөз қызметтерінде ұзақ жылдар істеген Ғабит Мүсірепов елінің тамыры қалай соғып жатқанын басқалардан артық білгенінде сөз жоқ. Қазақстанда ұжымдастыру жылдарында ірі қателіктер орын алып, бұрмалаушылық зардабын тигізгенін, оның арты нәубетке әкеп соққанын, сондықтан соның салдарын тереңдетпеу үшін шұғыл шара қолдану қажеттігін Ғабит әйгілі «Бесеудің хаты» деп аталатын тарихи құжатта / бесеу деп отырғандары: партия-кеңес қызметкерлері Мансұр Ғатауллин, Емберген Алтынбеков, экономист-ғалымдар Қадыр Қуанышбаев, Мүтәш Дәулетқалиев және Ғабит Мүсірепов / жан-жақтыталдап көрсеткен. Кейін көрнекті жазушы шерхан Мұртаза осы құжат мазмұнын негізге ала отырып, «Бесеудің хаты» пьесасын жазып, сахнаға шығарады. Ашаршылық трагедиясын көзімен көріп, иманы қасым болған Ғабит Мүсірепов оны 1933 жылы «Шұғыла» деген әңгімесіне арқау етті. Онда шаруақор Сатығұлдың қоңыр тұрмысы, мемлекетті, халықты да тиспей сорып отырған колхоз төрағасы Егізек, сонымен жең ұшынан жалғасып, сұмдықты судай сапырған піркәншік Дәулетбек, жоғарының бұйрығымен жұмыс істеп, құлша табынып, ақ қар, көк мұзда ұжымдастыру науқанын жүз пайыз орындау үшін ұйқыдан қалған Ыбырай райкомның да әуселесі танылып қалады.
... жалғасыЭпик жазушы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz