Сатып алу-сату шартының құқықтық негіздері



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жұмыстың мазмұны

I Кіріспе ----------------------------------- -----------------------------
----------------------------------- -

Сатып алу-сату шартының құқықтық негіздері

1. Сатып алу-сату----------------------------------- ------------------------
----------------------------------- ----
1.1.Сатып алу-сату туралы жалпы ережелер -----------------------------------
-----------------------
1.2.Тараптардың құқықтары мен міндеттері -----------------------------------
--------------------------
1.3. Шарттың түрлері----------------------------------- ---------------------
----------------------------------- ------

2. Шартқа қатысушы субьектілер мен элементтері -----------------------------
--------
2. 1. Тауардың жалпы түсінігі, саны, түрлері мен сапасы --------------------
----------------------
2.2. Тауардың жарамдылық мерзiмi мен кемшіліктері --------------------------
--------------------
2.3. Тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю --------------------------------
-----------------------
2.4. Тауардың бағасы ----------------------------------- --------------------
----------------------------------- -------
2.5. Тауарды сақтандыру ----------------------------------- -----------------
----------------------------------- ----

3. Бөлшектеп сатып алу-сату ----------------------------------- -------------
-----------------------------

4. Тауарға қатысты ерекше жағдайлар ----------------------------------- -----
------------------

II Қорытынды ----------------------------------- --------------------------
----------------------------------- -

III Қолданылған оқулықтар мен құжаттар ---------------------------------
------

КІРІСПЕ
Сатып алу-сату шарты – бұл мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін
шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше
түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын
салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс
табатынын айтқаным жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер
арасындағы дәстүрлі тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт
арнайы субъект құрамымен, оны жасау тәртібімен және өзге қырларымен
ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге
де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен
салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан
түрлілігіне қарамастан, заматтық-құқықтық шарттарының ең тұрақты түрлерінің
бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен
және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған. Азаматтық
заңдарға сәйкес кез-келген меншіктің иесі болады. Меншік иесі меншік
құқығын 3 негізде жүзеге асыра алады:
1. Қожалық не үстемдік етеді;
2. Пайдаланады, қолданады, табыс көре алады;
3. Билік етеді, яғни меншіктің болашақ жағдайын шешеді.
Ал осы меншікті басқаға сатса, сәйкесінше сол келесі иесі аталған
меншікке ғана емес, сонымен бірге құқықтарға да ие болады.

1.1.Сатып алу-сату туралы жалпы ережелер
Сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды)
екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе
жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды)
қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге
мiндеттенедi. Бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуға,
егер заң актiлерiнде оларды сатып алу-сатудың арнаулы ережелерi
белгiленбесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады. Сатып алу-сату
шарттарының жекелеген түрлерiне (бөлшек саудамен сатып алу-сату, тауарлар
жеткiзiлiмi, энергиямен жабдықтау, контрактация, кәсiпорынды сату), егер
осы Кодекстiң ережелерiнде бұл түрлердiң шарттары туралы өзгеше көзделмесе,
осы параграфта көзделген ережелер қолданылады. Мұндай анықтама
қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және
заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық
бірлестіктер қатыса алады.
Шарт жасасқан кезде сатушының қолында бар тауарды, сондай-ақ заң
актiлерiнде өзгеше белгiленбесе немесе тауардың сипатынан өзге жағдай
туындамаса, сатып алушының болашақта шығаратын немесе сатып алатын тауарын
сатып алу-сатуға шарт жасалуы мүмкiн. Егер шарт тауарлардың атауын және
санын айқындауға мүмкiндiк берсе, тауар туралы талап (елеулi талаптар)
келiсiлген деп есептеледi1.
Шартты сиапттауға көшетін болсам:
Бұл шарт консенсуалды, ақылы шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық
елеулі жағдайлар бойынша келісімег келген сәттен бастап аяқталған болып
табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі бұл
ережені өзгертпейді. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді.
Бірқатар
жағдайларда сатып алу-сату бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып
келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы
керек. Оның ақылы мінезін ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке
қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен
бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау
үшін де қажет. Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен
ауытқу да болуы мүмкін. Аталған мәмілелер өзінің заңдық табиғаты бойынша
шартты мәмілелер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып
алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа. Бір-біріне қарсы бағытталған
екі тараптың субъективтік құқықтары мен міндеттері сатып алу-сату шартын
өзара шарт ретінде сипаттауға мүмкіндік береді.
Басқа да құқықтық қатынастар сияқты, сатып алу-сату шартының элементтері
болып, оның субъект, объект және мазмұны болып санаймын. Шарттар
элементінде оның тараптары, нысанасы, бағасы өтеулі шарттар да, мерзімі,
нысаны мен мазмұны, яғни екі жақтың құқықтары мен міндеттері жатады .
Шарт

1. Тархов В.А. Азаматтық құқық (жалпы бөлім) Чебоксары: Чув.Кітап
баспасы,1997
жағдайы, нысаны тұлғалардың белгілі бір әрекетін азаматтық-құқықтық шартқа
айналдыруға, олардың құқықтары мен міндеттерін бекітуге мүмкіндік беретін
заң техникасының тәсілдері болып келеді. Шарттың нысаны оның бағасына,
субъектілеріне және заңдық, шарттық талартарға сәйкес анықталады. Қазақстан
Республикасының заңдылығына сәйкес, жүз айлық есептік көрсеткіштен жоғары
сомаға, сонымен бірге кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру барысында
жасалатын мәмілелер, жасалған кезде орындалатындарын қоспағанда жазбаша
нысан да жасалуы қажет. Жылжымаытын мүлікті сатып алу-сату шарттары
мемлекеттік тіркеуге жатады2. Азаматтық кодексінің 494-бабы кәсіпорынның
сатып алу-сату шартының бір құжаты құру жолымен, екі жақтың қол қоюымен
жазбаша түрде жасалуын, оған: инвентаризация актісін, бухгалтерлік
балансты, кәсіпорынның құны мен құрамы туралы тәуелсіз аудитор
қорытындысының міндетті тіркелуін қарастырады. Олар басқа да
қозғалмайтын мүлікті сату бойынша, шарттар сияқты мемлекеттік тіркеу
кезеңінен жасалған деп есептеледі.
Сатып алу-сату шарттын объектісі – құқықтық қатынастың материалды заңды,
идеологиялық деп бөлу толық мөлшерде азаматтық-құқықтық шарттар үшін де
жарамды. Қазіргі жағдайда олардың әрқайсысының мәні бірдей. Дегенмен,
қазіргі өндірістің өсуі, тауарлардың алуан түрлілігі және оларды пайдалану
мақсаттарының көбеюі, сатып алынатын тауардың сатып алу-сату затына
талаптардың жоғарылауын әкеледі, әсіресе, егер тауар кейбір ерекше
мақсаттарға арналса. Келісімшарт нормаларында олардың барынша анық
бекітілмеу жаңылысуға немесе сатып алу-сату затындағы қателікке әкелуі
мүмкін. Кез-келген зат тектік немесе жеке сипаттар арқылы анықталатын,
жылжитын және жылжымайтын тауар болып қарастырылады. Тектік заттарға
тоқтасам, олар қалған тауарлық массадан жекеленуі қажет. Сөйтіп олар жеке
сипаттар арқылы анықталатын заттарға теңестіріледі және осындай түрінде
шарттың нысаны болады. Нақтырақ, нысанасы болып зат емес, мүліктік құқық
келеді. Осындай жағдай сатып алу-сату шартының нысанасы болашақ заттар
болып келгенде де

2. ҚР Президентінің Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен, жасалатын
мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы заң күші бар Жарлығы
орын алады. Шарт заты туралы келісім сатып алу-сату шартының бір ғанағ
елеулі жағдайы болып есептеледі. Егер шарт тауарлардың атауын және санын
айқындауы мүмкіндік берсе, нысанаға қатысты жағдай келісілген деп табылады.
Сатып алу-
сату шартының бағасы дегеніміз, оны алуға сатып алушының немесе онымен
көрсетілген үшінші тұлғанын құқығы бар, қарсылай ақша түріндегі
қанағаттандыру. Азаматтық Кодексінің 383-бабының 1-ші тармағында бекітілген
шарт бойынша бағаны қалыптастыру бостандығына негізделеді. Тарифтер, баға
белгілеу, ставкалар және т.б. заңдық актілерде қарастырылған жағдайларда
уәкілді мемлекеттік органдармен орнатылады. Орталықтандырылған тәртіпте
орнатылған баға белгілеу, тарифтерден кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің
өздері қойған
бағаны, тарифтерін ажырату қажет. Басым көпшілік жағдайда баға шартпен
реттеледі. Егер шерттың бағасы өзінде нақты келісілмесе және оның
жағдайларымен анықталмаса, онда бұл шарттың жарамдылығына әсер етпейді.
Мұндай жағдайда тауар бағасы бойынша әдетте қолданылатын талаптар есепке
алынады, басқаша айтқанда, негіз ретінде тауардың нарықтық құны алынады.
Баға тауар салмағына байланысты қойылса, егер шартта басқаша қарастырылса,
ол таза салмақ бойынша аықындалады. Бұл сатып алушы үшін қолайлы ереже,
әсіресе ыдыстың салмағы үлкен немесе тауар қымбат болса және салмақтың
кіішігірім өзгеруі тауардың елеулі қымбаттануына әкелсе. Таур бағасы шартты
жасасқан кездегі көрсеткіштердің және шарт бойынша ұсынылатын тауарларды
сақтандыру, тиеу, буып-тию, сатып алу, өндіру кезінде қалыптасатын олардың
өзіндік құны қатысуының негізінде анықталуы керек.
Құқықтық қатынастар мазмұны – бұл құқықтық реттелетін қоғамдық қатынас.
Сонымен бірге мазмұн деп екі жақтың құқықтары мен міндеттерін қарастырады.
Нысан өзінің мазмұнына тараптардың құқықтары мен міндеттерін, ал мазмұн өз
қатысушыларының әрекеттерінен, олардың қызметтерінен қалыптасатын өз
мазмұнын иемденеді3.

1.2.Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тауар сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сатушы бөлшек-

3.Азаматтық құқық. Оқулық 2бөлім, Сергеев А.П., Толстой Ю.К. М,1997
теп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кәсiпкерлiк қызметке
байланысты емес, әдетте жеке өзiне, отбасында, үйiнде немесе өзге де
пайдалануға арналған тауарларды беруге мiндеттенедi. Бөлшектеп сатып алу-
сату шарты жария болып табылады. Егер заң актiлерiнде немесе бөлшектеп
сатып алу-сату шартында, соның iшiнде сатып алушы қосылатын формулярлардың
немесе өзге де стандарттық нысандардың талаптарында өзгеше белгiленбесе,
сатушы сатып алушыға касса немесе тауар чегiн немесе тауарға ақы төленгенiн
растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату
шарты тиiстi нысанда жасалған болып есептеледi. Аталған құжаттардың сатып
алушыда болмауы оны шарттың жасалғандығын және оның талаптарын растайтын
куәлiк айғақтарға сүйену мүмкiндiгiнен айырмайды. Тауарларды көруге қою,
олардың үлгiлерiн көрсету немесе тауарлар сатылатын жерде сатылатын
тауарлар туралы мәлiметтер (сипаттамалар, каталогтар, фотосуреттер және
т.б.) беру, сатушы тиiстi тауарлардың сатуға арналмағандығын айқын
көрсеткен жағдайларды қоспағанда, бағаның және сатып алу-сату шартының
басқа да елеулi талаптарының көрсетiлгенiне қарамастан, көпшiлiкке арналған
оферта болып танылады. Тауардың оның жарнамасында, каталогтарында, сондай-
ақ тауар сатылмайтын жерлерде тауардың беймәлiм адамдар тобына арналған
және тауардың сатып алу-сату шартының елеулi талаптары болмаған басқа да
сипаттамаларында көрсетiлген ұсынымы көпшiлiкке арналған оферта деп
танылмайды.Сатушы сатуға
ұсынылатын тауар туралы сатып алушыға қажеттi және анық ақпарат беруге
мiндеттi. Бұл ақпарат заң актiлерiнде белгiленген талаптарға және әдетте
бөлшек саудада осындай ақпарат берудiң мазмұны мен әдiсiне қойылатын
талаптарға сәйкес болуға тиiс. Сатып алушы шарт жасалғанға дейiн, егер
бұған тауардың сипатына байланысты тыйым салынбаса және бөлшек саудада
қабылданған ережелерге қайшы келмесе, тауарды көруге, өзiнiң қатысуымен
тауардың қасиеттерiн тексерудi немесе оның пайдаланылуын көрсетудi талап
етуге құқылы. Сатып алушыға тауар туралы тиiстi ақпарат алуға мүмкiндiк
бермеген сатушы тауардың оны сатып алушыға бергеннен кейiн пайда болған,
сатып алушы өзiнде ақпараттың болмауына байланысты туындағанын дәлелдеген
кемшiлiктерi үшiн де жауап бередi. Тараптар сатып алушының тауарды шартта
белгiленген мерзiмде қабылдап алуы туралы талап қойылған шарт жасасуы
мүмкiн, осы мерзiм iшiнде тауарды басқа сатып алушыға сатуға болмайды.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушының келмей қалуын немесе шартта
белгiленген мерзiмде тауарды қабылдап алу үшiн өзге де қажеттi әрекеттер
жасалмауын сатушы сатып алушының шартты орындаудан бас тартуы ретiнде
қарастыруы мүмкiн. Шартта белгiленген мерзiмде сатып алушыға тауар берудi
қамтамасыз ету жөнiндегi сатушының қосымша шығындары, егер заң актiлерiнде
немесе шартта өзгеше көзделмесе, тауардың бағасына енгiзiледi. Бөлшектеп
сатып алу-сату шарты сатып алушының сатушы ұсынған тауар үлгiсiмен (оның
сипаттамасымен, тауарлар каталогымен және т.б.) танысуы негiзiнде жасалуы
мүмкiн. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, шартта
көрсетiлген жерге тауар жеткiзiлген кезден бастап, ал егер шартта тауар
беретiн орын белгiленбесе, азаматтың тұрғылықты жерi немесе заңды тұлғаның
орналасқан жерi бойынша сатып алушыға тауар жеткiзiлген кезден бастап шарт
орындалған болып есептеледi. Сатушы шартты орындау жөнiнде әрекет
жасалуына байланысты қисынды шығындарды өтеген жағдайда сатып алушы тауар
берiлгенге дейiн шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
Сатып алу-сату шартының сбъектілері ретінде азаматтық құқық
субъектілері, яғни жеке тұлға, заңды тұлға, әкімшілік аумақтық
бірлестіктер, мемлекет әрекет ете алады. Сатып алу-сату шартының қандай
шарты жасалатынына қарап кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік емес, бөлшек сатып
алу-сату немесе мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін жекешелендіру, олардың
қатысушылар құрамы да өзгереді. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамынгың
ерекшелігі сатып алу-сату шартының жекелеген түрлері бойынша субъектілер
өзгереді.
Сатушының тауар беру жөнiндегi мiндеттерi
Сатушы шартта көзделген тауарды сатып алушыға беруге мiндеттi. Егер
шартта өзгеше көзделмесе, сатушы тауарды берумен бiрге сатып алушыға оның
керек-жарақтарын, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлерде немесе шартта
көзделген, соған қатысты құжаттарды (тауардың жиынтықтылығын,
қауiпсiздiгiн, сапасын, пайдалану тәртiбiн және т.б. куәландыратын
құжаттарды) беруге мiндеттi.
Сатушының сатып алушыға тауарды беру мiндетiн орындау мерзiмi шартта
белгiленедi, ал егер шартта мерзiмдi белгiлеуге мүмкiндiк болмаса,
Азаматтық Кодекстiң 277-бабында көзделген ережелерге сәйкес белгiленедi.
Егер мерзiм бұзылған кезде сатып алушының шартты орындауға мүдделiлiгi
жоғалатындығы шарттан айқын туындайтын болса, сатып алу-сату шарты оны
қатаң белгiленген мерзiмде орындау талабымен жасалды деп танылады.
Сатушының мұндай шартты онда белгiленген мерзiм басталғанға дейiн немесе
бiткеннен кейiн сатып алушының келiсуiнсiз орындауға құқығы жоқ. Заң
актiлерiнде немесе шартта сатып алу-сату шартын бөлiп орындау жағдайлары
(шартты орындаудың аралық мерзiмдерi) белгiленуi мүмкiн.
Сатушының тауар беру мiндетiн орындау кезi
Егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, сатушының сатып
алушыға тауар беру мiндетi:
1) егер шартта тауарды жеткiзiп беру бойынша сатушының мiндетi
көзделсе, сатып алушыға немесе ол атаған адамға тауарды берген;
2) егер тауар сол тауар орналасқан жерде сатып алушыға немесе ол
атаған адамға берiлуге тиiс болса, сатып алушының билiгiне тауар берген
кезiнде орындалған болып есептеледi.
Тауар шартта көзделген мерзiмде тиiстi жерде беруге дайын тұрған және
сатып алушы шарт талаптарына сәйкес тауардың беруге дайын екендiгi туралы
хабардар болған кезде тауар сатып алушының билiгiне берiлген болып
есептеледi. Егер тауар таңбалау арқылы немесе өзгеше түрде шарт мақсаттары
үшiн сәйкестендiрiлмесе тауар берiлуге дайын емес деп танылады. Тауарды
жеткiзiп беру немесе сатып алушыға оның орналасқан жерiнде тауар беру
жөнiнде сатып алу сату шартынан сатушының мiндетi туындамаған жағдайларда,
егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарды тасымалдаушыға немесе сатып алушыға
жеткiзу үшiн байланыс ұйымына берген кезде сатушының тауарды сатып алушыға
беру мiндетi орындалған болып есептеледi.
Егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, тауардың кездейсоқ
жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi сатушы заң актiлерiне немесе шартқа
сәйкес сатып алушыға тауар беру жөнiндегi өз мiндетiн атқарды деп
есептелетiн кезден бастап сатып алушыға ауысады. Жолда келе жатқан кезде
сатылған тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi, егер
шартта немесе iскерлiк айналым ғұрпында өзгеше көзделмесе, сатып алу-сату
шарты жасалған кезден бастап сатып алушыға ауысады. Егер шарт жасасқан
кезде сатушы тауардың жоғалтылғанын немесе бүлiнгенiн бiлсе немесе бiлуге
тиiс болса және бұл туралы сатып алушыға хабарламаса, тауардың кездейсоқ
жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi сатып алушының талап етуi бойынша
тауар бiрiншi тасымалдаушыға өткiзiлген кезден бастап сатып алушыға
ауысатындығы туралы шарт талабын сот жарамсыз деп тануы мүмкiн.
Меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығы
сатып алушыға тауарды берместен бұрын ауысқан кезде сатушы тауарды бергенге
дейiн оның нашарлауына жол бермей сақтауға мiндеттi. Егер тараптардың
келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, сатып алушы сатушыға бұған қажеттi
шығындарды өтеуге мiндеттi.
Сатып алушы үшiншi тұлғалардың құқықтары жүктелген тауарды
қабылдауға келiскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшiншi тұлғалардың кез
келген құқықтарынан тыс тауарды сатып алушыға беруге мiндеттi. Егер тауарға
үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы сатып алушының бiлгендiгi немесе бiлуге
тиiс екендiгi дәлелденбесе, сатушының бұл мiндеттердi орындамауы сатып
алушыға сол тауардың сатып алу бағасын кемiтудi не шартты бұзуды және
залалдарды өтеудi талап ету құқығын бередi. Тауарды сатып алушыға беру
кезiнде үшiншi тұлғалардың оған қатысты талаптары болып, ол жөнiнде сатушы
бiлген жағдайда да, егер бұл талаптар кейiннен белгiленген тәртiппен заңды
деп танылса, тиiсiнше көзделген ережелер қолданылады.
Шартты орындауға дейiн пайда болған негiздер бойынша үшiншi тұлғалар
сатып алушыдан тауарды алып қойған кезде сатушы, егер сатып алушы осы
негiздердiң болғаны туралы бiлгенiн немесе бiлуге тиiс екенiн дәлелдей
алмаса, сатып алушыға оның шеккен залалын өтеуге мiндеттi. Үшiншi
тұлғалардың сатып алушыдан сатып алған тауарын талап еткен жағдайда
тараптардың сатушыны жауапкершiлiктен босату немесе жауапкершiлiгiн шектеу
туралы келiсiмi жарамсыз болады.
Егер үшiншi тұлға шарт орындалғанға дейiн туындаған негiздер бойынша
сатып алушыға тауарды алып қою туралы талап арыз қойса, сатып алушы
сатушыны бұл iске қатысуға тартуға мiндеттi, ал сатушы бұл iске сатып алушы
тарапынан араласуға мiндеттi. Егер сатушы iске қатыса отырып, сатылған
тауарды сатып алушыдан алып қоюды болдырмайтынын дәлелдей алса, сатып
алушының сатушыны iске қатысуға тартпауы сатушыны сатып алушы алдындағы
жауапкершiлiктен босатады. Сатып алушы iске қатысуға тартқан, бiрақ оған
қатыспаған сатушы сатып алушының iстi дұрыс жүргiзбегенiн дәлелдеу
құқығынан айырылады.
Егер сатушы сатып алушыға сатылған тауарды беруден бас тартса, сатып
алушы сатып алу-сату шартын орындаудан бас тартуға құқылы. Егер сатушы өзi
беруге тиiстi тауарға қатысты керек-жарақтарды немесе құжаттарды сатып
алушыға бермесе немесе беруден бас тартса, сатып алушы оларды беру үшiн
оған қисынды мерзiм тағайындауға құқылы. Сатушы тауарға қатысты керек-
жарақтарды немесе құжаттарды аталған мерзiмде бермеген жағдайда, егер
шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушы тауарды қабылдаудан бас тартуға
құқылы.

1.3. Шарттың түрлері
Шарттың түрлері алуан мақсаттарға негіздеп бөлсе болады. Тақырыпты аша
отырып мен негізгі түрлеріне жіктедім:
1. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты;
2. Тауар жеткізілім шарты;
3. Келісімшарт жасасу шарты;
4. Энергиямен жабдықтау шарты;
5. Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты;
6. Мемлекет мұқтажы үшін тауарларды жеткізу шарты.
Әрбір шарттың өзіндік сипатына ие ерекшеліктер бар. Бұл ерекшеліктер
келесі мәселелерге негізделген: қатысушылары, пәні, мазмұны, бағасы мен
нысанына қарай. Менің ендігі мақсатым жеке-жеке тізілген шарратға тоқтау.
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алушыға кәсіпкерлік
қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасына, үйіне немесе өзге де
пайдалануға арналған тауарларды беруге міндетті. Шарттың мазмұны: сатушының
бөлшектеп сатып алу-сату шарттарында бірнеше ерекше міндеттері бар. Шарт
жасалатын алдында сатушы сатып алушыға тауаар туралы қажетті және сенімді
ақпарат беруі керек. Кәсіпқой ретінде сатушы сатып алушыға берілетін
мазмұнын өзі айқындайды. Дегенмен, ақпарат өзіне міндетті кезеңдерді
еңгізуі керек. Оларға- баға жөніндегі сенімді және қажетті хабар; алушының
қызықтырған өнім туралы тұтынушылық қасиеті жайлы мәлімет, затты тұтыну
жайлы ереже, оны сақтау және қауіпсіз пайдаға асыру тәртібі. Ал азық-түлік
өнімдеріне қатысты өнімнің құрамы, қуаттылығы, денсаулыққа зиянды заттар
құрамы және сақталу мерзімі туралы ақпарат берілуі тиіс. Бұл ақпарат
тұтынушыға тек ауызша түрде жеткізілмейді, сонымен қатар өнімнің техникалық
құжаттамасында көрсетіледі, тауарда өнімнің дайындалған және сатылған
мерзімі, өзге белгілері болуы қажет. Олар тауарға сауданың бір немесе өзге
саласында қолданылатын тәсілдермен соғылады.
Тауар жеткізілімі шарты бойынша кәсіпкер болып табылатын сатушы сатып
алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке
немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға
байланыста емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе
мерзімдерде беруге міндеттенеді. Бұл шарттың жасалу тәртібінің өзгешелігі:
шарттың жобасын алған тарап 20күннің ішінде оны қарап, шарттың бір данасын
екінші терепқа береді. Траптар арасында шарттың жекелеген жағдайлары
бойынша келіспеушіліктер пайда болған жағдайда шарт жасауды ұсынған және
басқа тараптан осы жағдайлар бойынша келісу туралы ұсыныс алған тарап осы
ұсынысты алған күннен бастап 30күн ішінде, егер өзге мерзім тараптармен
келісілмеген болса, шарттың тиісті талаптарын келісу жөнінде шаралар
қолдануға не басқа тарапты оны жасаудан бас тарту туралы жазбаша түрде
хабарландыруға тиіс.
Келісімшарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылық өнімін өндіруші өзі
өсірген (өндірген) ауыл шаруашылық өнімін-ұқсату немесе сату үшін осындай
өнімді сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы-тұлғаға беруге міндеттенеді,
ал дайындаушы оны қабылдауға және ол үшін төлеуге міндеттенеді. Шарттың
таратары ретінде, сатушы және өнім дайындаушы болып, кәбінесе кәсіпкерлер
әрекет етеді. Келісімшарт жасасу шартының нысаны жазбаша болады, оны жасау
тәртібі тауар жеткізілім шартын жасау тәртібіне сәйкес болуы қажет.
Энегриямен жабдықтау шарты бойынша энегриямен жабдықтанушы ұйым
абонентте жалғанған желі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент
алынған энергия үшін ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген
режимін сақтауға, өзінің қарауындағы энергетика желілерін пайдалану
қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар
мен жабдықтар ақаусыздығын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Электрмен
жабдықтау шарты консенсуалды, екі жақты, өтемді болып табылады.
Кәсіпорынды сату шарты бойынша сатушы тұтас алғанда кәсіпорынды мүліктік
кешен ретінде сатып алушының меншігіне беруге міндеттенеді, бұған сатушы
тұлғағаларға беруге құқығы болмайтын құқықтар мен міндеттер қосылмайды. Бұл
шарттың тараптары болып, сатушы және сатып алушы келеді, оларға азаматтық-
құқықтық қатынастардың кез келген субъектілері – жеке және заңды тұлғалар
жатады. Кәсіпорын кәсіпкерлік мақсаттарда пайдаланатын мүліктік кешен
болатындығы осы құқықтық қатынастар қатысушыларының құрамына белгілі әсерін
тигізу керек. Мысалы, жалпы тәртіп бойынша коммерциялық емес заңды заңды
тұлға кәсіпорын сатып алушы болмауы керек. Кәсіпорынды мемлекет мүлкіне
айналдыру жағдайында, мемлекет кәсіпорынды сатып алушы рөлінде болуы
мүмкін. Осы жағдайда азаматтық құқықтар мен міндеттер күрделі заңдық
құрамынан пайда болады. Теориялық көзқарастан мемлекеттік кәсіпорынның оған
қажетті өндірісті жеке кәсіпкерлерден сатып алу мүмкіншілігі жоққа
шығарылмайды. Сол сияқты, уәкілетті орган – мемлекеттің өкілі белгілі
салада мемлекеттік кәсіпкерлікті ұйымдастыру мақсатында осындай тең
құқықтылыққа, тепе-теңдікке негізделген құқықтық қатынастарға кірісе алады.
Тараптар шарт арқылы міндеттерін орындау және құқықтарын жүзеге асыру үшін
кез-келген мерзімдерін бекіту мүмкін.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт – заңға және өзге де нормативтік
құқықтық актілерге сәйкес тапсырысшы мен өнім беруші арасында жасалған
азаматтық-құқықтық шарт. Шартты орындау барысында келесі қағидаттар
басшылыққа алынады: сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны қолайлы және
тиімді жұмсауға; мемлекеттік сатып алу барысынды қатысу үшін барлық
болжанымды жеткізушілерге тең мүмкіндікті ұсынуға; болжамды жеткізушілер
арасында адал бәсекеге; мемлекеттік сатып алу барысының жариялылығы.
Заңнамаға сәйкес өкілетті орган оның көмегімен мемлекеттік сатып алу жүзеге
асырылатын әдісті тікелей анықтайды. Бұның алдында сатып алынатын
тауарлардың көлемі мен атаулары бекітіледі. Мемлекеттік сатып алуды: ашық
конкурс; жабық конкурс; баға ұсыныстарға сұраныс жасау арқылы
жеткізушілерді таңдау; бір көзден сатып алу; ашық тауар биржалары арқылы
жүзеге асырса болады.4

2. Шартқа қатысушы субьектілер мен шарттың элементтері
Шарттың субъектілері ретінде азаматтық құқық субъектілері, яғни жеке
тұлға, заңды тұлға, әкімшілік аумақтық бірлестіктер, мемлекет қатыса алады.
Қандай шарт жасалатынына қарап кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік емес,
мемлекеттік ксәпорындар мүлкін жекешелендіру, олардың қатысушылар құрамы да
өзгереді. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамының ерекшелігі жекеленген
түрлеріне байланысты. Шарт тараптарына тек келесі талаптар жүктелген:
әрекет және құқық қабілеттілік; толық не жеке жауапкершілік. Қатысушы
тұлғалардың саны заңмен шектелмейді. Тек меншік құқықғының түрінен тәуелді
болуын ескеруіміз керек. Мысалы, ортақ не бірлескен меншік болса. Осы
меншік құқығының иелері басқа да осы меншікке ортақ не бірлескен құқыққа
байланысты қатыса алады. Бұл дегенім, бір тұтас жылжитын және жылжымайтын
мүлікке бірнеше адам иелік ете алады. Ол: ерлі-зайыптылар, ортақ
кәсіпкерлікті жүргізетіндер. Қазақстан мемлекетінің заңдарына сәйкес
шарттық қатынастардың басым бөлігіне ортақ Қазақстан Республикасының
азаматтары, шетел азаматтары не азаматтығы жоқ тұлғалар қатыса алады. Әрбір
қатысушының мәртебесі сатып алу-сату шарты бойынша бірдей деп есептелінеді.
Бірақ бұл құқықтық жүзеге асыру барысында әрекет мемлекет заңы мен
мемлекеттің, халықтың мүддесіне қарсы келмеуі анық. Бірақ, сатып алу-сату
шартында берілген мүлік азаматтық айналымнан заңмен шектеліп не алып
тасталыңған болмауын ескеремін. Яғни сот, басқа да уәкілетті органның
шешімі бойынша тәркіленген, тыйым салынған мүлік болмауы керек.

2. 1. Тауардың жалпы түсінігі, саны, түрлері мен сапасы
Сатып алушыға берiлуге тиiс тауар саны шартта тиiстi өлшем
бiрлiктерiне сәй-

4. ҚР Мемлекеттік мүлік ережелері бойынша ҚР 2002ж21мамыр
кес немесе ақшалай түрде көзделедi. Тауарлардың саны туралы талап оны
айқындау тәртiбiн шартта белгiлеу жолымен келiсiлуi мүмкiн. Егер сатушы
шарт талаптарын бұза отырып, сатып алушыға тауар санын шартта
белгiленгенiнен кемiрек берсе, сатып алушы, егер шартта өзгеше көзделмесе,
не тауардың
заңыжетiспейтiн санын берудi талап етуге, не берiлген тауардан және оған
ақы төлеуден бас тартуға, ал егер ақысы төленiп қойған болса, оған төленген
ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы. Сатушы сатып алушыға тауарды
шартта көрсетiлгенiнен артық мөлшерде берген жағдайда сатып алушы бұл
туралы сатушыға көзделген тәртiппен хабарлауға мiндеттi. Егер сатып
алушыдан хабар алынғаннан кейiн қисынды мерзiмде сатушы тиiстi тауарға
билiк етпесе, шартта өзгеше көзделмегендiктен, сатып алушы бүкiл тауарды
қабылдауға құқылы. Сатып алушы тауарды шартта белгiленгенiнен артық
мөлшерде қабылдаған жағдайда тиiстi тауарға ақы, егер тараптардың
келiсiмiнде өзгеше баға белгiленбесе, шартқа сәйкес қабылданған тауар үшiн
белгiленген баға бойынша төленедi.
Егер сату-сатып алу шарты бойынша түрлерiне, үлгiлерiне, мөлшерiне,
түстерi мен өзге де белгiлерiне (түр-түрi) қарай белгiленген тауарлар
берiлуге тиiс болса, сатушы сатып алушыға тауарларды тараптар келiскен түр-
түрi бойынша беруге мiндеттi.
Тауарлардың түр-түрi туралы шарт талаптарын бұзудың салдары
Сатушы шартта көзделген тауарлардың түр-түрiн шартқа сәйкес
келмейтiн етiп берген кезде сатып алушы оларды қабылдаудан және ақы
төлеуден бас тартуға, ал егер оларға ақы төленiп қойған болса, төленген
ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы. Егер сатушы сатып алушыға түр-
түрi шартқа сәйкес келетiн тауарлармен қатар, олардың түр-түрi туралы
шарттың талаптарын бұза отырып тауарлар берсе сатып алушы өз қалауы
бойынша:
1) түр-түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келетiн тауарларды
қабылдап, қалған тауарлардан бас тартуға;
2) берiлген барлық тауарлардан бас тартуға;
3) түр-түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды
шартта көзделген түр-түрiндегi тауарлармен алмастыруды талап етуге;
4) берiлген барлық тауарларды қабылдап алуға құқылы.
Түр-түрi шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн тауарлардан бас тартқан
немесе түр-түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды
алмастыру жөнiнде талап қойған жағдайда сатып алушы бұл тауарларға ақы
төлеуден бас тартуға да, ал егер ақы төленiп қойған болса, төленген соманың
қайтарылуын талап етуге құқылы. Егер сатып алушы түр-түрi туралы шарттың
талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды алғаннан кейiн он бес күн мерзiмде
өзiнiң тауарлардан бас тартатынын сатушыға хабарламаса, олар қабылданған
болып есептеледi. Егер сатып алушы түр-түрi шартқа сәйкес келмейтiн
тауарлардан бас тартпаса, оларға сатушымен келiсiлген баға бойынша ақы
төлеуге мiндеттi. Сатушы бағаны он бес күн мерзiмде келiсу жөнiнде қажеттi
шаралар қолданбаған жағдайда, сатып алушы тауарға шарт жасалған кезде
әдетте сол сияқты мән-жайларда ұқсас тауарлар үшiн алынатын баға бойынша
ақы төлейдi.
Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетiн тауар беруге
мiндеттi. Шартта тауардың сапасы туралы талаптар болмаған жағдайда сатушы
сатып алушыға әдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарға жарамды
тауар беруге мiндеттi. Егер сатушы шарт жасасу кезiнде сатып алушыға
тауарды сатып алудың нақты мақсаттары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу - сату шарты
САТЫП АЛУ САТУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Сатып алу-сату шарттары
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмұны, тараптары
АЙЫРБАС ШАРТЫНЫҢ ТАРАПТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Сатып алу сату шарты - ақылы шарт
Жалға алу шарты
Сатып алу - сату шарты бойынша сатушының негізгі міндеті шарт ережелеріне сай тауарды сатып алушыға беру
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері. Сатып алу-сату шартының пәні
Пәндер