Сот төрелiгiне және жазалардың орындалу тәртiбiне қарсы қылмыстар жайлы
Сот төрелiгiне және жазалардың
орындалу тәртiбiне қарсы қылмыстар
339-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және алдын ала
тергеу жүргiзуге кедергi жасау
1. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың
қызметiне қандай да болмасын нысанда араласу -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке
дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi
кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не,
не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге
бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Iстi жан-жақты, толық және объективтi тергеуге кедергi жасау
мақсатында қандай да болмасын нысанда прокурордың, тергеушiнiң немесе алдын
ала анықтауды жүргiзушi адамның қызметiне араласу -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке
дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi
кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не
жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмысқа
тартуға бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзiнiң
қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттер -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке
дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi
бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, немесе онсыз осындай
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 339-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
340-бап. Сот төрелiгiн немесе алдын ала тергеудi жүзеге
асырушы адамның өмiрiне қол сұғу
Судьяға, алқабиге, прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды жүзеге
асырушы адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, соттың атқарушысына,
сол сияқты олардың туыстарына iстiң немесе материалдардың сотта қаралуына,
алдын ала тергеу жүргiзiлуiне, не үкiмдi орындауға, соттың шешiмiне немесе
өзге сот актiлерiне байланысты аталған тұлғалардың заңды қызметiне кедергi
жасау, не iстеген қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған олардың өмiрiне
қол сұғу -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не
өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 340-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2006.01.16. N 122 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі),
2009.07.10. N 175-IV Заңдарымен.
341-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға немесе алдын ала
тергеу жүргiзуге байланысты қорқыту немесе күш
көрсету әрекеттерi
1. Iстiң немесе материалдардың сотта қаралуына байланысты судьяға,
алқабиге, сол сияқты олардың туыстарына қатысты өлтiремiн деп, денсаулыққа
зиян келтiрумен, мүлкiн бүлдiрумен немесе жоюмен қорқыту -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Алдын ала тергеу жүргiзiлуiне, iстiң немесе материалдардың сотта
қаралуына, не үкiмнiң орындалуына, соттың шешiмiне немесе өзге сот
актiлерiне байланысты прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды
жүргiзетiн адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, соттың
атқарушысына, сол сияқты олардың туыстарына қатысты жасалған дәл сол әрекет
-
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке

екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге
бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам
өмiрi немесе денсаулығы үшiн қауiпсiз күш қолдана отырып жасалған әрекеттер
-
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамдарға
өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi күш қолдана отырып жасалған әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
Ескерту. 341-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.16. N 122
(2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.
342-бап. Сотты құрметтемеу
1. Сот талқылауына қатысушыларды қорлаудан көрiнген сотты құрметтемеу

жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық
жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге
жазаланады.
2. Судьяны және (немесе) алқабидi қорлаудан көрiнген дәл сол әрекет -

бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Ескерту. 342-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.16 N 122

343-бап. Судьяға, алқабиге прокурорға, тергеушiге,
алдын ала анықтауды жүргiзушi адамға,
сарапшыға,сот приставына, соттың атқарушысына
қатысты жала жабу
1. Iстiң немесе материалдардың сотта қаралуымен байланысты судьяға
немесе алқабиге қатысты жала жабу -

дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Алдын ала тергеу жүргiзілумен, сот сараптамасы жүргiзiлуiмен не
үкiмнiң орындалуымен, соттың шешiмiмен немесе өзге сот актiсiмен байланысты
прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды жүргiзушi адамға, сарапшыға,
сот приставына, соттың атқарушысына қатысты жасалған дәл сол әрекет -

екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге
бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамды
ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан әрекеттер -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 343-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.16 N 122
(2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.07.04 N 151 , 2011.01.18 №
393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
344-бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа
тарту
1. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту, -

2. Адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан
дәл сол әрекет -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
345-бап. Қылмысты жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату
Прокурордың, тергеушiнiң немесе алдын ала анықтауды жүргiзушi адамның
күдiктi немесе қылмыс жасады деп айыпталған адамды қылмыстық жауаптылықтан
көрiнеу заңсыз босатуы -
екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
346-бап. Көрiнеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе
қамауда ұстау
1. Көрiнеу заңсыз ұстау -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе
белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі
жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көрiнеу заңсыз қамауға алу немесе қамауда ұстау -

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр
зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
Ескерту. 346-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV

347-бап. Жауап беруге мәжбүр ету
1. Тергеушiнiң немесе алдын ала анықтауды жүргiзушi адамның тарапынан
қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз iс-әрекеттер қолданылу жолымен
күдiктiнi, айыпталған адамды, жәбiрленушiнi, куәгердi жауап беруге мәжбүр
ету, сол сияқты адамның ерікті түрде жауап беруіне, жасалған қылмыс туралы
өтініш беруіне кедергі келтіру не оны жауап беруден бас тартуға мәжбүр ету,
не сарапшыны қорытынды беруге мәжбүр ету –

2. (алып тасталды - 2002.12.21. N 363)
Ескерту. 347-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.12.21 N 363 ,
2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
347-1-бап. Қинау
Ескерту. Кодекс 347-1-баппен толықтырылды - ҚР 2002.12.21 N 363
Заңымен, алып тасталды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
348-бап. Айғақтарды және жедел-іздестіру материалдарын
бұрмалау
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.07 N 221-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
1. Азаматтық iс бойынша iске қатысушы адамның немесе оның өкiлiнiң
айғақтарды бұрмалауы -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен сегiз жүз айлық есептiк
көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға
дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл
салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi
жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
1-1. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган қызметкерінің
жедел-іздестіру материалдарын бұрмалауы, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе
белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қылмыстық iс бойынша алдын ала анықтау жүргiзушi адамның,
тергеушiнiң, прокурордың , iс жүргiзу әрекеттерiне қатысушы маманның немесе
қорғаушының айғақтарды бұрмалауы -

белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып ,үш жылға дейiнгi

3.Қылмыстық іс бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмыстар туралы, сол
сияқты ауыр зардаптарға әкеп соққан айғақтарды бұрмалау-

белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылдан жетi жылға
дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 348-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2009.12.07
N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV

349-бап. Коммерциялық сатып алуға не сыбайлас
жемқорлық қылмысқа арандату
1. Коммерциялық сатып алуға арандату, яғни коммерциялық немесе өзге
де ұйымдарда басқару қызметтерiн атқарушы адамға қылмыс жасау айғақтарын
қолдан жасау не бопсалау мақсатында оның келiсiмiнсiз ақша, мүлiктiк
игiлiктер мен артықшылықтар беруге тырысу әрекеттерi -
жүзден үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның бiр айдан үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге
де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес
жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға арандату, яғни мемлекеттiк
қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға
қатысты жасалған нақ сол әрекеттер, -

белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, екi жүзден бес жүз айлық
есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес
айға дейiнгі кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл
салуға, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 349-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
2003.09.25. N 484 Заңымен.
350-бап. Көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе
өзгедей сот актiсiн шығару
1. Судьяның (судьялардың) көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн
немесе өзгедей сот актiсiн шығаруы -

бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге
бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бас бостандығынан айыруға соттың заңсыз үкiм шығаруымен байланысты
немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол
әрекет -

белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылдан жетi

351-бап. Көрiнеу жалған сөз жеткiзу
1. Қылмыс жасағаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу -

жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу
жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл
сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп
айыптаумен, не жасанды айыптау айғақтарын жасаумен ұштасқан, не
пайдакүнемдiк ниеттен туған дәл сол әрекет -
алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген,
ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық) ұйымның
мүддесiне жасалған әрекеттер -

Ескерту. 351-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.09.25 N 484,

352-бап. Көрiнеу жалған жауап беру, сарапшының жалған
қорытындысы немесе қате аудару
1. Сотта, не алдын ала анықтау жүргiзу немесе алдын ала тергеу
кезiнде куәгердiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған жауап беруi немесе
сарапшының көрiнеу жалған қорытынды беруi, сол сияқты дәл сондай
жағдайларда, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау кезінде аудармашы
жасаған көрiнеу қате аударма -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық көрсеткiшке дейiнгi
мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi
жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен
сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға
тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға

айыптаумен, айыптаудың айғағын жасанды түрде жасаумен ұштасқан, сол сияқты
пайдакүнемдiк мақсатта жасалған дәл сол әрекеттер -
үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
Ескерту. Куәгер, жәбiрленушi, сарапшы немесе аудармашы алдын ала
анықтау, алдын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz