Тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тауар жеткiзiлiмiнiң шарты

Кәсiпкер болып табылатын сатушы (тауар берушi) сатып алушыға өзi өндiретiн немесе сатып алатын тауарларды кәсiпкерлiк қызметке немесе жеке өзiне, отбасына, үй iшiне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшiн келiсiлген мерзiмде немесе мерзiмдерде беруге мiндеттенедi. Тауар жеткiзiлiмi шартын жасасу кезiнде тараптар арасында шарттың жекелеген талаптары бойынша келiспеушiлiктер пайда болған жағдайда шарт жасасуды ұсынған және басқа тараптан осы талаптарды келiсу туралы ұсыныс алған тарап осы ұсынысты алған күннен бастап отыз күн iшiнде, егер өзге мерзiм тараптармен келiсiлмеген болса, шарттың тиiстi талаптарын келiсу жөнiнде шаралар қолдануға не басқа тарапты оны жасасудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландыруға тиiс.

Тараптардың құқықтары мен міндеттері

Шарттың тиiстi талаптары бойынша ұсыныс алған, бiрақ тауар беру шартының талаптарын келiсу жөнiнде шара қолданбаған және мерзiмде шарт жасасудан бас тарту туралы екiншi тарапқа хабарламаған тарап шарт талаптарын келiсуден жалтару туғызған залалдарды өтеуге мiндеттi. Тауар жеткiзiлiмi шарты бiр жылға, бiр жылдан астам мерзiмге (ұзақ мерзiмдi шарт) немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген өзге де мерзiмге жасалуы мүмкiн. Егер шартта оның қолданылу мерзiмi белгiленбесе және ол мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, шарт бiр жылға жасалған деп танылады. Егер ұзақ мерзiмдi шартта берiлуге тиiс тауардың саны немесе өзге де шарт талаптары бiр жылға немесе неғұрлым ұзақ мерзiмге белгiленсе, шарттың қолданылу мерзiмi бiткенге дейiн кейiнгi кезеңдерге арналған тиiстi талаптар тараптардың келiсу тәртiбiмен белгiленуге тиiс. Шартта келiсу тәртiбi болмаған жағдайда шарт тиiсiнше бiр жылға немесе шарт талаптары келiсiлген мерзiмге жасалған болып танылады. Егер тараптар шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде тауарлардың жекелеген топтармен жеткiзiлiмiн көздеген болса және онда жекелеген топтардың жеткiзiлiмi мерзiмдерi (жеткiзiлiм кезеңдерi) белгiленбесе, заң актiлерiнен, iскерлiк айналым дағдыларынан немесе мiндеттеменiң мәнiнен өзгеше туындамаса, тауарлар ай сайын бiркелкi топтармен жеткiзiлiп отыруға тиiс. Шартта тауар жеткiзiлiмi кезеңдерiн айқындаумен қатар, тауарлар жеткiзiлiмi (онкүндiк, тәулiктiк, сағаттық және т. б. ) кестесi белгiленуi мүмкiн. Тауарлардың мерзiмiнен бұрын жеткiзiлiмi сатып алушының келiсуiмен жүргiзiлуi мүмкiн. Мерзiмiнен бұрын берiлген және сатып алушы қабылдап алған тауарлар келесi кезеңде берiлуге тиiс тауарлар санының есебiне енгiзiледi. Тауар берушi сатып алушыға немесе шартта сатып алушы ретiнде көрсетiлген адамға шарт бойынша тауарды тиеп-жөнелту (беру) жолымен тауарлар жеткiзiлiмiн жүзеге асырады. Шартта тауар берушiге тауарларды алушыларға тиеп-жөнелтуi туралы сатып алушының нұсқау (тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаз) беру құқығы көзделген жағдайларда тауар берушi тауарларды тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазда көрсетiлген алушыларға тиеп-жөнелтудi (берудi) жүзеге асырады. Тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаздың мазмұны және оны сатып алушының тауар берушiге жiберу мерзiмi шартта белгiленедi. Егер шартта тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаз жiберу мерзiмi көзделмесе, ол жеткiзiлiм кезеңi басталғанға дейiн отыз күннен кешiктiрiлмей тауар берушiге жiберiлуге тиiс. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушының тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазының белгiленген мерзiмде табыс етiлмеуi тауар берушiге шартты орындаудан бас тартуға құқық бередi. Тауар берушi тауарларды жеткiзiп берудi оларды шартта көзделген көлiкке тиеп және шартта белгiленген жағдайларда жөнелту жолымен жүзеге асырады. Егер шартта тауарды жеткiзiп берудiң қандай көлiк түрiмен немесе қандай жағдайларда жүзеге асырылатындығы белгiленбесе, көлiк түрiн таңдау немесе тауарды жеткiзiп беру жағдайларын белгiлеу құқығын заң актiлерiнен, iскерлiк айналым дағдыларынан немесе мiндеттеменiң мәнiнен өзгеше туындамайтындықтан тауар берушi иеленедi.

Жетiспеген тауардың орнын толтыру

Тауар жеткiзiлiмiнiң жекелеген кезеңiнде тауардың жетiспеуiне жол берген тауар берушi жетiспейтiн тауарлар санының, егер шартта өзгеше көзделмесе, шарттың қолданылу мерзiмi шегiндегi келесi кезеңде (кезеңдерде) орнын толтыруға мiндеттi. Ұзақ мерзiмдi шарт бойынша тауар берушiнiң жекелеген тауар жеткiзiлiмi кезеңiнде кем берген тауарлар санының, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарлардың жетiспеуiне жол берiлген жыл iшiндегi келесi кезеңде (кезеңдерде) орны толтырылуға тиiс. Тауар берушi шартта немесе сатып алушының тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазында аталған бiрнеше алушыға тауарларды тиеп-жөнелткен жағдайда алушының бiреуiне шартта немесе тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазында көзделген санынан артық жiберiлген тауарлар, егер шартта өзгеше көзделмесе, басқа алушылардағы жетiспеушiлiктердi өтеуге есептелмейдi және тауар берушi оның орнын толтыруға тиiс. Сатып алушы, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауар берушiге хабарлай отырып, жеткiзiлiм мерзiмi өткен тауарды қабылдаудан бас тартуға құқылы. Тауар берушi хабар алғанға дейiн берiлген тауарды сатып алушы қабылдауға және оған ақы төлеуге мiндеттi.

Жеткiлiксiз берiлiп, орны толтырылуға тиiстi тауарлардың түр-түрi тараптардың келiсiмi бойынша айқындалады. Келiсiм болмаған жағдайда тауар берушi жетiспеушiлiкке жол берiлген кезеңге арнап белгiленген түр-түрi бойынша жеткiлiксiз берiлген тауарлар санының орнын толтыруға мiндеттi. Бiр атаудағы тауарлардың шартта көзделгенiнен көбiрек мөлшердегi жеткiзiлiмi нақ сол түр-түрiне кiретiн басқа атаудағы тауарлардың жетпегенiн толтыруға есептелмейдi және сатып алушының алдын ала берген жазбаша келiсiмiмен жасалатын жағдайларды қоспағанда, оның орны толтырылуға тиiс.

Сатып алушының тауарды қабылдауы

Сатып алушы (алушы) тауар жеткiзiлiмi шартына сәйкес берiлген тауар қабылдауды қамтамасыз ететiн барлық қажеттi iс-әрекеттi жасауға мiндеттi. Сатып алушы (алушы) қабылдаған тауар заң актiлерiнде, тауар жеткiзiлiмi шартында немесе iскерлiк айналым дағдыларында белгiленген мерзiмде қаралуға тиiс. Сатып алушы (алушы) сол мерзiмде заң актiлерiнде, шартта немесе iскерлiк айналым дағдыларында белгiленген тәртiппен қабылданған тауардың саны мен сапасын тексеруге және тауардың байқалған сәйкессiздiктерi немесе кемшiлiктерi туралы тауар берушiге жазбаша түрде дереу хабарлауға мiндеттi. Сатып алушы (алушы) көлiк ұйымынан жеткiзiлген тауарды алған жағдайда тауардың көлiк және жолдама құжаттарында көрсетiлген мәлiметтерге сәйкестiгiн тексеруге, сондай-ақ көлiк ұйымынан осы тауарды көлiк қызметiн реттейтiн заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген ережелердi сақтай отырып, қабылдауға мiндеттi. Сатып алушы (алушы) заң актiлерiне немесе тауар жеткiзiлiмi шартына сәйкес тауар берушi жiберген тауардан бас тартса, ол бұл тауардың сақталуын (жауапкершiлiкпен сақтауды) қамтамасыз етуге және тауар берушiге дереу хабарлауға мiндеттi. Тауар берушi сатып алушы (алушы) жауапкершiлiкпен сақтауға қабылдаған тауарды әкетуге немесе қисынды мерзiмде оған билiк етуге мiндеттi. Егер тауар берушi осы мерзiмде тауарға билiк етпесе, сатып алушы тауарды сатуға немесе оны тауар берушiге қайтаруға құқылы. Тауарды жауапкершiлiкпен сақтауға қабылдауға, тауарды сатуға немесе оны сатушыға қайтаруға байланысты сатып алушы (алушы) шеккен қажеттi шығындарды тауар берушi өтеуге тиiс. Бұл орайда тауарды сатудан түскен сома сатып алушыға тиесiлi сома шегерiле отырып тауар берушiге берiледi. Сатып алушы заң актiлерiнде немесе шартта белгiленбеген негiздерсiз тауар берушiден тауар қабылдамаған немесе оны қабылдаудан бас тартқан жағдайларда тауар берушi сатып алушыдан тауарға ақы төлеудi талап етуге құқылы.

Тауарларды таңдау

Тауар жеткiзiлiмi шартында сатып алушының (алушының) тауарларды тауар берушiнiң орналасқан жерiнен алуы (тауарлар таңдауы) көзделуi мүмкiн. Егер шартта таңдау мерзiмi көзделмесе, сатып алушының (алушының) тауарлар таңдауы тауар берушiнiң тауарлар дайын деген хабарын алғаннан кейiн қисынды мерзiмде жүргiзiлуге тиiс. Тауар жеткiзiлiмi шартында сатып алушының (алушының) тауар берушi орналасқан жерде тауар таңдауы көзделген кезде, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, сатып алушы берiлетiн тауарларды қарап-көрудi олар берiлетiн жерде жүзеге асыруға мiндеттi. Сатып алушының (алушының) шартта белгiленген тауар жеткiзiлiмi мерзiмiнде, ал ол болмаған кезде - тауар берушiнiң тауарлардың дайын екендiгi туралы хабарын алғаннан кейiн қисынды мерзiмде тауарларды таңдамалы тауар берушiге шартты орындаудан бас тартуға немесе сатып алушыдан тауарларға ақы төлеудi талап етуге құқық бередi.

Жеткiзiлетiн тауарлар үшiн есеп айырысу

Сатып алушы жеткiзiлетiн тауарларға шартта көзделген есеп айырысу тәртiбi мен нысандарын сақтай отырып ақы төлейдi. Егер тараптардың келiсiмiнде есеп айырысудың тәртiбi мен нысаны белгiленбесе, есеп айырысу төлем тапсырмалары арқылы жүзеге асырылады. Егер шартта тауардың жиынтыққа енетiн жекелеген бөлiктерiмен жеткiзiлiмi көзделген болса, шартта өзгеше белгiленбегендiктен, сатып алушы тауарға ақы төлеудi жиынтыққа енетiн соңғы бөлiктi тиеп-жөнелткеннен (таңдап алғаннан) кейiн жүзеге асырады. Егер шартта алушының (төлеушiнiң) тауарға ақы төлеудi жүзеге асыратыны көзделсе және соңғысы ақы төлеуден негiзсiз бас тартса не шартта белгiленген мерзiмде тауарға ақы төлемесе, тауар берушi сатып алушыдан жеткiзiлген тауарға ақы төлеудi талап етуге құқылы.

Ыдыс және буып-түю

Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушы (алушы) тауар берушiге заң актiлерiнде белгiленген тәртiп пен мерзiмде тауар келiп түскен көп айналымды ыдысты және буып-түю құралдарын қайтаруға мiндеттi. Басқа да ыдыс пен буып-түю заттары тауар берушiге шартта көзделген жағдайларда ғана қайтарылуға тиiс.

Сапасы лайықсыз тауар жеткiзiлiмiнiң салдары

Өзiне сапасы лайықсыз тауар жеткiзiлген сатып алушы (алушы) тауар берушiге талаптарды қоюға құқылы, бұған жеткiзiлген тауардың кемшiлiктерi туралы сатып алушының хабарын алған тауар берушi жеткiзiлген тауарды кешiктiрмей сапасы лайықты тауармен алмастырған жағдайлар қосылмайды. Өзiне берiлген тауарды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын сатып алушы (алушы), егер тауар жеткiзiлiмi шартында өзгеше көзделмесе, тұтынушы қайтарған сапасы лайықсыз тауарды қисынды мерзiмде алмастыруды талап етуге құқылы.

Жиынтықталмаған тауарлар жеткiзiлiмiнiң салдары Тауар жеткiзiлiмi шартының жағдайларын, заң актiлерiнiң талаптарын не әдетте жиынтықтауға қойылатын талаптарды бұза отырып, тауарлар берiлген сатып алушы (алушы) тауар берушiге талаптарды қоюға құқылы, бұған жеткiзiлген тауарлардың жиынтықталмағандығы туралы сатып алушының хабарын алған тауар берушi тауарларды кешiктiрмей толықтырған не оларды жиынтықталған тауарлармен алмастырған жағдай қосылмайды. Тауарларды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын сатып алушы (алушы), егер тауар беру шартында өзгеше көзделмесе, тұтынушы қайтарған жиынтықталмаған тауарларды қисынды мерзiмде жиынтықталған тауарлармен алмастыруды талап етуге құқылы. Егер тауар берушi тауарларды шартта көзделген мөлшерде бермесе не сатып алушының сапасы лайықсыз тауарды алмастыру туралы немесе белгiленген мерзiмде тауарды толық жиынтықтау туралы талаптарын орындамаса, сатып алушы оларды сатып алу жөнiндегi барлық қажеттi және қисынды шығындарды тауар берушiге жатқыза отырып, берiлмеген тауарларды басқа адамдардан сатып алуға құқылы. Сатып алушының басқа адамдардың тауарлар сатып алуға жұмсаған шығындарын есептеу, тауар берушi оларды толық бермеген немесе тауарлардың кемшiлiктерiн жою туралы не тауарларды толық жиынтықтау туралы талаптар орындалмаған жағдайда, көзделген ережелер бойынша жүргiзiледi. Сатып алушы (алушы) сапасы лайықсыз тауарларға және жиынтықталмаған тауарларға ақы төлеуден бас тартуға, ал егер мұндай тауарларға ақы төленiп қойған болса, төленген соманы тауарлардағы кемшiлiктер жойылғанға және тауарлар толық жиынтықталғанға дейiн не олар алмастырылғанға дейiн қайтаруды талап етуге құқылы.

Тауарды жеткiлiксiз бергенi немесе тауар берудi кешiктiргенi үшiн тұрақсыздық айыбы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар, олардың құқықтары мен міндеттері
Азаматтық процесстің қатысушылары (жалпы сипаттама)
Тараптардың түсінігі, құқықтары мен міндеттері
Мүлiктi жалға алушыға беру, тараптардың құқықтары, бостандықтары мен жауапкершіліктері
Тәуелсіз Қазақстанның Жаңарған қоғамдық-экономикалық құрылысы
Азаматтық процестегі татуластыру рәсімдерінің мәселелері
Заңды тұлғаның мүлкіне құқықтарды қорғау
Азаматтық процесстегі катысушылардың арасындағы тараптардың орны
Мүлік жалдау шарты
Іске қатысушы тұлғалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz