Халықты құқықтық ағарту, жаңа құқықтық сананы қалыптастыру


Халықты құқықтық ағарту, жаңа құқықтық сананы қалыптастыру
Адам құқығын қорғаудың мемлекеттік тетіктерінің тиімділігі тұрғылықты халықтың қоғамдық құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейіне тікелей байланысты болады.
Құқықтық білім беру мен тәрбиелеудің міндеті өзінің заңды мүдделерін ұғынып қана қоймай, сонымен бірге оларды жүзеге асырудың саяси-құқықтық кепілдіктерін нық талап етуге қабілетті еркін тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Тек осы жағдайда елдің құқық қорғау жүйесінің қоғамдық сұраныстарды орнықты қабылдауына, оның барлық буындары қызметінің жедел және оңтайлылығына қол жеткізуге болады. Жеке тұлғаның белсенді ұстанымы сайлау науқанында ғана емес, әртүрлі ахуалдарда адамның өзінің мінез-құлық желісінен туындайтын мәселелерді шешу әдістерін таңдау алдында болатын күнделікті өмірде де көрініс табады.
Жалпы төмен құқықтық мәдениет жағдайында жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыс жасау үшін қолайлы орта сақталады.
Жоғары құқықтық мәдениет қалыптастыру саласындағы қызмет кәсіби заңгерлерді дайындау сапасын көтеруге, құқық қорғау органдары қызметкерлерін қоса алғандағы мемлекеттік аппарат қызметкерлерін құқықтық оқытуға, сондай-ақ ел халқын құқықтық ағартуға бағытталған екі бағытта жүруге тиіс.
Барлық жерлерде байқалатын заң саласындағы жоғары оқу орындары мен факультеттер санының артуы, көбінесе олардың тиісті профессорлық-оқытушылық құраммен толықтырылмауы және мамандарды дайындауға арналған материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі заңгерлік қызмет көрсету нарығының біліксіз мамандармен толығуына, барлық жерлерде халыққа құқықтық қызмет көрсету сапасының төмендеуіне әкеп соққанын мойындау қажет.
Адам құқықтары саласындағы құқықтық саясатты жүзеге асырудың маңызды нысаны адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін заңгерлердің, кадрлардың жаңа формациясын дайындау болып табылады. Бұл бағыт перспективалы, өйткені нақ осы бағыт оны қалыптастыру аспектісінде құқықтық саясаттың жеке тұлғалық әлеуетіне шығады. Сот төрелігі мен құқық қорғау қызметінің тиімділігін көтерудің аталған бағыттары елдегі жоғары заңгерлік білім беруді реформалау тұжырымдамасының өзекті негізін құрайды, оны ҚР Президентінің Жарлығымен бекіткен жөн.
Кеңестік кезеңде заңгерлер даярлауға арналған қаржылық, ұйымдық, кадрлық күш-жігер шоғырланған базалық жоғары оқу орындары болғаны белгілі.
Қазіргі заманғы шектеулі бюджеттік қаржыландыру жағдайында бөлінетін бюджет қаражаттары басымдық ретпен білім беру рейтингі жоғары, профессорлық-оқытушылық құрамының деңгейі жоғары заңгерлік орталықтарға жіберілуі тиіс. Сонымен қатар, бюджеттік негізде қаржыландырылатын білім беру мекемелерінде бірінші кезекте мемлекеттік (бюджеттік) құрылымдарға арналған заңгерлер дайындауға бағдар жасалуы тиіс. Бұған прокуратура органдары, Ішкі істер министрлігі, сот жүйесі, мемлекеттік басқару органдары мен әділет органдары жатады.
Заңгерлік білім саласындағы мемлекеттік шығыстар мемлекет мүддесі, сондай-ақ азаматтық қоғамды қалыптастыру, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғау көзқарасы тұрғысынан жеткілікті, бірақ негізделген болуға тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, заңгерлер дайындау құрылымы ғылыми тексерілген, негізделген, болжанған болуға тиіс.
Ерекше назар жоғары оқу орындары мен техникумдарда (колледждерде) заңгерлер дайындау сапасына, оқу орындарын лицензиялау мен аттестаттауға, біліктілікті көтеру курстарын ұйымдастыруға, жас құқықтанушы мамандардың тағылымдамасына аударылуы тиіс. Адвокаттық қызмет атқаруға лицензия алған адамдарды міндетті түрде тағылымдамадан өткізуді енгізген дұрыс.
Бүгінгі таңда мемлекет пен қоғамның құқықтық саладағы көптеген проблемалары көп жағдайда маңызды практикалық міндеттерді шешуге арналған заңгерлерді мақсатты түрде дайындаудың жоғымен түсіндірілуі мүмкін.
Жоғары оқу орындарын жеке мамандықтағы заңгерлер дайындауға қайта бейіндеу үрдісін ынталандыру аса маңызды. Әрі қарай құқық қорғау органдарына жұмысқа орналастыруға бағдар ұстаумен қатар арнайы адвокатура органдарына, мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардың заңгерлік қызметіне, банктерге және т. б. арналған заңгерлер дайындауға көңіл бөлінуге тиіс.
Мысалға, заңгерлерді дайындаудың сандық көрсеткіштерінің өсуі кезінде мамандандырылған әскери заңгерлер, прокурорлар дайындалмайды. Бұл заңгерлік мамандықтар үшін үздіксіз білім беру, яғни бастауыш дайындық, қайта дайындық және біліктілігін көтеру мәселелері назардан тыс қалған.
Қазіргі уақытта ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы №1382 қаулысымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған түсіндіру жұмысы, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық оқыту және тәрбиелеу жөніндегі бағдарлама жүзеге асырылуда.
Әділет министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жоғарыда аталған Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі, соған сәйкес «Қазақстан-2030» Стратегиясының, Мемлекет басшысының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауының және басқа да директивалық құжаттардың негізгі қағидалары мен жүзеге асыру барысын түсіндіру жөніндегі жұмыс жүргізілуде. Қойылған міндеттерді шешу шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде орталық атқару органдар, комитеттер, прокуратура органдары, судьялық корпус өкілдерінің және басқада білікті адамдардың қатысуымен ақпараттық-насихаттық топтар ұйымдастырылған. Қоғамдық қатынастар саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында ай сайын заң қызметтері жетекшілерінің қатысуымен мемлекеттік органдардың заң жобаларын дайындау қыщзметінің өзекті мәселелері жөніндегі семинар-кеңестер өткізіледі.
Елдегі жұмыс істейтін 6700-ден астам құқықтық білім мектептерінде 223 мың тыңдаушы соңғы уақытта қабылданған заңнамалық актілерді мемлекеттік органдар қызметінде дұрыс қолдану мақсатында оқып-үйренуде. Аталған мектептердің жұмысына қатысуға мемлекеттік мекемелердің, құқық қорғау, сот органдарының тәжірибелі мамандары, адвокаттар, нотариустер, жоғары оқу орындарының оқытушылары, қоғамдық ұйымдар өкілдері және т. б. тартылады.
Құқық түсіндіру жұмысымен қатар қоғамдық өмірдің барынша өзекті мәселелері бойынша материалдар шығару жөніндегі жұмыс жүргізіледі. Ішінара алғанда екінші басылымындағы «Аударма. Терминдер. Сөзжасам (мамандар мен аудармашыларға көмек) » оқу-әдістеме құралы және жалпы білім беретін мектептерге арналған «Қазақстан Республикасы құқығының негізі» атты оқу құралы, сондай-ақ «Қара қылды қақ жарған» ғылыми-көпшілік басылым, «Қазақтың әдет-ғұрып заңдары) ғылыми-әдістемелік құрал және т. б. шығарылды.
«Сіз адам құқықтары және оларды қорғау мүмкіндіктері туралы ақпаратты қандай мәлімет көзінен аласыз?» деген сұраққа ҚӘА сарапшы әлеуметтанушылары жауаптың 11 нұсқасын таңдаған, және де респонденттерге бірден бірнеше сұрақтарға жауап беру мүмкіндігі берілді. Халықтың адам құқықтары туралы ақпарат алатын мәлімет көздерінің ішінде бірінші орында иеленетіні телевидение -74, 7%, екінші орында - баспасөз 50, 4%, төртінші орында - радио 18, 8%. Айтарлықтай кең танымал мәлімет көзі айналадағы (таныс) адамдар болып табылады - 26, 5%. Әлеуметтанушылық зерттеулердің алынған мәліметтері халықты адам құқықтары мен оларды қорғау тетіктері туралы ақпараттандырудағы БАҚ-ның рөлнің артуымен куәландырады. Соның салдарынан адам құқықтары саласында Қазақстанның азаматтық қоғамының белсенді институты ретінде танылған бұқаралық ақпарат көздерімен ынтымақтастық өзекті болып қалуда.
«Хабар» телеарнасымен, «Заң» ЖШС-мен өзара іс-қимыл жасай отырып «Президент Жолдауы - іске асуда», «Әділет органдарының сенім телефондарына - ерекше назар», «Қазақстандағы дін», «Дүниежүзілік сауда ұйымы және зияткерлік меншік құқығының сақталуы» сияқты құқықтық тақырыптар жөніндегі телехабарлар мен барынша өзекті проблемалар жөніндегі жарнамалық-имидждік роликтер ұйымдастырылды. «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Заң», «Юридическая газета», «Закон и правосудие» республикалық баспасөз басылымдарында ақпараттық сипаттағы тұрақты айдарлар құрылған. 2006 жылы баспасөз БАҚ-тарында, теле- және радиоарналарда әртүрлі құқықтық актілер бойынша барлығы 6900 сөз сөйлеу, 1728 «дөңгелек үстел», 18 мың лекция және 3200-ден астам семинарлар, кездесу-әңгімелер, конференциялар ұйымдастырылған.
Азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Көкшетау, Ақтөбе, Өскемен, Тараз, Атырау және Талдықорған қалаларында өзекті құқықтық тақырыптар бойынша бірқатар ғылыми-практикалық конференциялар мен өңірлік семинарлар өткізілді. Сонымен бірге, мақсатты топтармен - жоғары оқу орындарының студенттерімен, кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерімен, әскери қызметшілермен 21 мыңнан астам кездесулер өткізілді. Бұл кездесулер барысында заңнаманың, «2030-Стратегиясының» ұзақ мерзімді басымдықтарын жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттің іс-қимылдары түсіндірілді, түсінікті түрде Мемлекет басшысының 2005 жылғы ақпандағы Жолдауында айтылған идеялар мен шешімдері баяндалды.
Жоғарыда аталған Бағдарламаның үйлестірушісі болып табылатын Әділет министрлігі мемлекеттік органдардың құқық қорғау жұмысы процесіндегі өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасынан алынған мәліметтер бойынша «Қазақстан-2030» Стратегиясының, Ел Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын насихаттау мен жүзеге асыру барысын түсіндіру Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қызметіндегі басымдық бағыт болып табылады.
Жоспардың 1 тармағына сәйкес көзделген ақпараттық іс-шараларды жүзеге асыруды прокуратура органдары тұрақты негізде баспасөз және электрондық баспасөз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, «дөңгелек үстелдер» мен семинарлар, мақсатты топтармен кездесулер мен әңгімелер өткізу арқылы қамтамасыз етеді.
Бас Прокурордың өкімімен «2030-Стратегиясы» мен Ел Президентінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау шеңберінде жүргізілетін іс-шаралар бойынша тоқсан сайын есеп беріп отыру енгізілген.
БАҚ-тарда жемқорлыққа қарсы заңнаманың қолданылуын, кәмелетке толмағандар, зейнеткерлер, мүгедектер, қылмыстық іс жүргізу процесіне қатысушылар құқықтарын қорғау саласындағы заңдардың талаптарының орындалуын тексеруді көрсетуге үлкен мән беріледі.
Республиканың Жоғарғы Соты және жергілікті соттары да ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы №1382 қаулысымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған түсіндіру жұмысы, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық оқыту және тәрбиелеу жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру шеңберіндегі жұмыстарды жалғастыруда.
2006 жылдың екінші жартысында Жоғарғы Сот жүргізген маңызды іс-шаралар БАҚ-тарда кеңінен жарияланды. Баспасөзде 76-дан астам жарияланым, республикалық телевизия арналарында 25 телерепортаж, радиода сөйлеген сөздер дайындалып, жарияланды. Республика соттары 2006 жылдың екінші жартысында БАҚ-тарда барлығы 700-ден астам мақала-сөздер ұйымдастырды. Есепті кезең ішінде 30 ресми баспасөз релиздері дайындалып, БАҚ-на жіберілді.
Бүгінде Қазақстан ғылымның басқа салаларындағы сияқты құқықтық зерттеулер саласында да елеулі әлеуетке ие. Жоғары оқу орындары қабырғасындағы ғылыми мектептер барынша талантты жастарды іріктеуге, оны студенттік шақтан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға тартуға жағдай жасайды. Әлемдік практика мемлекет құқық пен құқықтық өзгерістер саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүйелі дамытуды қолдайтын елдерде инновациялық қызмет барынша сәтті дамитынын куәландырады.
Жоғары оқу орындарындағы адагершілігі жоғары рухани тұлғаны қалыптастыру жөніндегі тәрбие жұмыстарының барынша маңызды бағыттарының бірі студент жастардың құқықтық санасын көтеруге, әлеуметтік қатынастар мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шаралар жүйесі арқылы жүзеге асырылатын құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Жоғары оқу орындарында құрылған әлеуметтанушылық зерттеулер бөлімдері студент жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты анықтау жөнінде тоқсан сайын студенттерге сауалнама жүргізеді, соның нәтижесінде осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру жөніндегі әрі қарайғы шаралар мен іс-қимылдарды анықтайды.
Студент жастарға шығармашылық саласында белгілі бір нәтижеге жету үшін жағдай жасау, сондай-ақ құқықтық білімді насихаттау мақсатында жоғары оқу орындарында жыл сайын студенттік ғылыми конференциялар, спорттық жарыстар: универсиадалар, спартакиадалар, біріншіліктер, турнирлер өткізіледі.
Қазақстан әлеуметтанушылары Ассоциациясының сарапшылары «Қазақстандағы адамның құқықтары: қоғамдық пікір» жобасының шеңберінде 1500 респонденттің ішінде жүргізген сауалдама көрсеткеніндей, сұрақ берілген адамдардың 52, 6% Қазақстанда адам құқықтары және оларды қорғаудың мүмкіндіктері туралы ақпарат жоқ деп есептейді. Тек сұрақ берілгендердің 30, 7% - адам құқықтары және оларды қорғаудың мүмкіндіктері туралы ақпараттың санына қанағаттанады, респонденттердің 16, 7% жауап беруге қиналған. Алынған мәліметтер халықты құқықтық ағартудың, құқықтық ақпарат алуға қол жететін орталықтарды құру қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Адам құқықтары жөніндегі мұндай қол жетімді ақпарат орталықтарының бірі Адам құқықтары жөніндегі Цифрлы кітапхана болып табылады.
2006 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан халқы үшін құқықтық ақпаратқа тегін жол беретін Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Цифрлы кітапханасы іске қосылды. Ел аумағында цифрлы кітапхананы ұстап тұру Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына (ҚР ҰАК) сеніп тапсырылған. Кітапхананың құжаттары http://hrc. nabrk. kz мекен-жайында қазақ және орыс тілдерінде қол жетімді, кітапхананың интерфейсі қазақ, орыс, француз және ағылшын тілдерінде жүзеге асырылған.
Цифрлы кітапхананы құру Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспарын дайындау процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының, Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросының, Мемлекет басшысы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның және Қазақстан Республикасы Парламентінің бірлесіп күш салуымен құрылған.
Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Цифрлы кітапханасы іс жүзінде ТМД мен Орталық Азия елдері үшін заң саласындағы ақпаратқа, ашық қоғамдық қызметтер арқылы баршаға арналған адам құқықтары саласындағы білім беруге қол жеткізуді жақсарту процесіндегі инновациялық қадам екенін атап өту қажет.
Цифрлы кітапхананың маңызды сипаттамалары: көптілділік, пайдаланудың оңайлығы, көлемі: Адам құқықтары жөніндегі комиссия Хатшылығының адам құқықтарының бұзылуы саласындағы азаматтардың шағымдарын өңдеуі негізінде 1000-нан астам құжаттар қамтылған.
Цифрлы кітапхананың негізгі аудиториясы, бірінші кезекте, ауыл жұртшылығы, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын осал топтары - мүгедектер, зейнеткерлер, табысы төмен азаматтар және құқықтық ақпаратқа қолдары жетпегендер болып табылады. Бұл үшін адам құқықтары саласындағы білімдерді жүйелейтін адамдарға түсінікті 65-тен астам санатты қамтитын кітапхананың «Әдістер» бөлімі қарастырылған. Жиі қойылатын сұрақтар санаттардың көпшілігінде берілген.
Цифрлы кітапхана халықтың адам құқықтары жөнінде хабардар болуы деңгейін едәуір көтеріп, тиімді білім беру құралына айнала алады.
Гринстоун еркін бағдарламасымен қамтамасыз етуді ЮНЕСКО ұсынды, бұл бағдарламаны Вайкато университеті әзірлеген http://www. greenstone. org.
Цифрлы кітапхананың құралдары қол жеткізудің екі режимін қарастырады:
- Интернет - онлайн арқылы,
- жергілікті компьютерлік желіде - оффлайн режимі арқылы.
Цифрлы кітапхана ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіптік дайындықты талап етпейді, мазмұнын көрсететін және дамытатын еркін аспаптары бар.
Халқы аз үлкен аумақта Ақпараттық-Коммуникациялық Технологиялар - ақпарат таратудың барынша тиімді жолы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Цифрлы кітапхананы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кітапхана желісі арқылы облыстық, аудандық және ауылдық кітапханаларға таратуда, ол сондай-ақ өз серверіндегі Цфрлы кітапхананы жаңартып, ұстап отыратын құқықтық ақпаратқа ашық қол жеткізетін орталық болып табылады.
ҰСЫНЫМДАР
1. Қазақстандағы заң саласындағы білім беруді реформалау және жетілдіру Тұжырымдамасы әзірленіп, қабылдансын.
2. Орта жалпы білім беретін мектептерге, колледждерге және жоғары оқу орындарына арналған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі «Қазақстандағы адам құқықтары» оқу құралы әзірленсін.
3. Адам құқықтарын сақтаудың міндетті алғы шарттары халықтың құқықтық ақпараттануының айтарлықтай жоғары деңгейі болып табылады. Осыған байланысты азаматтардың заң саласындағы сауаттылығын көтерудің өткір сұранысы ретінде қоғамда құқықтық білімдерді кеңінен насихаттауды жандандыруды қолға алу қажет.
4. Республика халқының көпшілігіне арналған: ұстаған, қамауға алған кездегі, келісім-шарт жасаған, жоғары оқу орнына түскен, жұмысқа кірген және шыққан кездегі және т. с. с. жағдайларда адамның құқықтары туралы жадынама жариялауды қоса алғандағы адам құқықтарын қорғау мәселелері БАҚ-тарда жүйелі түрде жариялансын.
5. Уәкілетті мемлекеттік органдар тұрақты негізде БАҚ-тарда жариялай отырып, «Құқықтық ағарту жемқорлыққа тосқауыл ретінде» тақырыбындағы «дөңгелек үстелдер» мен курстар өткізсін.
6. Қылмыстық ізге түсу органдарының, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында адам құқықтары саласындағы семинарлар мен тренингтер жүйелі түрде өткізілсін.
7. ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы №1382 қаулысымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған түсіндіру жұмысы, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық оқыту және тәрбиелеу жөніндегі бағдарламаға Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Цифрлы кітапханасының жұмысын ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды көздейтін толықтырулар енгізілсін.
8. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі барлық қалалар мен аудандарда, селолық елді мекендерде еліміздің кітапхана желісі арқылы Цифрлы кітапхананың мәліметтерін қабылдау пункттерін ұйымдастыруға жәрдемдессін.
9. ҚР Әділет министрлігі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының веб-сайтында: http://hrc. nabrk. kz орналасқан Цифрлы кітапхананың мәліметтер базасын мемлекеттік және орыс тілдерінде бөлімдер мен айдарлар тақырыбы бойынша нормативтік құқықтық актілермен үнемі жаңартып отыруды қамтамасыз етсін.
10. ҚР Әділет министрлігі мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Адам құқықтары жөніндегі комиссиямен бірлесіп ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Цифрлы кітапханасын жетілдіру жұмысын жалғастырсын.
Цифрлы кітапхананың мәліметтер базасын облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері мен мәслихаттарының нормативтік құқықтық актілерімен жаңарту қамтамасыз етілсін.
11. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Цифрлы кітапханасы «электронды үкіметті» іске қосу үшін қажет іс-шаралар тізбесіне енгізілсін.
Әділ сот ісін жүргізу құқығы
Әділ сот ісін жүргізу құқығы жеке құқықтардың қосылуын білдіреді, сот төрелігін жүргізу барысында олардың әрқайсысын қамтамасыз ету сот ісін жүргізудің әділ болу-болмауын анықтауға мүмкіндік береді. Әділ сот ісін жүргізу құқығын оны құрайтын құқықтарды топтастырып, үш элементке бөлуге болады: 1) сотқа дейінгі құқықтар, 2) сот процесі кезіндегі құқықтар, 3) соттан кейінгі құқықтар.
Сотқа дейінгі құқықтарға мыналар жатады: бостандық құқығы; қылмыс жасады деген күдікпен тұтқындалған немесе ұсталған адамдардың ақпарат алу құқықтары; сотқа дейінгі қорғаушы алу құқығы; тез арада судьяның немесе басқа сот лауазымды адамның алдында болу құқығы; тұтқындаудың/ұстаудың заңдылығын даулау құқығы; ақылға қонымды мерзімде сотта қаралу немесе қамаудан босау құқығы; жауап алу кезіндегі құқығы, қамауда ұстаудың адамның қадір-қасиетіне лайықты болу және азаптаудан еркін болу құқығы.
«Сот процесі кезіндегі құқықтар» тобы заң мен сот алдындағы тең құқықты; істі заң анықтайтын білікті, тәуелсіз және әділ соттың қарауы құқығын; әділ сот қарауы құқығын; кінәсіздік презумпциясын; түсінік беруге немесе кінәсін мойындауға мәжбүрленбеу құқығын; азаптау немесе мәжбүрлеудің басқа жолымен алынған түсініктерді алып тастауды; кері күші бар қылмыстық заңнаманы қолдануға және бір іс бойынша қайта қудалауға тыйымдарды; өзін жеке басы арқылы немесе адвокат көмегімен қорғау құқығын; сотта және апелляция беру кезінде қатысу құқығын; куәларды шақыру және сұрақ беру құқығын; аудармашыға және жазбаша аудармаға құқығын; апелляция құқығын қамтиды.
Соттан кейінгі құқықтар тобына шағымдану құқығы және жіберілген сот қателігі үшін зиянды өтеуді талап ету құқығы кіреді.
Қылмыстық іс бойынша әділ сот ісін жүргізу құқығы осы жеке тұлғаны қылмыстық процеске тартқан сәттен пайда болады. Қандай да бір сот ісінің жағдайына қарай бұл сәт ұстаумен, тұтқындаумен немесе айып тағылумен қабат кеп қалуы мүмкін. Осылайша, әділ сот ісін жүргізу кепілдіктері қылмыстық істі қозғау, алдын ала тергеу және жауап алу процестерінде, сондай-ақ соттың мүмкін болатын апелляциялық (байқау) шағымы бойынша әрекеттерін қоса алғандағы соттың істі қарауы барысында қамтамасыз етілуге тиіс.
Сотқа дейінгі құқықтар
Адамның бостандығы мен жеке басына қол сұғылмауы құқығын шектеуді неғұрлым елеулі шаралары тұтқындау мен қамауда ұстау болып табылатындығы жалпыға ортақ мойындалған.
ҚР Конституциясының 16-бабына сәйкес: «1. Әркiм өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар. 2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы берiледi. Прокурордың санкциясынсыз адамды жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ғана ұстауға болады».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz