Шартттық міндеттемелердің негіздері



Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

II. Негізгі бөлім
Шартттық міндеттемелердің негіздері
1.1 Шарттардың жекелеген түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Жеткізіп беру шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Мүліктік жалдау шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4 Көтерме жұмыс жасау шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

III. Күрделі құрылысқа жасалатын көтерме шарты ... ... ... ...
2.1 Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Тасымалдау шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың
тендігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік
қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық
заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар,
мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады.
Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар
азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше
көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.
Осы баптың 1-тармағында аталған белгілерге сай келетін отбасылық, еңбек
қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау
жөніндегі қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиісінше отбасылық,
еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны
қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.
Шарттық міндеттемелерді тоқтатудың негізгі себептеріне олардың тиісінше
орындалуы, қарсы талапты қанағаттандыруы, несие беруші мен борышқордың бір
адам ретінде үйлесуі, тараптардың келісуі, орындауды атқарудың мүмкін
еместігі, борышқордың немесе берушінің өлімі жатады.
Міндеттемені тоқтатудың басты және мейлінше, кең тараған тәсілі оның
тиісті деңгейде орындалуы болып табылады. Борышқордың талап етуімен орындау
несие берушінің қолхатымен куәландырылуы мүмкін
Қазақстан Республикасының қалыптасу, елде экономикалық реформаларды
жүзеге асыру нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән- маңызы
айрықша күшейеді.
Тауарлық- ақшалық (мүліктік) және басқару қарым- қатынастарын құқықтық
тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан
әрі нығая түспек.
Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конституциясын, оның жаңа қырлары
мен ерекшеліктерін және басқа да заңдардың жоғары принциптерін, олардың
мағынасы мен мазмұнын қайтадан бағалау онша оңай шаруа емес. Сатып алу-сату
ауқымын реттеуде Азаматтық кодекстің жалпы бөлімінің кейбір нормаларының,
мысалы, мәмілелер туралы, мүліктің кездейсоқ жойылу қаупі туралы, сондай-
ақ, Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 5 маусымдағы Тұтынушылар құқығын
қорғау туралы Заңы мен т.б. маңызы ерекше. Осы заңдардың негізінде сатып
алу-сату шартының мәселелерін реттейтін нұсқаулар, ережелер қабылданған.
Азаматтық айналымда сан алуан шарттар бар. Шарттар бір-бірінен келесі
негіздер бойынша ажыратылады:
- Шарттың пәні;
- Шарттың талаптары;
- Шарттың субьектілері;
- Шартқа қатысушы тараптардың құқықтары мен міндеттері;
- Шарттың мерзімдері мен нысаны;
- Шарттың мазмұны;
- Шарттан туындайтын жауаптылық.т.б.с.с
Бірақ, бұлардың барлығына ортақ бір негіз бар. Ол шартпен адам және
азаматтардың бостандықтары мен құқықтары реттеледі. Егер шарттың тараптары
талаптарды орындамаса, бұзса бұл жағдайда сот арқылы адамдар жоққа
шығарылған не бұзылған бостандықтары мен құқықтарын қалпына келтіруге
құқылы. Сотта жауапкерден моральдық немесе материалдық талап қою, оларды
өтеу жүзеге асырылады.
Осыған байланысты жас егемен республиканың мемлекеттік және қоғамдық
өмірінің құқықтық негіздерін нығайту, мейлінше, маңызды екендігі сөзсіз.
Бұл курстық жұмыс келісім шартты, шарттардың жекелеген түрлері қарастырады.

Конкурстық мiндеттемелер

Конкурстық мiндеттеменiң мазмұны
Осы тарау сыйақы беруге көпшiлiк алдында уәде беруден туындайтын
конкурстық мiндеттемелердi және тендер, аукцион әрi саудаластықтың
Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген өзге де нысандары
негiзiнде туындайтын мiндеттемелердi реттейдi. Конкурстық мiндеттемелер
Қазақстан Республикасының өзге заң актiлерiмен де регламенттелуi мүмкiн.
Конкурстық мiндеттемеде оның бастамашысы конкурстың өзi айқындаған нысанасы
мен бастапқы шарттарының негiзiнде тұлғалардың белгiсiз немесе белгiлi бiр
адамдар тобына оған қатысуға ұсыныс жасайды және конкурстың жеңiмпазына
белгiленген сыйақы төлеуге және (немесе) онымен конкурстық мiндеттемелердiң
мазмұнына сәйкес шарт жасасуға мiндеттенедi. Конкурсқа қатысуға ұсынысты
конкурстың бастамашысы тiкелей немесе конкурстың делдал-ұйымдастырушысы
арқылы жасауы мүмкiн. Делдалдың құқықтары мен мiндеттерi оның конкурстың
бастамашысымен жасасқан шартымен айқындалады. Конкурс бастамашысының
конкурсқа қатысуға шақырған ұсынысы баспасөзде және өзге де бұқаралық
ақпарат құралдарында барлық тiлек бiлдiрушiлерге хабарлау жолымен
жолданғанда - ашық немесе конкурсқа қатысуға шақырған ұсыныс конкурс
бастамашысының таңдауы бойынша тұлғалардың белгiлi бiр тобына жолданғанда -
жабық болуы мүмкiн. Конкурстың бастамашысы конкурсқа қатысуға тiлек
бiлдiрушi тұлғаларға алдын ала iрiктеу жүргiзгенде ашық конкурс оған
қатысушылардың бiлiктiлiгiмен байланыстырылуы мүмкiн.

Сыйақыға жария уәде беру
Жұмысты жақсы орындағаны немесе өзге де нәтижелерге жеткенi үшiн
ақшалай немесе өзгеше нысанда сыйақы төлеу туралы жария хабарлаған кез
келген тұлға конкурс шарттарына сәйкес оның жеңiмпазы болып танылған кез
келген тұлғаның алдында өз мiндеттемесiн орындауы тиiс. Сыйақыға жария уәде
беру тапсырманың мәнiн, нәтижелердi ұсынудың өлшемдерi мен тәртiбiн,
сыйақының мөлшерi мен нысанын, сондай-ақ нәтижелердi жариялаудың тәртiбi
мен мерзiмдерiн көздейтiн шарттарды мiндеттi түрде қамтуға тиiс. Сыйақы
төлеу туралы шешiм мен оны төлеудiң өзi уәдеде белгiленген мерзiмдерде
қабылдануға және iске асырылуға тиiс. Егер конкурс ғылым, әдебиет немесе
өнер туындысын жасауға арналып хабарланса, сыйақыға жария уәде беруде
өзгеше белгiленбесе, жария уәде берген тұлға туындыны жасаушымен оған
қаламақы төлей отырып, оны пайдалануға шарт жасасуға басым құқық алады.
Сыйақы туралы жария уәде берген тұлға, егер конкурс шарттарында өзгеше
көзделмесе, сыйақы тағайындалмаған жұмыстарды олардың жасаушыларына
қайтарып беруге мiндеттi.

Сыйақыға жария ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ
Зиян келтірудің түрлері
Азаматтық құқықтық жауапкершілікке тарту негіздері
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы түсінік
Азаматтық жауапкершілік түрлері
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ұғымын, түсінігін, түрлерін анықтау
Азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату негіздері
Заңды жауапкершіліктің жекелеген мәселелері
Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны
Пәндер