Экологиялық қылмыстар жайлы



Экологиялық қылмыстар
      277-бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын
                экологиялық талаптардың бұзылуы
      Табиғи ресурстарды пайдалану, кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге
де объектiлердi жобалау, орналастыру, салу және жаңғырту, пайдалануға беру
және пайдалану, өнеркәсiп, энергетика, көлiк пен байланыс объектiлерiн,
ауыл шаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектiлерiн пайдалану,
қалалар мен басқа да елдi мекендердi салу кезiнде, әскери және қорғаныс
объектiлерiне, әскери және ғарыш қызметiне қойылатын талаптарды сол
талаптардың сақталуы үшiн жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаған
ортаның едәуiр ластануына, адамның денсаулығына зиян келтiруге, жануарлар
немесе өсiмдiктер дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне және өзге де ауыр
зардаптарға әкеп соқса -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе
белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып не онсыз бес жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      278-бап. Ықтимал экологиялық қауiптi химиялық,
               радиоактивтi және биологиялық заттарды өндiру
               мен пайдалану кезiнде экологиялық талаптардың
               бұзылуы
      1. Ықтимал экологиялық қауiптi химиялық, радиоактивтi және
биологиялық заттарды өндiру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе
өзге де жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптардың бұзылуы, егер бұл
әрекеттер адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулi зиян келтiру
қаупiн төндiрсе -
      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге
де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығын шектеуге, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
      2. Қоршаған ортаның ластануына, улануына немесе зақымдануына, адамның
денсаулығына зиян келтiруге, не жануарлар немесе өсiмдiктер дүниесiнiң
жаппай құрып кетуiне әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай
аумағында жасалған дәл сол әрекеттер -
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген,
абайсыздан адамдардың жаппай сырқаттануына немесе кiсi өлiмiне әкеп соққан
әрекеттер -
      үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
      279-бап. Микробиологиялық немесе басқа биологиялық
                агенттермен немесе улы заттармен жұмыс iстеу
                кезiнде қауiпсiздiк ережелерiнiң бұзылуы
      1. Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттердi немесе
токсиндерді жинап қою, жою немесе көму кезiнде экологиялық талаптарды бұзу
немесе оларды Қазақстан Республикасына ұқсату, сақтау немесе көму үшiн
заңсыз әкелу, егер бұлар адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулi
зиян келтiру қатерiн туғызса -
      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге
де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
      2. Қоршаған ортаның ластануына, улануына немесе зақымдануына, адамның
денсаулығына зиян келтiруге, не жануарлар немесе өсiмдiктер дүниесiнiң
жаппай құрып кетуiне әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай
аумағында жасалған дәл сол әрекет -
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда
адамдардың жаппай ауруына немесе кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекет -
      үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
      280-бап. Ветеринарлық ережелердi және өсiмдiктердiң
                аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн
                белгiленген ережелердiң бұзылуы
      1. Ветеринарлық ережелердi бұзу iндеттерге немесе өзге де зардаптарға
әкеп соқса -
      бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның бес айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе
өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге
түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге,
не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн
белгiленген ережелердi бұзу, ауыр зардаптарға әкеп соқса -
      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге
де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу
жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi
жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      281-бап. Суларды ластау, бiтеу және сарқу
      1. Жер бетi немесе жер асты суларын, мұздықтарды, ауыз сумен
жабдықтау көздерiн ластау, бiтеу, сарқу не олардың табиғи қасиеттерiн өзге
де өзгерту, егер осы әрекеттер жануарлар немесе өсiмдiктер дүниесiне, балық
қорына, орман немесе ауыл шаруашылығына елеулi зиян келтiруге әкеп соқса, -

      жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге
де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi
бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан
айыруға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      2. Адамның денсаулығына зиян келтiруге немесе жануарлар немесе
өсiмдiктер дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне, сол сияқты ерекше қорғалатын
табиғи аумақтарда не төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол
әрекеттер -
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда
кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      Ескерту. 281-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.09. N 10 ,
2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
       282-бап. Атмосфераны ластау
      1. Атмосфераға ластайтын заттар шығару ережелерiн немесе
қондырғыларды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi пайдалану ережелерiн
бұзу, егер бұл әрекеттер ауаның табиғи қасиеттерiнiң ластануына немесе өзге
де өзгеруiне әкеп соқса, -
      жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге
де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi
бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан
айыруға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      2. Адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекет -
      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге
де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу
жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл
сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда
кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 282-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 10, 2011.01.18
№ 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      283-бап. Теңiз аясын ластау
      1. Құрғақтағы көздерден не көлiк құралдарынан немесе теңiзде
тұрғызылған жасанды құрылыстардан адамның денсаулығы мен теңiздiң жанды
ресурстары үшiн зиянды не теңiз аясын заңды пайдалануға кедергi келтiретiн
заттар мен материалдарды көму немесе тастау ережелерiн бұзу салдарынан
теңiз аясын ластау -
      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге
де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi
бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан
айыруға, екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      2. Адамның денсаулығына, жануарлар немесе өсiмдiктер дүниесiне, балық
қорына, қоршаған ортаға, демалыс аймақтарына не басқа да заңмен қорғалатын
мүдделерге елеулi зиян келтiрген дәл сол әрекеттер -
      елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы
мөлшерiнде айыппұл салып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда
кiсi өлiмiне әкеп соққан нақ сол әрекет -
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 283-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 10 ,
2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
        284-бап. Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфi
                туралы және Қазақстан Республикасының айрықша
                экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы
      1. Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнде заңсыз құрылыстар
тұрғызу, олардың айналасына немесе Қазақстан Республикасының айрықша
экономикалық аймағында қауiпсiздiк аймақтарын заңсыз құру, сол сияқты
салынған құрылыстардың және теңiздегi кеме жүрiсiнiң қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету құралдарын салу, пайдалану, күзету мен жою ережелерiн бұзу -

      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге
де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi
бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан
айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
      2. Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнiң немесе Қазақстан
Республикасы айрықша экономикалық аймағының табиғи байлықтарына тиiстi
рұқсатсыз жүргiзiлген зерттеу, барлау, игеру -
      бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе
өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу
құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына
жазаланады.
      285-бап. Жердi бүлдiру
      1. Жердi улау, ластау немесе улы химикаттарды, тыңайтқыштарды,
өсiмдiктердiң өсуiн, ынталандырғыштарды және өзге де қауiптi химиялық,
радиоактивтiк немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау
және көму кезiнде оларды ұстау ережелерiн бұзу салдарынан шаруашылық немесе
өзге қызметтiң зиянды өнiмдерiмен бiлдiру, адамның денсаулығына немесе
қоршаған ортаға зиян келтiруге, жердiң табиғи қасиеттерiнiң нашарлауына
әкеп
соқса, -
      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге
табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр
лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан
айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
      2. Төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда
кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      Ескерту. 285-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.09. N 10 Заңымен.
       286-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерiн
                бұзу
      1. Кен өндiру кәсiпорындарын немесе пайдалы қазбаларды өндiруге
байланысты емес жерасты құрылыстарын жобалау, орналастыру, салу,
пайдалануға беру және пайдалану кезiнде жер қойнауын қорғау және пайдалану
ережелерiн бұзу, сол сияқты пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда өз бетiнше
құрылыс салу, егер бұл әрекеттер едәуiр зиян келтiруге әкеп соқса -
      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның екi айдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қылмыстардың түрлеі
Экологиялық қылмыстар туралы
Экологиялық қылмыстарға түсінік
Экологиялық қылмыстардың белгілерінің құқықтық сипаттамасы
Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуiнің жалпы сипаттамасы
Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуi, түсiнiгi мен жалпы сипаттамасы
Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың жалпы мінездемесі
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы. қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар туралы
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік
Экологиялық қылмыстар және жауапкершілік негіздемелері
Пәндер