Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар жайлы



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар
      189-бап.  Заңды кәсiпкерлiк қызметке кедергi жасау
      Ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншiк нысандарына қарай жеке
кәсiпкердiң немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерiн
шектеу, сол сияқты жеке кәсiпкер мен коммерциялық ұйымның дербестiгiн
шектеу не оның қызметiне өзге де заңсыз араласу, егер осы әрекеттердi
лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаса, сол сияқты заңды
күшiне енген сот актiсiн бұза отырып немесе үлкен залал келтiрiп жасалса, -

      үш жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның үш айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе
өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз айлық есептiк
көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi
кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына
отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе
белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi
мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
      Ескерту. Осы тараудың баптарында азаматқа айлық есептiк көрсеткiштен
жүз есе асатын сомада келтiрiлген зиян, не қылмыс жасалған сәтке Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен мың есе
асатын сомада келтiрiлген зиян iрi зиян деп танылады.
      Ескерту. 189-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      190-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк
      1. Кәсiпкерлiк қызметтi тiркеуден өтпей не рұқсат (лицензия) алу
мiндеттi болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе
лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсiпкерлiктiң тыйым
салынған түрлерiмен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе
мемлекетке iрi зиян келтiрсе, не iрi мөлшерде табыс табумен немесе ірі
мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не
өткізумен байланысты болса -
      үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе
өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық
сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу айлық есептiк
көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi
кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салына
отырып не онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
      2. Дәл сол әрекеттi:
      а) ұйымдасқан топ жасаса;
      б) аса iрi мөлшердегi табыс табумен ұштастырып;
      в) бірнеше рет жасаса, –
      жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе
өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту.
      1. Осы Кодекстiң 190 және 191-баптарында сомасы бес жүз айлық есептiк
көрсеткiштен асатын табыс iрi мөлшердегi табыс деп, ал сомасы екi мың айлық
есептiк көрсеткiштен асатын табыс - аса iрi мөлшердегi табыс деп танылады.
      2. Осы Кодекстiң 190-бабында құны жүз айлық есептiк көрсеткiштен
асатын тауарлар саны iрi мөлшердегi тауарлар деп танылады.
      Ескерту. 190-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1999.07.16 N 430,
2002.12.21 N 363, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б.
қараңыз), 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      191-бап. Заңсыз банктiк қызмет
      1. Банктiк қызметтi (банктiк операцияларды) тiркеуден өткiзбей немесе
рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз
(лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, егер осы
әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе, не iрi
мөлшерде табыс табумен ұштасса -
      бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде
немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының
немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не елу айлық есептiк
көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi
кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салына
отырып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
      2. Дәл сол әрекеттi:
      а) ұйымдасқан топ жасаса;
      б) аса iрi мөлшердегi табыс табумен ұштастырып жасаса;
      в) бірнеше рет жасаса, –
      мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге
бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 191-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010
жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      192-бап. Жалған кәсіпкерлік
      1. Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру
ниетінсіз жеке кәсіпкерлік субъектісін құру не басқа заңды тұлғалардың өз
шешімдерін айқындау құқығын беретін акцияларын (қатысу үлестерін, пайларын)
сатып алу, сол сияқты оларға басшылық ету, егер жасалған барлық мәмілелер
құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген және азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке
ірі залал келтірген жағдайда, -
       алты жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не
екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл сала отырып не онсыз екi
жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол
мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Нақ сол әрекеттерді:
      а) бірнеше рет;
      б) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаса;
      в) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам не оған
теңестірілген адам, егер оларды өз қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып
жасаса, –
      мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген
әрекеттерді:
      а) ұйымдасқан топ;
      б) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаса, -
      мүлкі тәркіленіп алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. Осы бапта және осы Кодекстің 192-1-бабында құқыққа қарсы
мақсаттарды көздейтін мәмілелерге кредиттерді заңсыз алуға, салық төлеуден
жалтаруға, тыйым салынған қызметті жасыруға, табыстарды заңсыз алуға және
(немесе) өзге де мүліктік пайда алуға бағытталған мәмілелер, сондай-ақ
көрсетілген іс-әрекеттерді жасауға жәрдемдесу жатады.
      Ескерту. 192-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.08 N 225-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.18
№ 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      192-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік
                  қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле
                  (мәмілелер) жасасуы
      Жеке кәсіпкерлік субъектісінің іс жүзінде жұмыстарды орындамай,
қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп жібермей, құқыққа қарсы мақсаттарды
көздеген және азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірген мәміле
(мәмілелер) жасасуы (оның ішінде шот-фактураны пайдалану арқылы жасасуы), -
      бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi
жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығын шектеуге жазаланады.
      Ескерту. Кодекс 192-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.08 N 225-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР
2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      193-бап. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе
                өзге мүлiктi заңдастыру
      1. Көпе-көрiнеу заңсыз жолмен алынған ақша қаражатымен немесе өзге
мүлiкпен қаржылық операциялар немесе басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты
аталған қаражатты немесе өзге де мүлiктi кәсiпкерлiк немесе өзге де
экономикалық қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалану -
      айлық есептiк көрсеткiштің бес жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерінде
айыппұл салуға, не бір жүз айлық есептi көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде
айыппұл салып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге
немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Дәл сол әрекеттер:
      а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
      б) әлденеше рет;
      в) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасалса, -
      мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген
әрекеттердi:
      а) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған
теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар
жасаса;
      б) ұйымдасқан топ;
      в) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) немесе iрi мөлшерде жасаса,
-
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе
белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айрылып, үш жылдан жетi жылға
дейiнгi мерзiмге, ал а) тармағында көзделген жағдайларда - мүлкi тәркiленiп
жетi жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      Ескерту.
      1. Осы бапта он мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомаға жасалған
мәмiлелер немесе ақша қаражатын немесе басқа мүлiктi пайдалану iрi мөлшер
деп танылады.
      2. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе мүлікті заңдастыру
дайындалып жатқаны не жасалғаны туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер
оның іс-әрекетінде осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген
қылмыстар немесе өзге де қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан
босатылады.
      Ескерту. 193-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.03.16 N 163,
2003.09.25 N 484, 2004.12.09 N 10, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу
тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      194-бап. Несиенi заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану
      1. Жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-
күйi немесе кепiлдiк мүлкi туралы, немесе несиенiң, демеу қаржының
несиелеудiң жеңiлдiктi шарттарын алуға арналған елеулi мәнi бар өзге де мән-
жайлар туралы көпе-көрiнеу жалған мәлiметтердi банкке немесе өзге де несие
берушiге беру арқылы жеке кәсiпкердiң немесе ұйым жетекшiсiнiң несие,
демеуқаржы не несиелеудiң жеңiлдiктi шарттарын алуы, сол сияқты несиелеудi,
демеуқаржы берудi тоқтатуға, жеңiлдiктердi жоюға не бөлiнген несие мен
демеу қаржы мөлшерлерiн шектеуге әкеп соғатын мән-жайлардың пайда болуы
туралы ақпаратты банкке немесе өзге несие берушiге хабарламау, егер осы
әрекеттер iрi зиян келтiрсе -
      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе
өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға
дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына,
не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Мемлекеттiк мақсатты несиенi не мемлекет кепiлдiгiмен берiлген
несиенi тiкелей мақсатында пайдаланбау, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға
немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе -
      айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде
айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі
жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 194-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      195-бап. Несиелiк берешектi өтеуден әдейi жалтару
      Ескерту. 194-бап алып тасталды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
      196-бап. Монополистік қызмет
      1. Нарық субъектілерінің монополиялық жоғары (төмен) немесе
келісілген бағаларды белгілеуі және (немесе) ұстап тұруы, үстем немесе
монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінен сатып алынған тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қайта сатуға аумақтық белгісі, сатып
алушылар тобы, сатып алу шарттары, саны не бағасы бойынша шектеулер
белгілеуі, тауар нарықтарын аумақтық белгісі, тауарлардың (жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің) ассортименті, олардың өткізілу немесе сатып
алыну көлемі, сатушылар немесе сатып алушылар тобы бойынша бөлуі, сондай-ақ
бәсекелестікті шектеуге бағытталған өзге де әрекеттер, егер олар азаматқа,
ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не нарық субъектісінің ірі
мөлшерде табыс табуымен ұштасқан болса, -
      айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде
айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі
жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      2. Бірнеше рет не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша
немесе ұйымдасқан топ жасаған, не адамның қызмет бабын пайдалануымен
жасалған нақ сол әрекеттер, -
      айлық есептік көрсеткіштің бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде
немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысының
немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі
мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен
айналысу құқығынан айырып немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш
жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, күш
қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып, сол сияқты бөтеннің мүлкін
жойып немесе бүлдіріп не оның мүлкін жоямын немесе бүлдіремін деп қорқытып
жасалған, қорқытып алу белгілері жоқ әрекеттер -
      айлық есептік көрсеткіштің екі мыңнан бес мыңға дейінгі мөлшерінде
айыппұл салуға, не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан жеті жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. Осы баптағы ірі мөлшердегі табыс деп сомасы екі жүз мың
айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс танылады.
      Ескерту. 196-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.12.25 N 113-IV (2009.01.01
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.18 №
393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      197-бап. Көпшiлiк сауда-саттықтар, аукциондар мен
                  конкурстар өткiзудiң белгiленген тәртiбiн
                  қасақана бұзу
      Ескерту. 197-бап алып тасталды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
      198-бап. Көрiнеу жалған жарнама беру
      Жарнама берушiнiң жарнамада тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет
көрсетуге, сондай-ақ оларды өндiрушiлерге, орындаушыларға немесе
сатушыларға қатысты көрiнеу жалған ақпаратты пайдалануы пайдакүнемдiк
ниетпен жасалса және iрi зиян келтiрсе, мұны бір жыл ішінде дәл осындай
әрекет жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған адам жасағанда, -
      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе
өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз
қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға
дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығын шектеуге жазаланады.
      Ескерту. 198-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.12.21 N 363,
2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      199-бап. Тауарлық белгiнi заңсыз пайдалану
      1. Бөтеннiң тауарлық белгiсiн, қызмет көрсету белгiсiн, фирмалық
атауын, тауардың шығатын орнының атауын немесе олармен бiртектес тауарларға
немесе қызмет көрсетулерге арналған ұқсас таңбаларды заңсыз пайдалану, егер
бұл әрекет бiрнеше рет жасалса немесе iрi зиян келтiрсе -
      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе
өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жүз сексен сағаттан екi
жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi
жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
      2. Қазақстан Республикасында тiркелген тауарлық белгiге немесе
тауардың шыққан орнының атауына қатысты ескерту таңбаларын заңсыз
пайдалану, егер бұл әрекет бiрнеше рет жасалса немесе iрi зиян келтiрсе -
      жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де
табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен
сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi
мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
      Ескерту. 199-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      200-бап. Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын
                мәлiметтердi заңсыз алу мен жария ету
      1. Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi,
құжаттарды ұрлау, коммерциялық немесе банктiк құпияны бiлетiн адамдарды
немесе олардың туыстарын сатып алу немесе оларды қорқыту жолымен, байланыс
құралдарында ұстап алу, компьютерлiк жүйеге немесе желiге заңсыз кiру,
арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы, сол сияқты бұл мәлiметтердi
жария ету не заңсыз пайдалану мақсатында өзге де заңсыз тәсiлдермен жинау -

      жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де
табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу
жұмыстарына, бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл
сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi олардың
иесiнiң келiсiмiнсiз, бұл құпия қызметiне немесе жұмысына байланысты сенiп
тапсырылған адамның пайдакүнемдiк немесе өзге де жеке басының мүддесiнде
заңсыз жария етуi немесе пайдалануы, бұл әрекет iрi зиян келтiрсе -
      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл
салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүз
айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр
айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде
айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын
шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 200-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      201-бап. Кәсiптiк спорт жарыстарының және ойын-сауықтық
                коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен
                ұйымдастырушыларын сатып алу
      Ескерту. 201-бап алып тасталды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
      202-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртiбiн бұзу
      Көрiнеу сенiмсiз ақпараты бар эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару
проспектiсiн бекiту, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздар шығару жөнiндегi
көрiнеу сенiмсiз есептi бекiту, -
      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл
салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүз
айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр
айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде
айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын
шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 202-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08. N 72
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
       202-1-бап. Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамының
                  ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер
                  беруi
      Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамдарының бағалы қағаздарды
ұстаушыларға не эмитентке iрi зиян келтiрген, мүлiктiк пайда табу
мақсатында мемлекеттiк органдарға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға
ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi, -
      үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе
өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен шұғылдану
құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш
жылға дейiнгi мерзiмде белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр
қызметпен шұғылдану құқығынан айыра отырып, не онсыз, бiр жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      Ескерту. 202-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.07.08. N 72 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР
2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
       203-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне көрiнеу
                 жалған мәлiметтер енгiзу
      1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне осы бағалы қағаздарға
деген құқықтың басқа адамға ауысуына әкеп соғатын көрiнеу жалған мәлiметтер
енгiзу -
      үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе
өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге
түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды
атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
      2. Iрi зиян келтiрген дәл сол әрекет -
      бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе
өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға
дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi
бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан
айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару
немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екi жылға
дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 203-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      204-бап. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының
                көрiнеу жалған мәлiметтер беруi
      Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының iрi зиян келтiрген,
мүлiктiк пайда табу мақсатында мемлекеттiк органдарға және бағалы
қағаздарды ұстаушыларға бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарындағы
бағалы қағаздардың саны мен түрлерi туралы және бағалы қағаздармен
жүргiзiлетiн операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беруi, -
      үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының не өзге
де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу
жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару
немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға
дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр
қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      Ескерту. 204-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08. N 72
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
       205-бап. Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу
                ережелерiн бұзу
      1. Iрi зиян келтiрген бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу
ережелерiн бұзу -
      бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе
өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге
белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан
айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару
немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз
бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      2. Бiрнеше рет не адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша немесе
ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекет -
      мыңнан екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның он айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе
өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу
құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу
не белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе
онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол
мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 205-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      206-бап. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау
                немесе сату
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жалған банкноттары мен
мәнеттерiн, мемлекеттiк бағалы қағаздарды немесе Қазақстан Республикасының
валютасындағы басқа бағалы қағаздарды не шетел валютасы мен шетел
валютасындағы бағалы қағаздарды сату мақсатында жасау немесе сақтау, сол
сияқты сату -
      мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Нақ сол әрекеттер:
      а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
      б) бiрнеше рет;
      в) iрi мөлшерде жасалса, -
      мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген ұйымдасқан
топ жасаған әрекеттер -
      мүлкi тәркiленiп сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 206-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2007.01.08. N 210 Заңымен.
       207-бап. Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және
                есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату
      1. Жалған төлем карточкаларын, сол сияқты бағалы қағаздар болып
табылмайтын өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын сату мақсатында
жасау немесе сату -
      бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе
өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып үш жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Бiрнеше рет жасалған немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол
әрекеттер -
      мүлкi тәркiленiп төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
      208-бап. Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен
               және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен
               таңбалаудың тәртiбi мен ережелерiн бұзу,
               акциздiк маркаларды және (немесе) есепке
               алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және
               пайдалану
      1. Айтарлықтай зиян келтiруге әкеп соққан акцизделетiн тауарларды
акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен
таңбалаудың тәртiбi мен ережесiн бұзу, -
      бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталушының бестен жетi айға дейiнгi кезеңi iшiндегi жалақысы немесе өзге
де кiрiсi мөлшерiнде айыппұл салуға, не белгiлi бiр лауазымды иелену немесе
белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiн айыра отырып, не
бiр жылдан екi жылға дейiнгi түзеу жұмыстарына, не белгiлi бiр лауазымды
иелену немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiн айыра
отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не
дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Көрiнеу жалған акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-
бақылау маркаларын өткiзу мақсатында әзірлеу немесе сатып алу, сондай-ақ
пайдалану немесе өткiзу, -
      бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталушының бес айдан он айға дейiнгi кезеңi iшiндегi жалақысы немесе өзге
де кiрiсi мөлшерiнде айыппұл салына отырып үш жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға және белгiлi бiр лауазымды иелену немесе белгiлi бiр
қызмет түрiмен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыруға немесе
онсыз жазаланады.
      Ескертулер.
      1. Осы бапта айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе асатын сомада
келтiрiлген залал елеулі залал деп танылады.
      2. Егер келтірілген залалдың орнын өз еркімен толтырған адамның
әрекетінде өзге қылмыстың құрамы болмаса, ол осы баптың бірінші бөлігі
бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
      Ескерту. 208-бап жаңа редакцияда - ҚР 1999.07.16 N 430 Заңымен,
өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-
баптан қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      209-бап. Экономикалық контрабанда
      1. Кеден одағының кедендiк шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе
одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендiк теңдестiру құралдарын алдап
пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды, осы Кодекстiң 250-
бабында көрсетiлгендерiн қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәндi
декларациялаумен ұштасқан кедендiк шекарадан өткiзуге тыйым салынған немесе
өткiзу шектелген, кедендiк шекара арқылы өткiзудiң арнайы ережелерi
белгiленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды iрi мөлшерде өткiзу -
      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның мүлкi тәркiленiп не онсыз, екi айдан бес айға дейiнгi
кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға,
не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық
есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға
дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл
салына отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын
шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Нақ сол әрекет:
      а) бiрнеше рет;
      б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып; 
      в) кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып;
      г) аса ірі мөлшерде жасалса, -
      мүлкi тәркiленiп бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады. 
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi:

      а) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған
теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар
жасаса;
      б) ұйымдасқан топ жасаса, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе
белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айрылып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қылмыстардың түрлеі
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар туралы
Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаты
Экологиялық қылмыстар туралы
Банктік несиені заңсыз алу
Қаржы - несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстарды тергеу әдістемесі
Көлік қылмыстарының қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспектілері
Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері жайында
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс
Пәндер