Тұрар Рысқұлов өмір дерегі



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе
1. Тұрар Рысқұлов өмір дерегі.
2. Тұрар және Алаш зиялылары.
3. Тұрар Рысқұлов қазақ елінің ұлы қайраткері.
II. Қорытынды
III. Қолданылған әдебиеттер
IV. Мазмұны


Кіріспе
1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс Т. Рысқұловқа ащы шындықтың бар қыр - сырын ашып берді, оны туған халқының тағдыры налытты, азаттық жо- лындағы күреске белді бекем байлап кірісу қажеттігін ой - санасына ұялатты. Ол үшін зор даярлық, ұйымдасқан күш қажет еді. Осы көтерілісте Т. Рысқұ- ловтың қосқан үлесі зор болды. Қамшының сабындай қысқа өмірде адамзат тек жақсы ниеттерімен ғана келер ұрпақтың жаттанды ұранына айналары сөз- сіз. Айтылмаған ақиқатты жазу әлі де болса ұрпақтардың парызы. Қазақ елі- нің арыс азаматы болған Тұрар Рысқұлов туралы ащы шындық әлі де болса ашыла береді.

Жұмыстың өзектілігі:
XX ғасырдың басында қалыптасқан аса күрделі саяси ахуал Тұрар Рыс- құловтың дүниетанымында отаршылдыққа қарсы сарын бірден көрінеді. 1918 жылдары ашаршылыққа ұшыраған халыққа араша түседі. Сондықтан Т. Рыс- құловты аса белгілі қоғам және мемлекет қайраткері ретінде ғана емес, соны- мен қатар терең ойлы тарихшы ретінде және алаш зиялыларымен көзқарасын бөліскен саяси күрескер ретінде қараған.

Жұмыстың мақсаты:
Тұрардың елі мен жеріне, ұлты мен халқына, қала берді күллі түркі дү- ниесіне жанашырлықпен қараған іс - әрекеттерін зерделеп, халыққа таныту. Тұрар Рысқұловтың тікелей өзі ұйымдастырған төтенше кеңес және онда кө- терілген күретамырлы мәселелер, Тұрар өткізген жеке кеңесті жоққа шығару- ға тырысқан. Голощекиннің қорқау - қарау әрекеттерін әшкерелеп, қазақтың ұлт зиялыларымен тығыз байланыста болғанын ашып көрсету. Қазақ зиялы- ларын әсіресе, ұлттық басшы кадрларды бір - біріне айдап салып, өз қолдары- мен өздерін құртқызуды басты бағыт еткен партияның сұрқия саясатын әш- керелеп, алаш көсемдерінің ұстанған саясатының дұрыс екенін дәлелдеп, шындықтың бетін ашу.

Тұрар Рысқұлов өмір дерегі.
Халқымыздың аяулы перзенті, көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұлов қазіргі Алматы облысы, Талғар ауданында 1894 жылы 26 желтоқ- санда дүниеге келген. Рысқұлов Тұрар - есімімен Түркістандағы кеңес өкіме- тінің даму тарихының тұтас бір дәуірі байланысты болған қайраткерлердің бірі. Тұрар Рысқұловтың есімі - айналасына партия қайраткерлерінің белгілі бір тобын топтастырған және сонымен қатар басқа топтың қарсы күресін ту- дырған ту. Рысқұловшылдық деп аталатын құбылыстың негізінде жатқан ерекшелік - Кеңес өкіметі жағдайында қазақ халқының ұлттық күштерінің өз тағдырын өзі шешу бағытындағы күрес болатын. Өзінің орасан зор ерік - жі- герімен, ірі ұйымдастырушылық дарынмен, көзқарастарының тұрақтылығы- мен Тұрар Рысқұлов үлкен бедел мен құрметке ие болды.
Тұрардың әкесі Рысқұл Жылқайдарұлы кәнігі аңшы, шабандоз, көкпар- шы адам болған. Анасы сәби күнінде қайтыс болып кеткен. Тұрар әкесі істі болып, түрмеге жабылғанда небәрі 11 жаста екен. Бастауыш білімді Тұрар Меркідегі орыс - түземдік мектепте алған. Одан кейін 1910 жылы Пішпектегі I дәрежелі ауылшаруашылық мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы қазан айында бау - бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. Сосын оған Самара қаласындағы орта дәрежелі ауылшаруашылық Училищесіне түсу үшін арнайы жолдама беріледі, бірақ көшпелі қазаққа жер өңдеуді оқудың қажеті жоқ деп шеттеткен училище директоры Тұрарды оқуға қабылдамай қояды. Білім алуға деген талабы зор Тұрар сонда да мойымастан , Ташкентте- гі мұғалімдер институтына түсуге тырысады. Бірақ онда да бұратана деген ат алдынан шығып, қабылданбауға айналған соң оқу министрлігіне шағымда- нып жүріп арнайы рұқсатпен сынақ тапсырып, студент атанады. 1916 жылы жазда қазақ даласында ұлт - азаттық көтеріліс басталған кезде оқуын тастап, Меркідегі жақындарына кетеді.
Түркістан Компартиясы жанындағы Мұсылмандар бюросының төраға- сы әрі республика жетекшісі ретінде Тұрар Түркістан территориясының бір- лігін сақтап қалу мәселесін бірнеше рет көтеріп, оны мекен етушілердің ту- ыстас халық екендігін, тек тағдырдың тәлкегімен бөлшектеліп кеткендігін дә- лелдеуден танбайды. Рысқұловтың принципшілдігі мен табандылығы шамы- на тиген орталық басшылары оны пантүрікшіл деп айыптады. Тұрардың пікірі, көзқарасы қаншалықты дұрыс болғанымен, ол Компартия бағытына түбегейлі қайшы келді. 1924 жылы ақпанның 4-інде Рысқұловты Коминтерін атқару комитетінің құрамына қызметке жіберіп, орталық - шығыс бөлімі мең- герушісінің орынбасарлығына бекітті.
Тұрар Рысқұловтың ең соңғы жоғары қызметі Ресей Федерациясы Ха- лық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасарлығы болды. 1926 жылдың мамырынан бастап, Тұрар бұл қызметті 11 жыл бойы атқарды. Сонымен қа- тар Рысқұлов Түрксіб теміржолын салуға басшылық еткен үкімет комиссия- сының төрағасы болып, оның әуелде жоспарлағандай төрт жылда емес, үш жылда пайдалануға берілуіне ұйытқы болды. Отбасылық жағдайына келсек, Тұрар өмірде бірнеше рет үйленген. Жалпы, әр жылдарда бас қосқан төрт әйелден Тұрардың Ескендір деген ұлы және Софья, Майя, Сәуле, Рида атты төрт қызы болған.
Сәуле Рысқұлова - Тұрар Рысқұловтың қызы. Тұрардың жалғыз ұлы - Ескендір. Тұрар көпшіл, адал, мейірімді, еңбекқор, өзінен гөрі өзгенің қажет-мұқтажын көбірек ойлайтын жан еді. Мұрағат деректеріне сүйенсек жалған айып тағылып, Тұрар Рысқұлов 1938 жылы атылған. Қабірі Москва түбіндегі Бутово деген деревнядағы зиратта делінген. Бірақ кейін іздеушілер сол Буто- водан таппады. Кейбір басылымдар Тұрардың өлген жылы 1943 деп жүр.

Тұрар және Алаш зиялылары.
Мәскеулік жымысқы саясат сол тұстағы қазақ элитасының екіге бөліну- іне себепкер болды. Тарихшы ғалым Бүркіт Аяған айтпақшы, Екі бағыттық ұстанымның бірі - Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов бастаған алашордашылар болса, екіншісі - Тұрар, Сәкен, Сейтқали Меңдешев сияқты зиялылардың бағыты болды. Тұрарлар өз мақсаттарына коммунистік парти- яның формасы арқылы жетеміз деп ойлайды. Және олар бұл жолда көп нәр- сеге қол жеткізді. Мысалы, сол 1920 жылдары қазақ автономиясы құрылды. Ол 1936 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болды. КСРО құра- мындағы республикалардың бірі болғандығымыздың арқасында біз 1991 жы- лы Одақ ыдыраған бұрынғы шекарамызбен тұтастай шығып кеттік. Яғни өз территориямызға иелік етуіміздегі бұл кісілердің еңбектері ерекше. ХХ ға- сырдың 20 жылдары Қазақ автономиясы құрылар қарсаңында мемлекетіміз- дің террриториясының тұтастығы туралы үлкен мәселе көтерілді.
Нақты айтатын болсақ батыс және солтүстік аймақтардың қазақ жерін- де қалуын қалаған ұлт зиялыларының ішінде Тұрар Рысқұловпен бірге алаш- тықтар да бар еді. Бір қарағанда, әрқайсысының ойы әртүрлі сияқты болып көрінгенімен, Тұрардың тәуелсіздік жөніндегі идеясы Мұстафа Шоқайдың да, алашордашылардың да мақсат-мұратымен тікелей ұштасып жатты. Тек олар- дың күрес жолдары әртүрлі болды. Мысалы, Мұстафа Шоқай ұлттық тұрғы- дағы Түркістан республикасын коммунистік партияның араласуынсыз құрмақ болды. Ал Тұрар Рысқұлов өз ойларын социалистік кеңістік шеңберінде жү- зеге асыруға тырысты.
Сонымен бірге Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, С.Сәдуақасовтарды қол- дап, ел азаттығын көксеген идеяларын қуаттап жүрді. Алашордашылармен байланысы әшкереленсе, Т. Рысқұловтың кеңес басшылығы тарапынан қу- ғындалатынын білген ұлт зиялылары оны сақтау мақсатымен аулақ жүруге тырысқан. Кейбір мәселелер бойынша сын айтқанымен, Мұстафа Шоқайдың өзі Тұрарды коммунистік бетперденің ар жағынан түркістандық рухы көрі- ніп тұрады деп жоғары бағалаған. Рысқұловтың әр қадамы аңдуда болды. Бізге жеткен бір деректе Смағұл Сәдуақасов қайтыс болғаннан кейін әкесі Сә- дуақас молдамен бір туысқаны Мәскеуге барғанда С. Сәдуақасовтың туған қайын атасы Әлихан Бөкейханов құдасы Сәдуақас ақсақалға Т. Рысқұловқа кіре кетіңдер деп ақыл айтқан. Бұл Тұрар Рысқұловтың жасырын түрде Бө- кейхановпен байланысы болғанын көрсетеді. Тұрар алашордашылармен жа- сырын түрде байланыс ұстауға тырысқан. Бірақ оны өте құпия ұстаған. Т.Рысқұловты қорғау үшін Бөкейханов, басқа да алашорда басшылары оны- мен ашық байланысқа шықпаған. Өйткені Кеңес өкіметі Рысқұловтың алаш- ордашылармен байланысы барын білсе, оның тағдыры басқаша болар еді.
Рысқұлов сол себепті де 1938 жылға дейін Кеңестік мемлекеттік билік басында қызмет етіп, аман - есен өмір сүріп жатты. Алашорда қайраткерлері Т. Рысқұловты аман сақтауға тырысты. Рысқұловқа жақындаудың Рысқұлов тағдыры үшін өте қауіпті екенін алашордашылар жақсы білді.
Олар Қазақстанға басқа да халық комиссарларымен кездесуде де сақ болды. Өйткені Кеңес өкіметі Алашордаға еш уақытта кешіріммен қараған жоқ. Алашордамен байланысы бар-ау дегендердің бәрі қуғындалды. Алашор- дашылардың қудалануына Тұрар Рысқұлов тікелей қатысы болды деген сөз- дер де айтылады. Осы сұраққа Бүркіт Аяған былай деп жауап берген: Бұл пі- кірмен түбегейлі келіспеймін. Бұларды бір - біріне қарсы қойған мәскеулік са- ясат дер едім. Ал олардың тікелей жеке бастарына қатысты өшпенділіктері мен бас араздылықтары болды деп ойлаймын. Қайта бұлар астыртын болса да кездесіп, бірінің идеясын бірі қостап отырған сияқты. Мен Мәскеулік саясат- тың қазақты қазаққа қарсы қоюына қатысты мыңдаған мысалдар келтіре ала- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрар Рысқұлов
Тарихи романдарды ерекше тездікпен даму сипаты
1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін, басталуы мен себептері
Ашаршылық туралы
ХХ ғ. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Мәдениет, білім, ғылымдағы ұлт мәселесі бойынша таптық-партиялық принциптер және оның ұлыдержавалық астарлары
Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі
Жұмыстың қолданбалы маңызы
Т.Рысқұловтың қоғамдық саяси өмірі
Көрнекті партия, мемлекет қайраткері
Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесін оқыту
Пәндер