Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы



Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
I. АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫҢ ІШКІ ҚОЗҒАЛЫСЫН БАҚЫЛАУ 5
1.1 Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы 5
1.2 Ақша қаражаттар қозғалысының есебі 6
1.3 Ақша қаражаты қозғалысы туралы есептіліктің нысандары 10
II. АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫ ТҮГЕНДЕУ 20
2.1 Түгендеу түсінігі және түгендеу принципі 20
2.2 Ақшалай қаражаттардың қозғалысын ішкі бақылау жүйесі 22
2.3 Кассалық түгендеуді жүргізу 23
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың мақсаты - бұл ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасын толығымен ашу, яғни ақша - қаражаты деген не және жалпы ақша қаражаттардың қозғалысының ерекшеліктерін қарастыру және толығымен меңгеруді қалыптастыру.
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде ақша - қаражаттар қозғалысының рөлі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес субъектіні айқындауға, субъектілердің қаржылық қызметі туралы сапалы, уақытылы ақпаратты қалыптастыру ақша қаражаттар қозғалысының есептілігінің басты мақсаттары болып табылады.
Ақша - бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар. Өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи турде дамып келген экономикалық категория.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
:: жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
:: айырбас құнының дербес формасы;
:: еңбек өлшемінің заттай формасы.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз.Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектік ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикада атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
1. құн өлшемі және баға масштабы;
2. айналыс (айырбас) құралы;
3. төлем құралы;
4. қорлану және қор жинау құралы;
5. дүниежүзілік ақша.
Сонымен, ақша қаражаттар қозғалысы есебінің негізгі мақсаты - ақша қаражаттарының немесе оның эквиваленттерінің өзгерістері жайлы ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Ақша қаражаттар қозғалысының есептілігі басқадай есептік формаларымен бірге, ақпараттарға қызығушылығын білдірген қолданушыларға компанияның таза активтер динамикасын бағалауға, қаржылық құрылымындағы өзгерістерін, ақша қаражаттар қозғалысын тиімді басқаруын, тез арада өзгеріске түсетін нарықтық талаптарға тез бейімделу мүмкіндігін береді.
Есептілікте көрсетілетін көрсеткіштердің талдауын, бағалауды жүргізу үшін модельдерді құруға және компанияның болашақтағы ақша қаражаттар қозғалысының дисконтталған құнын көрсетуге мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттар туралы қорытынды мәліметтер - олардың өткен жылдардағы болжанған бағаларының нақтылығын анықтауға және таза ақша қаражаттар мен табыстылықтың арасындағы байланысты көрсету үшін қажет.

I. АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫҢ ІШКІ ҚОЗҒАЛЫСЫН БАҚЫЛАУ
1.1 Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы

Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айыру белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады.
Ақша қаражаттар қозғалысы - шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ, тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Ол капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелік және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.
Қолма-қол ақшалар айналысы - нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар қызмет етеді.
Қолма-қолсыз ақшалар айнасы - қолма-қолсыз ақшалар айналымының ақшаларының қозғалысы. Оған: чектер, пластикалық карточкалар, электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір қозғалыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады.
Мысалы, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және тағы сол сияқты төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалардың қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.

1.2 Ақша қаражаттар қозғалысының есебі

Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша - қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді. Заңды тұлғалар, субъектілер ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында тапсырады.
Жалпы ақша қаражаттары ҚЕХС-ң шоттар кестесіндегі 10.1 Қысқа
мерзімді активтер деген алғашқы бөлімнің бірінші тобына кіреді. Бұл бөлімнің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған. Актив, егер:
* Оны іске асыру болжамдалса, немесе ұйымның қалыпты операциялық циклінің барысында ол сату немесе пайдалану үшін ұсталынса;
* Ол негізінен сауда мақсатында немесе қысқа мерзімге және оны іске асыру баланстың күнінен кейін он екі айдың ішіңде күтілсе;
* Пайдалануда шек қойылмайтын ақша немесе оның баламасында болса, қысқа мерзімді актив ретінде жіктеледі.
Барлық қалған активтер ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.
1000-Ақша қаражаты кіші бөлімі - ақша қаражаттарын есептеу үшін қолданылады және өзіне мына 7 топты кіргізеді.
* 1010 Кассадағы теңгемен ақша қаражаты, онда кассадағы ұлттық валютамен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады.
Жалпы касса операцияларының есебі 1010 Кассадағы теңгемен ақша қаражаты және 1020 Кассадағы валютамен ақша қаражаты - деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектілердің кассадағы ұлттық валюта түріндегі (теңге түріндегі) нақты ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының (қозғалысының) есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі бекіткен кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібіне сәйкес жүргізілуі тиіс.
* 1020 Кассадағы валютамен ақша қаражаты, бұл жерде кассадағы шетел валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есептелінеді. Жалпы кәсіпорынның кассасындағы шетел валютасы түріндегі ақша қаражаттарының есебі кассадағы ұлттық валюта түрінде нақты ақша қаражаттарының есебіне ұқсас жүргізіледі.
1010 Кассадағы теңгемен ақша қаражаты және 1020 Кассадағы валютамен ақша қаражаты - деп аталатын шоттар бойынша жүргізілетін операциялардың есебі: кредиті бойынша номері бірінші журнал - ордері, ал дебеті бойынша осы журнал - ордердің ведомосында жүргізіледі.
Яғни кассаның кірісі бойынша операциялар №1 санды журнал - ордердің ведомосында, ал шығысы бойынша операциялар №1 санды журнал - ордерде есептеліп жүргізіледі.
* 1030 Жолдағы теңгемен ақша қаражаты, бұл жерде жолдағы ақша қаражаттар қозғалысы көрсетіледі. Бұл шот аударылған, бірақ әлі кәсіпорынның шотына келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған ақша қаражаттары жолдағы ақшалай қаржылар болып саналады.
* 1040 Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты, онда банктік шоттардағы ұлттық валюта түріндегі ақша қаражаттар қозғалысының есебі көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар, фирмалар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемесінен арнаулы шот ашуына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай және басқадай құжаттардағы вексельден басқа) ақшалай қаржылар есептелінеді. Жалпы субъектілердегі есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1040 - шотта жүргізіледі.
Бұл шот дебеті бойынша 1210, 2110, 1420 - 2810, 1010, 3010-3020 және басқа да шоттардың кредитімен;
Ал кредиті бойынша 1040, 1610, 1150 , 1010, 3010, 3020, 3310 тағы басқа шоттардың дебетімен корреспонденцияланады.
1040 - шоттың кредитінде жазылған операциялар номері 2 - журнал ордерде, ал дебетінде жазылған операциялар осы журналдың ведомосында есептелінеді.
* 1050 Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты, мұнда ағымдағы банктік шоттардағы шетелдік валюта түріндегі ақша қаражаттар қозғалысының есебі көрсетіледі.
* 1060 Депозиттік банктік шоттардағы ақша қаражаты, бұл жерде депозиттік банктің шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы есептеледі.
* 1070 Арнайы шоттардағы ақша қаражаты, бұл жерде арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы есепке алынады.
Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар, банктердегі арнайы шоттардағы ақшалар және басқадай құжаттардағы (вексельден басқа) ақшалай қаржылар есептелінеді. Шаруашылық субъектілері 1070-Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар деп аталатын шотта жабдықтаушы және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың аттарына ашылған аккредитивтегі ақша қаражаттарын есептейді. Негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы жабдықтаушылармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады.
Бұл есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы өзіне қызмет көрсететін банк мекемесі арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет көрсететін банктен аккредитив ашады. Есеп айырысудың бұл түрі 1931 жылдан бері қолданылып келеді.
Аккредитив - сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарларының жіберілгендігін немесе қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.
Ашылған аккредитив сомасы 1070-Аккредитивтегі ақшалай қаржылар шотының дебетіне қай шоттардан аударылғанына қарай:
егер есеп айырысу шотынан аударылса,
1040 - шотынан,
валюталық шоттардан 1020-1050 аударылса,
банктерден алынған несиелердің есебінен аударылса,
3010-шоттың, банктен тыс басқа да мекемелердің несиелері есебінен аударылған болса - 3020-шоттың кредитіне жазылады. Ал жабдықтаушыға аккредитивтен төленген сома бухгалтерияда 3310 Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу шотының дебетіне 1070 Акредитивтегі ақшалай қаржы шотының кредитіне жазылады.
Ақша қозғалысының есебінде есептік кезеңдегі банктің қолма-қол ақша
санының өзгеруі туралы ақпараттарды және ақша сомасының көбею көзі, сол
сияқты оларды пайдалану бағыты жөнінде көрсетілуі керек.
Ақша қозғалысы жөніндегі есепті дайындау кезінде пайданың көбею көздерін және олардың пайдалану әдістерін бөліп көрсету қажет. Сондықтан кәсіпорынның таза табысы, тапқан табысы - егер есепті кезеңде ақша нысанында алынса ақша көзі болып табылады, ал шығындар, егерде олар есепті кезеңде ақша нысанында жүргізілсе, онда ақшаның азаюымен байланысты болады. Ақша қозғалысымен байланыссыз, алынған таза табыстар мен шығыстардың көлеміне келесі баптар бойынша түзету қажет:
- амортизациялық аударымдар;
- провизияны құруға кеткен нақты шығындар сомасы;
- есептелген, бірақ алынбаған табыс сомасы, сыйақы түріндегі жұмсалған
шығындар;
- сыйақы төлеумен және алумен байланысты емес, алынбаған табыс, кеткен шығындар сомасы.
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі, оларды операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтері бойынша жіктей отырып кезеңдегі ағымын көрсету қажет. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру бойынша жазылған түсініктеме жазбада мына сұрақтар баяндалуы керек:
* операциондық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашу үшін кәсіпорын қандай әдісті пайдаланады (тікелей ме, жоқ әлде жанама ма);
* түсетін ақша қаражаттары мен клиент атынан төленетін ақша қаражаттары нетто-негізінде ашыла ма, әсіресе, кәсіпорынның өз ақша қаражатынан клиенттердің ақша қаражаты асып кеткен жағдайда;
* ақша қаражатының қозғалысы бойынша шектеулер.
Бұл арада ескеретін бір жайт, түсініктеме жазбада кейбір мәселелер бойынша қайталанып берілетін түсініктемелерге жол бермеуді қадағалау керек.

1.3 Ақша қаражаты қозғалысы туралы есептіліктің нысандары

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп 7-Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартының талаптарына сәйкес жасалады да, есепті кезеңнің қаржы есептілігінің құрамдас бөлігі ретінде ұсынылады. Аталған стандартқа сәйкес ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп өзіне ақша қаражаттарындағы өзгерістер мен осындай өзгерістерді операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен болған өзгерістерге бөліп, мекеменің кезеңдегі ақша қаражатының баламалары туралы ақпаратты қамтиды.
Ақша қаражатының баламалары инвестициялаудан немесе басқа мақсаттардан гөрі қысқа мерзімді ақша міндеттемелерін өтеу үшін қолданылады. Осылайша, әдетте, инвестиция алынған күннен бастап үш ай немесе одан аз болатын өтеу мерзімі болған кезде ғана ақша қаражатының баламасы анықтамасында болады. Банктік овердрафттар, әдетте, қарыз алумен ұқсас, яғни қаржылық ретінде қаралады. Солай бола тұрса да, егер банктік овердрафт талап ету бойынша өтеуге жатса және мекеменің ақша қаражатын басқарудың инструментарийінің ажырамас бөлігі болып табылатын болса, банктік овердрафттар ақша қаражатының құрамдас бөлігі және ақша қаражатының баламасы болып табылады.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептерді жасаудың негізгі мақсаты мен қажеттілігі мекеменің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржы есептілігін пайдаланушыларға мекеменің ақша қаражаттарын табу қабілеті мен олардың баламаларын, сондай - ақ ақша қаражаттарына қажеттілікті бағалау үшін негіз беретіндігі мен пайдалылығында көрінеді. Пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер ақша қаражаттары мен олардың баламаларын табу қабілетін, сондай - ақ оларды уақытқа қарай бөлу және оларды табу айқындылығын қажет етеді.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп оны қаржы есептілігінің қалған нысандарымен бірге пайдаланған кезде ақпарат береді, онда өзгеріп отыратын жағдайлар мен мүмкіндіктерге бейімделу үшін пайдаланушыларға мекеменің таза активтеріндегі өзгерістерді, оны қаржы құрылымын (өтімділігі мен төлем қабілеті қоса алғанда) және түсімдер мен ақша қаражаттары төлемдерінің деңгейі мен мерзімдеріне әсер ету қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат мекеменің ақша қаражаттары мен баламаларын молайту қабілетін бағалау кезінде пайдалы болады және пайдаланушыларға әртүрлі мекемелерге ақша қаражаттарының болашақтағы түсімдері мен төлемдердің дисконтталған құнын бағалауға және салыстыруға арналған үлгілерді әзірлеуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталғандай, ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерін жіктеу операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен түскен болып жүргізіледі.
Операциялық қызмет - мекеменің табыс келтіретін негізгі қызметі және инвестициялық және қаржылық қызметінен айырмашылығы бар басқа қызмет.
Инвестициялық қызмет - мекеменің ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу және сату қызметі.
Қаржы қызметі - мекеменің меншікті капиталы мен заем қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге әкеліп соқтыратын қызметі.
Мекеме операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінен алынған ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді өзінің қызметінің сипатына неғұрлым сәйкес келетіндей береді. Қызмет түрлері бойынша жіктеу пайдаланушыларға осы қызметтің мекеменің қаржы жағдайына әсер етуін, оның ақша қаражаттары мен ақша қаражаттарының баламаларының сомасын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтамасыз етеді. Бұл ақпарат сонымен бірге қызмет түрлері арасындағы өзара байланысты бағалау үшін де пайланылады.
Бір операцияға әр түрлі жіктелген ақша қаражаттарының түсімі мен төлемдері кіреді. Мысалы, несиені ақшалай өтеуге пайыздар, сондай - ақ борыштың негізгі сомасы да кірсе, онда пайыздарды құрайтын бөлігі операциялық қызмет ретінде жіктелуі, ал негізгі соманы құрайтын бөлігі қаржы қызметі ретінде жіктелуі мүмкін.
Осы қызметтің барлық түрлері ақша қаражаттарының түсу және шығуының негізгі жолдары болып табылады.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының түсімдерінің және төлемдерінің мөлшері мекеме операциялары несиелерді өтеу операциялық мүмкіндіктерді сақтау, дивидендтер төлеу және қаржыландырудың сыртқы көздеріне жүгінбестен жаңа инвестицияларды жүзеге асыруға жеткілікті болатын ақша қаражаттарының түсімін қамтамасыз ететін дәрежедегі басты индикатор болып табылады. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының бастапқы операциялық түсімдер мен төлемдерінің негізгі құрамдас бөлігі туралы ақпарат басқа ақпаратпен үйлесе отырып, операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының болашақ қозғалысын болжау үшін пайдалы болады.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы мекеменің табыс келтіретін негізгі қызметіне тікелей байланысты. Сөйтіп, әдеттегідей, олар таза пайданы және залалды айқындауға кіретін операциялар мен басқа да оқиғалардың нәтижесі болып табылады.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары қозғалысының мысалдары болып мыналар табылады:
* тауарларды сатудан және қызмет көрсетулерден алынатын ақшалай түсімдер;
* жалдаудан түсетін ақшалай түсімдер, қаламақылар, комиссиялық сыйақылар және басқа да табыстар;
* тауарлар жеткізу мен қызмет көрсетулері үшін жеткізушілерге берілетін ақшалай төлемдер;
* қызметшілерге және олардың атынан басқа тұлғаларға ақшалай төлемдер;
* сақтандыру компаниясының сақтандыру сыйлықтары мен талап арыздары, жылдық жарналар және басқа да сақтандыру сыйақылары ретіндегі ақшалай түсімдері мен төлемдері;
* егер бұлар тек қаржылық немесе инвестициялық қызметтермен байланыстырылмайтын болса, ақшалай төлемдер немесе пайдаға салынатын салық төлемі немесе пайдаға салынатын салық үшін өтемақы;
* коммерциялық немесе сауда мақсатында жасалатын келісім - шарттар бойынша ақшалай түсімдер мен төлемдер.
Бір жабдық сату сияқты кейбір операциялар таза пайданың немесе залалдың анықтамасына жататын пайданың немесе залалдың туындауына әкеп соқтыруы мүмкін. Алайда, осындай операцияларға байланысты ақша қаражаттарының қозғалысы инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде жіктеледі.
Мекеменің коммерциялық немесе сауда мақсатында бағалы қағаздары мен несиелері болуы мүмкін, бұл кезде олар арнайы қайта сату үшін сатып алынған босалқы ретінде қарастырылуы мүмкін. Сөйтіп, коммерциялық немесе сауда бағалы қағаздарын сатып алуға және сатуға байланысты туындайтын ақша қаражаттарының қозғалысы операциялық қызмет ретінде жіктеледі. Осыған ұқсас қаржы ұйымдары беретін ақша аванстары мен несиелер де әдетте операциялық қызмет ретінде жіктеледі, өйткені олар қаржы компаниясының кіріс келтіретін негізгі қызметіне жатады.
Мекеменің операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректер мына екі әдістің кез- келгенімен ашылуы мүмкін: тікелей және жанама әдісі.
Тікелей әдіс кезінде жалпы ақша түсімдерінің негізгі түрлері мен төлемдері туралы ақпарат ашылады. Бұл әдіс әрбір ақшалай операцияны зерттеу және оның қай қызмет түріне жататынын анықтауға негізделген. Мұнда ақша қаражаттарының түсуі мен шығуымен тікелей байланысты ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша операциялар ашылады. Егер өзінің экономикалық мазмұны бойынша біртекті операциялар бірнеше болса, олар жинақталып, есепте бір жолмен көрсетіледі. Мұнда ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша операцияларды алдын - ала қызмет түрлері бойынша бөлу қажет.
Мекемелердің ақша қаражаттарының қозғалысының ағымдарын көрсету үшін тікелей әдісті қолдануы құпталады. Бұл әдіс жанама әдісті қолдану кезінде болмайтын ақша қаражаттарының болашақ ағындарын бағалау үшін қажетті ақпаратты қамтамасыз етеді. Тікелей әдісті пайдаланған кезде жалпы ақша түсімдерінің және жалпы ақша төлемдерінің негізгі түрлері туралы ақпарат мыналардан алынуы мүмкін, не:
* мекеменің есепке алу жазбаларынан;
* не сатуды, сатудың өзіндік құнын (пайыздар және осы тәріздес табыстар мен пайыздар төлеміне жұмсалған шығыстар мен қаржы мекемелері үшін осы тәріздес шығыстар түріндегі табыстар) мыналарды:
1. кезең ішіндегі босалқылардағы және операциялық дебиторлық және кредиторлық берешектердің өзгерістерін;
2. басқа ақшалай емес баптарды;
3. инвестициялық және қаржылық ақша ағындарының туындауына әкеп соқтыратын басқа да баптарды ескере отырып, пайда мен залал туралы есептегі басқа да баптарды түзету арқылы.
Тікелей әдіспен жасалатын ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің нысаны төменде келтірілген.
Сызба №1
Мекеме атауы 3 - нысан
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп
20ХХ жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жылдағы (тікелей әдіс)
(сома - тенге)
Көрсеткіштердің атауы
Жол коды
Есепті кезең
Өткен кезең
І. Операциялық қызметтен алынатын ақша қаражаттарының қозғалысы
1. Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы
010

соның ішінде:
011

тауарларды сату
012

қызметтер көрсету
013

алынған аванстар
014

дивидендтер
015

2. Ақша қаражаттарының шығуы, барлығы, оның ішінде:
020

жабдықтаушыларға тауарлар мен қызметтер көрсеткені үшін төлемдер
021

берілген аванстар
022

еңбекақы бойынша төлемдер
023

қарыздар бойынша сыйақылар төлеу
024

корпоративтік табыс салығы
025

бюджетке басқа төлемдер
026

басқа төлемдер
027

3. Операциялық қызметтен алынатын ақша қаражаттарының таза сомасы (010жол - 020 жол)
030

ІІ. Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы
1. Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы, оның ішінде:
040

негізгі құралдарды сату
041

материалдық емес активтерді сату
042

басқа ұзақ мерзімді активтерді сату
043

қаржылық активтерді сату
044

басқа мекемелерге берілген қарыздарды өтеу
045

фьючерстік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттар қозғалысы
Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы
Ақша қаражаттар қозғалысының жіктелуі
Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының белгілі бір типі
Ақша қаражаттарының қозғалысы
Несиенің түрлері және қызметтері
Компанияның ақшалай қаражаттарын басқарудың мәні мен оңтайландыру әдістері
НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Тұтыну несиесінің мәні және оның құрылымы
Ақшалай қаражаттардың кәсіпорынның жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызын анықтау және оларды басқару стратегиясын жетілдіру
Пәндер