АУДАРМА ІСІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚИЫНШЫЛЫҒЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I. АУДАРМА ІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Тіл түсінігі мен аударма нормалары
1.2 Аударманың эквиваленттілігі
II. АУДАРМА ІСІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚИЫНШЫЛЫҒЫ
2.1 Аудармадағы грамматикалық сәйкестіктер
2.2 Аударма ісіндегі трансформация және оның түрлері
2.3 Аударма процесінің аударылатын тексттің түріне тәуелділігі
ІІІ. АУДАРМА ТЕХНИКАСЫ
3.1 Аудармашының мәтінді аудару үлгісі
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымның тақырыбы - Аударма ісінің грамматикалық қиыншылығы.
Тақырыптың өзектілігі. Аударма -- әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге кешіріліп қайта жасалуы, басқа тілдегі түпнұсқа негізінде жазылған көркем туынды.
Аударманың мақсаты - тұпнұсқаның аударма тілге сай келмейтін грамматикалық формаларын жеткізу. Бұл жерде басты шарттың бірі сол, түпнұсқадағы грамматикалық формалардың өзгешелігі белгілі бір стильдік қызмет атқару керек.
Аударуда грамматикалық вариантты таңдап алу. Қай тілді алсақ та, кейде бір мағына-мазмұн әр түрлі грамматикалық варианттар арқылы да беріледі. Айталық, қазақ тіліндегі қаладан шықты, қала маңынан шықты, қала жақтан шықты деген сияқты сөз тіркестер контекске қарай бір ғана мазмұнға ие болып тұруы мүмкін. Сол сияқты Тегінде, біреуді жамандағанда үйіп-төге бермей, шектен шықпаған жөн ғой, Тегінде, біреуді жамандағанда да шектен шықпай, барды-жоқты үйіп-төге бермеген жөн ғой деген сияқты сөйлемдер әр түрлі ретте тұрғанмен, мазмұны өте ұқсас.
Өйткені бір тілдегі қалыптасқан сөз қолдану тәсілдері, бейнелі сөздер көшіріп, сол түпнұсқадағы қалпын сақтап жеткізуге келе бермейді. Басқа тілде айтылған ойдың жалпы мағынасын жеткізуден гөрі, сол әдебиетке тән көркемдік ойлау, бейнелеп сөйлеу, сөз қолдану өзгешеліктерін дәл келтіру әлде қайда қиын. Ал онсыз көркемдік ой-сезімнің әсерлілігі де толымды болмайды. Сондықтан аударма түпнұскаға мағынасы қағидалық жақын келетініне орай дәлме-дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Түгелдей алғанда, қандай аударма болсын творчестволық сипат алады, бастан аяқ сөзбе-сөз тәржімалау емес, сөздердің мағынасын, көркемдік қуат, бейнелілік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. Көркем аударманың қасиетін арттырып түпнұсқаның мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезім иірімдерін, көркемдік өзгешеліктерін жаңғыртып, жарқырататын, қайта туғызатын суреткерлік шеберлік. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Берілген зерттеу курстық жұмысының мақсаты - қазақ тіл біліміндегі аударманың грамматикалық трансформациясын зерттеу болып табылады. Осы мәселелер бойынша зерттеу жұмысының міндеттеріне мыналар жатады:
- аудармадағы грамматикалық мәселелерді зерттеу;
- тілдердің грамматикалық және лексикалық құрылысындағы аударма теориясын анықтау;
- аудармадағы грамматикалық трансформацияның рөлін анықтау;
- аудармадағы грамматикалық трансформацияның рөлін анықтау үшін
аудармадағы грамматикалық трансформацияның үрдістерін зерттеу,
- аудармадағы грамматикалық трансформацияның мәніне толық жету үшін бірнеше мысалдар арқылы тақырыпты ашу және басқа міндеттер қойылды.
I. АУДАРМА ІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Тіл түсінігі мен аударма нормалары
Аударма дегеніміз - белгілі бір халықтың немесе мәтіннің түпнұсқа тілінен аударма тіліне ауысуы. Осы анықтама бойынша дәлме-дәл аударма көбінесе мүмкін емес болады. Өйткені, екі тіл тек өздерінің тек грамматикалық жағынан емес, сонымен қатар мәдени ерекшеліктері және сөздердің көлемі жағынан әртүрлі болып келеді. Ал осының барлығы аударма әдісіне және оның нәтижесіне әсер етеді. Мысалы іскерлік хатты ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанда Dear Sir деген бастаманы Құрметті Сэр немесе Құрметті Мырза деп аудару дұрыс болмайды. Мұны біз Қадірлі директор немесе Қадірлі басшы болып аударылады. Сол сияқты қазақ тілінен ағылшын тіліне аударғанда Аса құрметті Шредер мырза сөз тіркесін Deeply respected Mr. Shroeder деп аударған дұрыс болмайды. Өйткені мұндай сөз тіркестерді аударғанда ағылшын тілінің қалыптасқан дәстүрі бар, яғни ол Dear Sir немесе Dear Mr. Shroeder деп аударылады. Осы мысалдар аударманың коммуникативті іс-әрекетін дәледейді, яғни аудармашы жұмыс жасап отырған екі тілдің мәдениетінен хабардар болуы қажет. Әрбір аудармашы аударманың ауызша және жазбаша түрлерімен жұмыс жасай алуы тиіс. Ол үшін аудармашы осы екі аударма түрлерінің негізін және айырмашылықтарын білуі қажет. Ауызша аударманың ең басты талабы - шапшаңдылық және дәлділік. Аудармашы аударманы неғұрлым тез берсе, соғұрлым оның нәтижесі жемісті болады. Аудармашы аударма процесінде қандай лингвистикалық мәселелермен бетпе-бет келетінің түсіну үшін, тақырыптың негізгі бөлімдерін анықтап алу қажет. Алдымен, тіл деген сөзге анықтама беріп алайық. Тіл - бұл лингвистиканың іргелі ұғымдарының бірі. Десе де бүгінгі күні абсолютті, бір мағыналы анықтама жоқтың қасы. Бірақ отандық тіл білімінде ең көп тараған Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің "Тіл -- бұл тікелей ойдың жарамдылығы"- деген анықтама болып табылады. Сондай-ақ, Александра Левицконың пайымдауы бойынша, тіл - бұл адамдардың ойын қалыптастырушы, жеткізуші және хабарлаушы қарым-қатынас құралы. Сондай-ақ, тілді пайдалану ретінің кейбір бірліктері мен ережелерінің жиынтығы. Дәл осындай ғалымдардың әрқайсысы бір-бірінен ерекшеленетін басқалай анықтамалары бар. Ортақ мағынасы - тіл бұл адамдар арасындағы қарым-қатынасты ерекшелейді.
Кей кездерде адамдар өз ойларын әр түрлі тілде білдіретін жағдайлар болып жатады. Демек, аударма ісі оның коммуникативтік функциясының орындалуын қамтамасыз ететін маңызды көмекші құрал болып табылады.
Аударма -- әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге кешіріліп қайта жасалуы, басқа тілдегі түпнұсқа негізінде жазылған көркем туынды.
Аударма - әр түрлі халықтар арасындағы ой алмасуда үлкен рөл атқарып, әлемдік мәдениетті таратушы ретінде қызмет етеді. Аудару термині көпмағыналы. Бір жағынан, мәтін мазмұнын бір тілден екінші тілге аудару қызметін атқарса, екінші жағынан, осы қызметтің өз нәтижелері.
Өз қызметінде аудармашы жеке қажеттілігін емес, қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырады. Сонымен қатар, ол жеке себеп емес, қоғам ұйырған себепті басшылыққа алады.
А. Ф. Ширяев "сөздік пікір, мағынаның белгілі бір әлеуметтік тапсырыс
бойынша өндірісі " аударма қызметінің мақсаты болып табылады дейді.
Аударма қызметінің өнімі бір жақты болатын, мағыналы және әлеуметтік сипаттағы талаптарға сәйкес құрылады. Ол ісі ортақ бір тілде сөйлей алмайтын адамдар арасындағы тұрақты қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандырады.
Аудармашы өз функцияларын дұрыс және саналы орындау үшін, өз қызметінің мақсаты мен осы мақсатына жету тәсілдерін білу қажет. Бұл түсінік аудармашы қолданатын сала мен тілдер комбинацияларын, аударма теориясының жалпы және арнайы аспектілерімен терең танысуға негізделеді. Ол осы тілдердің өзара байланысын, аударманың тәсілдері мен әдістерін, қажетті сәйкестікті таңдауын, нақты контексттің шарттарына сәйкес аударманың ең тиімді тәсілін қолдануға, аударма процесінің барысы мен нәтижесіне әсер ететін прагматикалық факторларды есепке алуын қаншалықты жетік меңгергендігін көздейді.
Аударманың жалпы теориясы аударманың сапасының бағасы ретінде пайда болатын аударма нормалары түсінігін береді. Аударма лингвистикасы қатарында теориялық және нормативті бөлімдері бар. Аудармашы алдымен өз іс-әрекеттерінің мақсатын айқындап осы мақсатқа жету жолдарын іздеу керек. Бұл үшін аудармашы аударманың негізі теориямен, соныңішінде аудармашы өзі жұмыс жасап отырған саланы жетік білуі тиіс. Сондықтан нақты мәтін шарттарына сәйкес келетін аударманың қолайлы тәсілін қолдану және аударма процесінің нәтижесінде әсер ететін прагматикалық факторлардың тізімін табу да аудармашының маңызды жұмыстарының бірі. Аударма сапасы аударманың түпнұсқаға мағыналық жақындығы деңгейімен беріледі. Сондықтан түпнұсқа мәтіндері мен аударманың жанрлық-стилистикалық тәуелділікпен және аударма нұсқасын таңдауына әсер ететін прагматикалық факторларымен беріледі. Бұл аспектілер аудармашының стратегиясын анықтайды. Аударма нормасы бес түрлі нормативті талаптар нәтижесінде қалыптасады.
● аударма баламасының нормалық мөлшері
● аударманың жанрлы (стилистикалық) нормалары
● аударма тілі нормалары
● аударманың прагматиалық нормалары
● аударманың конвециалды нормалары
Аударманың баламасының нормалары құбылмалы параметр емес. Жанрлы стилистикалық нормаларды мәтін түрінің стилистиалық ерекшеліктеріне аударманың сәйкес келу талабы ретінде анықтауға болады. Бұл нормалар балама деңгеін талап етеді. Аударма мәтіні аударма тіліндегі тілдік шығармалар. Ол үшін норма ережелерін білу қажет. Аударманың прагматикалық нормаларын және құндылықтарын қамтамасыз ететін талап ретінда анықтауға болады. Аударма актінің прагматикалық шарттары аударма нормаларын сақтаудан толығымен бас тартуға әкеп соқтырады. Жалпы айтқанда түпнұсқа мазмұнын түсінік айтумен, мәнжазбалармен ауыстырады. Аударманың конвенциалды нормалары қазіргі жағдайда аударманың түпнұсқаға жақындығы талабы ретінде қарастыруға болады. Оның шеберлік іс әрекет ретінде түпнұсқаның орын басу және аударманы жүзеге асыру барысында түрлі міндеттерді орындау. Аударма процесінің нәтижесі түсініктерінде мына терминдерді қолданылады.
Адекватты аудармаға баламаны аудару, дәлме-дәл аударма және еркін аударма жатады.
Адекватты аударма - аударма сапасы бағасын жүзеге асыратын жақсы аударма. Ол аударма актісінің пранматикалық міндеттерін қамтамасыз етеді.
Баламалық аударма - басқа тіл түпнұсқасының баламасының деңгейлерінің бірігуінің мазмұнының айтылуы болып табылады.
Дәлме-дәл аударма - түпнұсқа мәтінінің заттық логикалық бөлігі ғана айтылады. Онда жанрлы стилистиалық нормалардың артта қалы әбден мүмкін. Сөзбе-сөз аудармада түпнұсқаның формальді элементтері беріледі, осының нәтижесінде нормалар бұзылады.
Еркін аударма кезінде түпнұсқа мазмұны жойылады.
Ауызша аудармашының бойында ораторлық өнер болуы қажет. Ал жазбаша аудармада ондай қатаң тәртіп жоқ. Өйткені жазбаша аудармада әрбір
аудармашы ойланып, мәтінді бірнеше рет оқып шығып аударманың әдісін әбден анықтап барып аударуы мүмкін, себебі жазбаша мәтіндер әр түрлі стильде болады. Сонымен қатар жазбаша аударма тәжірибесі пәні аударманың грамматикалық және лексикалық аспектілерін қарастырады. Қорыта келгенде аударма деп қазіргі тіл білімінің тіл арлық іс-әрекеттің лингвистикалық аспектісін оқыпүйренуде ең маңызды құралын айтамыз және әр түрлі тілде сөйлейтін екі адамның арасындағы комуникацияны жүзеге асыратын құрал.
1.2 Аударманың эквиваленттілігі
Аудармашының ең басты міндеттерінің бірі оригиналдың мазмұнын барынша толық беру, жалпы оригинал мен аударма мазмундарының ортақтығы (бірдейлігі) өте маңызды.
Екі турлі эквивалентілікті ажыратуға болады;
1. Потенционалды жетістікке жеткен эквивалент (немесе күшті эквивалент)
2. Аудармалық эквивалент.
Потенциалды жетістікке жеткен эквивалент деп - ұқсас емес екі түрлі тілдегі текстердің мазмұндарының барынша ортақтығын айтамыз. Аудармалық эквивалент деп - аударма процессі кезінде аудармашы жеткен оригинал мен аударма текстінің нақты мағынылық жақындылығын айтамыз.
Аудармалық эквиваленттіліктің шегі болып аударма оригиналдық мазмұнының лингвистикалық деңгейін барынша сақтау мүмкіндігі болып табылады. Бірақ әрбір жеке аударма оригиналға мағыналық жақындық әртурлі деңгейде және әртүрлі жолдармен тәсілдермен жетеді.
Бастапқы тіл мен аударма тілі жүйесіндегі айырмашылық және бұл тілдердің әрқайсысының мәтінді жасау ерекшеліктері әртүрлі деңгейде аударма оригиналдың мазмұнын толықтай сақтау мүмкіндігіне шек қояды. Сондықтан аудармалық эквиваленттілік оригиналдағы мазмұн мағынасының әртүрлі элементтерінің әртүрлі деңгейі (типі) анықталады. Эквиваленттіліктің кез-келген деңгейінде аударма тіл аралық қарым-қатынасты қамтамасыз ете алады.
Кез келген текст қандай да бір қарым-қатынастық қызмет атқарады: қандай да бір фактілерді хабарлайды, эмоцияны (көңіл-күйді) білдіреді, қарым-қатынас жасаушылардың арасында байланыс орнатады.
Аударма эквивалентігінің І типі
Аударма эквивалентігінің І типі дегеніміз - оригинал мазмұнның қарым-қатынас мақсатын құрайтын (мақсатқа байланысты) бөлігінің ғана аударылуын айтамыз. Мысалы:
Мay be there is some chemistry between us that doesn`t mix. - Бывает, что люди не сходятся характерами.
That`s a pretty thing to say. - Постыдился бы!
Those evening bells, those evening bells, how many a tale their music tells. - Вечерный звон, вечерный звон, как много дум наводит он.
Бірініші мысалда, қарым-қатынас мақсаты айтылатын ой мазмұнның негізгі бөлігін құрайтын ауыспалы мағынаны беруде болып тұр. Мұнда қарым-қатынастың күшті әсер (немесе нәтиже) адам қатынастарының химиялық элементтермен ұқсас өзара әсері өзгеше көркем бейнелеудің есебінде жетістікке жетіп тұр. Берілген бұл хабарды бұлай жанама ауыспалы суреттеу аударма тілінде жарамды емес, сондықтан аудармашы оны аударма тіліндегі қолданылатын бейнелірек оймен ауыстырып аударған, бірақ қарым-қатынастық әсері сақталған.
Екінші мысалда, қарым-қатынас мақсаты, яғни ойдың мақсаты сөйлеушінің өзнің сөйлесіп отырған адамына кейігіне көңіл-күйін көрсету. Бұл жерде аудармашы бұл мақсатты көрсету үшін орыс тіліндегі кеюшілікті білдіретін ұқсас фразаны қолданған, бірақ аудармада оның тілдік бірліктері оригиналдағы бірліктермен сәйкес келмейді.
Үшінші мысалда, аудармашы барлық тәсілмен сақтап қалуға тырысқан оригиналдың ортақ(жалпы) қызметі, дыбыстарға, рифмаға, көлемге негізделгенпоэтикалық (өлеңді) әсер. Оны сақтап қалу үшін аудармшы бастапқы хабарды аударма тіліндегі поэтикалық әсерді іздеп алмастырған.
Бұл мысалдан көріп отрығанымыздай, қарым-қатынас мақсаты айтылтын ой мазмұнының ортақ бөлігі болып табылады.
Оригинал мен аударма арасындағы қатынас үшін бұл типке тән нәрсе:
* Синтактикалық ұйымдастыру мен лексикалық құрамның салыстыруға келмейтіндігі;
* Оригинал мен аударманың лексикасы мен құрылысын семантикалық басқаша өзгертіп айту немесе синтактикалық алмастыру негізінде байланыстырудың мүмкін еместігі;
* Оригинал мен аударма хабарларының арасында, 2 жақта да, айтайын дегені
бір-ақ ой екендігін білдіретін нақты логикалық байланыстың болмауы;
* Оригинал мен аударма мазмұндардың эквиваленттілік болып саналатын барлық басқа аудармалармен салыстырғанда орақтығының ең аздығында.
Эквиваленттіліктің ІІ типінде
Түпнұсқа мен аударма мазмұндарының жалпы бөлігі бірдей қарым-қатынас мақсатын беріп қоймай, сонымен бірге бірдей тілдегі тыс жағдайларды бейнелейді.
Ситуация (жағдай) дегеніміз - объектілердің (жиынтығы) және суреттелінетін объектілердің арасындағы жиынтық. Кез-келген текст нақты немесе елестету сияқты жағдайлар хабарларынан тұрады.
Эквиваленттің 2 типі 1 типпен, яғни қарым-қатынас мақсаты ғана сақталып аударылатын типпен салыстырғанда оригинал мазмұнын толығырақ бергенмен, оригиналдың барлық мағыналық элементтерін бере алмайды.
Ситуация ұқсастығы мен оны сипаттау жолдарының арасындағы айырмашылық тіл мен ойдың және суреттелінетін нақты істің арасында өзіндік қарым-қатынасты бейнелейді. Әрине,ойдың мазмұнында ситуацияның өзі мен оның белгілері қатыспайтыны,тек қана олардың ойлы образдары,яғни белгілі бір мәлімет не хабар түрінде берілетіндігі белгілі.
Көрсетілген типтің хабарды құрудың әртүрлі жолдары сипатталынатын ситуацияның ұқсастығымен біріктіреледі. Олардың мазмұнының ортақтығы толықтай коммуниканттардың экстра лингвистикалық тәжірбиесіне негізделеді.Нақты тәжітибеден бізге белгілі бір орында адамды көру үшін ол сол жерге келу керек, сол жерде болуы керек. Бұдан шығатын қорытынды,мына ойлар ол ол жерде мүлдем болмайды, біз ол жерде оны сирек көреміз дегендер бір ойды білдіреді.
Эквиваленттіліктің II типіне тән нәрсе оригинал мен аудармада бір ситуацияның әртүрлі жолдармен сипатталса да ұқсастығы. Әртүрлі тілдегі текстердің мағыналық ұқсастығының негізі болып мұнда тіл мен экстра лингвистикалық шындықтың арасындағы қатынастың жалпылық сипаты болып табылады.
Эквивалеттіліктің 2 типі аударманың оригиналға мағынада жақындығы,
қолданылатын тілдік құралдардың мағыналарының ортақтығына негізділмейтін аударма болып табылады.
Мысалы:
He answered the telephone. -Он снял трубку. Ол телефонды алды.
You are not fit to be in a boat. -Тебя нельзя пускать лодку.
You see one bear, you have seen them all. -Все медведи похожи друг на друга.
Теңестірілген бұл мысалдардағы әртүрлі тілдегі ойларда оригиналдың көп сөздермен синтатикалық құрылысы аударма тексінде тікелей сәйкестік таба бермейді. Сонымен бірге бұл топтың оригиналы мен аудармасының арсында эквиваленттіліктің 1 типіне қарағанда мазмұн ортақтығының көптігі бар. Мына аудармаларды салыстырып көрейік.
1) That`s a pretty thing to say.-Постыдыился бы!
2) He answered the telephone.- Он снял трубку.
Бірінші мысалда әңгіме екеуінің арасында қандай да бір нақты байланыс жоқ мүлдем әртүрлі құбылысты көрсетеді. Оригинал мен аударма ортақтығы тек қана, 2 жағдйда да сөйлеушінің өзімен сөйлеушісінің алдындағы жасаған ескертпесіне эмоционалдық (көңіл-күйлік) қатынасының бірдей деп қорыту (жабу) да болып тұр.
Екінші мысалда оригинал мен аударманың салыстыруға келмейтін тілдік құралдары бірдей істі, яғни телефонды (телефон трубкасын алу арқылы) алу арқылы телефонмен сөйлесуге болатынын сипаттайды. Әңгіме мұнда әртүрлі жолмен берілгенімен бір-ақ ойды білдіргенінде болып тұр. Мұндай ойларды сөйлеу тілінде бір ойды басқа сөздермен жеткізу деи те атайды.

* Лексикалық құрам мен синтатикалық ұйымдастырудың салыстыруға келмейтіндігі;
* Оригинал мен аударманың семантикалық басқаша өзгертіп айту немесе синтактикалық ауыстыру тұрғысынан алғанда лексика мен структураны байланыстырудың мүмкін еместігі;
* Аударма қарым-қатынас мақсатын сақтау, яғни ойдың басты функциясын сақтау эквиваленттіліктің міндеті шарты болып табылады;
* Аудармада әртүрлі тілдер хабарлрының арасында болатын логикалық байланысты дәлелдейтін бір ситуацияны, яғни 2 жағдайда да бір ойды білдіретін хабарды жеткізуді сақтау.
Эквивалеттіліктің 3-ші типін
Мына мысалдардан көруге болады:
Scrubbing makes me bad temped. -От мытья полов у меня настроение портится.
London saw a cold winter last year -В прошлом году зима в Лондоне была холодной.
That will not be good for you -Это может для вас плохо кончится.
Бұл типтің түпнұсқасы мен аудармасын салғастырғанда мынадай ерекщеліктерді көруге болады:
1) Лексикалық құрам мен синтактикалық құрылыстардың паралеллдігінің жоқтығы ;
2) Түпнұсқа мен аударма структураларын байланыстыруда синтактикалық ауыстырудың мүмкін еместігі;
3) Аудармада түпнұсқадағы сияқты ситуация ұқсастығы мен қарым- қатынас мақсатының сақталуы;
4) Аудармада жалпы ұғымның яғни түпнұсқадағы ситуацияны суреттейтін ұғымдардың сақталуы. Бұл жағдайда түпнұсқадағы хабарды аудармада семантикалық жағынан басқаша өзгертіп айтуға болатындығы.
Мұндай жағдайларда түпнұсқа мен аударма мазмұндарының арасындағы қатынас түсініктер арасындағы формальді - логикалық қатынастармен топтастырылады, маңызы бірдейлілі, бағынушылықтар қарама-қарсылық, табыну. Мұндай байланыстардың болуы түпнұсқа мен аударманың бұл типінде көп мағыналылық ортақтықтың қосымша көрсеткіштері ретінде қызмет етеді. Негізгі түсініктердің ортақтығы түпнұсқа мен аудармадағы ситуацияны сипаттау ушін толардың бірдей белгілері таңдалынатын хабарлардың структураларын сақтауды білдіреді. Егер эквивалеттіліктің алдыңғы типтерінде аудармада түпнұсқаның мазмұны не үшін хабарланады және онда не хабарланады дегенге қатысты мәліметтер сақталынсы, мұнда яғни 3-ші типте түпнұсқада не хабарланса сол беріледі.
Ситуацияны сипаттаудың бір ғана жолы шеңберінде семантикалық ажыратудың әртүрлі түрлері болуы мүмкін. Негізінде ситуация сақталынатын мағыналық категорияны таңдау берілетін хабарды ұйымдастыруды толықтай анықтамайды. Ойды жеткізуді ұйымдастыруды семантикалық варианттылығы мағыналардың едәуір ортақтығыменбайланысты синонимдік структураларды жасайды. Осыған байланысты 3-ші тип аудармасында хабарлар структураларының толықтай сәйкес келуі, сонымен бірге аудармада синонимдік структураларды қолдану байқалады.

Аударма практикасында грамматикалық аудармалар әдетте лексикалық аудармалармен бірігіп жатады. Көп жағдайларда сөйлемнің конструкциясын өзгерту грамматикалық себептерге емес, лексикалық себептерге байланысты болып жатады. Сөйлемнің коммуникативтік мақсаты бәрінен бұрын сөзді немесе бірнеше сөздерді мұқият таңдауды талап ететіндіктен, аудармада сөйлемнің дәл және дұрыс бейнесін беру үшін аудармалық міндетті шешу сонымен бірге сөздердің формасын, яғни оның грамматикалық категориясын дұрыс таңдауға да байланысты болады, ағылшын тілінің зат есімін қазақ тілінің етістігімен ауыстыру аудармада бүкіл сөйлем құрылысын өзгертуге алып келуі мүмкін.
Әр түрлі системадағы тілдер арасындағы грамматикалық сәйкестіктер көп жағдайларда ауыспалы факторларға байланысты болатын тек қана функциональды бола алады. Аудармада тіпті барлық факторларды ескертетін тиімді сөйлем структурасы табылған күнде де сөйлемнің ең дұрыс, жақсы орын тәртібін қалай таңдау керектігі жайлы сұрақтар туындауы мүмкін.
Орыс тілі мен ағылшын тілінің синтактикалық конструкциясының арасындағы ұқсастық кейде сөзбе-сөз аударуға, яғни сөйлемнің структурасын, сөздердің орын тәртібін өзгертусіз аударуға мүмкіндік береді. Бірақ кейбір факторлардың әсерімен аудармашының грамматикалық өзгертулерге жүгінуіне тура келеді, яғни аудармашы сөйлемді жартылай немесе толықтай қайта құруына немесе сөйлем мүшелерін ауыстырғанда, сөз таптарын ауыстыруға тура келеді. Кейде грамматикалық өзгерту тіпті ұқсас структуралар болған күнде де қажет болады.
Грамматикалық форма мен синтактикалық конструкция аударма процесі кезінде олардың лексикалық толығуынсыз жеке бола алмайды. Ағылшын текстерін аудару барысында, ол әдеби, публицистикалық болсын тіпті газеттік
болсын, сөйлемнің грамматикалық структурасынан жекеленген сөздер мен
сөз тіркестерінің мағыналарын ашуға көп уақыт кетеді.
Көп жағдайларда ағылшын тілі мен орыс тілінің синтактикалық конструктуралары бір-біріне ұқсас болғандықтан аудармада көп қиындық келтірмейді. Аудармашы үшін тек ағылшын және орыс тілдерінің кейбір структуралары қиындық келтіреді. Олар қосымша ішкі семантикалық және стилистикалық қасиеттері бар синтактикалық конструкциялар. Мұндай структураларға ағылшын тіліндегі абсолютті конструкциялар жатады.
Аудармада синтактикалық конструкцияларды берудің функциональды принципі сөйлемнің семантикалық және экспрессивті - (бейнесі) негізделеді. Сөйлем формасы, типі жағынан европалық тілдер бір-біріне өте ұқсас келеді. Сондықтан аудармада ағылщын тілін жақсы білетін аудармашы үшін ағылшын тілінің орыс тілінде синтактикалық конструктураларын, атап айтқанда герундийлік комл-ді* аудару өте-мөте қиындық келтіре қоймайды.
Бірақ ішкі қосымша функциясы яғни мағыналық немесе экспрессивті стилистикалық функциясы бар синтактикалық структураларды аудару қиындық келтіреді.
Грамматикалық трансформация - сөздің формасын, сөз табын, сөйлем мүшелерін немесе грамматикалық конструкцияларды өзгертіп, ауыстырып қолдану тәсілі. Ең көп тараған грамматикалық трансформациялар: синтактикалық ұқсау, (уподавление), сөйлемді бөліп аудару, бір немесе бірнеше сөйлемді біріктіріп бір сөйлем арқылы беру тәсілдері.
Сөйлемді мүшелерге бөліп аудару тәсілі - оригинал сөйлемнің синтактикалық структурасын аударма тілінің екі немесе одан да көп баяндауышты структуралармен қайта жасау тәсілі. Сөйлемді мүшелерге бөліп ауыстыру бастапқы тілдің жай сөйлемін аударма тіліндегі күрделі сөйлеммен өзгертуге немесе жай сөйлемді күрделі екі немесе одан да көп жеке сөйлемдермен ауыстыруға мүмкіндік береді:
The annual surveys of the Labour Government were not discussed with the workers at any stage, but only with the employers.
Лейбористік өкімметің жыл сайынғы жасайтын шолуы ешбір кезеңде
жұмысшылар арсында талқыланған емес. Олар тек қана кәсіпкерлер арсында талқыланатын.
Сөйлемдерді біріктіру тәсілі - оригиналдың синтактикалық құрылысын аудармада екі жай сөйлемді бір күрделі сөйлемге біріктіру арқылы аудару:
That was a long time ago. It seemed like fifty years ago.
Бұл бұрын болса да 50 жыл өткендей көрінді.

Аударма кезінде аудармашылардың неліктен лексикалық трансформацияларға жүгінулеріне тура келеді деген сұраққа әр түрлі себептер бар. Олар екі тілдің семантикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Сөздердің мағыналық құрылымдары олардың қолданыстары, бір - бірімен сәйкес болу шарттары , әрбір тілдің сөздік қорлары-міне осы факторлар аудармашыға қиындықтар туғызуы мүмкін. Бұл мәселелердің бірден шешу жолдарын табу да мүмкін емес. Сондықтан жас аудармашыларға осы мәселелермен жеке-жеке танысып , олардың әрқайсысының ерекшеліктерін аударма барысында және теория жүзінде бөлек танысуға тура келеді. Лексикалық трансформация бөліміне лексикалық - стилистикалық құбылыстардың тек кейбіреулері ғана енгізілген.
Аудару процесінде кей кездері сөздікте көрсетілген мағыналар бірімен
бірі үйлесімде болмайды, оларды қолдану мүмкін емес. Бұл жағдайда сөз тіркестерінің ішкі мағынасын қайта құратын немесе оны толыққанды жеткізу үшін мүлде басқа сөзге алмастыратын трансформацияны қолданған жөн.
Десе де, лингвисттер трансформация ұғымын әртүрлі мағынада түсіндіреді. Жалпылама түрде аударма трансформациясы түпнұсқадан аудармасына көшуге мүмкіндік беретін қайта құрылу деп анықталады.
Трансформацияның өзі бірнеше классификацияға бөлінсе де, көптеген лингвисттер туғызушы себептері негізінде екі түрге ажыратады:
грамматикалық және лексикалық.
Трансформация себептері:
1. Лексика-семантикалық:
- негізгі тіл мен аударма тілдегі сөз мағыналарының көлемдері сәйкес болмауы
(got a bread?- капуста бар ма? I've got 400 quids (Бэл) Менде 400 фунттай бар)
- дифференциялық (біркелкі) мен дифференциялық емес
- (hand, arm - қол; foot, leg - аяқ; blue - көк, көгілдер)
- әр түрлі тіларалық қатынас - (соғыста жеңу; жеңу, неке қию, әскери әрекет жасау)
- негізгі тіл мен аударма тіліндегі лексикалық бірліктердің болмауы (the West Wind blew him in the face - суық жел)
Аударма процесінде қолданылатын лексикалық өзгерулердің негізгі типтері мынандай аудармалық тәсілдерден тұрады:
* аудармалық транскрипция және транслитерация,
* калькирование және лексикалық-сематикалық ауыстырулар (конкретизация-нақтылау, генерализация-жалпылау және модуляция).
Аударманың лексикалық трансформацияларын қарастыру барысында тағы бір басты назар аударатын жайт ағылшын тілінде қабылдау, сезіну және ойлау іс - әрекетін білдіретін танымал етістіктердің аударылу ерекшеліктері болып табылады. Жас аудармашылар ағылшын тіліндегі to see, to believe, to understand және to feel етістіктері бір мағыналы емес екендіктерін ұмытпау қажет, яғни оларды үнемі көру, сезу, сену, түсіну, деп аудара берген қате болады. To see, to believe, to feel етістіктері газетті - публицистикалық стильде түсіну, ойлау, қарастыру, санау (ойлау мағынасында) деп аударылса, to understand етістігі әдетте сomplex object (күрделі бастауыш) айналымдарында орыс тіліндегі клише - формуласына - мәлім болғандай деп аударылады. Мысалы: Ch.P. Snow is understood to be a great promoter and populariser of Soviet Literature in England - Мәлім болғандай, Чарльз Сноу кеңес әдебиетін Англияда танымал етіп жүр.
2. Грамматикалық:
- негізгі тіл мен аударма тіліндегі сөздердің орын тәртібі әр түрлі болуы; - синтаксистік құрылымдардың амбиваленттігі (екі мағыналылығы).
Бұл трансформацияның екеуі де ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz