ДЕБИТОРЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ ТУРАЛЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
І. ДЕБИТОРЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ 5
1.1 Дебиторлық берешекті мойындау мен өлшеу
5
1.2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі 6
1.3 Күмәнді дебиторлық борыштар
9
ІІ. КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІ
12
2.1 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды
есепке алу
12
2.2 Алдағы кезең шығындарының есебі
16
2.3 Берілген аванстар есебі 17
2.4 Еншілес серіктестіктердің алашақ қарыздарының есебі
19
2.5 Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі
21
2.6 Салық берешегі және басқа да кредиторлық берешек 22
2.7 Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі 26
ҚОРЫТЫНДЫ
28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
30
КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып,
қоғамның экономикалық-əлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе
жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып
табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы Бухгалтерлік есеп
барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре
алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес - деген болса,
оның əріптесі Р.А. Фаулки Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни
философиясы - деп атаған.
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін,
есептейтін жəне оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады.
Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді.
Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау,
бақылау жəне талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар
бухгалтерлік есеп кəсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы жəне
өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап
көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен
шығындарын жəне шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нəтижесін анықтауға
болады.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа
кəсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сəйкес бухгалтерлік есептің
маңызы мен рөлі арта түсуде.
Көптеген кəсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтерді сатып алу,
пайдалану барысында сол мезетте қолма-қол ақшамен есептеспейді. Яғни
тауарлар мен қызметтерді қарызға алады. Сол кезде тауарлар мен қызметтерді
сатқан кəсіпорындар мен ұйымдар алынуға тиісті шарттар, яғни дебиторлық
борыштар шотын ашады. Бұл өте қызықты бөлім. Осы кəсіпорындар мен ұйымдарға
берешек борышы бар заңды жəне жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады.
Жалпы дебиторлық берешек - дегеніміз, бұл иелік ету құқығын қосқандағы
заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы
экономикалық тиімділік.
Мен өзімнің курстық жұмысымда осы дебиторлық жəне кредиторлық
берешектерді қарастырамын. Жалпы дебиторлық берешектер келесідей
бөлімдерден тұрады:
Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілер берешегі.
Күмəнді дебиторлық берешектер.
Еншілес серікестіктердің дебиторлық берешегі.
Басқадай дебиторлық берешек.
Алдағы кезең шығындары.
Берілген аванстар.
Енді жалпы дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыруды жəне жоғарыдағы
аталған бөлімдерді қарастырамын.
І. ДЕБИТОРЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ

Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс
берушілердің (бизнес контрагенттерінің) шаруашылық жүргізуші субъект
алдындағы өткізілген тауар (жұмыс, көрсетілген қызмет) үшін ақша төлеу
бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы (өтеу мерзімі бір жыл бойы) немесе
операциялық циклді және ағымдағы емес болып бөлінеді. Есепте саудалық және
саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебитор берешегі – негізгі іс-әрекет нәтижесінде
өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың
міндеттеме сомасы.
Саудалық емес дебитор берешегі – іс-әрекеттің басқа түрлері
нәтижесінде (субъект қызметкерлеріне немесе филиалдарына аванстар шығынды
жабуға арналған депозиттер, алуға арналған дивидендтер мен проценттер,
үкімет органдарына салықтарды қайтару жөніндегі тілек-талап және басқалар)
пайда болады.
Дебиторлық берешек үш топқа бөлінеді: алынуға тиісті шоттар,
алынған вексельдер және басқалар.
Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен
қызметке және субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек-талаптар
кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе
борышты өтеу күтілетін күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді болады.
Әдетте дебиторлық берешек шот-фактурамен расталады Алынған вексельдер
бабы ресми борыштың міндеттемелермен расталады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар жүйесінде дебиторлық берешектің
пайда болуы субъектінің шаруашылық іс-әрекетіндегі объективті процесс болып
саналады.
Дебиторлық берешек пайда болу сипатына қарай қалыпты және
ақталмайтын делініп бөлінеді. Субъектінің өндірістік-шаруашылық іс-
әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айырысудың қолданыста жүрген
нысандармен пайда болғандары қалыптыға жатады. Мысалы, субъектіге шартқа
сәйкес орындалған жұмыс үшін 156700 теңге сомасында, ҚҚС сомасы – 25072
теңге шот ұсынылады. Бухгалтерлік есепте бұл операция мынадай жазбалармен
көрсетіледі:
Орындалған жұмыстардың келісім-шарттық құнына:
• 1210 Алынуға тиісті шоттар шот дебеті
• 6010 Өнімді (тауарды, жұмысты, қызметті) өткізуден түскен табыс шот
кредиті – 156700.
ҚҚС сомасына:
• 1210 Алынуға тиісті шоттар шот дебеті
• 3130ҚҚС шот кредиті – 18804.
Шотты төлеу келісім-шартқа сәйкес 30 күннен соң:
• 1040 Ағымдық корреспонденттік шоттардағы ұлттық валютадағы ақша шот
дебеті.
• 1210 Алынуға тиісті шоттар шот кредиті – 175504.
Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек ақталмайтын болып саналады.
Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмалаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік
есеп жүргізудегі кемішілктер, тауарлық-материалдық қорларды жіберуді
бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.
Қазақстан Республикасындағы барлық шаруашылық субъектілеріндегі
табысты есептеу тәсілімен айқындайтындықтан, күдікті борыштар бойынша
резерв құру қажеттілігі туады. Олар тәуекел қоры болып табылады, сол немесе
борыштың өтелмеу қалуынан сақтандырады. Бухгалтерлік баланста дебиторлық
берешек күмәнді борыштар бойынша резервті есептеп шығару үшін
көрсетіледі.
1.2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың Сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің борышы деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды
қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:
• 1210 Алынуға тиісті шоттар
• 1130Алынған вексельдер
• 1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары.
Бұл активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың
дебитінде борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы
көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар сатып алушы заңды немесе жеке
тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен
қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.
Алынуға тиісті шоттар деп аталатын шотта тиеліп жіберілген
өнімдер (тауарлар), атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері үшін
сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп
айырысу құжаттары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі. Жалпы Алынуға
тиісті шоттар шотын сипаттай келе олардың қысқа мерзімді активтер екенін
және олардың сату нәтижесінде пайда болатындығын аңғаруға болады. Сондықтан
оларды кейбір уақыттарда саудалық міндеттемелер деп те аталады.
Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу
операциялары арнаулы тізімдемелерде есептеліп, онда сатылған айналымнан тыс
активтер, қаржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық қорлар бойынша шот-
фактуралары немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақталып,
топтастырылып бөлек көрсетіледі. Тізімдемелердегі жазулар-шоттар,
фактуралар немесе олардың орнына қолданылатын басқадай құжаттар негізінде
активтердің топтары бойынша жазылады. Тізімдеменің бағандарында сатып
алушылар бойынша ай басындағы қалдықтар көшіріледі және бұйымдардың аттары
немесе топтары бойынша сатылған активтердің сандық мәліметтері көрсетіледі.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы шотының бөлімше
шоттарының кредиті бойынша операциялардың есебі үшін №11 журнал-ордер
қолданылады.
1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы шоттарына
қатысты бухгалтерлік есепте мынадай корреспонденциялар жазылады:
Мысалы: сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге 300000 (үш жүз мың)
теңгенің дайын өнімдері 500000 (бес жүз мың) теңгеге сатылды. (соның ішінде
80000 (сексен мың) теңге ҚҚС сомасы).
Сатылған тауарлардың өзіндік құнына:
Дт: 7010 Сатылған өнімдердіңөзіндік құны 300000 тг
Кт: 1320 Дайын өнімдер 300000 тг
Сатылған тауарлардан алынатын сомаға:
Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты 420000 тг
Кт: 6010 Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыс шоты 420000 тг
Сатылған тауарлар үшін есептелеген ҚҚС сомасына:
Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты 80000 тг
Кт: 3130 Қосылған құн салығы сомасы 80000 тг
Сатылған тауарлар үшін алынатын сома келіп түскенде:
Дт: 1030 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты 500000тг
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты 500000 тг
Кейбір жағдайларда жабдықтаушы сатып алушыға тиеліп жіберілген
тауарлары үшін вексель алуы мүмкін. Алынған вексель анықталған мерзім
ішінде беліленген соманы төлеу бойынша жазбаша міндеттемені білдіреді.
Вексель – бұл бір жақты шартсыз ақшалай міндеттемесі бар қатаң
белгіленген нысандағы төлем құжаты. Вексельді шығару мен айналым тәртібі
Қазақстан Республикасының 28.04.1997ж. №97-1 Қазақстан Республикасындағы
вексельдік айналым туралы Заңымен реттеледі.
Егер вексель бойынша есеп айырысу бір жыл мерзім аралығында
жүргізілетін болса, ремитент алынған вексельді баланстың актив бөлімінің
өтімділігі жоғарғы активтер бабында көрсетуі керек. Соған сәйкес вексель
беруші осы соманы өз балансының қысқа мерзімді міндеттемелер бөліміндегі
берілген вексельдер бабында көрсетеді. Вексельдік өтелу мерзімі болып
вексель бойынша төлем жүргізілетін уақыт алынады, яғни вексель қызметінің
аяқталатын уақыты есептелінеді.
Жасалу үлгісі және қолданылуы бойынша вексельдер жай және
аударылатын болып бөлінеді.
Жай вексель (соло) – вексель берушінің алғашқы талабы бойынша
төленетін еш нәрсесіз алдын-ала шартталмаған міндеттемесі бар векселі
немесе белгілі бір уақытта вексель ұстаушыға вексельде көрсетілген ақша
сомасын болашақта төлеу. Мұндай вексель бойынша вексель беруші төлеуші
емес, үшінші тұлға (трассат) акцепт арқылы өзіне вексельді төлеуге
міндеттеме қабыдайды. Алайда сол сәтке дейін вексель бойынша вексель беруші
жауапты болады.
Аударылатын вексель (тратта) – вексель берушінің (трассанта) еш
нәрсесіз алдын-ала шартталмаған ұсынысы (бұйрық) бар вексельді үшінші
тұлғаға (трассата), төлеуге бірінші вексель ұстаушыға ремитентке) немесе
оның бұйрығы бойынша болашақтағы белгілі бір уақытта не болмаса вексельде
көрсетілген ақша сомасын талап ету бойынша вексель.
Сатылған тауарлар мен дайын өнімдер үшін вексельдер алынғанда:
Дт: 1210 Алынған вексельдер шоты
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты
Ал вексель бойынша сатып алушылардың борыштарының жабылуына, яғни ақша
келіп түскен мерзімінде (пайызсыз):
Дт: 1030 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты
Кт: 1210 Алынған вексельдер шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
1.3 Күмәнді дебиторлық борыштар
Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың
төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға
несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін уақтылы есеп
айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған
бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай
жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың
банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұйымдардың таратылуы, сондай-
ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. Сатып алушылардың
келісімшартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары Күмәнді
қарыздар деп аталады. Күмәнді қарыздарға – уақытында төленбеген,
жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық
борыштар жатады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп
жеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналады. Өтелу-өтелмеуі
белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар.
Біріншісі – тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шаттарды
үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі –
резервтік әдіс – бұл жағдайда шығындар алдын-ала қарастырылған тәсілмен
есептеледі.
Егер күмәнді дебиторлық берешек ықтимал (мерзімі біткен және
есепке алынуы мүмкін болса, есепті кезең соңында түзету жазбасын жасау
талап етіледі. Мысалы, егер субъект 15000 теңге сомасында күмәнді
дебиторлық берешекті күтсе, күмәнді борыш бойынша шығынды көрсететін
мынадай проводка енгізіледі.
7210 Жалпы және әкімшілік шығындар шот дебеті.
1290 Күмәнді талаптар бойынша резерв шот кредиті 15000.
Күмәнді борыштарды бағалау жөнінде екі тәсіл бар: өткізу, орындалған
жұмыс, көрсетілген қызмет көлемінің проценті тәсілі және төлеу
мерзімі
бойынша шоттарды есептеу тәсілі.
Өткізу көлеміне байланысты процент тәсілі – үмітсіз борыштардың
проценті жалпы өткізу көлемінде анықталады. Бұл үшін бірнеше есепті кезең
ішінде тауар өткізу көлемін және күмәнді борыштар бойынша резерв пайда
болуы үшін процентті белгілеуге арналған төленбеген шоттар сомасын талдау
қажет.
Төлеу мерзімі бойынша шоттарды есептеу тәсілі – берешекті төлеу
мерзімі бойынша күмәнді талаптар проценті анықталады. Бұл үшін алынуға
тиісті барлық шоттарды мынадай категориялар бойынша жіктеу қажет:
өтеу мерзімі әлі болмаған шоттар;
• 1 күннен 30 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;
• 31 күннен 60 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;
• 61 күннен 90 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;
• 90 және одан да көп күндерде төлеу мерзімі бар шоттар.
ІІ. КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІ
2.1 Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысуды есепке алу
Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысуды есепке алу үшін,
стандартты шоттар кестесінен, мерзімі мен өтімділігіне байланысты
синтетикалық шоттарды қолданамыз, осы мақсатта мынадай шоттар
пайдаланылады:
• 3310 – Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек
• 4110 – Жабдықтаушылар мен мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық
берешек
• 1610 - Қысқа мерзімді аванстар
• 2910 - Ұзақ мерзімді аванстар
Бұл шоттар тауарларды жеткізуге, ұзақ мерзімді активтерге, жұмыстарды
орындауға, жеткізушінің ішінара сатып алушы қызметтерін көрсетуіне арналған
аванстар туралы ақпаратты жинақтауға арналған.
3310, 4110 Сатып алушылармен және мердігерлермен есеп айырысу
есепшоты сатып алынған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді
есепке алу бойынша операциялардың көрінісі үшін, соның ішінде тауарлық-
материалдық қорларды жеткізу немесе өңдеуге жұмсалған шығындарды есепке алу
үшін арналған.
3310, 4110 Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар шоты
бойынша келесі есептерді ескереді:
• Электр энергиясын, газ, суды және басқа да қамтамасыз етуді қоса алғанда,
тауарлар, қабылданған жұмыстар, тұтынылатын қызметтер, қызмет
көрсетулердің есебі;
• Жеткізушілерден (мердігерлерден) есеп айырысу құжаттары алынбаған
тауарларға, өнімдерге, жұмыстарға, қызметтерге есеп;
• Қабылдау кезіндегі белгіленген артық тауарлар есебі;
• Көлік қызметтерін тұтыну бойынша есептеулер және тағы басқа.
Төлем фактісіне қарамастан, сатып алынған тауарларды есепке алу
бойынша операциялар, алынған жұмыс, тұтынылған қызметтер, 3310, 4110
шоттарында көрсетіледі. 3310, 4110 шоты бойынша талдау әрбір шот-фактура,
сатушы және мердігер үшін жүргізілуі тиіс. Аналитикалық есепке алу
келесідей ақпаратты қамтуы керек:
• Төлем мерзімі келмеген, қабылданған есеп айырысу құжаттарына қатысты
жеткізушілер туралы ақпарат;
• Төлем құжаттары уақытылы төленбейтін жеткізушілер туралы ақпарат;
• Есеп айырысу құжаттары алынбаған жеткізушілер туралы ақпарат;
• Берілген вексельдер бойынша төлем мерзімі аяқталмаған жеткізушілер туралы
ақпарат;
• Алынған тауарлық несие бойынша жеткізушілер туралы ақпараттар;
• Кәсіпорынның есеп саясатына сәйкес басқа да қажетті ақпарат.
Борышкер мойындайтын айыппұлдар, өсімпұлдар немесе олар бойынша сот
шешімдерін қалпына келтіру үшін алынған айыппұлдар сомасы 6160, 6280
Негізгі емес қызметтен алынған басқа да кірістер шотында көрсетіледі.
Мерзімі өткен кредиторлық берешектің сомасы жазбаша негіздеудің және
кәсіпорын басшысының бұйрығының негізінде әрбір міндеттеме бойынша есептен
шығарылады және 6160, 6280 Негізгі емес қызметтен алынған өзге кірістер
есебінде есепке алынады.
Осы есептеулерге қосымша, 3310, 4110 есеп шотында Жабдықтаушылармен
және мердігерлермен есеп айырысулар айырбас бағамының айырмашылықтарын,
сондай-ақ міндеттемелердің тоқтауын көрсетеді.
Сатып алынған мүліктің (жұмыстардың, қызметтердің) айырбас бағамдары
3310, 4110 шоты бойынша Жеткізушілермен және мердігерлермен есептесулер
есебінде 6250-Шетел валютасының кірістері
7430-Валюталық айырма шоттарында мәміле жасалған кезде айырбас бағамына
байланысты көрсетіледі.
Өзара талаптарды есепке алу кезінде міндеттемелердің тоқтатылуы 3310
Шоттармен және мердігерлермен есеп айырысу шотында дебеттеледі және 1210-
Сатып алушылар мен клиенттердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі немесе
1280-(Басқа қысқа мерзімді дебиторлық берешек) шоттарында кредителіп
көрінеді.
Қарызды кешіру – негізінен қайырмалдылық түрлерінің бірі. Борыштың
кешірілуі әртүрлі кіріс ретінде танылып, 3310-Жеткізушілер мен
мердігерлермен есеп айырысу шотында дебетінде, ал 6280-Басқа кірістер
бойынша кредиттік шоттарында көрінеді. Міндеттемелер жаңартумен тоқтатылған
кезде, бір міндеттеме басқасымен ауыстырылады. Бұл синтетикалық шоттардағы
ауыстырулар көрсетілмейді; аналитикалық есепте жазбалар жасалады.
Кәсіпорынның ішкі аудиті немесе бухгалтерия бөлімі тауарларды немесе
ұзақ мерзімді активтерді алу келесі себептер бойынша жүзеге асырылатынын
ескеруі тиіс:
• сатып алу-сату шарттары, жеткізу туралы шарттарды орындау бойынша;
• жарғылық капиталға салымды есепке қою бойынша;
• активтерді өтелмейтін негізде алу.
Келісімшарттар немесе сату туралы келісімшарттар негізінде алынған
активтер үшін, кәсіпорында жеткізушілерден есеп айырысу құжаттары мен
ілеспе құжаттар, соның ішінде тауарлық жүк шот-фактурасы талаптары,
сертификаттар және тағы басқалар болуы тиіс.
Жауапты тұлғалардың міндеттері:
• кіретін жүкті құжаттардың тізіміне тіркеу;
• осы құжаттардың нөмірге, номенклатураға, бағаға, келісімшартқа сәйкес
жеткізу мерзімімен сәйкестігін тексеру;
• есеп айырысу құжаттарының дұрыстығын тексеру;
• төлем құжаттарын қабылдау;
• жұмыс процесіне сәйкес құжаттарды кәсіпорынның тиісті қызметтеріне
• және бөлімшелеріне (шағын кәсіпорындарда - бұл бухгалтерия) беру.
Заңды тұлғаның таратылуына байланысты міндеттемелер тоқтатылған
кезде және төлем мерзімінің аяқталуына байланысты кредиторлық берешек 3310
Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу шотында дебет есебінде және
7500 Тоқтатылған қызметке байланысты шығыстар шотында кредиттік есепте
ескеріледі.
Өзара байланысты ұйымдар тобы шеңберінде жабдықтаушылармен және
мердігерлермен төленетін шоттардың қызметі туралы қаржы есебі 3310, 4110
шоты бойынша Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу бөлігінде
жүргізіледі. Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысулар есебі бойынша
мынадай шоттар корреспонденциясы беріледі.
Кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғаларжан сатып алынған
тауарлық-материалдық қорлар үшін (қосылған құнға салық есебінсіз)
акцептелген шот-фактурасына:
Дт: 1310 Материалдар немесе 1330 Тауарлар деп аталатын шоттардың
тиістісі;
Кт: 3310 Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айрысу деп аталатын
шот.
Ал бұл тауарлар үшін есептелген қосылған құн салығы сомасына:
Дт: 3130 Қосылған құнға салынған салық деп аталатын шоты;
Кт: 3310Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын
шоты түріндегі екі жақты жазу жазылады.
Жабдықтаушылардың шот фактурасының қай шоттан төленгеніне қарай:
Дт: 3310 Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айрысу деп аталатын
шот.
Кт: 1030 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты деп аталатын
шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Шот-фактура бойынша кәсіпорынның жабдықтаушылрағ таураларды сатып алу
барысында төленген қосылған құнға салынған салықтың сомасы
ұйымның тауарларды (қызметтерді сату барысында есептелінген бюджетке
төленетін қосылған құнға салынған салықтың сомасына шегерілгенде:
Дт: 3130 Қосылған құнға салынған салық деп аталатын шот;
Кт: Орны толтырылатын қосылған құнға салынған салық деп аталатын
шот түріндегі жазуы жазылады.
2.2 Алдағы кезең шығындарының есебі
1620 Алдағы кезең шығындары деп есеп беретін кезеңде шығарылған,
бірақ келесі есеп беретін кезеңнің шығындарына жататын шығындарды айтады.
Олардың қатарына жататындар:
• Алдын ала (мерзімінен бұрын) төленген сақтандыру полисінің сомасы,
• Келесі кезеңдерге жазылған газет, журнал және басқа да ақпарат
құралдарының құны,
• Маусыммен жұмыс істейтін өндірістердің маусымдық шығындары және тағы да
басқалар.
Сақтандыру полисі шотында төленген сақтандыру полисінің сомасы
есептеледі. Сақтандыру полисін алу үшін есеп айырысу шотынан төленген
сомаға:
Дт: 1620 Сақтандыру полисі шоты;
Кт: 1030Есеп айырысу шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Сақтандыру полисін алу барысында болған шығындар сомасын есеп беретін
уақытта мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:
Дт: 7010 Тауарларды сату бойынша шығындар;
7210 Жалпы және әкімшілік шығындары;
8410 Үстеме шығындар шоттарының тиістілері;
Кт: 3210 сақтандыру полисі шоты.
Жал төлемі шот алдағы кезеңдер үшін төленегн жал төлемдерінің
сомасын көрсетеді. Аталмыш шотқа байланысты төмендегідей бухгалтерлік
жазулар жазылады. Алдағы кезеңдер үшін төлем төленген жағдайда:
Дт: 1620 Жал төлемі шоты;
Кт: 1030 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты шоты түріндегі
бухгалтерлік жазуы.
• Ал есепті кезеңге жатқызылатын жал төлемі есептен шығарылған уақытта:
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz