КӘСІПОРЫННЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ЕСЕБІ



Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1. КӘСІПОРЫННЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Міндеттемелер туралы түсінік
1.2 Міндеттемелер есебінің нормативтік-құқықтық реттелуі
2. КӘСІПОРЫННЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ЕСЕБІ
2.1 Ағымдағы міндетемелер есебі: бюджетпен есептесу
2.2 Дивидендтер бойынша есеп айырысулар
2.3 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу
2.4 Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру
ІІІ. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР:
2.5 Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер есебі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Заманауи бухгалтерлік есеп проблемаларын зерттеу барысында міндеттемелер есебін, аудитін жүргізу тәртібін ұйымдастыру өзекті мәселе болып табылады.
Ұйымдар арасындағы өзара есеп айырысудың алуан түрлілігі міндеттемелердің қалыптасу процесін негіздейді. Ұйымның қаржылық қызметін бағалау барысында негізгі критерийдің бірі міндеттемелердің көлемі мен динамикасы болып табылады. Осы мақсатта бухгалтер - талдаушы есеп - талдау жүйесінде қалыптасуы мүмкін болатын сапалы және сенімді ақпаратты меңгеру қажет.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Еліміздің даму кездерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Елімізде 1997 жылы 1 қаңтардан бастап 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары басшылыққа алынып келді.
Кәсіпорын қаржылық - шаруашылық қызметті жүргізу кезінде қысқа мерзімді міндеттемелері пайда болады. Себебі, бюджетпен, банктік ұйымдармен есеп айырысу, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу, жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу сияқты міндеттемелері туындайды.
Қысқа мерзімді міндеттемелерге 12 айдың ішінде өтелуі тиіс кредиторлық берешектер жатады.
Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың
талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті қысқа мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда мынадай баптар ашылуы тиіс: қысқа мерзімді несиелер; салықтар бойынша берешек; төлеуге арналған дивиденттер; жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу; жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу.
Экономиканың қай саласындағы болмасын шаруашылық субъектілер мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жасауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өндірісті ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтап, оған зиян келтірмеуге мүдделі.
Курстық жұмыстың міндеті. Осы мақсатқа жету үшін келесідей сұрақтар қарастырылды:
1. Қысқа мерзімді міндеттемелердің мазмұны және олардың жіктелуі;
2. Міндеттемелер есебінің нормативтік-құқықтық реттелуі;
3. Ағымдағы міндетемелер есебі;
4. Дивидендтер бойынша есеп айырысулар;
5. Қысқа мерзімді міндеттемелерінің есебі: жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу
6. Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру
7. Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер есебі
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылғын әдебиеттер тізімінен тұрады. Әр бөлім бөлімшелерден құралған:
Бірінші бөлімде кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерінің ұйымдастырылу тәртібі, мазмұны көрсетілген.
Екінші бөлімінде бюджетке түсетін салық және салық салу түрлері және оның есебін ұйымдастыру, еңбекақы түрлері және есебінің жүргізілуі, жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуын ұйымдастыру көрсетілген.
1. КӘСІПОРЫННЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Міндеттемелер туралы түсінік

Міндеттеме - қарыз немесе міндеттеме, бір нәрсені белгілі бір жолмен қызмет етуі немесе орындау. Міндеттеме - өткен кезең жағдайларында пайда болған субъектінің қарызы және оларды реттеу экономикалық пайдасы бар ресурстардың ұйымнан кетуіне әкеледі. Міндетті түрде қазіргі және болашақтағы міндеттемелерді ажырата білу керек.
Міндеттеме 3 белгісі бойынша анықталады:
1. Міндеттемені туғызған құбылыстың орын алған жері;
2. Міндеттемелерді реттеу тек активтерді ауыстыру немесе қызметті басқа субъектіге жеткзу жолымен жүргізілуі мүмкін;
3. Міндеттеме пікір таластырылмайтын болуы керек.
Осы анықтамаға сәйкес міндеттеме қабылданса, онда ол міндетті түрде бухгалтерлік кітапқа енгізілуі керек. Міндеттеменің сомасы бірге жүретін тәуекелге барлық болашақ төлемдерінің ағымдық құнымен есептелеуі керек (ақшалай емес активтер немесе қызметтердің ақшалай эквиваленті). Міндеттемеге негізгі пайыз бен сома кіреді.
Міндеттемелерді реттеу әртүрлі әдістермен жүргізіліу мүмкін:
- ақша қаражаттарын төлеу;
- басқа активтерді беру;
- қызмет көрсету;
- бір міндеттемені екішісімен ауыстыру;
- міндеттемелерді капиталға ауыстыру.
Реттеудің басқа да бастарту немесе кредиторлармен өз құқығын шығару сияқты түрлі әдістері бар болуы мүмкін. Міндеттеменің пайда болуы болашақта ресурстың кетуін білдіреді, берілген міндеттеменің орындалу мерзімі субъектінің қаржы жағдайын дұрыс бағалау үшін маңызды.
Активтермен ұқсастығына байланысты: міндеттемелер қысқа мерзімді
кредиторлық қарыз және ұзақ мерзімді кредиторлық қарыз.
Қысқа мерзімді міндеттемелер ұйымның қызметіне әсер ете алады, ал ұзақ мерзімді әсер ете алмайды. Өйткені ағымдағы міндеттеме ағымдағы ресурсқа өз наразылығын көрсете алады. Бұл наразылықтар ұзақ мерзімдіктен ерекшеленеді, өтеу уақыты бірнеше жылдарды құрауы мүмкін.
Мынадай жағдайларда міндеттемелер қысқа мерзімдік болып жіктелуі керек:
* оны ұйымның операциялық циклының қалыпты жағдайымен өтеу көзделеді;
* есепті күннен бастап 12 ай аралығында ол өтеу уақытына жатқызылады.
Қысқа мерзімді міндеттемелерге келесілер кіреді:
1. қысқа мерзімді несиелер және овердрафт;
2. ұзақ мерзімді несиенің ағымдағы бөлігі;
3. кредиторлық қарыздар:
- төленуге тиісті шоттар мен вексельдер;
- сатып алушылардан және тапсырыс берушілерден алынған аванстар;
- салық бойынша қарыздар;
- төленуге дивидендтер;
- негізгі шаруашылық серіктес тікпен оның еншілес серіктестері арасындағы қарыз;
- акционерлік қоғамның қызметкер тұлғаларының қарызы;
- басқа да кредиторлық қарыздар.
4. төленуге тиісті есептелген шығындар;
5. алдағы кезең табыстары;
6. көрілмейтін жағдайлар бойынша есептелген төлемдер.
Төленетін шоттар - жабдықтаушылармен есеп айырысу шоты. Кәдімгі қызмет барасында пайдаболатын қайталанатын сауда міндеттемелері үшін қолданадды.
Берілген вексельдердің негізгі қайнар көзі - банктік ссуда және тауар мен қызмет үшін төлем. Вексельдер кепілмен қамтамасыз етелген немесе қамтамасыз етілмеген болуы мүмкін. Вексель пайыздық немесе пайыздық емес болуы мүмкін. Пайыздық вексельде пайыздық қойылым вексель сомасынан бөлек көрсетіледі. Пайыздық емес вексельде дисконтты қалыптастыру жолымен пайыз алдын ала төленеді және онда нақты пайыздық немесе пайыздық кіріс деп аталатын нақты пайыз нормасы жанама түрінде көрсетіледі.
Атына байланыссыз барлық қарыз құралдары заемщиктерден тура немес е жанама пайызды төлеуін талап етеді. Бұл уақытқа байланысты ақшаның құнсыздануына жол бермеу үшін жүргізіледі. Ұзақ мерзімдік міндіттеме бойынша кезеңдік пайыз сомасы бұл - негізгі қарыз сомасы :: пайыздық қойылым :: уақыт = пайыз сомасы.
Белгіленген пайыздық қойылым - бұл қарыздың құжаттарда көрсетілген пайыз нормасы. Белгіленген пайыздық қойылым қарыздың негізгі сомасына төленетен пайыздық төлемдердің негізгі сомасын анықтайды. Пайыздық қойылым қаржы нарығында толығымен экономикалық жағдайынан және осы уақыт аралығында өзгереді және ол кредиттің ұзақтығы да байланысты.
Нақты қарыз бойынша пайыздық қойылым - деп сондай уақыт мерзіміне алынған қаржыны заемға алу кезіндегі нақты пайыздық қойылыммен әйкес келеді. Нақты пайызды қойылым болашақта ақшалай қарыздарды төлеуде дисконттағы қолданылады. Заемщиктен алынған ақша қаражаттарының немесе ақша эквивалентінің сомасына нақты пайыздық қойылым қолданылады.
Қарыздың толық сомасы - бұл қарызды өтеу күнінде төленуі керек сома, осы күнде жүргізілуі тиіс әр қандай пайыздық төлемдерді алып бастағанда.
Пайыздық емес деген сөз мұндай типтегі векселге ең жақсы анықтама емес, өйткені бұндай векселдер шын мәнінде төлеуге жұмылдырады. Мұндай векселдердің номиналды құнының құрамына қарыз сомасы мен төлену мерзіміне бырыңғай соманы құрайтын осы қарызға байланысты пайыздар. Қарыз алушы векселдің номиналды құнына емес, ал вексельдің номиналды сомасы мен пайызының айырмашылығына тең соманы алады.

1.2 Міндеттемелер есебінің нормативтік-құқықтық реттелуі

Міндеттемелердің тууы, олардың түсінігі және орындалуы Азаматтық кодекстің 3-бөлімі Міндеттмелік құқық бөлімімен реттеліп отырады. Мiндеттемеге сәйкес бiр борышқор несие берушiнiң пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Мiндеттемеде оның әр тарабы - несие берушi немесе борышқор ретiнде бiр мезгiлде бiрнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде осы Кодексте белгiленген ережелерге сәйкес үлестi, ынтымақты немесе жәрдем берушiлiк мiндеттеме пайда болады. Борышқор жағынан мiндеттемеге қатысушы адамдардың бiрiне несие берушi қойған талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi несие берушiнiң өзге де осындай адамдарға қоятын талаптарына өздiгiнен әсер етпейдi.
Егер мiндеттемеге сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына мiндет алса, бұл оның пайдасына жасауға мiндеттi басқа тараптың борышқоры және сонымен бiрге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушiсi болып есептеледi.
Егер мiндеттеме орындалатын жер заңдарда немесе оның шарттарында белгiленбесе немесе мiндеттеме мәнiнен немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан көрiнбесе, ол:
* мiндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлiктi беру - мүлiк орналасқан жерде;
* мiндеттеме бойынша тауарды немесе өзге де мүлiктi тасымалдауды пайдалана отырып беру - мүлiктi несие берушiге жеткiзу үшiн оны бiрiншi
тасымалдаушыға тапсыратын жерде;
* егер бұл жер мiндеттеме пайда болған кезде несие берушiге белгiлi болса, кәсiпкердiң басқа мiндеттемелерi бойынша тауар немесе өзге де мүлiктi беру - мүлiк дайындалған немесе сақталатын жерде;
* ақшалай мiндеттеме бойынша - несие берушiнiң мiндеттеме пайда болған кездегi тұрғылықты жерiнде, ал егер несие берушi заңды тұлға болса - мiндеттеме пайда болған кезде оның болған жерiнде; егер несие берушi мiндеттеменiң орындалу кезiнде тұрғылықты жерiн немесе тұрған жерiн өзгертiп, бұл туралы борышқорға хабарласа - орындалатын жердiң өзгертiлуiне байланысты барлық шығындарды соның есебiне жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерiнде немесе тұрған жерiнде;
* басқа да барлық мiндеттемелер бойынша - борышқордың тұрғылықты жерiнде, ал егер борышқор заңды тұлға болса - оның орналасқан жерiнде орындалуға тиiс
Бухгалтерлік есепте мiндеттеме - дара кәсiпкердiң немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады.
Міндеттемелерді реттеу мынадай тәсілдермен іс жүзіне асырылады:
* ақшалай қаражатпен төлеу;
* активтерді табыстау:
* қызмет ұсыну;
* міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру;
* міндеттемені капиталға аудару.
Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.
Сонымен, салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
2. КӘСІПОРЫННЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ЕСЕБІ
2.1 Ағымдағы міндетемелер есебі: бюджетпен есептесу

Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. Салық Кодексіне сәйкес жеке және занды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен төлемдерді белгілейтін, Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін бірден-бір занды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.
Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетті болады. Бұл кезде: салык, салынатын объектісі және салық салумен байланыстъ, объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінің міндеттемесі де пайда болады.
Салык, базасы деп құқықтық, физикалық базасын айтады және де салық салу объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін Салық базасынъщ негізінде салық сомасы және басқа да төлеулердің мөлшері анықталады.
Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсолюттік сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне қарап белгіленеді.
Салық кезеңі -- бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және Салық кодексінің басқа да міндетті төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық пен басқа да міндетті төлемдері есептелінеді.
Қазақстан Республикасындағы салық заңы - мүліктің кірістірілген және тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне қарамастан, салықтық есептің орап есептеу әдісі бойынша құрылады.
Қазақстан Республикасында әрекет етіп тұрған салықтар мен басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің сызбасы төменде көрсетілген.
Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталмен қатар басқа қарастырылған (тартылған) капиталды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлерінің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымының алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндірістен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет еддерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейтесті мәселелері екендігі сөзсіз.
Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің №6 міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.
Бюджет -- жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп (бекітіліп) пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар, мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Ұйымдар бюджетпен төлемдердің әр түрлері бойынша есеп айырысулар жасайды: заңды және жеке тұлғалардан табыс салығы, ҚҚС, акциздер, жер салығы, және басқа.
Бюджетпен есеп айырысулардың есебі 3100 Салықтар бойынша міндеттемелер бөлімшенің келесідей шоттарында жүргізіледі:
3110 - Төленуге жататын корпоративтік табыс салығы;
3120 - Жеке табыс салығы;
3130 - Қосылған құн салығы;
3140 - Акциздер;
3150 - Әлеуметтік салық;
3160 - Жер салығы;
3170 - Көлік құралдарына салық;
3180 - Мүлік салығы;
3190 - Басқа да салықтар.
Шоттардың кредиті бойынша төленетін салықтар бойынша бюджетке кредиторлық қарыздар жөнінде ақпараттарды және енгізілуге тиісті сомаларды, яғни есеп беру айында есептелгендерін, ал дебет бойынша есепке жатқызылуға тиісті сомаларды немесе іс жүзінде бюджетке аударылған сомаларды көрсетеді.
3110 "Корпоративтік табыс салығы" шоты заңды тұлғалардан есептелген және аударылған табыс салығы сомаларын көрсетуге арналған.
Шегерімдер мен жеңілдіктерді алып тасталған жылдық жиынтық табыс салық салу объектісі болып табылады. 3110 шоттың кредиті бойынша жыл соңында анықталатын, бюджетке енгізілуге тиіс табыс салығының сомалары 7710 Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар шотымен корресподенциясында көрсетіледі. 3110 шоттың дебеті бойынша бюджетке аударылған аванстық төлемдер сомалары, ақша қаражаттарын есептеу (1010, 1030, 1060) шоттармен корреспонденциясында көрсетіледі. Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер 4310 шотта есепке алынады.
Бюджетке аударылатын жеке табыс салығының сомасына 3120 Жеке табыс салығы шот кредиттеледі және 3030 3350 және басқа шоттар дебеттеледі.
3130 - Қосылған құн салығы шоты бюджетпен қосылған құнға салық бойынша есеп айырысулар жөніндегі операцияларды көрсетуге арналған. Қосылған құн салығы жанама салықтарға жатады және тауарлар, жұмыстар, қызметтердің өндіру және айналым процесінде қосылған құнның өсімшесінің бөлігін бюджетке алу түрі болып табылады.
3130 - Қосылған құн салығы шотының кредиті бойынша 1210, 1220, 1230, 2110, 2130 шоттардың дебетімен корреспонденциясында сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге өткізілген өнім және басқа да активтер үшін көрсетілген топтар бойынша ҚҚС сомасы көрсетіледі, ал дебеті бойынша 1420 Қосылған құн салығы шотымен корреспонденциясында есепке жазылуға тиіс қосылған құн салығы сомалары, ал ақша қаражаттарының (1010, 1030 және т.б.) шоттарымен корреспонденциясында - бюджетке аударылған ҚҚС сомалары көрсетіледі.
Акциздік салық - сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.

Қосылған құн салығы және акциздер есебі бойынша
шоттар корреспонденциясның кестесі
Кесте №1
Шаруашылық операция мазмұны
Дебет
Кредит
Жабдықтаушының шоты төлемге қабылданды:
Шикізаттар мен материалдар құнына
1310
3310, 4110
ҚҚС сомасына
1420
3310, 4110
ҚҚС сомасы есепке жазылды
3130
1420
Ағымдағы банктік шоттан жабдықтаушы шоты төленді
3310, 4110
1030
Сатып алушыға өткізілген өнім немесе тауарлар үшін шот көрсетілді
1210, 2110
6010
ҚҚС сомасы және акциздер есептелді
1210, 2110
3310, 4110
Алынған ҚҚС және төленген ҚҚС және акциздер арасындағы айырма ағымдағы банктік шоттан төленді
3130
1030

Акциздердің есебі 3140 Акциздер шотында жүргізіледі. Акцизді есептеген кезде 1210, 2110 шоттары дебеттеліп, 3140 шот кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде 3140 шот дебеттеліп, 1030 шот кредиттеледі.
Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметтік салық есебі 3150 шотта жүргізіледі. Есептелген әлеуметтік салық мына шоттардың дебетінде 7110, 7210, 8110, 8210, 8310, 8410 және 3150 шоттардың кредитінде көрініс табады.
Бюджетке төленетін жер салығының есебі 3160 шотта жүргізіледі. Жер салығын есептегенде 7210 Әкімшілік шығындар шоты дебеттеліп, 3160 шот кредиттеледі. Салықты төлеу 1-шілдеден кешіктірілмей жергілікті бдюджетке төленгенде 3160 шот дебеттеліп, 1040 шот кредиттеледі.
Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде 7210 Әкімшілік шығындар шоты дебеттеледі және 3170 Көлік құралдарына салық шоты кредиттеледі.
Мүлікке салынатын салық есебі 3180 шотта жүргізіледі. Есептелген мүлік салығына 7210 Әкімшілік шығындар шоты дебеттеледі де, 3180 - Мүлік салығы шоты кредиттеледі.
Салықтар бойынша міндеттемелер шоттарының кредиттік айналымдары №5 журнал - ордерде бейнеленеді.
Ұйымдар салықтық төлемдерден басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша да есеп айырысулар жүргізеді. Олардың есебі үшін 3200 бөлім шоттары арналған:
* 3210 - Әлеуметтік салық бойынша міндеттемелер;
* 3220 - Зейнетақы қоры бойынша міндеттемелер;
* 3230 - Басқадай міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер;
* 3240 - Басқадай ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер.
Бұл шоттардың кредиті бойынша қарыздардың қалдығы және оның өсуі, ал дебеті бойынша - оның азаюы көрсетіледі.
Әлеуметтік сақтандыруға аударымдар 3210 - Әлеуметтік салық бойынша міндеттемелер шотының кредиті және ұйымның шығын шоттарының (7110, 7210, 8110, 8210, 8310, 8410) дебеті бойынша бейнеленеді. Міндетті зейнетақы жарналарын ұстау 3350 Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді қарыз шотының дебеті және 3220 Зейнетақы қоры бойынша міндеттемелер шотының кредитімен көрсетіледі.
Басқа міндетті бөлулер (жинақтар, баж салығы, төлемдер) 3230 Басқадай міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер тобы сәйкес шоттарының кредиті және 1310, 1330, 1350, 2410 шоттарының дебеті бойынша есепке алынады. Ерікті төлемдер есебі үшін 3240 - Басқадай ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер шоты пайдаланылады. Мұнда мүліктерді сақтандыру және негізгі және көмекші өндірістер жұмысшыларын сақтандыру төлемдері есептелінеді. Көрсетілген сомаларға 3240 шот кредиттеледі және 8410 Үстеме шығындар шоты дебеттеледі.

2.2 Дивидендтер бойынша есеп айырысулар

Дивидендтер дегеніміз акционерлер иелігінде болатын акциялардың саны мен түрлеріне сәйкес оларға тиесілі акцияларына табыс түрінде жыл сайын акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам табысының бір бөлігі.
Дивидендтер бойынша есеп айырысулар 3030 Дивидендтер бойынша және қатысушылардың табысы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар шотында жүргізіледі.
Дивидендтерді есептеген кезде 3030 шоттар кредиттеледі және мына шоттар дебеттеледі:
* 5510, 5520 - есепті жылдың және бұрынғы жылдардың бөлінбеген табысы есебінен акция ұстаушыларға дивиденттер есептегенде;
* 5410, 5460 - артықшылығы бар акциялар бойынша есептелген дивидендтер сомасына, бөлінбеген табыстың болмауы немесе жетімсіздігі кезінде.
Акциялар бойынша дивидендтер төлемін көрсеткенде
* Дm шот 3030
* Km шот 1010, 1030 - дивидендтің заттай төлемінде.
Төлемнің қайнар көзінен ұсталынған табыс салығының сомасына 3030 шот дебеттеледі және 3120 Жеке табыс салығы шоты кредиттеледі. Дивидендтер салық салуға 15 пайыз ставкасы бойынша жатады және одан кейін салық салуға жатпайды. Жеке табыс салығын бдюжетке аударуда 3120 шот дебеттеліп, 1010, 1030 шоттар кредиттеледі.
3030 Дивидендтер бойынша және қатысушылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқа мерзімді міндеттемелердің есебін және олардың ерекшеліктерін зерттеу
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы міндеттемелерінің аналитикалық, синтетикалық есебі
Шаруашылық субъектінің қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау
Кәсіпорынның салықтық міндеттемелерінің есебі
Меншікті капитал айналымы
Салықтар бойынша міндеттемелер есебі
Корпорация капиталын басқару ерекшеліктері
Компанияның ақша айналымын басқару
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және банкроттығын талдау
Кәсіпорынның міндеттемелерін басқарудың теориялық негіздері
Пәндер