КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І. КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ
ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР 5
1.1 Кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібі 5
1.2 Касса операцияларының есебі 6
1.3 Валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының есебі 9
1.4 Касса операциялары есебі бойынша негізгі бухгалтерлік проводкалар 10
ІІ. КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ
РӘСІМДЕУ 13
2.1 Кассадағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар 13 2.2 Құжаттардың маңызы, атқаратын рөлі және құжаттарды рәсімдеуге
қойылатын талаптар 16 2.3 Кассалық кітап жүргізу және толтыру үлгісі 19
ҚОРЫТЫНДЫ 22 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24 щд
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың мақсаты Касса операциясының есебін ҚЕХС, ҚЕҰС-на сай ұйымдастырылу жолдарын оқып үйрену. Мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер төмендегідей: Есепте кассалық операцияларды жүргізу мен көрсету тәртібі, Кассалық операцияларды құжаттық ресімдеу мен есептеу, Касса операциясының Кассадағы шетел валютасындағы операциялар есебі.
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді.
Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
- ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
- кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
- есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
Қазiргi жағдайда ақша шаруашылық өмiрдiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Сондықтан, материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызмет-теріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұpaды.
Ақшалай есеп айырысулардың өзi eкi формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлiнедi.
Айналыстағы ақша алма-кезек бiресе айналыс құралы, бiресе төлем құралы қызметтерін орындайды. Тауар сатудан түскен ақша, қарыз төлеуге жұмсалуы мүмкін, өз кезегiнде, қарыз өтеуден түскен ақша тауар сатып алуға жұмсалуы мүмкiн. Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдары өзара тығыз байланысты және бiр-бiрiне тәуелді. Өйткенi ақша, үнемі бiр айналыс аясынан екiншiсiне өтiп, бiрақ, айналыс аясынан кетпей oғaн одан әрі қызмет жасай береді.
Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз аудару жолымен;
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:
ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шорттарын;
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;
Бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндірістік, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;
Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.
Қолма-қол ақшаларды қабылдау, сақтау жұмсау үшін шаруашылық субъектісінде касса болады. Касса -- бұл қолма-қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй-жай. Кәсіпорынның есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді. Мұның өзі нарықтық экономикасыжағдайында бухгалтерлік есептің рөлі мен мәнін арттыр

ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР
1.1 Кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібі
Қолма-қол ақшаны қабылдау, сақтау және жұмсау үшін кәсіпорында касса болады. Қолма-қол ақшамен жұмыс істеу ережелері ҚР Ұлттық банкінің нұсқауымен бекітілген.
Нұсқау мыналарды ұйғарады:
-- ҚР банк мекелерінде барлық ақша қаражаттарын сақтау;
-- чекте көрсетілген мақсаттарға, банктерден алынатын қолма- қол ақшаларды жұмсау;
-- банк мекемелерімен бекітілген лимиттер шегінде кәсіпорынның кассасында қолма-қол ақшаны сақтау;
-- кассалық құжаттарды дайындау және қолма-қол ақшаны қабылдау мен беру тәртібі;
-- ақша қаражаттарын сақтау мен тасымалдау кезінде олардың
түгелдігін қамтамасыз ету бойынша көрсетулер;
-- кәсіпорын кассаларының орнын жабдықтау тәртібі.
Касса - арнайы жабдықталған, дабылдама (сигнализация) орнатылған және ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлімде орналастыруды қажет етеді. Кассадағы нақты ақшалар касса қызметкерінің мөрі сүргіш арқылы басылып жабылатын сейфте сақталуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сүргіш басатын мөр касса қызметкерлерінде, ал кілттің екінші данасы ұйымның басшысында болады. Касса қызметкері әр бір жұмыс күнінің соңынды кассаны жауып қызметшіге тапсыруға тиіс. Кәсіпорындар, ұйымдар өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі бергенше кітапшасы ғана арқылы ғана алады.
Кассир жұмысқа орналасқан кезде кассалық операцияларды жүргізуережелерімен танысып және кәсіпорын әкімшілігімен толық материалдықжауапкершілік туралы келісім шартқа отыруға тиісті. Ол өзі қабылдаған құндылықтардың түгелдігі үшін Материалды жауапты болады.
Кассалық операцияларды дайындау кезінде төмендегі құжаттар пайдаланылады:
-- кіріс кассалық ордерлер;
-- шығыс кассалық ордерлер;
-- кіріс және шығыс кассалық ордерлерді тіркеу журналы;
-- кассалық кітап.
Кассаға қолма-қол кіріс кассалық ордер бойынша қабылданады, ал шығыс етілуі шығыс кассалық ордерлер арқылы жасалады. Оларға ақша
алу немесе беруге негіз болған құжаттар қоса тігіледі.
Ақша өткізетін түлғаға кіріс кассалық ордердің бөлігі болатын
жыртылмалы квитанция беріледі. Қолма-қол ақша беру кезінде шығыс кассалық ордер немесе оған қоса тігілетін құжаттарда қаржы басқарушының
қолтаңбасы болуы тиіс.
Құжаттарға келсек, олар қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын күні, айы, жылы белгіленген Алынды немесе Төленді таңбасымен жойылады. Кіріс және шығыс кассалық ордерлерде ешқандай өшірулер мен түзетулерге жол берілмейді. Егер ақша бұл кәсіпорында жұмыс істемейтін тұлғаға берілетін жағдайда, сол шығыс ордерінде реквизиттері жазылатын төлқұжат немесе оның орнына жүретін құжатын көрсетуге тиіс. Кіріс және шығыс ордерлер-оларға кезекті нөмір беріледі, тіркеу журналында есепке алынады.
1.2 Касса операцияларының есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасы жұмысшы-қызметкерлерге есептелінген еңбекақы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті көлік құралдарына қажетті шығандарды (жанар-жағар майға) төлеп отыру үшін, кеңсе тауарларын сатып алу үшін, сондай-ақ ұйымның хат және басқа да құжаттарды пошта арқылы жөнелтуі үшін есеп айырысуға арналған. Касса арнайы жабдықталған, яғни дабылдама (дыбыстық белгілер, сигнализация) орнатылған, және ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлмеде орналастыруды қажет етеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда кассирлік жұмысқа қызметкер орналасқан уақытта, яғни ұйым басшысы касса қызметкерін тағайындау туралы бұйрыққа қол қойғаннан кейін кәсіпорынмен касса қызметкері арасында материалдық жауапкершілікке келісімшарт жасалуы қажет. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі берген чек кітапшасы арқылы ғана ала алады.
Банк мекемесінен нақты ақша алу үшін кәсіпорынның касса қызметкері чек кітапшасындағы парақты толтырады. Бұл чек парағын толтыру барысында чекке банк мекемесінен алынғалы отырған, яғни кәсіпорынның жұмсауға тиісті нақты ақшаларының сомасы және бұл соманың қандай мақсатқа жұмсалатындығы жазылып көрсетілуі тиіс. Толтырылған чекке кәсіпорынның бас бухгалтері және басшысы қол қойып, осы ұйымның мөр таңбасы басылады. Барлық толтыруға тиісті ақпараттар толтырылмағанша, чекке қол қоюға болмайды. Сонымен қатар чекке лауазымды адамдардың, яғни қол қоюға тиісті адамдардың қолы қойылмаса (екі адамның қолдары қойылмайынша), мөр басуға рұқсат етілмейді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың касса қызметкері банк мекемесінен нақты ақша аларда банк бақылаушысының қатысуымен ақшаны санап алуы тиіс. Сонымен қатар банк мекемесінен алынған нақты ақша сол алынған күні кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына кіріске алынуы керек. Ол үшін кассир кассалық кіріс ету ордерін толтырып, содан соң оны кассалық кітапқа жазады.
Кәсіпорындардың кассасына қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, яғни қабылдау үшін бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қоюы керек және ақша төлеген заңды немесе жеке тұлғаға осы толтырылған кассалық кіріс ету ордерінің квитанциясы беріледі. Осы нақты ақшаны кассаға қабылдау барысында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне ұйымның аты, ақша төлеуші заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні, қандай мақсатқа және не үшін ақша төлеп жатқандығы, сол ақшаның төленген уақыты (күні, айы, жылы) жазылып, кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуы қажет. Кассалық кіріс ету ордері мына үлгілі түрде болады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасыннан нақты ақша кассалық шығыс ету ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу тізімдемелері, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысы мен бас бухгалтерінің қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар тағы да басқа құжаттар бойынша беріледі. Бұл құжаттарға кассалық ордердің деректемесі (реквизиті) көрсетілген мөртаңба (штамп) басылуы керек. Егер кассалық шығыс ету ордеріне қоса тіркелген құжаттарда кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысының "рұқсат етемін" деген жазуы және қолы қойылған болса, онда кассалық шығыс ету ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның төлқұжатын немесе өзін қуәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап етуі керек. Сонымен қатар касса қызметкері осы көрсетілген құжаттарда жазылған деректерді, яғни ақша алушы адамның аты-жөнін, құжатының нөмірін және ол құжатты кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы тиіс. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді.
Кассалық кіріс ету ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ кассалық шығыс ету ордері және оның орнына жүретін немесе оған қосымша тіркелетін құжаттарды кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері сиямен немесе шарикті қаламсаппен анық етіп толтырулары қажет. Бұл құжаттарды өзгертуге олардағы сандармен әріптерді түзетуге, өшіруге ешқандай рұқсат етілмейді. Кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерін немесе олардың орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын бухгалтерия қызметкерлері тіркеу журналына тіркеп жазады.
Кассалық шығыс ету ордері мына үлгілі түрде болады:
Кассалық кітаптың беттері (парақтары) нөмірленіп және оған жіп өткізіліп, кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері қолдарын қойып, куәландыруы керек. Кәсіпорынның кассасына келіп түскен, кірістелген немесе кәсіпорынның кассасынан төленген, яғни шығыс етілген ақшалардың кімнен келіп түскендігін немесе кімге не үшін төленгендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған құжаттардың нөмірі және бухгалтерлік жазулар, сонымен қатар кіріске алынған, сондай-ақ шығыс етілген сомалар кассалық кітапқа жазылуы тиіс. Күн сайын кәсіпорынның касса қызметкері кассадағы нақты ақшалардың қалдығын жұмыс күнінің соңында санап, және оның сомасын кассалық кітапқа жазады. Бұл кассалық кітаптағы деректерге өзгеріс енгізуге, өшіруге, түзетуге жол берілмейді және касса операциялары мен ондағы жүргізілетін, толтырылатын құжаттардың дұрыстығына ұйымның бас бухгалтері бақылау жасап отыруы керек.
1.3 Валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
Кәсіпорынның кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақшаларының есебі үшін өз алдына кассалық кітап ашылады. Сонымен қатар бұл жағдайда кассалық операциялар бойынша толтырылатын барлық, құжаттарда кіріске алынған, яғни келіп-түскен және шығыс етілген, кассадан төленген, ақшалардың сомасы шетел валютасымен және сол күнгі бағам б-ша
ұлттық валютаға (теңгеге) айналдырылып жазылады.
Мысалы: кәсіпорындардың сатып алушысы болып табылатын заңды тұлға 2018 жылдың 18 сәуірінде алған тауарлары үшін 5000 (бес мың) АҚШ доллары көлемінде кәсіпорынның кассасына ақша төлеген (сол күнгі доллардың теңгеге шаққандағы бағамдық айырмашылығы 324-ке тең) деп алатын болсақ бухгалтерлік есепте мынадай жазу жазылады:
Д-т: Касса $ 5000 (1.620.000 тг)
К-т: Тауарларды сатудан алынған табыс $ 5000 (1.620.000 тг)
Мұндағы 1.620.000 тг = 149 х 5000
Жалпы кәсіпорынның кассасындағы шетел валютасы түріндегі ақшалардың есебі кассадағы ұлттық валюта түрінде нақты ақша қаражаттарының есебіне ұқсас жүргізіледі.
Кәсіпорындардың кассасындағы ақшаларын есептейтін шоттар бойынша жүргізілетін операциялар кредиті бойынша нөмірі бірінші журнал-ордерде, ал дебиті бойынша осы журнал-ордердің тізімдемесінде жүргізіледі.
1.4 Касса операциялары есебі бойынша негізгі бухгалтерлік проводкалар
Қолма-қол ақшаның келуі мен берілуінің синтетикалық есебі № 1010 Кассадағы теңгемен ақша қаражаты активті шотында жүргізіледі. № 1010 шоты бойынша сальдо айдың басына кассадағы қолма-қол ақшаның қалдығын көрсетеді. Дебет бойынша айналым -- есеп айырысу шотынан
ақшаның келуі, өнімнің өткізілуі үшін қолма-қол ақшамен төленуі, есепті
сомалардың жұмсалмаған бөлігін кассаға қайтару бейнеленеді.
Кредит бойынша -- қолма-қол ақшаның жұмсалуы бейнеленеді. Бұл операцияларды төмендегі сызбаларда бейнелейміз.
Кесте №1
1010 Кассадағы теңгемен ақша қаражаттары
Дт
Кт
1210 Сатып алушылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1310 Шикізат пен материалдар
Өткізілген өнімдер үшін теңгемен ақша алынды
Келген материалдарға теңгемен ақша төленді
1250 Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

Есепті тұлғалардың пайдаланбаған қаражаттарын қайтару
Тұлғаларға есепті негізде ақша беру
1030 Ағымдағы банк шоттардағы теңгелік ақша қаражаттары

Есеп айырысу шотынан қолма- қол ақшаның келуі
Қолма-қол ақшаны есеп айырысу шотына өткізу
3390 Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек
3350 Еңбекақы төлеу бойынша
қысқа мерзімді берешек
Кредиторлық қарыздардың жабылуы
Еңбек ақы, жәрдемақылар төленуі
ҚР-дағы бухгалтерлік есеп және есеп беру туралы ережелерге сәйкес, кәсіпорын жыл сайын мүлік, оның ішінде кассадағы қолма-қол ақшаның түгендеуін жүргізіп отыруы тиіс. Түгендеу кезінде бухгалтерлік есептегі мәліметтер мен қолма-қол ақшаның нақты мөлшері арасындағы байланыс айырмашылығы төмендегі тәртіппен реттеледі:
Ақша қаражатының артығы кіріске алынып және қаржылық нәтижеге апарылуға жатады. Есепте артық сомаға 1010 шот дебеті, 6280 Басқа да кірістер шот кредиті бойынша проводка жазылып, артық ақша мен айыпты тұлғалар анықталады. Ақшаның кем шығуы айыпты тұлға есебіне жазылады. Егер олар анықталмаған,олардан өндіру жөнінен сот талап арызын қанағаттандырмаған жағдайда, залалдар өндіріс шығынына (7210 Әкімшілік шығыстар шоты дебеті,3540 Өзге қысқа мерзімді міндеттеме шоткредиті бойынша) проводкамен шығыс етіледі. Кем шығулар сомасына мына проводкалар: 3540 шот дебеті, 1010 шот кредиті бойынша, ал ақша төлеу кезінде 1010 шот дебеті, 3540 шот кредиті бойынша жазылады.

РӘСІМДЕУ
2.1 Кассадағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін өздері қалаған банк мекемелерінен есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Кез келген кәсіпорындар үшін әрбір банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын ашуына болады. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорындар мен ұйымдар банк мекемесіне мынадай құжаттарды табыс етуі қажет:
- банк мекемесінің атына шот ашу туралы өтініш;
- кәсіпорынның құру туралы (жайлы) шешімдердің көшірмесі;
- кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және олардың орынбасарларының қолтаңбалары қойылған, сондай-ақ кәсіпорынның мөр таңбасы басылған арнаулы үлгідегі карточка ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz